1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері



жүктеу 0.65 Mb.
бет9/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
ФИКИ лекция
2.4 Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Инвестициялық қызмет – кәсіпорынның экономикалық әлеуетін кеңейтуге бағытталған, капитал салымының тиімділік формаларын өткізу және дәлелдеу процесін сипаттайды.

Кез келген дайындалған инвестициялық жоба оны жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын талап етеді.

Жобаны қаржыландыру 2 мәселені шешеді:

• жоба кезеңдерін уақытылы орындауға қажетті ақша түсімдер тегін қамтамасыз етеді;

• қаржы қорларын мақсатты пайдалануға, оларды пайдалану тиімділігін бақылауды белгілейді.

Қаржыландыру ақша қаражаттарын ғана емес, сондай-ақ олардың келесі баламаларын да талап етеді:

• негізгі және айналымдағы қаражат;

• мүліктік құқықтар;

• материалдық емес активтер;

• несиелер;

• займдар;

• кепілдер;

• жер учаскелерін пайдалану құқықтары.

Қаржыландыру және оның көздері инвестициялық жобаның түріне, топтарына байланысты. Мысалы, нақты немесе портфельдік инвестицияларға байланысты қаржыландыру көздері.

Уақытылы қаржыландыру инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде тәуекелдікті және шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандай, инвестициялық жоба олардың қатысушыларын әр түрлілігін талап еткендіктен, қаржыландыру қорлары да әр алуан болады. Осыған байланысты қаржыландыру көздерін меншік және сыртқы деп жіктеуге болады.

Қаржылық және басқа қорлардағы қажеттілік инвесторлардың нақты аясына және жобаны іске асырудағы барлық кезеңдеріндегі қаржыландыру жоспарына байланысты.

Инвестициялық жобаны қаржыландыру жобасы:

• әр инвестордың іскерлік қызығушылығын;

• инвесторға жүктелетін (берілетін) тәуекел деңгейін;

• жобаға қатысушының әрқайсысының жеке салықтық артықшылықтарын;

• әр түрлі бағалы қағаздар түрлерін эмиссиялау мүмкіндігін;

• жұмылдырылатын инвестициялық ресурстардың бағасын анықтауды және қарызды жабу мерзімін көрсету арқылы капитал шығындарын қаржыландыру жүйесін шамалайтын қаржыландыру жобасының көздерінің нақты баламалары болуын болжайды. Осындай жоспар:


  • жобаның өміршеңдік тәуекелін;

  • салық тәуекелін;

  • қарыздарды төлемеу тәуекелін;

  • құрылысты аяқтамау тәуекелін болдырмауды шамалайды.

Қорытындылай келе, қаржы жоспары және оның жеке құрама бөліктеріне:

капитал шығындарының кестесін;

• қарыздарды жабу кестесін;

• жобаға қатысушылар және инвесторлар арасындағы қаржылық келісім кіретінін атап өту жөн.

Осының бәрі біріге отырып, болуы мүмкін тәуекелдерді азайтуға жағдай жасайды.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жүйесі қаржыландыру көздерін және олардың ұйымдастыру нышандарын болжайды.

Инвестициялық қызметті ұзақ мерзімді қаржыландырудың келесі негізгі әдістері белгілі: өзін-өзі қаржыландыру, акцияландыру, несиелік қаржыландыру, лизинг, аралас қаржыландыру.

Өзін-өзі қаржыландыру инвестициялаудың меншікті қаражаттар есебінен жүзеге асырылуын қарастырады. Өзін өзі қаржыландыру таза пайданы пайдалануды болжайды, яғни, оны өндірісті дамытуға пайдалану, нақтырақ айтқанда- негізгі капиталға салу және (немесе) пайданы капиталға айналдыру. Амортизаторлық бөлінген сома көлемі айналымнан тыс активтердің құрылымына байланысты, өйткені негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің меншікті салмағы жоғары болған сайын, амортизаторлық бөлінген сома соғұрлым көп. Сонымен қатар, амортизаторлық сомалар мөлшеріне инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзі ретінде келесі факторлар әсер етеді:

• амортизация салу тәсілдері;

• кәсіпорынның амортизаторлық саясаты.

Акцияларды эмиссиялау арқылы капиталды жұмылдыру. Қаржыландыру әдісі ретінде әдетте ірі масштабты жобаларды өткізуде қолданылады. Акционерлеу Ежелгі Римде қалыптасып, қазіргі уақытта кең дамуда. Акционерлік капиталдың қатысушылары өздерінің бос ақша қаражаттарын салып, оларға салымдардың пайдалылық пен тәуекел дәрежесі бойынша депозиттік ставкалардың, ұқсас бағалы қағаздар бойынша облигацияларға купондық ставкаларды арттыратын пайда (дивиденд) алуды болжайды. Қаржыландырудың бұл түрі тиімді болуы мүмкін, егер АҚ пайдалылығы жоғары, сәйкесінше жоғары дивидендтерді де болжайды. Бұл шарт қолға жетерліктей болады, егер пайданың капитализациясын жаңа технологияларға, модернизацияланған жабдықтарға ие болуға, өтімді айналым активтеріне бағыттау болжанған болса. Бұндай тәсілде акционердің жеке көзқарасын қоғамдық көзқарастармен байланыстыру маңызды. Сондықтан, кәсіпорынның инвестициялық қызметіне акционерлік капиталды жұмылдыруда, АҚ-ң өлшенген дивидендтік саясатын таңдау керек. Нарықта дивидендтік саясаттың 3 негізгі түрі бар, олар:


  • Консервативті;

  • Орташа (орынды);

  • Агрессивті.


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет