1 Глоссарий Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ



жүктеу 1.08 Mb.

бет8/12
Дата25.02.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 

1.

 



Қазақ  халқының  қалыптасуында  түрік  тектес  халықтар  қандай  роль 

атқарды? 

2.

 

Не  себептен  мемлекеттік  бірлестік  ретінде  алғашқы  Қазақ  хандығы 



берік болмады? 

3.

 



Қазақ  деген  этнонимнің  шығуы  жөнінде  қандай  ғылыми  болжамдар 

бар? 


4.

 

Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар? 



 

 

ХҮ-ХҮІ ғғ. Қазақ хандығы және қазақ хандары тарихының көмескі 

тұстары 

1.  Сыртқы саясат мақсаттарының үш ғасыр шеңберінде өзгеріске ұшырауы 

(ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.) 

2. Ішкі саясат мақсаттарының үш ғасыр шеңберінде өзгеріске ұшырауы 



1.

             

ХҰІ-ХУІІ  ғасырларда  қазақ  хандығы  нығайып,  оның  шекарасы 

едәуір  ұлғая  түсті.  Өз  тұсында  "жерді  біріктіру"  процесін  жедел  жүзеге 

асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы 

Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-

ақ  басқара  бастады.  Қасым  ханның  басқаруынан  бастап  елде  билік  жүргізу 

тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 

жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-

жақты  нығая  түсті.  Ол  феодал  ақсүйектердің  қарсылығына  тойтарыс  беріп, 

әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік 

қүрған  кезде  қазақ  халқы  өзінің  осы  күнгі  мекен  түрағының  негізгі 

аймақтарын  біріктірді.  Хандықтың  шекарасы  батыста  Жайыққа,  оңтүс-тік-

батыста  Сырдың  оң  бойындағы  бірсыпыра  қалалар  қосылды,  солтүстікте 

Қасым  ханның  қол  астындағы  қазақ-тардың  жайлау  қоныстары  Ұлытаудан 

асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле 

өлкелері/  қарады.  Қасым  ханның  түсында  Орта  Азия,  Еділ  бойы,  Сібірмен 

сауда  және  елшілік  байланыс  жасалып,  Орыс  мемлекетімен  қатынас 

қалыптасты.  Қазақ  ханды-ғымен  елшілік  байланыс  орнатқан  алғашқы 

мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген 

кездегі  Мәскеу  мемлекеті  еді.  Осы  түста  қазақ-тар  өз  алдына  дербес  халық 

ретінде батыс Еуропаға мәлім болды. 

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл 

заң  қазақ  арасында  бүрыннан  қалып-тасқан  әдет-ғүрып  ережелері  негізінде 

жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам 

дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы 

заң  болды.  Соның  үшін  ол  Қасым  хан-ның  атымен  байланыстырылып 

«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер: 

1.

 

Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері) 



2.

 

Қылмыс  заңы  (кісі  өлтіру,  ел  шабу,  мал  талау,  үрлык  қылмыстарына 



жаза). 

3.

 



Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар 

ат). 


4.

 

Елшілік 



жоралары 

(майтадмандық, 

шешендік, 

халықаралық 

қатынастарда сыпайылық, әдептілік) 

5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас,  той, мереке  үстіндегі ережелер, 

жасауыл, 

бөкеуіл, 

түтқауылдардын 

міндеті.) 



"Қасым  ханның  қасқа  жолының"  қазақ  феодалдык  қоғамын  нығайтуда 

үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-

нын  кеңеюі  Орта  Азиядағы  Мәуеренахрды  билеген  Шай-бани  тұқымдарын 

қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. 

Жергілікті  халықтың  Шайбани  әулетінің  билеушілеріне  наразылығын 

пайдаланып,  мүндағы  өкімет  билігін  тартып  алады  деп  қауіптенді. 

Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша 

әлсірету  үшін  ең  әулі  экономикалық  қыспаққа  алу  саясатын  жүргізді.  Осы 

саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-

лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға 

келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ 

хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет 

тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды. 

Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мүхаммед Шайбани қалың қолды бастап 

Түркістан аймағына жорық жаса-ды, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, 

жергілікті  ха-лықты  тонап,  талан-таражға  салды.  1505-1506  жылдары 

мындаған  әскери  жасақты  бастап  ол  тағы  да  жорыққа  аттанды.  Түркістан 

аймағы арқылы  Қазақ хандығының  жері-не  жетті.  Сығнақ  қаласын  айналып 

өтіп, Сыр бойндағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абда-

лға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтар-ды қирата шауып, 

қыруар  мал-мүліктерін  тонады.  Әсіресе,  Жәнібек  ханның  баласы  Жаныш 

сүлтанның  үлысы  ерекше  талан-таражға  түсті.  Осыдан  кейін  Мүхаммед 

Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сүлтанның үлы Ахмет 1508 жылы 50 мың 

жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық 

қалалары  Самарқан  мен  Бүхараға  шабуылдап,  бүл  қалалардың  төңірегіндегі 

қыстақтарды  ой-рандады.  Бүған  жауап  ретінде  Мүхаммед  Шайбани  қазақ-

тарға  қарсы  үшінші  жорығына  шықты.  1509  жылы  қалың  Қолмен  аттанып, 

Аркек,  Үзгент  және  Ясы  (Түркістан)  қала-ларын  басып  етіп,  тағы  да  Сыр 

бойындағы  қазақ  қыстаула-Рьіның  орталығы  Қара-Абдалға  жетті.  Мүндағы 

Жаныш 


с

Ұлтанның  жасақтары  түтқиылдан  жасалған  шабуылдан 

к

Үйрей 


жеңілді.  Шайқастардың  барысында  Жаныш  сүлтан-иың  баласы  Ахмет  қаза 

тапты.  Жеңіліске  үшыраған  қазақтар  Үрындық  ханның  Дешті-Қыпшақтағы 

ордасына қашты.  

2. 

Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ 

күресте  бекітті.  1586-жылы  ол  Баба  сұлтан  бастаған  өз  қарсыластарын 

талқандап  шықты.  Сол  кезеңде  қазақ  хандағанаң  халықаралық  жағдайы 

әлсіреді.  Өз  билігінің  басты  мақсаты  ретінде  Тәуекел  хан  оңтүстік 

қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді. 

 

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, 



Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін 

талқандап,  Тәшкент,  Самарқант  қалаларын  алды.Сонымен  осы  жылы 

Сырдария  қалалары  үшін  болған  ұзақ  соғыс  аяқталды  деп  есептеуге 

болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей 

қайтыс болды. 


 

Қазақ  хандығының  құрамына  Орта  Азия  қалаларын  біріктіру  Тәуекел 

ханның  қолынан  ғана  келді.  Түркістан  аймағы  ХІХғ.басына  дейін  қазақ 

хандығының құрамында болды. 



3. 

Есім  хан  билігі  кезінде  қазақ  сұлтандары  оңтүстік  қалалар  үшін 

Аштарханидтер  әулетімен  соғысты.Есім  хан  мен  Тұрсын  хан  арасында  

қақтығыстар  көп  болған.Сонымен,  қалмақтардың  күшеюі  мен  қазақтардың 

этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ 

хандығын  мықты  мемлекет  деп  тануға  болады.Кейбір  деректерде  Тәуекел 

мен  Есім  хандарды  қазақ  қалмақ  билеушілері  деп  атайды.  Шығыс 

деректерінде  Есім  тұсында  қазақтар  Шығыс  Түркістан  үшін  саяси  күреске 

араласқан,  орыс  деректерінде  Батыс  Сібір  үшін  қазақтар  мен  қалмақтар  ірі 

қақтығыстар  өткізді.  Көшпелі  халықтардың  күресіне  Қытай  мен  Ресей 

империялары араласа бастады.  

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары: 

1.

 



Қазақ  жерлерін  біріктіруде  Қасым  мен  Хақназар  хан  қандай  роль 

атқарды: 

2.

 

Қазақтын  мемлекеттік  құрылымының  дамуында  үлкен  роль  атқарған 



қазақтын ұлы тарихи қайраткерлерді ата. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы тарихына байланысты 

мәселелер 

1. 

XVII  ғ.  екінші  жартысында  Қазақ  хандығының  жағдайы 

нашарлап  қалған  еді.  Ірі  ақсүйектер  мен  феодалдардың  ара-сындағы 

кырқысуларды  пайдаланып,  жоңғарлар  Жетісудың  бір  бөлігін  басып  алып, 

осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара 

әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы 

Жәңгір  Бүхар  әміршісін  жоңғарларға  қарсы  күресу  Үшін  әскери  одақ 

жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер са-ясатшы ғана емес, сонымен бірге өте 

батыл  ержүрек жау-ынгер  қолбасшы  еді.  Оның  түсында  казақтар  мен ойрат 

жоңғарлары  арасында  үш  ірі  шайқас  -  біріншісі  1635  жылы,  екіншісі  1643 

жылы,  үшіншісі  1652  жылы  болған.  1635  жы-

лр

ьі  шайқаста  Жәңгір 



жоңғарлардың қолына түсіп, көп үзамай тұтқыннан қашып шыққан. Ал 1643 

жылғы  екінші  шай-қаста  Жәңгір  хан  600  жанкешті  сарбаздарымен  Жоңғар 

та-уының бір қуысына бекініп, ойраттардың 50 мың әскеріне ерлікпен қарсы 

тұрды.  Шайқас  қызып  жатқан  кезде  Жәңгір  ханның  шақыруымен  20  мың 

әскерімен  көмекке  жеткен  Кіші  жүздің  Жалаңтөс  батыры  екеуі  соғыстар 

тарихында  бұрын  болмаған  жеңіске  жетті,  қалмақтың  10  мың  әскерін 

шығындады.  Жәңгір  хан  өз  өмірінің  денін  жоңғарлармен  соғыста  өткізді. 

Оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы Жәңгір ойраттармен үшінші үлкен 

шайқас кезінде қаза тапты. 

1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы 

Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел 

силаған  билердің  қолда-уына  сүйене  отырып,  халықтың,  елдің  бірлігінің 

туын жоғары үстады. 

Тәуке  хан  1687-1688  жж.  Бүхара  ханы  Сүбхан-Кулимен  Ташкент  туралы 

келіссөз  жүргізген,  тіпті  қаланы  алуға  әре-кетгенген.  Сырдария  бойындағы 

Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. 

XVII  ғ.  90-шы  жылдарында,  яғни  Тәуке  ханның  түсында  жоңғар 

феодалдарьшың казақтардың жеріне қысьшы босаңсыды. Өйткені бүл кезде 

казақ,  қырғыз,  оған  қарақалпақтардың  бір  бөлігі  бірігіп  қимыл  жасады. 

Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып 

түрды.  Олардьщ  1680  жылы  Оңтүстік  Қазақстанға  шабуылы  кезі-нде  тек 

Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылы-ғынан аман қалды. Өйткені 

мүнда  әскерлерімен  Тәуке  хан  болған  еді.  Жоңғарлардың  салған  ойраны 

Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қалалар  тіршілігін  күйзелтті,  маңызды  сауда 

жолдарын  кесіп  тастады,  бүқара  халықтың  шаруашылығы-на  үлкен 

зардаптарын тигізді. 

Тәуке  хан  феодалдық  өзара  тартыстарды  уақытша  тый-ып,  үш  жүздің 

үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ 

руларының  қоныстарын  сыртқы  жаулардан  қауіпсіздендіруге  күш  салды. 


Тарихи  деректерде  айтылғандай,  Тәуке  ханның  өз  билігінде  80  мын-дай 

жауынгерлерінің  болуы,  оған  сыртқы  және  ішкі  жау-лармен  күресте 

жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге 

және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. 

Оның  түсында  "Жеті  жарғы"  деген  атаумен  қазақ  коғамындағы  әдеттегі 

қүқық  өлшемдерінің  жинағы  қүрас-тырылды.  Мүнда  феодалдық  қүқық 

тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан 

елдің  бірлігін,  ынтымағын  ойлап,  халықты  ру-руға,  жүзге  бөліну  саясатын 

және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта 

ол  қазақ  мемлекетінің  саяси-күкық  жүйесін  белгілеп,  халықты  бірлікке, 

ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта 

жүзден  Қаз  дауысты  Қазбекті,  Кіші  жүзден  Әйтеке  биді  кеңесші  ретінде 

қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер 

енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. 

Ол тек сол заманға сай қүқықтық күжат емес, сонымен қатар кешпелі қазак 

халқының  этиикалық,  шаруашылыкты  үйымдастыру  және  жағрафиялық 

ерекшеліктеріне  сай  келетін  аса  қүнды  ескерткіш.  Бүл  заңдарда  сондай-ақ 

фео-далдық  меншікті  қорғауға  және  меншік  жөніндегі  дау  ша-раларды 

шешуге баса мән берілген. 

"Жеті  жарғы"  көшпелі  қазақтардың  ел  билеу  заңы  бо-лып  табылады. 

Оның негізгі баптарының мазмүны: 

-

 



қанға  қан  алу,  яғни  біреудің  кісісі  өлтірілсе,  оған  ердің  қүнын  төлеу  (ер 

адамға - 1000 қой, әйелге - 500); 

-

 

үрлық,  қарақшылық,  зорлық-зомбылыққа  өлім  жазасы  кесіледі,  жазаны 



ердің қүнын телеу арқылы жеңілдетуге болады; 

Тәуке  хан  заң  баптарының  орындалуын  жүзеге  асыруда  хан  бастаған 

барлық  сұлтандар,  рулардың  ақсақалдары  мен  билеушілері  халық  істерін 

талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат еткізуді белгілеген. 

Халық  жи-налысына  бірде-бір  казақтың  қару-жарақсыз  келуіне  бол-

майтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. 

Сондай-ак  қару  ұстап  жүре  алатын  кез-келген  адам  хан  мен  билеушілерге 

жыл  сайын  мал-мүлкінің  20-дан  бір  бөлігін  салық  ретінде  төлеп  отыруға 

тиісті болғ-ан. 

Тәуке ханның "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманның талаптарына 

сай  келді.  Онда  әкімшілік,  қылмысты  істер,  азаматтық  қүқық  өлшемдері, 

сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, қүн дауы туралы ережелер 

енгізіліп,  ол  қазақ  қоғамы  өмірінің  барлық  жағын  түгел  қамтыды.  Оның 

жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресте  қазақ  қоғамында  заңдылықты, 

тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.  

2. 

XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ дала-ны алып жатқан 

қазақ халқы жерінің  жағрафиялық  жағ-дайына  қарай  үш жүзге бөлініп  өмір 

сүрді.  Оның  әрбір  Жүзінің  өзі  Еуропадағы  әлденеше  шағын  елдер  мен 

мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайладЫ-Қазіргі Маңғыстау, 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші 

жүз, Ортальік Қазақстанға жататын аймақтарды мекендеген Орта Жүз елдің 


Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысын қоныс еткен ¥лы жүздің әрқайсысының өз 

хандары болды. Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке /Шахмүхамбет/, 

¥лы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы 

Тәуке  еді.  Бүл  хандардың  акылшысы  болған  үш  жүздің  басьш  біріктіріп, 

даулы  істеріне  билік  айтып,  береке  бастаушы  болған  Кіші  жүздегі  Әлім 

руынан  шыккан  Әйтеке  биді,  Орта  жүздің  биі  арғын,  Қаракесек  оуынан 

шыққан  Қаз  дауысты  Қазыбек  биді,  Үлы  жүздің  биі  үйсін,  Жаныс  руынан 

шыққан  атақты  шешен  Төле  биді,  Үлкен  Орданың  сарай  ақыны  Бүқар 

жырауды бүкіл қазак жұрты, алты алаштың адамдары жаксы білді. 

Үш жүздің билеушілері әдетте бас косып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжіліс 

өткізетін.  Ондай  мәжілістер  Сайрам  манындағы  тауларда,  Мәртебе 

жотасында  өтетін.  Оларда  қыстау  жағдайы,  қауіп-қатерден  сақтану  мен 

қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртүтас бір иелікке 

бағынған,  басқару  жүйесі  орталықтанған  ірі  мемлекеттің  жоқтығы  ылғи  да 

сезіліп  түрды.  Мүны  қазақ  жеріне  ерте-ден  көз  алартып  келе  жатқан 

Қазақстанмен  жапсарлас,  жерлері  шектесіп  жатқан  елдердің  билеушілері 

пайдала-нып  қалуға  тырысты.  Оңтүстік-батыстан  Жайық  казак-оры-

старының  колдап-қолпаштауымен  Еділ  өзенінің  бойындағы  башқүрттар, 

қалмақтар  Кіші  жүздің  халқына  тынымсыз  ша-буыл  жасады.  Қазақ  жеріне 

солтүстіктен Сібір казақ-орыстары килікті. Орта Азиядағы Бүқара мен Хиуа 

хандықтары  да  қазақ  жерінен  дәмелі  болды.  Оларға  қазақ  жасақтары 

табандылықпен  тойтарыс  беріп  отырды.  Осылардың  бәрінен  де  асып  түскен, 

қазақ халқына мәңгі жойылып, қүрып кету қаупін тендірген жау - жоңғарлар 

еді. 


XVII  ғасырдың  біріғіші  жартысында  ойраттар  мен  қазақ-тардың 

арасындағы  әскери  қактығыстар  жиілей  түсті.  Ой-рат  феодалдарының 

Шығыс  Моңғолияға  қарсы  ойдағыдай  жүргізген  соғыстары  олардың  күшін 

нығайтты. XVI ғасыр-Д

Ь

'Ң аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық 



оірлестіктен  қүралды.  Олар:  Тарбағатайдан  Шығысқа  карай  өңірді  алып 

жатқан  торғауыттар,  Ертістің  жоғарғы  ағысын  "оилай  қоныстанған 

дербеттер,  қазіргі  Дихуа  қаласының  төңірегіндегі  хошоуыттар  және  Іле 

өзенінің жоғарғы жа-

ғ

ыңдағы шоростар еді. 



Қазақ  және  ойрат  әміршілерінің  арасында  жайылымдык  ерлер  үшін  ірі 

қақтығыстар XV ғасырдың езінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында 

ойраттардың шағьің бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге 

бағынышты  болып  шықты.  1635  жылы  қоңтайшы  Батур.  дың  бастауымен 

Жоңғар  хандығы  құрылды.  Осыдан  соң,  егер  XVI  ғасырдың  аяғында  XVII 

ғасырдың  басында  қазақ  хандығына  бытыраңқы  ойрат  тайпалары  қарсы 

болса,  XVII  ғасырдың  екінші  ширегінде  күштердің  ара  салмағы  жоңғ-ар 

тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе 

Батур-қоңтайшы /1634-1654 жж./ билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. 

Одан  кейін  Ғалдан-Бошакту  (1670-1697  жж.)  билеген  кезде,  оның  мұрагері 

Це-ван-Рабтан  (1697-1727  жж.)  өкімет  басына  келгенде  қазақ-қалмақ 

қатынастары  қатты  шиеленісіп  кетті.  1698  жылдан  ойраттар  мен  казақ 

хандары  арасындағы  қарулы  қақтығыс-тардың  жаңа  кезеңі  басталды. 


Жоңғарлардың  әскер  бас-шылары  маңызды  сауда  жолдары  ететін  және  ірі 

сауда  ор-талықтары  орналасқан  Оңтүстік  Қазақстан  жерін  басып  алу-ды 

көздеді.  Қазақтың  Сығнақ,  Түркістан,  Отырар,  Сайрам,  әсіресе  Созақ 

қалалары  жоңғарлармен  күресте  өзіндік  стра-тегиялық  тірек  бекетіне 

айналды. Тәуке ханның ойраттар-мен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған 

үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жа-ғында 

болды. 

Жан-жақты  әскери  дайындығы  бар  және  шабуыл  жасайтын  жерлердегі 



жағдай  жөнінде  толық  мағлүмат  жинаған  жоңғарлар  1710-1711  жылдары 

қазақ  жеріне  басып  кіріп,  қырғын  соғыс  жүргізді.  Көп  олжа  алып,  кері 

оралған  олар  1717  жылы  жазда  Аякөз  өзенінің  жағасында  қазақтардын  30 

мың жасағын  талқандап  жеңді. Келесі жылы жоңғар-лардың  әскері  тағы  да 

қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды 

қырғынға үшыратты. 

1718  жылы  Тәуке  хан  өліп,  билік  оның  баласы  Болат  ханға  өткен  түста 

қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бүл жорықтардың табысты 

болуына  шведтін  ар-тиллерия  сержанты  Иоганн  Густав  Ренаттың  тигізген 

әсері  үлкен.  1709  жылы  Полтава  түбінде  орыстардың  қольіня  түскен  Ренат 

Тобыл  қаласына  айдалады,  осында  Ертістій  бойымен  жоғары  өрлеп  бара 

жатқан  Бухгольцтың  экспеДй"  циясы  қүрамында  Кереку  қаласының 

маңында 1715 жьілы 

кь

іста ол қалмақтарға түтқынға түседі. 1733 жылға дейін 



к

алмақтардың  қолында  болған  ол  қалмақтарды  темір  бал-кьітып  зенбірек 

жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті бас-пахана жасап, әріп қүюға үйретеді. 

Сонымен  бірге  қазақтарды өз  қол  астына  өтуге  мәжбүр  еткісі  келген  Ресей 

К

алмактарға  Сібір  бойындағы  бекіністерден  зеңбірек  бер-ген  деседі. 



Ренаттың  көмегімен  зеңбірек  атыс  жарақтарьін  жасап,  жүз  мыңнан  астам 

әскер  қүрап,  қалмақтар  казактарға  қарсы  соғысқа  дайындалып  жатқанда 

казақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. 

Бүл  тұста  қазақтар  мен  қалмақтардың  ше-карасы  Ертіс  өзені,  Балқаш  көлі, 

Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін. 

1723  жылы  көктемінде  қазақ  жерін  бет  каратпай  ба-сып  алуға  әбден 

бекінген  жоңғарлар  шешуші  жорыққа  шықты.  Мол  әскер  жинап,  барынша 

толык  қаруланды-рьш,  оның  қолбасшылығына  Шуно  Дабо  деген  қалмақ 

баһадүрін  тағайындады.  Оныц  тактикалық  жоспары  бой-ынша  қалмақ 

әскерлері  стратегиялық  екі  бағытта  қимыл  жасауға  тиісті  болды.  Бірінші 

бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші 

ба-ғыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп,  Шыршық өзенінің қойнауына 

жету еді. Бүл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топка болініп, оның 

бірі  Жетісу  Ала-тауының  етегіндегі  Балқаш  көліне  қүятын  төрт  езеннің 

бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 

мың  адамнан  түратын  екінші  бір  тобы  Іле  өзенінің  бойына,  Ксген  озенінің 

солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының 

баурайына орналасты. 

Сөйтіп,  Алатау  баурайын  жайлаған  каннен-қаперсіз  отырған қалың елге 

шабуылға шыққан қалмақ әскерлері Қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек 



кіндікті  адамдар-Дьі  қырып,  әйелдерді,  қыздарды  байлап-матап  алып  кетті. 

Бейғам  отырған  ел  баскыншыларға  ешқандай  қарсылық  көрсете  алмады. 

Шапқыншылықтың  басты  ауыртпалығы  ^лы  жүздің,  Жетісудың  халқына 

түсті.  Ешбір  бөгетсіз,  қарлықсыз,  жолындағының  бәрін  жайпап  келе  жатқан 

зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің  жеріне жетті. 

Бұл  кезеңді  қазақ  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  деп  атады.  Яғни 

қазақтардың  табаны  ағарғаншы  шұбырып,  Алқакөлге  жетіп,  азап  пен 

аштықтан сұлаған жерлері еді дейді

.

 

3. 



Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай 

батыр  сайланды.  1727-жылы  Кіші  жүз  жасақтары,  ондағы  айтулы 

батырлардың  бірі  Тайлақ  және  оның  жиені  Ұлы  жүздің  ошақты  руындағы 

тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр, Ырғыздың Оңтүұстік Шығыс 

бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға 

есенгірете соққы берді. 1729-жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ 

пен  қалмақтар  арасында  тағы  бір  қатты  қырғын  соғыс  жүрді.  Бөгенбай, 

Қабанбай,  Шапырашты  Наурызбай,  Жәнібек,  Бөкебай,  Малайсары  сияқты 

атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне 

екінші рет күйрете соққы берді. 

 

Абылай  және  қазақ  әскерлерінің  қолбасшылары  Қабанбай,  Бөгенбай 



т.б.  батырлары  қазақ  жасақтарының  басын  қосып,  1750-жылы  Аякөз  өзені 

бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.  

 

Абылайдан  кейін  Орта  жүздің  ханы  болып,  оның  баласы  Уәли 



сайланды.  Үш  жүздің  басын  біріктіріп,  жоңғар  басқыншыларын  қазақ 

жерінен  қуып,  қазақ  халқының  тәуелсіздігін  сақтап  қалуда  үлкен  еңбек 

сіңірген  Абылай  атақты  мемлекеттік  қайраткер  ретінде  тарихта  өшпес  із 

қалдырды. 




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал