1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет3/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

КоМпАНия турАлЫ
диреКторлАр Кеңесі

20
Section
number
section
 
title
here
жЫлдЫҚ есеп 2012 «ҚАЗМҰНАйгАЗ» бАрлАу өНдіру» АҚ
20
2
2012 жылдың
 
оқиғалары
жЫлдЫҚ есеп 2012 «ҚАЗМҰНАйгАЗ» бАрлАу өНдіру» АҚ
iPo Өткізіл
Геннен 
БерГі ең ірі дивиденд т
ӨленГен жыл

21
section
 
title
here
2012 жылдың
 
оқиғалары
21

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
22
2012 жЫлдЫң оҚиғАлАрЫ
I тоҚсАН
–  2011 жылдың соңында Компанияға мемлекеттік 
ұйымдар тарапынан Маңғыстау облысында әлеуметтік 
жағдайды түзету үшін жаңа жұмыс орындарын құру 
жұмысын өткізуге бұйрық берілді. Мемлекеттік 
ұйымдардың пікірін бөлісе отырып, Компанияның 
Директорлар кеңесі ҚМГ БӨ-ға және Маңғыстау 
облысының басқа компанияларына қызмет көрсететін, 
құрамында 2000 аса адам жұмыс істейтін, көліктік және 
бұрғылаушы, екі қызмет көрсетуші компания құруға 
шешім қабылдады. Алдын ала болжам бойынша осындай 
шаралар операциялық шығыстардың 12,3 млрд теңгеге 
(83 млн. АҚШ долл.) және күрделі қаржы жұмсалымының 
8,3 млрд. теңгеге (56 млн. АҚШ долл.) өсуіне әкеледі.
–  ҚМГ БӨ акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің 
мүшесі Аскар Балжановтың өкілеттігі  мерзімінен бұрын 
тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып 
Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттіктер 
мерзіміне «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 
Басқарма төрағасы Ләззат Киинов сайланды.
–  ҚМГ БӨ акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің 
мүшесі Аскар Балжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын 
тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып 
Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттіктер 
мерзіміне «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 
Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов сайланды.
–  Директорлар кеңесінің отырысында Ләззат Қиынов ҚМГ 
БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
–  «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және 
«ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді 
есепке алғанда, 2012 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ 
БӨ 3 029 мың тонна (тәулігіне 249 мың баррель) мұнай 
өндірді, бұл 2011 жылдың аталған кезеңіне қарағанда 
143 мың тоннаға немесе 5 %-ға кем. 2012 жылдың 
і тоқсанында жоспардан артта қалу негізінен Батыс 
Қазақстандағы қолайсыз ауа-райы жағдайларына 
байланысты болды.
–  2012 жылдың үш айындағы топтастырылған аралық 
қаржылық есепке сәйкес, мұнай бағаларының және 
ішкі нарыққа жеткізілімдер бағаларының көтерілгеніне 
байланысты, түсім 2011 жылғы баламалы кезеңмен 
салыстырғанда 8 %-ға өсті және 207 миллиард теңгені 
(1 396 миллион АҚШ долларын) құрады. Таза пайда 
75 миллиард теңгені (508 миллион АҚШ долларын) 
құрады және бір акцияға пайда 1 070 теңгені (бір ЖДҚ 
үшін 1,2 АҚШ долларын) құрап, 2011 жылдың кезеңмен 
салыстырғанда тиісінше 27 %-ға және 32 %-ға ұлғайды.
II тоҚсАН
–  ҚМГ БӨ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» («KPI») 
ЖШС-нің жарғылық капиталында қатысу үлестерінің 
51 %-ы бар «Біріккен химиялық компания» ЖШС-н сату 
бойынша мәміленің жабылғаны туралы жариялады. KPI 
«Қр Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-
химиялық кешеннің құрылысы» жобасының операторы 
болып табылады. Аталған мәміленің нәтижесін ҚМГ 
БӨ компаниясының инвестицияны сатуға өткізуден 
түскен табысы салықтық салдарсыз 5 миллиард теңгені 
(33,5 миллион АҚШ долларын) құрады, өйткені бастапқы 
жұмсалымдардың сомасы сату сомасына тең болды.
–  2012 жылғы 2 мамыр мен 5 мамырдың аралығында 
Астанада ҚМГ БӨ өндірістік филиалдары мен 
еншілес тәуелді ұйымдарының еңбек ұжымдарының 
і Спартакиадасы өтті. ойындардың қорытындылары 
бойынша «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның құрама командасы 
бірінші орынға ие болды.
–  ҚМГ БӨ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 
шешімі бойынша, 2011 жылдағы бір акцияға (жай, сон-
дай-ақ артықшылықты) шаққанда дивидендтің мөлшері 
1 300 теңгені құрады. 2011 жылдағы дивидендтің жалпы 
сомасы – 91 миллиард теңгеге жуық (615 миллион АҚШ 
долларына жуық). Бір акцияға дивидендтің бекітілген 
мөлшері өткен жылдың көрсеткішінен 62,5 %-ға жоға-
ры және 2006 жылғы IPo кезінен бергі ең ірі болып 
табылады.
–  ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2012 жылы Компания 
күрделі шығындарын 127 миллиард теңгеден 
(852 миллион АҚШ долларынан) 142 миллиард теңгеге 
(955 миллион АҚШ долларына) дейін ұлғайтуды 
мақұлдады. Қосымша инвестициялар өндірістің 
тұрақтылығын қамтамасыз етуге, еңбек жағдайларын 
жақсартуға және болашақта ҚМГ БӨ өндірісінің 
орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-
ақ экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын 
сақтауға бағдарланған өндірістік нысандарды жаңарту 
бағдарламасына бағытталатын болады.
–  Директорлар кеңесі КМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясы 
2009 жылдың желтоқсан айында ПҚИ акциялар пакетінің 
33 %-ын сатып алудың нәтижесінде өзіне қабылдаған 
КМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясының борышын 2012 
жылғы 6 шілдеге дейінгі мерзімде мерзімінен бұрын өтеу 
туралы шешім қабылдады.
–  ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Мақат ауданының 
Байшонас және Ескене кенттерінің тұрғындарын Атырау 
қаласына көшіруге 5 миллиард теңге (36 миллион АҚШ 
доллары) бөлу туралы шешім қабылдады.
–  ҚМГ БӨ акционерлерінің жалпы жиналысы Директорлар 
кеңесінің мүшесі Сисенғали Өтеғалиевтың өкілеттігін 
мерзімінен бұрын доғарды. Директорлар кеңесінің жаңа 
мүшесі болып Компанияның Директорлар кеңесінің 
өкілеттік мерзіміне Тимур Бимағамбетов сайланды.
–  Солтүстік теңіздегі White Bear құрылымында өзара 
шарттық міндеттемелерге сәйкес барлау ұңғымасын 
бұрғылау басталды. ҚМГ БӨ лицензияға қатысу 
үлестерінің 35 %-ын иеленеді, басқа серіктестер тиісінше 
45 % және 20 % қатысу үлестерімен Би Джи Групп және 
Маерск ойл ЮК болып табылады.
–  2012 жылғы 13 сәуірден 15 мамырға дейін 
«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік 
филиалдарының жұмыскерлері балаларының арасында 
«Менің арманым. Мен және менің отбасым» атты 
балалар суреттерінің байқауы өтті. 18 финалист үшін бас 
жүлде Қазақстанның елордасы Астанаға сапар болды.
–  Қр Мұнай және газ министрлігі, ҚМГ БӨ және 
«Өзенмұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысындағы Өзен және 
Қарамандыбас мұнай кен орындарын қазбалауды жүзеге 
асыруға 1996 жылғы 31 мамырдағы № 40 Өзара шартқа 
толықтыруға қол қойды. Толықтырудың негізгі мақсаты – 
2012 жылғы 01 шілдеден бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ 
үшін Маңғыстау облысында орналасқан Өзен және 

23
Қарамандыбас кен орындарында жер қойнауын 
пайдалану құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
–  2012 жылғы 21 маусымда «Өзенмұнайгаз» АҚ-нда 
Директорлар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. 
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның директорлар кеңесінің төраға-
сы болып ҚМГ БӨ бас директорының өндіріс жөніндегі 
орынбасары Абат нұрсейітов сайланды. «Өзенмұнайгаз» 
АҚ-ның бас директоры – Басқарма төрағасы болып 
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директорының 
міндетін атқарған Абзал Меңдібаев сайланды.
–  «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және «ПетроҚа-
зақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есепке 
алғанда, 2012 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ 
6 057 мың тонна (тәулігіне 248 мың баррель) мұнай өн-
дірді, бұл 2011 жылғы баламалы кезеңдегіге қарағанда 
254 мың тоннаға немесе 4 %-ға кем.
–  Алты айдағы топтастырылған аралық қаржылық есепке 
сәйкес, түсім 2011 жылғы баламалы кезеңмен шамамен 
бір деңгейде 399 миллиард теңгені (2 690 миллион АҚШ 
долларын) құрады. Көрсеткіш экспорт көлемдерінің 
төмендеуімен толық өтелген ішкі нарыққа жеткізілім-
дердің әлдеқайда жоғары бағаларына байланысты. Таза 
пайда 121 миллиард теңгені (820 миллион АҚШ дол-
ларын) және бір акцияға пайда 1 740 теңгені (бір ЖДҚ 
үшін 2,0 АҚШ доллары) құрап, 2011 жылдың баламалы 
кезеңімен салыстырғанда, тиісінше 6 %-ға және 10 %-ға 
ұлғайды.
III тоҚсАН
–  2012 жылғы 1 шілдеде «Өзенмұнайгаз» өндірістік 
филиалы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
–  «Карповский Северный» ЖШС-ның 100 %-дық үлесіне 
ие KS EP Investments BV-дағы 49 % акциялар пакетін 
сатуға өткізуге сатып алу-сатуға ҚМГ БӨ MoL hungarian 
oil and Gas Plc. (MoL) еншілес компаниясымен 
келісімшарт жасады. «Карповский Северный» ЖШС Қр 
Батыс Қазақстан облысында «Карповский Северный» 
учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлауға Өзара 
шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие.
–  2012 жылғы 15–17 тамызда «Қаражанбасмұнай» 
АҚ-ның өндірістік базасында ҚМГ БӨ компаниялар 
тобы жұмыскерлерінің арасында «Үздік маман» кәсіптік 
шеберлік конкурсының қорытынды кезеңі болып өтті. 
Конкурс теориялық және практикалық бөлімдерден 
тұрды. Бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп 
алған қатысушылар бір жыл бойында еңбекақысына 
тиісінше тарифтік мөлшерлеменің 30 %-ы, 20 %-ы және 
10 %-ы мөлшерінде үстемақы алатын болады.
–  ҚМГ БӨ директорлар кеңесі ҚМГ ұлттық компаниясының 
қызметтері үшін төлемнің құрылымын өзгерту туралы 
шешім қабылдады. Мұнай экспортын қамтамасыз ету 
бойынша қызметтер мен басқа қызметтердің ақысын 
төлеуге арналған соманың 5 млрд. теңге (30 миллион 
АҚШ доллары) мөлшеріндегі бір бөлігі нақты орнықты 
болады. Қалған бөлігі жасалған мәмілелерге қарай 
төленетін болады. Бұл орайда төлемнің жалпы сомасы 
10 миллиард теңгеден (67 миллион АҚШ долларынан) 
аспайтын болады.
–  2012 жылғы 20 қырқүйекте «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 
Директорлар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. 
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы 
болып ҚМГ БӨ бас директорының өндіріс жөніндегі 
орынбасары Абат нұрсейітов сайланды. «Ембімұнайгаз» 
АҚ-ның бас директоры – Басқарма төрағасы болып 
«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры 
Жұмабек Жамауов сайланды.
–  «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және 
«ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді 
есепке алғанда, 2012 жылдың тоғыз айында ҚМГ БӨ 
9 108 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай 
өндірді, бұл 2011 жылдағы баламалы кезеңге қарағанда 
100 мың тоннаға немесе 1 %-ға кем.
–  2012 жылдың тоғыз айындағы топтастырылған аралық 
қаржылық есеп бойынша, түсім 605 миллиард теңгені (4 
067 миллион АҚШ долларын) құрады, бұл 2011 жылдағы 
баламалы кезеңге қарағанда 11 %-ға артық, ол негізінен 
экспортқа жеткізілімдердің үлесінің ұлғайғанына және 
ішкі нарыққа жеткізілімдердің біршама жоғары бағалары-
на байланысты болды. Таза пайда 173 миллиард теңгені 
(1 161 миллион АҚШ долларын) және бір акцияға пайда 
2 480 теңгені (бір ЖДҚ үшін 2,8 АҚШ долларын) құрап, 
2011 жылдағы баламалы кезеңмен салыстырғанда, 
тиісінше 5 %-ға және 9 %-ға ұлғайды.
IV тоҚсАН
–  2012 жылғы 1 қазанда «Ембімұнайгаз» өндірістік 
филиалы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
–  ҚМГ БӨ «Ембімұнайгаз» АҚ-ның пайдасына алты өзара 
шарт бойынша мұнай кен орындарын қазбалауды жүзеге 
асыруға жер қойнауын пайдалану құқықтарын табыстады, 
олар: № 37 – Кенбай кен орны; № 61 – оңтүстік-Шығыс 
новобогат кен орны; № 211 – Ботахан, Мақат, Доссор, 
Таңатар Қамысты және басқа кен орындары – барлығы 
23 кен орны; № 413 –Прорва, Құлсары, Қаратон, 
Қосшағыл және басқа кен орындары – барлығы 15 
кен орны; № 327 –Тайсоған кен орны; № 992 – Батыс 
новобогат кен орны.
–  Тәуелсіз директор Пол Мандука ҚМГ БӨ Директорлар 
кеңесінің және Аудит жөніндегі комитетінің құрамынан 
2012 жылғы 1 қазанда шықты. Бұл шешім оның Prudential 
компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы болып 
сайланғаннан кейін қабылданды. ҚМГ БӨ Директорлар 
кеңесі Мандука мырзаға алты жыл бойғы табысты 
жұмысы үшін алғысын білдірді.
–  Өзен кен орнында алғашқы горизонталды ұңғыманың 
құрылысы сәтті аяқталды. Ұңғыманың орташа тәуліктік 
дебиті шамамен тәулігіне 22 тоннаны құрады. 
Позитивті нәтижелерді негізге алып, және қолда 
бар инфрақұрылымды ескере отырып, Компания 
горизонталды ұңғымаларды бұрғылауды 2013 жылы да 
жалғастыруға ниетті.
–  ҚМГ БӨ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
жиналысында ҚМГ БӨ Жарғысына өзгертулер енгізілді 
және ҚМГ БӨ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа 
оқылымы бекітілді.
–  2012ж. 16 қараша. ҚМГ БӨ KS EP Investments BV 49% 
акциясын еншілес компаниясы MoL hungarian oil 
and Gas Plc пайдасына сатуына байланысты шарттың 
жабылуын хабарлайды. KS EP Investments BV Батыс 
Қазақстан облысының «Карповский Северный» 
блогында мұнайды, газды және конденсатты барлау 
Контрактісі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына 
ие «Карповский северный» ЖШС-нің 100% қатысу 
үлесіне ие. 
–  ҚМГ БӨ MoL hungarian oil and Gas Plc. және First 
International oil Company (FIoC) компанияларымен бір-
лестікте «орал ойл энд Газ» ЖШС-нің мұнай-газ жобасы 
үшін өндірістік қызметші құрамды дайындау бағдарлама-
сын әзірледі. 2012 жылы 12 үміткер Будапешт Технологи-
ялар және Экономика университетінде және Мишкольц 
университетінде шәкіртақыға ие болды. Бағдарламаның 
негізгі мақсаты Қазақстандық кадрларды дамыту және 

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
24
«орал ойл энд Газ» ЖШС-н негізгі өндірістік пози-
цияларға білікті мамандармен қамтамасыз ету болып 
табылады.
–  «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның ортаңғы буын менеджерлері 
«әлеуметтік-еңбек даулары мен қайшылықтарындағы 
медиация» оқу курсынан өтті. Курстың негізгі мақсатта-
ры: тыңдармандарды әлеуметтік-еңбек қатынастарын-
дағы қайшылықты жағдайларды тиімді шешу құралда-
рымен таныстыру; медиативтік құзыреттіліктерді қолдану 
машықтарына және келіссөз жүргізу технологияларына 
оқып-үйрету; қайшы тараптарды ақылға қонымды 
келісімге келтіру тәсілдеріне оқып-үйрету.
–  ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2013 жылға бюджетті Қр 
Үкіметінің және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының 
ресми болжамдарына сай Brent маркалы мұнайдың 
бір баррелі үшін 90 АҚШ доллары бағасын есепке 
ала отырып бекітті. 2013 жылға жоспарланып отырған 
өндіру көлемі «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) АҚ-нда 5,3 милли-
он тоннаға (тәулігіне 107 мың баррельге) жуық, «Ем-
бімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ-нда 2,8 миллион тоннаға (тәулігіне 
57 мың баррельге) жуық мұнайды құрады. 2013 жылға 
күрделі салымдар 191 миллиард теңге (1 288 миллион 
АҚШ доллары) мөлшерінде жоспарланып отыр. Күрделі 
салымдардың өсуі негізінен жаңарту бағдарламасына 
инвестицияларға және геологиялық барлау бағдарлама-
сын іске асыруға байланысты.
–  ҚМГ БӨ және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық 
экономикалық палатасы Кәсіпкерлікті қолдау және да-
мыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 
қол қойды. Құжаттың мақсаты: аймақтардағы әлеуметтік 
проблемаларды шешу үшін билік орындарының, коммер-
циялық және бейкоммерциялық ұйымдардың өкілдерінің 
тиімді өзара әрекеттесуі үшін жаңа платформа құру, 
сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік пробле-
маларын шешу үшін халықтың өзін өзі ұйымдастыруын 
ынталандыру.
–  2012 жылғы 31 желтоқсанда ҚМГ БӨ акцияларының 
кері сатып алу бағдарламасы аяқталды. 2011 жылғы 11 
қазаннан 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағдарла-
маны іске асыру кезеңінің ішінде Компания 263 миллион 
АҚШ доллары жалпы сомасына 19 461 жай акция және 
14 386 605 ЖДҚ сатып алды.
–  «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және «ПетроҚа-
зақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есепке 
алғанда, 2012 жылы ҚМГ БӨ 12 191 мың тонна (тәулігіне 
247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдағыға қа-
рағанда 150 мың тоннаға немесе 1 %-ға кем. Өндірудің 
төмендеуінің негізгі себептері 2012 жылдың бірінші тоқ-
санындағы қолайсыз ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ 
2011 жылы Өзенмұнайгазда ұзаққа созылған наразылық 
акциясының барысында ұңғымалардың тоқтап тұрғаны 
болып табылды.
тәуелсіЗ сАрАпшЫлАрдЫң ҚМг бө ҚЫЗМетіНе 
бергеН бАғАсЫ
2012 жылы Standard&Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг 
агенттігі ҚМГ БӨ компаниясына BBB-/тұрақты деңгейінде 
несиелік рейтингін берді. S&P есептемесінде атап 
өтілгендей, рейтингке тежегіш ықпал көрсететін ҚМГ БӨ 
компаниясының акцияларын иеленетін «ҚазМұнайГаз» ҰК» 
АҚ бас компаниясының рейтингі (ВВВ-/Тұрақты), сондай-ақ 
Компанияның негізгі кен орындарының кемелдігі.
S&P пікірі бойынша, ҚМГ БӨ компаниясының 
«салыстырмалы түрде жоғары және өсіп келе жатқан 
шығындары, салықтық төлемақылары мен капиталдық 
шығыстары бар. Компанияның бірлескен кәсіпорындардың 
ақша қаражаттарына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі жоқ 
болғандықтан, ол айтарлықтай дәрежеде оларға кіріптар. 
Сонымен қатар, ҚМГ БӨ Қазақстанның әлсіз банктік 
жүйесімен байланысты бүгінгі таңда төмендеп келе жатқан 
тәуекелдердің әсеріне түседі. Позитивті факторлардың 
қатарында Standard&Poor’s ҚМГ БӨ компаниясының 
халықаралық банктерде компанияның борышының 
деңгейінен айтарлықтай асып түсетін ақша қаражаттарының 
айтарлықтай резервтерінің бар болу фактісін атайды. «Ком-
пания оңды азат операциялық ақша ағынын өндіреді, біздің 
ойымызша, ол біздің бағалық сценарийіміздің щеңберінде 
сақталуға тиіс. Біз ҚМГ БӨ экспорттың айтарлықтай көлемі 
және тасымалдау инфрақұрылымына тарихи қалыптасқан 
жақсы қатынау мүмкіндігі секілді артықшылықтарға ие деген 
пікірдеміз», – дейді S&P мамандары.
2012 жылдың тамыз айында Moody’s агенттігі ҚМГ 
БӨ компаниясына Baa3 рейтингін, тұрақты болжамын 
берді. несиеге қабілеттің «11» (21-ден) базалық бағасы 
компанияның бизнесінің оның ресурстық және өндірістік 
базасымен байланыстырылатын айтарлықтай мөлшерін; 
берешегінің төмен деңгейін және ақша ағындарының жақсы 
көрсеткішін байқатады. «Қолдаудың (мемлекеттік) жоғары 
ықтималдығы мемлекет және компанияның бас акционері 
үшін ҚМГ БӨ компаниясының стратегиялық маңызын 
көрсетеді, оны компанияның құрлықтағы бұрыннан бар 
мұнай және газ активтерін сатып алуға басымдықты 
құқығының, жаңа учаскелерге қол жеткізу мүмкіндігінің, 
құбыр жол желісінің инфрақұрылымына кепілді қол жеткізу 
мүмкіндігінің бар болуы және ҚМГ БӨ компаниясының 
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының топтастырылған 
қаржылық нәтижелеріне үлесі дәлелдейді. ол сондай-
ақ үкіметтің интервенциялық саясатының тарихын және 
қуат ресурстарының экспортынан түсетін табыстардың 
Қазақстанның экономикасы үшін маңыздылығын 
ескереді», – делінеді Moody’s есептемесінде.
Бұл орайда, агенттік сарапшыларының пікірі бойынша, 
ҚМГ БӨ рейтингтері іргелі тәуекел факторларымен: кен 
орындары және өндірудің географиялық шоғырланысымен
геосаяси тәуекелдермен, сондай-ақ, Компанияның 
дәлелденген қорларының барлығы дерлік игеріліп 
 

25
жатқандықтан және ол, бірінші кезекте, өндіру көлемдерін 
үдету және ресурстық базаны кеңейту үшін сатып 
алымдарға иек артатындықтан, етене өсу үшін шектеулі 
мүмкіндіктермен тежеледі.
«Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) АҚ неғұрлым шиеленіскен 
мәселелерінің шешіміне бағытталған ҚМГ БӨ бастамалары 
да талдаушылардың есептемелерінен көрініс тапты. 
Тәуелсіз талдаушылардың пікірі бойынша, ӨМГ өндіруді 
бүгінгі салыстырмалы төмен көрсеткіштерден қалпына 
келтіру үшін әлеуеті бар деген ол актив айтарлықтай 
инвестициялар көлемін қажет етеді. Citi мамандары 
атап өткендей, «Компанияның бірінші кезекті 
мақсаттарының бірі – әлеуметтік тұрақтылық. ынталылық 
деңгейін бағалаудың қиындығына қарамастан, біз 
қанағаттанарлықсыз өндірістік көрсеткіштердің негізгі 
себептерінің бірі соның өзі болып табылады деген 
пікірдеміз. ҚМГ БӨ жұмыс жағдайларын үнемі жақсарту, 
қызметкерлер үшін тренингтер ұсыну арқылы бұл бағытта 
алға ілгерілеп келеді, сондай-ақ кәсіподақтардың 
басшыларымен ашық диалог жүргізуде».
АТон талдаушылары Компанияның Өзендегі 
өндірудің тұрақты деңгейін сақтауға қабілеті ескірген 
инфрақұрылыммен шектелді деп санайды: кен 
орнындағы жабдықтың басым бөлігі сонау 1980-ші 
жылдары орнатылған және содан бері жаңғыртылмаған. 
Сондықтан олар Компанияның өндірісті жаңартуға кешенді 
көзқарасына жоғары баға берді.
«halyk Finance» талдаушылары былай деп жазады: «Біз 
жаңа өндіру технологияларының қолданылуын, ескірген 
инфрақұрылымның жаңартылуын қолдаймыз және 
аталған іс-шаралардың нәтижесі мұнай өндіру көлемдерін 
арттыратынына сенеміз. Мәселе ондай шығындардың 
ақталатынында болып отыр».
ҚМг бө АКциялАрЫНЫң бАғАсЫ
2012 жылы ҚМГ БӨ 2006 жылдағы IPo сәтінен бергі ең ірі 
дивидендті бекітті және төледі. Акционерлердің шешімі 
бойынша, 2011 жылы бір акцияға (жай, сондай-ақ ар-
тықшылықты) шаққанда дивидендтің мөлшері 1 300 теңгені 
құрады (Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес 
ұстап қалынатын салықтарды қоса алғанда). 2012 жылдағы 
дивидендтің жалпы сомасы 91 миллиард теңгеге жуық (615 
миллион долларға жуық) құрады. 2012 жылдың наурыз ай-
ында дивидендтің мөлшері жарияланғаннан кейін, ҚМГ БӨ 
баға белгіленімдері 20,95 АҚШ долларын құрайтын шырқау 
көрсеткішке жетті.
2012 жылғы 31 желтоқсанда Директорлар кеңесінің 2011 
жылы бекіткен ҚМГ БӨ акцияларын кері сатып алу бағдар-
ламасы табысты аяқталды. Бұл енді 2008 жылдан бері 
акцияларды кері сатып алу бойынша саны жағынан үшінші 
бағдарлама. Бағдарламаға сәйкес, Компания Қазақстан 
қор биржасында (KASE) және Лондон қор биржасында 
(LSE) 300 миллион долларға дейінгі жалпы сомаға жай 
акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) 
сатып алуды жоспарлады. Кері сатып алу бағдарламасының 
басталғаны туралы жариялағанда, Директорлар кеңесінің 
мүшелері Компания акциялары мен жаһандық депози-
тарлық қолхаттарының ағымдағы нарықтық бағасы оның 
шын мәніндегі құнын және қолда бар ресурстық базаны
бизнесті дамыту мүмкіндіктерін және орнықты қаржылық 
жағдайды негізге алған айтарлықтай әлеуетін көрсетпеді 
деп мәлімдеді. осыған байланысты, ҚМГ БӨ Директор-
лар кеңесі Компанияның нарықта орналастырылған жай 
акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының 
бір бөлігін сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 
Компанияның құндылығына және перспективтілігіне ме-
неджменттің сенімділігін байқатты. Сонымен қатар, мұндай 
қадам азат ақша қаражаттарын барлық акционерлердің 
мүдделерінде әлдеқайда тиімді пайдалануға мүмкіндік 
берді. Аталған бағдарлама іске асырылған кезеңнің ішін-
де – 2011 жылғы 11 қазаннан 2012 жылғы 31 желтоқсанға 
дейін – Компания 263 миллион АҚШ долларын құрайтын 
жалпы сомаға 19 461 жай акцияны және 14 386 605 жаһан-
дық депозитарлық қолхатты сатып алды.
«Visor Capital» талдаушылары былай деп атап өтті: «ҚМГ БӨ 
акцияларды кері сатып алу бағдарламасын аяқтады. Бұл 
жаңалықтың тікелей әсері болмаса да, біз бағдарламаның 
аяқталуы акцияларға бағаларды төмендеуге әлдеқайда 
бейім қылуы мүмкін деп санаймыз».
Лондон қор биржасында ҚМГ БӨ компаниясының бір 
жаһандық депозитарлық қолхаты үшін бағаның жоғарғы 
көрсеткіші 2012 жылы 20,95 АҚШ долларын, ал ең төмен 
көрсеткіші – 14,71 АҚШ долларын құрады. 2012 жылы бір 
ЖДҚ үшін орташа баға 17,83 АҚШ долларын құрады.
Қазақстан қор биржасында ҚМГ БӨ бір жай акциясы үшін 
ең жоғары баға 2012 жылы 18 450 теңгені, ал ең төмен 
баға – 13 500 теңгені құрады. 2012 жылы бір жай акция-
ның орташа бағасы 15 975 теңгені құрады. ҚМГ БӨ ар-
тықшылықты акцияларының ең жоғары бағасы 13 700 теңге, 
ал ең төмен бағасы – 9 500 теңге болды. 2012 жылы бір 
артықшылықты акцияның орташа бағасы 11 600 теңгені 
құрады.
Жылдар бойы талдаушылар ҚМГ БӨ жай және ар-
тықшылықты акцияларын сатып алу мейлінше келешекті 
инвестициялық идеялардың бірі деп атады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал