1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет5/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

МАңғЫстАу облЫсЫ МеН жАңАөЗеН 
ҚАлАсЫНдАғЫ әлеуМеттіК жобАлАр
ҚМГ БӨ компаниясының Маңғыстау облысының 
әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара 
шарттық міндеттемелері 2012 жылы 907 миллион теңгені 
(6,0 миллион АҚШ долларын) құрады. әлеуметтік 
серіктестік бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау 
облысының әкімдігіне Жаңаөзен қаласының тұрғындары 
үшін кем дегенде 800 жұмыс орнын құру үшін қосымша 
200 миллион теңге (1,3 миллион АҚШ доллары) бөлінді. 
Сонымен қатар 2011 жылдың желтоқсан айында жаппай 
тәртіпсіздіктердің нәтижесінде қаза болған және зардап 
шеккен жандардың отбасыларына материалдық жәрдем 
көрсетілді, оқтан жарақат алған адамдардың ресейлік және 
қазақстандық медициналық мекемелерде емделу және 
оңалту жұмыстары қаржыландырылды.
2012 жылдың соңында Жаңаөзенде ҚМГ БӨ 
компаниясының қаражаттарына тұрғызылған 200 
пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Жаңадан 
қоныстанушыларға (табысы төмен отбасыларына, ауған 
соғысының ардагерлеріне, әлеуметтік жұмыскерлерге) 
пәтерлердің кілттерін өзінің аймаққа сапары барысында Қр 
премьер-министрі Серік Ахметов табыстады.
ҚМГ БӨ бұрынғысынша балалар үйлері мен мүгедектер 
қоғамдарына, спорт ұйымдарына және Ұлы отан 
соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуде.
АтЫрАу облЫсЫНдАғЫ әлеуМеттіК жобАлАр
Атырау облысында ҚМГ БӨ компаниясының әлеуметтік 
инфрақұрылымды дамыту бойынша өзара шарттық міндет-
темелері 287 миллион теңгені (1,9 миллион АҚШ долла-
рын) құрайды. Міндетті төлемақылармен қатар, 2012 жылы 
350 миллион теңге (2,3 миллион АҚШ доллары) сомасына 
әлеуметтік жобаларды іске асыруға демеушілік жәрдем 
көрсетілді. ол ақша аймақта бес дене тәрбиелік-сауықты-
ру кешендерінің құрылысын аяқтауға; жылыту жүйелерінің 
реконструкциясын қаржыландыруға, көп қабатты тұрғын үй-
лердің аулаларын абаттандыруға және Индербор кентінде 
табысы төмен отбасылар үшін жылыту қазандарын орна-
туға; Исатай ауданының Х. Ерғалиев аулында 100 орынға 
балабақшаны жобалауды және құрылысын салуды қаржы-
ландыруға жұмсалды.
2012 жылдың көктемінде ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 
Байшонас және Ескене кенттерінің тұрғындарын облыс 
орталығына – Атырау қаласына қоныс аудартуға 5 милли-
ард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Байшонас және 
Ескене – «Ембімұнайгаз» АҚ игеріп жатқан аттас кен орын-
дарының жанындағы кенттер. Бұл кәсіпшіліктерің игеріліп 
жатқанына 80 жыл болды, мұнайдың қорлары сарқылуда, 
сондықтан кен орындарының тиімділігі туралы және кент-
тердің тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 
туралы мәселе дереу шешімін табуды талап етті. Мұнай 
өндірісі төмендеген соң, мұнда жұмыссыздық көбейді, кент-
тердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы тозған. 
Үйлердің 80 %-ына жуығы апаттық жағдайда, су құбыры 
сынғандықтан тұрғын үйлерге су жіберу мүмкіндігі болма-
ды. Бүгін осыған дейін Ескене кентінде тұрған 80 отбасы-
ның барлығы Атырау қаласына қоныс аударды. Байшонас 
аулынан 377 отбасын көшіру бірнеше сатыда жүруде және 
2013 жылы аяқталуы тиіс.
КАдр сАясАтЫ
2012 жылы ҚМГ БӨ компаниясының алдында еңбек 
ұжымдарымен конструктивті диалогты қамтамасыз ету және 
еңбек даулары мен қайшылық жағдайлардың қайталану 
ықтималдығын төмендету үшін, ішкі коммуникациялардың 
жаңа арналарын құру міндеті тұрды.
осы кезең барысында ҚМГ БӨ орталық аппаратының 
қызметкерлері шалғайдан басқару принципінен бас тартып, 
еншілес және тәуелді ұйымдардың қызмет ететін аймақта-
рында жұмыс істеді. Соның арқасында орталық аппарат пен 
АйМАҚтАрдЫң әлеуМеттіК сАлАлАрЫНА 
шЫғЫНдАрЫ
МЛрД. ТЕңГЕ 
МАңҒыСТАу оБЛыСы
АТырАу оБЛыСы
ӨзГЕ
2009
1,6
0,6
0,2
2,4
2007
1,2
0,6
0,2
2,0
2011
4,1
1,3
6,6
1,1
2008
1,3
0,5
0,3
2,1
2010
1,9
0,3
3,5
1,4
2012
1,4
0,3
7,8
6,1

37
еншілес кәсіпорындардың арасындағы қашықтық қысқарып, 
ағымдағы мәселелерді жіті шешу үшін мүмкіндік жасалды.
Қызметтің негізгі бағыттарының бірі өндірістік қызметкер-
лер құрамын бүгінгі заманның талаптарына сәйкес қа-
уіпсіздік техникасына жаппай оқып-үйретуді ұйымдастыру, 
жұмыскерлерді қайта оқыту және біліктілігін арттыру болды. 
осы мақсаттарға жылдың басынан бері 586 миллион теңге-
ден астам қаржы (3,9 миллион АҚШ доллары) бағытталды. 
Басшы құрам үшін әкімшілдік машықтарын дамыту бойынша 
семинарлар мен тренингтер өткізілді, заманауи басқару 
әдістерін оқып-үйрету жүзеге асырылды.
Кәсіподақ жетекшілерінің еліміздің еңбек заңнамасындағы 
соңғы өзгерістер жайында хабардар болуы үшін, сәуір ай-
ында әлеуметтік семинар-тренинг ұйымдастырылып, оның 
бір бөлімі қатысушылардың коммуникациялық машықтарын 
дамытуға арналды.
Кәсіпорындарда ішкі коммуникацияларды жақсарту үшін, 
жылдың барысында кен орындарындағы цехтардың, ауы-
сымдардың, базалардың жәyе колонналардың шеберлері 
мен бастықтары үшін команда құру бойынша тренингтер 
өткізілді.
«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиал-
дарының қызметші құрамын акционерлік қоғамдарға тиімді 
аудару мақсатында, кең ауқымды түсіндіру жұмысы жүргізіл-
ді. Филиалдың әр жұмыскері ҚМГ БӨ топ-менеджментімен 
кездесулердің барысында өзін толғандыратын сұрақтарды 
қойып, егжей-тегжейлі жауаптар алды. негізгі ниет Ұжым-
дық келісімшарттың шарттарымен кепілдік берілген еңбек, 
төлем, әлеуметтік төлемақылар жағдайларын сақтап қалу 
жайында болды. ол шарттар еңбек ұжымдары мен жұмы-
скерлердің кәсіподақтарының мақұлдауына ие болды.
2012 жылы тұңғыш рет ҚМГ БӨ еншілес және бірлескен 
кәсіпорындарының жұмыскерлерінің арасында «Үздік 
маман» кәсіптік шеберлік конкурсы өткізілді. Өз маман-
дығында үздік шыққандарға бір жыл бойы еңбекақысы-
ның тарифтік бөлігіне үстемақы төленеді. Компанияның 
үздік мамандарын айқындауды игі дәстүрге айналдыру 
жоспарлануда.
Жыл барысында ұжымдардың ынтымақтастығын дамытуға 
ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, Астанада ҚМГ БӨ компани-
ялар тобының жұмыскерлерінің арасында спорттың 11 түрі 
бойынша бірінші спартакиада болып өтіп, ҚМГ БӨ компани-
ясының дарынды шығармашылық жұмыскерлерінің қаты-
суымен гала-концерт өткізілді. Балалар шығармашылық 
қолдау мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнай-
газ» АҚ жұмыскерлері балаларының арасында «Менің ар-
маным. Мен және менің отбасым» тақырыбына сурет салу 
байқауы өткізілді. осындай іс-шаралар біздің сан мыңдаған 
адамнан құралған ұжымдарымыздың командалық рухын 
нығайту үшін болашақта та өткізіліп отыратын болады.

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
38
6
еңБекпен
  
қоршаған
  
ортаны
 қорға
у   
10,8 
Млн. ақш
 $
  
соңғы үш жылдың ішінде ең
Бекті қорға
у Бағытт
алды
жЫлдЫҚ есеп 2012 «ҚАЗМҰНАйгАЗ» бАрлАу өНдіру» АҚ

еңБекпен
  
қоршаған
  
ортаны
 қорға
у   
39

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
40
еңбеКпеН ҚоршАғАН 
ортАНЫ ҚорғАу
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау ҚМГ БӨ 
компаниясында басты басқару элементтерінің бірі болып 
табылады. Өткізілетін іс-шаралар еңбек жағдайларын 
жақсартуға, апаттардың алдын алуға, олардың салдарын 
оқшаулауға және жоюға әзірлікті қамтамасыз етуге, үшінші 
тұлғаларға және қоршаған ортаға келтірілген залалдарды 
кепілді өтеуге, сондай-ақ өндірістік-шаруашылық 
факторлардың қоршаған ортаның компоненттеріне 
ықпалын барынша азайтуға бағытталған.
еңбеК ҚАуіпсіЗдігі жәНе оНЫ ҚорғАу
Өндірісте жарақаттану проблемасы бұрынғысынша 
өзекті болып қала беруде. 2012 жылы ҚМГ БӨ өндірістік  
нысандарында еңбек қызметіне байланысты 8 жазатайым 
оқиға орын алды. олардың әрқайсысы бойынша арнайы 
тергеу жүргізіліп, болашақта ондай жағдайлардың алдын 
алу шаралары қабылданды. Соның ішінде, тасымалданбалы 
газ талдауыштар сатып алынуда; ұңғымаларды жер астында 
жөндеу кезіндегі озық және қауіпсіз жұмыс тәсілдерінің 
нұсқамалық карталары қайта қаралды және бекітілді; 
жүргізушілерді қауіпсіз қозғалыс және автокөлікті іске 
пайдалану бойынша кезектен тыс нұсқауландырулар 
өткізілді. Өндірістік нысандарда жылдамдық режимін 
асыруға байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын 
алу үшін, «Автокөлік құралдары мен арнайы техниканың 
мониторингі жүйесі (GPS)» іске қосылды. Аталған жоба 
бұзушылықтарды тіркеуге, автокөліктің жүрген жеріне 
онлайн мониторинг жүргізуге; жоспарлы техникалық 
тексеруден өтуді бақылауға және басқасына мүмкіндік 
береді.
Соңғы үш жылдың ішінде еңбек қорғау бойынша іс-
шараларды іске асыруға 1,6 миллиард теңгеден астам 
(10,8 миллион АҚШ доллары) жұмсалды. Кем дегенде 
жылына бір мәрте компанияның барлық өндірістік 
құрылымдық бөлімшелерінде жұмыскерлерді қауіпсіз 
жұмыс тәсілдеріне оқып-үйрету жұмыстары жүргізіліп, оның 
қорытындылары бойынша емтихан тапсырылады. Басшы 
жұмыскерлер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті және еңбек 
қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар үш жылда 
бір мәрте тиісті білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру 
курстарында оқудан және білімдерін тексеруден өтіп 
отырады. 
Жыл сайын барлық сатып алынатын жұмыскерлердің жеке 
қорғану құралдарын талдау жүргізіледі. олар қорғау-
дың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жеңіл, 
эргономикалық және пайдалану үшін барынша ыңғайлы 
болуға тиіс. Бұл орайда Компанияның жұмыскерлерінің 
жеке басының қауіпсіздігін жақсарту үшін арнайы киім, 
аяқкиім және басқа жеке қорғану құралдарын беру норма-
ларына өзгерістер енгізілді. Соңғы үш жылдың ішінде осы 
мақсаттарға 4 миллиард теңгеден астам (27 миллион АҚШ 
доллары) жұмсалды.
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 2012 жылдағы еңбекті қорғау 
және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша шығындары 974 мил-
лион  теңгені (6,5 миллион АҚШ долларын) құрады.
ҚоршАғАН ортАНЫ ҚорғАу
Компания жыл сайын қоршаған ортаны қорғауға айтар-
лықтай қаражат бөліп отырады. 
«Өзенмұнайгаз» АҚ-нда табиғат қорғау іс-шаралары-
на 2012 жылы 696 млн. теңге (4,7 млн. АҚШ доллары), 
«Ембімұнайгаз» АҚ-нда – 726 млн. теңге (4,9 млн. АҚШ 
доллары) жұмсалды. 
ҚМГ БӨ жыл сайын ведомстволық экологиялық зертха-
наның күштерімен де, сондай-ақ қажетті жарақталған 
базасы мен лицензиялық-рұқсаттық құжаттары бар сырт 
ұйымдарды тарту арқылы, атмосфералық ауаның, жер асты 
(грунттық) сулардың, топырақтың экологиялық мониторин-
гін, сондай-ақ радиациялық мониторинг жүргізеді. Каспий 
теңізінің теңіздегі экологиялық жүйесіне ықпалды айқындау 
мақсатында су басу басталған және су басқан ұңғымалар-
дың мониторингі жүзеге асырылады.
Компания жыл сайын радиоактивтік ластанған жабдықты 
(сорғы-компрессорлық құбырларды, диаметрі әртүрлі 
металл сынықтарын және т.б.) жинау және кен орындары-
ның аумағынан радиациялық қалдықтарды уақытша сақтау 
полигонында сақтауға әкету арқылы қоршаған ортаны 
радиациялық ластау ошақтарын жою бойынша жұмыстарды 
жүргізеді.
ҚМГ БӨ ластанған құбырлар мен жабдықты зарарсыздан-
дыру арқылы тазарту бойынша жаңа технологияларды зер-
делейді және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды өткізеді. 
Бұдан басқа тарихи қазбаланатын кен орындарының 
ластанған учаскелерін жою үшін ластанған жерлерді қайта 
өңдеу, қайта құнарландыру және қалпына келтіру бойынша 
дәйекті жұмыстарды жүргізеді. Компанияның қызметкерлері 
озық әдістер мен технологияларды зерделейді, соның ішін-
де қалдықтарды қайта өңдеу бойынша экологиялық қауіпсіз 
және тиімді кешенді сатып алу және мазутпен былғанған 

41
жерлерді қайта құнарландыру және қалпына келтіру бойын-
ша жаңа технологиялар енгізу мүмкіндігін қарастырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы үдерістерді халықаралық 
стандарттарға сәйкес жүйеге келтіру және батыс елдерінің 
тәжірибесін қолдану мақсатында, 2012 жылы ҚМГ БӨ 
компаниясына халықаралық әлемдік деңгейдегі компани-
яларда жұмыс тәжірибесі бар топ-менеджер рэй Митчемді 
жұмысқа шақыру туралы шешім қабылданды.
КоМпАНияНЫң ҚоршАғАН ортАНЫ 
ҚорғАудАғЫ шЫғЫНЫ
МЛрД. ТЕңГЕ 
2009
2010
2007
2011
2012
2008
3,9
7,9
3,1
5,2
6,6
1,4

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
42
корпор
ативтік
 
Басқар
у Бойынша
 
ақпара
т
7

43
КорпорАтивтіК бАсҚАру КодеКсіН ҰстАНу 
Бұл жылдық есептің бөлімі Ұлыбританияның Қаржылық Қызмет Басқармасының ашықтық ережелеріне (FSA’s Disclosure 
and transparency rules) Dtr 7.2 (Корпоративтік басқару Жағдайына) сәйкес жасалынған. 
Өзіндік ЖДҚ Ұлыбританияның Листингтік агенттігінің ресми тізіміне енген шетелдік компания ретінде Компания Ұлыбрита-
нияның корпоративтік басқару Жағдайын ұстануы міндетті емес. Алайда, Dtr 7.2 сәйкес, Компания өзінің жылдық есебін-
де өзінің қазақстандық корпоративтік басқару кодексін ұстанатынын, Қазақстан республикасы заңдылығы талап ететіндей 
тәжірбие ретінде пайдаланылатын корпоративтік басқару принициптерін ұстанатыны туралы ақпарат беруге міндетті.
Қаржылық есеп Кеңесі (Financial reporting Council) – Корпоративтік басқару мәселелерін жетілдіру бойынша Ұлыбритани-
яның тәуелсіз қадағалаушысының 2010 жылы мамыр айында Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексінің қабыл-
дануына байланысты, 2012 жылы Компанияның корпоративтік басқару Кодексі жаңа редакцияда қабылданды, мақсат 
– Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексіне сәйкестендіру, әрине, кей баптарын айтпағанда. Ұлыбританияның 
корпоративтік басқару Кодексі мен Компанияның қазіргі корпоративтік басқару тәжірбиесіндегі айрымашылықтар туралы 
ақпарат жылдық есептің осы бөлімінде көрсетілген. 
Директорлар корпоративтік басқарудың маңыздылығын түйсінеді және Компаниядағы корпоративтік басқару стандарт-
тарының дамуын қолдайды. Компания Қазақстан республикасы заңдылығына сәйкес қосымша міндеттерді талап ететін 
корпоративтік басқару стандарттарының ережелерін ұстанады және дамытады.
ҚАЗАҚстАНдЫҚ КорпорАтивтіК бАсҚАру КодеКсі жәНе КоМпАНияНЫң  
КорпорАтивтіК бАсҚАру КодеКсі 
Қазақстандық корпоративтік басқару Кодексінде елдегі корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірбиесі бар. Қазақстандық 
корпоративтік басқару Кодексі қазіргі бар корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірбиесі мен Қазақстан 
республикасы Ұлттық банкі жанындағы құнды қағаздар нарығы туралы Эксперттік Кеңестің шешімімен 2002 жылдың 
қыркүйегінде бекітілген корпоративтік басқару принциптерін акционерлік қоғамның қалай жүзеге асыратындығы туралы 
рекомендациялары негізінде жасалынған. Кодекс 2005 жылы наурызда Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығының, 
2005 жылы ақпан айында Эмитенттер Кеңесінің қолдауына ие болды. 
Компания Қазақстандық корпоративтік басқару Кодексін өзінің корпоративтік басқару Кодексі ретінде қабылдады. 
2012 жылы Компанияның корпоративтік басқару Кодексі Ұлыбританияда 2010 жылы қабылданған корпоративтік 
басқару Кодексіне сай жаңартылды (кейбір ережелерін айтпағанда, олар туралы ақпарат жылдық есептің осы бөлімінде 
көрсетілген). Компания енгізген өзгерістер ҚМГ БӨ міндеттерін орнатады, бұл Қазақстандық корпоративтік басқару 
Кодексіне қосымша ретінде қарастырылады. Компания бұл қосымша толықтырылған өзгерістер Компанияның 
корпоративтік басқаруындағы өзгерістерді қатайтады деп есептейді. ҚМГ БӨ Ұлыбританияның корпоративтік басқару 
Кодексіндегі өзге де ережелерді өз назарында ұстайды әрі болашақта корпоративтік басқарудағы стандарттарды 
жетілдіруге ұмтылады.
Қазақстан республикасы заңдылығына қосымша талап ретіндегі Компанияның корпоративтік басқару Кодексіндегі 
қосымша ережелері (қазақстандық корпоративтік басқару Кодексіне): 
– Корпоративтік басқарудың қосымша принциптері енгізілген 
 

Қауымдастықтың тәуелсіз жұмысы бойынша принциптері 
 

Жауапкершілік принциптері
– Кей принциптер мынадай ережелермен толықтырылған:
 

әлеуметтік саясаттың принциптері
 

Компанияның акционерлері ынтымақтастығы бойынша құрылым туралы ережелер 
 

Директорлар Кеңесі төрағасы мен бас директор өкілеттіктерін бөліп қарастыру 
 

Директорлар Кеңесі төрағасы міндеттерін айқындайтын ереже 
 

Тәуелсіз директорлардың барынша аз болуы туралы талап 
 

Тәуелсіз директорлардың «тәуелсіздігін» орнататын принциптер мен талаптарды реттейтін қосымша ережелер 
 

Ақпаратқа қол жеткізу және Компания директорларының квалификациясын арттыру 
 

Директорларға сыйақы төлеу ережелерін реттейтін ережелер 
КорпорАтивтіК бАсҚАру 
бойЫНшА АҚпАрАт

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
44
 

ішкі ақпаратты қорғау туралы Ереже 
 

Тәуекелді басқарудағы тиімді жүйені қамтамасыз етудегі Директорлар Кеңесінің жауапкершлігі туралы Ереже 
 

Төраға пен Директорлар Кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалаудағы Ереже 
 

Директорлар Кеңесі мүшелерін сайлау/таңдау туралы Ереже 
Компанияның қазіргі корпоративтік басқару Кодексі ҚМГ БӨ сайтында тұр. 
Компания 2012 жылы қазақстандық корпоративтік басқару Кодексі ережелерін барлық аспектілер бойынша ұстанды.
Компания 2012 жылы өзіндік корпоративтік басқару Кодексі ережелерін барлық аспектілер бойынша ұстанды, тек мына 
жайттарды қоспағанда:
 

Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша директорлар Кеңесінің кем дегенде үштен бірі тәуелсіз 
директорлар болуы тиіс.
2012 жылы қыркүйек айына дейін директорлар Кеңесі төрағасын қосқанда 8 мүшеден тұрса, оның құрамында үш тәуелсіз 
директор болды: Филип Дэйер, Пол Мандука және Эдвард уолш. 2012 жылы 1 қазанда Пол Мандука директорлар 
Кеңесінен кетті, сөйтіп, 2012 жылдың соңына дейін жаңа тәуелсіз директор сайланған жоқ. Өйстіп, Компанияның 
корпоративтік басқару Кодексінің директорлар Кеңесі бойынша талабы 2012 жылдың 1 қазанынан бері ұсталынған жоқ.
 

Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша Директорлар Кеңесі құрған кадрлар жөніндегі Комитет ди-
ректорлар Кеңесіне жаңа кандидаттар туралы акционерлердің жалпы Кеңесіне дейін, олардың шешім қабылдауынан 
бұрын ақпарат береді.
Кадрлар жөніндегі Комитет тәуелсіз директорлар қызметіне ұсынылғандар бойынша және сыртқы консультанттардың 
зерттеуіне сүйеніп тәуелсіз директорды сайлау үшін директорлар Кеңесіне талаптар дайындады. Дегенмен, ҚМГ ҰҚ 
тағайындаулар бойынша Комитеттің кандидаттарды таңдау критерийлеріне келіспеушілігі себебінен директорлар Кеңесі 
шешім қабылдаған жоқ. 
ҚМГ ҰҚ тағайындаулар бойынша Комитетінің кандидатты бекітуге келіспеушілігі себебінен Компанияда қазір екі тәуелсіз 
директор бар. Бұл жағдай Компанияның Жарғысын бұзу, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан республикасы заңына 
сәйкес емес. 2006 жылы қыркүйек айында Компанияның IPo кезінде ҚМГ ҰҚ Компаниямен арадағы ынтымақтастық 
туралы Келісім түзді, ол бойынша, ҚМГ ҰҚ белгілі бір жағдайларды айтпағанда, «ҚМГ ҰҚ акционерлердің қандай да бір 
тәуелсіз директорды тағайындау немесе жұмыстан шығару бойынша қандай да бір шешімдеріне (немесе директорлар 
Кеңесінің қандай да бір шешімдеріне) дауыс бермейді» деп міндеттелген еді. 
 

Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының жұмысы бағалау үшін кемін-
де жылына бір рет Төрағаның қатысуынсыз жиын өткізе алады, ал өзге жағдайларда қажеттілігіне орай өткізіледі.
2012 жылы тәуелсіз директорлардың төрағаның қатысуынсыз сегіз жиыны өтті. онда мынадай мәселелер қарастырылды: 
Компанияның даму стратегиясы, Компанияның мажоритарлық акционерлерімен арадағы ынтымақтастық, Компанияның 
қаржыны басқаруы және қаржыны басқару Саясатын ұстануы, ішкі аудит пен сыртқы бақылау, мәміле мәселелері. Бұлар 
– директорлар Кеңесі мүшелерін таңдау, жалғастық саясаты, сақтандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға тіреледі. 
Директорлар Кеңесі төрағасының жұмысын бағалауды тәуелсіз директорлар жүзеге асырған жоқ. Алайда, директорлар 
Кеңесінің жұмысын жыл сайын тәуелсіз кеңесші бағалап отырады.
Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша директорлар Кеңесі (ішкі аудит бойынша Комитетпен бірге) кем 
дегенде жылына бір рет тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігін бағамдауға міндетті. 
Директорлар Кеңесінде тәуекелді бағамдайтын арнайы Комитет құрылған жоқ, бұл шаруа аудит бойынша директорлар 
Кеңесінің құзырына осы комитеттің жарғысы бойынша берілді. Аудит бойынша Комитеттің жұмысы туралы осы есептің 
49 бетінен оқи аласыздар. 2012 жылы директорлар Кеңесінде тәуекелді басқарудың тиімді жүйесі туралы бағамдау 
жүргізілген жоқ. Бұған қоса, жылдық есепте тәуекел факторлары туралы ақпарат берілген. 
КорпорАтивтіК бАсҚАру 
бойЫНшА АҚпАрАт

45
КоМпАНияНЫң КорпорАтивтіК бАсҚАру КодеКсі МеН ҰлЫбритАНияНЫң КорпорАтивтіК бАсҚАру 
КодеКсі ережелеріНің АрАсЫНдАғЫ АйЫрМАшЫлЫҚтАр 
Мұнда Компанияның корпоративтік басқару Кодексі мен Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі ережелері ара-
сындағы негізгі айырмашылықтар туралы жазылған.
 

Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі ережелері бойынша жұмысқа тағайындалғаннан кейін директор-
лар Кеңесінің Төрағасы Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексінде көрсетілген тәуелсіздік критерийлерін 
қанағаттандыруы керек.
Компанияның корпоративтік басқару Кодексіне тәуелсіз директорлар бойынша ережелер қосылмаған, директорлардың 
пікірі бойынша, Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексінде жазылғандай немесе Компанияның корпоративтік 
басқару Кодексінде жазылғандай директорлар Кеңесінің төрағасы тәуелсіздік критерийін қанағаттандырмас еді. Төраға ірі 
акционердің өкілі. 
 

Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша төрағаны былай қойғанда, директорлар Кеңесінің кем 
дегенде жартысы, тәуелсіз директорлар болуы керек.
Бұдан өзгешелігі, Компанияның корпоративтік басқару Кодексі мен Жарғысы бойынша директорлар Кеңесінің кем деген-
де үштен бірі тәуелсіз директорлардан құралуы тиіс. Компанияның Жарғысына сәйкес, біраз негізгі мәселелер, мүдделі 
тараппен мәміле, ірі мәмілелер, әлеуметтік шығындарға қолдау білдіру, жер қойнауын игеру бойынша келісім-шарттарды 
жасау, басым тәуелсіз директорлардың келісімін қажет етеді. Компанияның Жарғысымен сайттан таныса аласыздар.
 

Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша директорлар Кеңесі тәуелсіз директордың бірін аға тәуел-
сіз директор етіп тағайындауы тиіс. 
Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша қазіргі акционерлердің құрылымына байланысты директорлар 
Кеңесі аға тәуелсіз директорды тағайындамайды. Аға тәуелсіз директорды тағайындау талабы уақыт өткен сайын қарасты-
рылатын болады.
 

Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша атқарушы емес директорлар Басқарманың жұмысын оның 
алдын-ала реттелген мақсатына сәйкестігін мұқият түрде талдап, оның жұмысын қадағалап, беріліп отырған қаржылық 
ақпараттың толықтығына сенімді болып, сонымен қатар, тәуекел менеджменті жүйесі мен қаржылық қадағалау жүй-
есінің сенімді әрі тиімді екеніне сенімді болуы тиіс.  
Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша директорлар Кеңесінің барлық мүшесінде мынадай жауапкершілік 
болуы тиіс. 
 

Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексі атқарушы емес директорлардың атқарушы директорларға қатысты 
сыйақы деңгейін айқындауына, мұнан өзге, тағайындау бойынша белді іс атқаруына, қажет болса, атқарушы дирек-
торларды жұмыстан босатуға, сабақтастықты жоспарлауға қатысты жауапкершілікке ие болуын көздейді.
Компанияның корпоративтік басқару Кодексі бойынша атқарушы директорларға қатысты сыйақы деңгейін айқандау 
директорлар Кеңесінің сыйақы жөніндегі Комитетінің мойнына жүктелген. әрі бұл Комитеттің атқарушы директорларын 
тағайындау және орнынан босату процесіне қатысуын қарастырады. Тәжірбие бойынша – Басқарма мүшелеріне сыйақы 
деңгейін айқындау және оларды қызметке тағайындау мажоритарлық акционердің ықпалымен жүзеге асады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал