№1 (304) 19 ақпан, 2015 жыл Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым ж а й ы қ «Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен байланысты»



жүктеу 0.72 Mb.

бет7/7
Дата20.03.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Қуанышбек Ақынбасов,

Казталов ауданы білім беру 

бөлімінің әдіскері

40 жыл 

бір мек

тепт

е

Өткен  аптада  Подстепный    №  1 

ЖББОМ  «Оқырмандардың  кітап  оқуға 

қызығушылығын  арттырудағы    мектеп 

кітапханасының  рөлі»  тақырыбында  

кітапханашылар  арасында        аудандық 

семинар 

өткізілді. 

Семинардың 

эпиграфы:  «Кітап  –  жан  азығы, 

жығылғанға  сүйеу  болады,  адасқанды 

тура  жолға  салады.»    Аудандық 

семинардың 

мақсаты 


к і т а п х а н а ш ы л а р д ы ң 

қазіргі білім беру 

п р о ц е с і н д е г і 

жаңалықтарды 

өз 

жұмыстарында  пайдалануына, 



теориялық  және  әдістемелік  жағынан 

шеберліктерін  жетілдіруге  ықпал  ету, 

оқушылардың  ақпараттық  мәдениетінің 

деңгейін 

көтеру, 

оқырмандардың 

қызығушылығын  арттыру.    Семинар 

өткізуге  ұйытқы  болған    -  аудандық 

білім  бөлімінің  әдіскері  Э.Қазиқанова. 

Семинарға 

аудан 

мектептерінен 



45  кітапханашы  қатысты.  Семинар 

барысында    Подстепный  №1  ЖББОМ 

қазақ 

тілі 


пәнінің 

мұғалімі, 

І 

деңгей 


бойынша 

сертификатталған 

Мұқанова 

Г.Н. 


 

«Кітап-ақылшы 

досың» 

тақырыбында 



әдеби 

кеш 


өткізді.  Тәрбиелік  мәні  бар  кеш  келген 

көрермендердің көңілінен шықты. Кітап 

туралы өлең жолдары оқылып, көптеген 

қанатты сөздер айтылып, кітаптың қадір 

– қасиеті туралы көріністер  көрсетілді. 

Тәрбиелік  шараның  барысында  жан-

жақтан 

келген 


кітапханашыларға 

«Қазіргі  таңда    мәліметтер  іздеуде 

кітапхананы  пайдаланасың  ба,  әлде 

ғаламтор  әлемін  пайдаланған  ыңғайлы 

ма?»  деген  үлкен  сауал  тасталып, 

постер  қорғалды,  өз  ойларын  ортаға 

салды.  Кітапханашылар  қазіргі  заман 

көзқарасымен 

қарап, 

ғаламтордың 



пайдасын  да  айтып  өтті,  бірақ  кітапты 

оқуға көп көңіл бөлу керектігін де баса 

айтты.

Сонымен 


қатар, 

Жеңістің 

70 

жылдығына  орай  өткізілген  «Отты 



жылдар  жаңғырығы»  атты  ашық  тәрбие 

сағатын    қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 

Нагимова Б.Ж. ұйымдастырған болатын. 

Тәрбие 


сағаты 

«Алақан 


жылуы» 

треннингі  арқылы  келген  қонақтар 

жылы  лебіздерін  білдіруінен,  Ұлы 

Отан  соғысында  қаза  тапқан 

ардагерлерімізді 

еске 


алудан  басталды.  

Оқушылар 

Ж е ң і с  

т у р а л ы , 

бейбітшілік 

туралы 


өлең  жолдарын  оқып,  соғыс 

туралы  ән  шырқады.    Оқушылар 

соғыс  ардагерлеріне  арналған  ізденіс 

жұмыстарын  презентациямен  көрсетіп 

өтті.    Қанатова  А.  «Аталар  ерлігіне 

тағзым»    атты  жүрекжарды  өлең 

жолдарын оқып, келген қонақтарды разы 

қылды.    Ұйымдастырылған  шаралар 

көпшіліктің  көңілінен  шығып,  келген  

кітапханашылар  алғыстарын  айтып, 

ұсыныстарын  білдірді.

Семинар  барысында    Шерхан 

Мұртазаның 

«Ай 


мен 

Айша» 


романына  талдау  жасалып,  кітаптар 

көрмесі 


ұйымдастырылды. 

Мектеп 


кітапханасында  құжаттардың жүргізілуі 

туралы 


 

мектеп 


кітапханашысы 

Тариева  А.М.    баяндама  жасап,  өз 

тәжірибесімен  бөлісті.  Жан-жақтан 

келген  кітапханашылар  әдістемелік 

көмек алып, өз білімдерін жетілдірді. 

Жаңа  форматта  білім  жетілдірген, 

ІІ  деңгей  бойынша  сертификатталған, 

І  санатты  ұстаз  Қажимова  Н.М. 

«Поиск  путей  решения  по  проблеме 

уменьшения  интереса  к  чтению  у 

учащихся» 

тақырыбында 

коучинг 

өткізді.    Кітапханашылар  арасында 

көтерілетін  мәселелерді  ортаға  салды. 

Кітапханашылар  өз  ойларын  айтып, 

мәселелердің  шешімдерін  тапқандай 

болды. 


Семинарды аудандық білім бөлімінің 

әдіскері Э.Б.Қазиқанова қорытындылап, 

келген 

кітапханашылар 



семинар 

барысында  өткен  іс-шараларға  талдау 

жасап,  семинардың  жақсы  өтуіне 

мүмкіндік  жасаған  мектеп  директоры 

Ақылбай  Асмақұлы  Қаймуллдиновке 

алғыс  айтып,  семинар  жұмысына  оң 

бағаларын берді. 

Нұргүл Асқарова,

Подстепный №1 ЖББОМ, қазақ 

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Т

а ғ ы

л ы м

ы 

м о л

  с е м

и н а

р

Ізденіс іздері


12

Жайық ұстазы

19 ақпан, 2015 ж.

 МЕНШІК ИЕСІ:

“Өрлеу” біліктілікті арттыру 

ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының филиалы “Батыс 

Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты”

Бас редактор: 

АҚМАРЖАН ТАуБАЕВА

Жауапты хатшы:

Руфия Афлетонова

Тілші: Рысты Исмағұлова

Компьютерлік 

жұмыстар:

Жанаргүл Біржанова

* Газет айына екі рет шығады

* Редакция оқырман хаттарына 

жауап бермейді, хаттар мен қолжазба 

қайтарылмайды

* Автор мақалалары редакция көзқарасын 

білдірмейді

* Деректердің дәлдігі үшін автор 

жауапты

Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат 

және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп, 

№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.

Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы, 

238 үй. 

Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru

Жалпы тираж 4000

Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында 

басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3. 

Тел: 50-51-46

Ұ

с т а з ы   м е й і р л і н і ң 

-   ш ә к і р т і   п е й і л д і

* * *   А л ғ ы с   а й т а м ы з ! * * *

«Ертеңгі 

сабақтан 

сұ

рап  алайын,  емханаға 



баруымыз  керек дегенде, 

ұлымның    «Сабақтан 

қалмай-ақ 

қояйыншы, 

апайымды    ренжіткім 

келмейді» 

деген 


сөзін 

естігенде, 

бір 

сәт  ойланып    қалдым. 



Аппақ  қардай  сәби  көңіл 

бәрін  білуге    құштар. 

1 - с ы н ы п т ы қ т а р д ы ң 

талабы  таудай.  Сан  ілім 

негіздерінің  кіріспесімен  

танысуға 

 

асық. 


Сондықтан олар өздерінің 

бойларына  білім  нәрін 

сіңіріп,  таным  көкжиегін 

кеңейтіп,  зейінін  ұш-

тайтын    мұғалімдерін 

ұлы  күш,  құдіреттей  

сезінеді. 

Арқасынан 

қағып мадақтаса,  төбелері  көкке жетердей  

қуанады.  Олар  үшін  әрбір  алған  бестік 

баға-арманның алғашқы  баспалдағындай. 

Ұстаз  дегенде,  әркімге    алғаш  қолға 

қалам  ұстатып,  білім  әлеміне  жетелеген 

ардақты  ұстаздары  есіне    түсері  даусыз. 

Ұстаз  сөзін  естігенде,  бойыңа  жылылық 

ұялайды. Өйткені ол - саған жанашыр жан. 

Ал,  ешкім  өзінің  жақын  тұтар  адамының 

көңіліне қаяу  түсіргісі келмейді. Сабақтан 

қалып, ұстазын  ренжіткісі келмеген ұлыма 

қарап, менің де есіме ұлағатты ұстаздарым 

түсті... 

«Ұстазы  пейілді  болса,  шәкірті  

зейінді болады» дейді дана халқымыз. Әр 

шәкіртінің  жетістігіне қуанып, сүрінгенде 

қолтығынан  демеген    ұстаздың  орны  

шәкірті  үшін    әрқашан  бөлек.  Білім  нәрін 

сіңіру  үшін  тек  терең  білім  ғана  емес, 

сезімтал  жүрек  пен  мейірім,  шәкіртінің 

әрбір  ұмтылысына    қуанып  отыратын 

шынайы  көңіл,      жанашыр  тілек    қажет 

екені даусыз.

«Адамның 

адамгершілігі 

жақсы 


ұстаздан» - дейді  ұлы Абай. Біз сөз еткелі 

отырған  №44  орта  жалпы  білім  беретін 

мектебінің  1-«Е»  сыныбының  мұғалімі 

Марал 


Байдукқызы 

Исмағұлова  -  өз  ісіне 

жан-тәнімен 

берілген 

ұлағатты  ұстаз  деген 

атқа  сай    маман.  Ол 

25  жылдық  ұстаздық  

өмірінде  талай  шәкіртті 

тәрбиеледі. 

Олардың 


ішінде  грант  иегерлері, 

таңдай  қақтырған  өнер 

иелері  де,білім  биігінен 

көрінген  үздіктері  де, 

сан  қырлы  мамандық  

иелері    бар.  Ал  Марал 

Байдуққызының    басты 

қ а ғ и д а с ы - қ а н д а й 

мамандық  иесі  болса  да, 

шәкірттерім  ел  сүйгіш, 

адамгершілігі    мол, 

талапты, білімді  боп  өссе 

дейді.  2-«Е»  сыныбында 

мерекелерге 

орай 

өткізілген  кештердің  қай-қайсысының  өн 



бойында бір ұстаз бен шәкірт арасындағы 

қамқорлық, 

жанашырлық 

сезіледі.

Бұл  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 

жылы    қарым-қатынас,  түсіністіктің 

белгісі.  Бүлдіршіндердің  әуені  келіссін-

келіспесін    жамырай  шырқаған  әндері, 

еріксіз  езу  тартқызар  аңғалдықтары, 

сахнада өздерін  қалай ұстайтындықтарын 

білмеген  алғашқы  қадамдары-кіршіксіз  

шынайылықтың көрінісі. Олар үшін  шыр- 

пыр болған, ұстаздарының  кейпі - құдды 

қамқор  ана.  Білікті  маман-тек  оқушымен 

ғана  емес,  олардың  ата-аналарымен  де 

үнемі  байланыста.  Өйткені  жан-жақты 

берілген  тәрбие  ғана  баланың  саналы 

тәрбие,  сапалы  білім  алуына  ықпал  етеді. 

Өскелең  ұрпақтың    ертеңіне  жол  ашатын 

осындай  ұстаздар  аман  болсын!  Марал 

Байдукқызының  уақытпен  санаспаған 

ерен  еңбегі  еселеніп,  қажыр-қайраты 

ортаймасын!  2-«Е»  сыныбының  ата-

аналарының атынан зор алғыс білдіреміз!



44 ЖББОМ 2 «е» сынып 

оқушыларының ата-аналары 

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А у

Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің халқымыздың 

және бүкіл ТМД халықтарының Ұлы Отан 

соғысында сұрқия сипатты обаны 

жеңіп шығу үшін қандай 

ұлы  құрбандықтарға 

барғаны  әрбір  жаңа 

б у ы н д ы 

тынымсыз тәрбиелеудің 

тақырыбы  болуы 

керек»,  -  деп  атап 

көрсетті.

Бұдан  70  жылдай 

бұрын  келген  Жеңіске  миллиондаған 

адамның  ерен  ерлігі  мен  қайтпас  қайсарлығының  арқасында  қол 

жетті. Оны қастер тұтып, есте сақтау-бүгінгі және келер ұрпақтың 

қасиетті борышы.

Ерліктері  тарих  бетіне  алтын  әріппен  жазылған,  Жеңіс  күнін 

жақындатуға  үлес  қосқан  барлық  ардагерлеріміз  батырлық  пен 

ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік  пен 

адалдықтың өлшемі болып қала береді.

Бұл-жанқиярлық ерлік пен елдіктің рухы өрлеп,Жеңіс жалауының 

желбіреген күні. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы 

осы қастерлі де қасиетті күннің жемісі.

Қазақ    жауынгерлерінің  майдандағы  ерлігі  мен  тапқырлығы, 

жауынан  тайсалмайтындығы  мен  сұстылығы  достарымызды 

сүйсіндіріп,  дұшпандарымызды  күйіндірді,қазақтар  шын  мәнінде 

жаратылысы  батыр,  ерлік  дәстүрі  қалыптасқан  ержүрек  халық 

екенін дәлелдей білді. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы  

халықтар басына түскен ауыртпалықтың  тарихи сын кезеңі болды. 

Осы  сыннан  халқымыз  мүдірмей  өтіп,әлем  алдындағы  беделі 

асқақтай түсті.

Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары барған 

сайын бізден алыстап тарихқа еніп барады. Бірақ сол естен 

кетпес  жылдар  бізден  неғұрлым  алыстаған  сайын, 

соғыс  салған  жара  неғұрлым  жазылған 

сайын  кеңес  халқының  ғажайып 

ерлігі соғұрлым аса ұлы 

болып көрінеді. 

Халықтарды  езіп-

жаншудан  өз  қанын  төгумен 

аман сақтап қалғандарды,дүниежүзілік 

өркениетті қорғап қалғандарды адамзат баласы 

ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс жалыны басылғанына 70 

жылға жуық өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге 

ең  алдымен  бейбітшіліктің  бағасын  ұқтырады.  Қасіретті  жылдар 

бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып қанын төккен аяулы 

ата-әкелеріміздің  есімдері  тарих  төрінде  айшықтала  түсуде.  Олар 

бізге соншалықты қымбатқа түскен Жеңістің қадірін ұғындырады. 

Милиондаған  адамның  өмірімен  қолымызға  тиген  1945  жылғы 

Жеңіс күні бізге қымбат.

Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен 

соғыстың  не  екенін  түйсініп  жанымыз  түршігеді.  Болашақ  өмір, 

ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де 

ұмытылмастай тарихта жазылды.

Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш-қайрат көрсеткен 

және  сұрапыл  шығындарға  ұшыраған  Кеңес  Одағы  фашистік 

Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл 

бойы  соғыс  қырғыны  жауынгерлердің  қатарын  селдіреткені,  ал 

мұның өзі қалалар мен ауыл, селоларға «қара қағаз» болып жетіп, 

жесірлердің көз жасына 

айналып  жатқаны  да 

кешегі  ақиқат.  Төрт 

жыл бойы өзінің қамын 

ойламаған 

тылдағы 

еңбеккерлер  майданға 

ә с к е р и 

өнімдерді 

жөнелтіп 

жатты. 


Мамырдың 

жайма-


шуақ 

күнінде 


мерекелік 

салют 


адамзат  тарихындағы 

ең  сұрапыл  соғыстың 

жеңіспен 

аяқталуы 

туралы хабардар етті.

Міне, осы сұрапыл 

соғыс,  оның  жеңіспен 

а я қ т а л у ы , б ү г і н г і 

ұрпаққа  батырлық,  ерліктің  тәлім-тәрбиесі,  үлгісі  жайында 

ақындарымыз  жыр  шумақтарын  арнады.  Қан  майданның  төрінде 

жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың 

рухына  бас  иіп,  мәңгілік  тағзым  етеміз.  Батырларымыздың  қаны 

төгілген бұл даланы көзіміздің қарашығындай қорғай білейік, кейінгі 

ұрпақ!


Өйткені біздің мемлекет - кешегі бабаларымыз табыстаған,сәт 

сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан !



Айнагүл Қадешова,

А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ тарих 

пәні мұғалімі

  Ұ л ы   Ж е ң і с к е   7 0 - ж ы л

Жеңістің т

уы, ж

елбіре !

Құрметті әріптесіміз Рысты 

Қалауқызы!

Сізді  адам  өміріндегі  мерейлі  сәттің 

бірі  –  зейнет  демалысына  шығуыңызбен 

құттықтаймыз!

Жас кезіңізден жазуға ден қойып, өлең, 

очерк,  мақалаларды  Ақжайық  аудандық 

газетінде  молынан  жариялаған  журналист, 

тереңнен толғайтын тілші ретінде басталған 

еңбек жолыңыздың бел ортасында еліміздің 

аға басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің 

тұруы – Сіздің өміріңіздің шоқтығы биік бір 

кезеңі. 


Жастық  дәуреніңіз  Жайық  жағасынан 

басталып, ақ бас Алатауда асқақтаған жарқын 

естелігі  көп  жылдар  Сіздің  жүрегіңізді 

жылытып, әлі талай рухани нәрлі сезімдерге 

бөлей беретіндігі анық.

Ал,  зейнеткерлікке  жеткізген  облыстық 

«Жайық  ұстазы»  газеті  де  үш-төрт  жылдай 

уақыт  Сіздің  серігіңіз  болды.  Редакцияның 

күнделікті  тірлігіне  етене  араласып,  талай-

талай  әріптестер  мен  педагогтар  бейнесін 

«Ұстаздар 

ұстаханасы», 

«Ұстаздар 

әлемі»  жинақтарына  ұсыну  арқылы 

Сіздің  қолтаңбаңыз  облыс  білім  саласы 

баспасөзінде  өз  айшығын  қалдырды.  Сізге 

ұшқыр  қалам,  адал  еңбегіңіз  үшін  алғыс 

білдіреміз.

Құрметті  әріптес,  жүрегі  сәт  сайын 

«балам!»  деп  соққан  ана,  қаламы  қуатты 

журналист  ретінде  танымал  өзіңе  деген 

тілегімізді  қабыл  ал:  зейнеткерлік  жасыңа 

алла қуат бергей!

Амандық-саулықпен көрісіп жүрейік,

Жақсылықтарды бөлісіп жүрейік. 

Бақыттың базарында жолығысып,

Әрдайым «Сіз-бізіміз» келісіп жүрейік.

Құрметпен: «Жайық ұстазы» 

газетіндегі әріптестері атынан 

Ақмаржан Таубаева

Құрметті Жұмажан Қамешқызы!

Сізді  Бұлдырты  ЖББОМ  ұжымы 

50  жасыңызбен  құттықтаймыз!  Сіз  25 

жылдан  бері  өзіңіз  оқыған  Бұлдырты 

білім  шаңырағында  география,  биология 

пәнін  оқытып  келесіз!  Тәуелсіз  еліміздің 

болашағы  –  қаншама  жастар  сізден  білім 

алып,  сусындап  өсті,  ізіңізді  жалғастырды. 

Қаншасы  биология  пәнін  таңдап,  медицина 

институтында  білім  алуда.  Осы  30  жылға 

тарта  еселі  еңбегіңіз  шәкірт  тәрбиелеуге, 

еліміздің  ертеңін  жетілдіруге  жұмсалды. 

Қазір  еңбегіңіз  жемісті,  шәкірттеріңізге 

сыйлы,  әріптестеріңізге  ақылшы,  ізденгіш 

те  жалынды,  тәжірибелі  шебер  ұстазға 

айналдыңыз.  Оның  дәлелі  аудандық, 

облыстық  пән  олимпиадаларынан  жүлделі 

орын алып жүрген шәкірттеріңізбен өзіңіздің 

қатысқан  олимпиада,  сайыстарыңыз.  Сіздей 

әріптесімізбен  мақтанып,  Сізге  осы  50 

жас  бедерінде  мықты  денсаулық,  бақытты 

отбасын,  шығармашылық  жетістік  тілейміз! 



Шәкірттеріңіз білім шыңынан көріне бергей!

Игі тілекпен: Бұлдырты 

ЖББООМ ұжымы


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал