1. Этиологиясы, гемокантактілі берілу механизмі бар в вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы


-тарау. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 77.42 Kb.
бет7/23
Дата07.11.2022
өлшемі77.42 Kb.
#23449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Экзамен ЭПИД (2)
2-тарау. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Қазақстан Республикасының аумағында обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары және обамен сырқаттануға күдіктенген жағдайдағы іс-қимылдар туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіп төндіретін эпидемиялық жағдай туындаған кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
8. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы күрес станцияларымен бірлесіп:
1) аумақтың әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаның тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы күрес станцияларының тұрақты дайындығын және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
3) обаның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен сырқаттануының, оның табиғи ошақтардан тысқары шығарылуының, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасының аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді; әзірлейді және т.б.
9. Тырысқақ жағдайларын енгізу кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.
Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.
Нормативтік құжат: "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығы
Тырысқақ жағдайларын енгізу кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Жоспар мыналарды көздейді:
1) тырысқақпен ауыратындарды және оған күдіктілерді тырысқақ госпиталіне жатқызу;
2) әрбір тырысқақ ауруы, вибриотасымалдаушы жағдайды эпидемиологиялық тексеру;
3) байланыста болғандарды және жұқтыру қаупі бойынша бірдей жағдайларда болған адамдарды анықтау, оқшаулау немесе үйде медициналық қадағалау, үш рет тырысқаққа бактериологиялық тексеру;
4) диареясы бар, құсқан барлық ЖІЖА-мен ауыратындарды белсенді түрде анықтау, оларды провизорлық госпитальге жатқызу және бір сағаттың ішінде үш рет бактериологиялық тексеру;
5) нақты індеттік жағдай мен санитарлық-гигиеналық шартқа байланысты жер беті суларын пайдалануға шектеу іс-шараларын енгізу;
6) қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі мен тамақ өнімдерін сату кәсіпорындарының, су құбыры мен суын пайдалану орындарын санитарлық қадағалауды күшейту;
7) жекелеген топтарды эпидемиологиялық айғақтар бойынша тырысқаққа бактериологиялық тексеру;
8) антибиотиктермен шұғыл алдын алуды жүргізу;
9) ағымдағы және қорытынды дезинфекция;
10) ағымдағы және қорытынды ақпаратты жоғарыдағы денсаулық сақтау органдарға ұсыну.

жүктеу 77.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет