1 мазмұны коМпАНия турАлЫ 2 ҚАржЫлЫҚ жәНе оперАциялЫҚ КөрсетКіштер



жүктеу 26.26 Kb.

бет10/17
Дата11.09.2017
өлшемі26.26 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2012 жЫлдЫң 31 
желтоҚсАНЫНА
   2012 жЫлдЫң 30 
ҚЫрКүйегіНе
2011 жЫлдЫң 31 
желтоҚсАНЫНА
желтоҚсАНғА 
желтоҚсАН 
                   (өзгесі көрсетілмесе млн. теңгеде)
%
АҒыМДАҒы БӨЛіГі
2 462
2 497
54 931
-96 %
ӨТЕу МЕрзіМі Бір ЖыЛДАн АСТАМ
4 848
4 999
33 034
-85 %
бАрлЫғЫ ЗАйМдАр
7 310
7 496
87 965
-92 %
АҚШАр ЖәнЕ оның БАЛАМАСы
154 705
72 438
206 512
-25 %
БАСҚА ДА АҒыМДАҒы ҚАрЖыЛыҚ АКТИВТЕр
550 556
556 970
321 890
71 %
ҰзАҚ МЕрзіМДі ҚАрЖыЛыҚ АКТИВТЕр
1 085
1 068
188 803
-99 %
бАрлЫҚ ҚАржЫлЫҚ АКтивтер
706 346
630 476
717 205
-2 %
АҚш доллАрЫНА ірілеНдірілгеН 
ҚАржЫлЫҚ АКтивтер, %
78 %
81 %
72 %
8 %
тАЗА АҚшА ҚАрАжАттАрЫ
699 036
622 980
629 240
11 %
Компанияның займдары 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 7,3 млрд. теңгені құрады. 2012 жылдың 
5 шілдесінде Компания ҚМГ ПКИ Финанс ноталары бойынша тиісінше 80 млрд. теңге және 3 млрд. теңге сомаға негізгі 
борыштың сомасы мен есептелген пайыздарды толықтай төледі. 
БоЛАШАҚҚА ҚАТыСТы МәЛіМДЕМЕ
осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының 
арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап 
отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған термино-
логия, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиға-
ның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа 
қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. олар ниеттер, пікірлер 
туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұ-
мыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы 
мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы немесе болмауы мүмкін 
келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа 
қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзін-
дегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы 
осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты 
мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай 
да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты 
немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндетте-
ме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты 
ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай божам жарияламайды.
ҚАржЫлЫҚ жАғдАй МеН 
ҚАржЫ-эКоНоМиКАлЫҚ 
ҚЫЗМеттің НәтижелеріН 
тАлдАу

71

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
72
тәуекелдер
 
фактор
лары
9

73
тәуекелдер
 
фактор
лары
тәуеКелдер ФАКторлАрЫ
Компания біраз тәуекелмен бетпе-бет келеді, оның ішінде 
сыртқы орта, нарықтық, операциялық, қаржылық, инвести-
циялық және корпоративтік басқару тәуекелдері. 
Компания тәуекелдерді басқару кезінде тәуекелдерді 
басқару Саясатына жүгінеді. Компанияның тәуекелдерді 
басқару Саясаты акционерлік құнның өсіміне, корпоративтік 
басқару сапасының артуына бағытталған, ол өз кезегінде 
тәуекелдерді айқындап, оның қандай екендігін талдаумен, 
оны барынша аз болуы жолындағы іс-шараларды дайын-
даумен және тәуекелдерді азайту бойынша жасалынатын 
шараларды бақылауға негізделеді.
сЫртҚЫ ортАғА ҚАтЫстЫ тәуеКелдер
Компанияның сыртқы ортаға қатысты тәуекелдері негізінен 
саяси, экономикалық және аймақтық тәуекелдер болып 
бөлінеді. 
САяСИ ТәуЕКЕЛДЕр:
 

Ел басшылығының сыртқы және ішкі саяси курсының 
ықтимал өзгерістері жалпы елдің және компанияның 
инвестициялық тартымдылығына кәдімгідей әсер 
етуі мүмкін. 
 

заңдылықтың жағымсыз бағытқа өзгеруі, мәселен, 
өнеркәсіптің шикізаттық салаларынан түсетін 
бюджеттік табысты арттыруға бағытында салық 
заңдылығының өзгеруі;
 

Мемлекеттік биліктің органдарын реформалау 
кезінде органдардың ыдырау процесі орын алуы 
ықтимал, Компанияның жұмысын қадағалайтын жаңа 
министрліктер мен ведомствалардың құрылуы – 
компания жұмысына тиісті нормативтік құжаттарды 
болдырмауы немесе олардың бекітілуін ұзартып 
жіберуі мүмкін;
 

Қазақстан Үкіметі өзінің экспорттық квотасының 
көлемін айтарлықтай шектеуі мүмкін немесе ішк 
нарыққа бағытталған міндетті көлемді өзгертуі 
ықтимал, ал бұл өз кезегінде Компанияның 
қаржылық көрсеткіштеріне кәдімгідей әсер етуі 
мүмкін. 
 

Қазақстан Үкіметінің екінші дәрежелі банктерде 
орналасқан қаржылық айналымды басқаруды 
шектеуі. Мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰәҚ мен 
«Қазмұнайгаз» ҰҚ бейнесінде ҚМГ БӨ мемлекет 
мүддесі тұрғысынан әсер етуі мүмкін, ал бұл ҚМГ БӨ 
акцеонерлерінің өзге топтарының мүддесіне қайшы 
келуі ықтимал. 
ЭКоноМИКАЛыҚ ТәуЕКЕЛДЕр:
 

Қазақстанның экономикасының әртараптануы әлсіз 
және шикізаттық тауарлардың әлемдік бағасына 
кәдімгідей тәуелді. Шикізат бағасының айтарлықтай 
және ұзақ уақыт бойы төмендеуі шикізаттық 
компаниялардың пайдасының құлдырауына, ал 
кейіннен бүкіл экономиканың құлдырауына алып 
келуі ықтимал. 
 

Экономика инфрақұрылымының тозығы жетуі 
Компания бизнесінің тиімділігіне кәдімгідей 
жағымсыз әсер етуі мүмкін.
 

Тауар мен қызмет сатып алу саласындағы заңдылық 
материалды-техникалық қамтамасыз ету мен 
логистиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік 
бермейді. 
 

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің арасындағы 
әлсіз бәсекелік орта компаниялардың ұсынатын 
жұмыс және қызмет түрлерінің сапасын төмендетеді. 
 

Қазақстандық қаржылық жүйенің даму деңгейі 
айналымдағы бос қаржыны орналастыру жағдайын 
нашарлатуы мүмкін (қаржылық нарық туралы 
толығырақ кейінірек). 
АйМАҚТыҚ ТәуЕКЕЛДЕр:
Компанияның жұмыс істейтін аймақтары – Маңғыстау, Аты-
рау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары. 
Қоғамдастықтың негізгі өндірістік бөлімдері өз өндірісін 
ауа-райы қиын аймақтарда жүзеге асырады, бұған қоса, 
кей аймақтарда мұнай өндіру, газды қайта өңдеу саласын-
да жоғарғы сапалы жұмысшылар тапшы болуы мүмкін. Бұл 
аймақтар Компанияның жұмысына айтарлықтай әсер ететін 
экономикалық және әлеуметтік қатерге ие аймақтарға 
жатады. 
Маңғыстау облысындағы актив үшін әлеуметтік дау мен 
ереуілдің шығу қатері айтарлықтай, ондай жайттар бұған 
дейін қаншама рет орын алды, және Компанияның жұмы-
сына, оның жер қойнауы келісім-шарттары міндеттерін 
орындауына әсер еткен.
Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы әлеуметтік 
тұрақтылықты сақтап, оны бекіте түсуге ынталы, аймақтағы 
өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жергілікті 
әкімшілік, қауымдастық өкілдерімен ықпалдаса жұмыс 
істейді. 
 Ел мен негізгі аймақтардағы өзгерістердің жағымсыз 
әсерін азайту үшін мынадай әрекеттерден тұратын тиісті 
кешенді іс-шаралар дайындалып жатыр:
 

Қалыптасқан жағдайды реттеуге бағытталған 
әрекеттер, оның ішінде Компанияның бизнес-
моделін өзгерту, аймақтарға дем беру үшін 
өндірістік филиалдарды өзіндік жұмыс істейтін 
компанияларға айналдыру;
 

Компанияның географиялық әртараптандыру 
деңгейін арттыруға арналған әрекеттер. Мұның 
мақсаты қандай да бір аймақпен қатысты тәуекел 
деңгейін азайту;
 

негізгі іс атқарар аймақтағы әлеуметтік шиеленісті 
азайтуға арналған әрекеттер;
 

Бизнестің тиімділігін арттыруға арналған іс-
әрекеттер, бұлар Компанияның бизнесті дамыту 
мүмкіндіктеріне әсер етуі ықтимал қатерлерді 
азайтуға арналған.

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
74
Компания өзінің әлеуметтік бағдарламаларының тиісті 
салаға барынша әсер етуін және қоғамның қажеттіліктері-
не сай болуын қалайды. Алайда ереуілдер мен әлеуметтік 
шиеленістермен байланысты қатерлерді азайтуға ар-
налған коммерциялық емес шығынның артуы компанияның 
қаржылық көрсеткіштеріне жағымсыз әсер етуі ықтимал.  
Бұл аталған аймақтардағы климаттық жағдай әрқилы, оның 
үстіне аймақтардың географиялық тұрғыдағы алыстығы – 
Компанияның үздіксіз жұмыс істеуі үшін транспорттық және 
электр қуатымен қамтамасыз етуіне баса көңіл бөлуді 
қажет етеді.
Өзі жұмыс істейтін аймақтардағы климаттық ерекшеліктерге 
байланысты ықтимал қатерлердің әсерін азайту үшін, оның 
ішінде дүлей апат немесе төтенше жағдайлардың үздіксіз 
жұмыс істеу және өнеркәсіптік қауіпсіздікке аса үлкен назар 
аударады. 
әріптестердің тәуеКелдері
Компания өз қызметінің түрлі бағыттары бойынша шетел-
дік және жергілікті компаниялармен ынтымақтасады және 
оларды  жұмысқа тартады. Компанияның әріптестерінің 
Компанияның операциялық және қаржылық нәтижелеріне 
әсер етуі мүмкін болатын тәлімі мен операциялық қызметіне 
ықпал етуге шектелген мүмкіндігі болады.  осыған байла-
нысты Компания өзінің әріптестеріне жоғары талап қоя-
ды, ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік қатынасты 
дамытады.
НАрЫҚтЫҚ ҚАтерлер
нарықтық қатерлерге – мұнай бағасының, валюталық кур-
стың, пайыздық өлшемнің өзгерістеріне қатысты қолайсыз 
қатерлер жатады. (валюталық және пайыздық өлшемнің 
өзгерістеріне қатысты қатерлер туралы қаржылық қатер 
бөлімінен оқи аласыздар).
Компания ішкі және сыртқы рынокқа көтерме мұнайды 
жабдықтаумен айналысады. ішкі және сыртқы рыноктердегі 
негізгі қиындық мұнай бағасының төмендеуімен байланы-
сты, оның бағасының аумалы-төкпелі болуына өз кезегінде 
сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі, мұнай өндіретін негізгі 
елдердің ықпалы мен саясаты, энергоқуатын өндіретін 
негізгі аймақтардағы саяси жағдай секілді факторлар әсер 
етеді. Мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеуі Компания-
ның қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді. 
Компания қазіргі күні мұнай бағасының төмендеуіне байла-
нысты қатерлерді сақтандырмайды, алайда әртүрлі жағдай-
ға байланысты шығындарды басқарудағы ішкі құралдарын 
пайдаланады, олар өз кезегінде бұл қатерлердің жағымсыз 
ықпалын азайтады. 
ҚАржЫлЫҚ тәуеКелдер
Компания әртүрлі қаржылық қатерлермен кезігуі ықти-
мал, оның ішінде валюталық, инфляциялық, қолда бар 
бос қаржыны орналастырар кездегі пайыздық өлшемнің 
өзгерісі, несиелік және салықтық қатерлермен кезігуі ықти-
мал. олардың пайда болуы және қаржылық-шаруашылық 
жұмысқа әсер ету көлемін Компания үнемі бағалап отырады 
және даму жоспарларын дайындар кезде негізге алынады. 
ИнФЛяцИяЛыҚ ТәуЕКЕЛДЕр 
Компания өз жұмысын Қазақстанда жүргізеді және төлем 
ақшасы ретінде теңгені пайдаланады. Жалақы төлеу, 
электрқуаты, логистикалық қызмет құнын төлеуге қатысты 
шығындар теңгенің инфляциясын қатты сезінеді. 
ПАйызДыҚ МӨЛШЕрДің ӨзГЕріСінЕ ҚАТыСТы 
ТәуЕКЕЛДЕр
Компанияның жұмысы пайыздық мөлшердің өзгерісіне  
байланысты, ол айналымдағы бос ақшаның құнына жағым-
сыз әсер етуі ықтимал, сөйтіп, Компанияның қаржылық 
жағдайына да әсер етуі мүмкін. 
ВАЛЮТАЛыҚ ТәуЕКЕЛДЕр 
Валюталық тәуекел – валюталық курстың аумалы-төкпелі 
болуы, ол Компанияның қаржылық-шаруашылық жұмысына 
әр тұрғыдан әсерін тигізуі мүмкін. 
Компанияның табысының айтарлықтай бөлігі АҚШ долла-
рында көрінеді немесе АҚШ доллары бойынша теңгеріледі. 
Компанияның шығынының белгілі бір бөлігі шетел валюта-
сында көрінеді, сөйтіп шетел валютасының теңгеге қатысты 
курстарына тәуелді (негізінен бұл АҚШ доллары, евро мен 
рубль аз деңгейде). Қазіргі күні Компанияның ағымдағы 
шығындарының  үлкен бөлігі теңгеде бекітілген баға бойын-
ша төленеді. 
Доллар курсының жоғарылауы мұнай экспортын барынша 
пайдалы етеді:
Валюталық курс пен пайыздық мөлшердің өзгерісі кезін-
дегі жағымсыз өзгерісі орын алған жағдайда Компания ол 
жағымсыз жайттарды азайту үшін мынадай іс-әрекеттерге 
көшеді: 
 

Банк-серіктестердің аумағын кеңейту, әсіресе, 
әлемдік қаржылық дағдарыстан зардап шеккен 
институттардың есебінен;
 

Саудалық қаржыландыруды (аккредитив, кепілдік) 
барынша кейінен пайдалану, олар Компанияның 
негізгі пайыздық мөлшерлемеге деген тәуелділігін 
кемітеді.  
Компания қазіргі күні осы қатерлерді сақтандырмайды, 
алайда, өзінің міндеттерін толық көлемде және діттеген 
мерзімде орындауына кепілдік беретін  ішкі құралдар мен 
қаржылық қатерді басқару резервтерін әр жағдайда пайда-
ланып отырады.
Компанияның мынадай қаржылық есептерінің көрсеткіштері 
осы айтылған қаржылық қатерлердің әсерін барынша 
сезінуі мүмкін. Бұлар:
 

Таза пайда;
тәуеКелдер ФАКторЫ

75
75
 

кіріс;
 

өзіндік құн;
 

дебиторлық берешек.
нЕСИЕЛіК ТәуЕКЕЛДЕр
несиелік тәуекелдерге контрагенттермен – Компанияның 
қаржылық ауқымына қатысты қызмет атқаратын қаржылық 
институттар, ең түпкі өнімді сатып алушылар мен Компани-
яға әрқилы қызмет көрсететін контрагенттерге байланысты 
материалдық және қаржылық ауқымға қатысты операция-
лар жатады. 
Компанияның қазынашысы жүзеге асырған қаржыны басқа-
рудың орталықтандырылған тиімді жүйесі несиелік қатерді 
азайтуға мүмкіндік береді. 
Қаржылық тәуекелдер, олардың пайда болуы және есептегі 
өзгеру түрлері. 
тәуеКел
ЫҚтиМАл 
пАйдА болуЫ
есептегі өЗгерулердің түрлері
БАнК ДЕПозИТТЕрінің СТАВКАСының 
ҚҰЛДырАуы 
орТАША
АйнАЛыМДАҒы БоС ҚАрЖының ПАйДАСының  
ҚҰЛДырАуынАн ТҮСіМнің АзАЮы
ВАЛЮТАЛыҚ ТәуЕКЕЛ (Еуро, АҚШ ДоЛЛАрынА 
ҚАТыСТы ТЕңГЕ КурСының ДЕВАЛьВАцИяСы)
орТАША
САТыП АЛынАТын ҚҰрыЛҒының ШыҒынының АрТуы – 
АМорТИзАцИяЛыҚ АуДАрыМның АрТуы.
ИнФЛяцИяЛыҚ ТәуЕКЕЛДЕр 
орТАША
ДЕБИТорЛыҚ БЕрЕШЕКТің АрТуы, ӨнДіріЛЕТін ӨніМ 
ҚҰнының АрТуы.
нЕСИЕЛіК ТәуЕКЕЛ
орТАША
МәСЕЛЕСі ШырҒАЛАң 
ДЕБИТорЛыҚ БЕрЕШЕК. ТҮСіМнің КЕМуі.
сАлЫҚ тәуеКелдері
Қр Салық жүйесі жақында енгізілген нормативтік-құқықтық 
актілерге қатысты құқықтық тәжірбиенің аз екендігімен 
белгілі. ол сонымен қатар, заңдылықты бұрыс интерпрета-
циялау негізінде салық, айыппұл, өсімпұл есептеу қатерінен 
де құралақан емес. осы факторлар Компанияның салықтық 
шығынын жоспарлауды қиындатады. Компанияның менед-
жменті Салық Кодексінің сапасын жетілдіруге арналған 
жұмыстарға қатысып, оған өзгерістер енгізіп осы қатерді 
барынша азайтуға қатысты іс-қимылдар жасайды. оның 
үстіне Компания өз мүддесін соттарда қорғауын жалға-
стыруда.
КЕДЕнДіК БАҚыЛАу МЕн КЕДЕнДіК БАЖ ЕрЕЖЕЛЕрінің 
ӨзГЕруі 
Компания сыртқы сауда жұмыстарын жүргізетін болған-
дықтан, кедендік бақылаудың өзгеруі, ИКС  құбылмалылығы, 
ИКС есептесудегі таза формуласының болмауы – Ком-
панияның қаржылық қорытындыларына әсер етуі мүмкін. 
Бұған қоса Компания Қр заңдылығының өзгерістерін үнемі 
қадағалап отырады, өз жұмысындағы тигізуі ықтимал әсерін 
есепке алып отырады, бұл осы өзгерістерге қатысты қатер-
лерді азайтуға мүмкіндік береді.
оперАциялЫҚ тәуеКелдер
Компанияның негізгі операциялық қатерлері Компанияның 
үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге арналған барлау мен 
өндіруге қатысты. 
Төменде Компанияның аса маңыз беретін және азайту үшін 
айтарлықтай ресурстарын бағыттайтын негізгі операци-
ялық тәуекелдері көрсетілген. Компания оларға күнделікті 
жұмыс кезінде және өзінің жалпы жүргізіп отырған жұмысы-
ның тиімділігін бағалап, жоспарлау кезінде де үлкен көңіл 
бөледі. 
БАрЛАу
Геологиялық барлау жұмыстары кезінде қашан да коммер-
циялық емес көмірсутек қойнауын табу және/немесе «бос» 
скважинаны бұрғылау қатерлері болуы мүмкін. Геологиялық 
барлау жұмыстары қатерлерін азайту үшін геолого-физика-
лық зерттеулер кешені жүргізіледі, ол дәстүрлі сейсмикалық 
зерттеулермен қатар, терең электробарлау жұмыстарына 
мүмкіндік беретін геохимиялық зерттеулерге негізделген, 
сонымен қатар, гравика мен сейсмикалық мәліметтердің 
арнайы зерттейтін әдістемелер мен геологиялық қатер-
лерді талдауға бағытталған.
ӨнДіру
Компанияның негізгі мақсаттарының бірі өз кеніштеріндегі 
өндіруді барынша кең көлемде қамтамасыз ету, ол 
кеніштердің негізгі бөлігі пайдаланудың ең соңғы 
кезеңдерін бастан кешуде. осы мақсатта Компания мұнай 
қыртыстарына, кеніштердің кені бар скважиналарына 
әсер ететін заманауи әдістер мен технологияларды 
пайдаланады. 
Компанияның өндірістік тиімділігін төмендететін негізгі 
факторлар мыналар: 
 

Жабдықтардың техникалық бүтіндігі.
 

Электрмен қамтамасыз етудің үздіксіз болуы.
 

Ауа-райы жағдайы.
 

Құралғы-жабдықтарды уақытында сатып алу.
 

Құрал-жабдықтардың сапасы.
 

Жабдықтаушылардың жұмысты дер кезінде атқаруы 
және сапасы.
 

Өндірістік персоналдың қауіпсіздігі.
 

Экологиялық қауіпсіздік.
 

Жоспарлаудың тиімділігi.
 

Мемлекеттік қадағалаушы органдардың талабын 
ұстану.
Бұған қоса, Компанияның өндірістік жұмысы негізгі өн-
дірістік құрылғылардың сынып қалуы немесе авария секілді 
қатерлермен бетпе-бет келуі мүмкін. осындай қатерлерді 
төмендету үшін Компания жабдықтарды толықтай жөндеу 
және модернизациялау бағдарламасын жүргізеді. 
негізгі жабдықтар өрт, жарылыс, табиғи және өзге де қауіп-
терден сақтандырылған, сонымен қатар, скважинаның бой 
бермей кету қатері де сақтандырылған. 
ЕңБЕК, ТЕХнИКА ҚАуіПСізДіГі ЖәнЕ ҚорШАҒАн  
орТАны ҚорҒАу 
Компанияның өндірістік жұмысы жұмыскердің денсаулығы, 
қоршаған ортаға қатысты қатерлермен байланысты. Мұн-
дай қатерлер қатарына қауіпсіздік техникасын сақтамау, 
өндіріс кезіндегі авария, қоршаған ортаға зиян келтіру, 
экологиялық ластау және табиғи катаклизмдерді қосуға 
болады. Бұл қатерлердің салдары өте ауыр болуы мүм-

Жылдық есеп 2012 «қазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ақ
76
кін, өндіріс кезіндегі өлім, атмосфераның бүлінуі, су мен 
топырақтың бүлінуі, өндірістің тоқтап қалуы немесе мүлде 
тоқтатып қалуы.
Мұндай қатерлердің салдарынан Компанияның қаржылық 
және операциялық жұмысына, абыройына нұқсан келуі 
мүмкін. осы бағытта Компанияда осы тектес қатерлерді 
болдырмау үшін және еңбек пен қоршаған орта қауіпсіздігін  
қадағалау, қызметкердің білімін көтеру, қауіпті факторлар-
ды анықтау мақсатында әртүрлі іс-шаралар жасалуда. Ком-
панияда еңбекті қорғау, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны 
қорғау техникасы жүйесі енгізілген және ISo 14001, ohSAS 
18001 стандарттарына сай жұмыс істейді. Компания жыл 
сайын өз жұмысына қатысты және жобаларына қатысты 
еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
қатерлерді сақтандырады.
АҚПАрАТТыҚ ТЕХноЛоГИяЛАр 
Компания өз операциялық жұмысын тиімді түрде жүргізу 
үшін енгізілетін және пайдаланатын жоғарғы технологиялық 
жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларға байла-
нысты ақпараттық технологиялар саласындағы қатерлер-
мен кезігуі мүмкін. осыған байланысты жаңа құрылғы мен 
бағдарламалық қамсыздандыруды бейімдеуде, бизнеске 
қатысты мәліметтердің құпиялылығын сақтаудың қауіпсізді-
гі бойынша мәселелер туындауы мүмкін. осы бағыттағы 
тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін Компания жыл сайын 
пайдаланып отырған технологияларын талдап отырады, 
таңдар кезде немесе сатып алар кезде барынша бейімде-
летін және бизнес мәліметтерге сенімді бақылауды қамта-
масыз ететін  ақпараттық технологияларға маңыз береді. 
иНвестициялЫҚ тәуеКелдер
Компанияның инвестициялық жұмысына мынадай фактор-
лар әсер етеді:
 

Қазақстанның құрлықта орналасқан жаңа активтерін 
алудың шектеулілігі. 
 

Мұнайгаз активтеріне қол жеткізу жолында 
халықаралық мұнай-газ компаниялары тарапынан 
бәсекенің артуы.
 

ҚМГ БӨ-ГЕ Қазақстанның теңіздегі жобаларына 
және шетелдік тартымды жобаларға қатысуына 
мүмкіндік беретін өзіндік жоғары тиімді болып 
есептелетін сервистік сараптаманың болмауы. 
Бұған қоса, ҚМГ БӨ - Қазақстан Үкіметi қадағалап отырған 
ірі мұнай-газ компаниясы. осыған байланысты, ҚМГ БӨ 
акционерлері мүддесімен қиыспайтын, бірақ мемлекеттік 
мүдде бойынша мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰәҚ мен 
ҚМГ ҰК арқылы ықпал етуі мүмкін. 
осы факторлар өз бетінше немесе жалпылай алғанда жо-
балардың тартымдылығын дұрыс бағаламау/шамадан тыс 
бағалау, тиімді емес инвестициялық шешімдер қабылдау, 
ал оның салдары қор деңгейінің кемуіне, компания құнының 
төмендеуіне алып келуі мүмкін. 
КорпорАтитвтіК бАсҚАру тәуеКелдері
ҰйыМДАСТыруШыЛыҚ әЛЕуЕТТің КЕМуі
Компанияның тиімді жұмысына әсер ететін негізгі фактор-
лар ретінде оның ұйымдастырушылық әлеуетінің төмендеуін 
айтуға болады. Жоғарғы бiлiктiлiкке ие кадрлар – Компа-
нияның стратегиялық мақсатқа жетуіндегі негізгі бәсекеге 
қабілетті артықшылықтары. Жыл сайын Компания тиісті 
бiлiктiлiкке сай кадрларды тарту мәселесімен кезігеді. 
ол, ең алдымен, кей аймақтардағы жұмыс рыногіне тиісті 
категорияға жататын мамандардың тапшылығына байланы-
сты қызметкерді рекрутинг жасау мүмкіндігінің болмауына 
қатысты дүние.
осы қатерді төмендету үшін Компания ниеттестікті арттыру, 
қызметкердің уәждемесінің кәсіптік деңгейін көтеруге ар-
налған шараларын жасап жатыр. Бұған қоса, менеджмент-
тің көшбасшылық құзыретін артыруға және кадрлық қорды 
құруға көңіл бөлінеді. 
АЛАяҚТыҚ ПЕн ЖЕМҚорЛыҚ
Компанияның мүддесіне сай емес тұрғыдағы ресурстарды 
бөлісу, жеке пайдасы үшін Компанияға зиян келтіру, ком-
панияның жұмысына қаржылық тұрғыдан тигізер зиянының 
бағамына қарамастан жемқорлықтың кез-келген фактілері 
қабылданбайды және лайықсыз. Компания абыройға зиян 
тигізетін және кез келген бұрыс жайттардың алдын-алу үшін 
қолдан келген шараларының бәрін жасайды. Компания 
2011 жылы шілде айында өз күшіне енген «Жемқорлықпен 
күрес туралы» Қр заңының және Ұлыбританияның «Пара 
алу туралы» заңының (UK Bribery Act 2010) субъектісі және 
өз ішкі саясаты мен процедураларын осы  аталған заңдарға 
сәйкес қатаң жүргізеді.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал