1 шетел тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігінің арттыру мәселесі



жүктеу 25.94 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі25.94 Kb.

 



ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ  



БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ 

Маликова А.М. 

(Атырау) 

 

Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңында  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар,  ғылыми  мен  практика  жетістіктері  негізінде  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған 

білім  алу  және  жеке  адам  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы  интеллектіні  байыту, 

әлемдік  және  отандық  мәдениеттану  жетістіктеріне  баурау,  қазақ  халқы  мен  басқа  халықтардың 

тарихын,  әдет-ғұрпы  және  салт-дәстүрлерін  зерделеу,  мемлекеттік  тілді,  орыс,  шетел  тілдерін 

меңгеру көзделген. 

Бүгінгі  таңда  еліміз  тәуелсіздік  алып,алыс,жақын  шет  мемлекеттермен  тығыз  саяси-

экономикалық,  мәдени  қарым-қатынас  орната  бастағалы,  шетел  инвестициясының    деңгейінің 

жоғарылауы  шетел  тілінен  үйренуге,  оқуға  деген  көзқарасты  түбегейлі  өзгертіп,  оған  деген 

қызығушылықты тудыртып отыр. 

Демек, біздің қарастырып отырған мәселеміз бүгінгі кунгі ең өзекті проблемаларының біріне 

жатады деп толықтай айтуға болады. 

Кез  келген  тілді  оқытуға  дүниенің  тілдік  бейнесі  ұғымының  алатын  орны  ерекше  екендігі 

белгілі.Осыған  байланысты  тілдік  деңгей  жайында  айтатын  болсақ,  ол-тілдік  қаблеттердің, 

іскерліктің,  әр  түрлі  деңгейдегі  тілдік  тапсырмаларды  орындауға  дайын  болу,  жеке  тұлғаның 

дамуын  қозғайтын  мақсаттар  мен  мотивтердің  сипатын,  әлемдік  тіл  моделінің  құндылықтары  мен 

мағынасын білдіретін көп деңгейлі және көп компонентті жиынтық екеніне сөз жеткізуге болады. 

Егер  оқушыларды  ағылшын  тілі  пәнін  оқытуда,  оқушылардың  нақты  қажеттіліктері  мен 

түрткілері,  жеке  әлеуметтік  даму  бағдарламасына  бағытталса,  олар  тілді  меңгеруді  тек  өзіне 

қатысты  екенін  түсіне  отырып,  саналы  түрде  меңгерсе,  сонда  ғана  шетел  тілі  өз  дәрежесінде 

меңгеріліп,  нәтижелі  және  табысты  болатыны  сөзсіз  сонымен  қатар  тілді  меңгеруде  оқушы-

лардың  танымдық  белсенділігін,  танымдық  белсенділік  мәселесі  туралы  көптеген  ғалымдар  өз 

көзқарастарын білдірген. Мысалы: Я.А.Коменский балаларға берілетін білімнің негізі берік болуы 

үшін оларды сабақ оқуға ынталандыру белсенділігін арттыруда меңгере алатын нәрселерді оқыту 

қажет  екендігін  айтса,  А.Дитерверг  баланың  ақыл-ой    қабілетін  дамытудың  аса  маңызды 

құралдарының бірі-оның оқыту барысындағы белсенділігі деп атап көрсеткен. 

Көптеген  зерттеушілер  танымдық  белсенділікті  іс-әрекет  түрінде  жеке  тұлғаның  ерекше 

қасиеті, білімді игеруге қабілеті мен ұмтылысы, өз бетінше оқуға мүмкіндігі мен бейімделуі деп 

қарастырған. 

Сонымен  қатар  бұл  мәселені  зерттеушілер  соның  ішінде  Т.Сабыров  оқушылардың 

танымдық  белсенділігін  дамыту  сабақта,  сабақтан  тыс  уақытта  ұйымдастыру  жолдарын 

айқындаған. 

Мысалы:пән  апталықтары,  сайыстар,  әр  түрлі  байқаулар,  турнирлер,  олимпиадалар  және  т.б. 

жұмыстар-оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда маңызы зор екендігін атап өтеді. 

Оқыту  үдерісінде  оқушының  белсенділігін  ғалым  Т.С.Сабыров  сыртқы  және  ішкі 

белсенділік  деп  екіге  бөледі.  Біріншісіне,  оқушының  белсенділігінің  сыртқы  көріністері: 

белсенділігі,  қимыл-қозғалыстары,  практикалық  әрекеттері,  мұғалімге  дейін  қойып  қарауы, 

мимикасы жатса,ал екіншісіне оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай 

да  болсын  жұмысының  нәтижесі  адам  басындағы  маңызды  қасиет-белсенділікке  байланысты 

екендігін атап айтқан. Қорыта айтқанда, танымдық белсенділік оқу үдерісінің  нәтижелі болуына 

өз ықпалын тигізетін маңызды қасиет екендігі сөзсіз. Соның ішінде шетел тілін оқыту үдерісінде 

оқу  барысында  танымдық  белсенділік  танытып,  дамытпаса,  шетел  тілін  білуге  деген 

қызығушылығын  танытпаса,  онда  ол  үлкен  нәтижеге  жете  алмайды,  яғни  тілді  терең  меңгере 

алмайды. 

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда шетел тілі мұғалімінің атқаратын ролі зор. 

Ол  өзінің  педагогикалық  шеберлігі,  әдістемесі  арқылы  оқушылардың  бойында  мол  тілге  деген 

қызығушылығын оята білуі тиіс. Мұғалім оқушылар алдына оларды ойландырып толғандыратын 

проблемалық  мәселелерді  қойып,  оған  өз  беттерінен  шешім  қабылдауға  көмек  ретінде  шетел 

тілінде  оқу  мәтіндерін  дұрыс  таңдап,  осы  мәтіндер  арқылы  көтерілген  пробле-малар  аясында 

өздері дұрыс шешім қабылдайтын деңгейге көтеру қажет. Оқушылардың таным-дық белсенділігін 

арттыруда сабақта қолданылатын оқу материалдарының оқу мәтіндерінің көлемі, түсініктілігі жас 



 

ерешеліктеріне  сай  болуы  қажет.  Сабақ  барысында  әр  түрлі  көрнекіліктерді  пайдалану  да 



оқушылардың танымдық белсенділігіне әсер ететіндігі сөзсіз. 

Шетел  тілін  оқушы  терең  меңгерді  нәтижелі  болуы  мұғалімнің  шеберлігіне,сонымен  бірге 

жаңа  технологиясын  жан-жақты  пайдалауына  байланысты.  Яғни,  мұғалім  өз  шеберлігін  үнемі 

жетілдіріп  отыруы  керек.  Оқу  үдіресіне  мұғалім    мынандай  талаптарды  ескере  отырып,  жұмыс 

жасауы қажет: 

1)

 



шетел тілін меңгеруде оқушылардың оқу еңбегін ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру

2)

 



оқушылардың дүниетанымын дамытып, кеңейту; 

3)

 



оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  үшін  жаңа  оқу  технологияларын 

пайдалану. 

Шетел  тілін  оқытуда  мұғалімнің  басты  міндеті  –  шетел  тілі  сабақтарында  тиімді  жаңа 

технологияларды  игерту.  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  мақсатында  даралап, 

саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік оқыту, дамыта оқыту технология-ларын 

қолдану өте тиімді. Осы технологияларды пайдалану кезінде оқушылардың толымдық қабілеттері 

дамып,  сөздік  қоры  молаяды,  қарым-қатынас  дағдысы  қалыптасып,  шығармашылық  ойлауға, 

қиялдауға, есте сақтауға, тіл дамытуға мүмкіндік туады. 

Әрине,  бұл  жұмыстардың  барлығы  ұйымдастырып,  іске  асыратын  мұғалім  болғандықтан 

оған жоғары талаптар қойылады, соған сай болу әрбір мұғалімнің міндеті деп санаймыз. Себебі, 

олардың  іскерлігімен  шеберлігімен  біздің  болашақ  ұрпағымыздың  білімділігі,  тәрбиелігі, 

мәдениеттілігі тығыз байланысты. 

             

 

Әдебиеттер 



1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 

2.  Я.А.Коменский.  Избранные  педагогические  сочинения  в  2-х.т./Под  ред.  А.И.Пискунов-

М.,Педагогика,1982. 

3. Т.С.Сабыров Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары-Алматы. Мектеп, 1978 ж. 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал