1. жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу жəне кадастрлық есепке алу



жүктеу 172.51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі172.51 Kb.
#23179
1   2   3   4   5
Узвр
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖƏНЕ 
КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ 
1.1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері 
Жер учаскесінің жерін пайдалануға жəне (немесе) меншік құқығын 
алуға мүдделі физикалық жəне заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер 
қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған 
орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді. 
Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның 
нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы . 
Өтінішке қоса тіркеледі: 
- жеке басты куəландыратын куəлік; 
- салықшының тіркеу нөмірі (СТН); 
- инвентарлық іс; 
- жер учаскесін бекіту негізі. 
Жер учаскелері меншіктер иелері атынан жəне жер қолданушылар 
атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты 
өтінішпен тікелей жер –кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер 
учаскесінің меншік иесі жəне жер қолданушылар атынан жер ресурстарын 
басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер – 
кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі жəне 
жер пайдаланушының рəсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады. 
Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі жəне жер 
пайдаланушылар, немесе жер – кадастр жұмыстары іске асырушы олардың 
өкілетті тұлғасына бекітілген тəртіпте қажетті мəліметтер (геодезиялық тірек 
желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің 
көшірмесі жəне басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, 
сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мəліметтер 
ұсынылады. 
Жұмыс сапасы үшін жəне мəліметтің растылығына жер-кадастрлық 
жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді. 
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем жəне 
мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін 
зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер 
болғанда, олар бекітілген тəртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады. 
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, 
геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың 
барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі 
кезекті тəсілдермен орындалады: 
- геодезиялық; 
- аэрофотогеодезиялық. 
Тəртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу 
бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, 
3


қиылыстырулар, полярлық əдістер жəне перпендикулярлық əдістер). Жер 
учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады. 
Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша 
нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе 
(координатты анықтаудың графикалық тəсілі) берілген аумақ түрі үшін 
масштаб талаптарына жəне сапасы бойынша жауап беретін аэрофото 
жоспарлар жəне қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен 
белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ 
болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының 
көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады. 
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік 
иесі жəне жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің 
қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде 
белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі. 
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша 
жұмыстар нақты жүйемен орындалады: 
- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, 
жұмыс сызбасын дайындау жəне т.б.); 
- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу жəне желі шаралары, 
шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау 
т.б.с.). 
- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, 
соңғы құжаттарды рəсімдеу); 
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан 
кейін жер – кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің 
шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы 
сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта жəне 
жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. 
Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық 
сызықпен штрихтеледі. 
Жер кадастрлық картасына (сызбасына) шекараларды енгізгеннен кейін 
жер – кадастрлық нөмірін беру туралы тізімге кіргізу жолымен кадастрлық 
нөмер беріледі. 
Кадастрлық номер иерархиалық құрылымы бар, аумақтық бірлікке 
сəйкес 4 деңгейден тұрады: 
- А – Республикалық мəндегі қала жəне облыстың коды; 
- Б – облыстық мəндегі қала немесе əкімшілік ауданының коды; 
- В – есеп тоқсаны коды; 
- Г – жер учаскесінің нөмірлері. 
А – бірінші деңгейінде екі разрядты ондық сан Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 06.06.1996 жылғы №710 Қаулысының 1 тіркемесі «Жер 
учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық 
сəндегі қала жəне əкімшілік ауданның берілген код тізіміне» сəйкес 
республикалық мəндегі қала немесе əкімшілік - аумақты 19 коды бар. 
4


Б – екінші деңгейінде үш разрядты ондық санды кадастрлық нөмірде 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.06.1996 жылғы №710 қаулысының 
екінші тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру 
мақсаты үшін облыстық мəндегі қала жəне əкімшілік ауданының берілген 
код» тізіміне сəйкес облыстық мəндегі қала жəне əкімшілік ауданы коды 
көрсетілуді Шымкент қаласы 309. 
Үшінші деңгейдегі кадастрлық нөмірде облыстық мəндегі қала немесе 
əкімшілік ауданының бөлігі болып табылатын квартал есеп коды көрсетіледі. 
Кадастрлық бөлулер 1996 жылы қала құрылысын аумаққа бөлу 
материалдарын, орман құрылысы материалдарын негізін пайдаланумен 
электронды түрде (вектор) орындалған. 
1:10000. Кадастрлық кварталдардың жалпы саны 139 құрайды. 
Төртінші деңгейде – төрт разрядты сандар, есеп кварталындағы жер 
учаскесінің реттік саны. 
Кадастрлық нөмірді құру мысалы: 19-309-139-487 
Жер учаскесіне кадастрлық номер берілгеннен кейін Бірегей 
мемлекеттік жер реестрі дерегіне ену үшін тапсырыс бланкасы толтырылады. 
Жер – кадастрлық құжаттары келесі талаптарға сəйкес болады. 
Орындау бекітілген үлгідегі бланкада барлық деректермен толтырумен 
жүргізіледі. (Орган, мекеме, ұйым атаулары, олардың берген құжатының 
нөмірі, күні, адресат (құжат алушының) көрсетіледі. 
Жер учаскелерінің шекарасын (сызба) жоспарын дайындау, мемлекеттік 
актісін дайындау. 
Жер ресурстарын басқару бойынша орталық өкілетті орган бекіткен 
техникалық талаптарымен жəне жер учаскесіне құқығын куəландыратын 
құжаттарды облыстық өкілетті органы берген (республикалық мəндегі қала) 
болып табылатын тіркеме). 
- жер учаскесіндегі жеке меншіктегі – жеке меншік құқығы актісі; 
- тұрақты жер пайдалану – тұрақты жерпайдалану құқығы актісі; 
Уақытша өтеулі жер пайдалануда – уақытша өтеулі жерпайдаланулар 
құқығы актісі. 
Жер учаскесінің меншік құқығы актілер заңды тұлғалар жəне 
азаматтарға акт бланкасын беру туралы, тұрақты жер пайдалану құқығына, 
уақытша өтеулі жерпайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметі 
Президентінің Жарлығы қазіргі күші бар 22.12.1995 жылғы №2717 «Жер 
туралы» заңымен, ҚР Үкіметінің 22.08.2003 жылғы №851 «жер учаскесіне 
құқықты куəландыратын құжаттардың формаларын бекіту туралы» заңмен 
бекітілген. Жер учаскесіне меншік құқығы актісі, тұрақты жерпайдалану 
құқығы немесе уақытша өтеулі жерпайдалану қазақ жəне орыс тілдерінде 
жасалады. 
5



жүктеу 172.51 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет