№1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы



жүктеу 47.46 Kb.

Дата08.01.2017
өлшемі47.46 Kb.

395

№ 1 (74) 2010

Р.т. саДыҚова

мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел  ҒаббасовтыҢ  

Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы

XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  тарих  сахнасына  елін  бодандықтан  босатуды 

әрі мәдениетті халықтардың қатарына қосуды өзіне парыз санаған азаматтардың елеулі 

шоғыры шықты. 

сондай тұлғалардың қатарында кейін даңқты жазушы болған мұхтар омарханұлы 

Әуезов пен сол кезеңнің ірі қайраткері Халел Ахмеджанұлы Ғаббасов та бар еді. 

кешегі семинария түлегі, ізденгіш жас қаламгер мұхтар мен мәскеу университетінің 

түлегі, танымал саясаткер Халелдің арасындағы рухани әріптестік байланыс елім деген 

ерлерге көшбасшы болған басылымдардан бастау алады.  

Бұл  басылымдар  –  қалыптасқан  тарихи  межемен  айтқанда,  қазан  төңкерісінің 

алдында және одан кейін қазақ зиялылары шығарған газет-журналдар. 

мұхтар  Әуезов  сол  басылымдардың  бірі  туралы  ой  қозғап,  жетелі  зерттеулерге 

жетекші болар пікір айтса, енді біріне өзі араласып, ұлттық ойды өрге сүйрер нысаналы 

мақалалар жазған [1, 89]. 

Ал,  Халел  Ғаббасов  1917-1918  жылдары  «сарыарқа»  газетін  аяғынан  тұрғызып, 

басылымның  бұқаралық  сипат  алуына  атсалысады.    «мемлекет  күйі»,  «Алаш 

автономиясы» атты талдау мақаларында сол шақтағы күрделі саясаттың барысын, ұлттық 

мүдде мен елдің болашағын жүйелі сараптайды. 

«ХХ  ғасырдағы  ең  үздік  шығармалардың  бірін  дүниеге  әкелген»  [2],  «қазақтың 

жарты ғасырлық тарихын жазған» [3] м.Әуезовтің шығармалары - рухани қазынамызға 

айналған  қуат  көзі.  Дана  Абай  үш  қайнар  бұлақтан  сусындады,  Шығыс  және  Батыс 

әдебиетінен  нәр  алды  дейміз,  Әуезов  болса  Абай  сусындаған  бұлақтан  қанып  ішіп 

ұлылықтың үлгісін бойына жиған көрнекті дәстүрден ғибрат алды. 

Тәуелсіздік ойын оятқан асыл тұлға саналатын Халел Ғаббасов - Алаш қозғалысының 

көрнекті  қайраткері,  танымал  саясаткер,  публицист,  қиындықтан  жол  тапқан,  оспадар 

саясаттан тайсалмаған азамат.

Қазақстанның  еркіндігі  мен  тәуелсіздігігі  үшін  күрескен  азаматтарды  ерекше 

қадірлей білу, еңбектерінен тағылым алу – кез-келген қазақ азаматының парызы. елшіл 

Халел Ғаббасовты тану – Алаш қозғалысын тану, тарихтың біршама «ақтаңдағын» ашу.

1917-1919  жылдары  жарық  көріп  тұрған  «сарыарқа»  газеті  Халел  Ғаббасовты 

мынадай мінездеме арқылы халыққа таныстырған: «Халел - студент күнінде-ақ ұлтшыл, 

жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен 

көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы»  /«сарыарқа» газеті, 1917 жыл/.  

Ұлттық  басылым деңгейіне  көтерілген  «сарыарқа»  газеті  1917  жылдың  маусымы 

мен  1919  жылдың  ортасына  дейін  шығып  тұрды.  Бұл  басылым  Алашорда  үкіметінің 

шешімдері мен қоғамдағы саяси өзгерістер туралы жұртшылықты хабарлап отырды. 

«сарыарқа» газеті - қазақ оқығандарын өз маңына топтастырған сол кездегі халықтың 

мұңын,  қоғамның  саяси-мәдени  өміріндегі  өзекті  мәселелерді  өткір  жазған  басылым 

болды. 

семинария  шәкірті  мұхтар  Әуезов  «сарыарқа»  бетінде  «Адамдық  негізі  -  әйел», 



«Қайсысын  қолданамыз»,  «оқудағы  құрбыларыма»  атты  мақалалар  жариялап,  үлкен 

әлеуметтік  мәселелер  көтеріп,  қаламын  шыңдап,  қоғамдық  пікірдің  жуан  ортасында 

жүрді.


396

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

осы  жазушы  туралы  баспасөзде  жарияланған  еңбектің  алғашқыларының  бірі  де 

«сарыарқа» газетінде басылды. «игілікті іс» деп аталатын мақалада ойқұдықта «еңлік-

кебек» пьесасының қойылып, оны м.Әуезовтің ұйымдастырғаны айтылған. 

«Абай» журналы мен «сарыарқа» газеті м.Әуезовтің жалынды публицист ретінде 

қалыптасып-өсуіне, сонымен бірге айналасындағы болып жатқан оқиғалар мен тылсым 

дүниелерді түйсініп, түйін айтуына, сөйтіп ұлт-азаттық ой-танымының дамуына кеңінен 

жол ашты [1,97].

мұхтар Әуезовтің 1917-1919 жылдар аралығында жазған мақалаларының көпшілігі 

Алаш саяси партиясы мен Алаш орда үкіметінің қызметін түсіндіруге, ұлт көсемдерінің 

белсенді істерін баяндауға, уағыздауға арналған.       

Қаламгердің  кеңес  өкіметі  тұсындағы  қоғамдық-әлеуметтік,  саяси  қызметін 

құжаттық деректер арқылы бірізге түсіруге мүмкіндік бар. Ал, оның күрделі кезеңдегі 

қайраткерлігін байыптау мәселесінде бүкпесіз шындыққа жеткізетін бірден-бір дәлел – 

мұрағаттық құжаттар екендігінде дау жоқ.  м.Әуезовтің алғашқы қызметтері жөніндегі 

мағлұматқа сол мұрағаттық деректер негізінде қанық болдық. 

семей қаласындағы құжатнама орталығындағы құжаттарға сүйенсек, кеңес өкіметі 

орнаған  алғашқы  айда  м.Әуезов  те  қоғамдық  қызметке  кіргенін  аңғарамыз.  мұхтар 

Әуезов 1919 жылдың 23 желтоқсанынан бастап губерниялық төңкеріс комитеті жалпы 

бөлімшесінің бұратана бөлімін басқарады [4,3]. мұрағатта оның өз қолымен толтырған 

анкеталары сақталған.  

семей  мұрағатында  м.Әуезовтің  қоғамдық  қызметіне  байланысты  үш  жеке  іс 

қағазының тігіндісі бар, оның екеуі - губревком және губаткомдағы қызметіне, ал біреуі - 

губерниялық халық соты кеңесіндегі (совнарсуд) қызметіне қатысты құжаттар.  

Халел  Ғаббасовтың  да  қоғамдық-саяси  қызметінің  айрықша  кезеңі        1917-1920 

жылдарға сәйкес келеді. Бұл, әрине, заңды құбылыс еді. Өйткені сол шақта саяси оқиғалар 

толқыны оны пікірлес серіктерімен бірге саясат майданына алып шықты. Бұл уақытта 

оның  азаматтық  болмысы  қалыптасып,  қайраткер  тұлға  ретінде  таныла  бастады.  ол 

семейдегі қазақ зиялыларының үркердей тобындағы серкелердің бірі ғана емес, Алаш 

қозғалысы жетекшілерінің сенімді серігіне, үмітті ізбасарына айналды.

мұрағат  құжаттарына  сүйенсек,  мұхтар  Әуезов  пен  Халел  Ғаббасов  қоғамдық 

қызметтерге бірлесе отырып араласқан. мәселен, олардың атын 1918 жылы Алаш атты 

әскер полкын құрып жасақтаудағы ұйымдастырушылардың қатарынан көреміз. мұрағат 

қорынан алынған құжатқа назар аударайық (орыс тіліндегі құжат сол күйінде өзгерісіз 

беріліп отыр):

«из списка оРганизатоРов алаШского конного паРтизанского 

полка, уЧастников оРганизаЦии пРотив советвласти в 1918 г. 

пРавительства  востоЧноЙ алаШ-оРДы

1. Дюсембаев садык – Дюсембин сыздык

2. Букейханов Алихан

3. габбасов халил

4. Акаев серикпай

5. укубаев каражан

6. Тастамбеков

7. ибрагимов Турагул (он же Абаев)

8. ауэзов мухтар» [5,8].   


397

№ 1 (74) 2010

Алаш  орда  үкіметіндегі  қызметімен  бірге  Халел  Ғаббасов  қайта  жұмыс  істей 

бастаған семей облыстық земство басқармасында да белсенді араласты. сонда басқарма 

төрағасы болды.  

Дерек көздеріне қарағанда, р.мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ә.сәтбаевтар земствоны қазақ 

халқының  мүддесіне  сай  жұмыс  істетті.  мәселен,  1918-1919  оқу  жылының  ІІ  жарты 

жылдығы  үшін  земство  стипендиясын  бөлу  туралы  құжатқа  «қажетті  бөлінсін»  деген 

қарарға (резолюция) Х.Ғаббасов қол қойған. Бұл құжатқа назар аударғанда, стипендия 

алатын студенттер мен оқушылардың басым бөлігі қазақ жастары екенін байқадық. 

сонымен бірге жер мәселесінің өте күрделілігіне байланысты земство жанынан Жер 

комитеті (Х.Ғаббасов 1918 жылдың шілде – 1919 жылдың желтоқсан аралығында төраға 

болған), кейін Жер мәселесі бойынша кеңес құрылады. облыстық Жер кеңесінің төрағасы 

болып р.мәрсеков сайланады. Жер дауы бойынша арызданған азаматтардың мәселелерін 

аталған  комитет  пен  кеңес  реттеп  отырған.  мысалы,  1919  жылы  9  мамырдағы  кеңес 

отырысында  Белағаш  өңірінің  қазақтарын  қазыналық  жерден  көшіруге  орай  оларды 

күзге дейін көшіруді тоқтата тұруын сұраған өтінішін қанағаттандырып, ал қазақтарды 

көшірген жағдайда оларды міндетті түрде жермен қамтамасыз ету қажет деген шешім 

шығарған. сондай-ақ, Х.Ғаббасов қазақ соттарын ашудың тиімділігін және қазақ халқы 

үшін аса қажеттілігін уақытша сібір үкіметіне де, колчак үкіметіне де үнемі дәлелдеп 

жазып, оны ашудың барлық амалын қарастырған.

мұхтар  Әуезов  те  1920  жылдың  30  желтоқсанындағы  губатком  жиынында  заң 

бөлімінің ұсынысы бойынша Халық соты кеңесіне мүше болып тағайындалады. 

Халел  Ғаббасовтың  сол  тарихи  кезеңде  атқарған  қызметінің    ауқымына  назар 

аударсақ    /әрине,  бәрін  бір  мақалада  айта  алмаспыз/,  оның  езілген  елі  үшін  «нардың 

жүгін» көтерген азаматтығын көреміз. 

Халел Ғаббасов – танымал саясаткер, публицист ғана емес, ел мәдениетінің дамуына 

үлес қосқан мәдениет қайраткері де болған.  

1924 жылы 29 желтоқсанда Луначарский атындағы клубта  география қоғамының 

ұйымдастыруымен дарынды қазақ ақыны Абайды еске алу кеші өткізіліп, онда Халел 

Ғаббасов пен мұхтар Әуезов қазақ тілінде баяндама жасайды.

м.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны жайлы баяндама жасаса, Х.Ғаббасов 

«Абайдың өмірбаяны» деген тақырыпта баяндама оқыған.  

сөзіміз дәлелді болу үшін мұрағат қорынан алынған орыс географиялық қоғамының 

семей бөлімшесінің 1924-1925 жыл І жартыжылдығының есебімен танысайық: 

«...  в  декабре  месяца  отдел  провел  юбилей  выдающегося  поэта,  уроженца 

семипалатинского уезда и губернии ибрагима /Абая/ кунанбаева. По поводу 20-летия со 

дня его смерти, отделом было устроено торжественное заседание, посвященное Абаю, с 

прочтением докладов. степной певец – киргиз исполнил несколько песен-стихотворении 

Абая и частью его напевами, так как Абай был не только поэт, но и композитор. отделом 

был устроен вечер на киргизском языке в честь Абая, на котором члены отдела, киргизы 

Х.А.Габбасов  и  м.о.Ауэзов  сделали  на  киргизском  языке  доклады  о  поэте.  в  виду 

увековечивания памяти кунанбаева отдел постановил следующее: 

1) Переиздать напечатанные произведения Абая, включив в этот сборник неизданные 

до сих пор статьи кунанбаева  в прозе (афоризмы, педагогические и философские статьи, 

характеристика современного Абая, общество и думы Абая – его личное переживания).

2) издать сборник статей о кунанбаеве.

3)  Просить  местхоз  о  переименовании  солдатской  улицы,  в  улицу  имени  Абая 

кунанбаева» [6]. 



398

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Бұл  деректерден  шығатын  қорытынды,  ұлт  үшін  аса  жауапты  кезеңде  Алаш 

қайраткерлері  елге  қажетті  рухани,  саяси  мәселелерді  тізе  біріктіріп  отырып  шешкен. 

соның ішінде Х.Ғаббасов пен м.Әуезовтің 20-жылдары-ақ дара Абай шығармашылығын 

зерделеу мен жинақтауды қолға алуы – атап өтерліктей факт.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  м.Әуезов  және  әлемдік  әдебиет.  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдары. -Алматы, 2007. -267 б.

2.  Луи Арагон сөзі // жинақта: Әуезов әлемі.  А-лматы, 1997. -294 б.

3.  Біздің мұхтар (м.Әуезов туралы естеліктер). -Алматы, 1976. -320 б.

4.  Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы, 72-қор, 2-тізбе, 8-іс.                 

5.  Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы, 1-қор, 1-тізбе, 21-іс.                 

6.  Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы, 415-қор, 1-тізбе, 32-

іс.     

            

             

редакцияға 3.11.2009 қабылданды.



б.м. таЙпакова

состояние и пеРспективы Развития военно-техниЧеского 

сотРуДниЧества Республики казахстан  в контексте 

обеспеЧения РегиональноЙ безопасности

Article is devoted questions of maintenance of regional security of Kazakhstan Republic, 

in particular military-technical cooperation of Kazakhstan in frameworks of some integration 

organizations. There are considered substantive provisions of Kazakhstan Republic Military 

doctrine concerning military-technical cooperation and directions of coalition military building.

в истории мировой цивилизации региональная военная безопасность обеспечивалась 

и  обеспечивается  за  счет  объединяющей  тенденции  от  возможной  угрозы.  На 

сегодняшний день в качестве основных проблем выступает вопрос организации борьбы с 

международным терроризмом и религиозным экстремизмом, распространением оружия 

массового уничтожения, незаконным оборотом оружия и наркотиков и т.д.

к  объективно  необходимым  и  важным  принципам,  с  точки  зрения  успешного 

функционирования системы коллективной безопасности, следует отнести приверженность 

к интеграции в обеспечении безопасности.

в  целях  предотвращения  военных  конфликтов  казахстан  участвует  в  следующих 

региональных  интеграционных  объединениях  по  обеспечению  безопасности: 

организация Договора о коллективной безопасности (оДкБ), организация безопасности 

стран  европы  (оБсе),  совещание  по  взаимодействию  и  мерам  доверия  в  Азии 

(свмДА),  Шанхайская  организация  сотрудничества  (Шос),  а  также  в  организации 

североатлантического договора (в рамках индивидуального плана действий партнерства 

и программы "Партнерство во имя мира").

в  новой  геостратегической  ситуации  региональная  безопасность  государств 

неделима.  Это  требует  реализации  в  рамках  системы  коллективной  безопасности 

принципа: агрессия против одного государства-участника рассматривается как агрессия 

против всех.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал