1-қаңтар 2015 жыл Ò¼ëåáè òóû 8 –]22/02=Lì/ƒ! Телефондар



жүктеу 365.12 Kb.

бет1/4
Дата11.03.2017
өлшемі365.12 Kb.
  1   2   3   4

1-қаңтар 2015 жыл

Ò¼ëåáè òóû



8

–]22/02=Lì/ƒ!



Телефондар: Бас редактор 6-20-14,

факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99,

бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет,

тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия   6-19-52, 

белгісі қойылған мақалаларға 

жарияланым ақысы төленген. 



Газеттің осы нөміріне жауапты 

кезекші Төлеген АХМЕТОВ.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,

«АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66744

Таралымы  5161  Тапсырыс № 

Р

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.

Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí.

Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi.

Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi.

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси  

газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС директоры —

бас редактор

РАХМАНҚҰЛОВ

Əбдімəлік

Түймебекұлы

Мен ел жүрегі -- Астана қаласына барып, оның көркіне

қайран қалып қайттым. Бəйтерек монументі өте биік.

Онда Елбасы Н.Ə.Назарбаев атамыздың алақанының

таңбасы бар. Оған қолыңды қойып, іштей тілек айтсаң,

арманың орындалады.  Ақорда Есіл өзенінің сол

жағалауына орналасқан. Пирамида пішіндес бейбітшілік

пен келісім сарайы əсемдігімен таңқалдырады. Мұнда

опера театры мен мұражай бар. Ханшатыры да басқа

ғимараттардан ерекшеленіп тұр. «Думан» ойын-сауық

орталығынан балалар ғана емес, үлкендер де көп əсер

алады. Онда ұсақ шабақтардан бастап акулаға дейін бар.

Біздің жас əрі бас қаламызда «ЭКСПО – 2017» көрмесі

өтетіні белгілі. Осыған орай көптеген құрылыстар жүріп,

Астанамыз жаңа жылда бұрынғыдан да шырайлана

түседі.


Ш.МҰСАҒАЛИҚЫЗЫ,

Ақбастау жалпы орта 

мектебінің 6-сынып оқушысы.

Æàºà æûëäû °àëàé ìåðåêåëåäiê?

Қ.Мамытов атындағы орта

мектепте көп жылдардан бері

математика пəнінен сабақ бе-

ретін білікті ұстаз ОСПАНОВ

Серік асқаралы 60 жасқа толып

отыр. Бар саналы ғұмырын

ұрпақ тəрбиесіне арнаған

əріптесіміз ұжымда құрметке

бөленген ардақты азамат. Шə-

кірттерінің сүйікті ұстазы. Бере-

келі отбасында Нұржамал апай

екеуі 3 ұл, 4 қыз тəрбиелеп өсірді. Бүгінде неме-

релерінің сүйікті атасы атанған əріптесімізді туған

күнімен құттықтап, деніне саулық, отбасына

амандық тілейміз.

Аман болсын алтындай,

Бала-шаға, басыңыз.

Құтты болсын бүгінгі,

Кемелденген жасыңыз.

Отбасымен бір тойлап,

Жүз жастан да асыңыз.

Игі тілекпен, Қ.Мамытов 

атындағы орта мектеп ұжымы.

Бата беру – адал ниет

айтылатын, жақсы тілек

білдірілетін, бірлікке, ын-

тымаққа шақыратын, ұл-

қызды адамгершілікке тəр-

биелейтін игі дəстүр.

Халқымыз «Батаменен ел

көгерер, жауынменен жер

көгерер», «Баталы ер –

арымас», «Бота алғанша –

бата ал» деп, батаның

қадір-қасиетін жоғары ба-

ғалай білген. Дала халқы

бата беру арқылы ұрпағын

рухтандырып, жігерлен-

діріп отырған. Осы игі дəстүрді жаңғырту мақсатында

аудандық «Нұр» мешітінде еліміздің Тəуелсіздік күні

мерекесіне орайластырылып, «Бота алғанша – бата ал»

тақырыбында ақсақалдар арасында бата беруден жарыс

ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл

имамы Ахметжан қажы Керімбеков арнайы қатысты.

Ауданымыздың құрметті ақсақалдары Құдайберген

Оңғаров, Исахан  Төртбайұлы  жарысқа төрелік етті. Өзара

бəсекеге 30-дан астам ақсақал түсті. 

Өңірімізде аузы дуалы, сөздері көңілге қонымды,

парасатты, батагөй қариялардың көп екенін байқатқан

жарыс төрешілері мықты батагөй ақсақалдар жетерлік

болғандықтан, жүлделі

орын иегерлерін анық-

тауда қатты қиналған-

дарын айтты. Сөйтіп,

жарыс қорытындысы бо-

йынша Майбұлақ елді

мекенінің 87 жастағы тұр-

ғыны Ағабаев Сəмет қария

бірінші, Əңгірата ауылынан

келген 78 жастағы Аман-

беков Тəңірберген қария

екінші, Аққұм елді меке-

нінің намысын қорғаған 69

жастағы Əшірбаев Тойшы

қария үшінші орынды

иеленді. Оларға арнайы сыйлықтар берілді. 

Жарысқа қатысқан əрбір ақсақалға аудандық мешіттің

бас имамы Берік Қалдаров өз атынан Алғыс хаттар табыс

етті. Ахметжан қажы Керімбеков бата берудің қыр-сырына

тоқталып, бұл дəстүр дінімізден бастау алатынын айта

келе, игі шараның облысымыз бойынша алғаш рет

мешітте өтіп жатқанын тілге тиек етіп, батагөйлердің

өзгелерге үлгі болғанын қалайтынын жеткізді. Жиналған

жамағат осындай игі шараның өтуіне ұйытқы болған

Б.Қалдаровқа, басқа да азаматтарға ризашылықтарын

білдірді. 

Аудандық «Нұр» мешітінің əкімшілігі.

Åë æ¾ðåãi – Àñòàíà

Төлеби жалпы орта мектебінің ұжымы осы мектептің

мұғалімі Əсілбекова Маржанға қайынатасы



ҚОЗЫКЕЕВ Қайраттың

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Аудандық емхана ұжымы осы емдеу мекемесінің

медбикесі Зағипа Жақыповаға ері

ҚАЙРАТТЫҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Аудандық емхана ұжымы осы емдеу мекемесінің дəрігері

Татьяна Тоқбергеноваға əкесі

ҚҰРБАННЫҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Қалыбеков Қыстаубай Қултайұлына 2005 жылы 16

қарашада ҚР ІІМ берген 018093576 санды жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 

Құлтай Көлбай Қыстаубайұлына 2009 жылы 14 қыркүйекте



ҚР ƏМ берген 024235172 санды жеке куəлік жоғалуына

байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 

Ташпулатов Хурмат Ордашулына 2006 жылғы 21 тамызда



берілген заң бойынша мұраға құқық туралы 2 куəлік

(свидетельство о праве на наследство по закону)

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Онгарбекова Назипа Айтжанкызының кəсіпкерлікті

тоқтатуына байланысты оған 2012 жылғы 10 ақпанда

берілген жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы 08915

сериялы №0073519 куəліктің күші жойылды деп табылсын.

Кəсіпкерлігі тоқтатылды

Жарамсыз деп табылсын

Áàòàã¼é °àðèÿëàð á´ñåêåãå ò¾ñòi

Балалық шағымыз сонау соғыс

жəне соғыстан кейінгі жылдарға тап

келді. Бұл жылдары халықтың

тұрмысы жүдеу, күнкөрісі қиын болды.

Шаруалар шаруашылықта таңның

атысы, күннің батысы жұмыс істе-

генмен, еңбекақысына бір тиын да

алмайтын. Ауыл адамдары үйіргелік

жеріне дəнді дақылдар (бидай, тары,

ноқат, жасымық, тағы басқа) егіп, соны

азық етті. Бірлі-жарым адам ғана мал

ұстайды.


Сол тұста үкімет əр үйге еттен, сары

майдан, жұмыртқадан салық салушы

еді. Салықты финагент күзге қарай үй

аралап жинайды. Салығын төлеуге

мұршасы келмегендер финагент келе

жатқанда, Ақсуға қашып кетіп, ты-

ғылатын. Əйтпесе, көршілес ауыл-

дағы жекжаттарына барып, агент

кеткенше жасырына тұратын. Сол

жылы халықтың  Жаңа жыл мерекесін

атап өтуге шамасы келмеді.

Бастауыш сыныпта оқып жүрге-

німізде, Жаңа жыл, Аяз Ата туралы

хабарымыз болғанымен, мереке

ұйымдастырылмайтын. Жаңа жыл

бертінде ғана мерекелене бастады.

Қаратөбедегі қазақ-орыс мектебінің

9-сыныбында оқып жүргенімде алғаш

рет Жаңа жылды мерекелеуге

қатысқаным бар. Қаратөбе ауылында

сол кезде кілең славяндар, шешендер

тұратын. Олардың балалары өте

бұзық болды. Қазақ балалары

олардан көп теперіш көрді. Жалғыз

жарым балаларды ұрып кететін, əр

нəрсесін тартып алып қоятын. Сон-

дықтан, сабақ бітісімен үйге тез зытып

отырушы едік. Түнде қалуға қор-

қатынбыз. 

9-сыныпта оқушылар комсомол

комитеті жаңажылдық мерекені мек-

тепте атап өтуді ұйғарды. Сол Жаңа

жыл мерекесін комсомол комитеті

қоғамдық негізде ұйымдастырды.

Комсомол комитетінің оқу секторы

болғандықтан, жаңажылдық мерекені

ұйымдастыруға қатысуыма тура келді.

Мектеп дəлізінің ең түкпіріне тау

баурайынан қырқып əкелінген шыр-

шаны орнатып, оны қолдан жасалған

ойыншықтармен безендірдік. Ком-

сомол комитетінің хатшысы, 10-сынып

оқушысы Үгіт Төртбаев Аяз Ата

ролінде ойнады. Ол өнерге жақын,

сымбатты, сұңғақ бойлы оқушы еді.

Үстіне қолдан тігілген қызыл шапан,

басына ақ қалпақ кигізіп, иегіне

жасанды сақал, шапанының əр жеріне

мақта жапсырдық. Сөйтіп, киін-

діргеннен кейін өзіміз де танымай

қалдық. Тəтті-пəтті, кітап, дəптер,

қалам салынған дорбаны асынып,

ортаға шықты. Тақпақ, əн айтқан-

дарға, жақсы билегендерге, костюм

киіп келгендерге сыйлығын тапсырып

отырды. Сондай-ақ, ашық хаттар

дайындап, оқушыларға алдын ала

тараттық. Кім сыңарын тапса,

сонымен биледі. Кейбіреулер, орыс

балалар маска киіп жүрді. Аяз Атаға

менің тақпағым ұнаған болуы керек,

Америка жазушысы Джон Лондонның

əңгімелер жинағын сыйлады. Бұл мен

үшін ерекше сый болды. Сол кітап

үйдегі сөреде əлі күнге дейін тұр.

Бұрын-соңды мұндайға куə болмаған

маған Жаңа жыл мерекесі қызық

көрінді.


Жаңажылдық мереке халықтың

тұрмысы түзелгеннен кейін ғана

өмірімізге ене бастады. Сол кездегі

насихат құралдары -- радио, газет-

журнал мерекені кеңінен насихат-

тады. Сөйтіп, оқу орындарында,

мекемелерде, шаруашылықтарда, өн-

діріс орындарында жаппай тойлана

бастады. Төл мерекеміз сияқты

өмірімізге етене сіңісіп кетті.

Мектепте көп жыл ұстаздық еттім. 1

қаңтар -- Жаңа жылдық мерекені əр

сынып тиянақты дайындық жасап,

өткізетін. Оның қызықты, мазмұнды

өтіп, тəрбиелік мəні болуына аса көңіл

бөлдік. Мереке күні оқушылардың жас

ерекшеліктеріне қарай сыныпаралық

жарыстар ұйымдастырылды. 

90-шы жылдарға дейін жаңа-

жылдық шыршаны Қаратөбе бау-

райынан, əйтпесе, Қараоршадан

қырқып əкеліп, пайдаланып жүрдік.

Еліміз егемендік алғаннан кейін

табиғатты қорғауға ерекше көңіл

бөлінді. Ағаштарды бейберекет

қырқуға тыйым салынды. Сондықтан

қаладан жасанды шырша сатып

əкеліп, орнататын болдық.

Айта кететін бір жайт, ауылы-

мыздың жанында биік төбе бар.

Алатау сілемдеріне қарағанда аласа

болғандықтан, оны жергілікті адамдар

төбе деп атап кеткен. Көнекөздердің

айтуынша, өткен ғасырдың басына

дейін осы төбенің айналасы сыңсыған

орман, тоғай болыпты. ХХ-шы ғасыр

басында бұл шұрайлы жерге патша

өкіметі орыс шаруаларын қоныс-

тандырады. Олар келе сала табиғатқа

жаудай тиеді. Ағашты, аршаны кесіп,

баспана салуға, отын ретінде

пайдаланады. Аң-құсын атып, тама-

ғына жаратады. Аң-құстардың тірі

қалғандары тауға қарай ығысады.

Төбе босқындар келген соң, осылай

оталып, жалаңаштанып, жұтаңданып

сала береді. Бұрын бұл төбе Көктөбе

аталса, кейін алыстан қарайып

көрінетін болғандықтан, Қаратөбе

аталып кеткен. Сол кезде кесілген

аршаның, бұталардың түбірлері қайта

көктеп, өсіп, бүгінде Қаратөбе қайта

көріктеніп келеді.

Біз көпұлтты мемлекетпіз. Сол

себепті де 1 қаңтар -- Жаңа жылды

атап өтіп жүрміз. Əр мерекенің орны

бөлек.

К.ЕЛІКБАЕВ.

Қаратөбе ауылы.


Леңгер қаласының тұрғыны

Гүлнара АЛИАКБАРОВА:

-- 2014 жылы отбасымызда үлкен

қуаныш орын алды.  Көп жылдар

бойы баспанаға қол жеткізе алмап

едік, шаңырақ шаттығына бөлендік.

Үлкен ұлым — Нұржан Астана

қаласынан жұмыс тапты. Кіші ұлым

— Нұрхан медициналық колледждің

ІІІ-ші курсында ойдағыдай оқып жүр.

Ана үшін бұдан артық бақыт жоқ.

Өзім жедел жəрдем бекетінде

істеймін. Достық ауылындағы бұл

бекет күзде жұмысын бастады.

Бірнеше елдімекенге қызмет көр-

сететін осы бекеттің ашылғанына

халық дəн риза. Жаңа жылдан

күтетін жаңалығымыз көп. Адам

денсаулығын сақтаушы болған-

дықтан, мені көлік апатының көп

орын алуы қатты алаңдатады.

Жедел жəрдем бекетіне көп

жағдайда жол-көлік апатынан зар-

дап шегушілер түсіп жатады.

Осыған байланысты, адам көп

жүретін көшелерге белгілер мен

жылдамдықты тежеуге септігін ти-

гізетін жасанды кедергілер орна-

тылса деймін. Шымкент қаласына

апаратын күре жол жөнделгенімен,

əлі күнге дейін жол белгілерінің

толық қойылмағаны алаңдатады.

Жаңа жылда Сұлтанрабат орта

мектебі тұсындағы жол бойына,

Тоғыс дəрігерлік амбулаториясы

орналасқан тұсқа жасанды кедер-

гілер орнатылса, нұр үстіне нұр

болар еді. 

№17 шағын жинақты бастауыш

мектептің меңгерушісі Адас

ИСАБАЕВА:

-- Ескі жылға өкпем жоқ. Мекте-

біміздің ашылғанына 5 жыл болды.

Көптеген мектепішілік іс-шаралар

өткізіп, шəкірттеріміздің білімін

арттырып, дүниетанымын кеңейтуге

күш жұмсаудамыз. Өзім былтыр

біліктілігімді арттырдым. Биыл бір

ұстаз біліктілігін арттыру курсынан

өтпек. Ауыз толтырып айтатын

жаңалығымыз -- мектептің жылыту

жүйесін көгілдір отынға қосып

алдық. Құстың ұясындай жып-жылы

білім ошағында тек қана білек

сыбана жұмыс істеу керек. Тағы бір

жаңалығымыз -- аудандық қолөнер

көрмесінде үшінші орынды ен-

шіледік. Ал жаңа жылдан күтер

жақсылығымыз қашанда көп бол-

мақ. 2015 жылы қызым диплом

алып, үлкен қуанышқа кенелмекпіз.

Сұлтанрабат ауылының тұр-

ғыны, көп балалы ана, зейнеткер

Шекер АДАШЕВА:

-- Адамзат баласы тағы бір жылды

тарих бетінде таңбалап, жаңа 2015

жылға қадам жасады. Жаңа жыл –

жаңа арман, жаңа міндеттердің

бастауы. Əманда, жыл соңында

өткенімізге шолу жасап, жаңа

жылдан жақсы жаңалықтар күте-

тініміз ақиқат. Қазақ елінің өткен

жылға өкпесі жоқ. Саяси-эконо-

микалық сахнада елеулі өзгеріс,

əлеуметтік тұрғыда тарту-таралғы

аз болмады. Əйткенмен де, əр жыл

кез-келген адамның жадында көңіл

толқытар белгілі бір оқиғаларымен

есте қалады емес пе?! Жылқы

жылы біреулер үшін риясыз шаттық

пен қуанышқа толы болса, біреулер

үшін қиындығымен, ал біреулерге

еш өзгеріссіз өте шықты. Ең

бастысы, ауданымызда ұлттар мен

ұлыстар тату-тəтті, ынтымақта өмір

сүріп, ауызбіршілігі жараса түссін.

Көксəйек ауылының тұрғыны

Шырынкүл ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА:

-- «Балалы үй -- базар» демекші,

Аллаға шүкір, жылқы жылында

немерелі болып, өрісіміз кеңейіп

жатыр. Жаңа жылдан тілер едім,

қазақтың көбеюіне көбірек көңіл

бөлінсе, өйткені, санымыз аз

халықпыз. Демограф Мақаш Тəті-

мов "Бұрын халықтың тағдыры

батырдың қолында, бүгін --əйелдің

қолында" деп еді, тамаша сөздер.

Ана мен балаға қаржы көбірек

бөлініп, материалдық қолдау көр-

сетілмей, көбеймейміз, көбеймесек,

ел болудан қаламыз.  Əрине, мұның

бəрі арман, тілек. Дегенмен,

Л.Н.Толстой: «Арман – жарық жұл-

дыз, онсыз айқын бағдар жоқ,

бағдар болмаған соң, алға басу да

жоқ, тірлік те жоқ» демеп пе еді?!

Сондықтан, кез-келген жағдайда

болашаққа жоспар құрып, соны

жүзеге асыруға талпынған жөн.

Жаңа жыл қуантарлық өзгерістерін

ала келсін деп тілеймін! Қазақ

əрдайым жақсылықтан үміт етіп,

болашақтан күдерін үзбеген халық.

Осыдан бір жыл бұрын, жылан

жылы табалдырық аттарда бəріміз

одан мол несібе күткен едік. Аллаға

шүкір, үмітіміз ақталды. Жаңа

жылдан үмітім зор. Жаңа жылдан

жаңа табыс, жаңа жетістіктер

күтемін. Ең бастысы, жұртымыз

аман, еліміз тыныш болсын!

Бірінші Мамыр ауылдық округі

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қапалбай МЫРЗАҚҰЛОВ:

-- Жылқы жылы бізге есте

қаларлықтай əдемі сəттерін сый-

лады. Атап айтқанда, Əлішер

Науайы ауылында дəрігерлік

амбулаторияның құрылысы бітіп, ел

игілігіне берілді. Бейнеткештегі ФАП

күрделі жөндеуден өтті. Осы екі

емдеу мекемесінің жылыту жүйе-

лерін табиғи газға қосу жұмыстары

жүріп жатыр деп естідім. Дəрігерлер

саны артып, олардың қатары 3 жас

маманмен толығыпты. Отбасылық

дəрігер статусын алу үшін 1 дəрігер

4 ай оқып, біліктілігін арттырған

екен. Жаңа 2015 жылдан орын-

далуын күтетін аппақ армандарым

бар. 2014 — 2015 жылдарға

арналған кешенді жоспарға сəйкес

2015 — 2017 жылдары Бірінші

Мамыр емханасының құрылысы

жүреді деп күтілуде. Алғабас,

Жаңажол елді мекендеріндегі емдеу

мекемелері күрделі жөндеуден өтіп,

Ынтымақ ауылынан заман тала-

бына жауап беретін ФАП ашылса,

нұр үстіне нұр болар еді. Медицина

мамандары «Саламатты Қазақстан»

бағдарламасын жүзеге асыру

барысында халықтың денсаулығын

жақсартуда аянбай тер төге береді

деген сенімдемін.



Сауалнаманы жүргізген

Д.ХАНГЕЛДІ.

1-қаңтар 2015 жыл

7

Ò¼ëåáè òóû

Тағы бір жыл өз көшін

бастады. Есі кірген баладан

еңкіш тартқан қартқа дейін

жаңа жылдан көп үміт,

жақсылық күтеді. Еңбекке,

қызметке араласып, қайнаған

қызу өмірдің бел ортасында

жүрген ересектер ойға алған

шаруаларын, мақсаттарын

жүзеге асыруға ұмтылады.

Қиюы келмеген тірліктері бол-

са, оны міндетті түрде орын-

дауға бекем бел байлайды.

Ата-бабаларымыз да əр жыл-

дың келуіне орай, табиғат құбылыстарының өзінде

ерекшеліктер болатынын болжап отырған. Қой жылы

халыққа жайлы, берекелі болатынына күмəнсіз сенген.

Биылғы жыл еліміздегі əр шаңыраққа мол несібе əкеліп,

мемлекетіміз келешекке қарай қарышты қадам жа-

сайтыны сөзсіз.

Барша төлебилік жерлестерімді Жаңа жыл мере-

кесімен құттықтап, табыстан табысқа жетіп, ынтымақ пен

бірлікті ту етіп, барлық салада аудан экономикасын

дамытуға сүбелі үлес қоса берулеріңізге тілектестігімді

білдіремін.

Жаңа жылда шаңырақтарыңыз шаттыққа толып,

бақытқа кенеле беріңіздер, құрметті жерлестер!

Құрметпен, С.ҚУАШБАЕВ,

облыстық мəслихаттың депутаты.

Халық арасында "Ескі

жылдың қайғы-мұңын, өкпе-

наздың барлығын сол жылға

тастап, кіріп келген жаңа

жылды көтеріңкі көңіл-күймен,

таза, тың ойлармен қарсы алу

керек. Əрбір жаңа жылдың

өзінің қуанышы, бақыты, сыйы

болады" деген сенім-наным

бар. Сол сияқты, өткен жылдың

жақсылығы ғана есте қалып,

жаңа жыл ізгілігін, жағымды

жаңалықтарын ала келсін. Аудан халқының, сайлау-

шыларымның қолға алған барлық істері мен

бастамаларына ақ жол ашып, мол табыстарға, жетіс-

тіктерге толы болсын. Баршаңызға шуақты күндер

тілеймін.

Өзім басшылық жасайтын «Сити Строй» 100-ден

астам адамды жұмыспен қамтып, əр жылдары бұл

жауапкершілігі шектеулі серіктестік Елбасының «100

мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында сапалы

салынған бірнеше нысанның құрылысын дер кезінде

бітіріп, пайдалануға берді. Қазір «Нұрсəт» мөл-

текауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің

құрылысын жүргізіп жатырмыз. Жуырда 9 қабатты екі

тұрғын үй пайдалануға беріліп, қаншама адам шаңырақ

шаттығына бөленді. Түлкібас ауданындағы 300 орындық

мектеп құрылысын да ойдағыдай бітірдік. Биылғы

Тəуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Елбасының өзі

ашқан «Түркістан» сарайы облыс орталығындағы көрікті

ғимараттардың бірі. Осы жұмыстардың барлығы біздің

еңбегіміздің арқасында бітіп отыр.

Əрқайсымыз еліміздің көркеюіне үлес қоса берейік. 



Ә.ҚАЙЫПБЕКОВ,

облыстық мəслихаттың депутаты.

Өткен жылға өкпе жоқ, берекелі,

Тойладық бүкіл ел көп мерекені.

Жаңа жыл келдің міне, есік ашып,

Нұрлы деп бүгіннен де ел ертеңі.

Жаңа жыл төрлете бер, жолың ашық,

Қарсы аламыз бəріміз көңіл тасып.

Қазақтың алтын ғасыр көшін жалғап,

Шұғылалы, шуақты өмірге асық.

Келер күнге көп үміт артамын да,

Арайланып атсыншы əр таңы да.

Бар шаңырақ бақытын көріп күнде,

Менің де ақ көңілім марқаюда.

Қой жылы, көп несібең елге берер,

Ырыс пен несібеміз жерден өнер.

Жаңа жыл құтты болсын, барша жұртым!

Қазақ жұртын əлем төрден көрер.

Қалампыр СҰЛТАНОВА.

Бірінші Мамыр ауылы.

Аспанымнан төгіліп ұлпа қары,

Ашылды тағы да бір жыл парағы.

Отбасына əкелсін жаңа табыс,

Өзіңменен көңілдер нұрланады.

Табысқа бəріміз де кенелейік,

Таусылмайтын бақытқа бөленейік.

Нұрлы жолы жалғассын Нұр ағамның,

Бəйгеден оза шауып жөнелейік.

Қой жылы қуанышқа толы болсын,

Басымызға дəулет пен бақыт қонсын.

Мəңгілік ел ұрпағы көшті жалғап,

Ұл-қызымның əрқашан жолы болсын!

Сұлтан ҚОНЫСБАЕВ.

Тасарық ауылы.

Æàºà æûë


Ашылды жыл параμы

Åñêi æûë íåñiìåí åñòå °àëäû,

æàºà æûëäàí íå ê¾òåñiç?

Øàºûðàμûºûç

øàòòû°°à òîëñûí!

Åëiìiçäi ê¼ðêåéòå

áåðåéiê

Бейнеткеш  ауылындағы  Ы.Алтынсарин атындағы



орта   мектепте оқушыларға сапалы білім, саналы тəрбие

беру жолында аянбай қызмет етіп жүрген  30-ға жуық

мұғалімнің еңбегі ерен. Осы  ұстаздардың  қолынан 11

жыл бойы білім нəрімен сусындап, нəтижесінде, өткен

жылы  ҰБТ-дан  109  балл  жинап, Астанадағы  Л.Гумилев

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің ақпараттық

жүйелер мамандығы  бойынша  мемлекеттік  грант жеңіп

алып,  студент атандым. Мектеп директоры Тұрғымбеков

Уахит  ағайдың  да  көрсеткен өнегесі, берген тəлім-

тəрбиесі аз емес.  

Сүйікті ұстаздарымды сағынып жүрмін. Оларды Жаңа

жыл мерекесімен  құттықтаймын!



А.АЛТЫНБАЙ,

1-ші курс студенті.

±ñòàçäàðμà äà

í½ðûí øàøñûí

Тарих қойнауына енген 2014

жылы ауданымызда үлкенді-

кішілі оқиғалар орын алды.

Әлеуметтік нысандар көптеп

ашылып, жүздеген адам жұ-

мыспен қамтылды. Қаншама

бүлдіршін балабақша табалды-

рығын аттап, шаттыққа

бөленді. Ең бастысы, ел аман,

жұрт тыныш. Десе де, əр жыл

əр адамның есінде белгілі бір

оқиғаларымен, жағдайларымен

сақталып қалады. Ендеше,

өткен жыл Сіздің есіңізде несі-

мен қалды? Елде, жеке өмі-

ріңізде қандай жаңалық болды?

"Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл

жарылқасын" демекші, жаңа

жылдан не күтесіз? Қандай

өзгерістердің болғанын қалай-

сыз? Осы сауалдарға газет

тілшісі жауап іздеді.


1-қаңтар 2015 жыл

Ò¼ëåáè òóû




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал