1 Аса Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен



жүктеу 166.54 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі166.54 Kb.

 

1437 


 

 

Өлім 



 

تولما 


 

>Қазақ тілі – Kazakh  –



<

 

خيازكا



 

 

 



 

 

Islamhouse.com 



 

 

 



 

 


 

 

Өлім 



1 

Аса Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен 

 

Өлім 

 

Аллаһ  Тағала: 



«Ол  (Аллаһ),  іс-амалда  қайсыларың  жақсы 

екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан»

,  (Мүлк сүресі, 2 

аят). 

 

Осы  айтылған  тіршіліктің  ақиқаты  не?...Өлімнің  ақиқаты 



не?...Одан кейін бір нәрсе бар ма?...Бұл мақалада осы сұрақтарға жауап 

табасыздар.  



Рух деген не? 

 

Сонымен рух дегеніміз не?  



 

Абдуллаһ  ибн  Аббастан  (екеуіне  Аллаһ  разы  болсын)  риуаят 

етіледі: 

«Құрайштар Надар ибн Харис пен Уқба ибн Әбу Мутиді 

мәдиналық  яһудилердің  дін  басыларына  жіберіп:  «Олардан 

Мұхаммед жайлы сұраңдар. Оларға оны сипаттап беріңдер және 

сөздерін жеткізіңдер. Өйткені олар алғашқы кітап иелері, оларда 

бізде  болмаған  пайғамбарлар  ілімі  бар»,  -  деді.  Сөйтіп  ол  екеуі 

(жолға)  шығып  Мәдинаға  келіп,  яһудилердің  дін  басыларынан 

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы 

сұрады. Оларға оның жөнін және кейбір сөздерін айтып берді де: 

«Сендер Таурат иесісіңдер. Біз сендерге осы жолдасымыз жайлы 

хабар  беру  үшін  келдік»,  -  деді.  Олар:  «Одан  біз  тапсырған  үш 

нәрсе туралы сұраңдар. Егер ол сендерге ол (үшеуі) туралы айтып 

берсе, жіберілген пайғамбар. Болмаса бөсіп жүрген бір кісі. Онда 

жөнін өздерін табарсыңдар. Сендер одан алдыңғы заманда өткен 

жас жігіттер, оларға ие болғаны жайлы сұраңдар. Расында оларға 

қатысты  бір  ғажап  әңгіме  бар.  Және  одан  жердің  шығысы  мен 

батысына  жетіп  шарлаған  бір  кісінің  хабары  жайлы  сұраңдар. 

Сондай-ақ одан рухтың не екені жайлы сұраңдар. Егер ол сендерге 

бұдан  хабар  берсе,  ол  пайғамбар,  оған  ілесіңдер.  Ал  хабар  бере 

алмаса, бөсіп жүрген бір кісі. Онда оған қатысты өздерің жөн деп 

тапқанды істеңдер», - деді. Надыр мен Уқба Құрайштарға келіп: 

«Ей,  Құрайш  қауымы!  Біз  сендерге  өздерің  мен  Мұхаммедтің 

арасында  төрелік  ететін  нәрсе  алып  келдік.  Яһудилердің  дін 


 

 

Өлім 



2 

басылары  бізге  одан  бір  нәрселер  жайлы  сұрауымызды 

тапсырды», - деп оларды айтып берді. Сөйтіп олар Аллаһ Елшісіне 

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  келіп:  «Ей, 

Мұхаммед!  Бізге  хабар  бер»,  -  деп  (яһуди  дін  басыларының) 

тапсырғандарын сұрады. 

 

Сосын Аллаһ Тағаладан Жәбраиль (оған Аллаһтың сәлемі 

болсын) Кәһф иелері жайындағы сүрені әкелді. Онда (Құрайштар) 

сұраған жас жігіттердің жай-жапсары мен (жер бетін) шарлаған 

кісінің хабары бар еді. Және: 

«Олар сенен рух жайлы сұрайды: 

«Рух – Раббымның әмірінен. Сендерге білімнің азғантай бөлігі ғана 

берілді», - деп айт»

 (Исра сүресі, 85 аят).» 

Деген Аллаһ Тағаланың 

сөзін (әкелді).

 

(Ибн Касир). 

 

Сондай-ақ, 



жоғарыда 

«Исра» 


сүресінің 

85 


аяты 

пайғамбарымызды  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

сынамақ  болып  яһудилердің өздері  оған  рух  жайлы  сұрақ қойғанда 

жауап ретінде түскен риуаят етіледі. Абдуллаһ ибн Масғуд (екеуіне 

Аллаһ  разы  болсын): 

«Аллаһтың  Елшісімен  (оған  Аллаһтың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  Мәдинаның  егіс  алқабында  келе 

жатқанмын.  Ол  құрма  таяғына  сүйеніп  алған-ды.  (Пайғамбар 

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын))  яһудилер 

қауымының  жанынан  өтті.  Олар  бір-біріне:  «Одан  рух  жайлы 

сұраңдар», - десті. Кейбіреулері: «Сұрамаңдар», - деді. «Рух жайлы 

одан сұраңдар», - деді (біреулері). Сөйтіп олар: «Ей, Мұхаммед! Рух 

деген не?» - деп  (сұрады). (Пайғамбар 

 

(оған Аллаһтың салауаты 



мен сәлемі болсын)) әлі таяққа сүйеніп тұрған-ды. Мен оған уахи 

түсіп жатқан болар деп ойладым.  

 

Сол кезде ол  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) 

«Олар  сенен  рух  жайлы  сұрайды:  «Рух  –  Раббымның  әмірінен. 

Сендерге білімнің азғантай бөлігі ғана берілді», - деп айт»

, - деді. 

Олар  бір-біріне:  «Сұрамаңдар  деп  айттық  қой»,  -  десті,  деген»

хадисті Имам Бұхари, Имам Муслим және Имам Ахмад риуаят етті.  



 

Рух, бұл – ақиқаты Аллаһ Тағалаға ғана аян таңғажайып нәрсе. 

Десе де, ғұламалар жоғарыдағы аяттың тәпсірі ретінде рух жайлы біраз 

пікірлер айтқан. Кейбір тәпсіршілер, бұл аяттағы рух, ол – Жәбраиль 

(оған  Аллаһтың  сәлемі  болсын)  деген  пікірлер  айтады.  Оған  дәлел 


 

 

Өлім 



3 

ретінде Жәбраилді (оған Аллаһтың сәлемі болсын) «Рух» деп атаған 

басқа аяттарды келтіреді. Мысалы: Аллаһ Тағала: 

«Ол күні Рух және 

періштелер  сап  түзеп  тұрады.  Рахманның  рұқсатынсыз  ешкім 

сөйлемейді әрі дұрысын ғана айтады»

, - деген (Ән-Нәбә сүресі, 38 

аят).  

 

Бұл аяттағы «рух» - Жәбраиль (оған Аллаһтың сәлемі болсын).  



 

«Оған періштелер және Рух көтеріледі»

 (Мағаридж сүресі, 4 

аят);  

 

«Онда періштелер және Рух түседі» 



(Қадр сүресі, 4 аят); 

 

«Оған Рухымызды жібердік. Ол оған кәдімгі адам бейнесінде 



көрінді»

, - дейді (Мәриям сүресі, 17 аят). 

 

Бұл келтірілген аяттардың барлығы Жәбраиль (оған Аллаһтың 



сәлемі болсын) жайлы әңгімелейді.  

 

Сондай-ақ ғұламалар біз жоғарыда әңгіме еткен аяттағы «рух» 



деген сөзде көзделген мақсат, ол – адамның рухы деген де пікір айтқан.  

 

Имам Ибн Қайым әл-Джаузи «Рух» атты кітабында рухтың не 



екеніне түсіндірме бере келе:  «Рух, ол – қасиеті жағынан өзгеше бір 

(болмыс).  Ол  нұрлы,  жоғары,  жеңіл,  тірі,  қозғалып  әрекет  ететін, 

ағазалардың бойына бітетін дене. Ол ағзаларда гүлде судың жүргені 

яки зейтүнде майдың жүргені немесе көмірде оттың жүргені сияқты 

жүреді.  Қашан  ағзалар  сол  нәзік  дененің  (рухтың)  әсерлерін 

қабылдауға жарамды болса, әлгі нәзік дене сол ағзалармен бірлестікте 

қалады. Бұл әсерлер (ағзаларға) сезім, әрекет және қалау дарытады. Ал 

егер ағза кері әсерлердің нәтижесінде аталмыш әсерлерді қабылдай 

алмай қалса, рух тәннен ажырайды. Сөйтіп ол рухтар әлеміне кетеді», - 

деген.  


 

Ибн Тәймия (Аллаһ рахмет етсін) өзінің «Пәтуалар жинағында»: 

«Адам, ол рух және тән бірлестігінен тұрады. Бәлкім адам үшін тәнге 

қарағанда рух қажеттірек. Өйткені тән рухтың көлігі ғана»,- деген.  

 

Әбу Дарданың (оған Аллаһ разы болсын): «Расында тәнім менің 



көлігім ғана. Егер оны күтсем, мені жеткізеді (алып жүреді), ал егер 

күтпесем жеткізбейді», - деген сияқты. 



 

 

Өлім 



4 

 

Ибн  Тәймия  сөзін  әрі  қарай  жалғап  Абдуллаһ  ибн  Аббастан 



(екеуіне Аллаһ разы болсын) риуаят етілген сөзді келтіріп: 

«Қиямет 

күні адамдар арасында дау-дамай рух пен тәннің дауласуына дейін 

жалғасады. Рух тәнге: «(Жамандықтарды) сен істедің», - дейді. Ал 

тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің», - деп айтады. Сонда оларға 

төрелік  етуге  Аллаһ  бір  періштені  жібереді.  (Төрелік  етуге 

жіберілген періште ол екеуіне): «Расында сендердің жағдайларың 

мүгедек пен соқырдың жағдайындай. Ол екеуі бір баққа кіреді. 

Мүгедек (ағаш бұтақтарындағы) жемістерді көріп, соқырға: «Мен 

жемістерді көріп тұрмын, бірақ оған шыға алмаймын», - дегенде 

соқыр:  «Бері  кел!  Менің  үстіме  шық!»  -  деген  соң  соқыр  келіп 

мүгедекті  көтеріп,  екеуі  жемістерді  жинайды.  Періште  (рух  пен 

тәнге осы мысалды айтып): «Енді екеуінің қайсысы жазалануы 

керек?»,  -  деп  сұрағанда,  олар:  «Екеуі  де»,  -  деп  жауап  береді. 

Періште  оларға:  «Сендер  өздеріңе  үкім  шығардыңдар!»  -  дейді. 

Яғни: тән рухқа көлік сияқты»

, - деген.  

 

Біздің бұдан ұғарымыз, адам рух пен тәннің бірлестігінен тұрады. 



Адам баласының ісіне ол екеуі бірдей ат салысады. Демек кейбіреулер 

айтып жүргендей адамның істеген істері үшін ол екеуінің біреуі ғана 

емес, екеуі де, яғни рух та, тән де бірдей жазаланады.  

Жан мен нәпсі бір ұғым 

 

Сондай-ақ рух нәпсі деп те аталады. Кейбір ғұламалар рух пен 



нәпсінің  арасын  ажыратқан.  Бірақ  ибн  Тәймия  және  тағы  басқа  ірі 

ғұламалар  рух  пен  нәпсінің  бір  нәрсе  екенін  айтады.  Аллаһ  Тағала 

Құранда нәпсіні үш түрлі атайды. Мысалы, Аллаһ Тағала: 

«Расында 

нәпсі Раббым рақым еткеннен басқаны жамандыққа бұйырушы»

(Юсуф сүресі, 53 аят);  



 

«Жоқ,  жазғырушы  нәпсімен  ант  етемін»

,  (Қиямет  сүресі,  2 

аят); 

 

«Әй, тыныш тапқан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен одан разы 



болған  түрде  қайт!  Енді  құлдарымның  арасына  кір! Сондай-ақ 

жәннатыма кір!»

, - деген (Фаджр сүресі, 27-30 аяттар). 

 

Негізінде  осы  аяттарда  айтылған  нәпсілердің  бәрі  бір  нәпсі. 



Ғұламалар  осылай  деген.  Бірақ,  нәпсі  үш  сипатқа  ие.  Тахауия 

 

 

Өлім 



5 

ақидасының  шархында:  «Бұлар  бір  нәпсі,  оның  сипаттары  бар. 

Негізінде ол жамандыққа бұйырушы нәпсі, егер оған (нәпсіге) иман 

қарсылық көрсетсе, ол жазғырушы нәпсіге айналады. Ал егер иман 

күшейсе, ол тыным тапқан нәпсі болып табылады», - делінген.  

 

Демек, нәпсі мен рух екі атауды иеленген бір ұғым.  



Рухтың тәннен ажырауы 

 

Рух тәннен түрлі жолдар арқылы ажырайды. Олардың ең негізгісі 



–  рухтың  тәнінен  өлім  жағдайындағы  ажырауы.  Бұл  жағдай  «кіші 

Қиямет» деп аталады. Кімде-кім өлсе, оның мерзімі бітеді, Қияметі 

келеді.  Айшадан  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  риуаят  етіледі: 

«Бірде 

далалық  арабтар  келіп,  пайғамбарымыздан  (оған  Аллаһтың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  Қиямет  жайлы  сұрайды. 

Пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

олардың араларындағы ең (жасы) кішілеріне қарап: «Егер мынау 

өмір  сүрсе,  сендердің  Қияметтерің  келгенге  дейін  оған  кәрілік 

жетпейді»

, - деген (Имам Бұхари және Имам Муслим риуаят етті). 

 

Ибн Касир бұл хадисті түсіндіре: «(Пайғамбарымыздың  (оған 



Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  бұл  сөзінен)  мақсат  –  осы 

ұрпақтың ғасырларының бітуі және олардың Ақырет әлеміне енулері. 

Кімде-кім  өлсе,  ол  Ақыреттің  үкіміне  кіреді.  Сол  үшін  де  адамдар: 

«Кімде-кім өлсе, оның Қияметі келіпті» деген. Бұл сөз осы мағынада 

дұрыс болады», - деген.  

 

Демек, қаза табу – «кіші Қиямет» деп аталатын өлім.  



Ұйқы – кіші өлім 

 

Сондай-ақ  кіші  қаза  бар,  онда  рух  тәннен  басқаша  көріністе 



ажырайды. Яғни, рух тәннен шыққанымен түбегейлі ажырап кетпей, 

жеңіл байланыста болады. Бұл жағдайда тән ояу кезіндегідей сезім, 

қалауға ие болмағанмен, тірі болады. Айтып отырған кіші қазамыз, ол 

ұйқы. Өйткені ұйқы да өлімнің бір түрі болып табылады. Ал ұйқыдан 

ояну,  ол  қайта  тірілу.  Сол  үшін  де  ұйқыдан  тұрған  адамның 

пайғамбарымыздан  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

жеткен  дұға  бойынша:

  «Әлһамду  лилляхилязи  ахйана  бағда  ма 

аматана уә иляйһин-нушур (Сондай бізді өлтіргеннен кейін қайта 


 

 

Өлім 



6 

тірілткен Аллаһқа мадақ болсын және біз Оған қайтамыз)»

, - деп 


айтуы лазым делінген (Имам Бұхари риуаят етті).  

 

Аллаһ  Тағала: 



«Ол  (Аллаһ)  сондай  түнде  сендерді  өлтіреді 

(яғни, ұйықтатады). Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң 

сендерді белгіленген мерзім өтуі үшін (ұйқыдан) қайта тірілтеді. 

Соңыра қайтып барар жерлерін Сол жақ. Одан кейін Ол істеген 

амалдарыңды түсіндіреді»

, - деген (Анғам сүресі, 60 аят).  

 

Яғни, ұйқыда адамдардың рухы алынады. Бірақ түбегейлі емес, 



басқаша бір өзіндік көріністе уақытша тәннен шығарылады. Бұл қажет 

деп тапса, Аллаһ Тағаланың қалауымен бір жолыта іске асып, оның 

арты өлімге айналуы мүмкін. Немесе рух тәнге қайтып, адам бейне бір 

қайта тірілгендей боп ұйқыдан оянады. Жағдайдың былайша өрбуін 

Құранда Аллаһ Тағала сипаттап: 

«Аллаһ өлер уақытта жандарыңды 

алады.  Ал  өлмегендердің  (жандарын)  ұйқыда  алады.  Сосын 

(ұйқыда)  өлімге  үкім  етілгендердің  (жандарын)  ұстайды  да, 

басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда 

ойланған ел үшін белгілер бар»

, - деген (Зумар сүресі, 42 аят).  

 

Яғни,  адам  ұйқыда  жатқанда  кіші  өлім  (ұйқы)  үлкен  өлімге 



айналып  тән  тіршілігін  тоқтатуы  мүмкін.  Әлбетте,  бұл  Аллаһ 

Тағаланың  әмірімен  ғана  орындалатын  нәрсе.  Жоғарыдағы  аятта 

айтылғандай, Оның әмірімен бір рухтар ұсталып, қалғандары белгілі 

бір  мерзімге  дейін  қайтарылады.  Сондықтан  да  біз  жатар  алдында: 



«Субханака Рабби, уадағту джәнби, уа бикә арфағуху, ин амсакта 

нәфси фағфир лаху, уа ин арсалтаху фағфазха бимә тағфазу бихи 

ғибадакас солихин (Сен Пәксің Раббым, бір бүйіріммен жаттым 

және Сенімен оны көтеремін. Егер менің жанымды ұстасаң, оны 

кешір,  ал  егер  жіберсең,  оны  Өзіңнің  ізгі  пенделеріңді 

сақтағаныңдай сақта)»

, - дейміз (Имам Муслим риуаят етті). 



Өлім – ақиқат 

 

Әрбір жаратылыс үшін өлім хақ, Жаратушы Аллаһтан басқаның 



бәрі құриды, өледі. Аллаһ Тағала: 

 

«Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. 



Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар»

, (Қасас сүресі, 88 аят); 



 

 

Өлім 



7 

 

«Бүкіл (жер жүзіндегілер) өткінші. Ұлы Дәрежелі, Жомарт 



Раббыңның дидары ғана қалады»

, (Рахман сүресі, 26-27 аяттар); 

 

«(Мұхаммед) Шынында сен де өлесің және олар да өледі»

(Зумар сүресі, 30 аят); 



 

«Сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал 

егер сен де өлсең, сонда олар мәңгілік қала ма?!»

, - деген (Әнбия 

сүресі, 34 аят). 

 

Бір таңғаларлығы, біз өлімнің ақиқат екендігін біле тұра осы бір 



күдіксіз,  қашып  құтыла  алмайтын  шындықты  елемейміз.  Әлбетте, 

бәріне  өлім  келеді,  адамға  да,  жынға  да.  Абдуллаһ  ибн  Аббастан 

(екеуіне Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз  

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 



«Сенің  күш-

құдіретіңнен пана сұраймын. Сондай Сенен өзге құдай жоқ. Сен 

Тірісің, сондай өлмейтін, ал адамзат пен жын өледі»

, - дейді (Имам 

Муслим риуаят етті).  

Ажал мерзімі және орны 

 

Аллаһ Тағала: 



 

«Ешкім ертең не істейтінін білмейді және ешкім қай жерде 

өлерін де білмейді»

, - деген (Луқман сүресі, 34 аят). 

 

Яғни, адам баласынан ажал мерзімі мен орнын жасырған. Аятта 



айтылғандай, ол қашан, қай жерде жан тәсілім ететінін білмейді. Өлім 

мерзімін құпия ұстауда Аллаһтың даналығы бар. Бұл адамның әрдайым 

өлімге дайын жүруі үшін. Өзінің қашан өлетінін білмейтін адам ылғи 

да оған әзірленіп, оның қамын жасаумен болады. Ал егер адам ажал 

мерзімінен хабардар болса, ол өмір бойы арқасын кеңге салып жүріп, 

өлім сәтіне таяған кезде ғана жанталасуы мүмкін. Сол үшін де ажал 

мерзімі адам баласынан құпия ұсталған, оның өлімге әрдайым әзірленуі 

қажет. Ол өзіне белгіленген ажал мерзімі бар екенін және ол келген 

жағдайда  бір  сәтке  де  кешеуілдетілмейтінін  түсінуі  керек.  Аллаһ 

Тағала:  

 

«Әр  халықтың  белгілі  бір  мерзімі  бар.  Олар  сол  мерзімі 

келгенде бір сәт кешіктірілмейді де ілгерілмейді»

, (Ағраф сүресі, 34 

аят); 


 

 

Өлім 



8 

 

«Ей, мүміндер! Сендерді малдарың мен балаларың Аллаһты 



еске  алудан  тоспасын.  Кімде-кім  мұны  істесе,  міне,  солар  зиян 

шегушілер.  Сендерден  біреулеріңе  өлім  келіп:  «Раббым!  Мені 

жақын  бір  мерзімге  дейін  кешіктірсең,  ал  мен  садақа  беріп, 

ізгілерден  болсам»,  -  деуден  бұрын  өздеріне  берген  несібемізден 

(тиісті орынға) жұмсаңдар. Қашан біреудің ажалы келсе, Аллаһ, 

оны әсте кешіктірмейді және Аллаһ істегендеріңді толық біледі»

(Мұнафиқун сүресі, 9-11 аяттар); 



 

«Ақыр  олардың  біріне  өлім  келген  сәтте:  «Раббым!  Мені 

(дүниеге) қайтар! Мүмкін мен қалдырғанымда (дүниеде) жақсы 

амал істермін», - дейді. Әсте олай емес. Бұл оның бір айтқан бос 

сөзі. Олардың артында қайта тірілетін күнге дейін барзақ (рухтар 

әлемі) бар»

, - деген (Мүминун сүресі, 99-100 аяттар). 

 

Аллаһ Тағала әр бір пенденің өлімі үшін ешкім өзгерте алмайтын 



уақыт пен мекен дайындайды. Аллаһ Тағала:  

 

«Әрбір жан (иесі) Аллаһтың рұқсатымен ғана белгіленген 



жазмыш (ажал) жеткенде өледі»

, - деген (Әли Имран сүресі, 145 аят). 

 

 

Адам баласына, ол қай жерде болмасын, өлімнің келуі хақ. Аллаһ 



Тағала: 

«Қайда  болсаңдар  да,  Тіпті  биік  қорғандарда  (яғни, 

жұлдыздар да) болсаңдар да сендерге өлім жетеді»

, - деген (Ниса 

сүресі, 78 аят). 

Адам баласы қанша сақтансын бәрі-бір оған белгіленген жерде  

өлім жетеді. Аллаһ Тағала ескерте: 

«(Мұхаммед оларға): «Расында сендер қашқан өлім; сөзсіз, 

сендерге жолығушы», - деп айт»

, (Жұма сүресі, 8 аят); 



«Біз  араларыңда  өлімді  белгіледік.  Сондықтан  ешкім  де 

бізден оза алмайды»

, - деген (Уақиға сүресі, 60 аят). 

Бірде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын) әйелдерінің бірі, мүміндердің ізгі анасы Умму Хабиба бинт 

Әбу  Суфьянның  (ол  екеуіне  Аллаһ  разы  болсын):  «Аллаһым,  мені 


 

 

Өлім 



9 

күйеуім  Аллаһ  Елшісінен,  әкем  Әбу  Суфьяннан  және  бауырым 

Муғауиядан  пайдаландыр»,  -  деп  дұға  қылып  жатқанын  естиді. 

Пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  Умму 

Хабибаның бұл дұғасын есітіп: 

«Расында сен Аллаһтан белгіленген 

мерзімдерді, есептелген күндерді және ажыратылған ризықтарды 

сұрадың.  Ешбір  нәрсе  мерзімінен  бұрын  ілгерілетілмейді  және 

Аллаһ ешбір нәрсені мерзімінен кейін кешеуілдетпейді. Одан да 

Аллаһтан өзіне тозақ азабынан және қабір азабынан пана болуын 

сұрасаң, ол сен үшін қайырлы және жақсырақ болар еді»

, - депті 

(Имам Муслим риуаят етті). 

Яғни, пенде Аллаһтан өз өмірін ұзартуды қанша сұрағанымен, ол 

өлшеулі  нәрсе  болғандықтан,  мұнан  ештеңе  өзгермейді.  Ол  тек 

Жаратқанға  аян.  Аллаһ  Тағаланың  Өзі  ғана  білетін  бес  нәрсе  бар. 

Пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 

«Ғайыптың  кілттері  бесеу.  Оларды  Аллаһтан  басқа  ешкім 

білмейді.  Расында  Қияметтің  қашан  болатыны  Аллаһтың 

алдында. Ол жаңбыр жаудырады, жатырлардағыны біледі. Ешбір 

жан иесі ертең не істейтінін білмейді және ешбір жан өзінің қай 

жерде өлетінін білмейді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Хабардар»

, - деген 

(Имам Бұхари риуаят етті). 

Яғни, хадистен түсінгеніміздей, ажал мерзімі Аллаһқа ғана аян, 

ғайыптың ісі.  

Хадистердің бірінде: 



«Егер Аллаһ бір жерде пенденің жанын 

алуды қаласа, оған ол жерде бір қажеттілік жасайды»

, - делінген 

(Имам Ахмад және Имам әт-Тирмизи риуаят етті). 

Яғни, оны бір себептермен сол жерге барады.  



Жан беру 

Жан алудың басы – ажалдың келуі. Ажал келсе жан алынады. 

Адам баласы үшін мұнан құтылудың ешқандай айла-шарасы жоқ, ол 

жан  тапсыруға  мәжбүр  болады.  Құдырет  Иесі: 



«Ол,  құлдарынан 

Өктем. Сендерге сақтаушы (періштелерді) жібереді. Біреулеріңе 

өлім келсе, елшілеріміз (яғни, періштелеріміз) оның жанын алады 

және еш кемшілік жібермейді»

, - деген (Анғам сүресі, 61 аят). 



 

 

Өлім 



10 

Ал енді, адам жаны қалай алынады? Бұл жағдайды және одан 

кейін  де  болатын  ахуалдарды;  қабір  жағдайын,  рухтың  аспанға 

көтерілуін  сипаттаған  хадистер  көп.  Оларды  шейх  Насыруддин  әл-

Альбани  (Аллаһ  рахмет  етсін)  жинақтаған.  Бұл  кісі  аталмыш 

хадистерді түрлі түп-нұсқаларға сүйене отырып, олардың сенімсіздерін 

шығарып  тастап,  бізге  тек  сенімді  хадистерді  көрсетіп,  жеткізуге 

тырысқан.  Шейх  әл-Альбани  бұл  тақырыпта  «Сахих  джамиғус-

сағирда»  ұзақ  бір  хадис  риуаят  еткен.  Біз  осы  хадистің  ажал  алды 

ахуалдар жайлы әңгімелеген бірінші бөлімін алайық.  



Мүмін жан тапсыруы 

Бара ибн Азибтан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етіледі; 

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 

«Расында мүмін пенде дүниеден үзіліп, Ақыретке барарында оған 

көктен  жүздері  аппақ  күн  сияқты  періштелер  түседі.  Оларда 

жәннатың кебіндерінен бір кебін және жәннатың иіс суларынан бір 

иіс  су  болады.  (Періштелер  келіп)  оның  көз  алдында  отырады. 

Сосын өлім періштесі келеді де оның бас жазығына отырып: «Ей, 

қош көрілген нәпсі! Аллаһтың кешірімі мен разылығына қарай 

шық!» - дейді. Рух ыдыс ернеуінен аққан бір тамшы судай ағып 

шығады. Сөйтіп (періште) оны алады»

, - деген.  

Мүмін адамның жаны осындай көріністе алынады. Әлбетте, олар 

үшін жан тапсыру жеңілірек.  

Мүмін  пенде  жан  тапсырар  кезінде  сүйіншіленеді.  Ғұламалар 

төмендегі 

аятты 

періштелердің 



өлім 

алдында 


мүмінді 

сүйіншілейтіндігін баяндай келген дейді. Аллаһ Тағала: 



«Расында: «Раббымыз Аллаһ!» - деп, сосын тура болғандар; 

оларға  періштелер  түседі  де:  «Қорықпандар  да  қайғырмаңдар! 

Сендерге уәде етілген жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер. Біз 

дүние  тіршілігінде  де,  Ақыретте  де  достарыңбыз.  Сендерге  ол 

(жәннатарда)  көңілдерің  көксеген  нәрселер  бар.  Сондай-ақ 

сендерге тілегі нәрселерің бар. (Бұл) аса Кешірімді, өте Мейірімді 

(Аллаһ) тарапынан бір сыйлық», - дейді»

, - деген (Фуссылат сүресі, 

30-32 аяттар). 


 

 

Өлім 



11 

Періштелер мүмінді көңілі саябыр тауып қорықпас үшін өлім 

алдында сүйіншілейді.  

Кәпірдің жан беруі 

Кәпір мен залым адамның жан беруі аса ауыр жағдайда өтеді. 

Ондай адамдардың жан беруі жайлы пайғамбарымыз (оған Аллаһтың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын): 



«Расында  кәпір  пенде  дүниеден 

үзілерінде, Ақыретке барарында оған көктен жүздері қара түсті, 

дөрекі, қатыгез періштелер түседі. Олармен бірге тозақтан «Масух 

(жүннен  тоқылған  қатты  боз,  кенеп  мата  сықылды)»  болады. 

(Періштелер)  оның  көз  алдына  келіп  отырады.  Одан  соң  өлім 

періштесі  келеді  де,  оның  бас  жағына  отырып:  «Ей,  сұмпайым 

нәпсі!  Аллаһтың  ашу-ызасына  қарай  шық!»  -  дейді.  Сол  сәтте 

оның рухы денесінен (ағза-ағзасына) бөлініп тарап кетеді (яғни, 

ағза-ағзасын қуалап қашады). (Өлім періштесі) оны сулы жүннің 

арасынан тікенекті бұтақ суырғандай етіп суырады. Онымен бірге 

қан  тамырлары  мен  жүйке  талшықтары  бырт-бырт  үзіледі»

,  - 


деген.  

Аллаһ бізді мұндай халге түсуден сақтасын!  

Дегенмен  бұл  нәрселерді  жаны  шығып  жатқан  адамның 

қасындағылары байқамайды. Аллаһ Тағала бұл сәтті Құранда сипаттап: 



«Жан жұтқыншаққа келген кезде. Сол уақытта сендер қарап 

тұрасыңдар. Негізінде ол (өліп бара жатқанға) Біз жақынырақпыз. 

Бірақ сендер көрмейсіңдер»

, - деген (Уақиға сүресі, 83-85 аяттар). 

Аятта баяндалғандай, біз үшін бұл жағдай көмес. Егер адам бұл 

жайтты  көре  алғанда  оның  өмірге  деген  қызығушылығы  мүлдем 

жоғалып кетер еді. Аллаһ Тағала: 

«Жоқ! Олай емес! Жан алқымға келген кезде. (Сонда): «Кім 

дем береді?» - делінеді. Ол шын мәнінде айырылуы екенін сезеді. 

Балтыры балтырына оралады. Ол күні Раббы жаққа айдалады»

, - 


деген (Қиямет сүресі, 26-30 аяттар). 

Сондай-ақ Бәдір шайқасында өлген мүшріктер жайлы Құран аяты 

келген.  Ибн  Касир  сияқты  ғалымдар  мұның  жалпы  кәпір  атаулыға 

қатысты екенін айтқан. Аллаһ Тағала: 



 

 

Өлім 



12 

«Періштелер,  сондай  кәпірлердің  беттеріне,  арқаларына 

ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!»  - деп жандарын алғанын 

көрсең! Бұл бұрыңғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. 

Аллаһ құлдарына зұлымдық етуші емес»

, - деген (Әнфаль сүресі, 50-

51 аяттар). 

Өлім алдындағы арпалыс 

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) 

бізге  жанның  шығуын  жатқызып,  оны  ыдыс  ернеуінен  бір  тамшы 

судың  ағып  шығуына  теңеу  арқылы  сипаттап  көрсеткенмен,  оның 

шығуы қиын, ауыр, күйзелерлік жағдай. Мәселен, дегеніміз бір ауыр 

соққы алса ауырсыну сеземіз, өйткені сезіну сипатына иеміз. Бұл  – 

тіршіліктің белгісі. Ал өлім сәтіндегі қиналу одан әлде қайда ауыр, 

өйткені бұл жағдайда адам бүкіл ағзасында ауыр сезеді. Міне, «өлім 

саңдырағы» дегеніміз осы. Мұны Құранда сипаттап: 

 

«Өлім  саңдырағы  ақиқат  келді.  Міне,  сол  сенің  қашқан 

нәрсең»

, - деген (Қаф сүресі, 19 аят). 

Өліммен арпаласып жатқан пендеге жан беру қиынға соғып, ол 

саңдырақтап, есеңгіреп, үрейден мас адам сияқты халге түседі. Мастық 

әдетте  адамда  алкагольді  ішімдіктің  яки  есірткі  заттың  салдарынан 

пайда болады немесе адам байлықтың себебінен осындай күйге бөленуі 

мүмкін.  Сонымен  қатар қорқыныш,  ауыру  сияқты жан  азабынан  да 

адам  масаң  күйге  түседі.  Аллаһ  Тағала  Қияметтегі  адамдардың 

қорқынышын сипаттап:  

«Адамдарды  мас халінде  көресің.  Негізінде олар  мас  емес. 

Бірақ Аллаһтың азабы қатты»

, - деген (Хадж сүресі, 2 аят). 

Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын)  дүние  саларда  оның  алдында  бір  ыдыста  су  тұрды.  Өлім 

алдында  арпалысқа  түсіп,  жаны  қиналып  жатқанда  пайғамбарымыз 

(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) қайта-қайта ыдыстағы 

суға  қолын  батырып,  бетін  сипап: 

«Ля  иляһа  илляллаһ.  Расында 

өлімнің саңдырағы бар»

, - дейтін (Имам Бұхари риуаят етті).  

Аиша  (оған  Аллаһ  разы  болсын):  «(Өлім  алдында)  Аллаһ 

Елшісіндей  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  қиналған 

ешкімді көрген жоқпын», - деген (Имам Бұхари риуаят етті). 


 

 

Өлім 



13 

Егер  өлім  саңдырағынан  құтылатын  адам  болса,  одан 

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) құтылар 

еді. 


Аллаһ Тағала кәпірлердің өлімін, олардың жандарының қалай 

шығатынын және олардың өліммен арпалысуын сипаттап: 



 

«Аллаһты  жалғанға  шығарған  немесе  өзіне  ешбір  уахи 

етілмесе  де:  «Маған  уахи  етілді»,  -  деген  және:  «Аллаһ түсірген 

сияқтыны мен де түсірем», - дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед) 

залымдарды  өлім  арпалысында  періштелер  қолдарын  созып: 

«Жандарыңды  шығарыңдар!  Бүгін  Аллаһқа  қарсы  орынсыз 

сөйлегендерің,  Оның  аяттарына  менменсінгендерің  себепті 

қорлаушы азаппен жазаланасыңдар», - дегенде бір көрсең!»

 - деген 

(Әнғам сүресі, 93 аят). 

Анастан  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  риуаят  етіледі: 



«Дүние 

саларда пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын)  жағдайы  ауырлап,  қатты  қиналған  кезде  қайта-қайта 

талықсып,  есін  жоғалтып  ала  берген.  Сол  кезде  Фатыма  (оған 

Аллаһ разы болсын): «Қиналдың-ау, әкетай», - деп дауыстайды. 

Сонда  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын): «Әкеңе өлімнен кейін еш қандай қиындық жоқ!»» 

- деген 


екен. 

Аллаһ  Елшісі  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

дүние салғаннан кейін Фатыма (оған Аллаһ разы болсын) оны жоқтап: 

«Ей, әкетай! Шақырған Раббысына жауап берген. Ей, әкетай! Фердаус 

жәннатын  мекен  еткен.  О,  әкетай!  Оны  Жәбірейілге  жоқтаймыз»,  - 

деген. 


Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) 

жерленгеннен кейін әкесінің қазасына қатты қайғырған Фатыма оның 

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  жерлеуіне  қатысып 

келген Анасқа (оған Аллаһ разы болсын): «Ей, Анас! Аллаһ Елшісінің 

бетіне топырақ тастауға қалай ғана дәттерің барды?»  - депті (Имам 

Бұхари риуаят етті). 

Сондай-ақ  Әбу  Һурайрадан  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  риуаят 

етеді; Пайғамбарымыз  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 



 

 

Өлім 



14 

«Сендер өлгенде көздері шақшиған (көздері ашық қалған) адамды 

көргенсіңдер ме?» - деп сұраған. Адамдар: «Әрине», - деп жауап 

береді.  Сонда  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен 

сәлемі болсын): «Бұл оның көзінің (шыққан) жанға ілескендегісі»»

- депті (Имам Муслим риуаят етті).  



Яғни, адам өлгенде оның көзінің ашық қалуы – көз жанарының 

шығып бара жатқан рухқа ілесуі болып табылады. 

Умму Сәләма (оған Аллаһ разы болсын): 

«Аллаһ Елшісі (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Сәләмаға кірді. Оның 

көздері ашық қалған еді. Ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын) оның (көзін) жауып: «Жан шықса, көз ілеседі», - деді. Сол 

сәтте,  отбасымнан  адамдар  дауыстады.  (Пайғамбарымыз  (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)): «Өз-өздеріне қарсы дұға 

қылмаңдар!  Тек  жақсылықпен  (дұға  қылыңдар).  Өйткені 

періштелер сендердің айтқандарыңа «Әмин» деп (қабыл болсын) 

айтып тұрады», - деп айтты»

, - деген. 

Міне, сондықтан да өлген марқұмның қасында тұрған адамдар 

қате бір нәрсе айтудан сақ болу керек. Өйткені пайғамбарымыз (оған 

Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  айтқандай,  сол  сәтте 

періштелер адамдардың айтқанына «қабыл болсын» айтып тұрады.  

Сол үшін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын): 



«Аллаһым!  Әбу  Сәләманы  кешір!  Тура  жол 

тапқандардың 

ішінде 

оның 

дәрежесін 

көтер! 

Оның 

артындағылардың  (тірілердің)  арасынан  оның  орнын  басқыз! 

Бізді және оны кешір, о, әлемдердің Раббысы! Оның қабірін кеңейт 

және ол үшін (қабірін) нұрландыр»

 - деп дұға қылды (Имам Муслим 

риуаят етті).  

Өлген  адамның  жанында  тұрғандар  пайғамбарымыздың  (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай осы дұғаны айту 

керек.  


Әмр  ибн  Астың  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  өмір  жолынан 

мынадай бір әңгіме келтіріледі: Әмр (оған Аллаһ разы болсын) дүние 

саларда оның қасында ұлы Абдуллаһ ибн Әмр (екеуіне Аллаһ разы 

болсын) бар еді. Абдуллаһ ибн Әмр әйгілі ғалым сахабалардың бірі. Ол 



 

 

Өлім 



15 

әкесіне: «О, әкетай! Сен өлім келген кезде ақылды, парасатты бір кісіге 

жолықсаң дейтін едің ғой. Сен сол кісісің. Енді маған айтып бер»,  - 

дейді. Сонда Әмр ибн Ас: «О, ұлым! Аллаһпен ант етейін! Астым отта 

тұрған сияқты, бейне бір иненің көзінен демалып жатқандаймын және 

бір тікенді бұтақ табанымнан бастап бүкіл денемді бойлап сырып бара 

жатқандай», - деген.  

Яғни, Ақтық демін алып жатқан пенденің бүкіл ағзасы ауыру 

сезіп, күйзеледі.  

Бұл Құран мен хадистен кейінгі, сахаба ұлдың сауалына сахаба 

әке жауап берген өлімнің ең тамаша сипаты.  

Демек жан беру оңай нәрсе емес. Мұндай арпалыс сәтте адам 

бүкіл  болмысымен    жан  шыдамас  күйзеліске  түседі.  Бұл  күйзелісті 

жеңілдетер  нәрсе,  ол  Аллаһ  Тағаланың  мейірім,  шапағаты.  Аллаһ 

Тағаланың  уәдесі  бойынша,  жоғарыда  сипатталған  өлім  алдындағы 

күйзелісті шахидтер сезбейді. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың салауаты 

мен  сәлемі  болсын)  шахидтердің  жан  берулері  жайлы: 

«Шахид 

өлтірілудің ауыруын сезбейді. Тек қайсыбіріңді шіркей шаққанда 

ауырсынғандарың сияқты ғана (сезеді)»

, - деген (Имам әт-Тирмизи 

және Имам Насаи риуаят етті). 

Адам баласының бұл өмірді қимауы және өлімді жек көруі 

Өлім келіп анық жан шығуға таяғанда адам дүниені қимайды, 

онда қала тұрғысы келеді. Аллаһ Тағала Құранда: 

«Ақыр  олардың  біріне  өлім  келген  сәтте:  «Раббым  мені 

(дүниеге)  қайтарғын!  Мүмкін  мен  қалдырғанымда  (дүниеде) 

жақсы амал істермін», - дейді. Әсте олай емес. Бұл оның айтқан бір 

бос  сөзі.  Сондай-ақ  олардың артында  қайта  тірілер  күнге  дейін 

барзақ бар»

, (Мүминун сүресі, 99-100 аяттар); 



«Шын  мәнінде  Аллаһқа  (қабылдауы  тиіс  болған)  тәубе 

білместікпен күнә жасап, кейін дереу тәубе етушілер үшін. Олар – 

тәубесін Аллаһ қабыл ететіндер. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана. Ал 

жамандықты  өздеріне  өлім  келгенге  дейін  істеп:  «Енді  тәубе 

қылдым», - деген және кәпір күйде өлгендердің тәубесі қабыл емес. 

Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік»

, - деген (Ниса сүресі, 17-

18 аяттар).  


 

 

Өлім 



16 

Адам  болғасын  барлық  пенде  күнә  істейді.  Бірақ  шынайы 

мүміннің  басқалардан  айырмашылығы,  ол  бір  күнә  істеп  қойса 

артынша тәубеге келіп, Аллаһтан кешірім сұрап, күнәсінің қарымтасы 

ретінде  мүмкіндігінше  сауапты  амалдар  жасайды.  Өйткені  жақсы 

амалдар  жаман  амалдарды  жояды.  Ал  кәпір,  пасық  адам  күнәлі  іс 

істесе,  сол  істеген  жамандықтарына  бой  ұрып  күнәлары  бірінің 

артынан бірі жалғасып жатады. Мұндай адамдардың ойына тәубеге 

келу, Аллаһтан кешірім сұрау тек өлім келіп, жаны алқымына таяғанда 

ғана  түседі.  Алайда  тәубе  қылу  үшін  бұл  сәт  тым  кеш  болады. 

Сондықтан да олардың тәубесі қабыл болмайды. Бұл айтқандарымызға 

Аллаһ Тағаланың жоғарыдағы сөздері айқын дәлел.  

Сонымен адам баласы өлім сәті келгенде өзінің тағы біраз өмір 

сүре тұруын қалап, бұл дүниемен қош айтысқысы келмейді. Десе де 

мүміннің бойынан жан шығарда ол Аллаһпен жолығуға тағатсыздана 

асығып, қуанады екен. Аиша (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен 

хадисте пайғамбарымыз  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 

«Кім  Аллаһпен  жолығуды  қаласа,  Аллаһ  онымен  жолығуды 

қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен 

жолығуды қаламайды», - деген. 

Аиша  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  пайғамбарымызға  (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде біз өлімді 

жек  көреміз»,  -  деді.  Пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен 

сәлемі  болсын): «Ондай  емес!  Бірақ,  мүмінге  өлім  келсе,  Аллаһ 

тарапынан  разылық  және  сый-құрметпен  сүйіншіленеді  де,  ол 

үшін  алдындағыдан  (өлімнен)  сүйікті  ештеңе  болмай  қалады. 

Сөйтіп Аллаһпен жолығуды қалайды. Аллаһ та онымен жолығуды 

қалайды»

, - деген. 

Осылай  мүмін  жанының  тез  шыққанын  қалап,  Аллаһпен 

жолығуға  асығады,  сонымен  қатар,  Аллаһтың  сый-құрметіне 

ұмтылады. Сондай-ақ Аллаһ Тағала да пендесінің ықыласына қарай 

онымен жолығуды қалайды.  

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) 

сөзін әрі қарай жалғап: 



«Ал кәпірге (өлім) келсе, Аллаһтың азабы 

және  жазасымен  сүйіншіленеді  де,  оған  алдындағыдан 

жеккөрінішті ештеңе болмайды. Сөйтіп ол Аллаһпен жолығуды 

 

 

Өлім 



17 

қаламайды,  Аллаһ  та  онымен  жолығуды  қаламайды»

,  -  деген 

(Имам Бұхари риуаят етті).  

Сондай-ақ  тағы  бір  хадисте  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың 

салауаты мен сәлемі болсын): 

«Жаназа оқылып, (табытты) еркектер 

желкесіне көтерген кезде, (рух) ізгі болса: «Мені алып барындар», - 

дейді. Ал ізгі болмаса өзінің туыстарына: «Соры құрысын, оны 

қайда апара жатырсыңдар?» - дейді. Оның дауысын адамзаттан 

басқа  барлық  нәрселер  есітеді.  Егер  адам  естігенде,  есінен 

айырылар еді»

, - деген (Имам Бұхари риуаят етті). 

Сонымен не үшін біз өлімді ұнатпаймыз? Умәуилер халифасы 

Сулеймен  ибн  Абдулмәлік  деген  кісі  жайлы  мына  бір  хикая 

әңгімеленеді:  

Қажылық кезінде Сүлеймен ибн Абдулмәлік Мәдинаға келгенде 

табиғиндер  сапына  жататын  бір  кісімен  жолығысуды  қалап, 

ондағылардан:  «Осында  бірнеше  сахабаның  көзін  көрген,  пайым-

парасатты бір кісі бар ма?» - деп сұрайды. Адамдар: «Иә, Әбу Хазим 

деген бір кісіні білеміз», - деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абдулмәлік 

оған адам жіберіп, құзырына алдырады. Әлгі табиғин келген кезде, 

Сүлеймен оған: «Ей, Әбу Хазим! Біз неге өлімді жек көреміз?» - деп 

сұрайды. Әбу Хазим: «Сендер, дүниені көркейттіңдер! Ал Ақыретті 

бұздыңдар!  Енді  болса,  көркем  мекеннен  ойрандалған  жерге 

шыққыларың келмейді», - деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абулмәлік: 

«Рас айттың!» - деді. Сосын: «Бізді Аллаһтың алдында не күтіп тұр?» - 

деп сұрады Сүлеймен. Табиғин: «Амалдарыңды Аллаһтың Кітабына 

жүгіндір!»  -  деді.  Сүлеймен:  «Оны  қай  жерінен  табамын?»  -  деді. 

«Аллаһ Тағаланың: 

«Шын мәнінде ізгілер, әлбетте, нығмет ішінде 

болады. Негізінде бұзақтар тозақта болады»

, (Инфитар сүресі, 13-14 

аяттар) деген сөзінен», - деді табиғин. «Аллаһтың рахметі қайда?», - 

деді Сүлеймен ибн Абдулмәлік. Әбу Хазим: «Аллаһтың рахметі игілік 

істеушілерге бек жақын», - деді. Сүлеймен ибн Абдулмәлік тағы да: 

«Ертең Аллаһтың алдына қалай барамыз?» - деп сұрады. Әбу Хазим: 

«Игі кісі басқа бір жақтан өз отбасына келе жатқан адам сияқты болса, 

жаман  адам  қожайнынан  қашқан  құл  сияқты  болады»,  -  дегенде 

Сүлеймен  ибн  Абдулмәлік  көңілі  босап,  дауыстап  жылап  жіберді. 

Сосын әлгі табиғиннен: «Маған өсиет айт», - деп сұранды. Сонда Әбу 



 

 

Өлім 



18 

Хазим:  «Аллаһ  Тағала  қайтарған  нәрсесінде  сені  көруден  немесе 



бұйырған нәрсесінде сені таппауынан сақ бол!» - деді.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал