1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/7
Дата07.02.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

1  маусым  -    Халықаралық  балаларды 

қорғау  күніне  орай,  қаламыздың  көптеген  мәдени 

орындарында  қызықты  ойын-сауық,  спорттық  шаралар 

ұйымдастырылды. 

Алдымен  облыстық  білім  басқармасы  және  қалалық 

білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  Қ.  Мырзалиев  атындағы 

өнер  орталығында  көрермендер  балаларға  арналған 

үлкен  концерттік  бағдарламаны  тамашалады.  Г.Құрманова 

жетекшілік  ететін  «Гармония»  балғын  бишілер  тобының 

бишілері  мен    Балғындар  төселген  тас  жолға  өздерінің 

сүйікті  кейіпкерлерін  бейнелесе,  қаламыздағы    №35  

«Шұғыла»  балабақшасының  тәрбиеленушілері  ұлттық 

ойынымыз «Ханталапай» ойынынан сайысқа түсті. 

Түстен кейін, «Салтанат» сарайында Орал қаласының 

әкімі  Н.Төреғалиев  қала  мектептерінің  үздік  оқушыларын 

қабылдады.  Елімізде  жас  ұрпақтың  білім  алып,  кемел 

келешекте  елге  қызмет  етер  жас  буынға  барлық  жағдай 

жасалып  отырғанын  айтқан  шаҺар  басшысы  білім  мен 

спортта  өнерде  Ақжайық  өңірінің  абыройын  арқалап  жүрген 

балғындарды  мерекелерімен  құттықтап,  марапаттап, 

оқушылар мен бірге естелік суретке түсті. 

Мұнан  кейін    бүлдіршіндерге  арнаған  қызықтар 

«Атриум»,  «Галактика»  «Әмбебап»,  «Орал»  сауда 

кешендерінде  жалғасын  тапты.  Бұл  күні  қаламыздағы 

«Киров» саябағында да балғындарға арналған шаралар 

көп болды. 

«самал»

№№ 11-12 (243-244)

2 мамыр 

2016 жыл

Өлкемнің гүл жайнаған 

балғындары

«Менің Отаным – Қазақстан»

асылан медеуоВ

Каршы орта мектебінің 

6-сынып оқушысы,

 Ақжайық ауданы



бағЖан қуан 

Айдархан ЖОББМ-нің мектепке дейінгі 

даярлық тобы.

Жетекшісі: А.Жұмашова 

Жаңажол ауылы,Жаңақала ауданы


№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

2

«Мектеп және әдіскер: шығармашылықтан 

шеберлікке дейін»

Ағымдағы ақпарат

Болашақ бүгіннен басталады

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде мектеп тәлімгерімен және мектеп 

әдіскері  А.Муфтиевтің  ұйымдастыруымен  мектеп  түлектері  9-сынып 

оқушылары  үшін  ұйымдастырылған  мектеп  бітірген  түлектермен 

кездесу  кеші  болып  өтті.  Шараның  негізгі  мақсаты  оқушыларға 

мамандық таңдау жөнінде кеңінен ақпарат беріп, ой бөлісу сонымен 

қатар  студенттік  өмірдің  қиындығымен  қызығын  таныстыру,  еліне, 

Отанына патриоттық сезім қалыптастыру. Мектеп директоры И.Сатимов 

мектеп бітіруші түлектерді  жылы қарсы алып, өз лебізін білдірді. 

Кеште 9-сынып оқушылары  қызықты сұрақтар қойып, әндер мен 

ойындар    ойнатып,  студенттердің  оқушы  күндерін  көз  алдарына 

елестетті.  Бүгінде  бір  маман  иелері  9-сынып  оқушыларына  сәт 

сапар  тілеп  болашақ  мамандық  таңдауда  қателеспеуге  шақырды. 

Сынып  жетекшілері  мен  пән  мұғалімдеріне  алғыстарын  білдіріп, 

ұйымдастырушыларға шексіз ризашылық білдірді.

д. қанағаТоВа

Бөрлі негізгі орта қазақ 

мектебінің тәлімгері

Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы 

Облыстық  оқу – әдістемелік  кабинетінің  

жоспары  бойынша  тұңғыш    рет    Ақжайық  

ауданының 

әдістемелік 

кабинетінің 

ұйымдастыруымен  білім  берудің  жаңа 

мазмұны жағдайында білім беру кабинетінің 

әдістемелік  жұмысын  басқару  негіздерін 

ұйымдастыру  туралы  теориялық  және 

практикалық  ақпарат  беру  мақсатындағы 

«Әдіскер  –  педагогтың  кәсіптік-тұлғалық 

дамуына  үлес  қосушы»  тақырыбындағы 

ашық  есік  күні  оздырылды.  Бұл  шараға 

облыстық  оқу  –  әдістемелік    кабинетінің  

директорының орынбасары  Г.Архипова, оқу 

– әдістемелік  кабинетінің  бөлім басшысы 

С.Алманбетова және барлық аудандардың 

әдістемелік  кабинет  меңгерушілері  мен  

әдіскерлері  қатысты.    «Ашық  есік»    күні 

қатысушыларға  әдіскерлер  жұмысына 

арналған  «Озық тәжірибе - ортақ қазына», 

«Әдіскер 

– 

бағыттаушы, 



ізденуші, 

шығармашыл  тұлға»  тақырыптарында 

көрме  ұйымдастырылды.    Балалар 

шығармашылығы орталығында   «Қосымша 

білім  беру  ұйымдары  –  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамытудың 

тиімді  ортасы»  тақырыбында    түрлі 

үйірмелерге  қатысатын  оқушылармен 

шеберлік сыныптар шеруі  өткізілді.

М.Әуезов  атындағы  орта  жалпы 

білім  беретін  мектебінде  ауданымыздың 

жас  мамандарына  арналған  физика  – 

математика,  жаратылыстану    пәндері  

бойынша 


«Зерде», 

 

гуманитарлық 



бағыттағы  «Лингвист» озат тәжірибе алмасу 

мектебінің  бірінші  шақырылымдарының  

жаңа технологияны  үйрету, заманауи әдіс – 

тәсілдерді іс жүзінде көрсету бағытындағы  

жұмыстары  да    мазмұндылығымен 

ерекшеленді.Мұғалімдерге 

«Ресурстық 

орталық  –  ауыл  мектептерін  дамытудың 

көзі»  таныстырылымы  көрсетіліп,  облыс  

әдіскерлері    орталықтың  сессия  кезіндегі 

сабақтарына  қатысып,  қатысушыларға 

бағыт-бағдар  берді.  Жаңартылған  білім 

мазмұны    бойынша  «Өзін  –өзі    тану» 

рухани  –  адамгершілік»  бағдарламасы 

негізінде  интеграциялау    үрдісінде  білім 

бөлімінің  әдіскері  Ағырыс  Исеева  мен 

Қаршы  орта  мектебінен  Гүлзада  Мусина 

пәндерді  мазмұнына  сай  мақсатты  түрде 

ықпалдастыра  оқыту  жайынан  өздерінің 

шеберлік  сыныбы  арқылы  тәжірибе 

бөлісті.

Ашық 


есік 

күнін 


аудандық 

әдістемелік  кабинет  меңгерушісі  Әлия 

Сапарғалиеваның    ұйымдастыруымен 

қорытындыланып,    қатысушы  әдіскерлер 

өз  пікірлерін  білдірді.  Облыстық  оқу  – 

әдістемелік    кабинетінің    директорының 

орынбасары    Галина  Архипова,  оқу  – 

әдістемелік    кабинетінің    бөлім  басшысы 

Сандуғаш  Алманбетовалар    аудандық 

әдістемелік  кабинеттің  білім саласындағы  

жұмыстары  туралы  ойларын  айтып, 

тәжірибе  алмасу  бағытындағы  ашық  есік 

күнін жоғары деңгейде өтті деп  бағалады. 

Басқа  аудандар  мен  Орал  қаласынан 

келген әдіскерлер де  алғаш өткен игі шара 

туралы жылы лебіздерін білдірді.



Әлия саПарғалИеВа

Ақжайық аудандық білім беру бөлімі

Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 

Ақжайық ауданы

Мектеп арасындағы сабақтастық

М.Маметова  атындағы  №27  физика  –  математика  бағытындағы  мектеп–лицейі  

мен №43 ЖОББМ-і арасында тығыз байланыс орнады. №43 ЖОББМ–ң география 

пәні 


мұғалімі, 

Садырбекова 

Наталья  Куанышқалиқызымен  №27 

мектеп  –  лицейінің  жас  маманы, 

география пәні мұғалімі Пирмакова 

Жанар  Куанышбекқызы  біріккен 

өлкетану  сабағын  өткізді.  Ол 

сабаққа  №27  мектеп  -  лицейінің 

5  -  сынып  оқушылары  мен    №43 

ЖОББМ  –  нің  география  пәнінен 

ғылыми 

жоба 


жүлдегерлері 

қатысты.  Олар  өздерінің  жасаған 

жобаларымен  макеттерін  көрсетіп 

оқушыларға таныстырды. №43 ЖОББМ – де өлкетану мұра орталығы жасақталған, 

сол  мұра  орталығының  ашылуына  мұрындық  болған,  негізін  қалаушы  Наталья 

Куанышкалиқызы  оқушыларға мұра орталығын таныстырды. Оқушылар 5 - сыныпта 

өлкетану курсын өтіп жатқандықтан оларға өлкетану мұра орталығында өте қызықты 

болды, көп мағлұмат алды. 



Ж.ПИрмакоВа

М.Маметова атындағы мектеп  - лицейінің 

география пәні мұғалімі

Орал қаласы

Жас мамандар сайысы

Оян  орта  мектебінде  «Сабақ-мұғалімнің  шағын 

шығармашылық  көрінісі»  атты  жас  мамандар 

апталығымен  бірге  «Үздік  жас  маман-2016» 

байқауы  өткізілді.Осы  мектепішілік  шараға  1-5 

жылға  дейін  еңбек  өтілдері  бар  жас  мамандар 

қатысты.Жас  мамандардың  біліктілігін,өз  кәсібінің 

жан-жақты  шебері  екендігін  сынау  арқылы,оларды 

іскерлікке,мәдениеттілікке,өз 

кәсібіне 

үлкен 

жауапкершілікпен  қарауға  бар  күш-жігерлерін 



жұмсауға  баулу  мақсатындағы  апталықта    ашық 

сабақтар өткізіп, сыныптан тыс шараларды ұйымдастырды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 

Раягул Ханатовнаның 6-сыныпта өткізген «The Iarde cities of  the USA», өзін-өзі тану пәні 

мұғалімі Таншолпан Жанайдаровнаның «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы ашық 

сабақтары жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерге толы өтті.                 

«Үздік  жас  маман-2016»  байқауының  кезеңдеріндегі  панорамалық  сабақтан  үздік 

шыққандар:  М.Гиметдинова,  Р.Насырова,  өз  өнерлерін  көрсетуден:  К.Рахметов, 

М.Мақатаевтың,  Ж.Айбатова  жерлес  ақынымыз  А.Нәріковтің  өлеңдерін  нақышына 

келтіріп  орындады.  Жас  мамандарымыздың  апталығы  қорытындысында  Р.Насырова,  М. 

Гиметдинова М,Ажбаева   I-III орындарды иеленсе, қалған жас мамандар номенациялармен 

марапатталды.

а.нҰрманоВа

 Оян орта мектебінің оқу ісінің орынбасары

Тасқала ауданы

«Дін – тәрбие діңгегі» 

Березов мектеп –балабақша кешенінде тәрбие жұмысы жоспары бойынша, тарих пәнінің мұғалімі 

И.Сугурбаеваның  ұйыдастыруымен,  мектепішілік  «Діни  татулық  –халқымыздың  жетістігі»  онкүндік 

аясында «Дін –тәрбие діңгегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Салиқалы отырысқа Ақсай 

қаласының  Мұсылман  мешітінің  бас  имамы  Мейрамбек  мырза,  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  өкілі 

Ырыскүл Суюсанова және

 «үміт» қоғамының психологы Бакытгүл Окаева қатысты.

  Діни  экстремизм  –  діни  жамылғы  жамылған,  діни  қызығушылыққа  мемлекеттік  құрылымға  күш 

қолдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттің тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіреді. Діни 

қастандықты қоздыратын іс-әрекет, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің теориялық 

біртұтастығын бұзуға бағытталады. Осы жат қылықтардың алдын –алу мақсатындағы отырыста балалар 

мен  жасөспірімдерге  түрлі  экстремизм  мен  терроризмнің  таралу  себептері  мен  оған  қарсы  әрекет 

түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын-алу шараларын жүргізу жайында арнайы қатысқан мамандар 

мағлұмат берді. 

И.сүГірбаеВа

Березов МБК-ні директорының тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары, Бөрлі ауданы

Салауатты өмір салтын сақтаймыз

            Ақсу  мектеп  –  балабақша  кешенінде    «Салауатты  өмір 

салтын сақтайық!» ұранымен  спорттық жарыс оздырылды. Шара 

салтанатты  түрде  ашылып,  мұғалімдер  мен  оқушылар  сапқа 

тұрғызылып,  мектеп  директоры  Тасанов  Алмас  Ақмайданұлы 

кештің  ашылу  салтанатында  сөз  сөйлеп,  қатысушыларды 

құттықтады.  Таңертеңгі  бой  жазу  жаттығудан  кейін,  мектептің 

спорт алаңында мұғалімдер мен оқушылар 500м, 1000м, 1600м, 

2000метрге  қашықтықта  сфынға  түсті.  Онан  кейін,  әр  түрлі 

ұлттық  спорттық  ойындардан  соның  ішінде  арқан  тартыс,  қол 

күресі,  көңілді  старттар  мен  дойбыдан,  тоғызқұмалақтан,  шағын 

футболдан, волейболдан жарыстар өтті. Шара соңында белсене 

қатысқан мұғалімдер мен оқушылар марапатталды.



л.ЖҰмағалИеВа

Ақсу МБК-нің кітапханашысы,Бөрлі ауданы 



№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

3

«Заңғар» - заманға сай тәрбие ордасы

Білім  мен  тәрбие  ордасының  бірі 

қаламызда  2014  жылы  бой  көтерген, 

заманауи  жабдықтармен  жасақталған 

«Заңғар» балабақшасы. Балабақша алғаш 

баламыз  барған  күннен  баламызды  да, 

өзімізді  де  баурап  алды.  Ғимарат  әсем, 

жарық,  әдемі.  Заманауи  жабдықтармен 

жабдықталған, 

яғни 

интеллектуалды 



ойын  түрлеріне,  релаксация  бөлмесіне, 

балалардың  балабақшаға  қалыптасу 

кезеңінде 

психолог 

мамандардың 

жұмыстануы үшін жаңа технологиялармен 

жабдықталған 

арнайы 


бөлмелер: 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

мақсатында  дене  шынықтыру  бұрышы, 

интеллектуалдық  деңгейін  қалыптастыру 

үшін  релаксация  кабинеті,  балалардың 

тілін  дамыту  үшін  «Ертегі  әлемінде» 

бұрышы, өнерге бейімдеу үшін сурет салу 

бұрышы,  арт  студиясы  арқылы  құммен 

сурет  салу  кабинеті,  ұлттық  тәрбиені 

сіңіру  мақсатында  қазақшылық  бұрышы, 

еліміздің  тарихын  таныту  мақсатында 

тәуелсіздік бұрышы, балалардың танымдық 

белсенділіктерін  дамыту  мақсатында 

шахмат  алаңы,  үстел  хоккейі,  жарға 

ілінген  шашка  бұрыштары    бар.  Баланың 

көзін  алатын  ойыншықтар,  заманға  сай 

жабдықталған  құрал-жабдықтар  баланың 

эстетикалық  талғамын  қалыптастыруда 

маңызды рөл атқарады. 

Баламыздың  балапан  сәби  күнінен 

бастап балабақша табалдырығын аттаған 

уақытта  алғаш  қабылдап,  кішкентай 

сәбиді  үлкен  өмірге  баулыған  алғаш 

тәрбиешіміз 

Айсалқам 

Айтқалиқызы 

болса,  кейін  есейе  келе  жаңа  топ,  жаңа 

достарымызға, 

жаңа 

тәрбиешімізбен 



танысқанда  «Қалай  үйреніседі?», 

«Бала  қалай  қабылдайды?»деп 

қобалжығанымыз да рас. Дегенмен, 

біздің  баламызды  тәрбиелеген 

Роза  Құрмашқызы  мен  Гүлсара 

Дулатқызы сияқты тәрбиешілеріміз 

де 

өздерінің 



педагогикалық 

шеберліктерімен,  балаға  деген 

шексіз  мейірім,  шуағымен  біздің 

қорқынышымызды  сейілтті,  балаларымыз 

тез  тіл  табысып,  бір  үйдің  балаларындай 

ұжымдасты. 

Балабақшада 

«Алғашқы 

қадам», 

«Зерек  бала»,  «Біз  мектепке  барамыз» 

бағдарламаларымен  жұмыстана  отырып, 

«Шығармашылық», 

«Денсаулық», 

«Таным»,  «Әлеуметтік»  деп  аталатын 

салалар  бойынша  балаларға  білім  мен 

тәрбие  қатар  беріледі.  Мәселен,  Роза 

Құрмашқызы  өткізген  шығармашылық 

саласы  бойынша  «Қармен  тәжірибе 

жасау», 

 

«Көгалдағы 



серуендеген 

балапандар» тақырыбындағы ашық оқу іс-

әрекеті  бүлдіршіндердің  шығармашылық 

қабілеттерін,  білімге  деген  құлшынысын, 

әлеуметтік  бейімделуін,  денсаулығын 

нығайтуын жүзеге асырады. 

Мұның  бәрі  әрине,  тәрбиешілердің 

тынымсыз  еңбегінің  нәтижесі.  Абай 

атамыз  «Жас  бала  дүниеге  келгенде 

ақ  қағаз  тәрізді,  қалай  жазсаң,  солай 

қалыптасады» демекші әр үйдің алақанына 

салып аялап отырған балапандарымызды 

«Заңғар»  балабақшасына  бере  отырып, 

олардың  болашағы  жарқын  болуы  үшін 

барлық  жағдайдың  жасалып  отырғанына 

сенімдіміз. 



аЙнҰр ШалқароВа

«Заңғар» балабақшасы

«Балапан» тобының тәрбиеленушісі 

Мұрат Маликаның анасы, Орал қаласы

«Бөбекжай 

мен отбасы  

ынтымақтастығы»

Отбасы  -  адам  баласының  өсіп-өнер  алтын  ұясы. 

Адамның  өміріндегі  ең  қуанышты  қызық  дәурені 

осы  отбасында  өтеді.  Бала  өмірінің  алғашқы  күнінен 

бастап  ата-ана  өздерінің  негізгі  борыштарын  –  тәрбие  жұмысын  атқаруға  кіріседі.  Бүгінгі 

таңдағы  отбасы  тәрбиесінде  қоғам  ата-аналар  алдына  үлкен  жауапкершілікті  жүктеп  отыр.  

Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділ қарым-

қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек.  

Бала  тәрбиелеу  оңай  жұмыс  емес,  ол  үлкен  шеберлік  пен  шыдамдылықты  талап  етеді.  

Бөбекжайға  барған балалардың өзімен қатарлас балалармен араласып, тіл табысуына үлкен мүмкіндік 

туады. 

Бөбекжай  баланы өзімшілдіктен арылтады. Тәрбиешінің тәрбиесіне төселген бала мектепке барғанда 



мұғаліммен тез тіл табысатын болады.  Үйден шықпаған бала тым ерке, өзімшіл болады.Бөбекжай мен  

отбасы ынтымақтастығын  артыру  біздің ұжымының негізі бағыттарының бірі.  Болашақта да бөбекжай 

мен отбасы ынтымақтастығының арқасында тәрбие жұмыстары жалғаса  бермек.  

Гүлфайруз бақТыГерееВа

№46 «Ақжайық»  бөбекжайының  әдіскері  

Орал қаласы

Дәстүрді дәріптейтін «Сөз мерген»

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының  жанында 

жұмыс істейтін «Еркетай» балабақшасының әдіскері Айсұлу Өтегенова 

ұйымдастырған 

балабақша 

тәрбиеленушілерінің 

ата-аналары 

арасында дәстүрге негізделген «Сөз мерген» атты сайысы оздырылды. 

Бүлдіршіндерді  салт-дәстүрімізді  дәріптеуге,  ізгілікке,  болуға  бейімдеу, 

тіл  байлығын  молайту,  сөйлеу  мәдениетін  арттыру,  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту мақсатындағы шараға ата-аналардан құралған үш 

топ өнер көрсетті.

Төрт    бөлімнен  тұратын  сайыстың  алғашқы    «Ұшқыр  ой»  атты  1-ші 

бөлімінде  әр  топқа  әр  түрлі  тірек  сөздер  беріліп,  ата-аналар    оларға 

жауап берді. «Жаңылдырсаң да жаңылмайтын» атты келесі бөлім ата-

аналарға  қазақша  ай  аттарын  жақсы  біліп,  дәріптеу  үшін  маңызы  бар 

бөлім болды. Бұл «Кім тапқыр?»,- деп аталатын үшінші бөлімде әр топтан 

бір  ата-ана  шығып,  ортаға  келген  сандықшадан  сан  жазылған  асықты 

алып, ұлттық  салт-дәстүрлерімізге байланысты сұрақтарға жауап берді. 

Мұнда  ата-аналар  күнделікті  өмірде  айтыла  бермейтін  нақыл  сөздер, 

қазақтың  қасиетті  жеті  қазынасы,  ата-баба  дәстүрін  дәріптеу  үшін 

кейінгі ұрпаққа үйретуді мақсат еткен халқымыздың жеті атасы, ұлттық 

ойындары, үш арсыз бен үш жұртын танып білуді, киіз үйдің құралдарын 

атау  сияқты  құндылықтардың  маңыздылығы  балалар  бойына  сіңірудің 

де маңыздылғында айтты.



 айнұр сИсеноВа

«Еркетай» балабақшасы тәрбиеленушісінің ата-анасы

Қаратөбе ауданы

«Ақылды балапан»

№13 кітапхана филиалы жанындағы 

«еркетай» балалар 

қуыршақтар  театрының  ұйымдастыруымен  қаламыздағы 

№1  «Айгөлек»  балабақшасында 

  «ақылды  балапан» 

ертегісінің  желісі  бойынша    қойылым  ұйымдастырылды. 

Шараға  балабақшаның  ортаңғы  топ  балалары  қатысты.     

Мақсаты  балаларды  ертегі  арқылы  жастайынан  жақсы 

қасиеттерге, жақсы және жаман әрекеттерді айыра білуге тәрбиелеу. Ертегілер арқылы кітап оқуға 

тарту, кітапқа, кітапханаға деген қызығушылықтарын ояту еді. 

 

Ертегідегі  кейіпкер  қуыршақтарды  кітапхана  мамандары  ойнатты.        Балапанның 



ақылдылығы  мен  өзге  аңдардың  ақымақтығы,  түлкінің  қулығы  мен  қоянның  аңқаулығы  жайында 

болған қойылымды балалар асқан қызығушылықпен тамашалап, ертегіден алған әсерлері туралы 

кітапханашы  қойған  сұрақтарына  да  белсене  жауап  берді.  Шара  соңында    балаларға  арналған 

иллюстративті, ертегі кітаптардан жасақталған кітап көрмесі таныстырылып, балаларға кітаптарды 

өз беттерінше парақтап тамашалауға мүмкіндік берілді. 

Г. саменоВа

 

№13 кітапхананың кітапханашысы



Орал қаласы

Бастауышым-балбұлағым

    Әр адамзат өмірдің  бастапқы баспалдағын  аттай отырып, білім әлеміне есік ашады. Ақын 

болса да, ол мейлі ғалым болса да бар білімнің бастауын бастауыштан алады. Сондықтан да әр 

адам үшін алғашқы ұстазы, бастауышта  қалам тербетіп, биік белестерді бағындыруға  бағыт берген 

мұғалімдері еш  ұмытылмайды деп ойлаймын. Төрт жыл  бойы білім нәрімен сусындатқан  шәкіттерін  

ұстаздары да қимастықпен  ақ  жол тілеп , шығарып салады.  Біз  де сондай кештің  куәсі болдық. 

Ата-аналар алдында беделді әрі шәкірттерінің  жүрегінен жол 

таба білген, жоғарғы санатты      Меңсұлу Декабрқызы  бүгін  

ұстаздардың  және  ата-аналардың  қатынасуымен  салтанатты 

түрде  өз  шәкірттеріне    жүрегінен    жарып  шыққан  игі  тілегін 

арнап,  шығарып  салды.        4  сынып  оқушылар  өз  өнерлерін 

ортаға  сап,  жеткен  жетістіктерімен  бөлісті.    Төрт  жыл  бойы 

дәріс берген ұстаздарына жырдан шашу шашты.



Гүлайым меҢдеШеВа

Тегісшіл ЖББНМ-нің мұғалімі 

Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылы

Жасмина  ТҰрсынғалИеВа                                                                                               

Жаңақала ЖОББМ-нің 4 «а» сынып 

оқушысы6 Жаңақала ауданы

Әлия  Темірболатқызы             

Жаңақала ЖОББМ-нің                                                                                                     

2 «ә» сынып оқушысы                                                                                                         

Жаңақала ауданы



диас  еркінұлы                                                                                                  

Жаңақала ЖОББМ-нің 1 «в» сынып 

оқушысы6 Жаңақала ауданы

назерке  серікқалИ  Жаңақала 

ЖОББМ-нің  1 «ә» сынып оқушысы                                                                                                 

Жаңақала ауданы

арсен нҰрланоВ

Жаңақала ЖОББМ-нің                                                                                                  

4 «а» сынып оқушысы                                                                                                 

Жаңақала ауданы



№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

4

данияр нысанғалиев айдархан жалпы орта 

білім  беретін  мектебінің  10-сынып  оқушысы. 

облысымызда  поэзияға  кейінгі  келген  көп 

буынның бірегейі, жазары бар жас ақын.  

Ол  жақында  Мұқағали  ақынның  туған  жері 

Қарасазда  өткен  республикалық  Мұқағали 

оқуларының ІІ орын иегері атанды. Республикалық 

шара  «Менің-пірім  Мұқағали»,  «Жауқазын  жыр 

жанымды  жүр  мазалап...»,  «Жыр  эстафетасы», 

және «Өлеңмен өрілген жыр», «Мұқағали мұрасын 

кім  көп  біледі?»  сынды  бірнеше  турдан  тұрды. 

Сондай-ақ  берілген  ұйқасқа  өлең  құрау  бөлімі 

бойынша  оқушылар  ұйқас  қуып,  өлең  жазуы 

қажет. Осының бәрінен сүрінбей өткен шәкіртіміз 

республиканың 

түкпір-түкпірінен 

жиналған 

дарындылардың ішінен үздік шығып, Ақжайықтың 

намысын  қорғай  білді.  Онан  кейін  жыр  алыбы 

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткен 

республикалық  оқушылар  айтысында  арнайы 

жүлдемен марапатталды.

данияр  алғаш  өлеңді  неше  жасыңнан 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал