1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



жүктеу 281.55 Kb.
бет15/53
Дата01.11.2022
өлшемі281.55 Kb.
#23114
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Тезисы Социология каз.2020 г.
Ә.Бөкейханов қоғам және саяси қайраткер, оқымысты. Ресейдің I Дума депутаты. «Алаш» қозғалысының ұйымдастырушысы және «Алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда»Үкіметінің төрағасы. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. Бөкейханов 1906 жылы «Қазақ саяси ұйымын» құрды. Оның Бағдарламасы Орал қаласында «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси жіне әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат пен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ жастары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойылды. Біріншіден Ә.Бөкейханов қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Екіншіден, ол ұлттық мәселелерді шешуде маңызды ойлар айтты. Ол қазақ халқының алдыңғы қатарлы Ресей, одан ары Еуропа мәдениетінің деңгейіне жеткізу мәселесін қойды. Тығырықтан шығудың жолы – халықты ағарту, білімге тарту деп санады. Бөкейханов Петербургте орман шаруашылығы институтын бітіргенсоң Омбы қаласында 14 жыл тұрды. Мұнда ол бұрын зерттелмеген қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайларды жан-жақты зерттеді. Оның басты мақсаты қазақ халқын Ресей империясының құлдық бұғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа елмен тең құқықты болуды, өзін-зә басқаруды т.б. алға қояды. Қазақ еліндегі жаңа оқиғалар мен саяси процестерге байланысты Бөкейханов ұлттық саяси партия құруға мәжбүр болады, артынан «Алаш» партиясы құрылды. Оның мақсаты егеменді мемлекетқұру. Партияның құрылуы туралы хабар «Қазақ» газетінің 1917 жылдың 5 қазанында жарияланды. Оның көшбасшысы Ә.Бөкейханов болды. Ол мемлекет, құқық, партия, дін т.б.мәселелер жөнінде де көптеген келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берді. Оның пікірінше, ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді. Ә.Бөкейхановтың мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының өмір жағдайына сәйкес келіп, іске асырылуда.
ХХ-ы ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі оқымысты, ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Оның бастауымен 1913 жылдан бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, қалыптаса бастады. Ол араб жазуын қазақ тіліне икемдеді, бұл өте тиімді болды. Байтұрсынов реформалаған араб жазуы 1924жылы ресми қабылданды. Бұл, өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің дамуына, баспа ісінің жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивті құбылыс болды. Байтұрсынов қазақ балалары ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппені – «Оқу құралын» А. Байтұрсынов болды. Осыдан кейін ол 1915 жылы «Тіл құралы» деп аталған оқулықтың фонетика және морфологияға арналған бөлімдерін шығарды. «Тіл құралы» қазақ мәдениетінде бұрын кездеспеген құбылыс болды. Осылайша ана тіліміздегі ғылым саласы – қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. Сондай ақ ол қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, тұңғыш лингвист ғалым. Ол қазақ лингвистикалық терминдерінің авторы. А.Байтұрсынов өзінің публистикалық мақалаларында өз ойын өткір жеткізеді. Мысалы ол: -«Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз боғандықтан, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандықтың кесапаты» дейді.
Байтұрсынов 1905жылдары Қарқаралыда ағартушылық қызметте жүргенде бір топ азаматтармен бірігіп патша үкіметіне петиция жолдады. Онда олар қазақ халқына әлеуметтік теңдік берілуін, жер бөлісінде тұрғылықты халықтың мүддесі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етті.
Тәуелсіз Қазақстанда әлеуметтану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде , Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және т.б. оқу орындарында арнайы бөлімдер бар. Әлеуметтану жоғары оқу орындарында жеке пән болып оқытылады. Тиісті оқулықтар, оқу құралдарын шығару қолға алынуда. Алғашқы ғылыми зерттеулер негізінде М.М.Сужиков, Н.А.Аитов, М.Тәжин, М.Аренов, Қ.Ғабдуллина, Б.Аяғанов, С.Оспанов т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.



жүктеу 281.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет