1. Этиологиясы, гемокантактілі берілу механизмі бар в вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы


Оба кезіндегі эпидемиялық процестің этиологиясы, сипаттамасы



жүктеу 77.42 Kb.
бет8/23
Дата07.11.2022
өлшемі77.42 Kb.
#23449
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Экзамен ЭПИД (2)
10. Оба кезіндегі эпидемиялық процестің этиологиясы, сипаттамасы
Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.
Этиологиясы: Қоздырғышы Үersinia pestis, полиморфты, үсақ сопақша тәрізді, талшықтары жоқ, спора түзбейді, нәзік капсуланы 37°С-та түзе алады, грамтеріс.
Эпидемиологиясы: Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер, оның ішінде негізгілері: сарышұнақ, суыр, ауру адам (әсіресе өкпелік түрі)
Оба инфекциясының берілу жолдары: трансмиссивті (кеміргіштерден адамды шағу арқылы); байланыс (жұқтырған жануармен тікелей байланыс, зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы); алиментарлы (обамен ауыратын жануарлардың өңделмеген етін жеу); ауа – шаң жолдары арқылы. Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.
Эпидемияға қарсы іс-шара
1) обаға күдіктену кезінде ауырған адамдардан алынған материалды зерттеу; 2 ) эпидемиологиялық көрсеткіштер мен бақылау цифларына сәйкес жоспарлы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау; 3) экстремалды жағдайлар тіркелген кезде жоспардан тыс (шұғыл) іс-шараларды өткізу; 4) энзоотиялық аумақта адамдардың обаны жұқтыру тәуекелі топтарын анықтау; 5) обаның алдын алу бойынша халықпен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Нормативтік құжат: "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығы

жүктеу 77.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет