1. Этиологиясы, гемокантактілі берілу механизмі бар в вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы



жүктеу 77.42 Kb.
бет1/23
Дата07.11.2022
өлшемі77.42 Kb.
#23449
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Экзамен ЭПИД (2)

1. Этиологиясы, гемокантактілі берілу механизмі бар В вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы.
В вирусты гепатиті ДНҚ вирусымен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,адамнан адамға парентаральді немесе вертикальды жолмен жұғады.Ауру әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады, кейбір жағдайда ұзақ созылмады вирус тасымалдаушылық пайда болады немесе созылмалы гепатит және гепатиттен кейін бауыр циррозы дамиды. Этиологиясы
В гепатит вирусы (HBV) кішірек шамамен 42 нм ДНҚ вирусы.Ол қабықшадан, нуклеокапсидтен тұрады.. В гепатит вирусының қабықшасы мен ядросы антигендерімен ажыратылады.Ауру кезінде вирустың осы бөліктеріне түрлі антиденелерінің түзіледі.HBV антигендерінің және түзілген
антиденелерінің диагностикалықтұрғыда және болжам жасауда маңызы зор.
Берілу механизмі - гемокантактілі. В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан жыныстық, паренталдық жолдармен және перинаталды беріледі. Инкубация - 40-180күн.
Ауру жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер: акушерлер,хтрургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық мейірбикерлер.Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтыруы мүмкін.
В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және
HBsAg – антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды.
Дүниежүзінде 1 млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV –
тасымалдаушылары бар.Олардың 25-% да ауыр түрдегі бауыр аурулары
дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы карциномадан өлімге душар болуы
мүмкін.

2. Вирустық гепатиттер бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 26.05.2021. №44 бұйрығы


"Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" нормативтік құжаты. Ол 2 тараудан және 4 параграфтан тұрады. Оның екінші параграфы гепатит B, C, D гепатиттері жайлы. Ол тарауда вирустық гепатиттері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жайлы жазылған:
 19. В және С вирустық гепатиттері (бұдан әрі – ВВГ және СВГ) анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеруді аумақтық бөлімшелердің мамандары жіті вирустық гепатиттермен ауыратын науқастардың және алғаш анықталған созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын науқастардың ошақтарын зерттеп-қарауды жүргізе отырып өткізеді.
20. Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық көрсетілімдер бойынша (орташа-ауыр және ауыр түрлері, бауыр мен асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясы болған кезде жеңіл түрлері) нозологиялық түрлер бойынша бөлек жүргізіледі.
21. ВВГ және СВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер жүктіліктің отызыншы аптасына дейін клиникалық көрсетілімдер бойынша инфекциялық стационарларға, жүктіліктің отыз аптасынан бастап және босанған әйелдер босандыру ұйымдарының оқшауланған палаталарына (бокстарына) емдеуге жатқызылады.
27. Есептен шығару клиникалық көріністер болмаған кезде жүргізіледі.
34. Денсаулық сақтау ұйымына ВВГ және СВГ әкелінуі анықталған кезде, сондай-ақ ауруханаішілік жұқтыру кезінде де бөлімшелердің пациенттерін және стационардың медицина персоналын ауру жұқтырудан қорғауға және инфекцияның одан әрі таралуының профилактикасына бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі.
41. Берілу жолдары мен факторларына қатысты санитариялық-профилактикалық шаралар:
1) медициналық ұйымдарда медициналық құрал-саймандар мен жабдықтарға, сондай-ақ шаштараздарда, косметологиялық салондарда, халыққа пирсинг пен татуажды жүзеге асыратын тері жабындары мен сілемейқабықтардың тұтастығының бұзылуына байланысты қызметтер көрсететін салондарда жабдықтар мен құрал-саймандарға дезинфекция және стерильдеу жүргізу, бір рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану;
2) медициналық манипуляциялардың қауіпсіздігін және қорғанудың тосқауыл әдістерін пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету;
3) қанды әрбір донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды алу алдында донорларды ВВГ және СВГ маркерлеріне тексеру;
4) қанның, оның компоненттері мен препараттарының инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін (лейкофильтрация, вирустық инактивация, карантиндеу, иондаушы сәулелеу) қосымша қамтамасыз ету әдістерінің қолданылуын бақылау;
5) ВВГ және СВГ бар адамдарды қан донорлығынан, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды алудан өмір бойы шеттету.
45. Денсаулық сақтау ұйымдары қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір рет қолданылатын шприцтермен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖК-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етеді.
49. С вирустық гепатитінің спецификалық профилактикасы жоқ
54. Қан компоненттері мен препараттарының, жыныстық, феталдық, дің жасушаларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай адамдар:
1) ВВГ және СВГ-мен ауырған адамдар және ВВГ, СВГ маркерлеріне оң нәтижелері бар адамдар – өмір бойы;
2) вирустық гепатитпен ауыратын науқаспен байланыста болғандар – инкубациялық кезең мерзіміне;
3) қан компоненттерін және препараттарын құюды, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын салуды алған адамдар – бір жыл мерзімге донорлыққа жіберілмейді.
55. Донорлар қанды донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алу алдында ВВГ және СВГ маркерлеріне тексерілуге жатады.
3.С вирустық гепатиті кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.
Кең таралған антропоноздық парентералдық механизммен берілетін жұқпалы ауру, жасырын өтуімен және бауырдан тыс көріністермен сипатталады.
Қоздырғышы – флавирустар тұқымдастығы,тагавирустар туыстығына кіретін РНҚ лы вирус, вирустар эволюциясында аралық күйде – жануарлар мен өсімдіктер вирустарының ортасында, хлороформ әсеріне сезімтал, геномы аса жоғары гетерогенді.
Инфекция көзі – жедел және созылмалы С гепатитінің барлық түрімен ауыратын науқастар және вирус тасымалдаушылар. С гепатитімен зарарлану жасанды және табиғи берілу жолдарымен іске асуы мүмкін.
Эпидемиологиялық қадағалау (мониторинг) –белгілі аурудың немесе эпидемиологиялық жағдайдың, белгілі бір аумақтағы профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың рационалдығын және тиімділігін арттыру мақсатында эпидемиологиялық процесті динамикалық және кешенді бақылау.
Гепатит С кезіндегі эпидемиологиялық бақылау:
Донорларды , жүкті әйелдерді, зарарлану мүмкіндігі жоғары барлық топтардың тексерілу толықтығын, вирустық гепатит В тасымалшысы клиникалық – зертханалық анықтау сапасын тұрақты бақылау;

Қан қызметі мекемелерінде , босану үйлерінде, диспансерлерде санитариялық – эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қадағалау

Наркомания мен сырқаттылық даму тенденциясын жүйелі бақылау
4. Этиологиясы,С вирустық гепатитінің эпидемиялық процесінің сипаттамасы.
Кең таралған антропоноздық парентералдық механизммен берілетін жұқпалы ауру, жасырын өтуімен және бауырдан тыс көріністермен сипатталады.
Қоздырғышы – флавирустар тұқымдастығы,тагавирустар туыстығына кіретін РНҚ лы вирус, вирустар эволюциясында аралық күйде – жануарлар мен өсімдіктер вирустарының ортасында, хлороформ әсеріне сезімтал, геномы аса жоғары гетерогенді.
Инфекция көзі – жедел және созылмалы С гепатитінің барлық түрімен ауыратын науқастар және вирус тасымалдаушылар. С гепатитімен зарарлану жасанды және табиғи берілу жолдарымен іске асуы мүмкін.
 Эпидемиологиясы С гепатитінің көзі тек қана ауру адам немесе вирус тасымалдаушы ғана бола алады. Берілі механизімі –парентеральды. Инфекция мынандай жолдармен таралуы мүмкін:стерильді емес инелермен инъекция жасағанда,гемодиализ кезінде,татуаж жасағанда, қан немесе оның препаратын құйғанда, құлақ тескенде жыныстық қатынас кезінде, сонымен қатар сілекей арқылы және анадан- балаға парентальды жұғады.
Қауіп –қатер тобына жататындар:нашарқор,медицина қызметкерлер (инемен жұмыс жасайды) және донор қанының реципиенттері кіреді. В гепатитімен салистырғанда,С гепатитінің ауру шақырушы дозасы анағұрлым көбірек болады. HCV геномының ауыспалылығына байланысты, С гепатитімен аурыған адамдарда спецификалиқ иммунитет пайда болмайды да, адамда қоздырғыштың әртүрлі субтиптерімен генотиптері ауру тудыруы мүмкін.


жүктеу 77.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет