1. Гүлдің басын қағаз пакеттің ішіне ұстап тұрып, тұқымын түсір



жүктеу 35.86 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі35.86 Kb.

7

1. Гүлдің басын қағаз пакеттің ішіне 

ұстап тұрып, тұқымын түсір.

Гүлдер тұқымы арқылы көбейеді. Гүлдердің тұқымын 

күзде жинап алып, көктемге дейін сақтап қояды. Тұқым 

дұрыс сақталмаса, көктемде еккеннен ке­

йін, өнбей қалады. Сондықтан гүлдердің 

тұ қымын дұрыс жинауды және сақ­тауды 

білуіміз керек.

Таушымылдық

Нәркес

Нарғызгүл



Баршынгүл

Сәндік өсімдіктердің тіршілік ету ұзақтығы әртүрлі. 

Олар біржылдық, екіжылдық, көпжылдық болып үш топқа 

бөлінеді.



Көпжылдық гүлді өсімдіктер

27

          ДСП 

                                                        

Тақтай


Қатырмақағазға тіктөртбұрыш салу

ұзындығы  

ен

i

Тіктөртбұрыш (қатырмақағаз)              Тіктөртбұрыштың сызбасы      



ұзындығы

Тіктөртбұрыштың екі ені мен екі ұзындығы өзара тең 

болады. Сондықтан оның сызбасында бір ұзындығы мен бір 

енінің өлшемдік көрсеткіші ғана жазылады.

Тіктөртбұрыштың екі ені                      Тіктөртбұрыштың екі ұзындығы

ен

i



48

5. Жиектің арасына кішкене 

түймелер мен жолақтар жапсыру 

арқылы ожауды сәндейміз. 

Дайын болған ожау пішіні

 Ожаудың басқа түрлерін жасап көр.

Ожау не үшін қажет?

Ожаудың қандай түрлерін білесің?

Үйде сұйық тамақты құю үшін, қандай ожау қолданылады?

 

МАТАМЕН ЖҰМЫС



Мата қайдан алынады?

Ертедегі адамдар үй жануарларын қолға үйреткеннен ке­

йін, олардың жүні мен терісінің жылуды жақсы ұстайтынын, 

суықтан қорғайтынын байқады. Осылайша малдардың 

жүнінен жылы мата алуға болатынын білді. 

Дәл сол сияқты өсімдіктерді де бақылай жүріп, зығыр, 

мақта сияқты талшықты өсімдіктерден ылғалды сіңіретін 

мата дайындай бастады.

Жәндіктер тіршілігін бақылау арқылы жібек құртының 

өте мықты жіптер өндіретінін көрді. 

Үй жануарларының жүнінен, өсімдік талшықтарынан 

және жібек құртының жібінен алынатын маталарды табиғи 

деп атайды.

20


49

Мақта өсімдігі туралы түсінік

Мақта бір жылдық өсімдіктер қата­

рына жатады. Ол жылы аймақта өседі. 

Бойы бір метр биіктікке дейін жетеді. 

Гүлдейді, мақта қауашағын салады. Күзде 

гүл қауашағы пісіп, мақта талшықтары 

ашылады. Мақта талшығы қысқа, жі­

ңішке және ақ түсті болып келеді. Мақ­

та талшықтарын фабрикада өңдеп, иіріп, 

мата тоқиды.

Мата – өте жіңішке жіптермен тұтас тоқылған матери­

ал. Матаны, негізінен, киім­кешектер тігуге пайдаланады. 

Тоқыма маталар ылғалды жақсы сіңіреді, ауаны жақсы 

өткізеді. Сондықтан мақта жібінен тоқылған мата адам 

денсаулығына пайдалы.

Мақта жібінен көркем және қарапайым таспалар, жалпақ 

баулар, тағы басқа да заттарды тоқып шығарады.

Мақта талшығынан тоқылған мата түрлері


58

     


       Матаның оң беті                                        Матаның теріс беті

Табиғи маталардың қасиеті мен құрылысын анықтап, 

кестені толтыр.

1. Қажетті мата бөліктерін дайында. Мата бөлігін ала­

қанмен сипау арқылы бетінің тегістігін немесе кедір­бұ­

дырлығын анықта.

2. Матаның оң беті мен теріс бетінің түсінің ерекшелігін 

анықта.


3. Матаның тығыздығын, жұмсақтығын қолыңа ұстап 

көру арқылы анықта.

4. Матаны аз уақыт қолдың уысына қысып ұстап көру 

арқылы қыртыстануын анықта.

5. Матаның жібін тартып көріп, созылуын анықта.

6. Мата бөліктерін бір­бірімен салыстыру арқылы қалың, 

жұқалығын анықта.

7. Суға малып көріп, матаның ылғал өткізгіштігін, умаж­

далуын, су тартқыштығын анықта.


106

Қазақ зергерлері, әсіресе, әйелдердің әшекейлі сәндік 

бұйымдарын асқан шеберлікпен жасай білген. Олар: сырға, 

білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, ілгек, қапсырма, 

алқа, түйме, тағы басқа. Олардың жұмыс істеуге қажетті 

құрал­саймандары жеңіл, ықшамды болады.

Зергерлік бұйымдардың түрлері

Сырға жасау

Зергерлік бұйымдардың бірі – қарапайым сырға жасауды 

үйренеміз. Ол үшін бізге жез сым және дайын моншақтар 

керек. Жез сымды өңдеу үшін сызғыш, тістеуік, қысқыш 

сияқты құрал­саймандарды дайында. Сырғаны жасау кезін­

де жез сымды түзету, майыстыру, біріктіру, бұрау, кесу секілді 

іс­әрекеттер орындалады.

Сырғаны жасау үшін алдымен екі бөлік сымды тегістеп, 

түзулейміз. Бірінші бөліктен сырғаның құлаққа ілінетін 

бөлігі дайындалады. Екіншісінен моншақтар немесе сәндік 

бұйымдарды іліп қоятын бөлігі жасалады.     


107

Темірмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін 

сақта.

Өзің қалаған сырғаны жаса.



Зергерлер деп кімдерді айтады?

Олар қандай бұйымдар жасайды?

Металмен жұмыс істеуге қажетті құрал­саймандарды ата.


110

Үлгі пішімді матаға қойып, ай­

налдыра сызып, белгі сал. Бізге 

4 бөлшек керек.

Тігу жұмысы  үшін  синтепон(синтетикалық материал), 

қайшы, ине­жіп, түйреуіш инелер, оймақ, пішім (үлгіқалып) 

керек. 

Алдымен тігілетін бұйымның пішімі дайындалады. Қа­



ғаздан қиып алынған бөлік пішім деп аталады. Жылжып 

кетпеу үшін пішімді матаға түйреуіш инелермен түйрейді. 

Оны айналдыра бормен сызады. Содан соң түйреуіш ине­

лерді алмай қиып шығады. Пішу – бұл пішім арқылы бел­

гіленген матаны сызық бойымен қию. Қиып алғаннан кейін 

бөлшектерді біріктіріп тігеді. Жіп матаның түсіне қарай 

таңдалып алынады. 

Қыздар тақиясын тігу үшін синтетикалық материалдарды 

(синтепон) пайдалануға болады. Өлшемі 11см х 7 см болатын 

тақияның бір қиығының пішімін дайындап аламыз. Тақия 

төрт бөліктен тұрады.

Салынған белгіден тақия 

жақтауларын қи.

Қиып алынған тақия 

жақтаулары


111

 Жөрмеп   тігу  тігісін  қолдана  

отырып, жуан жіппен тақия­

ның жақтауларын бір­бірімен 

біріктіріп тігіп шық.

Қазақ қыздары тақияға сән 

беру үшін үкі таққан. Сен де 

тақияны сәндеу үшін құстың 

қауырсынынан немесе қағаз 

тіліктерінен үкі жасап қада.

Қыздар тақиясын тігіп үйрен.

 Тақияның жақтауларын түрлі мон­

шақтар мен түймелер қадау арқылы 

сәндеуге болады.



112

Егер сен тігу жұмысын жақсы 

меңгерсең, қуыршақтарыңа мы­

надай әдемі киімдер тігіп бере 

алатын боласың.

Тақия тігуде қандай тігіс түрлерін қолдандың? Тақия неше 

бөліктен тұрады?  Қыздардың бас киіміне үкіні неге қадайды?

Қалпақ тігу 

Қалпақ –  ақ киізден немесе қалың матадан тігілген 

биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде, салқын 

таулы өңірлерде жаз айларында танертеңгілік және кешкі 

мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ, биіктеу, eтeгi кең пішілген 

бұл бас киім күннің сәулесін өткізбейді, желге қақтырмайды, 

жауын­шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Қойдың ақ 

жүнінен, ақ қозының күзем жүнінен, көбінесе ешкінің ақ 

түбітін қосып басқан шымыр жұқа ақ киізден тігеді. Ол 

негізгі екі бөліктен құралады. Олар қалпақтың төбесі және 

eтeгі деп аталады.

Етек жағы тұтас тігілген дөңгелек қалпақтың қазақы, 

жырық, құйма, керей нұсқа деп аталатын түрлері бар. Оларды 

әр жерде әртүрлі атпен айырқалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ 

деп атап келеді.

56


113

Бiз қалпақты жұмсақ материалдан жасаймыз. Оны 

біріктіріп тігу үшін жуандау жібек жіпті пайдаланамыз.

Үлгінің сызбасы

Ақ қалпақ 

Қалпақ пішуге қажетті үлгі даярлау

Сызбада көрсетілген өлшемдер бойынша қалпақты 

пішуге қажетті үлгі дайындап аламыз. Үлгіні матаның 

үстіне қойғанда жылжып кетпеу үшін, қалыңдау қағаздан 

дайындаған дұрыс.

Үлгінің жазбасы

5 см 5 мм

9

 см



4

 см


3

 см


3 см 5мм

2 см




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал