1 Қайрат жұМАҒалиев поэзиясы және азаматтық лирика



жүктеу 42.35 Kb.

Дата17.01.2017
өлшемі42.35 Kb.

 



ҚАЙРАТ ЖҰМАҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА 



 

Атаханова Н. 

Атырау қ. 

 

Мақала кейіпкері ақын Қ. Жұмағалиев исі қазақ жыр сүйер қауымға кеңінен танымал тұлға десек 

те,  әдебиеттану  ғылымының  арнайы  зерттеу  нысанына  айнала  қойған  жоқ.  Бұған  қарап  ақын 

шығармашылығы  мүлде  сөз  болмады  деген  түсінік  қалыптаспаса  керек.  Ақынның  жаңа  кітаптары 

жарық  көргенде,  мерейтой  тұсында  жазылған  пікірлер  қатарын  Қалижан  Бекхожиннің  «Ұшқыр 

ақынның  өргелең  өрістері»,  Тұманбай  Молдағалиевтің  «Жарқылдаған  жаны  бар,  жалындаған  жыры 

бар..»,  Сейфолла  Оспанның  «Шыңдалып  өскен  шымыр  ақын»,  «Жыр  жүйрігі»,  «Қайрат  ақын»,  Әбіш 

Кекілбаев  «Құбажонда  құланиек  таң  атса»,  Рымғали Нұрғалидің  «Қазақтың  Қайрат  ақыны»  Несіпбек 

Айтұлының  «Ақынның  жаны  жырында»  Ғафу  Қайырбековтің  «Бір  кеменің  үстінде»  атты  кітабында 

Қайрат ақын шығармашылығына арналған сыни мақаласы жарық көрген.  

Адам  баласы үшін ең қымбат дүниенің бірі де, бірегейі де туған жері екені күллі әлемге мәлім. 

Алайда,  өскен  өлкесін  әркім  өзінше  сүйіп,  өзінше  құрметтейді.  Оның  тасын  да,  оның  шеңгелін  де, 

мөлдіреген  аспанын  да  басқа  жердікімен  салыстырғанда  айрықша  артық  көреді.  Өзіңнің  өскен 

мекеніңнің  әр  түп  жусаны,  әрбір  талы,  тоғайы,  ұшқан  құсы–  бәрі  сені  түсінетін  сияқты.  Сен  оған 

өзіңнің  сүйген    ғашығыңды,  жан  досыңды  әр  кезде  таныстырғың  келіп  тұрады.  Тұғыш  рет  табаның 

жерге тиген жер, ең  бірінші көзің үйір болған дала, оның айы, күні, шомылған жаңбыры әсте есіңнен 

кетер  ме  ?  Сол  себепті  де  сәл  шеттеп  кетсе  туған  жерді  ақындар  қауымы  көздерінің  жасын, 

көңілдерінің назын қосып  жырлайды. Күйшілер жер дүниені күңірентіп күйлерін толғайды. Әншілері 

тыңдаған  адамды  буын-буынына  түсіріп  тамылжыта  әндерін  шырқайды.  Мұның  бәрі  де  сол  өскен 

ортаға  деген  ыстық  махабатты,  үлкен  сағынышты  танытатын  жайлар.  Қай  ақынның  болмасын  туған 

жерге  арналған  шығармалары  жасөспірімдерді,  жастарды,  жалпы  адамзатты  патриоттық  сезімге 

тәрбиелейді.  



 Бұйрат белдер, шалқар көлдер көсілген

Қыраның ем түлеп ұшқан төсінен. 

Ұялар ем адам деуге өзімді 

Шықса бір сәт асыл бейнең есімнен

–  деп  жырлаған  көрнекті  қазақ  ақыны,  жыр  жүйрігі   Қайрат  Жұмағалиевтің  туған  еліне 

оралуында бір мән бар. Ол  өзінің  туған елін жырақта жүрсе де, бір сәт есінен шығарған емес.  Әрине, 

туған жер кім-кімге де ыстық қой! 

Ақын Қ.Жұмағалиев өзінің кіндігін кесіп, кірін шайған жеріне оқтын- оқтын оралып отырғанын 

отты  жырларынан  білеміз.  Әрине,  жақсы  адамға,  оның  үстіне  ақын адамға  барлық  жер  бірдей.  Ақын 

елін  ерекше  сүйеді.  Туған  жер  ұғымын  терең  сезіне  біледі.  Алайда,  балалық  шағын  қалдырған  жер- 

ақынның алтын сыры, ақ махаббаты. Әрбір гүлінде жүрегінің дірілі, әрбір бұлағында күлкісі мөлдіреп  

тұр.  Ақын  соның  бәрін  іштей  елжірей,  іштей  төгіле  отырып  іздейді.  Өз  құрбысын,  өз  өскен  ортасын  

аңсайды.  Ол  кіндік  қаны  тамған  туған  жерге  деген  шексіз  махаббатын  өлеңдері  арқылы,  өлеңдегі  әр 

түрлі  бейнелер  арқылы  жеткізген.  Бұл  қасиет  ақынның  әрі  өмірлік,  әрі  поэтикалық  ойлау  жүйесіне 

әбден  сіңіп  кеткен.  Ақынның  «Туған  жер  түлегі»,  «Қатқыл»,  «Отан  таңы»  ,  «Шапағат»,  



«Құдіретті  халқымның  бел  баласы»  ,  «Аялы  алақан»,  «Далама  ұқсаспын»,  «Соңғы  жапырақ», 

«Туған  жер  туралы  толғаныс»  ,  «Қызыл  керуен»,  «Туған  ел»,  «Қарағай»,  «Жүрек»,  «Көлеңке», 

«Құтты  өңір»    сынды  жырларынан  анық      сеземіз.    Бұл  жырларында  ақынның  туған  өлкесінің 

табиғаты,  өзені,  тауы,  жер  аттары,  ауыл  адамдарының  есімдері  жиі  кездесіп  отырады.  Солар  арқылы 

туған  аймақтың  бүкіл  тыныс-  тіршілігі  ғана  танылып  қоймайды,  лирикалық  қаһарманның  өзіне  етене 

таныс суреттерден оның соларға деген махаббаты аңғарылып тұрады.  

Ақынның  азаматтық  ұшқыр  ойының  диапазоны  қандай  кең  болса  ,  әрбір  ісіне,  әрбір  басқан 

қадамыда сондай  жіті, сергек. Өлең жолдарында басы артық сөз, басы артық шумақ жоқ. Оқушысына 

айтатын ойы терең, өлеңінің бояу, суреті барынша айшықты. Қ.Жұмағалиев классикалық өлең үлгісін 

кейінгі жылдар поэзиясында осылай шебер көрсетті немесе бұл сүйіспеншілік келесі жырлардан да өз 

үндестігін тапқандай. 

«Ақынның  ойлары  терең,  көзі  қиядан  көргіш,  қиялы  ұшқыр  да  тілі  орамды.  Аспаныңа  бұлт 

үйірілмей, аңызағы жалын тіліндей жалақтап тұрған, «бұрқасындарға беріспей жер тістеп» көкпектен бөтен 

көзге щалынар тұлдыры жоқ мижазық далада да ғажайып сүйкімділік бар боп шығады. Туған жер ғой ол. 

Жайық  өңіріндегі  «Қатқыл»  деп  аталатын  кең  жазықты  сол  аттас  өлеңінде  суреттей  отырып  ақын 

оқушыларына    осындай  ой  салады.  «Жазғы  дала»  лирикасында  да    жер-  ананың  жайлы  да  дәулетті, 

салтанатты бір шағын бейнелейтін сиқырлы жолдар бар. Сол сияқты, «Айжарық терегі», «Қайтқан қаз» 

өлеңдері туған табиғаттың айшықты суретін салып, сырын шертеді. Оған әрқашан мейіріміңді аямай төгіп, 



 

бар жаныңмен қорғауға үндейді.» - деп  филология ғылымдарының кандидаты С.Әсіпов сонау сексенінші 



жылдары баға беріп кетсе керек. [1,4 ] 

Сонымен  қатар,  ақын  шығармашылығын  талдау  барысында    көрнекті  ақын,  Қазақ  ССР 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Ғафу Қайырбеков мынадай пікір айтады: 

«Қайрат  негізінен  лирик  ақын.  Өзге ақындардан мұның  айтар  жыры,  арман-  қиялы  бөлек  емес. 

Бірақ  мұның  бақыттырақ  жағдайы  –  күн  сайын  оқып-үйреніп,  естіп  көріп  отыратын  сыншылары  мен 

ақылшылары қасында. Ол әдеби ортада өмір сүріп келеді. Оның үстіне баспада күнделікті қызметінің 

өзі  өлең  қарау,  өлең  болғанда  да,  дүние  халықтарының  поэзиясын  қазақша  аудару  қызметі.  Әрі  өзі 

аударып,  әрі  аударғандарды  қарап,  әрі  сан  түрлі  түпнұсқадан  оқып,  өлеңнің  не  бір  қадірлісіне  күн 

сайын  жолығып  отырған  ақын.  Бұл  оның  үйрену,  өсу,  іздену  дәуренінде  таптырмайтын  жағдай. 

Сондықтан  оның  өлеңдері    барлық  қасиет  жағынан,  мәдениет  жағынан  көп  биікте  тұруы  керек.  Бір 

жазса да бірегей жазуға, өзіне- өзі сын көзімен қарауға қоршаған төңірегі бірден- бір қолайлы- ақ» [2, 

110-112.]   

   Қайрат  ақынның  өлең  өлкесіне  енгенде  шабытының  шарқайрағына  айналған  ана 

тақырыбындағы  жырларын  бейжай  оқу  әсте  мүмкін  емес.  Ананы  құрметтеуде  Қайрат  Жұмағалиев 

ағамыздан үйренеріміз көп-ақ. Жалпы, поэзиядағы ана тақырыбының ең басты себепкері ананың балаға 

деген,  баланың  анаға  деген  ең  құрметті  сезімдері  мен  махаббаты.  Ақын  ағамыздың  анасы  – 



Жаңылғаным Өкенқызы болса керек. 

Жалпы  қай  ақынның  шығармашылығына  үңілсек  дәл  осы  ана  тақырыбы  көзге  оттай  басылып, 

жүрекке жылы ұшырайды. Бірақ, Қайрат ақын тәрізді жүректі шымырлата жырлағандар жоқтың қасы. 

Сонымен  қатар  ақын  өзінің  тұңғыш  туындысы,  яғни    1964  жылы  Қазақтың  Мемлекеттік  Көркем 

әдебиет  баспасынан  шыққан  «Тұңғыш  кітап»  атты  өлеңдер  жинағын    аяулы  анасы  –  Жаңылғаным 

Өкенқызына арнайды. 

Қазақ даласын “Анасы бар адамдар ешқашан  қартаймайды” деген жыр жолдары бар  әсем  әуен  

шарлап кеткелі қашан. Содан бері белгілі сазгер Марат Омаров пен туындыны алғаш орындаған әнші 

Нұрлан  Өнербаевтың  өнер  әлеміндегі  жұлдызды  сәттері  туды.  Әнді  тіпті  жиын-тойларда  кез  келген 

адамның  бәрі  де  айтатын  болды.  Сөйтіп,  туынды  халқымыздың  сүйіп  тыңдайтын,  тыңдағаныңыз  не, 

қосыла  шырқайтын  ең  әсерлі  әндердің  біріне  айналды.  Иә,  ана  деген  құдіретті  жанды  аялап, 

әлпештеуде әннің орны бөлек екені анық десек, бұл жырдың авторы ақын Қайрат Жұмағалиев еді. Бұл 

өлең анаға деген сүйіспеншіліктің символына айналғалы қай заман... Сонымен қатар  ақынның анасына 

арнайы арнаған «Әлпештейміз аялап», «Жүректес», «Абзал аналар», «Інжу- маржан», «Аналардың 



ақ  батасы»,  «Аға  назы»,  «Күту»,  «Ақ  тілеу»,  «Арман»,  «Ана  ғибраты»,  «Әже  әзілі»,  «Есен-  сау 

жүрсін  аналар»,  «Біздің  үйдің  шырағы»,  «Күдер  үзбен»,  «Ана  бақыты»,  «Шуақ  күз,  «Бала  сыры» 

және тағы да басқа жыр шумақтары бар. Сонымен қатар аналар жайлы «Құрақ көрпе», «Бір ауылдың 



анасы» атты балладалары бар.   

Ақын  сапарға  шықса  да,  күнделікті  қызметіне  барса  да,  тіптен  анасының  жанынан    сәл  ғана 

алыстаса,  сол  мезгіл  жанына  жетуге  асығады.  Өйткені  аналардың  өмірі,  өзінің  өмір  дерегі  бойынша 

айтсақ  тек  күтуменен  өтті  деп  білеміз.  Әркез  жақсылықты,  шуақты  күндерді,    жалғыз  перзентінің 

ержеткенін,  қызығын,  одан  қала  берсе  әжелік  бақыттың  бұйыруын  күтеді.  Сондай  қиын-  қыстау 

күндерде  алдан  тек  үміт  күтіп,  осы  күнге  үлкен  сеніммен  жеткен  аналардың  төзімін  одан  әрмен 

тауысқысы  келмей,  сүйініші  әркез  көз  алдынан  табылғанын  ақын  да  қаласа  керек.  «Арман»  атты 

жырында ақын мынадай бір тілегін білдіреді: 



Перзент сүйген әрбір Ана 

Сол мезет 

Дәл он жасқа жасаратын болсашы! [3, 150] 

Ақынның арманы тым биік. Бірақ, қай анаға да бұл тілек орынды болары сөзсіз.   

Ақын  қай кезде де қолы бір нәрсеге жетіп жатса ол тек аяулы анасының арқасы деп біледі. Бір 

сәтке  де  ана  сезіміне  селкеу  түсірмеуге  тырысып  бағады.   Перзенті  үшін  тағдырдың  небір  сұмдығын 

көрген асыл аналарды ардақтап, жыр жазуға  әсте жалықпаған  Қайрат ақын келесі бір шумақтарын да 

әдемі толғатқан.  



Анашым! 

Сен деп өстім, 

Жалын аттым. 

Шабыттың қанатында жанып ақтым. 

Сен барда –  

Білем аласармайтынын 

Атадан мирас қалған шаңырақтың. [4, 31] 

Бұл  жолдардан  көп  сырды  аңғаруға  болады.  Әкеден  жастай  айырылған  ақын  ұлы  шаңырақтың 

мәңгілік  биік  болуы  да  осы  Анасының  арқасы  екенін  білдіреді.  Ана  жайында  жазылған  жауһар  ән- 


 

жырлардың  қазынасына  қадау-  қадау  үлес  қосқан  Қайрат  ағамыз  әлі  де  талай  жырды  дүниеге  алып 



келеріне кәміл сенеміз!  

Қорыта  айтқанда  ақын  Қайрат  Жұмағалиев  қаламынан  туған  жырлар  –  ұлттың    поэзиямызға 

қосылған қосылған асыл қазыналардың  көмбесі деп білеміз. Ақын өзіне тән әлемінде еңбектенді, және 

әлі  де  тың  идеялармен  еңбектенуде.  Ендігі    жерде    ақынның    “сыр    сандығын”  ақтарып    өсу  мен  

өркендеудің    ұлағатты    үрдісіне  сай  пайдалану  міндеті  біздің  еншімізге  тиіп  отыр.  Қайрат  ақын  

шығармашылығына  біршама  баға    берілді    десек  те    әлі    жеткіліксіз.  Алдымызда    тұлған  тану,  ақын 



әлемін арнайы зерттеу мақсаты тұр.  

 

 

 

Әдебиеттер 

 

1.  С.Әсіпов , ф., ғ., к., Орал өңірі 21/қазан – 80 жыл. 

2.  Көңілімнің сарасы 

3.  Ғ.Қайырбеков  Бір кеменің үстінде 

4.  Қайрат Жұмағалиев – Күншуақ . «Елорда» Астана- 2001//236 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал