1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет12/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2.4 шетелдік валюталарды қайта есептеу
Топтастырылған қаржылық есеп жұмыс істеп тұрған валюта 
және Компанияның топтастырылған қаржылық есептілігі 
ұсынылатын валюта болып табылатын қазақстандық теңге-
де («теңге») беріліп отыр. Компанияның әрбір еншілес ұйы-
мы, ассоциацияланған компаниясы мен бірлескен кәсіпор-
ны әр ұйымның қаржылық есебіне енгізілген өзінің жұмыс 
істейтін валютасы анықтайды және әр ұйымның қаржылық 
есебіне енгізілген  баптар осы жұмыс істейтін валютада 
бағаланады. Шетелдік валютадағы операциялар бастапқы-
да операциялар датасына қолданыстағы бағам бойынша 
жұмыс істейтін валютада есептеледі. Шетелдік валютамен 
көрсетілген ақша активтері мен міндеттемелер есепті 
датаға қолданыстағы жұмыс істеп тұрған валютаның бағамы 
бойынша қайта есептеледі. Барлық бағамдық өзгерістер 
жиынтық кіріс туралы есепке енгізіледі. Шетелдік валютада 
әдір құны бойынша бағаланатын ақшалай емес баптар әділ 
құнын белгілеу датасына қолданыстағы бағамдар бойынша 
қайта есептеледі.
Шетелдік қызметтердің активтері мен міндеттемелері есепті 
датаға айырбас бағам бойынша теңгемен қайта есепте-
леді, ал мұндай компаниялардың жиынтық кірісі туралы 
есебінің баптары операциялар күніне бағам бойынша қайта 
есептеледі. Мұндай қайта есептеу кезінде пайда болған 
бағамдық өзгерістер тікелей басқа жиынтық кірісте немесе 
зиянда мойындалады. Шетелдік компания айналымнан 

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
86
шыққан жағдайда нақты шетелдік компанияға қатысты ва-
люталарды қайта есептеу бойынша резервтің жинақталған 
сомасы пайдалар мен шығындарда мойындалады.
2.5 Мұнайгаз кен орындарын барлау және игеру 
жөніндегі шығыстар
БАрЛАуҒА ЛИцЕнзИяЛАр САТыП АЛу ЖӨнінДЕГі 
ШыҒынДАр
Барлауға арналған лицензияларды сатып алу жөніндегі 
шығындар материалдық емес активтерге капиталдандыры-
лады және барлаудың ұйғарылған мерзімінің ішінде тікелей 
желілік әдіс бойынша амортизацияланады. әр объект жыл 
сайын бұрғылау жұмыстарының жоспарланғандығын және 
оның құнсызданбағандығын растау тұрғысында қара-
стырылады. Егер объект бойынша болашаққа жұмыстар 
жоспарланбаған жағдайда лицензияларды сатып алуға 
арналған шығындардың қалған сальдосы есептен шығары-
лады. Экономикалық жағынан негізделген алынатын қорлар 
(«дәлелденген қорлар» немесе «коммерциялық қорлар») 
аңғарылған жағдайда амортизациялау тоқтатылады және 
қалған шығындар барлау жөніндегі шығындармен бірік-
тіріледі және материалдық емес активтердің құрамында 
расталғанға дейін кен орындары бөлігінде дәлелденген 
активтер ретінде танылады. Игеруді ішкі бекіту және тиісті 
бақылаушы органдардан барлық лицензиялар мен рұқсат-
тарды алу сәтіне тиісті шығыстар негізгі қаражатқа (мұнай-
газ активтеріне) ауыстырылады.
БАрЛАуҒА АрнАЛҒАн ШыҒынДАр
Геологиялық және геофизикалық шығыстар мұндай шығын-
дар келтірілген сәтте есептен шығарылады. Барлау ұңғы-
маларына тікелей қатысты шығындар ұңғымларды бұрғылау 
аяқталғанға және мұндай бұрғылаудың нәтижелері баға-
ланғанға дейін материалдық емес активтердің (барлау және 
бағалау жөніндегі активтердің) құрамында капиталданды-
рылады. Мұндай шығындар өзіне жалақыны, материалдар-
ды, жанармайларды және электр энергиясын, бұрғылау ста-
ноктарының құны мен мердігерлерге төлемдерді қамтиды. 
Егер, көмірсутектері байқалмаса, онда барлауға арналған 
шығыстар құрғақ ұңғыма бойынша шығыстар ретінде есеп-
тен шығарылады. Егер, өзіне коммерциялық игеру жеткілікті 
мөлшерде мүмкін болатын басқа ұңғымаларды (барлаулық 
немесе құрылымдық-іздестіру ұңғымаларын) бұрғылауды 
қамтуы мүмкін, бағалауға жататын көмірсутектері табылған 
жағдайда, онда мұндай шығындар актив ретінде есепке алу 
жалғастырылатын болады.
Мұндай тұрғыдағы барлық шығындар игеруге жалғасқан 
ниетті растау немесе қандай да болмасын тәсілмен 
ашылымнан құндылықты алу үшін кем дегенде жылына бір 
рет техникалық, коммерциялық және басқарулық тексеруге 
жатады. Егер, бұдан кейін ондай болмаса, шығындар есеп-
тен шығарылады.
Мұнай мен газдың дәлелденген қорлары анықталса және 
игеруді жалғастыруға шешім қабылданса, онда тиісті 
шығындар негізгі құралдар (мұнайгаз активтерінің) құрамы-
на көшіріледі.
ИГЕруГЕ АрнАЛҒАн ШыҒынДАр
Платформалар, құбыр желілері және игеру ұңғымаларын 
бұрғылау сияқты инфрақұрылымдар объектілерінің құрылы-
сын салуға, орнатуға және аяқтауға арналған шығындар 
көмірсутектерінің жеткілікті коммерциялық мөлшері бай-
қалмаған, құрғақ ұңғымалар ретінде кезеңнің шығыстарына 
есептен шығарылады.
2.6 Негізгі құралдар
негізгі құралдар жинақталған амортизациясын, тозуын 
және құнсыздануын алып тастағанда бастапқы құны бойын-
ша көрсетіледі.
Активтердің бастапқы құны сатып алу немесе құрылы-
сын салу, бағаларынан тікелей активті жұмыс жағдайына 
келтіруге жататын шығындардың кез келген түрінен және 
қажет болған жағдайда активтерді жою жөніндегі шығын-
дарды бастапқы бағалаудан тұрады. Активті сатып алу үшін 
берілген сыйақылардың кез келген түрінің төленген жиын-
тық құны мен әділ құны сатып алу немесе құрылысын салу 
бағасы болып табылады. 
Мұнайгаз активтері өндірістік әдісті қолдану арқылы 
дәлелденген игерілген қорлар бойынша амортизацияла-
нады. Пайдалы қызмет мерзімі кен орны қызметінің қалған 
мерзімнен аз кейбір мұнайгаз активтері 4 жылдан 10 жылға 
дейінгі пайдалы қызмет мерзімі ішінде тікелей желілік 
әдіспен амортизацияланады. 
Басқа да негізгі құралдар тиісінше негізгі құралдардың әр 
тобы үшін пайдалы қызметтің 24 жыл және 7 жыл орташа 
мерзімі ішінде желілік әдіс пайдаланыла отырып амортиза-
цияланатын,  негізінен алғанда, ғимараттарды, машиналар 
мен жабдықтарды білдіреді. 
негізгі құралдардың пайдалы қызметінің ұйғарылған мерзімі 
жыл сайынғы негізде қайта қаралады және, қажет болған 
жағдайда, мерзімдердегі өзгерістер одан кейінгі кезеңдер-
де түзетіледі. 
негізгі құралдардың ағымдағы құны жағдайларда ағымдағы 
құн өтелімді болып табылмайтындығын көрсететін қандай 
да болмасын уақиға немесе өзгеріс болған жағдайларда 
құнсыздандыру тұрғысында қайта қаралады.
Көмірсутектерінің коммерциялық көлемдерін өндіруді 
тоқтатқан және жою жоспарланған өндіруші ұңғымаларды 
қоса алғанда негізгі құралдар объектілері шығып қалуы 
кезінде немесе активті пайдаланудан болашақ экономика-
лық пайда алу күтілмеген жағдайда актив ретінде есептелуін 
тоқтатады.  Активті тануды тоқтатудан пайда болған кез 
келген кіріс немесе шығыс (сатудан түскен таза түсім мен 
объектінің ағымдағы құнының арасындағы айырмашылық 
ретінде есептелетін) мұндай оқиға болған кезеңнің жиын-
тық кірісі туралы топтастырылған есебіне енгізіледі.
2.7 Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Компания активтерді немесе активтер топтарын құнсызда-
ну тұрғысында оқиға немесе жағдайлардағы өзгерістер ак-
тивтің ағымдағы құны өтелмейтіндігін көрсеткен жағдайлар-
да ғана бағалайды. Жекелеген активтер, негізінен алғанда, 
активтердің басқа топтар генерацияланатын ақша ағымда-
рынан тәуелсіз, бірдейлендірілетін ақша ағымдары бар 
ең төменгі деңгейде құнсыздандыруға арналған бағалау 
мақсатында топтастырылады. Егер құнсызданудың бұндай 
көрсеткіштері болған немесе активтер топтарын жыл сайын 
құнсыздануға тестілеу талап етілетін жағдайларға Компа-
ния активтің қайтарылатын құны туралы бағалауды жүзеге 
асырады. Активтер топтарының өтелетін құны оны сатуға 
арналған шығыстарды есептемегенде әділ құны мен оның 
пайдаланылу құнының ең үлкені болып табылады. Актив-
тер тобының ағымдағы құны оның өтелетін құнынан артық 
болған жағдайларда активтер тобы құнсызданылуға жатады 
және алмастыру құнына дейін есептен шығару жүргізіледі. 
топтАстЫрЫлғАН 
ҚАржЫлЫҚ есептіліККе 
есКертулер
егер өзгедей көрсетілмесе миллион теңгеде

87
Пайдалану құнын бағалау кезінде күтілетін ақша ағымы ак-
тивтер тобына тән тәуекелдерге орай түзетіледі және салық 
салынғанға дейін ақшаның уақытша құнының ағымдағы 
нарықтық бағалануын көрсететін дисконттау ставкаларын 
пайдалану арқылы ағымдағы құнына дисконтталады. 
Бағалау бұрын танылған құнсыздану бойынша шығын-
дардың болмауына немесе азаюына қатысты қандай да 
болмасын индикаторлардың болуына қарай әр есепті 
датаға жүргізіледі. Егер мұндай индикаторлар болса, онда 
өтелетін құны бағаланады. Құнсыздану бойынша бұрын 
танылған шығын, егер құнсыздану бойынша соңғы шығын 
танылған сәттен бастап активтің өтелетін құнын анықтау 
үшін пайдаланылатын бағалауда өзгеріс болған жағдайда 
ғана жойылады. Мұндай жағдайда, активтің ағымдағы құны 
оның өтелетін құнына дейін арттырылады. 
Арттырылған құн, егер оның алдындағы кезеңдерде құнсы-
здану бойынша шығын танылмаса тозуы немесе амортиза-
ция есептелместен анықталған ағымдағы құнынан аспауы 
тиіс. Мұндай жою кірістер және шығыстар туралы есепте 
көрсетіледі.
Сторнирлаушы өткізілімдер жүргізілгеннен кейін тиімді 
қызметтің қалған мерзімі ішінде жүйелі негізде қалдық құн 
есептелместен активтің қайта қаралған ағымдағы құнын 
бөлу үшін одан кейінгі кезеңдердегі амортизация бойынша 
шығыстар түзетіледі.
2.8 Материалдық емес активтер
Материалдық емес активтер жинақталған амортизация 
мен құнсызданудан жинақталған шығындар шегеріліп құны 
бойынша есептеледі. Материалдық емес активтер мұнай-
газ ресурстарын барлауға және компьютерлік бағдарла-
маларға лицензиялар алуға арналған шығындарды қамти-
ды. Бизнестен бөлек сатып алынған материалдық емес 
активтер бастапқыда сатып алу құны бойынша бағаланады. 
Бастапқы құны – жиынтық төленген сома мен активті сатып 
алу үшін берілген кез келген сыйақының әділ құны. Актив-
тердің пайдалы қызметінің күтілімді мерзімі жыл сайынғы 
негізде қайта қаралады және қажет болған жағдайда, 
мерзімдердің өзгеруі келесі кезеңдерде түзетіледі. Ком-
пьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің пайдалы 
ғұмыры мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейінгіні құрайды. 
Материалдық емес активтердің ағымдағы құны уақиға 
немесе жағдайлардағы өзгерістер ағымдағы құнның өтел-
мейтіндігін көрсететін жағдайларда құнсыздану тұрғысында 
талданады.
2.9 Қаржылық активтер
БЕХС 39 шеңберінде қаржылық активтер не кірістер мен 
шығыстар, заемдар мен дебиторлық берешектер, өтел-
генге дейін ұстап қалынатын инвестициялар туралы есеп 
арқылы әділ құны бойынша қаржылық активтер ретінде 
не олардың арналуына қарай сату үшін қолма-қол түрде 
қолда бар қаржылық активтер ретінде жіктеледі. Қаржылық 
активтерді бастапқы тану кезінде олар әділ құны бойын-
ша бағаланады. Егер инвестициялар кіріс немесе шығын 
арқылы әділ құны бойынша қаржылық активтер ретінде жік-
телмесе, онда олардың әділ құнына есебін көрсету кезінде 
олармен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындар 
да қосылады. 
Компания бастапқы тану кезінде өзінің қаржылық актив-
терінің жіктемесін белгілейді және оған рұқсат етілген және 
орынды жағдайда аталған жіктемені әр қаржы жылының 
соңында қайта қарайды. 
Қаржылық активтерді барлық стандартты сатып алу мен 
сату мәмілені орындау датасына, яғни Компания өзіне 
акитвтерді сатып алу немесе сату міндеттемесін қабыл-
даған күнге танылады. Сатып алу немесе сату стандарттары 
дегеніміз  - бұл активтерді әдетте нормативтік актілермен 
немесе рынокта қабылданған ережелермен белгіленетін 
мерзімнің ішінде беруді талап ететін қаржылық активтерді 
сатып алу немесе сату.
ӨТЕуГЕ ДЕйін ҰСТАП ҚАЛынАТын ИнВЕСТИцИяЛАр
Тұрақты немесе белгіленетін және өтем мерзімі белгіленген 
көлденең қаржылық активтер Компанияның оларды өтеуге 
дейін ұстап қалуға ниеті мен мүмкіндігі болған жағдайда 
өтеуге дейін ұстап қалынатын ретінде жіктеледі. Бастапқы 
танығаннан кейін өтеуге дейін ұстап қалынатын инвести-
циялар тиімді пайыздық ставкалар әдісі қолданыла отырып 
амортизацияланған құны бойынша бағаланады. 
САуДАЛыҚ ЖәнЕ БАСҚА ДА ДЕБИТорЛыҚ БЕрЕШЕКТЕр
Сатуда тұрған қаржылық активтер  - бұл санатқа арнайы 
жатқызылған немесе басқа санаттардың бір де біріне 
жатқызылмаған көлденең қаржылық активтер. Сатуда 
тұрған қаржылық активтер бастапқы танылғаннан кейін әділ 
құны бойынша бағаланады, ал көлденең пайда немесе 
шығын басқа жиынтық кірісте немесе инвестицияны тану 
тоқтатылғанға немесе құнсыздануы белгіленгенге дейін 
зиянда танылады. Бұл сәтте жинақталған резерв пайдада 
немесе шығында танылады.
САТуДА БАр ҚАрЖыЛыҚ ИнВЕСТИцИяЛАр 
Сатуда тұрған қаржылық активтер  - бұл санатқа арнайы 
жатқызылған немесе басқа санаттардың бір де біріне 
жатқызылмаған көлденең қаржылық активтер. Сатуда 
тұрған қаржылық активтер бастапқы танылғаннан кейін әділ 
құны бойынша бағаланады, ал көлденең пайда немесе 
шығын басқа жиынтық кірісте немесе инвестицияны тану 
тоқтатылғанға немесе құнсыздануы белгіленгенге дейін 
зиянда танылады. Бұл сәтте жинақталған резерв пайдада 
немесе шығында танылады.
әДіЛ ҚҰн
Ұйымдастырылған қаржылық рынокта еркін айналыстағы 
инвестициялардың әділ құны есепті датаға жұмыс күнінің 
соңына сатуға арналған нарықтық баға кесулердің негізін-
де айқындалады. рынокта өтімді емес инвестициялар үшін 
әділ құны бағалаудың түрлі әдістемелерін қолдану жолымен 
белгіленеді. Мұндай әдістемелер коммерциялық негізде 
жүргізілген ең соңғы мәмілелердің бағасын пайдалануды; 
осыған ұқсас құралдардың ағымдағы нарықтық құндарын 
пайдалануды; дисконтталған ақша ағымдары мен бағалау-
дың басқа да үлгілерін талдауды қамтиды.
ҚАрЖы АКТИВТЕрінің ҚҰнСызДАнуы
Компания әрбір есепті датаға қаржы активтерінің немесе 
қаржы активтері тобының құнсыздануы болған-болмаған-
дығын анықтайды.
АМорТИзАцИяЛАнҒАн ҚҰны БойынША ЕСЕПКЕ 
АЛынАТын АКТИВТЕр
Егер амортизацияланған құн бойынша есепке алынатын 
активтер бойынша құнсызданудан шығындардың пайда 
болғандығы туралы объективті дәлел болса, шығынның 
сомасы активтің баланстық құны мен қаржылық актив 
бойынша сыйақының бастапқы тиімді ставкасы бойынша 
(яғни, бастапқы тану кезінде есептелген сыйақының тиімді 
ставкасы бойынша) күтілетін келешектегі ақша ағымдары-
ның ағымдағы құнының (әлі пайда болмаған келешектегі 
несиелік жоғалтуларды есептемегенде) арасындағы айыр-
машылық ретінде бағаланады.
Егер одан кейінгі кезеңде құнсызданудан болған шығын 
сомасы азайса және мұндай азаю құнсыздану танылғаннан 
кейін болған оқиғамен объективті түрде байланысты болуы 
мүмкін болса бұрын танылған құнсызданудан болған шығын 
активтің ағымдағы құны қалпына келтіру датасына оның 
амортизацияланған құнынан аспауы шегінде түзетіледі. Кез 
келген одан кейінгі шығынды құнсызданудан түзету пайдада 
немесе пайдада немсе зиянда танылады.
Егер Компания өзіне шот-фактураның бастапқы шарттары-
на сәйкес тиесілі соманы түгел алмағандығы туралы объек-
тивті дәлел болған жағдайда (мысалы, дебитордың төлем 
қабілетсіздігі немесе басқа да елеулі қаржылық қиналысы) 
саудалық дебиторлық берешек бойынша құнсыздануға 
резер құрылады. Дебиторлық берешектің ағымдағы құны 
резервтің шотын пайдалану арқылы азаяды. Құнсызданған 
берешек, егер олар үмітсіз деп есептелсе тоқтатылады.

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
88
САТуҒА АрнАЛҒАн ИнВЕСТИцИяЛАрДы 
ҚАрЖыЛАнДыру
Егер сатуға арналған активтердің құнсыздануы орын алса, 
бұрын пайдада немес шығында танылған құнсызданудан 
болған шығынды шегеріп тастап, оны сатып алуға арналған 
шығындар (негізгі сома мен амортизация төлемін шегеріп 
тастағанда) мен оның ағымдағы әділ құнының арасындағы 
айырмашлық капиталдан пайдалар мен шығындарға ауы-
стырылады. Бұрын танылған шығынды сату үшін арналған 
ретінде жіктелген үлестік құралдар бойынша құнсыздан-
дыруға түзету пайдалар мен шығындарда көрсетілмейді. 
Борыштық құралдар бойынша құнсызданудан болған 
шығындарды түзету, егер құралдың әділ құнын арттыру пай-
далардағы немесе шығындардағы құнсызданудан болған 
шығындарды танығаннан кейін болған оқиғамен объективті 
түрде байланысты болса пайдалар немесе шығындар 
арқылы жүзеге асырылады.
ҚАрЖыЛыҚ АКТИВТЕрДі ТАнуДы ТоҚТАТу
Қаржылық актив (немесе, қолданылуына қарай – қаржылық 
активтің бір бөлігі немесе осындай қаржылық активтер 
тобы) егер:
 

активтен ақша құйылымын алуға арналған құқықтардың 
қолданылу мерзімі аяқталса,
 

Компания активтен ақша құйылымын алу құқығын өзін-
де сақтаса, бірақ оларды қайта бөлу туралы келісімге 
сәйкес елеулі кедергісіз толықтай үшінші тарапқа беру 
міндетін қабылдаса; немесе
 

Компания активтен ақша ағымдарын алуға арналған 
өзінің құқығын берген және не болмаса (а) активтен 
болатын барлық елеулі тәуекелдер мен сыйақыны 
берсе, не (б) бермесе, бірақ активтен болатын барлық 
елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды өзінде сақтамаса, 
алайда аталған активке бақылауды берсе танылуын 
тоқтатады.
2.10 тауарлық-материалдық қорлар
Тауарлық-материалдық қорлар екі көлемнің: ФИФо әдісі 
бойынша өзіндік құны мен сатудың таза бағасының ең 
төмені бойынша есептеледі. Құны өзіне әр затты баратын 
жеріне жеткізумен және оны ағымдағы жағдайға келтірумен 
байланысты әдеттегі қызмет барысында келтірілген барлық 
шығындарды қамтиды. Шикі мұнайдың құны өндірістің 
орташа көлемінің негізінде тозуына, ескіруі мен амортиза-
циясына және накладнойлық шығыстарға арналған шығын-
дардың тиісті бөлігін қоса алғанда оларды өндірудің өзіндік 
құны болып табылады. Мұнай сатудың таза бағасы мұндай 
сатумен байланысты шығындарды есептемегенде сатудың 
ұйғарылған бағасына негізделеді. Материалдар мен қорлар 
күтілетін сомадан аспайтын, әдеттегі қызмет барысында 
өтелетін құны бойынша есептеледі. 
2.11 Қосылған құнға арналған салық (ҚҚс)
Салық органы нетто негізінде сату мен сатып алу бойынша 
ҚҚС есептеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Өтеуге арналған 
ҚҚС ішкі рынокта сату бойынша ҚҚС-ті есептемегенде ішкі 
рынокта сатып алу бойынша ҚҚС-ті білдіреді. Экспортқа 
сатуға нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынады.
2.12 Ақша қаражаты мен олардың баламалары
Ақша қаражаты мен олардың баламалары өзіне кассадағы 
қолма-қол ақшаны, банктік салымдардағы қаражатты, 
бастапқы өтеу мерзімі үш айдан аспайтын басқа да қысқа 
мерзімді жоғары өтімді инвестицияларды қамтиды.
2.13 жарғылық капитал
ЖАрҒыЛыҚ КАПИТАЛ
Қарапайым акциялар мен олар бойынша дивидендтер 
эмитенттің қалауы бойынша төленетін өтелмейтін, өтеуге 
жатпайтын артықшылықты акциялар жеке капитал ретінде 
жіктеледі. Жаңа акцияларды шығарумен тікелей байла-
нысты үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуіне ақы төлеуге 
арналған шығындар аталған эмиссиялардың нәтижесінде 
алынған капиталдың азаюы ретінде көрсетіледі. 
МЕнШіК САТыП АЛынҒАн  АКцИяЛАр
Компания немесе оның еншілес ұйымдары Компанияның 
акцияларын сатып алған жағдайда оларды сатып алу құны 
табыс салығын есептемегенде мәмілені жасауға арналған 
тиісті шығындарды қоса алғанда оларды жою немесе қай-
талап шығару сәтіне дейін капиталдың жалпы сомасынан 
сатып алынған меншік акциялары ретінде алынып таста-
лады. Компанияның меншік үлестік құралдарын сатып алу, 
сату, шығару немесе жою кезінде жиынтық пайда туралы 
топтастырылған есепте қандай да болмасын кірістер мен 
шығыстар танылмайды. Мұндай акцияларды одан кейінгі 
сату немесе қайталап шығару кезінде алынған сома капи-
талдың құрамына енгізіледі. Сатып алынған меншік акция-
лар орташа есептелген құн бойынша есептеледі.
ДИВИДЕнДТЕр 
Дивидендтер міндеттеме ретінде танылады және, егер олар 
есепті датаға дейінгіні қоса алғанда жарияланған жағдай-
да ғана есепті датаға капиталдың сомасынан есептеледі. 
Дивидендтер туралы ақпарат, егер олар есепті датаға дейін 
ұсынылған болса, сондай-ақ есепті датадан кейін, бірақ 
топтастырылған қаржылық есептілік шығаруға бекітілген 
датаға дейін ұсынылған және жарияланған болса есептілік-
те ашылады.
АКцИяЛАрҒА нЕГізДЕЛГЕн ТӨЛЕМДЕр  
БойынША оПЕрАцИяЛАр
Компанияның қызметкерлері (жоғары басшылықты қоса 
алғанда) акцияларға негізделген төлемдер нысанында сый-
ақы алады. Қызметкерлер ол үшін олар үлестік құралдар-
мен (мәмілелер, үлестік құралдармен жүзеге асырылатын 
есептер) сыйақы алатын қызметтер ұсынады.
Үлестік құралдарды шығару жүргізілген және Компания 
үлестік құралдар үшін сыйақы ретінде алған кейбір қыз-
меттер бірігейленбейтін жағдайда бұл бірігейленбейтін 
алынған (немесе алуға жататын) тауарлар немесе қыз-
меттер акциялардың құнына және сыйақы беру датасы-
на алынған бірігейленетін тауарлардың немесе қызмет 
көрсетулердің әділ құнына негізделген мәмілелердеің әділ 
құнының арасындағы айырмашылық ретінде бағаланады. 
одан кейін, бұл сома тиісті тұрғыда капиталдандырылады 
немесе шығыстарға жатқызылады.
олар бойынша есеп айырысулар 2007 жылдың 1 шілдесін-
де немесе бұл датадан кейін берілген сыйақыларға қатысты 
үлестік құралдармен жүзеге асырылатын қызметкерлермен 
мәмілелердің құны олар берілген датаға мұндай құралдар-
дың әділ құнының негізінде бағаланады. әділ құн Блэк – 
Шоулз – Мертон опциондық баға құру үлгілері қолданыла 
отырып анықталады.
Үлестік құралдардың негізіндегі мәмілелер бойынша шығы-
стар белгілі бір мерзімнің еңбек сіңіру шарты орындалатын 
кезең ішінде бір мерзілде капиталды тиісінше арттырумен 
бір мезгілде үлестік құралдардың негізінде танылады. 
топтАстЫрЫлғАН 
ҚАржЫлЫҚ есептіліККе 
есКертулер
егер өзгедей көрсетілмесе миллион теңгеде

89
Аталған мәмілелер бойынша жиынтық шығыстар сыйақы 
ретінде берілетін үлестік құралдардың санына қатысты Ком-
панияның ең жақсы бағасының негізінде аяқталған кезеңге 
бара-бар міндеттеме өтелгенге дейін әр есепті датаға 
танылады.
Кезең ішіндегі жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп-
тегі шығыс немесе кіріс кезеңнің басында және соңында 
танылған жиынтық шығыстың өзгеруін білдіреді. оған ар-
налған құқық қызметкерлерге түбегейлі ауыспаған үлестік 
құралдармен сыйақылар бойынша шығыс танылмайды.
Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақы жойылса ол 
оған арналған құқық жою датасына ауыстырылған ретін-
де есептеледі. Бұл ретте, сыйақыға қатысты танылмаған 
барлық шығыстар дереу танылады. Егер Компания не қыз-
меткер аталған жағдайға ықпал етсе, бұл, сонымен қатар, 
оларға қатысты шарттар орындалмаған, берілген құқықтар-
мен қамтамасыз етілмеген сыйақыларға да қатысты 
болады. олар бойынша есеп айырысу үлестік құралдармен 
жүзеге асырылатын мәміле бойынша сыйақыны жоюдың 
барлық жағдайлары бірдей есептеледі. Сыйақыларды 
құқықтарды алу арқылы жою жағдайында кез келген бұрын 
танылған шығыстар капитал арқылы түзетіледі.
орындалмаған опциондардың молайтушы әсері акцияға 
арналған пайданың көрсеткіштерін есептеу кезінде акция-
ларды қосымша молайту ретінде көрсетіледі.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал