1 Глоссарий Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ



жүктеу 1.08 Mb.

бет5/12
Дата25.02.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары: 

1.

 



Түріктердің шығу тарихы. 

2.

 

Біртұтас  



3.

 

Түрік қағанатының ыдырап куйреуінің себебі неде? 



4.

 

Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың ролі қандай? 



 

 

Көшпелілер мемлекеттігінің негізгі түрлері. 

 

Татар-моңгол  тайпаларының  саяси  жағынан  басын  біріктіріп, 

Моңғол  феодалдық  мемлекетінің  негізін  салушы  Темучин  болды.  Ол 

тарихтағы  бір  деректер  бойынша  1162  жылы,  екінші  бір  деректер  бойынша 

1155  жылы  ірі  ноян  Есугай  баһадүрдің  отбасында  туған.  Темучин  ер  жете 

келе  негізгі  қарсыластарының  барлығын  жеңіп,  Моңғол-дың  бүкіл 

тайпаларын  өзінің  кол  астына  біріктірген.  1206  жылдың  көктемінде  Өнан 

өзенінің  сағасында  Темучинді  жақтаушы-моңғол  ақсүйектерінің  құрылтайы 

болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың 

әміршісі  болып  жарияланды.  Осыдан  кейін  Темучин  өзін  хан  көтерген 

ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды 

талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді. 

Шыңғысхан  әскери-үйымдастыру  принципін  мемле-кеттік  құрылыстың 

негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат 

/жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір 

округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмен-дер/ болды. Олар 

өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды. 

Өте  қатал  тәртібі,  мүқият  қүрылымы  бар  әскер  басында  моңғолдардың 

феодалдық  жоғарғы  тобының  өкілдері-нойондар,  багадурлар,  мергендер, 

сечендер түрды. Шыңғысха-нға бүлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың 

таңдаулы  жауынгерлерден  түратын  кешігі  /үланы/  қызмет  етті.  Онын 

көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады. 

1207-1208  жылдардың  қысында  Шынғысханның  үлкен  баласы  Жошы 

Енесей  қырғыздарын  және  Сібірдін  оңтүстігіндегі  басқа  да  "орман 

халықтарын"  бағындырды.  1208-1209  жылдары  Шыңғысхан  әскерлері 

тұтқиылдан ша-буыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғ-

ыстың  қаһарынан  сескенген  қазіргі  Шығыс  Түркістан  аймағындағы 

ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық 

өзін  Шыңғысханның  бода-нымын  деп  мойындаған.  1211  жылы 

Шыңғысханның  қолы  Солтүстік  Қытайға  бет  алды,  1215  жылы  олар  сол 

кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/ 

бағындырды. 

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен 

танысты.  Қытайдан  көптеген  қару-жа-рақ,  қамал  бұзатьш  машиналарын 

және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз 

әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді. 

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия 

мен  Қазақстанды  жаулап  алу  жорығына  жан-жақты  әзірленді.  Бүл  үшін  ол 

мүсылман  көпестерінен,  моңғолдардың  қол  астында  болған  босқындардан 


мәліметтер  алып,  Қарақытайлар  мемлекетінің,  содан  кейін  Хорезм 

шахындағы  ішкі  жағдай  мен  әскери  күштер  туралы  деректерге  қанықты, 

соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады. 

Шыңғысхан  Қазақстан  мен  Орта  Азияға  жорықты  Жетісу  арқылы 

жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды 

талқандап,  бай  қалалары  бар  Жетісуды  өзіне  қарату  үшін  оған  1218  жылы 

Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. 

Жетісуды  Шыңғысхан  әскері  қарсылықсыз  оңай  басып  алды. 

Моңғолдарға  қарсы  түруға  жарамай  қашып  кеткен  Күшлік  ханның 

мүсылмандарды  қудалауы,  қаталдығы,  жігерсіздігі,  салықпен  зар  илеткен 

зорлық-зомбылығына  ыза  болған  жергілікті  халық  Шыңғысханға 

мойынүсынатынын 

білдірді. 

Жетісуды 

бағындырғаннан 

кейін 


Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырғ-ан 

Хорезм  мемлекетіне  қарсы  жорыққа  жолы  ашылды.  Көп  кешікпей  оған 

сылтауда  табылды.  1218  жылы  көктемде  Шыңғысхан  Орта  Азияға  сауда 

керуенін  жіберді.  500  түйе-

;

  ден  түратын  керуенінде  монғол  жансыздарын 



қосып есеп-тегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 

жылдың  жазында  Отырарға  келіп  жетті.  Отырардың  билеушісі  Қайырхан 

Иналшық  көпестерді  тыңшылық  жа-сады  деп  күдіктеніп,  оларды  олтіруге 

бүйырды.  Шыңғыс-хан  Хорезм  шахынан  Қайырханды  үстап  беруді  талап 

етті.  Бірақ  Хорезм  шахы  бүл  талапты  орындамады,  Шыңғысхан  жіберген 

елшілерді  олтіруге  әмір  берді.  "Отырар  апаты"  деп  аталатын  бүл  тарихи 

оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті. 

Орта  Азияны  бағындыру  үшін  Шыңғысхан  өзіне  тәуелді  елдерден 

алған  жасақтармен  қоса  жалпы  саны  150  мыңға  дейін  адамы  бар  қалың 

қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың 

басшысы  Шағатай  мен  Үгедей  бастағаи  бірнеше  түменді  қаланы  қоршау 

үшін  қалдырып,  әскерлердің  Жошы  бастаған  басқа  бір  шоғырын  Сыр 

бойымен  төмен  бағыттады.  Жебе  мен  Сүбедей  басқарған  үшінші  шоғырға 

Сырдарияның  жоғарғы  ағысы  бойындағы  қалаларды  бағындыру  міндетіп 

жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен 

Бүхараға беттеді. 

Хорезмнің  шахы  Мүхаммед  моңғолдарға  қарсы  түруға  дайын  емес  еді. 

Өзін  онша  жақсы  көрмейтін  жергілікті  феодалдардың  күш  біріктіріп  езіне 

қарсы  шығуынан  корық-қан  ол  оскери  күштерді  әр  қалаға  бөліп  үстап 

отырған.  Мүның  өзі  Шыңғысханға  қалаларда  түрған  шағын-шағын 

шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады. 

1219  жылдың  күзінде  Шыцғысхан  орасан  зор  армияны  бастап  Жетісу 

арқылы  Мәуеренахрға  аттанды.  Оңтүстік  Қазақстанның  жергілікті  халқы 

моңғол  басқыншылығына  қатты  қарсылық  көрсетті.  Мүнда  Шыңғысхан 

әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған 

қалада  80  мыңдай  әскер  бар  еді.  Отырар  қорғаны-сы  Қазақстан  мен  Орта 

Азияның  халык  бүқарасының  моңғол  басқыншыларына  қарсы  жүргізген 

ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-

сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, 


моңғолдар  бүл  қаланы  алты  ай  бойы  ала  алмады.Қаланың  қүлауына 

опасыздық себеп болған еді. 



 Қазақстан аумағы үш манғол ұлысының құрамына енді: соның ішінде үлкен 

бөлігі Жошы ұлысы еді.Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр 

жерді,  Жетісудың  солтүстік  бөлігі  мен  бүкіл  Дешті-Қыпшақты,  Еділдің 

төменгі бойын қоса алып жатты. 1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен 

кейін  1235  жылы  Қарақорымда  өткен  моңғол  ақсүйектерінің  құрыл-тай 

жиналысы  Шығыс  Еуропаға  жаңа  жорық  жасауға  шешім  қабылдады. 

Моңғол әскерлерін Шьщғысханның мүрагер немересі, Жошының ұлы Батый 

/Бату/ басқаратын болды. 

Батый  әскері  моңғол  шоғырларына  еріксіз  енгізілген,  әртектес 

тайпалардың  жауынгерлерінен  құралды.  Ондағы  басқару  қызметтерінің 

бәрінде моңғол феодалдары тұрды. 

Батыйдың  самсаған  әскері  1236  жылы  Қамадағы  Бұлғарияны, 

Мордваларды  талқандап,  1237-1240  жылдары  орыс  мекендеріне  келіп 

шүйлікті.  Рязань,  Мәскеу,  Владимир  түбінде  моңғол  әскерлерімен 

кескілескен  үрыстар  жүрді.  Орыстың  шағын  қаласы  Козельск  түрғындары 

жеті  апта бойы  моңғолдарға жан  аямай  қарсылық  көрсетті.  Осы  үры-старда 

мыңдаған моңғолдар қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп моңғолдар 

қаланы  басып  алып,  оны  жермен-жексен  етті.1239  жылдың  басында  моңғол 

әскерлері  Еділ  өзенінің  ту  сыртынан  орыс  жеріне  екінші  жорыққа  аттанды. 

Қызу  ұрыстар жүргізе отырып,  моңғолдар  Переяславль қаласын,  онан  кейін 

Чернигов  қаласын  қоршауға  алып,  оны  өртеп  күлге  айналдырды.  1240 

жылдың  күзінде  Батый  әскерлері  Киевті  қоршады.  Киев  халқы  үзақ  уақыт 

қаланың  сыртында,  тіпті,  моңғолдар  қала  ішіне  басып  кіргеннен  кейін  де,  

қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай 

мәдениет  ескерткіштері  бар  ертеден  келе  жатқан  орыс  қаласы  тағылықпен 

талқандалды.Орыс халқыньщ моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы 

жүргізген  ерлік  күрестің  нәтижесінде  ғана  Ба-тыс  Еуропа  моңғол 

шапқыншылығынан  аман  қалды.  Бірақ,  соның  өзінде  моңғолдар  Польша, 

Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап қүлазытты. 

 

Батыйдың  тау  суындай  екпінді  жорығы  барысында  монғолдар  кең 



байтақ жерге ие болды. Оның шегі баты-ста - Днестрге, шығыста - Ертіске, 

оңтүстікте  -  Солтүстік  Кавказға,  Солтүстікте  Батыс  Сібір  ойпатына  дейін 

жетті.  Батый  иеліктерінің  қүрамына  оңтүстік-шығыста  Солтүстік  Хорезм 

мен  Сырдарияның  төмен  жағындағы  жерлер  енді.  Орыс  княздіктері  де 

Батыйға  тәуелді  бодан  болды.  Осындай  аса  зор  мемлекет  шығыс 

деректеме-лерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп 

аталды.  Алғашында  Алтын  Орда  Моңғолия  империясына  оның  бір  үлысы 

ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел 

болып бөлінді. 

Алтын  Орда  халқы  этникалық  жағынан  біркелкі  болған  жоқ.  Отырықшы 

аймақтарда  -  Еділ  булғарлары,  қала  қыпшақтары,  орыстар,  армяндар, 

гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық 

өңірді  негізінен  мал  шаруашылығымен  айналысқан  түркі  тілдес  Қыпшақ, 


Қаңлы,  Найман,  Қоңырат,  Керей,  т.б.  тайпалар  мекендеді.  Дешті  Қыпшақ 

төңірегі  мен  Еділ  бойына  қоныс  аударған  моңғолдар  аз  болған  жоқ.  Олар 

жергілікті  түркі  тілдес  халықтарымен  сіңісіп  кетті.  Алтын  Орданың  орта-

лық  аймағы  -  Еділ  бойы  қазіргі  Саратовтан  Астраханға  дейін  (астанасы  - 

Берке  сарайы  немесе  Сарай  әл-Жадид),  негізгі  әскери  феодалдық  күші  - 

қыпшақ  тайпалары.  Ал-тын  Орда  өзін  билеген  хандары  -  Батый  1241-1256 

ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 

ж.,  Төле-Бүқа  1287-1291  ж.,  Тоқа-Темір  1291-1312  ж.,  Өзбек  1312-1342  ж., 

Жәнібек  1342-1357  ж.  түсын-да  қуатты  кемеліне  келіп,  билігі  мейлінше 

күшейе  түсті.  Егер  Жошы  мен  Батый  Моңғолиядағы  үлы  ханға  белгілі  бір 

дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін 

тәуелсізбіз  деп  есептеді.  Ол  Батыс  Еуропамен,  Мысырмен,  Кіші  Азиямен, 

Үндістанмен,  Қытай-мен  сауда-саттық  жүргізді,  әр  түрлі  кәсіпшілікпен 

айналы-сып, қолөнерді дамытты. 

Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан 

түсында үстем дінге айналды. 



   Әмір  Темір  /1336-1405ж.ж/  ХІҮғ.70-жылдары  Мауреннахрде  өз  билігін 

орнатты  да,  шамамен  35  жыл  билік  басында  болды.  Әмір  Темір 

монғолдардың  түркіленген  барлас  тайпасынан  шыққан  Тарағай  Бкетің  ұлы. 

Орта  Азияны  қолының  астына  біріктіріп,  үлкен  империя  құруға 

ұмтылды.Империны құруды Шағатай ұлысының территориясын біріктіруден 

бастады.  Өз  билігін  орнатқаннан  кейін,  Моғолстанға,  яғни,  Жетісу  мен 

Шығыс Түркістанға кіріседі. 

 

Темір  империясына  дала  территориялары  іс  жүзінде  қосылған  жоқ, 



бірақ, Ақ Орда мен Алтын Орданың Ұлы билеушісі Орыс хан өлгеннен кейін 

Оңтүстік  Қазақстанның  Сығанақ,  Отрар,  Сауран,  Яссы,  Сайрам  қалалары 

бағындырылды. Ақсақ Темір Сығанақта таққа Орыс ханы кезінде жазалаған 

Маңғышылақтың  билеушісі  Туй-Ходжа-Оғланның  ұлы  Тоқтамысты 

отырғызды. 

 

Әмірдің  өмірінің  соңында  оның  қол  астына  Мауреннахр,  Түркістан, 



Хорезм, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанның бір бөлігі кірді. 1404 – 

1405 жылдардың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа 

шықты, бірақ, 1405 жылдың ақпанында Отрарда қайтыс болды.  

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 

1.

 



Шыңғыс ханның әскери жетістіктерінің себебі неде? 

2.

 



Қазақстан территориясын Шыңғыс хан ұлдарына қалай бөліп берді? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ортағасырлық қазақтардың шаруашылығы 

1. Ортағасырлық қазақстардың мал шаруашылығы 

2. Ортағасырлық қазақстардың егіншілік шаруашылығы 

   Б.з.б.  бір  мың  жылдықта  Қазақстан  жерінде  тұрған  ежелгі  тайпалар 

темірден  заттар  жасауды  игеріп,  қуатты  тайпа  одақтар  құрған.  Қолына  көп 

мал  жинаған  ірі  бай  отбасылары  қонысын  әрдайым  ауыстырып,  өзен 

бойларына  ғана  емес,  сонымен  қатар  дала  және  шөлейт  жерлерді,  Тянь-

Шаньның  биік  таулы  бөліктерін  бірте-бірте  игере  бастаған.      Тонаушылық 

соғыстардың  жиіленуі  бірнеше  тайпалардың  бірігуін  қажет  етті.  Сөйтіп, 

тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды. 

   Біздің  заманымыздан  бұрынғы  V  ғасырдың  40-шы  жылдар  аяғында  грек 

тарихшысы  Геродоттың  "Тарих"  деп  аталатын  еңбегінде  және  басқада  қол 

жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта 

Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты 

жауынгер  одағы  болғаны  айтылады.  Персия  патшасы  I  Дарийдің 

Накширустамдағы  /Персополға  жақын/  тас  жазуларында  сақ  тайпалары  үш 

топқа:  сақ-хаумаваргаларға  /  хаома  сусынын  дайындайтын  сақтар/,  сақ-

тиграхаудаларға  /төбесі  шошақ  бас  киімдері  бар  сақтар/,  сақ-

парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген.  Бірінші 

топтағы  сақтар  Ферғана  жерін  мекендесе,  екіншілері  Сырдарияның  орта 

аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе 

Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан. 

Геродоттың  айтуынша:  Сақтар  скиф  тайпалары,  бастарына  тік  тұратын 

төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, 

қысқа  семсер  және  айбалтамен  қаруланған.  Тамаша  атқыш  жауынгерлер 

болған. 

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық  гректер  Александр 

Македонский  басшылығымен  соңғы  Ахеменид,  III  Дарий  Кодоманның 

әскерлерін  талқандап,  Орта  Азияға  баса  көктеп  кірді.  Олар  Маракандты 

/Самарқандты/  алып,  Сырдарияға  бет  алды.  Сырдария  бойына  бекініп  алу 

үшін кішігірім " 



2.Ғұн және Үйсін мемлекеттері.   б.з.д. І  мыңжылдықтың ортасында  Алтай, 

Оңтүстік  Сібір  мен  Шығыс  Қазақстан  территориясында  «ғұн»  деген  атпен 

белгілі  тайпа  одағы  қалыптаса  бастады.  Б.з.б.  I  мың  жылдықтың  екінші 

жартысынан  бастап  Байкалдан  Оңтүстікке  қарай  және  Ордосқа  дейін 

созылып  жа-тқан  дала  және  шөлейт  аудандарда  қарабайыр  мал  шаруа-

шылығымен  шұғылданған,  этникалық  жағынан  әр  түрлі  тай-палар  көшіп 

жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың 

шекарасына  дейінгі  жерді  мекендеген  тайпалық  екі  одақ  Сюнну  және 

Дунху  бірлестіктері  еді.  Қытай  тілінде  сюнну  деген  атау  солтүстігіндегілер 

деген мағынаны білдіреді. 

 

Қытай  деректеріне  сүйенер  болсақ  Қазақстан  территориясының 



Оңтүстік  бөлігін  Үйсіндер  мекендеген  деген  деректер  кездеседі.  Олар  Шу 

мен  Талас  өзендері  бойында  және  Қаратаудың  шығыс  беткейлеріне  дейін 

созылып  мекендеген  .Шығысында  Тян-Шань  тауларының  шығыс  бөлігін  , 

солтүстігінде  Балқаш  көлінен  Ыстықкөлдің  оңтүстік  жағалауына  дейін 

жеткен.  Біздің  заманымыздың  бастапқы  кезінде  үйсіндер  650  мыңға  жете 

қабыл  болған.Жерге  таластар  жиі  болғандықтан  оларда  тұрақты  әскерлері 

болған. 


 

Негізгі  шаруашылықтары  мал  шаруашылығы  болған.  Олар  жылқы, 

ешкі,  қой  асыраған.  Сонымен  қатар  егіншіліктің  болғандығы  да  дәлелденіп 

отыр.  Үйсіндер  қолөнермен  айналысқан.  Қыш  ыдыстар  жасау  кеңінен 

таралған.Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған. 

     2.  Қытай  жазбаларында  Қаңлы  елі  жайында  көп  мәліметтер  кездестіре 

аламыз. Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын 

мекендеген.  Негізгі  шаруашылығы  мал  шаруашылығы  болған.  Біздің 

заманымызға  аяқ  басқан  кезеңде  Қаңлы  елі  күшті  бірлестікке  айналған. 

Ташкенттен  Ферғанаға  дейінгі  және  Қаратаудан  Таласқа  дейін  созылып 

жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді. 

 

Сюннулар  хунну  немесе  ғүндар  деп  аталады,  әсіресе,  б.з.б.  III  ғасырда 



мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. 

"Ғұн"  деген  атаудың  өзі  кейінірек  сюнну  (хунну)  деген  аттан  шыққан  деп 

болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің 

мамандары  Н.  Я.  Бичурин  мен  Н.  Кюнердің  еңбектерінде  берілген.  Ал 

олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. 

Н.  Гумилев,  Н.  И.  Конрад.    Ал  Қазақстан  ғалымдарының  арасында 

ғұндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр. 

 

Ғұндардың  этникалық  тегі  туралы  мәселе  әлі  анықталып  болған  жоқ. 



Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. 

Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше 

тайпалар  қосылған,  сондықтан  "ғүн"  атауы  этни-калық  болудан  гөрі  саяси 

одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне 

негізгі  себеп  Қытайлықтардың  бұларға  қарсы  төрт  ғасырға  созылған 

кескілескен  соғысы  деу  керек.  Хань  империясы  кезінде  Қытайлықтар 

ғүндарды  талай  рет  басып  алмақшы  болады,  бірақ  ғүндар  іргелес 

тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп 

отырады. Ғүн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғүн үйінің 

өрлеуі"  кезінде  іске  асты.  Оларды  бір  одаққа  біріктіру  әйгілі  Мөде  /Боғда/ 

батырдың  есімімен  байланысты.  Оның  туған  жылы  230,  ал  өлген  кезі  б.з.б. 

174 жыл.   

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған 

Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты 

болса  керек,  кейінірек  бүлар  Орталық  Қазақстан  және  Сырдариядан 

солтүстікке  қарай  созылған  жерлерді  алып  жатты.  Арал  теңізі  мен  Каспий 

маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай 

ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа 

жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті. 


Ғұндар  Рим  империясына  үлкен  қауіп  туғызды.  V  ғасыр-дың  30-шы 

жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия 

елдеріндегі  көшпелі  тайпаларды  өзінің  қол  астына  жинап,  Рим 

империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция 

жеріне  өтеді.  Жаулап  алған  жерлердегі  халықтарды  қырып-жойып, 

қалаларды  бүлдіріп,  селоларды  өртеп,  бүкіл  Еуропа  елдерінің  үрейін 

ұшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 

жылдары  вест-готтардың  Қазақстан  даласынан  келген  ғұндармен  біріккен 

күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды 

жасайды. 

Тарихи  деректерге  қарағанда,  ғұндар  24  руға  бөлінген,  оларды  ру 

басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және 

халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-

бірінші,  бесінші  және  тоғызыншы  айларда  өткізіліп,  онда  ру  басылары 

мемлекеттік  істерді  талқылап,  ат  жарысы  мен  түйелердің  жарысын 

қызықтаған.  

Елді  шаньой  басқарды,  оның  қолында  шексіз  дерлік  билік  болды. 

Шаньойдан  кейін  түмен  басылар  деп  аталатын  бекзадалар  түрды.  Олар 

шаньойдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын.  Барлығы 24 

түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. 

Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар мен  жүзбасыларын  тағайындап 

отырды.    Ғүн  қоғамында  лауазымдар  мен  жоғарғы  шендер  мұраға 

қалдырылған. Ғүн шаньюйі өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті 

өз қолдарына алатын болған. 

Ғұндардың  өмірінде  мал  шаруашылығы  басты  рел  атқарды.  Олар  үй 

жануарларынан  жылқы,  ірі  қара,  қой-ешкі  өсірді,  кейбіреулері  түйе,  есек 

ұстаған.  Негізінен  көшпелі  мал  шаруашылығы  үстемдік  еткен.  Шөптің 

қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй 

малдарының  етімен  тамақтанып,  терісінен киім, аяқ киім  тіккен,  жүн  мен  аң 

терісін жамылған. Ғүндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба 

деректер  бойынша  олар  тары  өсіруді  жақсы  меңгерген.  Өйткені  тары  ерте 

пісетін  дақылдардың  бірі  және  ол  суаруды  қажет  етпейді.  Ғұндардың 

егіншілікпен  айналысқанын  олардың  қалдырып  кеткен  темір  орақ,  шойын 

түреидер,  қол  диірмендер,  тас  үккіштер  т.  б.  қүрал-саймандар  айғақтайды. 

Сондай-ақ,  ғүндардың  үй-жайларынаи  астық  сақтайтын  ұралар,  еден, 

қабырғалар  сылағынан,  ішкі  кірпіштердің  арасынан  сабанның  қалдықтары 

кездескен.  

    Үйсіндер  мекендеген  жердердің  шекарасы  батысында  Шу  және  Талас 

өзендерінің  бойымен  өтіп,  Қаратаудың  шығыс  беткейлеріне  дейін  созылып 

жатқан.  Үйсіндер  иеліктерінің  орталығы  -  Іле  аңғары,  басты  ордасы  -  Есік 

көлімен  Іле  өзенінің  оңтүстік  жағалауы  аралығында  орналасқан  Чигу-Чен 

(«Қызыл-аңғар»)  қаласы.  Ол  ертеден  белгілі  «Ұлы  Жібек  жолындағы» 

мацызды  сауда  орталығы.  Үйсіндердің  билеушісі  гуньмо  (ғұнбек)  деп 

аталған. 



Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б.  II ғасырдың аяқ кезінде 

пайда  болды.  Бұл  кезде  Қытай  императорының  сарайындағылар  ғұндарға 

қарсы  күресте  одақтас  іздеп,  б.з.б.  138  жылы  Батыс  өлкеге  Чжан  Цянь 

бастаған  елшілік  жібереді.  Жолда  Чжан  Цяньды  ғұндар  тұтқынға  алып, 

олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, 

Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды 

әкеледі.  Чжан  Цяннің  хабарына  қарағанда,  үйсіндердің  саны  630  мың  адам 

және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады. 

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, 

оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, 

бірақ  олардың  бәрі  ғұньмоға  тәуелді  болды.  Үйсіндердің  тарихы  кіші 

ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен 

тығыз  байланысты.  Үйсіндер  көршілес  халықтармен  тығыз  қарым-қатынас 

жасаған.  Хань  импери-ясы  және  ғүн  тайпалары  үйсіндермен  одақ  болып, 

Хань  мен  ғүн  әміршілерінің  қыздарын  үйсін  гуньмоларына  әйелдікке  беріп 

отырған. 

Б.з.б.  64-51  жылдары  Хань  империясының  Үйсіннің  хан  тағы 

мүрагерлігіне  араласуы  халықтың  наразылығын  күшейтеді.  Халық 

бүқарасы  гуньмоның  ғүн  тегінен  тараған  мүрагерлерінен  болуды  жақтады. 

Бүл  үйсіндердің халқы  мен  территориясының  екі бөлікке:  ұлы  гуньмо және 

кіші  гуньмо  иеліктеріне  бөлінуіне  алып  келген.  Олардың  қарамағындағы 

жерлердің шекарасына межелер қойылған.  

3.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  III  ғасырдан  бастап  Қазақстан  жерін 

мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде 

«кангюйлар» деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы 

«Махабхаратада»  «кангха»  болып  кездеседі.  Сол  кездегі  ірі  елдердің  жазба 

деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде 

емір  сүрмегендігін,  олардың  мемлекеттік  дәрежеге  көтерілгенін  байқатады. 

Ғылыми  пікірлер  және  Қытай  жазба  деректері  қаңлыларды  сақ 

тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді. 

Қытай  жазба  деректері  негізінде  қаңлы  тайпаларының  тарихын  алғашқы 

зерттеушілер  Қытай  тілін  жетік  білген  ғалымдар  Н.  Я.  Бичурин  мен  Н.  В. 

Кюнер.  Бұлардан  кейін  жазба  деректерді  саралай  отырып  академик  В.  В. 

Бартольд  қаңлы  тайпаларын  Сырдарияның  орталық  ағысында  өмір  сүрді 

деген қорытынды жасайды.  

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне 

жүргізген  зерттеу  жүмыстарының  қорытындысы  бойынша,  олардың 

қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 

 1. Қауыншы. 

 2. Жетіасар.  

3. Отырар-Қаратау мәдениеті. 

Бірінші-  Қауыншы  мәдениеті,  Ташкент  маңындағы  кенттерден  табылған 

заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл 

мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен 

б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына 


жақын  орналасқан  Шардара  су  қойма-сының  жеріндегі  ескерткіштерді  де 

жатқызады.  Олар  Ақт-өбе  I,  Шаушықүм  қалашықтарының  орындары. 

Бүлардан  керамикалық  ыдыс-аяқтар,  егіншілік  кәсібіне  және  мал 

шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған. 

  Екінші  -  Жетіасар  мәдениетіне  Сырдарияның  төменгі  ағысындағы  және 

Арал  бойындағы  қаңлы  тайпаларының  тарихи  ескерткіштері  жатады. 

Бүлардың  қатарына  -  Ал-тынсар,  Томпақасар,  Бидайықасар,  Үңгірліасар, 

Жетісар  қалашықтары  кіреді.  Мүндағы  табылған  заттар  б.з.  Імың 

жылдығының  алғашқы  жартысында  өмір  сүрген  қаңлы  тай-паларының 

тарихы  туралы  мәлімет  береді.  Жетіасар  мәде-ниетінің  халқы  Қауыншы 

мәдениетінің  тұрғындарына  қара-ғанда  тұрақты  мекен-жай  салу  және  оның 

күрделі  әрі  сапа-лы  болуымен  ерекшеленеді.  Сондай-ақ  бұларда 

керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған. 

Үшінші-  Отырар-Қаратау  мәдениетіне  Сырдарияның  ор-талық  ағысы, 

Отырар  аймағы  мен  Қаратаудың  солтүстік  және  күнгей  бетіндегі 

ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының 

негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да 

Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін 

тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал