№1 (6930) Бейсенбі, 1 қаңтар, 2015 жыл



жүктеу 462.62 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі462.62 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№1 (6930)  Бейсенбі, 1 қаңтар, 2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

+1

-2



Дүйсенбі, 5.01.2015

-1

-2



Сейсенбі, 6.01.2015

-19


-18

Сәрсенбі, 7.01.2015

-15

-25


Бейсенбі, 8.01.2015

-10


-23

Жұма, 9.01.2015

-3

-10


Сенбі, 10.01.2015

0

-1



Жексенбі, 11.01.2015

Жаңа жылыңызбен, жамағат!

Елбасы Құттықтауы 

табысталды

Аудан  әкімі  Н.С.Рахымжанов  Сайқын  ауылындағы  соғыс  ар-

дагері  Камал  Нарболовтың  үйіне  арнайы  барып,  ҚР  Президенті 

Н.Назарбаевтың Құттықтау хаты мен Жаңа жылдық сыйлығын табыс 

етті.  Ардагердің  атына  жазылған  осынау  Құттықтау  хатта:  «Сіздің 

замандастарыңыздың  соғыстағы  ерліктері  мен  бейбіт  жылдардағы 

еңбектері,  сондай-ақ,  ел  Тәуелсіздігін  нығайтуға  қосқан  үлесі  шын 

мәнінде елге –  мұра, ұрпаққа – өнеге. Қазақстандықтар мұны әрдайым 

қастерлейді, Сіздерге шынайы ізет-құрмет пен жан-жақты қамқорлық 

көрсетуден  аянбайды.  Алдағы  Ұлы  Жеңіс  мерейтойын  есендікте 

көруге жазсын. Сізге зор денсаулық пен қажымас қажыр-қайрат, ұзақ 

та бақытты ғұмыр, әулетіңізге амандық пен игіліктер тілеймін!» делін-

ген. 


Ардагер  Елбасымыз  бен  өзін  құттықтай  келгендерге  шынайы 

ризашылығын білдіріп, ұрпақтың амандығын, заманның тыныштығын 

тіледі.

А.ХАМЗИН.

Жаңа жыл қарсаңында ауданымыздың 

«Құрметті  азаматтары»  қатары  жаңа 

есімдермен  толықты.  Аудан  әкімі 

Н.С.Рахымжановтың бұл жөніндегі ұсын-

басы  аудандық  мәслихат  депутаттары 

тарапынан  қолдау  тапқанын  газетіміздің 

өткен  жылғы  соңғы  санында  (27 

желтоқсан, №52) жазған болатынбыз.

30 желтоқсан күні Жаңа жыл құрметіне 

арнап  ардагерлерге  дастархан  жайған 

аудан  әкімі  жиналғандарды  құттықтап, 

Жылқы  жылының  қорытындысымен 

қысқаша  таныстыра  келе,  еңбек  арда-

герлері  Жаңбырбай  Камалов,  Елдос 

Кенжеғалиев,  Зейнеп  Әбдірахманова, 

Әбухан  Исалиевтердің  иығына  «Бөкей 

Ордасы  ауданының  құрметті  азаматы» 

деп  жазылған  лентаны  тағып,  арнайы 

төсбелгі мен куәлік табыстады.

Ел  құрметіне  бөленген  аға  буын 

өкілдерінің 

абырой-атағы 

кейінгі 


толқынға да жұғысты болғай.

Астана  қаласындағы  Тәуел-

сіздік  сарайында  өткен  бизнестің 

әлеуметтік 

жауапкершілігі 

жөніндегі 

байқауда 

кәсіпкер 

жерлесіміз  Бибігүл  Жұмағұлова 

орта  және  шағын  кәсіпкерлік 

саласындағы  «Үздік  әлеуметтік 

жауапты  кәсіпорын»  аталымы 

бойынша  «Парыз»  сыйлығын  ие-

леніп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Тұңғыш 

Президентіміз 



Н.Ә.Назарбаев 

пен 


Сенат, 

Мәжіліс  депутаттары,  облыс  бас-

шылары, барлығы 3 мыңдай адам 

қатысып,  «Қазақстанның  үздік 

тауары»  көрме-конкурсында  ірі 

«Үздік  ұжымдық  шарт»,  «Үздік 

әлеуметтік  жауапты  кәсіпорын», 

«Еңбекті  қорғау  саласындағы 

үздік  кәсіпорын»,  «Экологияға 

қосқан  үлесі  үшін»  аталымдары 

бойынша марапатқа ие болғандар 

қатарында бөкейліктердің де жүруі 

біз үшін зор мақтаныш. 

–  Осы  кәсіпкерлікпен  айналы-

сып  келе  жатқаныма  20  жылдай 

уақыт  өтті.  «Парыз»  сыйлығына 

ұсынылғанымды  хабарлап:  «Сіз 

жеңімпаз  болдыңыз»,-деп  теле-

фонограмма  келгенде  еңбектің 

өтеуін 


сезінгендей, 

терең 


толғанысты  бастан  кешкенімді 

жасырмаймын. 

Мен 

мұндай 


құрметке  кейбір  жерлестерімді 

жұмысқа  тартып,  қайырымдылық 

істерге  ұйытқы  болғаным  үшін, 

сонымен 


қатар, 

әлеуметтік 

төлемдердің  жоғарлығымен  ие 

болған сыңайлымын. Әрине, «Па-

рыз»  сыйлығын  жеңіп  алғаныма 

астаналық 

жерлестеріміз 

де 


өзімнен бетер қуанып жатыр. Об-

лыстан осынау алқалы жиынға 19 

делегат қатысып, жалғыз өзім ғана 

жеңімпаз  болғанымды  қалайша 

мақтан  етпеймін,  -  дейді  Бибігүл 

Мұқасқызы  әңгіме  арасында 

қуанышын жасыра алмай.

Айта  кетелік,  қайырымдылық 

шараларына 

бастамашылық 

етіп  жүрген  кәсіпкер  Жаңа  жыл 

қарсаңында бүлдіршіндерді өзінің 

сый-сыяпатымен  қуантуды  бұл 

жолы да ұмыт қалдырмады.



Гүлнар ҚАДЫРОВА.

2015  жыл  –  ТМД  елдерін-

де  «Ардагерлер  жылы» 

деп  белгіленген,  Ұлы  Отан 

соғысындағы  Жеңістің  70 

жылдығы тойланатын жыл. 

Майдангерлерді  алғашқы 

болып  құттықтаған  біздің 

Елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы  еліміздегі  әр  ар-

дагерге  жылы  лебіз  арнап, 

сый-сияпат жіберді. 

Бәрекелді!..

Бибігүл

«Парыз» сыйлығын иеленді

Аудан әкімінің Жаңа жылдық құттықтауы

Адам – еңбегімен көрікті

Ел құрметіне бөленгендер



Құрметті бөкейліктер!

Жаңа  жыл  қашанда  әр  адамның  жүрегіне  жаңа  үміттер  мен  армандар 

ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мереке. Барша адам-

зат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, 

болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, күнтізбеде 2015-тің бетін айқара ашты. 

Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасам-

паз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміздің жеткен жетістіктері мен 

толағай табыстары тек береке мен бірліктің арқасында екені баршаға 

аян.  Өсіп-өркендеу  жолына  түскен    Қазақстан  қарыштап  алға  басты. 

Біз осынау бүкілхалықтық мереке үстінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының арқасында 

қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін оның ішінде біздің қасиетті ауда-

нымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге 

асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.

Ардақты ағайын!

2015  жылда  өмірімізді  мәнді  оқиғаларға,  татулық  пен 

жасампаздыққа  толтырсын!  Ортақ  шаңырағымыздың  жарқын 

келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт 

өмір,  тыныштық,  мол  жақсылық  тілеймін.  Жаңа  жыл  үлкен 

үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!

Игі тілекпен, Нұрлан Рахымжанов.

1 қаңтар 2015 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Зымыраған заман-ай десейші!.. Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы тойланар жылға 

аяқ бастық. Қанша уақыт өтсе де, сол 

қаһарлы кезеңдегі халық бірлігі, ердің 

ерлігі  ұмытылмауы  тиіс.  Бұл  бағытта 

біздің  Бисен  ауылдық  округінде  де 

түрлі  шаралар  қолға  алынып,  жүзеге 

асырылып  жатыр.  Мәдениет,  білім 

ошақтарымен  қатар  жалпы  көпшілік 

іске белсене араласуда.

Округ  орталығында  3  саябақ  бар. 

Ауылдың  нақ  ортасындағы  Бисен 

Жәнекешев  атындағы  бақта  ақын-

комиссарға  бюст,  Ұлы  Отан  соғысы 

боздақтарына  ескерткіш  тақта  (обе-

лиск) 


орнатылған. 

Патриоттық 

шаралардың  дені  осында  оздырыла-

ды.


Жасыратыны  жоқ,  еліміз  егемен-

дік  алғалы  ауылымыз  да  ажарлана 

түсті.  Тұрғындардың  табиғи  газге 

қолы  жетті.  2014  жылы  округімізде-

гі  2  орта  (Б.Жәнекешев,  Т.Масин 

атындағы)  мектеп  күрделі  жөндеуден 

өтті. 

«Ақбұлақ» 



бағдарламасы 

бойынша  әр  үйге  су  құбыры  тартыл-

ды.  Жаңалықтардың  бәрі  баспасөз 

беттеріне  басылып,  теледидардан 

берілуде.  Бірқатар  үйлер  интернет 

желісіне қосылған. Оны айтасыз, мал-

шылар  қонысында  «Отау-ТВ».  Енді 

қатқыл  табанды  жолдар  салынса,  70 

шақырымдық  аудан  орталығына  да, 

600  шақырым  облыс  орталығына  да 

қатынас  жақсарар еді. Ел аман, жұрт 

тыныш  болса,  таяу  арада  бұлардың 

да орындаларына сенеміз. Тек Бұхар 

бабамыз  айтқандай  бұл  жылда  да 

«Жақсы бір тілек тілеңіз» қазақ деген 

Құдайға  қараған  халықтың  мәртебесі 

биіктей беруі үшін. 

Қалмияр СЕЙСЕНҒАЛИЕВ,

Ұлы Отан соғысының ардагері.

* * *


Қазақстанның қай түпкірін де «Менің 

елім» дейтіндердің бірі – өзім. Сондықтан 

да дәрігерлік диплом қолыма тиіп, жол-

дамамен  Бөкей  Ордасы  ауданына  жі-

бергенде де, ойланбастан осында тар-

тып кеткенмін. Осылайша, Ақ Жайықтың 

бойында  туып  өскенмен,  Еділ  өзені 

мен  Нарын  құмының  ортасындағы 

Сайқын  ауылынан  бір-ақ  шықтым. 

«Тұңғыштардың  Отаны»  атанған  киелі 

өлке  тұрғындарына  дәрігерлік  қызмет 

көрсетуге  кіріскеніме  де  жылдан  асты. 

Қазір аудандық ауруханада терапевпін.

2014  –  жылқы  жылы  мен  үшін  та-

бысты  жылдардың  бірі  болды.  Осы 

қасиетті  мекеннен  өмірлік  серігімді 

тауып,  бабажановтық  педагог  Ай-

самал  Арыстанқызымен  шаңырақ 

көтердім. «Бас екеу болмай, мал екеу 

болмайды»  деген  рас-ау.  Алғашында 

аурухананың  бос  бөлмесінде,  кейін 

пәтер  жалдап  тұрған  маған  аурухана 

әкімшілігі басқа жаққа қоныс аударған 

әріптесімнен қалған қызметтік пәтердің 

кілтін ұстатты. Осылайша, баспаналы 

болдық. Мұның бәрі елімізде жастарға 

жасалып жатқан қамқорлықтың, «Дип-

ломмен – ауылға» бағдарламасының, 

бір  сөзбен  айтқанда,  Елбасымыздың 

ұстанған саясатының арқасы ғой.

Жаңа  жыл  барша  бөкейліктерге 

зор  денсаулық  сыйласын,  жас 

отбасылардың 

шаңырағынан 

іңгәлаған  сәби  үнін  естиік.  Қысқасы, 

Қазақстан «Нұрлы жолмен» жүре оты-

рып, Мәңгілік елге айналсын.

Анарбек БЕЛИСАНОВ, 

аудандық аурухана дәрігері.

2015  –  адамзатты  қанқұйлы 

фашизмнің құлдығынан құтқарған Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығы.  Ол  –  елдіктің 

асқан үлгісі болған ерен ерліктің ұлы 

тойы.  Ел  тағдыры  сынға  түскен  сол 

бір  отты  жылдарда  ержүректік  пен 

отансүйгіштіктің,  қаһармандық  пен 

бауырластықтың  арқасында  келген 

бұл  Жеңіске  майдандағылардың  ті-

леуін  тілеп,  бар  тапқан-таянғанын 

соларға  арнаған  тылдағы  қарттар 

мен  әйелдердің  үлесі  де  орасан. 

Өкініштісі,  олардың  да  көпшілігі 

өмірден  өтіп,  есімдері  ұмытыла  бас-

тады.


«Ескі көздер бара жатыр азайып,

Олар жайлы ойламаудың өзі айып.

Ей,  тірілер!  Соларды  бір  еске 

алып,


Тебіренейік, толғанайық, жазайық!

Кетті  олар,  келмеске  енді  жол 

алды,

Қажымайтын 



солдаты 

еді 


қоғамның.

Қасиетін паш етейік олардың,

Қателігін  кешірейік  олардың...»-

деп  Мұқағали  жырға  қосқандай,  сын 

сағатта  сыр  алдырмай,  өмір  мен 

өлім  беттескен  сәтте  де  жол  тауып, 

жөн  көрсеткен  аға  буын  өкілдеріне 

бүгінгі  ұрпақ  қарыздар.  Төмендегі 

мақаламыз сол бір қиын-қыстау отты 

жылдарда нар жүгін көтеріп, шаруаны 

да  ақсатпай,  халықты  да  шашырат-

пай  ұстап,  ауданның  белді  азаматы 

атанған Теміралиев Мәмбет туралы. 

М.Теміралиев жөнінде құжаттай да, 

заттай да дерек сақталмаған десе де 

болады. Біздің іздеу тобының қолына 

түскені  екі-үш  фотошежіре  мен  ел 

аузындағы естелік-әңгіме ғана. Соның 

өзінде  оның  Отан  алдындағы  еңбегі  

ұшан-теңіз екеніне көзіміз жетті. Асыл 

ер  осы  еңбегіне  марапат  күтпей,  ор-

ден-медаль  тағынбай-ақ  дүниеден 

өткен. Артында «Ол сондай жан еді» 

деген жақсы аты ғана қалған. Мәмбет 

ағамыз  Ұлы  Отан  соғысы  мен  одан 

кейінгі  жылдарда  Орда  ауданының 

48 колхозының бірі – «Сталин» колхо-

зын  басқарады.  Өңірді  өркендетуде, 

халықтың 

тұрмыс-тіршілігін 

жақсартып,  әл-ауқатын  арттыру-

да  теңдессіз  іс  атқарған  ол  колхоз 

басқармаларының арасында бәрінен 

шоқтығы биік, ең мықтысы еді. Мәкең 

басқарған  шаруашылық  аудандағы 

халқы  тоқ,  хал-ахуалы  бетке  ұстар, 

миллионер болған. Әрі іске де, сөзге 

де  берік,  тиянақты,  сенімі  нық  нар 

тұлға  халықты  жұмсай  да,  қорғай  да 

білген.  Жоғары  ұйымдастырушылық 

қабілетімен, 

талапшылдығымен 

ерекше  көзге  түскен.  Соғыс  жылда-

ры  колхоздың  бірде-бір  не  малын, 

не  жанын  шетінетпей,  майданға  жі-

берілетін  азық-түлік,  киім-кешекпен 

қоса, еселеп ақшалай қаржы да ауда-

рып  тұрған.  Оған  мұражай  қорында 

сақталған  деректер  куә.  Онда  Ста-

линград  майданына  Орда  ауданы-

нан  2  рет  мал  айдап  апарғандар 

арасында  М.Теміралиевтің  болғанын 

көрсетсе, аудандық «Жаңа жол» газеті 

1943 жылы 11-ші қаңтардағы санында 

«Сталин»  колхозының  басқармасы 

М.Теміралиев 35 мың сом қаржысын 

танк  колоннасы  қорына  берді»  деп 

жазады.


Сондай-ақ,  халыққа  жайлы  мінез-

ді,  түсінікті,  алдына  келген  адамның 

меселін  қайтармайтын  ол  ауданға 

эвакуациямен  келген,  арып-ашқан 

босқындарды  орналастырып,  оларға 

тамақ  асырайтын  жұмыс  та  тауып 

береді. 

Азық-түлік 

тапшылығын 

бақша  өнімін  өсірумен  шешіп, 

өңірде  бұрын  болмаған  жеміс  бағын 

отырғыздырады.  «Шошқа  көлде» 

бақша  салғызып,  картоп,  асқабақ, 

қауын-қарбыз еккізеді, бақ отырғызып, 

оның  жемісінің  дәмін  татқызады. 

Орыс  тіліне  жетік  М.Теміралиев  бұл 

шаруаны  істің  жайын  білетін  орыс 

ұлты  өкілдеріне  міндеттейді.  Іргеде-

гі  Ресей  жерімен  байланыс  ұстап, 

ондағы  орыс  ағайындармен  тығыз 

қарым-қатынас орнатады.

Орда ауданының Сталинград май-

даны  шебіне  жатқызылуы  тылдағы 

атқарылар жұмысқа қосымша міндет-

тер жүктейді. Ел ішіндегі сақтық пен 

қауіпсіздік шаралары, колхоздың ша-

руасы, майданға азық-түлік пен киім-

кешек  дайындау,  соғыс  қасіретінен 

зардап  шеккен  отбасыларды  де-

меу,  т.т.  мәселелер  бір  мезгілде, 

күндіз-түні  дамылсыз  атқарылады. 

Осылардың  басы-қасында  жүрген 

М.Теміралиев  жылағанды  жұбатып, 

сүрінгенді сүйеп, құрамында түрлі ұлт 

өкілдері бар ұжымның тыныштығын, 

ынтымақ-бірлігін сақтау мәселелерін 

босаңсытпаған 

басшы 


болған. 

Адамның  шынайы  болмысы  мен 

оның жұмыс бабындағы іскерлік пор-

треті  көзкөргендер  мен  жұмыстас 

болғандардың  естеліктерінде  айқын 

көрініс  табады  десек,  Мәмбетті 

білетіндер  мен  онымен  қызметтес 

болғандардың  естеліктерінен  оны 

тек  жағымды  жағынан  ғана  көреміз. 

Солардың 

бірқатарына 

құлақ 


түрейік.

...Ауданымыздың 

және 

облысымыздың  «Құрметті  азаматы», 



Социалистік  Еңбек  Ері  Ескендір  Есі-

мов: «Шыны керек, басқа ауылдарда 

етек  алған  ашаршылық  Мәмбеттің 

ауылында,  яғни,  біздің  ауылымызда 

болған  жоқ.  Басқармамыз  халыққа 

картоптың 

азықтық 

пайдасын 

түсіндірді. Жергілікті тұрғындар бұған 

дейін картоптың не екенін білмейтін. 

Картоп,  қауын-қарбыз,  асқабақ  де-

генді Мәмбеттің арқасында таныдық. 

Соғыстан  кейінгі  қоян  жылғы  жұтта 

мал  көптеп  қырылып,  малшылар 

басқа  кәсіпке  кетіп  жатқанда  мен 

де  солардың  арасынан  табылдым. 

Ол  кездің  заңы  қатал  болатын,  со-

дан  қорықтым.  Мәмбет  мені  малдан 

шығармады,  айқайлады,  ұрысты, 

ақылын  айтты.  «Малды  сен  ғана 

бағуды  білесің,  бағасың»  -  деп 

қалайда көндірді. Оның кісі танығыш 

қасиетіне  әлі  күнге  басымды  иемін. 

Мені бүгінгі күнге жеткізген сол сенім 

болар». 

«...Ол  кісі  жұмыста  алғыр,  талап-

шыл, салқын өңді адам еді. Заманның 

ойын-күлкіні 

көтермейтін 

кезі 


болғасын  да  болар,  ысырапшылдық 

жасаған, қоғам мүлкін бүлдіргендерге 

қатал  қарайтын.  Ауылдың  тірлігіне 

көнгісі келмей, жеңіл тұрмыс іздеген-

дерді  ФЗО-ға  жібереді.  Бірде,  тезек 

теруге  шығып,  бақшаға  тап  болдық. 

Қауын  деп  сап-сары  аштархан 

асқабағын жұлып, қабымызды толты-

рып  алдық.  Бұрын  ондай  асқабақты 

көрмеген  біздер  әлі  пісіп  жетілмеген 

өскінді  жұлғанымыз,  өркенді  тапап 

тастағанымыз  үшін  таяқ  жегеніміз 

бар»,-  дейтін  Мәкеңнің  қыздарымен 

бірге ойнап өскен марқұм Есімгерее-

ва Рахима апай.

М.Теміралиев  туралы  ардагер 

Ахметов  Нығметолла:  «Ол  Сталин 

колхозына  дейін  Қасымтау  ауылдық 

кеңесінің «Еңбек» колхозын басқарды. 

Бір  ғажабы,  Ленин,  Сталин  сияқты 

Компартия  көсемдеріне  берілгендігі 

соншалық, жүрген жерлерінде оларға 

ескерткіш орнатқан. Сол заманда осы 

Ленин,  Сталин  атындағы  колхоздар-

да  оларға  қойылған  ескерткіштерді 

Мәмбет  тұрғызған.  «Сталин»  колхо-

зы  орталығындағы  (қазіргі  Мәмбет 

ауылындағы) бақты да салғызған ол: 

«Бұл  бақ  көпке  кетеді,  бұны  Мәмбет 

еккізді  деген  сөз  жұрттың  аузында 

қалады» деп өзі айтқан екен. Айтқаны 

келді. Мәмбет негізін қалаған бақтың 

өмірі  ұзақ  болып,  өнімі  көпке  жет-

ті,  Мәмбеттің  атағы  алысқа  кетті 

дей  келіп:  «Мәмбет  Қасымтаудың 

бұғанай  байбақтысы,  жұбайы  Зыли-

ха. Олардың екі қызы болды. Ұлмашы 

ерте қайтыс болды да, Үміті бой жетіп, 

Аққалидың  Темірханына  ұзатылды. 

Осы  Үміттен  тараған  қызы  да  бой-

жетіп, орнын тапты»,- деп оның отба-

сынан да мағлұмат бере кетті.

Мәмбет  Теміралиев  туралы  соны 

дерек,  мол  мәлімет  берген  тағы  бір 

ардагеріміз Есмағұлов Мағауия: «40-

шы жылдардың аяқ шенінде ұсақ кол-

хоздар  біріктірілді.  Біздің  Ноғайбай 

ауылдық  кеңесіне  қарасты  «Буден-

ный»  колхозы  Сайқын  ауылдық 

кеңесіне  көшіріліп,  «Сталин»  кол-

хозына  қосылды.  Сайқын  ауылдық 

кеңестің хатшысы, «Сталин» колхозы 

бухгалтерінің көмекшісі әрі кассир бо-

лып  төрт  ай  істедім.  Мәмбет  қандай 

жұмыстың  да  ығын  білетін,  талап-

шыл да алғыр еді. Алғырлығын содан 

біліңіз, ауданның бірде-бір колхозын-

да  машина  болмағанда  «Сталин» 

колхозында  екі  бірдей  машина  бол-

ды. Бірі – «Полуторка» жүк көлігі (шо-

пыры Айтқалиев Сұлтанияр), екіншісі 

–  «Победа» (шопыры Владимир Ми-

хайлович  Волков).  «Полуторкамен» 

қауын-қарбызды  Сайқынға  жеткізіп, 

вагондарға  тиетіп  сатуға  Москваға 

жөнелтетін. «Победаны» содан түскен 

ақшаға алды. Тек ол Мәмбет қайтыс 

болғасын келді. Қайран азамат алған 

көлігіне  аяқ  арта  алмай,  о  дүниелік 

болып  кетті.  1946  жылдың  күзінде 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитетінің  1-ші  хатшысы  Жұмабай 

Шаяхметов Ордаға келген сапарында 

Мәмбет  басқарған  «Сталин»  колхо-

зын  көруге  арнайы  атбасын  бұрды. 

Не  дегенмен  қаны  қазақ  қой,  орыс 

жерінде  (Ресейдің  Омбы  облысы) 

туып-өскенімен  ол  кісі  жалпы  мал 

жәйін,  әсіресе,  жылқы  жәйін  жақсы 

білетіні  қойған  сауалынан  байқалды. 

Сірә,  ол  келгенде  Мәмбет  ауылда 

жоқ болса керек, колхоздың парторгі 

әрі  жылқы  фермасының  меңгерушісі 

Нұрмашев Камалдан: «Жылқы ішінде 

саяқ  қанша?  Қысырақ  қанша?»-  деп 

сұрайды.  Камал  жауап  бере  алмай, 

дағдарып  қалыпты.  Көңілі  толмаған 

республиканың  бірінші  басшысы 

дайындап  қойған  қонағасына  отыр-

май, басқарма кеңсесінен Мәмбеттің 

еккізген қарбызының дәмін татып, ат-

танып кетеді. 

–Қарағым,  білген  артық  етпейді, 

қатерлеріңде болсын, – деп әңгімесін 

жалғады  Мағауия  атамыз.  -  «Саяқ» 

деп үйірден бөлек жүретін кестірілген 

тай,  құнандарды  айтады,  «қысырақ» 

деп қысыр қалған тай, байталды ай-

тады.

(Жалғасы 6-бетте).

Өлмейді Мәмбет есімі



-Очерк-

«Жақсы бір 

тілек тілеңіз...»

Өткенді  екшеп,  болашаққа  бол-

жам 

жасайтын 



халықпыз 

ғой. 


Соның  арқасында  орын  алған 

олқылықтарымызды  түзеп,  жетілу-

ге  ұмтыламыз.  Бір  кездегі  жоғары 

биліктегілер  болашағы  жоқ  ауылдар 

қатарына  қосқан  Саралжын  округі  де 

Елбасымыз  нұсқаған  сара  жолдың 

нәтижесінде  бүгінде  кемелденіп  ке-

леді.  Әсіресе,  «Агробизнес  –  2020» 

бағдарламасы  малмен  күн  көріп 

отырған  ағайындарға  үлкен  демеу 

болды. Мемлекеттен несие алып, ша-

руасын дөңгелентіп отырғандар қанша 

ма?!  Мал  өсіру,  сауда  істеумен  қатар 

тұрмыстық қызмет көрсету салалары-

на да бет бұрыла бастады.

2014 


жылы 

ауылымызда 

ауданымыздағы  ең  үлкен,  әдемі  той-

хана  ашылды,  ауыл  іші  жолдары 

көтеріліп,  абаттандыру  жұмыстары 

қолға алынды. Бұрын судан қақсыған 

саралжындықтардың  әр  үйіне  ауыз 

су  құбыры  келіп  тұр.  Аудандық 

мәслихаттағы  депутатымызға  көшені 

жарықтандыру 

жөнінде 

аманат 


жүктедік.  Ол  биылғы  жоспарға  еніп, 

қаржы бөлінсе, орындалар-ау, табиғи 

газ бен жол мәселесі болмаса. Қараша 

айының  соңында  ауданымызға  келіп 

кеткен Парламент Сенатының депута-

ты Ерболат Мұқаев газ бен жолға бай-

ланысты үмітімізге от жағып, таяу жыл-

дарда  оның  да  орындалатындығын 

айтты. 

Ал, 


осынау 

мемлекет 

қамқорлығына  саралжындықтардың 

еселі  еңбекпен  жауап  беріп,  туған 

ауылдарын  көркейте  түсерлеріне  бек 

сенімдемін.



Жұмабай КЕНЖЕҒАЛИЕВ, 

ауылдық округ ардагерлері 

кеңесінің төрағасы.

* * *


Жаңа  жыл  қарсаңында  сайқындық 

Берік  Бисенғалиевтің  үйі  отқа  ора-

нып,  баспанасыз  қалғанын  «Орда 

жұлдызы» 

газетінен 

(№51. 


20 

желтоқсан  2014)  оқығанда,  осыдан 

екі  жыл  бұрын  өз  басымнан  өткен 

оқиға  есіме  түсті.  Сонда  тілсіз  жау 

бір сәтте бар дүние-мүлкімді жалмап, 

балаларыммен  ашық  аспан  астында 

аңтарылып  қалғанмын.  Ағайындар 

қолтығымыздан  демеп  тұрғызып, 

өздеріне  паналатса,  ауыл  азаматта-

ры  бастама  көтеріп,  кәсіпкерлер  мен 

басқа  да  қалталы  жандар  қаржылай 

демеушілік  жасап,  жалпы  аудан 

жұртшылығы  жәрдемдесіп,  жаңа  үй 

салып берді. «Көп түкірсе – көл»  емес 

пе?! Бас аман болса, мүліктің орны то-

лады екен. Халқыма ризамын.

Мен бүгін Бисенғалиевтерге де осы-

ны  айтқым  келеді.  Мойымаңыздар. 

Пәле-жәле  сол  отпен  аласталды  деп 

есептеп,  бірліктеріңізді  сақтап,  алға 

ұмтылыңыздар.  Халқымыз  ынтымақ 

пен бірлікті, ізгілік пен достықты қашан 

да жоғары қойған. Олар қайда болса, 

бақыт  та,  өніп-өсіп,  көктеу  де  сонда. 

Үлкен-кіші  бөкейліктердің  сіздерге  де 

болысарына күмәнім жоқ. Халық аман 

болса,  баспанасыз  қалмассыздар. 

«Сабыр түбі – сары алтын» дейді ғой 

атам қазақ.

Ал,  мынау  келіп  жеткен  Жаңа  жыл 

баршамызға  ырыс-құт,  молшылық 

әкелсін.  Аспанымыз  ашық,  заманы-

мыз тыныш болғай!

Катюша ЖҮСІПОВА.

Бөрлі ауылы.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал