1 Аманғазы КӘріпжан сана суреттері



жүктеу 8.53 Kb.

бет9/10
Дата12.02.2017
өлшемі8.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

183
Жер киесiн көтерген төзiмдiлiк 
Болсын тағы ерліктің бастамасы.
Шет Боғастың суындай бөлшектенiп,
Тауқыметтi тартса да ел шеттелiп,
Ауыл көшiп жатса да жүрген жерде
Рухымызды мезгiлге өлшетпедік.
   
 
 
 
1995 ж.
тарбағатай Жотасы 
  
 
 
 
 Дәулетке
Суырлы тау – байлық бұл сыры басқа,
Cуыр өзiн байлық деп жылымас та...
Iн iшiнде шыңғыртса үрей бәрiн,
Алапат тау суыр боп ұлымас па?
Сен де, Өкпетi, биiктiң бiр сiлемi,
Құшағыңда ғасырлар күрсiнедi.
Жан дертiңдi сездiрме,
Сезiп қалса
Ажалдың да жүрегi түршiгедi.
Жынды мезгiл о бастан қасыңда ерiп,
Сұқтанса да рухың жүр – басың берiк.
Ақ шашыңнан сипалап бұлт жылады,
Мың жылаған Боғастың жасын көрiп.
Дидарында ызғарлы күлкi бекiп,
Жер де айналып барады шырқы кетiп.
Тiк мүйiздi шыңдарың бiрге айланды,
Кеңiстiктiң кеудесiн жыртып өтiп.
Тiрi тарих – сендерсiң, қарлы шыңдар,
Жыртқыш фәни өршiткен қарғысың бар,

Аманғазы КӘРІПЖАН
184
Қарғысыңа қайралған аң-құсың бар,
Сыр алдырма, тағы айтам, арлысыңдар,
...Армысыңдар!
парасаттың Жалғасы еМес пе едіК...
  
 
 
 М.Тәшеновке.
Түнекте де түлігі өрістеген,
Ұлттық рухы тілдескен періштемен,
Тектіліктің тұғыры – Тарбағатай
Тумасынан айырылды Мелс деген.
Қоштасса да жамағат қайғырып тым,
Шамшырағы сөнбесін бойда үміттің.
Тарихымнан сұлтандық рух дарыған
Тұяғы еді ол қанатты сәйгүліктің.
Қимады Алла бізге де сүйікті ұлды, 
Тұғырды оған мәңгілік биік қылды.
Бұл пәниге сыймаған құдіреті
Шексіздіктің шегіне тиіп тұрды.
Тосын хабар жалғаса жұрт құлағы,
Көзді нөсер, көңілді бұлт қылады.
Шексіздіктің шегін де қақ айырып,
Ізгілікті жаудырды ұлт қыраны.
Біздің тағдыр өзара сабақтасты,
Бал дәуренді жетімдік тонап қашты.
Қиындықта қол ұшын берді ағамыз,
Бәрі де өтті,
Уақыт қабақты ашты.
Жетімдікке қолды боп нәрестелік,
Болашаққа «құрдымнан» елестедік...

Сана суреттері
185
Біз өлмедік,
Өйткені, мәңгі өлмейтін
Парасаттың жалғасы емес пе едік?!
КөКтөбе
Салды арманшыл көңiлiм отқа елегiн,
Әйтсе де елден, сағыныш, шеттемегiн.
Байыз таппай Боғастан балалық шақ,
Кеткен қуып балығын Көктөбенiң.
Өзен – тарих – Көктөбе өр тынысты,
Қан жұтып сан, қайғының өртiн iштi.
Балалығым сүңгiген тұңиыққа 
Ендi үңiлiп қарасам қорқынышты.
Өскен сайын көңiлiм биiкке алаң,
Тереңдiктi амалсыз қиып барам.
Қашықтықтың арасын дүйiм көрмей,
Кеңдiгiне жанымның сыйып қалам.
Тұңғиықты қалдырсам бекер ұмыт,
Жұбата алмай тарихты кетер үмiт.
...Астаналық Көктөбе жотасына 
Аспа жолмен барамын көтерiлiп.
   
 
 
1982 жыл.
МайлыШат Жотасы
 (Екi түрлi аңыздан)
1.
Ұялшақтап жел жұлқыса еңiстен
Тау да етегiн қымтай түстi егiспен,
Гүлдiң лебi жасырынып мұрныңа
Кеңсiрiкпен, кейде ойыңмен өбiскен,

Аманғазы КӘРІПЖАН
186
Көрмегенсiп бұлтқа кiрген Ай құсап,
Ғашықтарға сыйлап келген жайлы сәт,
Боранбай мен қалмақ қызы отасқан
Махаббаттың мекенi едi – Майлышат,
Ер тойында жеңiс тербеп жер-көктi,
Майлы шат боп малдың майы селдептi.
Май тұтанса тарих талай алаулап,
Шұғынықтың қызыл шоғы сөнбептi.
Май төгілды биікке де, жыраға,
Мал шығыны құрбандык па,
Күнә ма?–
Малды аямай жанды аяған жараннан
Парқы жұмбақ хақтың ісін сұрама... 
2.
Кеудесiнде қалғып кеткен кешегi
Бiзге жұмбақ – шерлi тарих есебi...
Майлы батыр қорғағасын жоңғардан
«Майлышат» боп атаныпты деседi. 
алақ қойнауында
Қызылдарға тақта орнатып үлгiрдiк,
Үлгiрдiк те тiлдi тiстеп дiлгiрдiк.
Ел намысын алма кезек жаншыды 
Тәңір берген бiлместiк пен бiлгiрлiк.
Қыр астынан әрiлi-берiлi жұлқынып, 
Қызыл таңның басы кеттi қырқылып.
Қызарақтап тiл қата алмай тарихқа
Қызыл iңiр қынға кiрдi қылқынып.
Жөргегiнде жаралы өмiр тұралап,
Өз тағдырын жұбата алмай тұр Алақ.

Сана суреттері
187
Көк аспаннан өзiн iздеп сығалап,
Көк туыңды боямақ боп әр түске 
Тасада жүр кемпiрқосақ – сұғанақ.
ШеШеМнiң Жауабы
– Шеше, жасыңнан сенiң «Тыныштық» 
деп    атыңды  атасам  да,  есейе  келе  не 
дерiмдi  бiлмей  өзiмнен  өзiм  қысыламын. 
Неге басқаша үйретпегенсiң?
– Әкесi бар баладан қалыс қылман, – 
Деп сенi атаң өз атына ауыстырған.
Менi әу баста ол сезiмтал жүрегiңе
«Тыныштық» деп, жеңгең деп таныстырған. 
Еркелеттi жан атаң,
Аптықпа ендi,
Орынды сөз, оқасы жоқ түк те ендi.
Қайтқан-ды атаң,
Әйтсе де, балаңмын деп
Айтпауың да жаныма шаттық бердi.
Iлтипатты бүркеген өкiл есiм – 
Құлақ нәрi, 
несiне өкiнесiң?
Көрген көзге қысылмай қайталай бер,
Жақсылықтан басқа жұрт не тiлесiн?
...Сұрапыл жыл сұрынан сұс төгедi,
Жер-анаға ентiге тiстенедi.
Қуаныш пен қайғының тасасынан
Бiздiң үйге бiр хабар түскен едi.
Қаралы хат...
Үмiттер әлi өшпедi.

Аманғазы КӘРІПЖАН
188
Суға кеттi дей ме екен жан ескегi?
Ерсiз қалған анамды жұбатқан да
Сол кездегi шыр еткен нәресте едi.
«Шалшығында қайғының әмiр кештiк,
Кеше тұра өзара «сабыр» дестiк,
Ол iңгәлап, сен қоса жылағанмен
Азалы үндi жарытпас Тәңір де естiп.» – 
Деп тоздырып жұрт күн-түн есiгiмдi,
Тоқтау айтып шешеме неше үңiлдi.
Жеңiс лебi ескенде тыныш елге
«Тыныштық» деп қойыпты есiмiмдi.
Сұр далаға сұсты елес қош дедi де
Содан мәңгi келместiң көштi елiне.
Өкiнбе, ұлым, сондықтан «Тыныштық» деп,
Ана ұранын қайталап өскенiңе.
   
 
 
1985 жыл. 
* * *
  
 
 
Шолпан апа рухына.
Сары далада соқты боран апта бойы тоқтамай,
Сергелдеңге түсiрмесе жарар едi көптi олай.
Алматыдан ауыл деген ұлы ошаққа жеткенде
Сырттағы аяз сыртта тынып, 
жан дүниеме соққаны-ай!...
Туыс көшi қозғалды ма? – 
түн қойнына көштi iңiр,
Алдынғы топ озған сайын 
артта әлсiреп өштi нұр.
Қимастық та бiрге кетiп баратқасын сендермен 
Сыйластыққа сабыр еткен ұрпағыңды, кеш, ғұмыр!

Сана суреттері
189
* * *
Марқұм Махамбетов Мақсатқа.
Алатауды бетке алып жырақта әсем
Ақтөбеден кетсең де жылап бәсең,
Қайта оралдың сағынып.
Көргенiңдi
Жеткiзе алмай жатырсың бiрақ та сен.
Iзетiне iлескен iрi сенiм
Сен тiрi едiң,
Тiрiнiң тiрiсi едiң...
Аңсап келген елiңнен 
азалы топ
Қайда әкетiп барады, iнiшегiм?
Жеткiзбеген сорлы ажал көзге елесiн – 
Жиырма бес жас шықпаған боз белесiң.
Сенi iлдi де
Жұртыңның көз-жасына
Кеттi тағдыр жүйткiтiп өз кемесiн.
Балаушы едiм алтынға әр iзiңдi,
Қол қысқарақ...
Қысқаның бәрi жынды.
Күйеу жұрт деп өзiңе пайғамбар боп
Жарытпаппын өтеп те парызымды.
Тiрлiктенбiз, амал не, айтары – мұң.
Сұрап келмес ажал да – сайқал ұғым.
Жоқ, ол да бiр сын шығар заңы басқа
Қияметте бiр өтейтiн қайтарымын.

Аманғазы КӘРІПЖАН
190
бесМойнақ МеКтебiнiң түлеКтерi 
  
 
 
Досым Бектұрсынға.
Жиырма жылда кетсек те бiз де есейiп,
Iзгi арманның соңынан iз кесейiк.
Балалықтың бiр сәтiн еске алуға
Бесмойнаққа келiңдер, жүздесейiк!
Жүректе өскен сезiмнiң түйiр дәнi
Жанарыңда жайқалсын,
Жиыл, қанi,
Бұғымүйiз, Жетiмсай арнасымен
Қуаныштың тағы да құйылды әнi.
Толқындардың көздегi белесiне
Қалқыған ой көңiлдiң кемесi ме?
Жиырма жылдың табы жүр тайғанақтап
Балалықтың бiздегi елесiне.
Бiр топ едiк,
Бiр ауыл жалғастырып,
Бал күндерге жеттi ұрпақ малдас құрып.
Жиырма жыл да тарихты жасайды екен
Буындарды буынға алмастырып.
балуан досыМа
Қазақстанның спорт шеберi
Халық Қожахметовқа.
Әй, балуан досым-ай, тым аңғалсың,
Қадiрiңдi бiлгендер сыр аңғарсын!
Бiлмегендер сан мәрте сүрiндiрдi,
Жолда қалса аңғалдық – «күнәң» қалсын!

Сана суреттері
191
Мейiрбан қып жаратса сүйектiнi
Өктемдiктi сiлкидi жиi екпiнi.
Қанжар да кеп кеудеңдi тесiп өттi,
Тәңір, бiрақ, сақтапты ниеттiнi.
Досыңды ұрып, намысты ел жерлесе де
Жүректiлер дәл сендей селбесе ме?
Сонда сынған аяқты елемепсiң
Жылдар бойы қалпына келмесе де.
Балконынан қыздардың мен де құлап,
Емханадан тұрғыздың демде жырақ.
Қайыр – сауап дегенмен
қадiрi жоқ
Аңғалдығың қауiптi,
Емде, бiрақ.
той КөКесi – үйлену
(әзiл) 
Бесiк тойың өткенше
Тiл мен көзден қорғанып,
Қоныстойың жеткенше
Қаңғырасың, ол да анық.
Тұсаукесер – ол да мұң – 
Жiп аяқты қысады.
Сүндет тойда молданың
Қорқытады пышағы.
Мерейтоймен жаңғырып
Жылдар жылап көшедi,
Ал, үйлену – мәңгiлiк
Тағдырыңды шешедi.

Аманғазы КӘРІПЖАН
192
Жас Шаңырақ иелерiне тiлеК
Жас шаңырақ!
Қабыл алсаң бiр тiлек – 
Қалса аңдамай жандарыңда кiр түнеп
Сол пәленi қабақ шытпай сол сәтте-ақ
Алған дұрыс бiр-бiрiңнен сiлкiлеп.
Сендерсiңдер – екi ауылға бiр өткел,
Киелi елдiң бiрлiгi етiп түлеттi ел.
Сыртқа естiлiп ыдыс-аяқ сылдыры
Ауырмасын ақ сүт берген жүректер.
Ренiш түбiн сабыр ғана қозғасын,
Сәби келсе жүйкесi оның тозбасын.
Не сәтте де айырылмауға мәжбүрсiң
Екеуiңдi бiр-бiрiңе жазғасын.
Жеңе алмаса мiнез деген еркенi
Қырсықтының өзiне жау – ертеңi.
Бет жыртыспай кiм сабырға жығылса
Сауап – сонда,
Өрiстейдi ертеңi.
Берсе де Алла үйленуге кеңдiгiн
Жаратпапты екi адамның теңдiгiн.
Үй болудың заңы да ендi – 
Сабырмен
Жеңе бiлу бiр-бiрiнiң кемдiгiн.
Бұ дүниеден бiрi кетсе дәм құрып,
Қайта үйлену қиын да емес таң қылып.
Ұрпағын да өгейсiткен жұртынан
Ондайларға тозақ оты – заңдылық.
 
Шын сүйсе егер дәнеңе емес қалғаны,
Мойытпайды тұрмыстың да салмағы.

Сана суреттері
193
Ең бастысы – бiр-бiрiнiң аңдамай
Көзiн алдап адаспаса болғаны.
Сұлулықтан сорлайды адам сорласа,
Берiк болсаң,
Қатерлi емес ол да аса.
Ал, махаббат қорқынышты
Тек сонда – 
Бiр-бiрi үшiн қызғанышы болмаса.
* * *
Жүректi жұлқылап барып,
Ойды үмiт шырқыратты анық.
Жанның сен кiлтiн ап қалып,
Санамды жүрсiң ақтарып.
Өттi ғой өмiр нөсердей,
Жеткейсiң алқынып, арман!
Мәңгi, әйтеу, көңiлде сөнбей,
Найзағай жарқылы қалған!
* * * 
Жанарыңнан жарқ еткен жарылыстың
Жұттым дағы жалынын, жанып ұштым.
Қиялымның отына аңдаусызда
Өртеп аппын тамырын сағыныштың.
Дәрменсiздiк шексе егер ылаңға айбат
Жалғассын деп жүрекке шыдам, қайрат,
Сүңгимiн де өзiмнiң көз-жасыма,
Тұнбасы боп намыстың шығам қайнап.
Көкейiме шешусiз сұрақты iлген,
Қылығыңа мырс етiп жылап, күлгем.

Аманғазы КӘРІПЖАН
194
Жылап тұрып жайдары сезiмiме
Аспанымды аяусыз құлаттым мен.
Уақыттың безбенi сенiм емес,
Аққу – елес, көздегi көлiме көш.
Кеш күнәңды,
Сынын кеш тағдырыңның,
Болса менен қателiк, менi де кеш...
   
 
 
1989 жыл.
сезіМнің асау ерМегі
Шұғыла жүзiң алауын шашып нұрлана
Көздерден таса қарама, деушi-ем, ұрлана,
Бала едiң әлi,
Екеумiздi өртеп аңдаусыз
Кететiн болды-ау алдамшы сезiм бiр ғана.
Өзiңе сенсең құша бер онда,
Құш тағы...
Қанатты бiр күш көзiмнен үркiп ұшпады.
Шекараң жаққа қолымды қозғай бередi
Алданыш деген төзiмнiң асау дұшпаны.
Құрыққа түстi құтылам деген талпыныс,
Жетелей бердi адаса жеткен алқыныс.
Тiлiмдi сенiң тiлiңе жалғап, 
әуелде-ақ,
Ақылыңды емiп қойған-ау сиқыр тартылыс.
Сиқырлы бiр күш сабырға қылыш сермедi,
Ағалықты да, балалықты да «жерледi«.
Жерлеген сайын сезiмнiң ессiз отына
Лақтырып кеткен махаббат неткен шерлi едi! – 
Лақтырды дағы тағдырға ырық бермедi...
Солай да солай...

Сана суреттері
195
Бiр сәтке сосын басылып,
Көзiңнен бәрi өкiнiш болып селдедi,
Қатерлi-ең неткен, сезiмнiң асау ермегi!... 
Жанарға
Шашқанда көзім көп ұшқын
Өзім де содан шоқ іштім.
Қоңырси түскен көңілдің
Көгінде саған тоғыстым.
Құлдырай түскен ғұмырдың
Құрығы түсіп жығылдың.
Тектіден қалған түбірдің
Тасасын тауып тығылдың.
Жұлынып біткен жүректің
Жұлыны болып дір еттің.
Жүрегі болып жарқ етіп,
Жұмақтың нұрын түлеттің.
Малданған менің мастығым,
Алданған сенің жастығың...
Мендегі ағыс мұң ағыс
Болғасын бәрі пәс бүгін...
сенiң Жаның не бiлдi?
Сен де өзгемен нұрланып,
Сол кезде мен жынданып,
Арамыздан махаббат
Баратқанда ұрланып,
Сен де алаңсыз тойшылап,
Мен де амалсыз ойсырап,
Арамызды тағдырлар
Баратқанда қайшылап,

Аманғазы КӘРІПЖАН
196
Мен бұлқынып қынапта,
Сен жұлқынып жыраққа
өртесең де,
намысым
Өртенбедi, бiрақ та.
Менiң жаным егiлдi, 
Сенiң жаның не бiлдi?
Мен жыраққа жерледiм
Сен жылатқан көңiлдi.
Жалғасы бар тойыМның
Айбынды еңбек аптаппен жұлқыласып,
Қуанышқа кеткендi шырт ұласып.
Тұңғышыңның, жан әке, құрметiне,
Тамыз тойы дүрлiктi шұрырасып.
Шөп науқаны шақырып тұрғанда алдан,
Жанарыңнан жәудiреп тұнған-ды арман:
«Ұлым мектеп есiгiн ашқалы отыр.
Қайтып келiп шақырам кiм бар қалған?» – 
Дедiң де әке ұзадың жолға асығып,
Тоқтата алмай шарқ ұрды алғаш үмiт...
Ертесiнде табиғат қайғы „келдi,
Тойға әкелген шашудың жалғасы ғып.
Қоштаспап – ек,
Қоштасу құрсын әрi,
Жиырма сегіз жас деген қыршын әлi
Бәлкiм, маған Зайсанның тұнығынан,
Мөлдiрлiк, пәктiктi iздеп жүрсiң әлi...
Қайғы азуын итерiп тiстеп алған
Қызың келдi өмiрге iште қалған.

Сана суреттері
197
Көздiң жасы қопсытып күйген бақты
Армангүл боп гүлдедi iштегi арман.
Қырсық бiрақ, күшейдi қаталданып
Қай бағытта жалғамақ сапарды анық...?
Армангүл де жыл өтпей тым асығыс
Әкемiзге әкеттi атамды алып.
Төзе түстiк,
Түнердi ақша тамыз,
Төзе түссек нәубеттi ақсатамыз.
Кеткен ұлға кенжесiн көрсетем деп
Кете барды осылай жақсы атамыз.
Мен де осылай өмiрдiң сындарында,
Сүрiнсем де күймеппiн мың жалында.
О, Тәңірiм, қуат бер,
Ұлы тоймен
Әке арманын жалғайын гүлзарында!
Көз жасымен қайғысын жуа алмаған
«Тойлатамын!» дегенде уанды анам.
Жеңер шақта қаралы қағаз алып,
Анам туғанда – анасы қуанбаған.
Қуану да анама арман едi
Бар жақсысын тойға ол да арнап едi.
Тойға асығам, 
Бiлмеймiн, қандай бақыт?
Шаттығына жамағат жалға менi!
Алғысым көп, жанымды демегендер,
Қонағым бол , кең пейiл, кемел ерлер,
Мен дайындап жатқан бұл ұлы тойға, 
Жете алмаған Жұмекен,Төлегендер.
Кел, ағайын!
Кел, достар!
Кел, өрендер!

Аманғазы КӘРІПЖАН
198
еңсеМдi басып...
Күз желi тисе буыны қақырап барып,
Ләззаттан құлап жатады жапырақ талып.
Қираған ғұмыр, қырқылған қасiреттермен
Қиялды жамап келедi атырап та анық.
Түңiлсем маған бұл жалған – аңдыған жыра.
Жалғаннан кетсем онда да қаңғырам, жүдә.
Өз басым сыйса бақиға,
әкетер едiм
Жанымды және жанашыр домбырамды да.
Өртенiп кетсем iшiмнен жанғанда ғалам
Жанымнан түтiн будақтап заңғарға барам.
Ол жақтан жауым iздесе, 
Бақиды да өртеп,
Панасыз қалсам мәңгiлiк, таңғалма маған.
Құдайдың қызы болса да ертеңгi ғашық,
Әзiрге жан жоқ сырымды шертер бiр ашып.
Жүйкеме мiнген әлдебiр сиқырлы салмақ
Еңсемдi басып келедi,
Еңсемдi басып.
    
 
1990 жыл.
тәрКiледi сезiМнiң бәрiн ғұМыр
Ұнатпадым...
Жоқ әлде ұнаттым ба?
Сағынышың сiңбептi, бiрақ, құмға.
Қабағымнан көзiңе түн тамшылап
Қайта-қайта сүрiндiң сұрақ-мұңға.
Жүргiзе алмай жүрекке басқа ұғымды
Түсiнбестiк тұрғызды тас тұғырды.

Сана суреттері
199
Жәбiрлеуге кеп пе едiм аш ғұмырды,
Қадiрлеуге жетпедiм жастығыңды.
Құшақта – сен...
Ой деген ұшақта әсем – 
Қиялыңның тылсымы қысап бәсең
Бара жатты.
Сен, бiрақ, алданышқа
Үмiтiңнiң үркегiн тұсатпас ең.
Жымысқы түн,
Санамды қалың дүбiр
Жаншып өттi,
Жаулады жанымды iңiр.
Намысымды талатып алданышқа
Тәркiледi сезiмнiң бәрiн ғұмыр.
   
 
 
1996 жыл. 
* * *
Мiнез тағы қашырды-ау сиқыңды шын,
Назың қайда сәбидей сиқыр-мүсiн?
Долданыстан түк шықпай жылай кеттiң
Аянышты-ақ! – 
Сол кезде сүйкiмдiсiң.
Үмiтi – асқақ,
Барымен базар құсым,
Жараңды ендi қиялмен жазармысың.
«Көркiм жоқ па сендiк?» – деп айнаны ұрдың
Аянышты-ақ! – 
Сол кезде ажарлысың.
Сүймедiм бе, сүйдiм бе?... – 
Дәл нақтысын
Сезбеген соң өзiңдi алдап, құсым – 
Шылымды ұстап қорқыттың «сергимiн» деп,

Аманғазы КӘРІПЖАН
200
Аянышты-ақ! – 
Сен, бiрақ, салмақтысың.
Қабағыңды аша алмай сабырлы iсiң,
Қаша бердiң жағалап қабiрдi шын.
Кездiк ала жүгiрдiң өздi-өзiңе
Аяп кетем...
Сол кезде қадiрлiсiң.
Қарғадың да тас аттың,
Сорым қалың.
Қанмен жудың бетiмдi,
Қолыңдамын,
Аянышты-ақ...
Бақытқа жаны құштар
Дәрменсiздiк жасатты-ау соның бәрiн.
* * * 
Елес пе,
Оймен егес пе? – 
Жаныңды шарпып от-күдiк,
Тартты да сиқыр белеске
Қорқыныш, мұңға жектi үмiт.
Албырт ек,
Бiрақ, асыға
Сезiмнiң уын бiрге iштiк.
Жастықтың ессiз отына 
Өртенiп барып мұң құштық.
Сезiмдер тартты жолға алыс,
Серiлiк жанды жырлатып,
Кездестi сәттiк алданыш,
Келдi де кеттi бiр бақыт.
Жарқ еттi де отың жанардан
Қарашықтардан тұнды шық,

Сана суреттері
201
Жарқырап барып сан арман
Құс жолын түздi түнге ұшып.
ағын
Кеттi ме деп жанымды жай табалап,
Қайта өрледiм қиялға ой тағалап.
Жарқ еттiң де қираған көңiлiмнiң
Күмбездерiн тұрғыздың қайта қалап.
Жеткiзе алмай бөгелiп соңғы сырды 
Қиығына көзiңнiң жол қысылды.
Қысылды да Шардара екпiнi боп 
Жайғап кеттi жанарың болмысымды. 
Сабырың да салмақсыз, аты мұңды,
Қорғануға тiредiм ақылымды.
Ақылдың да қалқаны жалғыз ғана
Қытықтаған демiңе жапырылды...?!
* * *
Көтере алмай көңiлiмнiң түңлiгiн,
Жеткiзе алмай көзiмдегi күн нұрын,
Ести алмай кетiп барам бұлдырап 
Жаныңдағы бұлақтардың сыңғырын.
Кеудеме әкеп тоғытты да мұңды мұң,
Құдiретiн қайталадым жындының.
Опырылып бара жатқан жүректiң
Жөргегiнде тұншықты да тынды үнiм.
Тынды бәрi...
Тынды бақ та, тынды ұғым.
Сүйдi бәлкiм...
Сүйе алмады кiмдi кiм?
Сұқтанды да сұмдығым мен шындығым

Аманғазы КӘРІПЖАН
202
Сорлы тағдыр сынды мың – 
Жындымын... 
КеШКi құрылыста
Сол түнге ой көп таңдай қағып,
Түскен соң көп құбылысқа,
Қайтем деп өткендi ойға алып
Шыққан ем кешкi жұмысқа.
Баққа бiз жоғалтып алған
Бағытты ұмытқым келiп,
Кетсем де,
Мұнартып арман,
Қалмады күдiк күнде ерiп.
Жайсыздық қолқалай бердi – 
Керең кеш ұғына алмады.
Ойымды балталайды ендi 
Кранның сигналдары.
Еншiден көңiл құр қалған
Сәттерде сабыр – тайғанақ.
Тұрды үнсiз көгiлдiр қорған 
Дүбiрге жабырқай қарап.
Көгiлдiр құрсақтан әлi
Дамылдап үй келедi өсiп.
Көңiлдiң сыр сақтағаны – 
Кеттi үмiт имене көшiп.
Терiмнен соғылған жақсы үй
Өзiме сағыныш әлi.
Кең көше,
Ағылған такси
Көңiлдi алып ұшады...
    
 
 
1985 жыл.

203
МазМұны
...Шексіздікке қысылмай
Сыйып кетсем деп едім
Көлеңке.............................................................................4
Мәңгiлiктi талатпай сүйреп келем.  ...............................5
Жоғалу ..............................................................................6
Сырқат ..............................................................................8
«Тағдырымнан ұрланып дара тыныс...» ..........................9
«Құдайға жетсе ғанибет үнi...» .........................................10
«Өзiмдi келем өзiмнен қорғап...» .....................................10
Түн ....................................................................................10
Шарасыздық  ....................................................................13
Мұң мен сынақ.  ...............................................................14
Ақыретті мүсіркеп жаратылыс... ....................................15
Адасу ................................................................................16
Қаға бердi таңдайын кәрi сағат...  ...................................18
Оқылар едiм фәниге... .....................................................21
Махамбетше .....................................................................22
Күнә бiткен теңсiздiкте туғасын... ..................................24
Мен өзiм... ........................................................................25
Мәңгiлiктi құшақтап...  ....................................................26
«Көзiмнiң нұры әлсiреп...» ...............................................27
Лап етiп жансам бiр күнi .................................................28
Тынымсыз тылсым жол кестi .........................................29
«Зардабын iшiп тағы да жырдың...» ................................29
«Сыңсиды жаралы жылдар...» ..........................................30
Ызалы қандастарым.........................................................31
«Толғақ қысқан жүрегiм жүр шыдатпай...» ....................31
Мен әлемнiң кеңдiгiн өлшеп өтем... ...............................33

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал