1. жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу жəне кадастрлық есепке алу


ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН



жүктеу 172.51 Kb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата02.11.2022
өлшемі172.51 Kb.
#23179
1   2   3   4   5
Узвр
2.ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз етентін міндеттерді тиімді, 
уақытты жəне сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді 
үйлестіру, жер мониторингі топографиялық-геодезиялық, топырақтық, 
геоботаникалық гидрогеологиялық жəне басқа ізденістер бойынша көп 
көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша 
мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау жəне пайдалану 
казіргі есептеуіш жəне телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. 
Сондықтан республикамызда қəзірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер 
кадастрының автоматтандырылған ақпатаррық жүйесі өзегі болып келетін 
жер ресурстарын басқарудың бірыйғай ақпаратты-есептеуіш жүйесін құру 
керек. 
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық 
жүйесінің республикалық орталығы РМК «ЖерҒӨО-ның» құрылымды бөлігі 
болып табылады. Орталық - Қазақстан Республикасы əкіметінің 2000 жылғы 
30 маусымдағы № 991 «Қазақстан республикасының салық төлеушілерінің 
біркелкі автоматтандырылған деректер банкін құру туралы» жəне 2000 
жылғы 25 қыркүйектегі №1449 «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде 
Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік 
кадастрлар жүйесін құру туралы» қаулысы, «ЖерҒӨО» 2003 жылғы 17 
ақпандағы № 24 бұйрығы негізінде мемлекеттік жер кадастрының деректер 
қорын жүргізу жəне жүйелеу, жинау, алып жүру, енгізу мақсатында құрылды. 
ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық 
ауқымын жоғары өнімді компьютер технологиясын пайдаланып, жер 
кадастырын жүргізу түбегейлі, жаңа тəсілдері мен түрлеріне көшу болып 
табылады. ЖКААЖ тиісті мəліметтер базаларында ресурстары туралы 
ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кəсіпорындары, 
кызметтері, тиісті министрліктер жəне ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ 
ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру 
– технологиялық жүйе. Оған: 
-жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық 
ақпараттары; 
-басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың қысқа уақытта 
өтуі; 
жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы; 
-басқарылатын жүйеде (жер мониторингі) болатын барлық өзгерістерді 
дер кезінде тауып, есепке алу; 
-жер ресустарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін 
қаржыларды нəтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді. 
Қалыптасып жатқан ЖКААЖ қызметі мына мəселелерді қамтиды: жер 
пайдаланушы субъектерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, 
ұйымдарға кəсіпорындарына заңды жəне сол салада жұмыс істейтін жеке 
тұлғаларға қызмет көрсету. ЖКААЖ жер меншігінің əр түрлеріне 
негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін жəне жер 
8


нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде 
қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару 
жөніндегі агенттік құрамында құруда жəне жүргізуде бұрынғы Мемлекеттік 
жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі каралған. 
Қазақст ан Ре спубликасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы. 
Республикалық деңгей: 
Ұзақ мерзімді жəне болашақтық жоспарлау; 
Бағдарламалық өнімдерді жəне Қазақстандық бағдарламаларды 
игеру; 
ЖКААЖ облыстық орталықтарын əдістемелік, бағдарламалық жəне 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 
Ақпаратты қорыту; 
ЖКААЖ орталықтың облыстық жəне аудандық мамандарын оқыту; 
Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету; Облыстық 
деңгей: 
Орта мерзімді болашақтық жоспарлау; 
Картографиялық негіз құру; 
Ақпаратты қорыту; 
ЖКААЖ аудандық орталықты əдістемелік, бағдарламалық
материалдық – техникалық қамтамасыз ету; 
Мамандарды оқыту; 
Жұмыстардың сапасын тексеру. 
Жер кадастры мəліметтерін өндеуде шешілетін негізгі міндеттер: 
1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер 
көлемдерін анықтау; 
2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу; 
3. Жерлердің жəне ауыл шаруашылық алқаптардың сапасын анықтау; 
4. Жақсартылған жерлердің аудандарын жəне олардың жай-күйін 
анықтау; 
5. Аудандар, облыстардың есептік мəліметтеріне өзгерістер енгізу; 
6. Есептік кадастрлік құжаттарды құрастыру. 
Кадастрлық процеске компьютерлік технологияны енгізуге байланысты 
соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуде автоматтандыру мүмкіндіктері 
шұғыл кеңейді. Мысалы, жер учаскесін тіркеу кезінде олар жəне жер 
пайдаланушылар туралы барлық мəліметтер компьютерлік мəліметтер 
банкіне енгізіледі, б.а. ауданның мемлекеттік жер кадастрлік кітабына 
жазылған бар мəліметтер толығымен ақпараттың магниттік таратушысына 
түсіріледі. Сонымен, жер учаскесін тіркеуде барлық құжаттарымен жер 
кадастрлік іс қалыптасады, ол қатарласа жер учаскесі туралы барлық ақпарат 
тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол ақпаратты 
автоматтық тəртіпте сақтаумен катар, онымен жұмыс істеуге болады, былай 
айтқанда жердің негізгі жəне кезекті есебін жүргізуге болады (аудан, сапалық 
сипат жөнінде əр жер учаскесі, алқаптар, алқап түрлері жəне жер санаттары 
бойынша). 
9


Қазіргі уақытта жерлердің бар болуы мен үлестіруші олардың санаттар, 
жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы жəне алқаптар бойынша кезектегі 
жылдың 1-қарашасына қосымда кестелерімен бірге есеп беріледі. Осы 
мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, республика 
деңгейлерінде толық автоматтандырылған. 
Республикамызда жер кадастрын автоматтандыру жұмыстары жер 
қатынастарын қата қараумен қатар бірге жүргізіле басталады. Ең алдымен 
жұмыстар республикалық МемҒӨО жер, Жер ресурстары басқару жөніндегі 
Алматы облыстық, қалалық комитеттерден басталды. Мысалы, Алматы 
қаласының қалалық комитетінде 20 астам автоматтандырылған жұмыс орны 
АЖО бар, барлық қажетті техникамен жəне бағдарламалық бұйымдармен 
жабдықгалған жер кадастрын жүргізуді автоматандырылған бөлімшесі 
құрылды. 
10



жүктеу 172.51 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет