1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет13/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2.14 саудалық несиелік берешек
Саудалық несиелік берешек бастапқыда әділ құн бойынша 
көрсетіледі және одан кейін пайыздың тиімді ставкасы әдісі 
пайдаланыла отырып амортизацияланған құн бойынша 
бағаланады. 
2.15 резервтер
резервтер, егер Компанияның өткен оқиғаның нәтижесінде 
пайда болған ағымдағы міндеттемелері (заңдық немесе 
тәжірибеден туындаған) болса, бұл міндеттемені өтеу үшін 
қажет болатын экономикалық пайданың кемуі анық болса 
және мұндай міндеттеменің сомасын сенімді бағалау алын-
са танылады. Егер Компания, мысалы, сақтандыру шарты 
бойынша резервтердің кейбір бөлігін немесе барлығы-
ның өтелуін алуды ұйғарса, өтеуді алу күмән келтірмейтін 
жағдайда ғана жеке актив ретінде танылады. резервке жа-
татын шығыс өтеу шегеріліп тасталып жиынтық кіріс туралы 
топтастырылған есепте көрсетіледі. Егер ақшаның уақытша 
құнының әсері айтарлықтай болса, резервтер ол қолданым-
ды кезде нақты міндеттемеге тән тәуекелдерді көрсететін 
ағымдағы ставка бойынша дисконтталады. Егер дисконттау 
қолданылса, резервтің артуы уақыттың өтуіне қарай қаржы-
ландыруға арналған шығын ретінде танылады.
2.16 Заемдар
заемдар бастапқыда мәміле бойынша шығыстар есептел-
местен әділ құн бойынша танылады. одан кейінгі кезеңдер-
де заемдар амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі; 
алынған қаражаттың әділ құны (мәміле бойынша шығытарды 
есептемегенде) мен өтеуге жататын соманың арасындағы 
айырмашылық сыйақының тиімді пайыздық ставкалар әдісі 
пайдалана отырып заем берілген мерзімнің ішінде жиынтық 
кіріс туралы топтастырылған есепте көрсетіледі. заемдар, 
егер Компания төлеуді есепті датадан кейін кемінде 12 айға 
кейінге қалдырудың сөзсіз құқығына ие болмаса, ағымдағы 
міндеттеме ретінде жіктеледі. Тікелей сатып алуға, 
құрылысқа немесе жіктелетін активті өндіруге жататын зай-
мдар бойынша шығындар капиталдандырылады. Жіктелетін 
активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты 
заемдар бойынша шығындар капиталдандырылады.
2.17 Кейінге қалдырылған табыс салығы 
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер мен мін-
деттемелер барлық уақытша айырмашылықтарға қатысты 
міндеттемелердің баланстық әдісі қолданыла отырып есеп-
теледі. Кейінге қалдырылған салықтар, компаниялардың 
бірігуі болып табылмайтын және ол жасалған сәтте бух-
галтерлік кіріске немесе салықтық кіріс пен шығынға әсер 
етпейтін мәміле бойынша гудвиллді, активті немесе міндет-
темені бастапқы танудың нәитжесінде кейінге қалдырылған 
табыс салығының пайда болуын қоспағанда активтер мен 
міндеттемелердің салықтық базасы мен олардың қаржылық 
есептіліктегі баланстық сомасының арасындағы барлық 
уақытша айырмашылықтарға белгіленеді. 
Кейінге қалдырылған салық бойынша актив  шығарылып 
тасталатын уақытша айырмашылықтардың сомасына 
азайтылуы мүмкін болатын салық салынатын пайда алу-
дың айтарлықтай мүмкіндігі бар дәрежеде ғана танылады.  
Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттеме-
лер қолдану есепті датаға қолдануға енгізілген немесе іс  
жүзінде заңдастырылған салықтық ставкалардың негізінде 
активті сату немесе міндеттемені өтеу кезеңінде күтілетін 
салықтық ставкалар бойынша есептеледі.
Кейінге қалдырылған табыс салығы барлық  уақытша айыр-
машылықтардың азаюы мерзімдердін қадағалауға болатын 
және уақытша айырмашылықтардың таяудағы келешек-
те азаймайтындығы кәміл мүмкін болатын жағдайларды 
қоспағанда еншілес және ассоциацияланған компани-
яларға инвестициялармен байланысты барлық уақытша 
айырмашылықтар бойынша танылады.
2.18 Қызметкерлер сыйақы
Компания қызметкерлердің есептелген жалақысынан тиісті 
зейнетақы қорларына зейнетақылық аударым ретінде 
10% ұстап қалады. зейнетақылық аударымдардың  мөл-
шері 2012 жылы айына 130.793 теңге (2011 жылы: айына 
119.993 теңге) сомамен шектелді. Ағымдағы қазақстандық 
заңнамаға сәйкес қызметкерлер өздерінің зейнетақылық 
қамтамасыз етілуі үшін өздері жауаптылықта болады.
2.19 Кірісті тану
Компания шикі мұнайды қысқа мерзімді шарттар бойынша 
фрахтының, сақтандырудың және сапасы үшін жеңілдік-
тердің құнына түзетілген Platt’s баға кесуі бойынша айқын-
далған бағалар бойынша сатады. Меншік құқығының ауы-
суы жүзеге асырылады және кірістер әдетте келісім шарт 
бойынша келісілген шарттарға қарай шикі мұнай іс жүзінде 
кеменің бортына тиелген немесе кемеден түсірілген, құбыр 
желісіне немесе жеткізудің өзге де тетігіне жіберілген сәтте 
танылады.
Компанияның шикі мұнайды сатуға арналған келісім-шарт-
тарында шикі мұнайдың белгілі бір уақыт кезеңі ішінде 
берілуі тиіс ең жоғары мөлшері көрсетіледі. Тиелген, бірақ 
сатып алушыға әлі жеткізілмеген шикі мұнай қаржылық 
жағдай туралы есепте тауарлық-материалдық қорлар ретін-
де септеледі. 
2.20 табыс салығы
Үстеме пайдаға арналған салық («ҮПС») табыс салығы 
ретінде қарастырылады және табыс салығы бойынша 
шығыстардың бір бөлігін құрайды. 2009 жылдың 1 қаңта-
рында күшіне енген қолданылып жүрген салықтық заңна-
маға сәйкес Компания жер қойнауын пайдалануға арналған 
әрбір келісім-шартқа қатысты Жер қойнауын пайдалануға 
арналған әрбір жекелеме келісімшарт бойынша бір жылға 
шегеріп тастағанда жиынтық жылдық кіріске арақатынаста 
ауытқымалы ставка бойынша ҮПС есептейді және төлейді.  
ҮПС қолдануға себепші болатын әр салық жылына шегеріп 
тастағанда жиынтық жылдық кірістің арақатынасы 1,25:1-
ді құрайды. ҮПС ставкалары жер қойнауын пайдалануға 
арналған әрбір келісім-шартқа қатысты әр келісімшартқа 
тиесілі 25 % шегеріп тастаумен салық салынатын кіріс (Кор-
поративтік Табыс Салығы мен рұқсат етілген бағаламалар-
дан кейінгі салық салынатын кіріс) бөлігінде қолданылады.
Пайданың ішкі нормасы жер қойнауын пайдалануға ар-
налған әр келісім-шарт бойынша ақша ағымының негізінде 
есептеледі және инфляцияның ұлттық деңгейіне түзетіледі. 
Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығына 
да, үстеме пайдаға арналаған салыққа да есептеледі. Үсте-
ме пайдаға арналған кейінге қалдырылған салық келісім-
шарт бойынша төлеуге жататын үстеме ақыға арналған 
салықтың күтілген ставкасы бойынша жер қойнауын пайда-

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
90
лануға арналған келісім-шарттарға жатқызылған активтер 
үшін уақытша айырмашылықтар бойынша есептеледі.
.
3. елеулі АҚшАлАй еМес оперАциялАр
2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішінде 
Компания ақша қаражатының қозғалысы туралы топтасты-
рылған есептен төлем көзінен табыс салығына есептеуге 
жататын сенімсіз операция қаражатын 856 миллион теңге 
(2011 жылы: 1.479 миллион теңге) сомасында қаржылық 
активтер бойынша алуға жататын сыйақылардың есебі 
мен 2.763 миллион теңге (2011 жылы: 298 миллион теңге) 
сомасында ассоциацияланған компаниялардан алынған 
дивидендтердің есебіне есептен шығарды. 
2012 жылы 29 мамырда Компания 2012 жылдың 11 ма-
усымына жағдай бойынша айналымдағы акцияға 1.300 
теңге мөлшерінде дивидендтер бөлу туралы мәлімдеді 
(12-ескерту). ҚМГ ҰК-ның борыштық құралдарын сатып 
алу шартының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 16 шілдеде 
Компания 55.785 миллион теңге сомаға негізгі борыш пен 
228 миллион теңге мөлшеріндегі сыйақыны қоса есепте-
генде 56.013 миллион теңге (2011 жылы 33.335 милли-
он теңге сомаға негізгі борыш пен 1.135 миллион теңге 
мөлшерінде сыйақыны қоса есептегенде 34.470 миллион 
теңге) сомаға жарияланған дивидендтерді Борыштық 
құралдың бөліктеріне қарсы Бас компанияға төлеуге есеп-
теуді жүргізді (8-ескерту).
4. елеулі есептіК бАғАлАулАр МеН 
жорАМАлдАр
ҚЕХС-ке сәйкес топтастырылған қаржылық есептілікті дай-
ындау басшылықтан қаржылық есептілікті қалыптастыру да-
тасына есептілікте көрсетілген активтерге, міндеттемелер 
мен шартты активтерге және міндеттемелерге, сондай-ақ 
есепті кезеңдегі есептілікте активтерге, міндеттемелерге, 
кірістерге, шығыстар мен шартты активтерге және мін-
деттемелерге әсер ететін бағалаулар мен жорамалдарды 
пайдалануды талап етеді. неғұрлым маңызды бағалаулар 
төменде келтірілген:
МҰнАй ЖәнЕ ГАз ҚорЛАры
Мұнай және газ қорлары Компанияның тозу, ескіру және 
амортизация жөніндегі есептеріндегі елеулі фактор болып 
табылады. Компания өзінің мұнай және газ қорларын 
Мұнайгаз инженерлері қоғамының әдістемесіне сәйкес 
бағалайды. Компания қорларды Мұнайгаз инженерлері 
қоғамының әдістемесі бойынша бағалау кезінде ұзақ 
мерзімді жоспарлы бағаларды пайдаланады. Дәлелденген 
қорларды бағалау үшін жоспарлы бағаларды пайдалану 
жылдың аяғына спот бағасын пайдалануға тән тұрақсыздық 
әсерін жояды. Басшылық, сонымен қатар, өнімдерді шығару 
мен сатуды және инвестициялық шешімдер қабылдауды 
жоспарлау үшін де пайдаланатын ұзақ мерзімді жоспарлы 
бағалар бойынша жорамал өндіру жөніндегі қызметтің ұзақ 
мерзімдік сипатына көбірек сәйкес келеді және мұнай және 
газ қорларын бағалау үшін неғұрлым қолайлы негіз береді 
деп есептейді.   
Қорларды барлық белгілеу белгілі бір дәрежеде болжамсы-
здықты ескереді. Болжамсыздық, негізінен алғанда, мұндай 
деректерді бағалау және интерпретациялау сәтіне қол 
жетімді сенімді геологиялық және инженерлік деректердің 
ауқымына байланысты болады. Болжамсыздықтың  белгілі 
бір дәрежесі қорларды дәлелденген немесе дәлелденбе-
ген қорлар сияқты екі негізгі санаттан бір санатқа жатқызу 
арқылы көретілуі мүмкін. Дәлелденбеген қорларға қа-
рағанда дәлелденген қорларды алуда едәуір зор айқындық 
бар әрі дәлелденген қорлар оларды алу мүмкіндіктеріне 
қатысты прогрессивті түрде арта түсетін болжамсыздықты 
білдіру үшін одан әрі игерілген және игерілмеген қорлар 
болып бөлінуі мүмкін.  Жыл сайынғы бағалаулар талданады 
және түзетіледі. Түзету қолда бар геологиялық деректерді
кәсіпшіліктік өлшемдерді немесе өндіру туралы дерек-
терді; жаңа деректердің болуын; немесе бағалар бойынша 
жорамалдардағы өзгерістерді бағалаудың немесе қайта 
бағалаудың салдарынан пайда болады. Қорларды баға-
лау, сондай-ақ қайтарымдылықты арттыруға, қабаттардың 
өнімділігін өзгертуге немесе игерудің стратегияларын өз-
гертуге арналған жобалардың қолданылуы салдарынан да 
қайта қаралуы мүмкін. Дәлелденген игерілген қорлар тозу-
ды, ескіруді және амортизацияны есептеу үшін орындалған 
жұмыстардың көлеміне теңбе-тең мөлшерде амортизация 
ставкаларын есептеу үшін пайдаланылады. Компания 
дәлелденген қорларға, күтіліп отырғандай, бастапқы лицен-
зиялық кезеңнің ішінде өндірілетін көлемдерді ғана енгізді. 
Бұған лицензияларды ұзарту, түптеп келгенде, Үкіметтің 
қалауы бойынша жүзеге асырылатын болғандықтан ұзарту 
жөніндегі процедуралардың нәтижелеріне қатысты болжам-
сыздық себеп болды. Компанияны лицензиялық кезең-
деріндегі ұзарту мен оған сәйкес қорлардың көрсетілген 
мөлшерлеріндегі көбею әдетте тозу, ескіру және аморти-
зация бойынша анағұрлым аз шығындарға әкеп соқтырады 
және кіріске айтарлықтай әсер етеді. Дәлелденген игеріл-
ген қорлардың азаюы тозуға, ескіруге және амортизацияға 
(өндірудің ұдайы өндіру деңгейі кезінде) арналған ауда-
рымдардың артуына, кірістің төмендеуіне әкеліп соқтырады 
және мүліктің баланстық құнының тікелей төмендеуіне де 
әкеп соқтыруы мүмкін. Пайдаланылатын кен орындарының 
салыстырмалы түрде алғанда саны аз болуы жағдайында 
өткен жылмен салыстырғандағы қорларды бағалаудағы 
кез келген өзгеріс тозуға, ескіруге және амортизацияға 
арналған аударымға айтарлықтай ықпал етуі мүмкіндігі орын 
алады. 
МҰнАйГАз АКТИВТЕрінің ӨТЕМДіЛіГі
әр есепті кезеңде Компания құнсыздану индикаторла-
рының болуын анықтау үшін ақша қаражатын әкелетін 
(«әкелуші бірлік») әрбір активті немесе активтер тобын 
бағалайды. Егер мұндай индикатор болса, іске асыруға ар-
налған шығындар мен пайдалану құнын шегеріп тастаған-
да әділ құнның неғұрлым жоғары мәні ретінде қаралатын 
өтелетін құнды тиісті бағалау жүргізіледі. Бұл есептеулер 
мұнайға арналған ұзақ мерзімді бағалар (ағымдағы және 
тарихи бағаларды, бағалардың өзгеруіндегі тенденциялар 
мен себептес факторларды ескере отырып), дисконт став-
калары, операциялық шығындар, капиталға деген келешек 
сұраныс, пайдаланудан шығаруға арналған шығындар мен 
пайдаланулық сипаттамалар, резервтер мен операциялық 
қызмет (өндіру мен сатудың ауқымдарын қамтитын) сияқты 
бағалаулар мен жол берулерді пайдалануды қажет етеді. 
Бұл бағалаулар мен жол берулер тәуекелдер мен бол-
жамсыздықтарға ұшырауы мүмкін. осылайша, жағдайдағы 
өзгерістердің активтердің және/немесе әкелуші бірліктің 
өтелетін құнына ықпал етуі мүмкін болуы себепті бұл бол-
жамдарға ықпал ету мүмкіндігі орын алады. әділ құн хабар-
дар және бұндай мәмілелерді жасауға дайын тараптардың 
арасындағы мәміледе нарықтық жағдайларда активті және/
немесе әкелуші бірліктерді сатудан алынуы мүмкін болатын 
сома ретінде айқындалады. Мұнайгаз активтерінің әділ 
құны, әдетте, болашақта кеңею жоспарлары мен ықтимал 
шығып қалу, рыноктың тәуелсіз қатысушысы назарға алынуы 
топтАстЫрЫлғАН 
ҚАржЫлЫҚ есептіліККе 
есКертулер
егер өзгедей көрсетілмесе миллион теңгеде

91
мүмкін болатын орайлы тұсты пайдалану сияқты бағаларды 
қамтитын, активтерді пайдалануды жалғастырудан пайда 
болатын келешек ақша ағымдарын есептеудің ағымдағы 
құны ретінде айқындалады. Болашақ ақша ағымдары құнды 
активке тән ақшалар мен тәуекелдердің уақытша құнының 
ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін дисконттау ставка-
сына орайлас келтіргенге дейін дисконтталады. 
Компанияның басшылығы құнсыздану индикаторларының 
болуына орай «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өтелетін құнын баға-
лауды жүргізді. Құнсызданудың негізгі индикаторлары соңғы 
екі жыл ішінде жоспарланған көлемдермен салыстырғанда 
өндіріс ауқымының айтарлықтай төмендеуі мен арта түсіп 
отырған операциялық және капиталдық шығындар болып 
табылады. Бағалау нәтижелері «Өзенмұнайгаз» АҚ актив-
терінің ағымдағы құны 2012 жылы құнсызданудан болған 
шығынды мойындауға әкеп соқтырған бағалаулық өтелетін 
құннан 75 миллиард теңгеге артқанын көрсетті (6.20 ескер-
ту). Арта түсіп отырған құнды бағалау Компания бас-
шылығының ақша ағымдарын дисконттау әдісімен алынған 
әділ құнды бағалауына негізделген. Бағалау нәтижелері 
өндірістің ауқымы мен шикі мұнайды сату бағасына қатысты 
жол берушіліктерге неғұрлым бейім. 
Өндірудің пайдаланылған бейіні тысқары аккредиттел-
ген мұнайгаздық консалтингтік компанияның бағалауына 
негізделген және таяудағы 4 жыл ішінде өндірудің 20%-дан 
астамға өсуін көздейді. Егер профиль бағалау барысында 
пайдаланылғаннан 5%-ға жоғары немесе болса, бұл құнсы-
зданудың 55 миллиард теңгеден астамға азаюына немесе 
тиісінше құнсызданудың 55 миллиард теңгеден астамға 
артуына алып келер еді. Егер өндіру өзгерген жоқ және 
2012 жылдың деңгейінде қалды деп ұйғарылған болса, 
онда құнсыздану 200 миллиард теңгеден астамды құраған 
болар еді.
Brent шикі мұнайының бағасы туралы мойындалған жол 
берушіліктер тәуелсіз салалық зерттеу ұйымының мұнайға 
арналған бағаның орташа тарихи дисконтына түзетілген 
болжамдарына орай рыноктык күтулерге негізделді. Егер 
Brent шикі мұнайының болжалып отырған бағасы бағалау 
барысында пайдаланылғаннан 5%–ға жоғары немесе 
төмен болған болса, бұл құнсыздануды 40 миллиард тең-
геден астамға азайтуға немесе тиісінше құнсыздануды 40 
миллиард теңгеден астамға арттыруға әкеп соқтырар еді.
Болжалып отрырған ақша ағымдары 2021 жылы лицензия 
мерзімінің аяқталу датасымен шектелді. 2017 жылға дейінгі 
шығындар Компанияның бекітілген бюджеті мен биз-
нес-жоспарының негізінде болжамдалды. Ақша ағымдары-
ның үлкен бөлігі бұл кезеңнен кейін басшылықтың бағалау 
жүргізу датасындағы ең үздік бағалауына негізделген күр-
делі шығындарды есептемегенде Қазақстанның инфляци-
ясының болжалып отырған ставкаларын қолдану жолымен 
болжамдалды. Бағалау мақсаттары үшін басшылық шығы-
старды қысқарту мақсатында лицензияның мерзімі аяқта-
лар алдындағы соңғы жылдары операциялық және күрделі 
шығындарды айтарлықтай азайта алады деп пайымдалды. 
АҚШ долларына қайта бағаланған мұнайды сатуды қайта 
есептеу үшін құнсыздануды бағалау датасына АҚШ дол-
ларына 150.45 теңге ресми айырбас бағамы пайдаланыл-
ды. Барлық алынған ақша ағымдары капиталдың 13.09% 
болатын салық салудан кейінгі орташа есептегендегі құны 
пайдаланыла отырып, дисконтталды («WACC»).
Басшылық «Өзенмұнайгаз» АҚ активтерінің құнсыздануы 
бойынша шығыстар алдағы кезеңдерде өндіріс іс жүзінде 
құнсыздануды ағымдағы өлшеу кезінде пайдаланылған 
күтілуден асып түсуі шартымен немесе шикі мұнайдың 
рыноктық құнын айтарлықтай арттыратын индикаторлар-
дың пайда болуы жағдайында алдағы кезеңдерде түзетілуі 
мүмкін деп есептейді.
АКТИВТЕрДің ШыҒыП ҚАЛуы БойынША 
МінДЕТТЕМЕЛЕр
Компания белгілі бір келісім-шарттардың талаптары бойынша, 
заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес негізгі 
құралдарды қайта монтаждау және жою және кен орындары-
ның әр қайсысында жер учаскелерін қалпына келтіру жөнінде 
заңдық міндеттеме алады. Атап айтқанда, Компанияның 
міндеттемесі барлық өнімді ұңғымаларды бірте-бірте жабу 
мен құбыр желілерін, ғимараттарды қайта монтаждау мен 
келісім-шарттық аумақтарды қайта культивациялау сияқты 
қызметті түпкілікті тоқтату жөніндегі іс-қимылдар жатады. Ли-
цензияның қолданылу мерзімі Компанияның қалауы бойынша 
ұзартылмайтын болғандықтан әр лицензиялық кезеңнің аяқта-
лу датасы түпкілікті жабу бойынша міндеттемелерді орында-
удың есепті мерзімі болып табылатындығына жол беріледі. 
Егер активтерді жою жөніндегі міндеттеме кен орындарын 
пайдаланудың экономиклық негізделген тоқтауының аяқталуы 
бойынша орындалуы тиіс болса, онда көрсетілген міндетте-
ме ұңғымаларды жою жөніндегі барлық шығындар мен жабу 
бойынша түпкілікті шығындарды қоса есептеудің салдарынан 
айтарлықтай арта түсетін еді. Компанияның ұңғымаларды 
жоюды және оларды түпкілікті жабу жөніндегі шығындарды 
қаржыландыру бойынша міндеттемелерінің көлемі тиісті 
келісім-шарттар мен қолданылып жүрген заңнаманың талап-
тарына қатысты болады. Келісім-шарт та, заңнама да лицен-
зиялық кезеңнің соңында түпкілікті жою және түпкілікті жабу 
жөніндегі мұндай шығыстарды қаржыландыру бойынша белгілі 
бір міндеттемелерді көздемейтін жағдайларда міндеттемелер 
танылмайды. Мұндай шешім қабылдауға кейбір дүдәмалдылық 
пен айтарлықтай пайымдаулар себеп болды. Басшылықтың 
мұндай міндетемелердің болуына немесе болмауына қатысты 
баға беруі Үкіметтің саясаты мен практикасындағы немесе 
жергілікті салалық практикадағы өзгерістермен қоса өзге-
руі мүмкін. Компания активтердің шығып қалуы жөніндегі 
міндеттемелерді әр келісімшарт бойынша жеке есептейді. 
Міндеттеменің сомасы  күтіліп отырғандай, инфляцияның 
күтіліп отырған деңгейіне орай түзетілген және қазақстандық 
рыногқа тән тәуекелдерге орай түзетілген ауыспалы эконо-
микалы елдердің мемлекеттік борышы бойынша орташа, ұзақ 
мерзімді тәуекелсіз пайыздық ставкаларын пайдалану арқылы  
дисконтталған бағалаулық шығындардың ағымдағы құны бо-
лып табылады. Активтердің шығып қалуы бойынша міндеттеме 
әр есепті датаға қайта қаралады және олар жұмыс істейтін 
учаскеде негізгі құралдар объектілерін пайдаланудан шығару, 
табиғи ресурстарды қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелер 
мен өзге де осындай міндеттемелерге өзгерістер 1 Пайымда-
уға сәйкес ең дұрыс бағаны көрсету үшін  түзетіледі. 
Жабуға арналған болашақтағы шығындарды бағалау 
кезінде басшылық жасаған негізгі бағалар мен ұйғарымдар 
пайдаланылды. Бұл міндеттемелердің басым көпшілігі алы-
стағы болашаққа жатады және заңнамалық талаптардағы 
түсініксіздіктерді қоспағанда, Компанияның бағаларына 
активтерді шығару технологияларындағы, шығындардағы 
және салалық практикадағы өзгерістер де әсер етуі мүмкін. 
2012 және 2011 жылдардың 31 желтоқсанына есептегенде 
резервтің шамамен алғанда тиісінше 15.8% және 13.84%-
ы түпкілікті жабу жөніндегі шығындарға жатады. Түпкілікті 
жабуға арнлаған шығындарға қатысты белгісіздік күтіліп 
отырған ақша ағымдарын дисконттаудың әсерінен азайып 
келеді. Компания болашақтағы ұңғымаларды жою құнын 
ағымдағы жылдың бағасы мен инфляцияның ұзақ мерзімдік 
деңгейінің орташа мәнін пайдалану арқылы бағалайды.
2012 жылдың 31 желтоқсанына міндеттемелердің балан-
стық құнын айқындау үшін пайдаланылған ұзақ мерзімдік 
инфляция мен дисконттау ставкалары тиісінше 5,0 % бен 
7,9 %-ды (2011: 5,0 % және 7,9 %) құрады. Активтердің 
шығып қалуы бойынша міндеттемелер бойынша резервтің 
өзгеруі 15-ескертуде ашып көрсетілген.
ЭКоЛоГИяЛыҚ оңАЛТу
Компания сондай-ақ, экологиялық оңалтуға арналған 
резервтерді қалыптастыру бойынша бағалар жасайды 
және пайымдаулар енгізеді. Қоршаған ортаны қорғауға 
арналған шығындар капиталдандырылады немесе олардың 
болашақтағы экономикалық пайдасына қарай шығыстарға 
жатқызылады. Бұның алдындағы қызметтен туындаған және 
болашақта экономикалық пайдасы жоқ қазіргі жағдайға 
қатысты шығындар шығыстарға жатады. 
Міндеттеме шығындар туралы және қайта культивация-
лау жөніндегі күтіліп отырған жоспарлар туралы ағымдағы 

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
92
ақпараттардың негізінде айқындалады және, басшылықтың 
қажетті рәсімдердердің мерзімдеріне қатысты күтулеріне 
сүйене отырып, дисконтталған негізде есептеледі. Компа-
нияның экологиялық оңалтуға арналған резерві Компания-
ның қолданылып жүрген қазақстандық нормативтік базаның 
талаптарын сақтауы үшін қажетті күтіліп отырған шығындар-
ды тәуелсіз бағалауға негізделген басшылықтың ең озық 
бағалауын білдіреді. Аталған топтастырылған қаржылық 
есепті шығару датасына қайта культивациялау жөніндегі 
жоспардың ауқымы мен мерзімдері шығындардың жылдық 
есепке енгізілген бөлігін есептемегенде Үкіметпен ресми 
түрде келісілген жоқ. Экологиялық оңалту жөніндегі резерв-
терге қатысты іс жүзіндегі шығындар бағалаудан заңнама 
мен нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістердің, қоғам-
дық күтулердің аумақтық жағдайларды аңғарудың және тал-
даудың және тазалау технологияларындағы өзгерістердің 
салдарынан өзгерек болуы мүмкін. 
Экологиялық оңалтуға жататын қосымша болжаусыздықтар 
26-ескертуде көрсетілді. Экологиялық оңалтуға арналған 
міндеттемелер бойынша резервтегі өзгерістер 15-ескерту-
де көрсетілді.
САЛыҚ САЛу
Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығы-
на («КТС») қатысты да, артық пайдаға салыққа («АПС») 
да есептеледі. Кейінге қалдырылған КТС мен АПС күтіліп 
отырған ставкалар бойынша жер қойнауын пайдалануға ар-
налған келісімшарттарға байланған активтер мен міндетте-
мелердегі уақытша айырмашылықтарға есептеледі. Кейінге 
қалдырылған КТС мен АПС базалары 22 Ескертуде ашып 
көрсетілген, салықтық кодексте қабылданған салықтық 
заңнаманың шарттары бойынша есептеледі. Салық салу-
мен байланысты одан кейінгі болжаусыздықтар 26-ескерту-
де ашып көрсетілген.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал