1. Этиологиясы, гемокантактілі берілу механизмі бар в вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы


Дифтерия, этиология, эпидемиялық процестің кезеңдері



жүктеу 77.42 Kb.
бет15/23
Дата07.11.2022
өлшемі77.42 Kb.
#23449
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Экзамен ЭПИД (2)
23. Дифтерия, этиология, эпидемиялық процестің кезеңдері
Дифтерия – коринебактериялар тобының Леффлер бактериясымен қоздырылатын, ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабықтарының фибринозды қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.XIX ғасырдың 20-шы жылдары француз ғалымдары Бретонно және Труссо күл ауруын бөлек нозологиялық түрге ажыратқан. Бретонно «дифтерит» терминін енгізген. «Дифтера» – қабыршақ деген сөзді білдіреді. 1846 ж. Труссо «дифтерия» терминін енгізген.
Этиологиясы. Күл ауруын бактериялардың токсигенді штаммдары туғызады, олар экзотоксин түзеді. Экзотоксиннің құрамына дермонекротоксин, гемолизин, нейраминадаза, гиалуронидаза кіреді. Қоздырғыштың морфологиялық белгілері: грам оң таяқша, екі ұшы жуандаған шыны сауыт (колба) түрінде және жеке микробтар бір-біріне түйісе рим сандары ретінде орналасады. Сау адамдардан бөлінетін дифтерия таяқшасының токсигенді емес штаммдары эпидемиялық қауіп тудырмайды.
Эпидемиологиясы. Күл ауруының көзі – науқас адам. Ең жоғары эпидемиялық қауіпті жұтқыншақ, мұрын және көмей дифтериясымен ауыратын науқастар тудырады, қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді. Ал тері дифтериясымен ауыратын науқастардың эпидемиялық қауіпі жағынан маңызы аз.
Дифтерия қоздырғышын жұқтырушылардың 5 түрін ажыратады:

  1. транзиторлы тасымалдаушылық (қоздырғыш сыртқа ортаға 1-7 күн бөлінеді);

  2. қысқа мерзімді (7-15 күн);

  3. орташа ұзақтық (15-30 күн);

  4. ұзаққа созылатын (6 айға дейін);

  5. созылмалы (6 айдан артық).

Аурудың берілу механизмі –ауа тамшылы, контагиозды индексі 10-15%.
Адамдардың дифтерияға қабілеттілігі, дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитетінің болуымен байланысты. Дифтерия ауруына мезгілділік тән, яғни күз-қыс маусымдарында аурушаңдық өршиді. Ересектердің дифтериямен ауырғаны анықталған – олардың саны 40-80% жетеді.
Дифтерия қоздырғышының кіру қақпалары болып ағзаның жамылғылары (тері мен шырыштар) есептеледі. Алайда ең жиі ену орындары жұтқыншақтың шырышты қабаты, көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жыныс мүшелері, жараның үсті, тері және т.б.
Дифтерия емі
Ауруханалардағы науқастардың емдеуі және қарқынды терапиясы: барлық науқастарға төсектік режим көрсетілген және дифтерияға қарсы сарысулар қолданылады. Ауруды емдеу шараларында 1-ші кезекте дифтериялық токсинді нейтрализациялау және ағзадан шығару, оның түзілуін тоқтату, сондай-ақ әртүрлі ағзалар және жүйелердің бұзылуын коррекциялау керек.Дифтериямен ауырған науқастарға антибиотиктер енгізіледі (бензилпенициллин, эритромицин, цефалоспориндер орта терапевтикалық дозамен 5-10 күн бойы).
Дифтерияның алдын алуының басты әдісі – дифтерияға қарсы иммунизация шараларын жүзеге асыру. Еліміздегі егу күн тізбесінің орындалу мерзімі келесідегідей: біріншілік вакцинация АКДС вакцинасымен 2 айлық балаларға, 1 ай интервалымен жүргізіледі. Бірінші ревакцинация баланың 18 айлығында қайталанады. Вакцинаның коклюштік компонетіне аллергия болса, онда АДС анатоксинді қолдану қажет, ол 3 рет енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста АДС препаратымен 16-17 жаста АДС-М препаратымен жүргізіледі.
24. Дифтериямен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығы
Дифтерия жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде:
1) егу мәртебесін анықтау арқылы байланыста болған адамдардың ортасын айқындау. "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен (бұдан әрі – № 612 Қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егу жүргізетін мерзімде егілмеген және алған профилактикалық егу туралы құжаттық растамасы жоқ адамдарға, сондай-ақ дифтерияға қарсы соңғы профилактикалық егуден кейін 10 (он) жыл және одан астам уақыт өткен адамдарға науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттың ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация жүргізіледі;
2) науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланыста болған адамдарды медициналық байқау жүргізіледі. Бақылаудың бірінші күні дифтерияға бактериологиялық зерттеу үшін байланыста болған адамдардан мұрын мен аңқадан, тері зақымдануларынан жұғындылар алынады және бактериологиялық зерттеу нәтижелерін күтпестен антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі;
3) науқасты емдеуге жатқызғаннан (оқшаулағаннан) кейін ошақта қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
Дифтериямен ауыратын науқастар стационарда оқшаулауға жатады.
Дифтериямен ауыратын науқастарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан және бактериологиялық зерттеулердің екі рет теріс нәтижесінен кейін жүзеге асырылады. Науқасты антибиотиктерді қабылдау курсы аяқталғаннан кейін 3 (үш) күннен кейін 1-2 күн аралығымен тексереді.
Дифтериямен ауырып жазылған адамдарды вакцинациялау мынадай жолмен жүргізіледі:

  • ауырып жазылған ауру бір реттік вакцинациялау ретінде бағаланады, бұдан әрі вакцинациялау жас ерекшелігі есепке алына отырып, № 612 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімде жүргізіледі;

  • дифтерияға қарсы толық егілген және дифтерияның жеңіл түрімен ауырып сауыққан адамдар қосымша егілуге жатпайды. Кезекті вакцинациялау № 612 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімінде 2 (екі) айдан кейін жүргізіледі;

  • дифтерияға қарсы толық егілген және дифтерияның уытты түрімен ауырып жазылған адамдар науқастанғаннан кейін 6 (алты) айдан кейін жас ерекшелігіне қарай қосымша егіледі; кейінгі профилактикалық егулер № 612 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімде жүргізіледі.

Дифтериямен ауырып сауыққан адамдарды ұйымдастырылған балалар ұжымдарына жіберу толық сауыққан кезде және бактериологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесі болған кезде, шоғырланған түрі кезінде 2 – 3 аптадан кейін, асқынған кезде – 4 – 8 аптадан кейін жүзеге асырылады.
Кейінгі асқынуларды анықтау мақсатында оңалту іс-шараларын апта сайын 1 (бір) ай ішінде, одан әрі ай сайын кардиологты, невропатологты, ЛОР-дәрігерін тарта отырып (көрсеткіштері бойынша) учаскелік дәрігер жүргізеді. Серпінді бақылаудың мерзімдері дифтерияның түрінің клиникалық ауырлық дәрежесімен және асқынудың болуымен айқындалады. Дифтерияның оқшауланған түрімен ауыратын адамдар 6 (алты) ай, асқынулар болған жағдайда – бір жыл бақыланады.
Диагностикалық мақсатта ларингит, патологиялық өңезі бар тонзиллит, назофарингитпен ауыратын науқастар медициналық ұйымға жүгінген күні дифтерияға бір рет тексеріп-қарауға жатады.
Алдын алу мақсатында балалар үйлеріне, балалар және ересектер психоневрологиялық стационарларға жаңадан түсетін адамдар дифтерияға бір рет тексеріп-қарауға жатады.
Анықталған дифтерияның уыттекті штамдарын тасушылар емделу үшін стационарда оқшауланады және бактериялық бөліндінің болмауын растау мақсатында емдеу курсы аяқталған соң 2 (екі) тәуліктен кейін бактериялогиялық әдіспен қайта тексеріп-қаралады.

жүктеу 77.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет