№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.

бет1/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№1 (37) 2017 

2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. – Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығының 
директоры, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші 
орынбасары;
Сейсенбаева  Ж.А.  –  Абай  ат.  КазҰПУ,  «Филологиялық  пәндерді  оқытудың  әдістемесі» 
кафедрасының ф.ғ.к., жауапты редактор;
Айдемір Окай – Ыстамбұл университеті, Байланыс факультетінің деканы, профессор;
Әлмұхамбетов  Б.А.  –  Абай  ат.  КазҰПУ,  «Өнер,  мәдениет  және  спорт»  институтының 
директоры, пед.ғ.д., профессор;
Байсабаев Б.А. – ф.ғ.к., Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті;
Бейсенова  Ә.С.  –  Абай  ат.  КазҰПУ,  «География  және  экология  ғылыми-әдістемелік 
орталығының» жетекшісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Бөлеев Қ. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Бастауышта оқыту және 
бейнелеу өнері» кафедрасының профессоры, пед.ғ.д.; 
Ғаббасов С. – жазушы, КСРО Денсаулық сақтау iсінің үздігі, медицина және педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық 
Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик;
Есполов Т.И. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА 
академигі;
Исамидинов И.Ч. – Жүсіп Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің ректоры, пед.ғ.д., 
профессор;
Иманбаева С.Т. – Абай ат. КазҰПУ, «Мәңгілік ел және өзін-өзі тану» кафедрасының пед.ғ.д., 
профессор;
Қирабаев С.С. – ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Мардахаев Л.В. – Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің «Әлеуметтік және отбасы 
педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Михайлова  Н.Б.  –  пс.ғ.к.,  доцент,  Халықаралық  білім  және  ғылыми  ақпараттандыру 
орталығының директоры (Германия);
Молдабеков  Ж.Ж.  –  филос.ғ.д.,  әл-Фараби  ат.  КазҰУ,  «Дінтану  және  мәдениеттану» 
кафедрасының профессоры;
Мұтанов  F.M.  –  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  ректоры,  тех.ғ.д., 
профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нәрібаев К.Н. – ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімше төрағасының орынбасары, 
э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нөкетаева  Д.Ж.  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ректоры, 
пед.ғ.к.;
Сманов  Б.Ө.  –  Абай  ат.  ҚазҰПУ-дің  аппарат  жетекшісі,  пед.ғ.д.,  профессор,  ҚР  ҰҒА 
корреспондент-мүшесі,  Халықаралық  педагогикалық  білім  беру  (Ресей)  және  Халықаралық 
Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі;
Шаханова  Р.Ә.  –  Абай  ат.  ҚазҰПУ,  Филология  институтының  «Филологиялық  пәндерді 
оқытудың әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор.

3
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
академик НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. – директор Научного центра формирования интеллектуальной нации КазНПУ 
им. Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый заместитель главного 
редактора;
Сейсенбаева Ж.А. – к.ф.н. кафедры «Методика преподавания филологических дисциплин» 
КазНПУ им. Абая, ответственный редактор;
Айдемир Окай – декан факультета Связи Стамбулского университета, профессор;
Альмухамбетов Б.А. – директор Института искусства, культуры и спорта КазНПУ им.  Абая, 
д.пед.н., профессор;
Байсабаев Б.А. – к.ф.н., доцент Кыргызского Национального университета им. Ж.Баласагуна;
Бейсенова А.С. – руководитель научно-методического центра географии и экологии  КазНПУ 
им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК;
Болеев К. – д.п.н., профессор кафедры «Начальное образование и изобразительное искусство» 
Таразского инновационно-гуманитарного университета;
Габбасов С. – писатель, Заслуженный работник здравоохранения СССР, доктор медицинских и 
педагогических наук, профессор, Заслуженный деятель Республики Казахстан, действительный 
член Международной академии имени Нострадамуса, академик;
Есполов Т.И. – ректор Казахского национального аграрного университета, д.э.н., профессор, 
академик НАН РК;
Исамидинов И.Ч. – ректор Кыргызского национального университета имени Ж.Баласагуна, 
д.пед.н., профессор;
Иманбаева С.Т. – профессор кафедры «Мангилик ел и самопознания» КазНПУ им. Абая, 
д.пед.н.;
Кирабаев С.С. – д.ф.н., профессор, академик НАН РК;
Мардахаев Л.В. – заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российского 
государственного социального университета, д.пед.н., профессор;
Михайлова Н.Б. – директор центра международного образования и научной информатизации 
(Германия), к.пс.н., доцент;
Молдабеков  Ж.Ж.  –  профессор  кафедры  «Религиоведения  и  культурологии»  КазНУ  им. 
Аль-Фараби, д.филос.н.;
Мутанов Г.М. – ректор Казахского Национального университета имени аль-Фараби, д.тех.н., 
профессор, академик НАН РК;
Нарибаев К.Н. – зам.председателя отделения общественных и гуманитарных наук НАН РК, 
д.э.н., профессор, академик НАН РК;
Нукетаева  Д.Ж.  –  ректор  Казахского  Государственного  женского  педагогического 
университета, к.пед.н.;
Сманов  Б.О.  –  руководитель  аппарата  КазНПУ  им.  Абая,  д.пед.н.,  профессор,  член-
корреспондент НАН РК, академик Международной академии наук педагогического образования 
(Россия) и Международной Айтматовской академии (Кыргызская Республика);
Шаханова Р.А. – д.п.н., профессор, зав кафедрой «Методика преподавания филологических 
дисциплин» института филологии КазНПУ им. Абая.

4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
Тhe rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
academician of the NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. – the director of Research center of formation of intellectual nation of KazNPU named after 
Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, first deputy chief editor;
Seysenbaeva Zh.A. – the senior lecturer of the chair «Мethods of teaching philological disciplines» of 
KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor;
Aydemir Okay – dean of the Faculty of Communications of Istanbul University, the professor;
Almukhambetov B.A. – the director of Art, Culture and Sport Institute of KazNPU named after Abai, the 
doctor of pedagogical sciences, the professor;
Baisabaev B.A. – the candidate of philological science, the docent Kyrgyz National University named by 
Zh. Balasagyn;
Beysenova A.S.  –  the  chair  of  sud  department  «Тhe  scientifically-methodical  centre  on  geography  and 
ecology», the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK;
Boleev K. – doctor of pedagogical sciences, professor of chair of «Primary education and fine art» Taraz 
innovation and humanitarian university;
Gabbasov C. – writer, Honored worker of Health of the USSR, Doctor of Medical and Pedagogical Sciences, 
professor, Honored worker of the RK, member of the International Academy of Nostradamus, academician;
Espolov T.I. – the rector of Kazakh national agrarian university, the doctor of economical sciences, the 
professor, the academician of the NAS RK;
Isamidinov I.Ch. – rektor of Kyrgyz National University named by Zh.Balasagyn, doctor of pedagogical 
sciences;
Imanbaeva S.T. – head of the Department of «Mangilik yel and self-cognition» of KazNPU named after 
Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor;
Kirabaev S.S. – the doctor of philology, the academician of the NAS RK;
Mardahaev L.V. – head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian State Social 
University, doctor of pedagogical sciences, professor;
Mikhailova N.B. – Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education and Information 
Science (Germany);
Moldabekov Zh.Zh. – professor of the chair «Religious and cultural studies» KazNU named after Al-Farabi, 
Doctor of Philosophy;
Mutanov G.M. – the rector of the Kazakh National University named after Al-Farabi, the doctor of technical 
science, the professor, academician of the NAS RK;
Naribaev K.N. – vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK, the doctor of 
economics, the professor, academician of the NAS RK;
Nuketaeva D.Zh. – rector of Kazakh State Female Pedagogical University, the candidate of  pedagogical 
sciences;
Smanov  B.U.  –  head  of  the  office  of  the  KazNPU  named  after Abai,  doctor  of  pedagogical  sciences, 
professor, corresponding member of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, academician 
of the International academy of Sciences of pedagogical education (Russia) and International Aytmatov academy 
(Kyrgyz Republic);
Shahanova R.A. – doctor of philological sciences, professor. Head of the Chair of methods of teaching 
philological disciplines of KazNPU named after Abai.
Меншік иeci: Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті. 
Журнал  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінде  2010  жылдың  4-ші 
ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.                                 
 © Абай атындағы ҚазҰПУ, 2017

5
 
«Біздің түпкілікті мақсатымыз 
– интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, 
интеллектуалды ұлт қалыптастыру
»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.  

6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.01.07
МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЭТИКАСЫ МЕН ЭСТЕТИКАСЫ
М.А. Нуриев
Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығының 
директоры, профессор, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, 
Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
А.Е. Садыкова
Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру орталығының 
аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі,
Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
Мақалада қазіргі заман мұғалімінің педагогикалық этикеті мен эстетикасы, сөйлеу мәдени е  -
тінің мән-маңызы жан-жақты ашылған. Кәсіби қарым-қатынастың нәтижелі болуын ұйым дас-
тыру бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар берілген. Мұғалімнің қаншалықты кәсіби қыз ме-
тінің табысты болу құпиясы, сауатты сөйлеу шеберлігіне байланысты. Сондай-ақ, педагог бол-
мы сының эстетикалық мәдениеті қызметтері туралы түсінік қарастырылған.
Түйін сөздер: педагог, мұғалім, оқушы, педагогикалық этикет пен эстетика, сөйлеу мәдениеті, 
қарым-атынас әдебі.
В статье раскрываются содержание развития педагогического этикета и эстетики, элементы 
речевой культуры современного педагога, значение выразительных возможностей речи в его 
профессиональной деятельности. Представлены рекомендации по организации продуктивного 
профессионального  общения.  От  того,  насколько  грамотно  человек  выражается,  зависит  его 
успех не только в повседневном общении, но и в профессиональной деятельности. Особенно 
актуально данное утверждение по отношению к речи педагога. Так же рассматривается описание 
понятия функции эстетической культуры личности педагога. 
Ключевые  слова:  учитель,  преподаватель,  ученик,  педагогические  этикет  и  эстетика, 
культура речи, культура общения.
The article describes the content of teaching etiquette and aesthetics, elements of modern speech 
culture  of  the  teacher,  the  value  of  expressive  speech  capabilities  in  their  professional  activities. 
Recommendations on the organization of productive professional dialogue. On how skillfully people 
expressed depends on its success not only in everyday life but also in their professional activities. 
Especially true this statement in relation to the teacher’s question. Just seen the description of the 
concept of function of aesthetic culture of the individual teacher.
Keywords:  teacher,  student,  teaching  etiquette  and  aesthetics,  culture  of  speech,  culture  of 
communication.
Қай заманда болмасын, ұстаздың болмысы 
(оған әрине, киім кию үлгісінен бастап, өзін-
өзі ұстауына дейінгі ұсақ-түйек элементтерін 
қоса есептегенде) бала санасына тікелей әсер 
етеді. Қарапайым мысал ретінде, ұстаздың бір 
ғана бет-бейнесіне сай келмейтін киім кигені – 
оқушы алдындағы қадірінің жоғалтатындығы 
белгілі жайт. Бұл ретте бүгінгінің мұғалімдері 
ақпараттық  технологияны  меңгерген,  жан-
жақты, жаңашыл жан болуымен қатар, сыртқы 
мәдениеті мен бет-бейнесі де сол талаптарға сай 
болуы тиіс. Себебі, ұстаз оқу-біліммен қатар 
бойындағы бар жиған-тергенін оқушының са-
на сына сіңдіреді. Осы орайда, ұстаздың ұстаз 
екені  мектепке  еш  қатысы  жоқ  адамдарға  да 
сырт болмысынан, киген киімінен, бет-бейнесі 
мен  жүріс-тұрысынан  көрініп  тұруы  керек. 
Мәселен,  кейбір  мамандық  иелерінің  өзіндік 
жеке ерекшеліктеріне орай киім үлгілері олар-
ды  топ  ішінен  ешкім  айтпай-ақ  ерекшелеп 

7
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
тұрғаны  сынды,  мұғалімдердің  де  бірыңғай 
киім үлгілерін сақтауы қажетінше ілтипаттың 
болуына  әкеледі.  Киген  киімінен  ұстаз  екені 
білініп  тұрса,  халық  оған  ерекше  құрметпен, 
ықыласпен қарайтыны анық.
Себебі,  ұстаз  дегенде  көз  алдымызға  іш-
кі  білімі,  ой-өрісі  сыртқы  тұлғасымен  астас-
қан  парасат  иесі  елестейді.  Осы  орайда  оқу-
шы ның  ұстазына  деген  құрметіне  селкеу 
түсірмейтіндей, эстетикалық тұрғыдан жоғары 
деңгейдегі, ұстаз бойына қонымды, әрі сәнді 
көрінетін  киім  үлгісі  педагогикалық  әдеп 
этикасымен үндесіп жатуы қажет.
Осы  сынды  санаттың  ішінде  кәсіби-педа-
го­гикалық­ борыш,­ педагогикалық­ әділдік,­
педагогикалық­ар-намыс­және­педагогикалық­
бедел­бар.
Бұл  жердегі  кәсіби  педагогикалық­ борыш 
деп педагогикалық әдептің ең маңызды санат-
тарының  бірін  айтамыз.  Яғни,  мұғалімнің  өз 
еңбегіне  деген  шығармашылық  көзқарас,  өз-
өзіне қатаң талап қоя алуы, кәсіби білім-білігі 
мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген 
құлшыныс, оқушыға, оның ата-анасына деген 
құрмет  көрсету  және  талап  қою  қажеттілігі, 
мектеп  өмірінде  кездесетін  қиын  да,  күрделі 
шиеленістерді  шеше  білу  тәрізді  өзгеше  іс-
қимылдары.
Педагогикалық­әділдік – мұғалімнің оқушы-
лар мен қарым-қатынасы барысында олардың 
тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас-құл-
шынысын, адамгершілік тәрбиелілік дең гей ін 
анықтау мен бағалау барысындағы обьек тив-
ті лігі  әрі  оның  адамгершілігіне  өзіндік  баға 
беретін ерекше сипаты. Педагогикалық әділдік 
өзгешелігі  оқушылар  мен  педагогтардың 
іс-қи мыл ды  бағалау  және  оған  қатысты  жа-
уап рекциясының әр түрлі адамгершілік дең-
гейде  болуында;  педагог  обьективтілігінің 
өлшемін  анықтау  көбінесе  педагогқа  байла-
ныс ты  болады;  өзіндік  қорғаныс  деңгейі  әр 
түрлі  тараптар  ара-қатынасының  көбінесе 
жал пы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең 
ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдар ла-
маланған педагогикалық қажеттіліктерді бала-
лардың түсінбеуінде.
Педагогикалық­ ар-намыс  мұғалімнің  өзін-
өзі  жақсы  көріп,  сыйлап  қана  қоюы  емес, 
оның  қоғамдық  қарым-қатынас  барысында 
абыройға ие болып, моральдік сыр-сипатына 
және  сіңірген  еңбегіне  қоғам  тарапынан 
көр се ті летін  құрметтті  білдіреді.  Педагог 
мамандығында  жеке  бастың  ар-намысы  мен 
қасиетін  түсіну  сезімі  ерекше  байқалып 
тұрады. Мұғалімнің ар-намысы – оның кәсіби 
борышын орындау барысында көрінетін нақты 
кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің  педагогикалық­ беделі  –  оның 
оқушылар  мен  мұғалімдер  және  әріптес-
тер  ұжымындағы  моральдік  статусы.  Педа-
го ги калық  бедел  мұғалімнің  осыған  дейінгі 
алған  моральдік-этикалық  және  психо ло гия-
лық-педагогикалық  даярлығына  және  оны 
моральдық тұрғыдан үнемі жетілдіріп отыру-
ы мен  байланысты.  Оның  деңгейі  білімнің, 
зеректіктіктің, шеберліктің тереңдігімен және 
өз  еңбегіне  деген  ерекше  қатынасымен  т.б. 
анықталады [1].
Мұғалімнің  оқушысына  тұлға  ретіндегі 
құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп 
отырған  адамды  тыңдай  білуі,  оны  түсіне 
білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз 
ұстанымдылығы,  сабырлылығы,  адамдарға 
қатысты  ерекше  зейіні  мен  сезімталдығы  – 
барлығы педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің  педагогикалық  мәдениетіне 
қойы латын талаптардың ішінде педагогикалық 
тәжірибенің  даму  барысында  қалыптасқан 
жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педа го ги-
ка лық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің 
ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік 
үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені 
педагогтың іс-қимылын ешкім бақыламайды. 
Ол  көбінесе  өз  қылығын  өзі  бағалайды,  өзі 
түзетеді.  Сол  себепті  мұғалімнің  моральдік 
«барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал 
және жоғары деңгейлі болуы шарт [2].
Педагогтың  барынша  толыққанды  кәсіби-
этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігін тө-
мен дегі  педагогикалық  тәртіп  сипаттарымен 
ұштастыра ұсынсақ:
-  талапшылдық,  жеке  бастың  қасиетін 
қорламау, түртпектей бермеуі;
-  қарым-қатынас  барысында  табиғилық, 

8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қара пайымдылық  танытып,  мәймөңкелік  пен 
өрескелдікке жол бермеуі;
-  бірбеткейліксіз  ұстанымшылдығы  және 
табандылығы;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімтал-
дығы;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-
сықақ қолдана білуі;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау 
және  қысымшылық  пен  қорлықсыз  жазалай 
білуі;
-  өз  білімі  мен  кәсіби  даярлық  деңгейінің 
артықшылығын  атап айтпай-ақ білім  алушы-
ларды оқыту және тәрбиелей білу қабілеті;
- білім алушыларды тыңдай білуі, оның және 
өзгелердің  сұрақтарға  берген  жауаптарына 
тыңғылықты қарай білуі.
Жоғарыда  аталған  педагогикалық  кәсіби-
этикалық  сипат  түрлері  педагогтың  түрлі 
оқу-тәрбиелік  міндеттерін  шешу  барысында 
көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі 
мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен,  педагогтың  мұндай  кәсіби  әдеп 
сипаты келесі жағдайда көрінеді:
-­педагогтың­сыртқы­келбетінен (киім кию 
мәдениеті  мен  визуальді  белгілері:  бойдың, 
дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі және 
өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: 
киім, аяқ киім, аксессуарлар);
-­қарым-қатынас­әдебінен (вербалды және 
вербалды емес қарым-қатынас әдебі, қызметтік 
қарым-қатынас этикеті (корпоративтік ере же-
лерді  ұстану),  оқушыларына  қоятын  талап-
тарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген 
сезімталдығы, оқушылардың жас және жеке-
дара ерекшеліктерін жақсы білуі, өз еңбегіне 
сыни көзқараспен бағалай алуы);
-­ сөйлеу­ мәдениеті,­ тіл­ шеберлігінен  (тіл 
табыса  білу  қабілеті:  ауызша  және  жазбаша 
тілдесу, дауыс ерекшілігі);
-­ адами­ қасиеті­ сипаттарынан  (кез 
келген  орын  алған  жағдайды  жылдам  жә-
не дұрыс бағалай білуі, сондай-ақ өз тәрбие-
ленушілерінің  тәртібі  мен  қабілеті  туралы 
қорытынды  жасауға  асықпауы,  өз-өзін  ұстай 
білу,  қиын  жағдайда  сезімге  жол  бермей, 
салқынқандылық таныту).
1.  Педагогтың  сыртқы  мәдениеті.  Мектеп 
мұға лімі  қандай  болуы  тиіс  екенін  түсіну 
үшін бүгінгі күні орта білім беретін оқу орын-
дарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп 
жүр ген  мұғалім  бейнесін  қайта  қарауымыз 
керек.
Бұл  орайда  тілге  тиек  болатыны,  педагог-
тар дың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен 
арадағы  педагогикалық  әдептілік  негіздері 
қарым-қатынастардың  жоқтығы  және  бар 
бол ған  жағдайда  оның  барлық  уақытта 
сақта ла  бермеуі.  Сондықтан,  мұғалімге  тән 
педагогтық  қарым-қатынас  әрекетінің  мәні 
мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі 
сапаларын  қалыптастыруымыз  қажет.  Бұл 
орайда,  ұстаздың  айналасындағыларға  өзі 
туралы жақсы әсер қалдыруды мақсат ететін 
педагогикалық  имидж  болуы  тиіс.  Себебі, 
басқа  мамандық  иелеріне  қарағанда  мұғалім 
мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудито-
рия ішінде және көпшілік көз алдында. Соны-
мен,  педагогикалық  имидж  –  мұғалімнің 
бойын дағы  таланттың  жарқырап  ашылуы, 
өзі  туралы  жақсы  пікір  қалыптастыру  жолы. 
Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын 
американдық  психологтардың  пікірінше, 
тама ша  табыс  феномені  –  адамның  имиджі 
мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген 
педагог  қана  жоғары  бағаланып,  әріптестері 
мен  шәкірттерінің  ыстық  ықыласына  бөлен-
бек. Сол себепті педагогқа өзін көрсете білу, 
ұнау,  өзі  туралы  жақсы  пікір  қалдырудың 
маңызы зор.
Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына 
қызықпаса  пәнге  деген  қызығушылығы  да 
бол майды  деген  байламға  келуге  болады. 
Себе бі,  баланың  өмірінің  жартысы  оларға 
білім  ғана  беріп  қоймай,  сонымен  қатар 
оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде 
қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік 
және  балалық  шақтан  алған  әсерлер  мен 
тәжірибелер  үлкен  өмірге  өтуіне  әсер  етеді. 
Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға 
болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың 
басым  бөлігін  біз  көру  арқылы  аламыз,  сон-
дықтан да мұғалімнің­тартымды­бейнесі­өте­

9
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
маңызды.  Оған:  ұқыптылық,  іскерлік  стиль, 
мәнер,  әдеп,  күлкі  жатады.  Ұстаз  өзін  қалай 
көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? 
Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін 
және іс оңға басу үшін не істеу керек? деген 
мәселені нағыз ұстаз әрдайым жадында ұстап, 
өзін-өзі үнемі жетілдіріп, толысып отырады.
Сыртқы имиджді құраушылар:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Сыртқы  бейненің  үйлесімді  әсер  қалдыру 
үшін  вербалды  және  вербалды  емес  қатынас 
қажет:
• Мәнерлі сөйлеу;
• Көндіре білу;
•  Стиль  мен  киім  түсінің  психологиялық 
әсерін білу;
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге 
көңіл бөлу;
• Шыдамдылық;
• Көргіштік.
Қазіргі  біздің  қоғамда  ұстаздар  өзі  мәрте-
бе сін жоғалтып отыр. Кезінде мұғалім – асқан 
құрмет иесі болса, бүгін ол өз тұғырынан түсіп 
тұр. Қай заманда да, қандай ел болмасын елдің 
бесігін түзеп, болашағын жарқын етер ұстаздар 
қауымын  лайықты  жоғары  құрмет  жасалуы 
тиіс.  Мемлекет  тарапынан  да,  жеке  адамдар 
тара пынан  да,  әрине.  Мемлекет  тарапынан 
мұғалім нің  мәртебесін  көтеру  жұмыстары 
(бұдан  бұрынғы  мақалаларымызда  айтып 
жүрген дей  әлеуметтік-экономикалық  және 
құқықтық  дәрежелерін  әлемдік  стандарт 
деңгейіне  дейін  көтеру)  жүргізілсе,  соған 
сәйкес  қоғамның  да  ұстазға  деген  құрметі 
асатын болады.
Бірақ, ұстаздық имидждің және ата-аналар 
мен оқушылардың педагогқа деген көзқа расын 
тек экономикалық фактор ғана анықтай алмай-
тыны рас. Осыған орай педагог та өз тарапынан 
педагогикалық этикасы мен эстетикасы үнде-
сіп, үнемі жетілдіріп отыратын білім мен білік, 
жан-жақтылық,  жоғары  адамгершілік  сыр-
сипаттарымен астасқан маман иесі болуы тиіс. 
Демек, педагогтың мәртебесі мен беделі оның 
жеке имиджіне де байланысты болмақ.
Мұғалімнің  кәсіби  имиджінің  табысты 
болу  құпиясы,  сол  мұғалімнің  жасаған  бол-
мы сы  (имиджі)  басқа  адамдардың  нағыз 
педагог тан  күтетін  ой-тұжырымдарымен 
сәй кес  шығуында.  Шынайлылыққа  сәйкес 
кел мейтін  имидждің  еш  маңызы  болмайды. 
Педагог үшін, кәсіби маман ретінде қоғаммен 
етене  байланысы  өте  маңызды.  Сондықтан 
да, оның психологиясы мен имиджінің негізгі 
құрамдары болып:

Өзіне  деген  сенім  мен  жоғары 
бағалаушылық;

Әлемге позитивті көзқарас;

Шынайы  іске  әлеуметтік  және  жеке 
жауапкершілік;

Жаңа 
заман 
талабына 
сәйкес 
өзгерістерге бейімділік;

Тәуекелдікке  дұрыс  бел  буу  болып 
табылады.
Мұғалімдік  оның  қалай  көрінуінен  баста-
лады. Кәсібилілік имиджінің құрылымы келе-
сідей компоненттерден тұрады:

сыртқы мәдениеті

іс жүргізуі қабілеті

ішкі болмысы
Сыртқы  мәдениетін:  ым,  ишарат,  ырғақ 
және даусы қарқыны, киім киюі, мінез-құлқы, 
жүріс-тұрысы құрайды.
Оқытушының сыртқы түрі сабақ барысында 
жұмысқа  деген  құлшыныстың  болуы  немесе 
болмауына әсер етеді. Педагогикалық қарым-
қатынасты  жеңілдететін  не  қиындататындай 
өзара түсінушілікке жол ашады, не керісінше 
кедергі болады. Оның оқушылармен, әріптес-
терімен  қарым-қатынасында  өзін  табиғи 
ұстануына және шапшаң шешім қабылдауына 
көмектеседі.
Ішкі  болмысын  құрайтындар  –  адам ның 
жалпы тұлға ретінде танытатын құндылық та-
рын, қызығушылығын, рухани және интеллек-
туалды дамуын сипаттайтын ішкі әлемі.
Педагогтың  сыртқы  мәдениетіне  қойыла-
тын талаптар.
Киім кию мәдениеті мұғалімнің визиткалық 
карточкасы болып табылады.

10
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Киім кию стилі. Өте сәнді киімге қарағанда 
классикалық  үлгідегі,  бірнеше  консервативті 
түр  дұрыстау  болмақ.  Педагогтың  сыртқы 
әлпеті ұқыпты, таза, жинақы, сымбатты болу 
керек.  Мұғалімге  қарап,  кез  келген  адамның 
бойында  автоматты  түрде  құрмет  пен  сенім 
ұялауы тиіс. Ал киімі ыңғайлы болуымен қатар, 
жалпы қабылданған әдептілік стандарттарына 
қайшы келмеуі қажет.
Киім  үлгісі  (стилі).  Көптеген  адамдар 
сәйке сінше  орнықты,  сыйлы  киім  үлгісіне 
қарап,  сол  адамды  беделді  мәртебелі  кісі  ре-
тін де  қабылдайды.  Орнықты  (сыйлы)  ки-
ім  үлгісі  –  бұрыштары  айқын,  созылған 
тік төртбұрыштыға  жақын  киімдер  (әйел 
адамдар  мен  ер  адамдарға  бірдей  жарамды). 
Жемпір, спорттық тоқыма жылы киім (әсіресе, 
қалың),  джинсы  немесе  жұмсақ  материалдан 
жасалынған  шалбар,  желбіреген  шілтерлі 
кең  етекті  көйлек  сияқты  киімдер  орнықты 
стильге  жатпайды.  Әдетте,  адам  болмысын 
домалақ қылып көрсететін мұндай элементтер 
сол  адамның  төмен  әлеуметтік  мәртебесін 
білдіреді.
Киім түрі. Мұғалім үшін мінсіз киім оқушы-
лардың назарын киімнің ерекшелігін зерттеуге 
емес, оқу материалын терең меңгеруіне бағыт-
тау ға көмектеседі. Мұндай киімге іскери кос-
тюм  жатады.  Ол  педагогтың  өзіндік,  кәсі би 
сипаттарына  және  оқушылармен  қа рым-
қатынасының  ресмилілігіне  ерекше  кө ңіл 
аудартады.  Іскери  костюмге:  костюм  юбка-
сымен және жейде немесе әдемі, іскери көйлек 
жатады.
Киім түсі. Жалпы түсінік бойынша, қара, ақ 
және сұр түсті киімдер сол адамның мәртебесін 
басқа адамдардың алдында көтереді. Ал ашық 
түстердің  үйлесімді  гаммасы  оқушылардың 
назарын мұғалімнің сыртқы түріне ғана ауда-
рады.  Ең  жақсысы  жанға  жағымды,  көңіл-
ге  қонымды  түстерді  тандаған  дұрыс.  Сонда 
оқушылардың  назары  оқу  материалын 
мең геруге  аударылатын  болады.  Мұғалім 
киімінің  дұрыс  үйлесімді  түстер  гаммасы 
оқушыларымен  және  әріптестерімен  өзара 
түсінушілік табуына көмектесуі мүмкін.
Іскери  киімнің  түстеріне:  сұр,  қара,  қо-
ңыр,  сарғыш,  қара  көк,  қою  қызыл  түстер 
есептелінеді.  Блузка  мен  жейденің  түсі  нәзік 
жағымды реңкті болғаны дұрыс. Жылтырлақ, 
былғары,  жасанды  материалдардан  жасалған 
киімдерге жол бермеу керек.
Әшекейлер. Педагогтың бойындағы әшекей 
бұйымдар  өте  аз  болғаны  жөн.  Олар  көзге 
қатты түсетіндей жылтыраған немесе салмағы 
ауыр,  көлемі  үлкен,  ұзын  салпыншақ  болып 
келмеуі  тиіс.  Орташа  ұзындықтағы  майда 
маржандардан  жасалынған  моншақ,  бағалы 
металды  нәзік  сақина,  шағын  сырғаларды 
тағуға  болады.  Олай  болмаған  жағдайда, 
оқушылар сабақ оқығанның орнына, мұғалім-
нің  керемет  жаңа  моншақтарын  зерттеумен 
уақыттарын өткізетін болады.
Шаш үлгісі мен макияж. Олар әйел мұғалім-
ге жинақылық пен рухани әсер беруі керек. Өте 
табиғи болғаны дұрыс. Макияж бен маникюр 
бейтарап реңкте таңдалынғаны жөн. Ал шаш 
үлгісі  –  жеткілікті  дәрежеде  қатаң,  шаштың 
бояуы – табиғи.
Сәтті  таңдалынған  гардероб  педагогтың 
сырт қы түрінің айналадағы адамдарға қо лай лы 
әсер етуіне көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім-
нің  кәсіби  әрі  өзіне  ғана  тән  қасиеттеріне 
баса назар аудартады. Демек, педагогтың киі-
мі  эстетикалық  жағынан  әсерлі,  әдемі,  жара-
сымды болу керек. Педагогтың шаш үлгісі де, 
киген  киімі  де,  таққан  әшекейлері  де  балаға 
ықпал ету мақсатында таңдалуы тиіс.
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары 
жинақы  болғаны  дұрыс.  Педагог  өзіне-өзі 
сенімді болуы керек.
Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы:

Түзу  дене  күйі  –  сенімділік,  зеректік, 
кішіпейілділік;

Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу 
– қызығушылықтың жоқтығы;

Қырымен  тұру  –  теріс,  негативті 
қарым-қатынас;

Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею – 
дұрыс, оң қарым-қатынасты білдіреді.
Педагогтың іскерлік дағдылары мен кәсіби 
манерасы:
-Кәсіби біліктілік, ұқыптылық, іскерлілік;
-Басқа  адамдардың  уақытына,  еңбегіне 

11
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
деген құрмет;
-Өздігінен  білім  алуға  деген  қажеттілік: 
ғылыми-әдістемелік  жаңалықтарға  қызығу-
шы лық пен оны игеруге деген ынта;
-Оқушылармен, 
ата-аналармен, 
әріптестерімен  қарым-қатынас  барысында 
іскерлік этикет пен кәсіби манерді, сондай-ақ, 
субординацияны сақтау;
-Сөйлеу  барысында  дұрыс  лексиканы 
қолдануы, жаргон сөздердің болмауы;
-Оқушылардың көзінше мұғалімнің темекі 
шегуі, алкогольді ішімдіктерді қолдануы теріс 
әсер етеді.
Мұғалім үнемі өзінің дыбыстық имиджіне 
көңіл  бөліп  отыруы  тиіс.  Себебі,  дауыс  – 
мұғалім нің сабақ барысында, сабақтан тыс іс-
шараларда, ата-аналар жиналысында, іскерлік 
кездесулерде  басты  еңбек  құралы  болып 
табылады.
Дикцияның  дұрыс  қойылуы,  дауыс  ырға-
ғы,  анықтығы,  қаттылығы  аудиторияны 
тыңдатуға, сол арқылы өзіне деген ілтипатты 
назар аудартады.
Арома-имидж.  Әтір  –  адамның  қандай 
әлеу мет тік  ортадан  шыққанын  білдіреді 
(мәсе лен  қымбат  иіс  суларды  кәсіпкер  әйел 
адамдар  қоладанады  дегендей).  Әтірдің  иісі 
баланың  санасына  қатты  әсер  етеді.  Балалар 
мұғалімінің әтірінің иісіне дағдыланып қала-
ды.  Сондықтан  да,  әтір  қолданғанда  абай 
болған жөн. Оқушыларға немесе әріптестеріне 
кері  әсер  ететіндей  бас  айналдыратын  тым 
тәтті  иістен  аулақ  болған  дұрыс.  Сондай-ақ, 
бөлмеден жағымды иіс шығуына есік-терезені 
ашып  үнемі  желдетіп  отыруы,  үй  гүлдерінің 
көп болуы әсер етеді. 
Балғындық иісті апельсин, лимон, лаванда, 
майқарағай  эфир  майларын  пайдаланып  жа-
сау ға болады.
Райхан, жалбыз, лавр, қалампыр, гүлшетен, 
кориандр, түймедақ, кедр, лимон иістері есте 
сақтау қабілетін жақсартады.
Қарағай,  эвкалипт,  герань,  арша,  жалбыз, 
гүлшетен, тимьян иістері психикалық қызметті 
белсендендіреді.
Аскөк, герань, тасшөп, арша, анис, жасмин, 
раушанның иістері тынышталдырады.
Эвкалипт,  майқарағай,  гүлшетен,  шалфей, 
лимон иісі жүйке жүйесіне оң әсер етеді, бак-
терияға қарсы қасиеттері бар.
2.  Кәсіби-педагогикалық  қарым-қаты нас 
әдебін де кәсіптік жауапкершіліктің көрсет кіш-
те рі де маңызды рөл атқарады. Олар:

кәсіпке, қоғамға деген қарым-қатынас;

тәртіпті  болу,  өзіне  және  балаларға 
асқан жауапкершілікпен қарау;

эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік;

ұжымдағы 
әріптестермен 
жақсы 
қарым-қатынас.
Педагогтың  оқушыларымен  ара-қатынасы 
– бұл әлеуметтік және адамгершілік санат. Ол 
көптеген маңызды факторларға сай қалыпта-
суы мен қатар, соған тәуелді болады:
- адамның психикалық қалыптасуына;
- оның құндылық бағытына;
- білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;
- маңындағы әлеуметтік ортаның әсеріне;
- адамдардың беделіне (педагогтың қалып-
та сыуына  барынша  ықпал  еткен  тәжірибелі 
педагогтардың өнегесі) [3].
Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  тікелей 
қарым-қатынасты ештеңе де ауыстыра алмай-
тынын  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Бұл  үрдісте 
мұға лім тарапынан көбіне ақпараттық мәлім-
деме  басым  болады.  Сондықтан  да,  мұғалім 
тарапынан оқушыға қандай да бір қысым көрсе-
тілген  жағдайда,  қарым-қатынас  жоғалып, 
түсі ніс пеушілік  орын  алады.  Кей  жағдайда 
мектеп  мұғалімі  өзінің  оқушыға  жасайтын 
психологиялық  ықпалын  ескере  бермейді,  ал 
бұл  болса  назардан  тыс  қалмайтын  жағдай. 
Педагог әр баланың жүрегіне жол тауып, оның 
жан  дүнесінің  «құлпын»  аша  білуі  тиіс.  Ол 
өзінің  бір  ауыз  сөзі  бала  өмірінде  үлкен  рөл 
атқаратынын және оны өмір бойы есіне сақтап 
қалатынын білуі керек [4].
Педагог  пен  оқушы  қарым-қатынасының 
талап тарын қалыптастыру қажет десек, олар:
- сенімділік;
- баланы тыңдай білу;

өз ара түсінушілікті негізге алу;
- іскери қарым-қатынас;
- ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу 
қабілеті.

12
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Бұл  үрдерістің  барысындағы  ең  ма ңыз -
дысы  мұғалімнің  қарым-қатынас  шығар ма-
шылығы  болып  табылады.  Бірдей  тапсыр ма-
ны,  бірдей  әңгімені  мұғалім  әр  түрлі  ырғақ-
пен, әр түрлі көңіл-күймен беріп, өт кізе ала ды. 
Педагогикалық  қарым-қатынас тың  ма ңыз-
ды лығын  ескере  отырып  «Сынып қа  кіретін 
педагогқа бірнеше ереже» ұсыныбақшымыз:

Мұғалім  балалармен  қарым-қатынасы 
ту ралы  алдын  ала  ойлап,  оны  ойша  құруы 
керек.

Педагогикалық  қарым-қатынас  құру 
кезінде  педагогикалық  мақсатты  ғана  көздеп 
қоймай, баланың мүддесін де ескеруі тиіс.

Педагогикалық  іс-әрекетте  қарым-
қатынас  жасаудың  барлық  түрлерін  қолдану 
керек  (ақпарат  алмасу,  өзара  әрекеттестікті 
ұйымдастыру,  баланың  тұлғалық  қасиеттерін 
аша білу, оған ықпал ету және т.б.).

Қарым-қатынас жасау арқылы шешетін 
мәселені айқын және нақты тұжырымдап алу.

Қарым-қатынас жасаудың стратегиясы 
мен  әдіс,  жолдарын  ойластырып  алып,  бала-
ның  санасы  мен  мінез-құлқына  ықпал  ететін 
әдістерді таңдап отыруы керек.

Тәрбиеленушілермен  қарым-қатыста 
тілдесуді «тік», жоғарыдан төменге қарай емес 
(педагог баладан биік), керісінше, «көлденең» 
(педагог  пен  оқушы  бірдей)  дәрежесінде 
ұйымдастырған жөн.

Балалармен  қарым-қатынас  жасауда 
олардың көңіл-күйін түсінуге талпыну керек, 
сыныптағы  климаттың  кішкентай  болса  да 
өзгерістеріне назар аударып тұрған дұрыс.

Тілдесу  кезінде  мұғалім  өзін  еркін 
ұста уы  тиіс,  ешқандай  бөгеліп  қалушылық, 
бейберекет қозғалыс, бос күлкі болмау керек;

Кейбір  оқушыларға  деген  келеңсіз 
ойларын  қарым-қатынас  барысында  көрсет-
пеу ге тырысу керек.

Мұғалімнің  сөзі  бір  балаға  немесе 
балалар тобына нақты бағытталуы қажет.

Қарым-қатынас 
«билік» 
түрінде 
құрыл мауы  тиіс.  Ең  кішкентай  сәбидің  де 
қарым-қатынаста өз еркіндігіне талпынатыны 
әрқашан есте болғаны жөн.

Балалар  ұжымындағы  психологиялық 
атмосфераны  тани  білуі  баламен  қарым-
қатынасқа көмегін тигізеді.

Оқушыларды  ести  және  тыңдай  алу 
керек.

Оқуышалардың  мұғаліммен  тікелей 
қарым-қатынасы кезінде олардың көңіл-күйін 
сезе білуі тиіс.

Балалар  арасында  теке-тірестер  орын 
алуы әбден мүмкін екенін және мұғалім өзінің 
педагогикалық  дәрменсіздігі  арқылы  оны 
ушықтырып  алуға  болатынын  ұмытпағаны 
абзал.

Баланың  қателігін  айту  кезінде  әдеп-
тілік танытқаны дұрыс.

«Қиын» мәселелерден аулақ болу үшін 
«неге?», «не үшін?» деген сұрақтан бастағаны 
жөн.

Қарым-қатынас  барысында  бастама-
шыл болғаны дұрыс.

Қарым-қатынас кезінде әсіресе қыздар-
ға көңіл бөлінуі қажет. Олар мейлінше нәзік, 
әрі эмоцияға жақын.

Балармен  қарым-қатынас  кезінде  бір 
қалыпта (тура жоспар бойынша) әрекет жасау-
дан аулақ болуы керек.

Кейбір  балаларға  деген  жеккөрініш 
сезімінен аулақ болып, оны жеңе білуі мұғалім-
нің педагогикалық шеберлігін білдіреді.

Констурктивті  бастамасыз  жасалған 
жұмыс (тек қана сынау) еш нәтиже бермейді.

Балаларға жиі күлімсіреу қажет. Күлкі 
балалармен тілдесуге, қарым-қатынас жасауға 
көмектеседі.

Оқушының «жүзіне қарап оқи алу».

Оқушылармен  ерекшеліктеріне  орай 
байланыс жасай алу.

Балаларды  жиі  қолдап,  мадақтап, 
мақтап отыру.

Оқушы мұғалімінің өзіне қалай қарай-
тын дығын білуі тиіс. Баланың тәртібіне берген 
баға оның мұғалімге деген қарым-қатынасын 
қалыптастырады.

Әр  әңгімеге  дайындалып,  әңгімелесу 
стратегиясын құру керек.

Балалардың  өсіп  келе  жатқаны  және 
олар дың  алғашқы  тәртібі  өзгеріп  отыратыны 
әрқашан есте болғаны жөн.

13
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Мұғалім мен сыныптың, тәрбиеші мен 
топтың арасында кедергілер орын алуы мүмкін. 
Бұл  арада  топтағы,  сыныптағы,  балалар  ара-
сын дағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды 
ескеру керек.

Сонымен қатар, ынталандыру, жазалау 
және мадақтау тәсілдерін пайдалана отырып, 
мұғалім  әр  балаға  қатысты  ерекше  әдепті 
болуы тиіс. Оқытушыны ұжымы қолдамағанда 
немесе  оқушылар  бұл  мақтау  негізсіз  деп 
есептеген жағдайда мадақтау әдепсіздік. Жаза 
қолдану  кезінде  тәрбиеленушіге  құрмет  пен 
талапты біркелкі қоя білу өте маңызды. Оқушы 
қылығына ренжуге, әсіресе бар ашуды баладан 
алуға, жеке басын қорлауға жол берілмеуі тиіс.
Кәсіби  этика  әріптестерімен  және  басқа 
адамдармен  түрлі  жағдайларда,  ресми  және 
бейресми қарым-қатынастар барысында көрі-
не тін  маманның  жалпы  мәдениеттілігі  дең-
гейінің  жоғары  болуын  көздейді.  Демек, 
педагогтың өмірінде қарым-қатынас мәдениеті 
ерекше рөл атқарады.
Әдепті  және  қарым-қатынас  мәдениетінің 
негізгі  талаптарын  білу  педагогтың  өзіне  де, 
өзі  оқытып,  тәрбиелеп  жатқан  балаларға  да 
қажетті.
Педагогтың­
бойында­
болу­
керек­
қасиеттер:

Өзін-өзі табиғи ұстау;

Жылы шырайлылық. Мұндай мұғалім-
мен тез тіл табысады;

Өзіне сенімділік;

Мейірімділік;

Балаларға деген шынайы махаббат;

Эмоционалдық байсалдылық;

Адамды  өзі  туралы  әңгімеге  жеңіл 
тарта алушылық;

Жиі табиғи жымию;

Әділдік;

Балаларға деген зейін;

Қайырымдылық;

Сергектік;

Өмірді сүйгіштік;

Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу;

Жігер;

Жақсы әзіл сезімі бар;

Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің 
бәрін анық бере алуы;

Оқушылар  мен  әріптестеріне  жиі 
қоше мет білдіріп отыру;

Этикет нормаларын жақсы меңгерген;

Өзіне өзі сыни тұрғыда қарай алушы-
лық;

Өзінің  кейбір  келеңсіз  жайттарына 
жеңіл әзілмен қарай алуы;

Жаны  асқақ  және  ар-намысын  ардақ-
тайтын;

Жаратылысынан игі істерге ынтызар;

Әділеттілік  пен  әділеттілерді  сүйіп, 
әділет сіздік пен озбырлықты жек көруі;

Адам  мүмкіншілігінің  шектеулі  екен-
дігін,  кей  сұрақтарға  ешқашан  жауап  ала 
алмайтындығын білуі.
Педагогтың­ бойында­ болмау­ керек­
қасиеттер:­

Сауатсыздық;

Адам жанын түсіне алмаушылық;

Дөрекілік;

Оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  қабыл-
дамау, сыйламау;

Әділетсіздік;

Бірбеткейлік;

Өзін-өзі ұстай алмауы;

Шыдамсыздық пен тағатсыздық;

Әдепсіздік;

Балаларға немқұрайлы қарау;

Өзінің пәніне немқұрайлы қарау.
Адамдармен  жақсы  қарым-қатынас  құру 
мұғалімнің кәсіби қасиеті – оқушыны тыңдай, 
ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды 
кәсі би қасиетінің бірі – көшбасшылық қабіле-
тінде.
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгер-
шілік  қасиеттері  қоғамдық  құндылыққа 
айналады,  бұл  қасиеттерсіз  мұғалімнің  басқа 
да  кәсіби  қасиеттері  мен  икемділіктердің 
құн ды лықтары  жойылады.  Зияткерлік  және 
психологиялық қасиеттермен бірге жауапкер-
шілік,  абырой,  әділеттілік,  шынайылылық, 
ар-ұят,  қарапайымдылық  сияқты  қасиеттер 
педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары 
болып табылады.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, тіл шебер-
лігі педагогикалық техниканы талап етеді. Яғни, 

14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
педа гогтың  бойындағы  тәрбиеленушілерге 
ық пал  жасайтын  икемділіктер  кешені  төмен-
дегідей:

дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі 
(сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінез-
демесі, интонация, сенім туғызуы);

жест және мимиканы, пантомимиканы 
қолдана білу икемділігі;

өзінің  психикалық  жағдайын:  сезім-
дерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі;

өзін-өзі  сырттай  көре  алу  икемділігі 
(әлеуметтік перцепция).
Сөйлесу кезінде қолын айқастырмай, ауди-
то рияға бетімен бұрылып тұруы, араларындағы 
қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде 
оңға,  солға  емес,  керісінше  алдыға,  артқа 
қозғал ған  дұрыс.  Алдыға  қозғалғанда  айтып 
тұрған  ақпараттың  маңыздылығын  күшейтіп, 
ал артқа қозғалғанда тыңдаушыларға кішкене 
дем алуға мүмкіндік берілуі ескерілуі керек.
Мимика  –  беттің  қимылдары  арқылы  өз 
сезі мін,  ойларын  көңіл-күйін  көрсету  өнері. 
Сөзге қарағанда бет-әлпет, көзқарас адамдарға 
көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы 
қабылдатуға көмектеседі.
Педагогикалық техника педагог іс-әрекеті-
нің  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы  көрінісінің 
үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды.
4. Мұғалім келесі адами қасиеті сипаттары 
қағидаларын басшылыққа алуы тиіс:

Балаларға әрқашан сенім көрсету;

Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен 
міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесу;

Оқушылардың оқуға деген ішкі қызы-
ғу шылығына мән беру;

Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретін-
де,  оқушы  қиындыққа  кездескенде  әрқа шан 
кеңес алуға болатын тұлға болу;

Балалардың,  әріптестердің  ішінде  өз 
сезімін ашық білдіру;

Әрбір  оқушының  сезімі  мен  көңіл 
толқуларын  түсінуге  мүмкіндік  беретін 
эмпатиялық дәрежеге ұмтылу.
Сонымен,  ойымызды  қорытатын  болсақ, 
егер де кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, 
табандылық танытатын болса, өз бетімен көп 
еңбектенсе,  идеялық  жағынан  сенімді,  саяси 
жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы 
білсе,  оқытудың  әдістемесін  меңгеріп,  бала 
психологиясын  жете  білсе,  педагогикалық 
техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық 
шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, 
педагогикалық  кәсіпті  меңгерсе,  педагоги-
ка лық  әдепті  бойына  сіңірсе,  онда  талантты, 
шебер ұстаз бола алады.
«Ұстазы  жақсыдан  ұстамы  жақсы  оқушы 
шығатынын» естен шығарауымыз керек. Өйт-
ке ні,  оқушының  бойына  шынайы  білім  мен 
білік  дағды ларын  дарытып,  зердесіне  ғылым 
негіздерін  тоқыта  алған,  әр  оқушыны  өзіне 
жақын  тартып,  тәрбиеге  баулып,  үйренген 
нәрселерін  өмірде,  іс  жүзінде  қолдана  білуге 
дағдыландыратын, педагогикалық этикеті мен 
эстетикасы  астасуы  арқылы  оқушыларына 
үлгі бола алған адам ғана нағыз ұстаз болмақ!


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал