1 Елде және шетелде ғылымдағы және технологиядағы қызықты



жүктеу 214.18 Kb.

Дата21.02.2017
өлшемі214.18 Kb.

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

1 

 

 



 

 

Елде және шетелде ғылымдағы және технологиядағы қызықты 



оқиғалар 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



                                                     Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 

АО                                                  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ     

 

    № 5 

 

ИННОВАЦИИ В МИРЕ 

 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

2 

Оглавление 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



 

 ........................................................................................  

Ақылды инвестициялар ................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 

Астанада ТМД  елдерінің инновациялық    дамуының  мемлекет  аралық  бағдарламасын  іске  асыру 

талқыланды .................................................................................................................................................. 4 

Астана  қаласында  балалар  мен  жастардың  ғылыми  –  техникалық  шығармашылығын  дамыту 

жөніндегі шаралар талқыланды ................................................................................................................ 5 

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ..............................................................................................  

Смартфонға арналған камера қандағы паразиттерді анықтауға көмектеседі ...................................... 7 

В Жапонияда теріден нерв жасушаларын құруды үйренді ..................................................................... 9 

Италияның ғалымдары көздің 3D-биожасанды мүшесін құрды ............................................................ 9 

Google Google Photos-та шектеусіз суреттер сервисін анонстады ........................................................ 10 

Жаңа технология қатқыл дискті бұлтқа айналдырады .......................................................................... 11 

FUNтастика – ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫППЕН ШЕКТЕСЕТІН ЖАҢАЛЫҚТАР ...............................................................  

Пайда болған сызаттарды өздігінен қосуға қабілетті биобетон құрылды ........................................... 12 

Baidu суперкомпьютерінің жасанды ой – өрісі кескіндерді анықтау сапасы бойынша Google-дың 

бұрынғы рекордынан асып түсті .............................................................................................................. 13 

Ішімдік ішкен адамды тануға қабілетті компьютерлік алгоритм құрылды ......................................... 15 

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР .................................................................................................  

MICROSOFT Корпорациясы BLACKBERRY компаниясын сатып алуды жоспарлауда ............................ 17 

ӨНІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛАРЫ ........................................................................................................................  

БАҚ iPhone келесі екі үлгілері туралы хабарлады .................................................................................. 18 

Tesla 3 жылдан кейін жүргізушісіз электрмобилін құрады.................................................................... 19 

ҮДЕРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР  ..........................................................................................................................  

IBM «заттар ғаламторына» 3 миллиард доллар бөледі ........................................................................ 20 

МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР   ................................................................................................................  

Facebook миллиард адамды тегін ғаламтормен қамтамасыз етті ......................................................... 21 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ..................................................................................................  

БАҚ Google-дағы «қосалқы орындар» туралы білді ............................................................................... 22 

 

 



 

 

 



 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

3 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 

 

 



Ақылды инвестициялар

 

 



Ғылыми 

жетістіктерді 

экономикалық 

жазықтыққа қалай аударуға болады? Бірнеше 

жыл  бұрын  Еуропалық  одақтың  елдері 

алдарына 

мақсат 

қойды: 

ғылым 

мен 

инновациялар  жалпы  еуропалық  ЖІӨ  кем 

дегенде 3% қамтамасыз етуі керек.Бұл көп пе 

немесе аз ба? 

Салыстыру үшін, Еуроаумақтың барлық ауыл шаруашылығының үлесі, 

балық  аулауды  және  ағаш  дайындауды  қосқанда,  шамамен  1,8%  құрайды. 

Басқаша айтқанда, инвестициялардың ауқымды көлемі жоспарлануда. Ғылым 

мен  технологияны  дамытпай  болашақ  жоқ.  Бұл  жай  сөздер  емес.  Еуропа, 

жалпы  дүние  жүзі  энергияның  жаңа  көздеріне  зәру,  білікті  мамандарға 

қажеттілік  артуда,  жаңа  жұмыс  орындарын  құру  керек,  инновациялық 

медициналық  және  өнеркәсіптік  әзірлемелер  қажет  және  т.с.с.  Қандай  елдер 

ең  инновациялық  болып  табылады?  Еуропа  әлемге  қандай  бірегей 

өнертабуларды ұсынуда?

 

Ең  дамыған  елдер  ғылым  мен  технологияның  темптерін  үнемі 



тездеткендіктен, әлемдік көшбасшылық үшін бәсекелестік өте жоғары болып 

табылады.

 

Еуропалық  одақ  Оңтүстік  Кореядан,  АҚШ-тан  және  Жапониядан  осы 



салада кем түседі, бірақ арынды дамып келе жатқан Қытайдан озып келеді, ал 

оның соңынан әлемдік рейтингіде БРҮҚ блогының қалған елдері еріп келеді 

– Үндістан, Бразилия және Ресей (8 орын).  

 

Бүгінгі  таңда  Еуропалық  одақта  бірнеше  ауқымды  бағдарламалар 



табысты  жүзеге  асырылып  келеді,  оның  аясында  инновациялық  жобаларды 

қаржыландыру  жүзеге  асырылуда.  Бірінші  кезекте,  әңгіме  Horizon 2020 

туралы  болмақ    –  ғылым  мен  инновацияны  қолдауға  бағытталған  осы 

жетіжылдық  бағдарламаның  бюджеті  80 млрд. еуроны  құрайды.  Сонымен 

қатар,    COSME  бағдарламасы  бар,  ол  шағын  және  орта  бизнеске  қолдау 

көрсетеді  және  LIFE,  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  жобаларды 

қаржыландырады.  Айта  кететін  жай,  болашақтағы  идеяны  дамытуға  бағыт 

алғандардың барлығы қаржылық қолдау сұрай алады.

 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

4 

Зерттеу, ғылым және инновация мәселелері жөніндегі Еурокомиссияның 

мүшесі Карлуш Моедаштың айтуы бойынша, тек инновацияларға ғана емес, 

қауіптілігі жоғары деңгейдегі жобаларды да қаржыландыратын уақыт жетті. 

Жақсы  мысал  –  атақты  Үлкен  Үлкен  адрондық  коллайдер,  ол  табысты  іске 

қосылды 


және 

бүгінгі 


таңда 

барлық 


адамзатқа 

Жер 


жүзінің 

жаратылғандығын  және  құрамын  зерттеуге,  энергияны  түрлендіруге  және 

көптеген  басқаларына  көмектеседі.  Бірақ  оның  экономикалық  пайдасы 

көптеген  негізі  қаланған  ғылыми  зерттеулер  сияқты  мезеттік  емес.  Моедаш 

мырзаның  айтуы  бойынша    орташа  және  шағын  кәсіпкерліктің 

инновацияларына,  халықаралық  ғылыми  зерттеулерге,  оның  ішінде 

докторлық  диссертацияларға,  патенттік  әлеуетті  өсіруге  және  басқа  да 

бағыттарға  аса  назар  аударылатын  болады.  Барлығы  келесі  үш  жылдың 

ішінде  ЕО  ғылымның  дамуына  315  млрд.астам  еуроны  инвестициялауды 

жоспарлап отыр. 

 

 

Источник: 



http://hi-news.ru/technology/franciya-italiya-i-germaniya-sozdadut-

evrobespilotnik.html 

 

 

А



станада  ТМД  елдерінің  инновациялық    дамуының  мемлекет 

аралық бағдарламасын іске асыру талқыланды

  

 

 



 

Астана  қаласында  кезекті  ТМД  (МСНТИ) 

елдеріндегі  ғылыми  –  техникалық  және 

инновациялық  салаларда  ынтымақтастық 

бойынша  Мемлекет  аралық  кеңестің 

кезекті 15 мәжілісі өтті).

 

Мәжіліске Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша 



вице-министрі  Ерлан  Сағадиев,  Ресей  Федерациясының  Білім  және 

ғылымның вице – министрі Людмила Огородова, Қырғыз Республикасының 

Білім  және  ғылым  министрінің  орынбасары  Адилет Бекбоев,  Атқарушы 

комитеттің  –  ТМД  Атқарушы  хатшысы  Төрағасының  кеңесшісі    Анатолий

 

Казаков,  сонымен  қатар  мүдделі  ұйымдардың  басқа  да  өкілдері 



қатысты. 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

5 

Мәжіліс  барысында  2020  жылға  дейінгі  кезеңге  ТМД  қатысушы  – 

мемлекеттерін  инновациялық  дамытудың  мемлекет  аралық  бағдарламасын 

іске  асыру  мәселелері,  оның  ішінде  Бағдарламаның  сынамалы  жобаларын 

қаржыландыру мәселелері талқыланды.

 

2020  жылға  дейінгі  кезеңге  ТМД  қатысушы  –  мемлекеттерінің 



инновациялық  ынтымақтастығының  мемлекет  аралық  бағдарламасы  туралы 

ТМД  Үкіметі  басшылары  кеңесінің  2011  жылғы  18  қазандағы  шешіміне 

сәйкес,  ҚР  Инвестициялар  және  даму  министрлігіне  ұлттық  тапсырыс 

берушінің  қызметтері,  «ТДҰА»  АҚ  –  на  –  ұлттық  байланыс  орталығының 

қызметтері жүктелгендігін есіңізге саламыз.  

 

Қазақстан  Республикасының  атынан  МС НТИ  мүшесі  Инвестициялар 



және дамудың вице – министрі - Ерлан Сағадиев болып табылады.

 

 



Дереккөзі: http://natd.gov.kz/press_center/press_releases/detail.php?ID=5357

 

 



 

Астана  қаласында  балалар  мен  жастардың  ғылыми  –  техникалық 

шығармашылығын дамыту жөніндегі шаралар

 

талқыланды.

 

 

 



2015  жылдың  14  мамырында  «ТДҰА»  АҚ 

басқармасы 

төрағасының 

орынбасары 

Жұматай 

Сәлімовтың 

қатысуымен 

балалардың 

ғылыми 

– 

техникалық 

шығармашылығының  бағдарламасын  іске 

асыратын,  қосымша  білім  беру  ұйымы 

басшыларының  республикалық  үйлестіруші 

кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Отырыстың  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасында  2015  –  2018 



жылдары  балалар  мен  жастардың  ғылыми  –  техникалық  шығармашылығын 

дамыту  бойынша  жүйелік  шаралардың  кешенін  талқылау,  «ТДҰА»  АҚ-мен 

бастамашылық  етілген,  «Ньютон  –  Әл  –  Фараби»  British Council Казахстан 

серіктестік  бағдарламасымен  бірлесе  отырып,  оқушыларды  жоғарғы 

сыныптың  оқушыларына  арналған  республикалық  инновациялық  жобасына 

тарту бойынша жұмыстарды жүргізуге дайындау. 

Мәжілістің  жұмысына  сонымен  қатар  «ТДҰА»  АҚ  құзыретті  дамыту 

орталығының  басқарушы  директоры  Бауыржан  Айтілеу,  Астана  қаласының 

жаңа Оқушылар сарайының жобасы бойынша менеджері Даниель Оразбеков, 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

6 

«Ньютон – Әл-Фараби» British Council Қазақстан  серіктестік  бағдарламасы 

жобасының  менеджері  Абашов Қанат,  ҚР  ӘМ  Интеллектуалдық  меншік 

құқығы  комитетінің  Интеллектуалдық  меншіктің  Ұлттық  институтының, 

Астана 

және 


Алматы 

қалаларының, 

облыстардың 

білім 


беру 

басқармаларының  өкілдері,  республиканың  барлық  өңірлерінен  Техникалық 

шығармашылық  орталықтарының  және  Жас  техник  станцияларының 

басшылары қатысты.

 

Отырыстың  қатысушылары  республикалық  инновациялық  конкурсты 



өткізудегі  өзара  қарым  –  қатынастарының,  конкурстың  техникалық 

тапсырмасын дайындаудың алдын-ала мерзімін, оның өткізудің, арнайы сайт 

құрудың,  сонымен  қатар  осы  конкурсқа  белсенді  қатысуға  оқушылардың, 

мұғалімдердің  және  ата-аналардың  назарын  аудару  бойынша  кең  пиар-

кампанияны ұйымдастырудың мәселелерін талқылады. 

 

Өз  сөзінде  Жұматай  Сәлімов  ел  экономикасында  инновацияның  рөлін 



аса атап өтті, сонымен қатар, осындай тәріздес конкурстарға қатысу арқылы 

жас  қазақстандықтардың  идеяларын  қолдау  және  дамыту  «ТДҰА»  АҚ-ның 

басты басымдылықтарының бірі болып табылатындығын ескертті.

 

Өз  кезегінде  ҚР  ҒБМ  Қосымша  білім  берудің  Республикалық  оқыту  – 



әдістемелік  орталығының  басшысы  Раиса Шер  одан  әрі  ынтымақтасуға 

және барлық жағынан қолдау көрсетуге дайын екендігін айтып өтті.

 

Мәжіліс барысында Қазақстанның балалары мен жастарын техникалық 



бағыттағы инновациялық конкурстарға тарту бойынша түсіндіру жұмыстары 

жүргізілді,  олар  жас  қазақстандықтардың  инженерлік  ойлауын  дамытуға 

көмектесетін болады.

 

Инновациялық 



жобалар 

конкурсының 

нәтижелері 

бойынша 


жеңімпаздар 

сыйлықтармен 

және 

Ұлыбританияға 



сапармен 

марапатталатындығын естеріңізге саламыз.

 

Мәжілістің  соңында  жобаны  іске  асыру  бойынша  қадамдық  бірлескен 



жоспардың жобасын әзірлеу туралы ұсыныстар қабылданды.

 

 



Дереккөзі: http://natd.gov.kz/press_center/press_releases/detail.php?ID=5346

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

7 

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

 

 

 



Смартфонға  арналған  камера  қандағы  паразиттерді  анықтауға 

көмектеседі

 

 

Берклидегі  Калифорния  Университетінің 



зерттеушілері 

адамның 

қанында 

паразиттерді  табу  үшін  смартфонды 

пайдаланатын 

микроскопты 

ойлап 

тапты.  CellScope  деп  аталатын  жаңа 

құрылғы  осы  саладағы  медициналық 

қызметкерлерге көмектесе алады. 

«CellScope бейнесі нақты және тез нәтижеге қол жеткізеді, ол денсаулық 

сақтау  қызметкерлеріне  емделушілердің  емі  туралы  шешімді  қабылдауға 

мүмкіндік  береді»  -  дейді  биоинженерия  кафедрасының  профессоры 

Даниэль Флетчер.

 

Құрылғыны  құру  үшін  зерттеушілер  смартфонды  және  қанның  үлгісі 



бар  басып  шығаратын  пластикті  3D-негізді  пайдаланды.  Негізде 

жарықдиодты  шамдар,  сұлбалар  және  тегершіктер,  сонымен  қатар 

USB

 порты бар және ол қосымшамен басқарылады.



 

Медициналық  қызметкер  қосымшаны  іске  қосқан  кезде,  тегершіктер 

камераның алдында қанның үлгісін ауыстырады және алгоритм үлгіде қанша 

паразиттің  бар  екендігін  анықтайды.  Зерттеушілердің  айтуынша  тест  екі 

минутты  құрайды,  ал  оның  дәлдігі  іріктеудің  дәстүрлі  әдісінен  еш 

айырмашылығы болмайды.

 

CellScope  тестті  Камерунда  өтті,  онда  онхоцеркозбен  және  лимфа 



филяриатозбен  –  қалжырататын  паразиттік  аурулармен  күрес  жүруде. 

Зерттеушілер  CellScope-пен  зерттеуді  40 000  адамға  дейін  кеңейтуды 

жоспарлауда. 

 

Дереккөзі: Newsland.ru 

 

 



 

 

 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

8 

БАӘ күн энергиясынан қуат алатын алғашқы қонақ үйін ашады 

 

 



Біріккен  араб  Әмірліктерінде  2017  жылдың 

алғашқы 

жартысында 

күн 

батареясының 

жұмысынан  электр  энергиясымен  толығымен 

қамтамасыз  етілетін  әлемдегі  бірінші  қонақ  үй 

ашылады. 

 

Inter Continental

 Hotels Group (IHG) компаниясының тобына кіретін 170 

бөлмелі  Indigo  қонақ  үйінде  сонымен  қатар  барлық  ағын  сулар  мен 

қалдықтар қайта өңделетін болады.

 

Қонақ үй Дубайдың жаңа тұрғын аудандарының бірінде салынады, оны 



барынша экологиялық таза ету жоспарлануда.

 

Салушы  компанияның  атқарушы  директоры  Фарис Саидтың (Faris 



Saeed) айтуы бойынша, қонақ үй қалалық электр желісіне қосылатын болады. 

Осылайша,  өндірілетін  энергияның  артығын  шеттегі  тұтынушыларға  сатуға 

болады. Саидтың айтуы бойынша, бұл электрэнергияның құнын шамамен 25-

30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

 

IHG  тобы  БАӘ  –  дегі  18  қонақ  үйге  иелік  етеді,  жақын  арадағы  бес 



жылда  елде  тағы  компанияның  10  қонақ  үйін  ашу  жоспарлануда.  Барлығы 

Inter


 Continental Hotels Group  франшизасы  дүние  жүзі  бойынша  4,8  мың 

қонақ үйді есептейді.

 

Бұл  қазіргі  заманға  сай  технологияның  қонақ  үй  бизнесіне  кірісуі 



алғашқы  жағдай  емес.  Ақпанда  2015  жылдың  жазында  Жапонияда 

қызметкерлері  тек  роботтардан  құралған  қонақ  үй  ашылады  деген  хабар 

белгілі  болды.  Осы  қонақ  үйдегі  түннің  бағасы  60  доллардан  153  долларға 

дейінгі бағаны құрайтын болады.  

 

Дереккөзі: Newsland.ru

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

9 

Жапонияда теріден нерв жасушаларын құруды үйренд

і 

 

 



Жапонияда 

мамандар 

теріден 

нерв 

жасушаларын  алудың  әдісін  ойлап  тапты.  Осы 

әзірлеме  зерттеушілердің  айтуы  бойынша 

болашақта бас миының, жұлынның зақымдалуы 

нәтижесінде  пайда  болатын  орталық  нерв 

жүйесінің 

(ОНЖ) 

тіндері 

зақымдалынған 

адамдарды емдеуге көмектесе алады.

 

Күн шығыс елінде медицина мамандары жұлынның және бас миының 

ауруларынан кейін денсаулықты қалпына келтіру мәселесін шешуде алдыңғы 

қатарға  шықты.  Жапондық  мамандар  терінің  бөлшектерінен  нерв 

жасушаларын қалай алу керектігін ойлап тапты. 

 

Сынақ үшін ОНЖ жасушаларын құру және дамыту үдерісіне қатысатын 



алты  түрлі  химиялық  заттар  пайдаланылды.  Мамандар  осы  компоненттерді 

терінің  кішкентай  бөлшектеріне  қосты,  ол  алты  айдан  55  жасқа  дейінгі 

адамдардан алынды. Үш аптадан кейін алынған нәтижелер таңқалдырды: тері 

бөлшектерінің  80  пайызынан  астамы  нерв  жасушаларының  өзінің 

ерекшеліктері бойынша ұқсас болды. 

 

Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/v-yaponii-nauchilis-sozdavat-nervnie-kletki-iz-kozhi 

 

 

Италияның ғалымдары көздің 3D-биожасанды мүшесін құрды



 

 

 



Ынтагер  ғалымдардың  тобы  бүкіл  медицинаны 

өзгертетін  технологияны  ойлап  тапты  – 

мамандардың  әзірлемесі  EYE  деген  атауға  ие 

болды  және  дереккөзінен  айырылған  адамдарға, 

мүшесін  ғана  емес,  көру  мүмкіндігін  де  қайтара 

алады.

 

Ғалымдардың  айтуынша,  олардың  ойлап  шығарған  жаңалығы 



қарапайым көру мүшесі сияқты қызмет ете алатын толыққанды жасанды көз 

болып табылады. Бұрын көздің жоғалған көру органын ауыстырған уақытта 

медицина мамандары сыртқы түрі қарапайым көздерден еш айырмашылығы 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

10 

жоқ асанды көзді сала отырып емделушінің сыртқы келбетін өзгертті. Адам 

онымен көре алмады.  

Итальяндық  ғалымдар  EYE  биопротезін  құрған  кезде  3D –басып 

шығару мүмкіндігін пайдаланбақшы, ол соңғы уақытта медицина саласында 

кеңінен таралып келеді. Алғашқы толыққанды жасанды көз жоспар бойынша 

2027 жылы құрылуы тиіс. 

Алдын  жапондық  мамандар  қоғамға  өзінің  тумасы  –  3D  жасанды 

протезді  ұсынған  болатын,  ол  смартфонмен  қолдың  қалған  бөлігінен 

белгілерді  синхрондайды  және  қолдың  протезін  білегін  қимылдатуға  және 

саусақтарды ашып-жұмуға бұйрық береді.  

 

Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/uchenie-iz-italii-sozdali-3D-bioprotez-glaza

 

 

 

Google Google Photos-та шектеусіз суреттер сервисін анонстады 

 

 

Google  компаниясы    Google Photos  деген 



жаңа  суреттер  сервисін  ұсынды,  ол 

ішінара  танымал  Instagram  қосымшасына 

бәсекелес 

болады. 

Сервис 

Google

 

I/O 

әзірлеушілеріне  арналған  жыл  сайынғы 

конференцияда анонсталды. 

 

Қ



осымша  Google  технологиясын  суреттерді  автоматтық  режимде 

іріктей  отырып  және  керекті  суреттерді  табуға  оңай  болуы  үшін,  мысалы 

пайдаланушы  оған  ешқандай  белгілерді  қоймаса  да  балаларымен  түскен 

барлық суреттерді, бет-әлпеттерін тану үшін пайдаланады.

 

Сонымен  қатар  Google суретті  редакциялауға  арналған  технологияны, 



мысалы  суретті  бірден  жақсартуға  арналған  қызмет  Auto Awesome 

пайдаланбай  қоймады.  Сондай  –  ақ  қосымшада  альбомдарды,  суреттердің 

тарихын,  коллаждарды,  жандандырылған  іріктемелерді  оңай  жасауға 

арналған  қызметке  қолжетімді.  Суреттерді  күндер,  айлар  және  жылдар 

бойынша қарауға болады.

 

Қосымшада  бірнеше  суретті  бірден  таңдау  үшін  оларды  саусақпен 



жүргізген  жеткілікті.  Сонымен  қатар  Google  шеткі  платформаларда 

суреттердің  іріктемесімен  бөлісуге  мүмкіндік  береді  –  ол  үшін  «сілтемені 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

11 

алу» түймесін бассаңыз жеткілікті. Ал іріктемені көрген және Google Photos 

қосымшасы бар пайдаланушылар бір басқаннан суреттерді сақтай алады

 



Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/Google-anonsirovala-bezlimitniiy-fotoservis-Google-Photos 

 

Ж



аңа технология қатқыл дискті бұлтқа айналдырады

 

 

 



Бұлтты  қойманың  пайдаланушылары  жиі 

қарапайым  бұлтты  қоймалар  ұсынатын 

жадының  көлемдеріне,  сонымен  қатар 

шеткі қорларда сақталынатын өзінің жеке 

мәліметтерінің 

қауіпсіздігіне 

көңілдері 

тоймай жатады.

 

Brease



  Technologies компаниясы иесі кез-келген компьютерді пайдалана 

отырып  қосыла  алатын,  кез-келген  қатты  дискіні  бұлтқа  айналдыратын 

құрылғыны ұсына отырып, жағдайды өзгертуді үміттенеді. 

 

«Brease  –  бұл  сіздің  барлық  мәліметтер  көзін  қосатын  және  оларды 



дербес  бұлтқа  айналдыратын  оңай  бапталатын  торап»  -  делінген  гаджеттің 

сипаттамасында.

 

«Жай  ғана  оған  өзіңіздің  сыртқы  қатты  дискіңізді  немесе  флэш 



картаңызды қосыңыз және олар кез-келген уақытта қолжетімді болатын сіздің 

дербес  бұлтыңызға  айналады.  Тура  қарапайым  бұлт  тектес,  бірақ  кез-келген 

өзіңізге қажетті көлеммен және әлдеқайда қауіпсіз».

 

«Бір  жылдан  астам  жүргізілген  сынақтар,  бірнеше  жұмыс  істейтін 



прототиптер  және  нәтижесінде,  біз  сізге  ең  жақсы  дербес  бұлтты  қойманы 

көрсетуге дайынбыз» - дейді құрушылар.

 

Сатылымда  бұл  құрылғылар  әзірше  жоқ,  бірақ  гаджеттің  алғашқы 



көшірмелерінің  бірін  құрушыларды  Kickstarter’e  –  де  қолдай  отырып  алуға 

болады 


 

Көзі: http://texnomaniya.ru/novaya-tehnologiya-prevratit-zhestkiiy-disk-v-oblako

 

 



 

 

 



 

 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

12 

FUNтастика – ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫППЕН ШЕКТЕСЕТІН ЖАҢАЛЫҚТАР  

 

П

айда  болған  сызаттарды  өздігінен  қосуға  қабілетті  биобетон 

құрылд

ы 

 

 



Б

етон,  оның  төзімділігіне  қарамастан,  өмір  бойы 

сақталатын  материал  емес,  одан  салынған 

ғимараттар  мен  құрылыстар,  тиісінше  қызмет 

көрсетілмесе,  уақыт  өте  апатты  жағдайға 

жеткенге дейін бұзыла бастайды

.

 

Бұл  зерттеушілерді  бетонға  ұзақ  мерзімді  қызмет  етуі  үшін  тәсілдерді 

іздеткізеді  және  осы  салада  Нидерландыдағы  Дельфта  Технологиялық 

университетінің  (Delft University of Technology)  тобы  біршама  жетістікке 

жетті.

 

Бетонның  және  одан  салынған  құрылыстардың  бұзылуының  бір  себебі 



жарықшақтар болып табылады, олар осы материалда ұзақ уақыт бойы пайда 

болады. Температураның бірден ауысуы, қыста мұзға айналатын ылғалдылық 

және кейбір басқа да факторлар осы жарықшақтардың пайда болуының себебі 

болып  табылады.  Пайда  болған  сызаттардың  арасынан  ылғал  бетонға  одан 

сайын  тереңірек  өтеді  және  ішінен  оның  темірден  жасалынған  арқауын 

«жейді», бұл өте қараусыз қалғанда ғимараттың толығымен бұзылуына әкеліп 

соғуы мүмкін. Бірақ профессор Хенк Джонкерстың тобымен әзірленген бетон 

осы  мәселені  толығымен  жояды,  себебі  бұл  бетон  онда  пайда  болған 

жарықшақтарды өздігінен қоса алады.

 

Зерттеушілер  құрамы  биобетоннан  құралған  бетонның  жаңа  түрін 



әзірледі.  Осы  материалдың  негізінде  қарапайым  бетонға  арналған  барлық 

дәстүрлі компоненттері бар, бірақ араластыру кезеңінде оған нақты бір түрдің 

бактериаларын  және  кейбір  қосымша  компоненттерді  қосады.  Осы 

бактериялар  қосымша  компоненттермен  бірге  өзінше  бір  «ұйқыдағы  агент» 

болып табылады, ол бетон зақымдалынбаған жағдайда активті емес қалыпта 

болады.


 

Бірақ,  биобетонда  сызаттар  пайда  болған  жағдайда,  «ұйқыдағы  агент» 

жарықшалар  арқылы  түскен  ылғалдың  әсерінен  белсенеді.  Бетонның 

құрамына  енгізілген  бактериалар  жеткілікті  түрде  ылғал  мен  қоректі  ала 

отырып,  төзімді  әктасты  құрайды.  Олардың  қорегі  кальций  лактаты  болып 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

13 

табылады,  олар  биожіктелетін  қабықшамен  капсула  түрінде  бетонның 

құрамында болады. 

Су  мен  қоректенуді  ала  отырып,  бактериялар  белсенеді  және  бетонда 

пайда  болған  сызаттарды  жапсыра  отырып,  әктасты  белсенді  түрде  өңдей 

бастайды.  Сызат  толығымен  жойылған  уақытта,  бактериялар  ылғалдың 

арынынан  арыла  отырып  қайтадан  «ұйқыға»  кетеді,  онда  олар  келесі  сызат 

түскенге дейін жатады. 

 

Ғалымдармен  пайдаланылған  бактериялар  адам  үшін  қауіпсіз  болып 



табылады,  олар  ұзақ  уақыт  бойы  оттек  пен  ылғалсыз  ұйқыда  жата  береді. 

Сондықтан,  механикалық  сипаттамалары  қарапайым  бетоннан  еш 

айырмашылығы  жоқ  осындай  биобетоннан  құрылған  ғимараттар,  олардың 

бетонына  салынған  бактерияларға  арналған  құнарландыру  жеткенге  дейінгі 

уақыт  бойы  бүтін  болып  тұрады.  Және  бұл  мерзім  қарапайым  бетоннан 

салынған  ғимараттар  мен  құрылыстардың  қызмет  ету  мерзімінен  көп  есе 

артық болады.

 

 



Дереккөзі: 

http://www.dailytechinfo.org/np/7066-sozdan-biobeton-sposobnyy-

samostoyatelno-zarastit-voznikayuschie-v-nem-treschiny.html

 

 



 

Baidu  суперкомпьютерінің  жасанды  ой  –  өрісі  кескіндерді  анықтау 

сапасы бойынша Google-дың бұрынғы рекордынан асып түсті 

 

 



Иелігінде  аттас  қытайлық  ұлттық  іздестіру 

жүйесі  бар  Baidu  қытайлық  компаниясы 

жасанды  интеллект  жүйесімен  жабдықталған 

суперкомпьютерді  құрды,  ол  талдау  жүргізе 

отырып  және  бір  миллион  кескінді  қарастыра 

отырып 

тек 

4,58

 

пайызында 

ғана 

жаңылысты



 

Және  кескіндерді  танудың  осындай  тиімділігі  Microsoft, Google  және 

басқа  да  компаниялармен  әзірленген  бағдарламалық  жасақтаманың 

тиімділігін арттырды. 

Minwa  суперкомпьютерінің  72  қуатты  орталық  процесстері  және  144 

графикалық  процесстері  бар,  олар  графикалық  ақпаратты  өңдеуге 

бағытталған  болатын.    Minwa  суперкомпьютерінің  есептегіш  қуаттылығы 

мынадай, егер ол тереңнен зерттейтін технологияларға ғана бағытталған тар 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

14 

шеңберде мамандандырылған жүйе болмағанда, ол ең қуатты қазіргі заманға 

сай суперкомпьютерлердің алғашқы үш жүздің тізіміне кіретін еді. 

Minwa-ның жасанды интеллекті жүйесінің қабілеттілігін тексеру үшін ол 

миллионнан  астам  кескіндері  бар  мәліметтердің  базасы,  ImageNet-ке 

«кеңістікке  шығарылды».  Суперкомпьютердің  алдына  қойылған  бастапқы 

мақсат кескіндерді мыңдаған түрлі категорияларға іріктеу болатын. Осындай 

мақсатты  шешу  үшін  суперкомпьютер  осындай  кескіндердегі  сәйкессіздікті 

өздігінен  сәйкестендіруі  қажет  болатын,  мысалы,  түрлі  тұқымды  иттердің 

суреттерін. 

Осы  мақсатты  орындауы  үшін  суперкомпьютерде  нейрон  желісі 

құрылды, ол жоғары рұқсат етілген қабілеттілігі бар кескіндерде объектілерді 

анықтап  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  өздігінен  оқытылатын  қабілетке  ие 

болды,  бұл  жүйенің  жеке  объектілерінің  әрқайсысына  тән  ерекшеліктерді 

табуына  мүмкіндік  берді.  Суперкомпьютерге  «берілетін»  мәліметтердің 

кейбірі әдейі бұрмаланды, кескіндер қызықты жиектермен көмкерілді, оларға 

«су белгісі» салынды, кейбір кескіндер қисық қырқылды, бұрмаланды немесе 

«бұрыс»  түстерге  ие  болды.  Мұның  бәрі  жасанды  интеллекттің  жүйесі 

нысандардың  әрқайсысына  тән  басты  ерекшеліктерді  ғана  зерттеуі  үшін, 

қосалқы бөлшектерге назар аудармауы үшін жасалынды.   

Оқытудың  осындай  үдерісі  жасанды  интеллекттің  жүйесі  кез-келген 

үлгідегі  кескінді  анықтай  алатындай  дәрежеге  жеткізді,  тіпті  ол  ASCII-

символдарының  көмегімен  басып  шығарылса  да,  біршама  бұрышқа 

аударылып  қайтадан  суретке  түсірілсе  де.  Сонымен  қатар,  суперкомпьютер 

4,58 пайызда алдына қойылған міндетке шамасы келмеді, бұл кезінде Google 

компаниясымен қойылған рекордтан асып түсті, ол кезде 4,8 пайыз болатын. 

Ең  жақын  арада  Baidu  компаниясы  Minwa-ға  қарағанда  да,  одан  да 

қуатты  суперкомпьютерді  пайдалануды  жоспарлауда,  ол  14  мың  сағат 

аудиожазбаны  зерттейді  және  анықтайды.  Осының  барлығымен  оқытылған 

нейрон  желісі  қытай  және  ағылшын  тілдерінде  сөздерді  анықтаудың  жаңа 

технологияларын  әзірлеу  үшін  пайдаланылатын  болады,  олар  нәтижесінде 

түрлі сервистік компанияларда пайдаланылады.  

 

Дереккөзі: 

http://www.dailytechinfo.org/infotech/7011-iskusstvennyy-intellekt-

superkompyutera-baidu-pobil-rekord-google-po-kachestvu-raspoznavaniya-izobrazheniy.html 

 

 



 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

15 

І

шімдік ішкен адамды тануға қабілетті компьютерлік алгоритм 

құрылд

ы 

 

 



Алкоголь  –  қатты  ішіп  алған  адамдарды  түрлі 

келеңсіз  жағдайларға  тап  қылдыратын  зұлым 

зат  екендігі  барлығына  белгілі.  Сонымен  қатар, 

алкоголь,  тіпті  аз  мөлшерде  ешқандай  артық 

қимыл жасамаған адамдардың өзін ұялтады. 

 

Алкогольді пайдалану салдарының өзіңізге қарсы пайдаланылатын басқа 



да  жақтары  бар  екен.  Бұған  жаңа  компьютерлік  бағдарлама  көмектеседі,  ол 

инфрақызыл  камералардан  мәліметтерді  ала  отырып,  өте  аз  мөлшерде 

алкоголь ішкен адамды тез таба алады.

 

Стақандағы  шарап  немесе  одан  да  басқа  ащы  сусындардағы  алкоголь 



адамның  денесіндегі  қан  тамырларының  кеңеюіне  алып  келеді.  Мұндай 

кеңею  қан  айналымын  арттырады  және  қан  тамырларын  терінің  қабатына 

қарай  жақындатады,  сонда  беттің  қабаты  ысиды  және  қызарады.  Беттің 

қызару  деңгейі  альдегиддегидрогеназа  деп  аталатын  ағзадағы  ферменттің 

концентрациясының  ұлғаюына  байланысты  артады,  ол  алкогольді  қайта 

өңдеуге  қатысады.  Бұл,  әдетте,  қанында  азиаттың  қаны  араласқан 

адамдардың  алкогольді  пайдаланған  уақытта  беттерінің  қызаратындығын 

түсіндіреді. 

 

Компьютерді  ішіп  алған  адамдарды  тануын  үйрету  үшін,  Грециядағы 



зерттеушілерге  көмекке  41  ерікті  азаматтар  қажет  болды.  Инфрақызыл 

камераның көмегімен ерікті азаматтардың төрт стақан шарапты ішкенге дейін 

және ішкеннен кейінгі суреттері түсірілді. Алкогольдің қабылданған мөлшері 

түрлі  адамдарда  мас  болудың  түрлі  деңгейіне  алып  келді,  бірақ  қанның 

құрамында  алкогольдің  концентрациясы  шамамен  бірдей  болды  және  

0,05 промилльді  құрады.  Мұндай  концентрация  Грецияда  рұқсат  етілген 

шегі  0 ,08 промилльден  төмен,  бұдан  кейін  адамдарға  көлік  құралын 

жүргізуге  тиым  салынады,  бірақ  мұндай  концентрация  жүргізушінің  сау 

адамға  қарағанда  автокөлік  апатына  ұшырауының  мүмкіндігін  38 

пайызға арттырады.

 

Зерттеушілермен  жиналған  барлық  мәліметтер  жасанды  өзін-өзі 



оқытатын  нейрон  желісіне  жүктелді,  ол  пиксель  бойынша  сау  және  мас 

адамдардың барлық суреттерін көрсетті. 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

16 

Талдаудың  көрсетуі  бойынша,  алкогольді  пайдаланудың  ең  сенімді 

көрсеткіші  адам  маңдайының  және  мұрнының  температурасы  болып 

табылады  екен.  Және  осы  мәліметтердің  негізінде  компьютерлік  алгоритм 

құралды,  ол,  тіпті  сәл  ғана  алкоголь  сусынын  ішкен  адамды  90  пайызға 

анықтап  бере  алады.  Сонымен  қатар,  талдауды  жүргізу  үшін  жүйеге  сол 

адамның сау түрін көрудің қажеті жоқ.

 

Зерттеушілердің  ойынша,  олар  құрған  компьютерлік  бағдарлама  түрлі 



мақсаттарда  пайдаланыла  алады.  Оның  көмегімен  полицейлер  автокөлікті 

мас  күйінде  жүргізді  деп  күдіктелінген  жүргізушілерді  қашықтық 

куәландыруына  мүмкіндік  алады.  Көшені  бақылау  камерасының  жүйесімен 

біріктірілген  осы  бағдарлама  әлі  бұзықтық  жасамаған,  бірақ  заңды 

проблеманың  өзегіне  айналатын  мас  адамдарды  көшелерде  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Және  сәйкесінше,  өнеркәсіптік  бақылаушыға  немесе 

автокөліктің  борттық  компьютеріне  біріктірілген  мұндай  жүйе  мас  адамға 

қозғалысты  бастауына  немесе  әлеуетті  қауіпті  технологиялық  жабдықтың 

пультін басқаруға мүмкіндік бермейді.

 

 



Дереккөзі: 

http://www.dailytechinfo.org/infotech/6970-sozdan-kompyuternyy-algoritm-

sposobnyy-raspoznat-vypivshego-cheloveka.html

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

17 

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР  

 

 



MICROSOFT Корпорациясы BLACKBERRY компаниясын сатып алуды 

жоспарлауда 

 

 



Бұрын  Research

 

In

 

Motion



 

(RIM)ретінде  танылған, 

BlackBerry

 

Limited 

атты 

Канадалық 

телекоммуникациялық компаниясында жаңа иеленуші 

пайда  болатын  сияқты.  Бірнеше  ай  бұрын  Желіде 

оның  басшылығы  барынша  пайдалы  шартпен 

компанияны    сатуға  тырысуда  деген  қауесет 

тараған болаты.  

Әлеуетті  сатып  алушылардың  арасында  Lenovo, Huawei және Xiaomi 

сияқты  смартфондардың  өндірушілері  аталынған  болатын,  бірақ  мүдделі 

тізімге Microsoft кіреді деп ешкім ойламаған болатын. 

Осы  уақытта,  нарықтың  инсайдерлерінен  алынған  ақпаратқа  сай, 

Microsoft  бірнеше ірі инвестициялық фирмалармен BlackBerry компаниясын 

сатып алуға өзінің мүмкіндігін бағалау үшінжұмыс істеп жатыр. Осы сатып 

алумен  Редмонд  корпорациясы  коммуникация  сегментінде  өзінің 

маңыздылығын  арттырғысы  келеді.  Канадалық  смартфондарды  өндірушінің 

иелігінде біраз қызықты патенттер бар, олардың ішінде бағалысы да көп. 

Microsoft  компаниясына  қарағанда,  Азияның  смартфондарды  өндіретін 

компаниялары BlackBerry компаниясын оның көмегімен танымал болу үшін 

және  солтүстік  американың  нарығында  танылу  үшін  сатып  алғысы  келеді. 

Әрине, аталған компаниялардың бірінен де әлі ешкім нақты жауапты естіген 

жоқ, яғни, бәрі әлі қауесет болып қалуда.  

Соңғы  жылдары  BlackBerry  компаниясының  жұмысы  мардымсыз.  Бұл 

түрлі елдерде компанияның кеңсесінен көптеген қызметкерлердің жұмыстан 

босатылуына  әкеліп  соғуда.Сонымен  қатар,  компания  ірі  қайта 

құрылымдаудан өтті. 

 

Дереккөзі: 



http://hi-news.ru/business-analitics/korporaciya-microsoft-planiruet-

priobresti-kompaniyu-blackberry.html 

 

 



 

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

18 

ӨНІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛАРЫ 

 

БАҚ iPhone келесі екі үлгілері туралы хабарлады 

 

 



Желіде  Apple  компаниясының  келесі  ұрпақтың 

смартфондары  туралы  алғашқы  қауесеттері 

пайда  бола  бастады.  Жаңалықтар,  болжам 

бойынша, 

Force

 

Touch 

технологиясының 

қолдауына және қуатты камераға ие болады. 

 

Талдаушы Мин Хи Куоның айтуынша, басты жаңа енгізілім Force Touch 

қызметінің  телефонда  болуы  болып  табылады.  Технология  өздерін 

нойтбуктар мен Apple сағаттарында жақсы көрсетті. 

Экранның  рұқсаттары  мен  көлемдері  тоғыз  ай  бұрын  пайда  болған 

iPhone 6 және iPhone 6 Plus  сияқты  болып  қала  бермек.  Диагональдары  —

 4,7 және 5,5 дюйм. 

Камераның жаңартылуы мүмкін: суреттердің рұқсаты 12 мегапиксельге 

дейін өседі. Баяндаманың авторы бір-екі сапалы ішкі жаңартуларды да атап 

өтті  –  жаңа  процессор  А9  және  2 гигабайт  тез  жедел  жады.  Жаңа 

процессордың сипаттамасын талдаушы қарастырмады. 

Үлгілердегі 

майысатын 

корпустардың 

проблемасын 

басқа 


материалдарды  пайдалану  есебінен  және  ішкі  құрылымды  жақсартудың 

есебінен  шешеді.  Өзінің  телефонын  жиі  құлатып  алатындар  немесе 

лақтыратындар үшін компания шектеулі көлемде iPhone 6S Plus үлгісінің өте 

төзімді жақұт шынысынан жасалынған телефонын шығаруы мүмкін. 

Қосымша  Touch ID  жұмысын  жақсарту  және  дене  қимылының 

көмегімен  аппаратты  басқарудың  жаңа  мүмкіндіктері  туралы  хабарлама 

жасалынды.  

Жалпы  шығарылым,  болжам  бойынша  тамыздың  ортасынан  немесе 

аяғынан басталады. 2015 жылдың соңына дейін компания, Мин Хи  Куоның 

айтуынша, 80-нен 90 миллионға дейінгі гаджеттерді сатады, арақатысы 2-ден 

1-ге  болады  –  яғни,  әр  iPhone 6S Plus  үлгісіне  екі  iPhone 6S  сатылатын 

болады. 


 

Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/smi-soobshili-o-dvuh-sleduyushih-modelyah-iPhone 

 

 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

19 

Tesla 3 жылдан кейін жүргізушісіз электрмобилін құрады 

 

 



Акционерлермен болған кездесуде Tesla

 

Motors 

автокөлік  өндірушісінің  негізін  қалаушы  және 

бас  директоры  Элон

 

Маск  компанияның 

алғашқы 

электрмобильдері 

жолдармен 

адамның  қатысуынсыз  жүре  алады  деп 

хабарлады,  олар  жақындағы  3  жылда 

нарықта пайда болуы мүмкін. 

Басшының  айтуынша,  жүргізушілерге  рөлді  басқаруға  жеңілдік  беретін 

автопилоттың  алғашқы  үлгісін  сатып  алушылар    Tesla Model S  автокөлігін 

шамамен  бір  айдан  кейін  бағалай  алады.  Осы  жүйені  сынақтан  өткізген 

уақытта  Элон  Маск,  өзінің  айтуынша,  жеке  қатысты.  Оның  айтуынша,  үш 

жылдан  кейін  жүргізушісі  жоқ  көлік  құралдары  көпшілікке  шығуға  дайын 

болады,  бірақ  мұндай  машиналардың  жолда  пайда  болуы  жол  жүру 

ережесінің  саласындағы  заңнамаларды  реттеу  мәселесіне  байланысты 

созылуы да мүмкін.  

Tesla  электрмобилінің  жүргізудің  қызметінің  бөлігін  өзіне  алатын  кез-

келген жүйе адамның басқаруынан 10 есе қауіпсіз болатындығын Маск атап 

өтті. Мамыр айында БАҚ құрылған Tesla автопилоты тек нақты жылдамдық 

магистралінде  және  азжүктелген  жолдарда  ғана  жұмыс  істеуге  қабілетті 

екендігін  айтты.  Жүйе  2014  жылдың  қазанынан  бері  қарай  шығарылған 

Model S 

электрмобильдеріне 

қолжетімді 

болады. 


Акционерлермен 

кездесуінде  Элон  Маск  айтқандай,  Tesla  инженерлері  жүргізушісіз 

басқарудың  технологиясының  мүмкіндіктерін  кеңейту  үшін  еңбек  етуде, 

және болашақта ол автокөлікті жүргізушілерге гаражға орнатуға немесе одан 

шығаруына  көмектесетін  болады.  Робомобильдерді  құру  үшін  көптеген 

автоөндірушілер  және  технологиялық  компаниялар  еңбек  етуде.  Мысалы, 

Nissan осындай машиналарды 2020 жылға қарай шығармақшы, ал Google осы 

жазда  бірнеше  жүргізушісіз  автокөліктердің  прототиптерін  сынақтан 

өткізбекші. Apple корпорациясы да осындай жобаны дайындауда. 

 

Дереккөзі: по сообщению сайта Newsland.ru 

 

 

 



 

 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

20 

ҮДЕРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР  

 IBM өзінің «заттар ғаламторы» бөлімшесіне 3 миллиард  доллар 

көлемінде қаржы жұмсайды 

 

 



IBM  өзінің  «заттар  ғаламторы»  бөлімшесіне  4 

жылдың  ішінде  3

 

миллиард 

 

доллар  көлемінде 

қаржы  жұмсайды.  Бұл  туралы  компания  өзінің 

сайтында  хабарландырды.  Ол  ауа  райы  туралы 

Weather

 

Channel  телеарнаның  иесі,  Weather

 

Company  бірге  бизнеске  талдау  мен  ауа  райы 

туралы мәліметтерді ұсынады. Бұл мәліметтерді 

IBM

  

Watson    жүйесінің  көмегімен  талдайтын 

болады.

 

Бұл  мәліметтерді  IBM  Watson  жүйесінің  көмегімен  талдайтын  болады. 



«Weather Company және IBM 

ынтымақтастығы 

маңызды 

бизнес 


жүйелерінің  жұмысын  одан  сайын  жақсарта  алады»  -  деді  IBM Analytics 

бөлімінің аға вице-президенті Боб Пиччиано. Оның айтуы бойынша, «заттар 

ғаламторының»  көмегімен  екі  компания  да  ауа  райы  туралы  мәліметтерді 

сенсорлардан  әлем  бойынша  жинайды,  оны  сақтайды,  өңдейді  және  дүние 

жүзі бойынша компанияларға ұсынады.  

 

«Заттар  ғаламторының»  тұжырымдамасы  ақпаратты  автоматты  түрде 



беретін  және  алатын  құрылғыларды  ғаламторға  қосу  дегенді  білдіреді.  IBM 

ауа  райын  талдау  үшін  ғаламторға  қосылған  Weather Company  қадағаларын 

пайдаланбақшы,  олар  температураның,  қысымның,  ылғалдылықтың 

көрсеткіштерін  және т.б.жинайды. 

«Бұл әрқашан ауа райына тәуелді болған компаниялар үшін өте өзгерісті 

кезең,  бірақ  оларда  бұрын  түрлі  мәліметтерге  немесе  күрделі  талдауға 

қолжетімділігі болған жоқ» - деді The Weather Company бас директоры Дэвид 

Кенни. 


Weather Company  қазіргі  таңда  пайдаланушыларға  шамамен  секундына 

700  мың  ауа  райын  береді.  Нақты  ауа  райы  жүргізушілерге  машинаны 

жөндеуге үнемдеуге мүмкіндік береді: IBM мәліметтері бойынша, жыл сайын 

сақтандырушылар  машиналары  бұршақтан  зақымдалынған  жүргізушілерге 

ғана  миллиард  доллар  төлейді.  Ауа  райы  туралы  мәліметтерді  талдау 

энергияүнемдеуді  оңтайландыруға  мүмкіндік  береді:  Техас  штатында 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

21 

температураның  Цельсия  бойынша  32-ден 35  градусқа  көтерілуі  электр 

энергиясына жалпы шығынды күніне 24 миллион долларға арттырады. 

IBM ауа райы туралы мәліметтерді Watson жүйесінің көмегімен өңдейді. 

2011 жылы осы жүйенің базасында суперкомпьютер Jeopardy ойынының екі 

чемпионын ұтып шықты. 

 

Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/IBM-vlozhit-3-milliarda-dollarov-v-internet-vesheiy 

 

 



МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР 

 

Facebook миллиард адамды тегін ғаламтормен қамтамасыз етті 

 

 

Facebook  Малави  Республикасы  өзінің  Internet.org 



жобасына  қосты,  сол  арқылы  африка  елін  негізгі 

онлайн  –  сервистерге  тегін  қолжетімді  еткізді. 

Малавидің  пайдаланушыларын  есепке  алғанда  қазіргі 

таңда  осы  ынтаның  арқасында  интернетті 

пайдалануға мүмкіндік алғандардың саны миллиардқа 

жетті. 

Бұл  туралы  өзінің  әлеуметтік  желідегі  парақшасында  Facebook  бас 

директоры Марк Цукерберг хабарлады. 

Тегін кіру Wikipedia және Facebook сияқты сервистерге, сонымен қатар 

арнайы ұсыныстар арқылы жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері мен денсаулық 

сақтау  туралы  ақпараттың  түрлі  ресурстарына  мүмкіндік  пайда  болды.  Осы 

ынтаны  іске  асыру  әлеуметтік  желінің  TNM және Airtel Malawi  жергілікті 

операторларымен ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асты. 

«Адамдарға желіге тегін кіруге мүмкіндік беру – дұрыс іс. Біз көптеген 

тұрғындарды  және  елдерді  қосуды  жалғастырамыз  және  әлемдегі  әр  адам 

ғаламторға  қосылуға  мүмкіндік  алғанға  дейін  тоқтамаймыз»  -  деп  жазды 

Цукерберг. 

Сонымен  қатар  ол  инфографикасында  жоба  бойынша  соңғы 

стаистиканы  ұсынды.  Internet.org  қазіргі  таңда  Малавиден  басқа  10 

мемлекетте  іске  қосылды:  Гватемалада,  Колумбияда,  Ганада,  Замбийде, 

Кенияда,  Үндістанда,  Бангладеште,  Индонезияда  және  Филиппинде.  Осы 

ынтаға  байланысты  алғаш  рет  ғаламтормен  пайдаланған  адамдардың  саны 

тоғыз миллионнан асады, ал тегін сервистердің саны жүзден асады.  



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

22 

Сондай  –  ақ  ірі  әлеуметтік  желінің  негізін  қалаушы  Aquila  пилотсыз 

үлгісінің жобалық кескінін ұсынды, ол болашақта ғаламторды аспаннан беруі 

тиіс. 


Осындай  ұшатын  аппарат  аумағы  40-80  шаршы  метрді  қамтитын 

аймақты желімен қамтамасыз ете алады деп болжанады. Оның қанаттарының 

көлемі 42 метрді құрайды, ал ұшу биіктігі – 18-27 километр болады. 

2013  жылдың  тамыз  айында  Цукерберг  Internet.org  қорын  іске  қосты, 

оған  Ericsson, Nokia, Samsung, Opera Software, Qualcomm  және  тағы  бірқатар 

басқа да компаниялар кіреді. Әлем бойынша бес миллиард адамға ғаламторға 

тегін кіруді ұсыну оның негізгі мақсаты болып табылады (негізі әңгіме кедей 

африка елдерінің халқы туралы болып отыр).   Facebook жобасының аясында 

серіктестердің  көмегімен  электрондық  мәліметтерді  берудің  тиімділігін 

арттыру және қосылуы бағасын 100 есе төмендету жоспарлануда. 

Осындай  ынтамен  Google  да  жұмыс  істеуде.  Ғаламтор  –  компаниясы 

әлемнің  алшақтағы  өңірлерін  ғаламторға  қосуға  мүмкіндік  беретін 

атмосфералық  спутниктер  мен  басқа  да  ұшқышсыз  аппараттарды  дамытуға 

миллиард доллардан аса қаржы жұмсауға ниетті. 

 

Дереккөзі Lenta.ru 

 

 



ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

БАҚ Google-дағы «қосалқы орындар» туралы білді 

 

 

Google  компаниясында  «қосалқы  орындар» 



бар,  олар  жобаларды  іске  асырудан  бос 

менеджерлермен 

және 

техникалық 

мамандармен уақытша толтырылған.  

Басылым  бұрын  жұмыс  істеген,  ал  қазіргі  таңда  айлықақысын 

бәсекелестерге  жұмысқа  ауыспағаны  үшін,  немесе  өз  жобаларын  іске 

асырмағаны  үшін  ғана  алатын  адамдардың  қатысуымен  нақты  мысалдар 

келтіреді.  Сонымен  қатар,  «күтушілер»  күтіп  отырған  уақыт  аралығы 

апталарға, айларға, тіпті жылдарға дейін созылады. 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



 

23 

Көптеген жағдайларда ұзақ төленетін демалыс алған тұлғалар қайтадан 

жұмысқа  тартылады.  Мысалы,  Омид Кордестани,  әлемдік  өткізу  және 

дамыту бойынша алғашқы аға вице-президенті, ұқсас лауазымды 2014 жылы 

қайта иеленді. 

«Қосалқы  орындарда»  корпорацияда  атаулы  үлкен  салмағы  бар 

мамандар да бар. Мысалы, YouTube басқарған Салар 

Камангар  бүгінгі  таңда  өнімдер  бойынша  аға  вице-президенттің 

лауазымын  иеленуде.  Бірақ  басылымның  ақпараты  бойынша,  оның  нақты 

қызметін Google бас директоры Ларри Пейдждің жеке кеңесшісінің міндетіне 

жатқызуға болады. 

«Қосалқылардың»  жарқын  мысалдарының  ішінде  Брайан  МакКлиндон 

бар,  ол  бұрын  Google  Maps  жауапты  болатын,  компанияның  жұмысына 

жарты жылдан астам уақыт кіріктірілмеген. 

Google компаниясының айтуынша, жоғары білікті мамандарды осындай 

жүйемен  ұстап  отыру  қымбат  жоба  болғанымен,  істе  тек  артықшылықтары 

бар. Біріншіден, бұл қызметкерлерді жалдауға қажеттілікті жояды, және жаңа 

ынталарды  іске  асыруды  біршама  арзандатады.  Топ  қолданыстағы 

қызметкерлерден  және  жұмысты  орындауға  дайын  тұрған  тұлғалардан 

құралады.  Екіншіден,  ресми  түрде  қолы  бос  мамандар  өздері  жаңа  жобалар 

ойлап табады, олар соңынан компанияның ішінде іске асырылады. 

 

Дереккөзі: http://texnomaniya.ru/smi-uznali-o-skameiyke-zapasnih-v-Google



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал