1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет7/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

леріНің еңбеК КелісіМдері
ДИрЕКТорЛАрМЕн КЕЛіСіМДЕр
 

Асқар Балжановтың директорлар Кеңесі мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2012 жылдың 27 ақпанында мерзімінен бұрын 
тоқтатылды.
 

Ләззат Қиынов директорлар Кеңесі мүшесі болып 2012 жылы 27 ақпанда сайланды. 
 

Сисенғали Өтеғалиевтің директорлар Кеңесі мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2012 жылдың 29 мамырында мерзімінен 
бұрын тоқтатылды. 
 

Тимур Бимағамбетов директорлар Кеңесінің мүшесі болып 2012 жылдың  29 мамырында сайланды.
БАСҚАрМА МҮШЕЛЕрінің ЕңБЕК КЕЛіСіМДЕрі 
Басқарманың барлық мүшелері Компаниямен еңбек келісімдерін жасады, оған сәйкес, олар Компанияның ішкі ережелері-
не сәйкес сапар кезіндегі жазатайым оқиғадан сақтандырылып, іс-сапар кезіндегі шығындары өтеледі.
осылардан өзге директорлар кеңесі немесе Басқарма мүшелерімен Компания басқа ешқандай еңбек келісімдерін жаса-
маған және жасалады деген жоспар жоқ.
ішКі бАҚЫлАу жәНе тәуеКелді бАсҚАру 
Компанияда ішкі бақылау және тәуекелді басқарудың жүйесі жұмыс істейді. Жүйе акционерлердің Компанияға салған 
акцияларын сақтай отырып, Компанияның өз бизнес мақсаттарына жету жолындағы айтарлықтай тәуекелді басқару мен 
оны бағамдау, айқындау мақсатымен жасалынған. Жүйе Лондон қор биржасы листингі мен Ұлыбританияның корпоративтік 
басқару Кодексі ережелерінің талабын ескере отырып, және сенімді халықаралық әдістеменің негізінде жасалынған.
Компанияның ішкі бақылау жүйесінің негізгі элементтері мынадай бөліктерден тұрады: 
 

Қаржылық, операциялық, әкімшілік саясат, қаржыны басқару саясаты және өзге де процедуралардан тұратын Компа-
нияның ішкі құжаттары, 
 

Компанияның қауіпсіздік техника талаптарын ұстануға қатысты операциялық, қаржылық жұмысқа үнемі монито-
ринг жасау.
Компанияның ішкі аудит қызметі директорлар Кеңесіне Компанияның ішкі бақылау жүйесі қаншалықты құрылған және қан-
шалықты тиімді деген сауалға қатысты шынайы ақпаратты береді. ішкі аудит қызметі өз жұмысы барысында компанияның 
ең маңызды салаларына барынша көңіл аудартатын тәуекел қадамдарын пайдаланады, бұл сонымен қатар, Компанияның 
корпоративтік басқару сапасын және жалпы тиімділігін көтеруге көмектеседі.
ішкі аудит қызметі басшылықтың ұсыныстарының орындалу барысын қадағалап, сол бойынша аудит жөніндегі Комитет пен 
директорлар Кеңесіне есеп береді. 
Тәуекелді басқару бойынша Басқарма тәуекелді басқару Комитетін құрды, ол туралы толық ақпарат төменде көрсетілген.
ТәуЕКЕЛДі БАСҚАру ЖӨнінДЕГі КоМИТЕТ 
Тәуекелді басқару бойынша Комитет Басқарма аясында құрылды. 
Комитеттің негізгі мақсаты Компаниядағы тәуекелді басқару мәселелерін тез қарастыру, тәуекелді басқару бойынша шешім 
қабылдауда Басқармаға ұсыныстар даярлау, тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігіне мониторинг жасау, Компанияның 
өз стратегиялық мақсаттарын орындау, бизнес-процестердің тиімділік деңгейін арттырудағы тәуекелді басқару жүйесін 
жетілдіру бойынша жүйелік құрылымға ұсыныстар дайындау. 
Компанияның тәуекел профилі бойынша жалпы ақпаратты «Тәуекелдер факторлары» бөлiмiнiң 72 бетiнен таба аласыздар.
ҰлЫбритАНиядАғЫ сАлЫҚ төлеу турАлЫ АҚпАрАт
КорпорАтивтіК бАсҚАру 
бойЫНшА АҚпАрАт

53
Төмендегі шолу осы құжаттың Ұлыбританияның заңдылығына және Ұлыбританияның кеден және салық жинаудағы тәжір-
биесіне сай құрылған, бұлардың әрқайсысы өзгеруі мүмкін және қосымша күшке ие болуы мүмкін. Егер өзге сілтемелер 
болмаса, бұл шолу Ұлыбританияның салық жинауындағы кей жайттарды қамтып, тек ЖДҚ мен акцияның бенефициарлық 
иеленушілеріне ғана әсерін тигізеді, өйткені, (1) салық бойынша Ұлыбританияның резиденті, (2) өзге басқа юрисдикция 
бойынша салық тұрғысынан резидент емес және (3) акция немесе ЖДҚ иемденуге қатысты (Ұлыбританиялық акция Ие-
гері), Қазақстан республикасында тұрғылықты мекемесі жоқ.
Бұған қоса, бұл шолуда Ұлыбританиялық акция Иегеріне қатысты салық салдары қарастырылады, олар негізгі капитал 
ретінде акция және мынадай топқа қатысы бар салықтық салдар қарастырылмайды – ЖДҚ-ға ие және Ұлыбританиялық 
акция Иегері категориясына қатысы болуы ықтимал дилерлерге, (2) Ұлыбританиялық акция Иегері тікелей және жанама 
түрде компанияның дауысқа ие акцияларының 10 немесе онан да көп пайызын қадағаламауына болады; (3) ЖДҚ иемде-
нушісінің осындай акциялар бойынша дивиденд және негізгі акцияларға бенефициарлық құқығы болуы мүмкін. (4) Ұлыбри-
таниялық акция Иегеріне қатысты салықтық салдар қарастырылмайды, егер де олар сақтандыру компаниясы, инвестици-
ялық компаниялар мен зейнетақы қорларының атынан жүмыс істейтін болса.
Бұл шолу негізінен қаперге алынуы керек және Ұлыбританиялық акция Иегері оны заң және салық мәселелері бойынша 
кеңес ретінде қабылдамауы тиіс. Тиісінше, инвесторлар жалпы салықтық салдар бойынша, оның ішінде акцияны неме-
се ЖДҚ-ны сатып алу, иемдену, иеліктен шығару мәселелерін Ұлыбританияның заңдылықтарын және Ұлыбританияның 
салық және кеден бойынша Мемлекеттік Басқарма тәжірбиесіне сай болуы үшін өздерінің салықтық кеңесшілерінен кеңес 
алуы тиіс.
ТӨЛЕМ КӨзінЕн АЛынАТын ТАБыС САЛыҒы
ЖДҚ-ден алынатын табыс Ұлыбританиядан емес болған жағдайда бұл табыстан Ұлыбританияда салық алынбайды. Акция-
лар бойынша дивиденд төлер кезде Ұлыбританиядағы төлем көзінен салық алынбайды.
ДИВИДЕнДТЕрГЕ САЛыҚ САЛу
Ұлыбританиялық акция Иегері ЖДҚ немесе акциядан дивиденд алатын болса ол Ұлыбританияның корпоративті немесе 
табыстан алынар салығын төлеуі мүмкін (жағдайға байланысты) ол сома қазақстандық салықты шегеруге дейінгі төлем-
нен алынған дивидендтің жалпы сомасы, егер де қазақстандық салықтың есепке алынған сомасы бар болған жағдайда. 
Ұлыбританиялық акция Иегері – Ұлыбританияда тұратын және сол елдің резиденті болып отырған жеке тұлға. ол Ұлыбри-
танияның табыстан алынар салығын акция немесе ЖДҚ бойынша төленген дивиденд есебінен төлейді. Және кері қайта-
рылмайтын салықтық несие алу құқығына ие. Бұл алынған дивидендтің оннан біріне тең.
Ұлыбританиялық акция Иегері – Ұлыбританияда тұрмайтын, бірақ сол елдің резидент болып отырған жеке тұлға. ол қаржы 
аударымы аясында акция немесе ЖДҚ бойынша төленген дивиденд есебінен немесе Ұлыбританияға аударылған диви-
денд есебінен Ұлыбританияның табыстан алынар салығын төлеуді қалайды және соған құқығы бар. ол кері қайтарылмай-
тын салықтық несие алу құқығына ие. Бұл алынған дивидендтің тоғыздан біріне тең. Ұлыбританиялық акция Иегері – тек 
егер ол оған салықтан жалтарған деген тәртіптің аясында болмаса, салық төлеу бойынша Ұлыбританияның резидент-ком-
паниясы, акция немесе ЖДҚ бойынша төленген дивиденд есебінен корпоративті салық төлемейді.
ИЕЛіКТЕн ШыҒАру нЕМЕСЕ ШАрТТы ТҮрДЕ ИЕЛіКТЕн ШыҒАру КЕзінДЕГі САЛыҚТАн БоСАу
Ұлыбританиялық акция Иегерінің акция немесе ЖДҚ бойынша үлесінің иелігінен шығару кезінде табыстан алынар салық 
төленеді немесе Ұлыбританиядағы кірістен түсер салықты шегеруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл Ұлыбританиялық акция 
Иегерінің салықтан босатылу жағдайына қатысты. Ұлыбританиялық акция Иегері – Ұлыбританияда тұратын және сол елдің 
резидент болып отырған жеке тұлғасы болса, акция немесе ЖДҚ бойынша үлесінің иелігінен шығару кезінде капиталдың 
өсімі үшін Ұлыбританияға кірістен түсер табысынан салық төлеуге міндетті. Ұлыбританиялық акция Иегері – Ұлыбритания-
да тұрмайтын, бірақ сол елдің резиденті болып отырған жеке тұлға, қаржы аударымы аясында Ұлыбританияның табыстан 
алынар салығын төлеуді қалайтын және соған құқығы бар тұлға акция немесе ЖДҚ бойынша үлесінің иелігінен шығару 
кезінде капиталдың өсімі үшін Ұлыбританияға кірістен түсер табысынан салық төлеуге міндетті. Дәлірегінде, Лондон қор 
биржасындағы ЖДҚ мен жасалынған мәмілелер кірісті көрсетуге алып келеді, ал ол Ұлыбританияда капиталдың өсімі де-
ген атпен салық төлетуге міндеттейді.
Жеке тұлға – акция немесе ЖДҚ иегері болса әрі, салық мәселелері бойынша соңғы бес жыл бойында резидент емес, 
әрі Ұлыбританияда тұрмайтын болса, және осы уақыт аралығында акция мен ЖДҚ иелігінен шығар болса, онда Ұлыбрита-
нияға қайтар кезде ол Ұлыбританияда капиталдың өсімі деген атпен салық төлетуге міндетті. оның иеліктен шығар кезде 
Ұлыбританияда тұрмағаны және резидент болмағаны маңызға алынбайды.
Ұлыбританиялық акция Иегері, заңды тұлға болса, ол акция мен ЖДҚ-мен жұмыс істеген кез келген кіріс үшін 
Ұлыбритания да корпоративті салықты төлейді.
ҚАзАҚСТАнДАҒы КіріС КӨзінЕн АЛынАТын САЛыҚ
Акция мен ЖДҚ дивиденд төлеміне Қазақстанда кіріс көзінен алынар салық бар. Ұлыбританиялық акция Иегері – жеке 
тұлға-резиденттің қазақстандық кірістен түсер салықтан шегерілу құқығы болуы керек, ол үшін дәл осындай төлем Ұлыбри-
танияның табысқа салынар салығына жіберілген болса. Ұлыбританиялық акция Иегері Ұлыбританияның резидент-компа-
ниясы болса, ол төленген дивиденд бойынша корпоративті салық төлемейді. Және қазақстандық салық органдарынан осы 
салықты шегеру туралы талап қоя алмайды.
ЕЛТАңБАЛыҚ АЛыМ нЕМЕСЕ ЕЛТАңБАЛыҚ АЛыМҒА САй САЛыҚ («ЕАССБ»)
Егер де бір немесе бірнеше акцияны немесе ЖДҚ-ды аударатын келісімі бар мәмілені жасаған құжат (i) Ұлыбританияда 
қол қойылмаса немесе (ii) Ұлыбританиядағы меншікке қатысы болмаса, Ұлыбританияда жасалынбаған немесе жасалынып 

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
54
жатқан іс-қимыл болмаса, (Ұлыбританиядағы банк шоттары төлеміне қатысын қосқанда), онда бұл құжаттан көрсетілген 
құн бойынша елтаңбалық алым алынбайды.
Егер де тіпті бір немесе бірнеше акцияны немесе ЖДҚ-ды аударатын келісімі бар мәмілені жасаған құжат (i) Ұлыбритани-
яда қол қойылса немесе (ii) Ұлыбританиядағы меншікке қатысы болса, Ұлыбританияда жасалынған немесе жасалынып 
жатқан іс-қимыл болса, бұл құжаттан, тәжірбие бойынша, көрсетілген құн бойынша елтаңбалық алым алынбайды. Егер 
елтаңбалық алымды төлету қажеттілігі туған жағдайда, пайыз бен айыппұлды төлету мүмкіндігі бар.
ЖДҚ – құны фунт-стерлингте көрсетілмеген құнды қағаз қатарына енгізілгені үшін «мәлімдеуші құжат» елтаңбалық алымы 
ЖДҚ шығарылымына да, ЖДҚ арқылы берілетін құнды қағаздар беру кезінде де төленбейді.
Егер де акциялар (i) Ұлыбританияда орналасқан реестрде тіркелмесе, немесе (ii) Ұлыбританияда тіркелген немесе 
шыққан компанияның акцияларымен біріктірілмесе, онда акцияларды беру келісімі немесе ЖДҚ елтаңбалық алымға сай 
салықты төлемейді.
КорпорАтивтіК бАсҚАру 
бойЫНшА АҚпАрАт

55

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
56
қаржылық
 
жағдай
 Мен қар
жы-
эконоМ
икалық
 
қызМеттің
 нәтижелерін
 
талдау
8

57
Төмендегі құжаттың міндеті Компанияның операциялық және қаржылық қызметтерінің нәтижелеріндегі 
үрдістер мен елеулі өзгерістерді ұғынуға және бағалауға көмектесу болып табылады. Осы шолу Компани-
яның топтастырылған қаржылық есебіне негізделген және оны топтастырылған қаржылық есеппен және 
ілеспе ескертулермен бірге оқыған жөн. Барлық қаржылық деректер мен оларды талқылау ҚЕХС-қа сәй-
кес дайындалған топтастырылған қаржылық есепке негізделген.
жАлпЫ АҚпАрАт
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (мұнда және бұдан әрі – Компания немесе ҚМГ БӨ) көмірсутегі 
шикізаттарын барлаумен, игерумен, өндірумен және жаңа мұнайгаз активтерін сатып алумен айналысады. Мұнайгаз 
объектілерінің негізгі қызметі Каспий өңірі ойпатында, Маңғыстау және оңтүстік Торғай мұнайлы бассейндерінде жүзе-
ге асырылады. Компанияның тікелей негізгі акционері Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібіндегі мемлекеттің мүдделерін 
білдіретін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) болып табылады. Компания 47 мұнай және газ кен орындарын, 
оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ӨМГ) – 2 кен орнын, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ) 40 кен орнын, 
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС – 5 кен орнын игереді. оның үстіне, Компанияның бірлесіп бақыланатын KS EP Invesments 
BV-де 51% үлесі, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да, «CCEL»-де және Ural Group Limited BVI-де («UGL») 50% үлесі, сондай-ақ 
«ПетроҚазақстан Инк»-те 33% үлесі бар.
Компания мына учаскелерде: Лиман, Тайсойған, Қаратон-Сарқамыс, Өзен-Қарамандыбас, Батыс новобогат, «Федоров-
ский» (UGL), Карповский Северный (KS EP Invesments BV), Темір, Теріскен, Шығыс Жарқамыс-1 («ҚМГ БӨ Барлау актив-
тері» ЖШС) блоктарында барлауды жүзеге асырады, сондай-ақ келешегі зор «уайт Беар» құрылым орналасқан Солтүстік 
теңіздің Британ секторындағы барлауға арналған лицензиядағы 35%-дық қатысу үлесіне иелік етеді.
Компанияның үлестік қатысуын («Қазгермұнай» БК» ЖШС-дағы 50%-дық үлесін «CCEL»-дегі 50% үлесін және «ПетроҚа-
зақстан Инк»-тегі 33%-дық үлесін) ескере отырып, Компанияның мұнай өндіруі 2012 жылы тәулігіне 12 191 мың тоннаны 
немесе 247 мың баррелді (ӨМГ мен ЕМГ – тәулігіне 156 мың баррелді, «ПетроҚазақстан Инк» – тәулігіне 39 мың баррелді, 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС – тәулігіне 33 мың баррелді, «CCEL» – тәулігіне 19 мың баррелді) құрады.
Бұл қаржылық жағдай мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелерін талдау жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың 
қызметін қамтиды.
биЗНес жүргіЗу жАғдАйЫ МеН болжАМ 
Есепті кезең ішінде Компанияның қаржылық жағдайына әсер еткен негізгі макроэкономикалық факторларға: мұнайға ар-
налған бағалардың серпіні, валюта бағамдарының, атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамының ауытқуы 
мен елдегі инфляция қарқыны жатады.
2012 ЖыЛҒы нАрыҚҚА ШоЛу
Брент сортты мұнайға арналған баға 2012 жылы орташа алғанда 2011 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз деуге болар-
лықтай, баррель үшін 111,70 АҚШ долларын құрады.
2012
4 тоҚсАНЫ
2012
3 тоҚсАНЫ
 
2011
4 тоҚсАНЫ 
4 тоҚсАНғА
 4 тоҚсАН 
2012
2012
2011
өЗгерістер
(АҚш доллАрЫ /бАррель)
%
(АҚш доллАрЫ /бАррель)
%
110,10
109,50
109,36
0,7 %
BrENt (DtD)
111,70
111,26
0,4 %
Компанияның кірістерінің, қаржылық активтері мен займдарының басым бөлігі шығыстардың басым бөлігі теңгеде есеп-
телгеніне қарамастан, АҚШ долларында есептелді. Компания валюталық тәуекелді өз қоржынындағы АҚШ долларына 
есептелген қаржылық құралдардың үлестерін төмендету немесе арттыру арқылы басқарады.
Тұтынушылық бағалар индексі («ТБИ») бойынша есептелген елдегі теңге/АҚШ долларының айырбас бағамы мен инфля-
цияның қарқыны көрсетілген кезеңдерге мынадай тұрғыда қалыптасты:
2012
4 тоҚсАНЫ
2012
3 тоҚсАНЫ
 
2011
4 тоҚсАНЫ 
4 тоҚсАНғА
 4 тоҚсАН 
2012
2012
2011
өЗгерістер
150,44
149,68
147,91
1,7 %
Теңгенің 1 АҚШ долларына орта-
ша айырбас бағамы
149,11
146,62
1,7 %
2,1 %
1,2 %
1,2 %
75,0 %
ТБИ
6,0 %
7,4 %
-18,9 %
150,74
149,86
148,40
1,6 %
Баланстың датасына теңгенің 1 
АҚШ долларына айырбас бағамы 
150,74
148,40
1,6 %
Көзі:Қазақстанның Ұлттық Банкі

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
58
Теңгенің бағамы АҚШ долларына қатысты 2011 жылы орташа алғанда 146,62 теңге/АҚШ долларынан 2012 жылы орташа 
алғанда 149,11 теңге/АҚШ долларына дейін өзгерді. 2012 жылы инфляцияның деңгейі 2011 жылғы 7,4%-бен салыстырғанда 
6,0%-ды құрады. 
өНдірістіК ҚЫЗМет 
Компанияның негізгі активтерден мұнай өндіруінің ауқымы 2012 жылы 2011 жылғы осындағы көрсеткіштен 2%-ға төмен 
7 766 мың тоннаны құрады.
2012
4 тоҚсАНЫ
2012
3 тоҚсАНЫ
 
2011
4 тоҚсАНЫ 
4 тоҚсАНғА
 4 тоҚсАН 
2012
2012
2011
өЗгерістер
1 251
1 232
1 293
-3 %
оМГ
4 950
5 082
-3 %
720
720
715
1 %
ЭМГ
2 816
2 818
0 %
1 971
1 952
2 008
-2 %
всЕГо
7 766
7 900
-2 %
Бұдан бұрын аталып өткендей, мұнай өндірудің өткен жылмен салыстырғанда төмендеуі, негізінен алғанда, тоқтап тұраған 
және сарқыла бастаған ұңғымалар қорының артуының, ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңінің төмендігінің, сондай-ақ 
геологиялық-техникалық іс-шаралардың орндалмауының нәтижесінде болды. оның үстіне, өндірудің төмендеуі жерасты 
жабдықтары мен қосалқы бөлшектердің сапасының төмендігімен және уақытылы берілмеуімен, ұңғымалардың жер 
бетіндегі және жер астындағы инфрақұрылымдарының тозуымен қабаттарға айдамалау үшін теңіз және ағын суларды 
дайындау кезіндегі проблемалармен, мұнай өндіру объектілерін химияландыру проблемаларымен, ұңғымаларды өшірудің 
төменгі сапасымен, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларының арнаулы техникалар мен жабдықтарды тосып тоқтап 
тұруға мәжбүр болуымен байланысты. Жоғарыда көрсетілген факторлар, өз кезегінде, соның салдарынан мұнай өндіру 
бойынша қабылданған бағдарламалардың орындалмауына әкеп соқтырған мұнай ұңғымаларының тоқтап тұрған және 
өнімі төмендеген қорының артуына себеп болған жүргізілген ұңғымаларды жерасты жөндеу мен жабдықтарды жерасты 
жөндеудің сапасы мен жиілігіне ықпал етті. 2012 жыл ішінде электрмен жабдықтаушы ұйымның электр қуатын авариялық 
ажыратуы мен қысқы және жазғы айларда ауа-райы жағдайының күрт нашарлауы (сирек болатын аяз, жар жау, боран, 
сондай-ақ көктемгі су тасқыны) да бастапқы бекітілген жоспардан қалып қоюға әсер етті. 
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұңғымаларды пайдалану қоры 5 981 өндіруші және 1 670 тоғытпалы 
ұңғымаларды қамтиды. оның ішінде, ӨМГ-де – 3 698 өндіруші және 1 212 тоғытпалы ұңғыма, ЕМГ-де – 2 283 өндіруші 
және 458 тоғытпалы ұңғыма бар. Компания кен орындарының негізгі бөлігі жоғары сулылығымен және мұнай өндіру 
деңгейінің жаппай төмендеуімен сипатталатын игерудің түбегейлі сатысында тұр. Мұнай өндіру бойынша белгіленген 
жоспарларға қол жеткізу үшін Компания ұңғымаларды пайдаланулық бұрғылау, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар мен 
мұнай өндіруді қарқындату жөніндегі іс-шараларды жүргізді.
2012 жылы ӨМГ 181 ұңғыма (104 мұнайлық, 77 тоғытпалы) бұрғылаудан пайдалануға енгізілді, бұл 2011 жылмен 
салыстырғанда 9 ұңғымаға артық. Жаңа ұңғымаларды іске қосудан мұнай өндіру 2011 жылғы 186 мың тоннамен 
салыстырғанда 151 мың тоннаны құрады. 2012 жылы 248 мың тонна қосымша өндіруді қамтамасыз еткен 675 ұңғыманы 
күрделі жөндеу жүзеге асырылды. 2012 жылы ӨМГ бойынша қабаттарды сумен сөгу жөнінде 2011 жылмен салыстырғанда 
39 ұңғыма-операцияға кем 111 ұңғыма-операция жүргізілді. Қабаттарды сумен сөгу бойынша ұңғыма-операция жүргізуден 
мұнай өндіру 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 103 мың тоннаға кем 120 мың тонна мұнайды қосымша өндіруді 
қамтамасыз етті.
2012 жылы ЕМГ-де 2011 жылғы көрсеткіштің деңгейіндегі 65 ұңғыма (59 мұнайлық, 6 тоғытпалы) бұрғылаудан пайдалануға 
енгізілді. Бұл ретте, жаңа ұңғымаларды іске қосудан мұнай өндіру 2011 жылғы 71 мың тоннамен салыстырғанда 86 мың 
тоннаны құрады. 2012 жылы 90 мың тонна қосымша өндіруді қамтамасыз еткен 282 ұңғыманы күрделі жөндеу жүзеге 
асырылды. 2012 жылы ЕМГ бойынша 2011 жылғы көрсеткіштің деңгейіндегідей қабаттарды сумен сөгу бойынша 10 
ұңғыма-операция жүргізілді. Қабаттарды сумен сөгу бойынша ұңғыма-операциялар жүргізуден мұнай өндіру 2012 жылы 
2011 жылғыдан 9 мың тоннаға артық 25 мың тонна мұнайды қосымша өндіруді қамтамасыз етті.
2013 жылы негізгі активтер бойынша мұнай өндіру 8.1 млн. тонна, оның ішінде ӨМГ-де 5.3 млн. тонна, ЕМГ-де 2.8 млн. 
тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Өндірудің бұл көлемін қамтамасыз ету үшін 2013 жылы 182 өндіруші, 98 тоғытпалы 
ұңғымаларды бұрғылау жоспарлануда. оның ішінде, ӨМГ-де 115 өндіруші, 93 тоғытпалы ұңғыма, ЕМГ-де 67 өндіруші, 5 
тоғытпалы ұңғыма. Сонымен қатар, бар ұңғымаларда іс-шаралар, оның ішінде қабаттарды сумен сөгу, ұңғымаларды күрделі 
жөндеу, забой маңы аймағына әсер ету және өндіруші ұңғымаларды әрекетсіздіктен шығару жөніндегі операцияларды 
орындау да жоспарланып отыр. 
ҚАржЫлЫҚ жАғдАй МеН 
ҚАржЫ-эКоНоМиКАлЫҚ 
ҚЫЗМеттің НәтижелеріН 
тАлдАу

59
геологиялЫҚ-бАрлАу жҰМЫстАрЫ
2012 жылы Компания Лиман, Тайсойған, Қаратон-Сарқамыс, Өзен-Қарамандыбас, Шығыс Жарқамыс-1, Темір, Федоров-
ский, Карповский Северный және уайт Беар барлау блоктарында геологиялық барлау жұмыстарын, сондай-ақ С. нұржа-
нов, Батыс Прорва, Шығыс Мақат және  Батыс новобогат кен орындарында түбегейлі барлауды жалғастырды.
БАрЛАу
Лиман блогы бойынша 2012 жылы оңтүстік Шығыс новобогат кен орнында орта триастың өнімді карнизастылық 
шөгінділеріне Г-2 және Г-5 ұңғымаларын бұрғылау аяқталды. Бұрғыланған ұңғымалар забойы тиісінше 1200 м мен 1328 м 
құрады. Г-2 ұңғымасында шапышты атқылау насосының көмегімен 2,5 м
3
/тәулік дебитімен азынаулақ жылға алынды, 
ұңғыма консервацияға кен орнын байқап көрулік пайдалануға қосқан сәтке дейін жіберілді. Г-5 ұңғымасы екшеліп 
алынған өнімді объектілерді сынауда тұр. оның үстіне, оңтсүтік Шығыс новобогат кен орнында жобалық тереңдігі 
2500 м пермотриастың болашағы бар карнизастылық шөгінділеріне П-1 ұңғымасын бұрғылау жүргізілуде, 2012 жылдың 
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұңғыма забойы 1912 м құрады.
2013 жылы оңтүстік Шығыс новобогат кен орнын (карнизасытылқ) байқап көрулік пайдалануға қосу жоспарлануда. 
Аталған жобаның шеңберінде өнімді объектілердің геологиялық құрылымын нақтылау және өндірулік мүмкіндіктерін 
анықтау мақсатында барлау ұңғымаларын консервациялаудан шығару мен іске қосу және тағы да 2 ұңғыма бұрғылау: жо-
балық тереңдігі 1500 метрден Г-6 (шапшаңдатылған-өндіруші) және Г-7 (барлау) жоспарланды. оңтүстік Шығыс новобо-
гат  учаскесі (карнизасытылқ) бойынша сынақтардың нәтижелері бойынша екінші барлау ұңғымасы Пр-2-ні сіңіру туралы 
шешім қабылданатын Пр-1 барлау ұңғымасының құрылысы аяқталатын болады.
Тайсойған блогы бойынша уаз алаңында орташа триас жобалық деңгейжиегінде у-1 ұңғымасы бұрғыланды. Ұңғыманың 
тереңдігі 1366 м. құрады. 3-ші объектіні сынау кезінде аздаған мұнай ағысы (1 м
3
/тәулік) алынды. Бажир құрылымындағы 
тұзүсті кешенінің геологиялық құрылымын зерттеу және нақтылау мақсатында 86 шаршы км. көлемінде 3D – МоГТ сейсми-
калық барлау жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы аталған блокта уаз және Бажир (шығыс жақ қанаты) алаңдарында жобалық тереңдігі тиісінше 1250 м (юра 
шөгінділері) және 1400 м (орташа триас) болатын 2 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, геологиялық 
құрылымын нақтылу және жаңа объектілерді анықтау мақсатында уаз-Қондыбай құрылымында 170 шаршы км. ауқымында 
3D-МоГТ сесмикалық барлау бойынша жұмыстар жоспарланды. 
Қаратон-Сарқамыс блогында Солтүстік, Бұлатай және С. нұржанов (солтүстік қанаты) құрылымдарындағы тұзүсті ке-
шенінің геологиялық құрылымын зерттеу және нақтылау мақсатындағы ауқымы 160 шаршы км. 3D-МоГТ сейсмикалық 
барлау жұмыстары аяқталды. Кенарал және Досмұхамбетов алаңдарында 1360 шаршы км алаңында 3D сейсмикалық 
деректерін магниттітеллурикалық бағдарлау жөніндегі жұмыстар аяқталды.
2013 жылы аталған блокта олардың нәтижелері бойынша одан арғы геологиялық барлау жұмыстарын (ГБЖ) айқындау мақ-
сатында Кенарал және Досмұхамбетов алаңдарында тереңдігі тиісінше 3000 және 3350 м болатын 2 барлау ұңғымасын 
бұрғылау көзделіп отырған геологиялық-геофизикалық деректерге талдау жүргізу жоспарланып отыр.
Өзен-Қарамандыбас блогы бойынша (Өзен мен Қарамандыбас кен орындарына жалғас жатқан аумақтар) бұрын орын-
далған геологиялық барлау жұмыстарының алдын ала жүргізілген талдауы үлкен геологиялық тәуекелдерге ие келешегі 
айтарлықтай емес мұнай құрылымдарын анықтады. Аталған аумақтағы геологиялық барлау жұмыстарының одан арғы 
бағыттарын айқындау мақсатында геологиялық-геофизикалық деректерді тадау жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын 
болады.
Шығыс Жарқамыс-1 блогында тұзасты шөгінділерінің мұнайгаздылығы келешегін бағалау мақсатында Тұсқұм құрылымын-
да рА-2-Т іздестіру-барлау ұңғымасын барлау аяқталды, іс жүзіндегі забой 4502 метрді құрады. ҰГз деректерін зерделе-
удің нәтижелері бойынша төменгі карбонның визейлік қабатындағы шөгінділерде екі келешекті объект сынауға енгізілді. 
Сынауды бастау 2013 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
2013 жылы Тұсқұм құрылымында рА-2-Т ұңғымасын сынаудың нәтижелері бойынша жобалық тереңдігі 4500 м рА-3-Т ізде-
стіру-барлау ұңғымасын барлау жоспарланды. 
Темір блогы бойынша 2012 жылы 3500 шаршы км көлемінде гравиметрикалық зерттеу жүргізілді.
2013 жылы коллекторлардың мүмкін болатын таратылуына талдау жүргізілгеннен кейін объектіні іздестіру-барлаулық 
бұрғылауға дайындау мақсатында ауқымы 200 шаршы км 3D-МоГТ сейсмикалық-барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу 
туралы шешім қабылданатын болады.
Карповский Северный блогында Меловая алаңында карбон мен девонның мұнайға, газ бен конденсатқа келешектілігін 
айқындау үшін жобалық тереңдігі 5600 м болатын СК-1 ұңғымасын бұрғылау жалғастырылуда. 2012 жылдың 31 желтоқса-
нындағы жағдай бойынша ұңғыманың забойы 3727метрді құрады.
2013 жылы Меловая құрылымында СК-1 ұңғымасының құрылысы мен оны сынау аяқталды, сонымен қатар орлов алаңын-
да жобалық тереңдігі 5250 м болатын СК-2 барлау ұңғымасын бұрғылау да жоспарланып отыр. одан басқа, аталған блокта  
тұзасты шөгінділеріндегі бұрын анықталған объектілердің геологиялық құрылымын нақтылау мақсатында ауқымы 460 шар-
шы км. болатын 3D-МоГТ сеймикалық барлау жөніндегі жұмыстар жоспарланды. 
Есепті кезеңде Федоровский блогында рожковская кен орнында U-23 ұңғымасында төменгі карбонның турней қабатын-
дағы шөгіндіден 3-ші объектіні сілтілік өңдеуден кейін сынау кезінде 11 мм. штуцер жағдайында тиісінше 120 мың м
3
/тәулік 
және 300 м
3
/тәулік дебиттермен газ бен конденсаттың бұрқақтық ағысы алынды.  осы кен орнында жобалық тереңдігі 
5200 метр U-26 ұңғыманы бұрғылау жүргізілуде. 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұңғыманың забойы 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал