№1 (304) 19 ақпан, 2015 жыл Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым ж а й ы қ «Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен байланысты»



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/7
Дата20.03.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ұ   с   т   а   з   ы

№1 (304)

19 ақпан,

2015 жыл

 

Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым

Ж А Й Ы Қ

«Адам  баласының  бақыты  оның  жүрегінің 

тазалығымен байланысты»,- деп  Абай  айтқандай, 

қазіргі таңда білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін алдымен 

оның ішкі жан дүниесінің тазалығын қалыптастыру 

-  «Өзін-өзі  тану»  пәні  мұғалімдерінің  басты 

міндеті.  Бүгінгі  ұрпақ  -  ертеңгі  елдің  болашағы. 

Сондықтан  әр  баланың  өмірге  именбей  еркін 

араласып,қоғамда  өз  орнын  қалыптастыруына, 

дүниенің бір кірпіші болып қалануына басты бағыт 

беретін де осы пән иелері. Балаға осы бағыттарда 

білім беруші ұстаздардың, яғни «Өзін – өзі тану»  

пәні  мұғалімдерінің  облыстық  олимпиадасы 

болып  өтті.  Бұл  сайысқа  жүрегі  таза,  баланың 

жанын түсіне білетін,әр сабағына жаңалық енгізіп 

оқушының  қызығушылығын  оятатын  ізденімпаз, 

өз ауданының бас жүлдесін иемденген 10 жеңімпаз 

қатысты. Сайысты облыстық Білім басқармасының 

мектепке  дейінгі,  жалпы  орта,  техникалық  және 

кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-

әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. 

Олимпиада үш турдан тұрды:              

І тур. «Жаңа үлгідегі сабақтар фестивалі».

ІІ  тур.  Тест  тапсырмаларын  орындау.  Эссе 

жазу.


ІІІ  тур.  Презентация.  Таныстыру.  Сахналық 

шеберлік.

Осы аталған турлар бойынша қатысушылардың 

білімі  мен  білігі,ізденісі  мен  тапқырлығы 

сараланып,  қазылар  алқасының  шешімімен 

төмендегідей орындар берілді.

Бас жүлде – Шукирова Қымбат Байзуллақызы, 

Жаңақала ауданы,          Пятимар ЖББОМ.

І орын – Мурзагалиева Ләззат Темірғалиқызы, 

Сырым ауданы, В.И.Шубин атындағы ЖББОМ

ІІ  орын  –  Калкеева  Мария  Сүйеуғалиқызы. 

Ақжайық ауданы, Тайпақ ЖББОМ.

ІІІ орын – Сәрсенәлиева Ақмарал Базарбайқызы, 

Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы ЖББОМ.

Олимпиада жеңімпаздары диплом және бағалы 

сыйлықтармен  марапатталды.  Олимпиаданы 

ұйымдастыру мен өтілу барысына жауапты болған 

облыстық  «Өзін-өзі  тану»  пәндер  бірлестігінің 

әдіскері  Дариға  Кариманқызының  өз  жұмысына 

деген  жауапкершілігін  атап  кеткім  келеді.  

Олимпиада Орал қаласындағы №37 мектепте өтті. 

Олимпиаданың  жоспарға  сай  өтілуіне  барлық 

жағдайды  жасап,  сайысқа  қатысушыларға  ұжым 

тарапынан  әдістемелік  көмек  ұйымдастырған 

мектеп директорының міндетін атқарушы Айболат 

Бердіғалиұлына,  олимпиадаға  қатысушыларға 

психологиялық  тренингтер  өткізген  мектеп 

психологы 

Гүлжанат 

Ордағалиқызына 

қатысушылардың алғысы шексіз.

«Өзін  –  өзі  тану»  -  өміршең  ғылым,  демек 

болашақта  да  мұндай  игі  істер  жалғасын  таба 

беретініне сенімдімін.



Нұрбану Рахишева,

Қалалық білім бөлімінің сызу

бейнелеу, өзін-өзі тану, технология 

пәндерінің әдіскері

«Өзін-өзі тану» пәні 

2015 жылдың 27 қаңтары күні «Өрлеу» 

біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы» 

акционерлік  қоғамының  филиалы  «Батыс 

Қазақстан облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің 

біліктілігін 

арттыру 


институтының»  ұйымдастыруымен  Теректі 

ауданы  Шаған  ЖББОМ-де  бастауыш 

сынып  және  мектепалды  даярлық  тобы 

мұғалімдеріне  арналған  «Оқу  үрдісінде 

сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегияларын 

пайдалану»  атты  облыстық  семинар  өтті.  

Семинар  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

сын 


тұрғысынан 

ойлауын 


дамыту 

көзқарасында  өз  пәнін  оқыту  жолдары, 

әдістері  мен  нысандары  туралы  кәсіби 

ойлауын 


қалыптастыру 

мақсатында 

ұйымдастырылды. Семинар аясында:

-  Оқытудағы  Кембридж  тәсілінің 

теориялық негіздері;

Диалог  арқылы  сыни  тұрғыдан 



ойлауды дамыту;

Белсенді  танымдық  қызметтің 



ұстанымдары;

Сыныптағы оқыту ортасы;



Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

әдістері тақырыптары ашылды. 

Осы  семинар  барысында  педагогтер 

оқытуда 

жаттанды 

ақпараттан 

гөрі, 


ондағы  мәселені  зерттеуге,  талдауға  және 

салыстыруға,  ой  толғауға  және  бағалауға 

көшуіне күш салу керек екені туралы түсінік 

алды. Сонымен қатар өз бетімен ақпаратты 

қалай табуға болатынын, оны қалай өңдеп, 

өмірде  қалай  қолдану  керектігін  білетін, 

әлемдік  стандарт  талаптарына  сай  келетін 

оқушыны  қалай  дайындауға  болатыны 

талқыланды. 

Семинар 


интербелсенді 

әдістер,  тренингтер,  жұптық  және  топтық 

жұмыстар арқылы жүзеге асты.

С.Әбитова, Ж. Узахова,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

«БҚО ПҚБАИ» ДБО тренерлері

Д е ң г е й л і к   б а ғ д а рл а м а   ф и л о со ф и я с ы 

м е н   ә д і с т е р і   і с - т ә ж і р и б ед е

«Менің  тілім  -  Дауға  салса,  алмастай  қиған, 

Сезімге  салса,  қырандай  қалқыған,  Ойға  салса, 

қорғасындай  балқыған,  Өмірдің  кез  келген 

орайында әрі қару, әрі қалқан болған әрі байырғы, 

әрі мәңгі жас отты да ойнақы тіл» деп Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың өзі  ыстық ықыласпен сипаттаған  

ана тіліміз-рухани  байлығымыз. Сол  мемлекеттік 

тілдің  қолдану  аясын  кеңейту,  қазақ  халқының 

мәдени,  әдеби  және  рухани  қазыналарын  кеңінен 

насихаттау, 

оқушылардың 

шығармашылық, 

ізденушілік  қабілеттерін,  мәдени  дүниетанымын 

дамыту  мақсатында  2015  жылдың  31  қаңтар  -  1 

ақпан  күндері аралығында  БҚО білім басқармасы 

мен    «Дарын»  қосымша  білім  орталығының 

қолдауымен   Батыс Қазақстан облысының дарынды 

балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған 

мектеп- лицей-интернатында  «Жарқын болашақ» 

ҮІІ  республикалық  «KATEV»    қазақ  тілі 

олимпиадасының облыстық кезеңі оздырылды.

«Жарқын  болашақ»  қазақ  тілі  олимпиадасы 

облысымызда жетінші рет өткізіліп, ана тіліміздің 

мерейін өсіріп, мәуелі бағын кеңейтетін талантты  

шәкірттерге жол ашуда.  Дарынды шәкіртке қолдау 

көрсету  жолындағы  шара  5  бағыттан  тұрды: 

«Тілші-әдебиетшілер», 

«Жазушылар», 

«Жас 


ғалымдар»,  «Әнші-бұлбұлдар»,  «Сөз  шеберлері» 

бағыты.  Бағыттар  бойынша  әр  ауданнан  1  қазақ 

және 1 өзге ұлт өкілдері қатысты алды және олар 

белгілі  бағалау  криерийлері  бойынша  жеке-жеке  

бағаланды.

Байқауға  облыс бойынша 11 аудан, 3 облыстық 

мектеп  және  қала  мектептері  бойынша  қалалық 

кезеңнен  өткен  1  команда  қатысты.  Барлық 

қатысқан оқушы саны – 95.   Бес бағыт бойынша 

қазылар  алқасы  байқауды    саралап,  төмендегідей 

қорытынды шығарды: 

«Тілші әдебиетшілер» бағыты (қазақ тобы)

Аты-жөні:  Қылышбай  Г.  -  Орал  қаласы, 

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясы, 

І орын. Жетекшісі - Г.Ү.Тасқарина.

Боранова  Ж.  -  Бөрлі  ауданы,  №6  ЖББОМ,  ІІ 

орын. Жетекшісі-Акашева К.Н.

Максимова М. - Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев 

атындағы  ЖББОМ,  ІІІ  орын.  Жетекшісі-

Сәрсенғалиева А.

Баяшева  Б.  -  Жаңақала  ауданы,  Жүнісов 

атындағы ЖББОМ, Алғыс хат.

«Тілші  әдебиетшілер»  бағыты  (өзге  ұлт 

өкілдері тобы)

Джумагельдина  М.  -  Жаңақала  ауданы,    №3 

ЖББОМ, І орын.

Чикибаева  В.  -  Орал  қаласы,  №28  мектеп-

лицей, ІІ орын. Жетекшісі-Амандаулетова А.К. 

Абутолыбов А. – Орал қаласы, ҚТЛ. ІІІ орын, 

Жетекшісі-Абилова М.С.

Хохлачева А. - Орал қаласы, №8 облыстық 

дарынды балаларға арналған мектеп, Алғыс хат. 

Жетекшісі-Бижанова М.



«Сөз шеберлері» бағыты (қазақ тобы)

Болат Бекзат - Орал қаласы, №30 ЖББОМ,  

І орын. Жетекшісі- Жексенғалиева Ж.Ө.

Бектас  Әнуарбек  -  Орал  қаласы, 

Ә.Молдағұлова  атындағы  №38  мектеп-

гимназиясы, ІІ орын. Жетекшісі-Тасқарина 

Г.Ү. 

Сағындық  Иса  -  Шыңғырлау  ауданы, 



Қылышев  атындағы  ЖББОМ,  ІІІ  орын. 

Жетекшісі-Уксукбаева Б.Қ.

Сәрсен  Меңсұлу  -  Сырым  ауданы, 

Жамбыл  атындағы  ЖББОМ,    Алғыс  хат. 

Жетекшісі-Аяпқалиева М.

«Сөз  шеберлері»  бағыты  (өзге  ұлт 

өкілдері тобы)

Штайнгельберг  А.  -    Зеленов  ауданы, 

Дарьинск  ЖББОМ,  І  орын.  Жетекшісі-

Акименко С.Е.

Гайсина  Р.  -  Казталов  ауданы, 

Молдашев атындағы ЖББОМ, ІІ орын. Жетекшісі-

Қарасаева А.

Дизина  В.  -  Орал  қаласы,  Эстетикалық 

бағыттағы  гимназия,  ІІІ  орын.  Жетекшісі-

Сейітқалиева Г.А.

Петри  Адам  -  Орал  қаласы,  ҚТЛ,  Алғыс  хат. 

Жетекшісі-Абилова М.С.



«Жазушылар» бағыты (қазақ тобы)

Ғилымханов  М.  -  Жаңақала  ауданы,  І  орын. 

Жетекшісі-Исатаева Л.И.

Мұхамбетова  А.  -  Жәнібек  ауданы,  Ұзынкөл 

ЖББОМ, ІІ орын.

Ибрагим  Данияр  -  Зеленов  ауданы,  Даринск 

ЖББОМ, ІІ орын. Жетекшісі-Қанатова А.А.

Ғабдуали  А.  -  Орал  қаласы,  №42  «Ақниет» 

гимназиясы, ІІІ орын. Жетекшісі-Айтқалиева А.С.

Темьярова  Р.  -  Бөрлі  ауданы,  №1  Мектеп-

балабақша кешені, ІІІ орын. Жетекшісі-Дауленова 

Ә.М.


«Жазушылар»  бағыты  (өзге  ұлт  өкілдері 

тобы)

Юсупова  А.  -  Жаңақала  ауданы,  Пятимар 

ЖББОМ, Алғыс хат.

Хасенова  А.  -  Қаратөбе  ауданы,  Қаратөбе 

мектеп-гимназиясы,  Алғыс  хат.  Жетекшісі-

Мұқанова А.Қ.



«Жас ғалымдар» бағыты (қазақ тобы)

Тұрмыс А. - Теректі ауданы, Ақсуат ЖББОМ, І 

орын. Жетекшісі-Рамазанова Г.

Мыңжасова  Е.  -  Орал  қакласы,  Молдағұлова 

атындағы  №38  мектеп-гимназиясы,  ІІ  орын. 

Жетекшісі-Тасқарина Г.Ү.

Сарымсақов А. - Жаңақала ауданы, Айдархан 

ЖББОМ, ІІ орын.

Мақсотова  А.  -  Бөрлі  ауданы,  Қызылтал 

ЖББОМ, ІІІ орын. Жетекшісі-Тұрсынғали Л.Қ.

Айтбай  А.  -  Қаратөбе  ауданы,  Қаратаев 

атындағы  ЖББОМ,  Алғыс  хат.  Жетекшісі-

Қилыбаева А.А.

«Жас ғалымдар» бағыты(өзге ұлт өкілдері 

тобы)

Луканина  В.  -  Теректі  ауданы,  Ақсуат 

ЖББОМ, І орын. Жетекшісі-Бегалиева С.А.

Даракчьян А. - Казталов ауданы, Молдашев 

атындағы  ЖББОМ,  Алғыс  хат.  Жетекшісі-

Баделова Л.



«Әнші-бұлбұлдар» бағыты (қазақ тобы)

Ахметов  Ә.  -  Орал  қаласы,  №42  «Ақниет» 

гимназиясы,  І  орын.  Жетекшісі-Джубаниязова 

Н.Д.


Жамбаева  Д.  -  Бөрлі  ауданы,  Қызылтал 

ЖББОМ, ІІ орын. Жетекшісі-Қожағалиева А.М.

Сатанова  А.  -  Сырым  ауданы,  Досмұхамедов 

атындағы  ЖББОМ,  ІІ  орын.  Жетекшісі-  Хамзина 

У.Қ.

Жамиев  Ж.  -  Жәнібек  ауданы,  Т.Жароков 



атындағы ЖББОМ. ІІІ орын. Жетекшісі-Жұмабаева 

Г.С.


Кужаниязова  Г.  -  Шыңғырлау  ауданы, 

Тихоненко атындағы ЖББОМ, ІІІ орын. Жетекшісі-

Нұрсұлтанова Р.С.

Мақсотов  Е.  -  Қаратөбе  ауданы,  Егіндікөл 

ЖББОМ, Алғыс хат. Жетекшісі-Алтыбаева А.

Жұмабаев Д. - Орал қаласы, ҚТЛ, Алғыс хат. 

Жетекшісі-Сагитова Г.Б.

«Әнші-бұлбұлдар» бағыты (өзге ұлт өкілдері 

тобы)

Шин  Алексей  -  Орал  қаласы,  №7  ЖББОМ,  І 

орын. Жетекшісі-Нұрмұханова А.С. Драчкова Л.А.

Байқау  жеңімпаздарын  марапаттау  кезеңі  

салтанатты  түрде  «Өрлеу»  БАҰО  филиалы 

БҚОПҚБАИ,  облыстық  білім  басқармасы  мен 

қалалық білім басқармасынан  және жоғарғы оқу 

орындарынан  келген  қонақтардың  қатысуымен 

облыстық  қазақ  драма  театрында  өткізіліп, 

олимпиада  жеңімпаздарына  облыстық  білім 

басқармасының атынан дипломдар мен сыйлықтар 

табыс 


етілді. 

Оқушыларды 

олимпиадаға 

дайындаған  жетекшілер  мен  пән  мұғалімдеріне 

алғыс жарияланды. Олимпиада барысында Зеленов, 

Жаңақала,  Сырым  аудандарының  және  қалалық 

мектептердің  шәкірттері  ерекше  дайындықпен 

келіп,  көзге түсе білді. 

Жоғарыда  аталған  жүлделі  І  орынға  ие 

болған    дарынды    шәкірттер    сәуір    айында  

Астана  қаласында    өтетін  «Жарқын  болашақ» 

олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама 

алды. 

Ана  тілінің  табиғатын  танытқан  байқауда 



қазақтың баласы бар, қазақтың санасы бар, салты 

бар,  сезімі  бар,  сүйініші  бар,  сағынышы  бар.  Ол 

сонысымен қымбат, сонысымен қастерлі! Ендеше 

бұл  байқау  әлі  де  өзінің  жалғасын  тауып,  өзінің 

дарынды  да  талантты  шәкірттерін  биік  белестер 

мен шыңдардан көрсете бермек.



БҚО дарынды балаларға 

арналған қазақ-түрік 

мамандандырылған мектеп-лицейі 

материалдарынан

ҮІІ республикалық «Жарқын болашақ» «KATEV»  қазақ тілі 

О

л и м п и а д а н ы ң 

о б л ы с т ы қ   к е з е ң і  

Облыстық 

олимпиада

1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 бірлік 

(декреттік  демалыстағы  негізгі  қызметкер 

орнына)


2.  Бастауыш  сынып    мұғалімі  –  1  бірлік 

(декреттік  демалыстағы  негізгі  қызметкер 

орнына)

Қойылатын  талаптар:  Еңбек  өтілі  3 

жылдан кем емес, жоғары білімді.

Конкурсқа 

қатысу 


үшін 

төмендегі 

қажетті  құжаттар  хабарландыру  шыққан 

соң  15  күнтізбелік  күнде  мына  мекен-жайға 

тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Жаңа орда 30, 

тел: 24-30-11



Қажетті құжаттар:

1. Еңбек кітапша көшірмесі

2. Медициналық кітапша көшірмесі

3. Диплом көшірмесі

4. Біліктілік санат көшірмесі

5. Жеке іс-парақ

6. Жеке құжаттары, Папка

Орал қаласының 

№46 жалпы орта 

білім беретін мектебі 

бос орынға конкурс 

жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ


 

2

Жайық ұстазы

Облыс колледждерінде    

Жақында 


Ж.Досмұхамедов 

атындағы  педагогикалық  кол-

ледж  кітапханасында    ақын 

Ф.Оңғарсынованың  жыр  әлеміне 

арналған ән-жыр кеші өтті.

Ф.Оңғарсынованы  еске  алуға 

поэзияны  сүйетін  оқырман,  ақын 

өлеңіне  ғашық  студенттер  көп 

жиналды.  Біз  бұл  кеште  Фариза 

ақынды мақтамадық, біз ол кісімен 

мақтандық. 

Фариза 


апамыз 

қазақ 


халқының  ұлттық  мақтанышына 

айналған, 

қазақ 

поэзиясын  



ерекше  нұрландырып,  жұлдыздай 

жарқыратқан,  қыр  қазағын  жыр 

бесігінде 

тербеткен, 

қаламын  

басты  қару  етіп  ұстанған  дара 

ақын. 

Кеште  «Поэзия  падишасы»  атты 



үлкен кітап көрмесіне шолу жасалды. 

Ақынның  жүріп  өткен  өмірі,  жазған 

кітаптары,  ол  туралы  айтқан  дана 

ағаларымыздың 

ой-пікірлері 

оқылып,  көпшілікке  таныстырылып, 

ұсынылды.

Поэзия кешіне «Өрлеу» біліктілікті 

арттыру 

ұлттық 


орталығының 

директоры    София  Салахиденқызы 

Измуханбетова,  облыстық  «Жайық 

ұстазы»  газетінің  бас  редакторы, 

колледж  түлегі,  ақын  Ақмаржан 

Бақытқызы Таубаева қатысты.

Поэзия  кешінде    Ф.Оңгарсынова 

туралы    дайындалған  слайд,  архив 

мұрағатынан  алынған    Фаризаның 

өз  дауысымен  оқыған  өлеңдері, 

әңгімелеген өмір жолдары оқырманға 

сағынышты әсер қалдырды. 

Сөз 

кезегін 


алған 

София 


Салахиденқызы 

ақынмен 


тірі 

кезінде 


кездескен, 

дидарласқан, 

жүздескен  естеліктері  туралы    өте 

әсерлі 


әңгімелеп 

берді. 


Оның 

ақынның    бірнеше  өлеңдерін  жатқа  

орындағаны 

оқырмандарды 

таң 

қалдырмай  қоймады.  Сағынышқа 



толы  Фаризасыз  өткізген  бір  жыл 

поэзия сүйер қауымға София апайдың 

әңгімелері, естеліктері арқылы алтын 

әріптермен  тарихқа  жазылатындай 

құнды  ой  салды,  баға  жетпес  сезім 

сыйлады.


Шын  жүректен  сыр  ақтара 

жүретін  Ақмаржан  Бақытқызы  да 

ақын  туралы  үлкен  тебіреніспен 

әңгімелеп,  оның  қайырымдылығын, 

адалдығын, 

шыншылдығын, 

сұхбаттасқан,  сырласқан  кездерін 

еске алды. Фариза ақынмен ең алғаш 

жатақхана  бөлмесінде  кездескен 

сәттерін  әңгімелеп  берді.  Ақмаржан 

апайдың ақын туралы айтқан көптеген 

деректерінен  соң,  өзіміз  де  Фариза  

апайымызды  қасымыздан  көргендей 

әсерде болдық.

Поэзия  кешінде  Ф.Оңғарсынова-

ның әр түрлі жанрда жазған өлеңдері 

оқылды:  махаббат,  достық,  туған 

жер, Тәуелсіздік, т.б.

Колледж  студенттері  К.Мырза-

ғалиева, Н.Ерболатова, Н.Жәлел, т.б. 

ақынның өлеңдерін жүректен жүрекке 

жеткізіп  оқып  берді.  Өлеңдерін 

оқып  жан  тебірентсе,  ақынның 

сөздеріне жазылған әндерді орындап, 

көңілімізді жадыратты. 

 «Жақсы көру» әнін  саз бөлімінде 

сырттай 

оқитын 


А.Беріққалиев, 

Қ.Төлепқалиев, 

С.Кенжеғұлов 

(трио)  орындап  берсе,  қазақтың 

қара  домбырасымен  Ж.Кенжебаев 

«Фариза,  Фариза  жан,  Фариза  қыз» 

деп  әндетті.  Студент  А.Дашев  ақын 

апаның  сөзіне  жазылған,  сазгер 

Қалдыбек Құрманәлінің  «Жайықтың 

толқындары»  атты  әнін  нақышына 

келтіріп  орындады.  Р.Әлқожаның 

«Фариза» әнін орындаған Ж.Жакупов, 

баянда сүйемелдеген  Сағат ағай өте 

тамаша әнмен тарту жасады. 

Жыр 

кешін 


әрлендіруде  

ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген 

ұлағатты  ұстаз  Роза  Сүлейменова  да 

бұл кешке зор үлесін қосты.

Фариза 

әлемі-таусылмайтын, 



сарқылмайтын  әлем,  оны  аяқтау,  бір 

кеште    айтып  тауысу  мүмкін  емес, 

ақын  -  дара,  жалғыз,  ал  перзенттері 

сансыз. 


Фаризаны 

сүйетін 


миллиондаған  адамдардын  жұлдызы 

сөнбесе – ақын мәңгі арамызда. 

Сөз  соңында  газет  арқылы  

Софья  Салахиденқызына,  Ақмаржан 

Бақытқызына 

біздің 


кешімізге 

қатысып,  оқырмандар  бойына  үлкен 

патриоттық  сезім  оятып,  Фариза 

ақын  туралы  құнды  естеліктерімен 

бөліскендеріне 

алғысымызды 

білдіреміз. 

Мәншүк Такеева, 

Бақыт Құсайынова,

Ж.Досмұхамедов атындағы 

педагогикалық колледжінің 

кітапхана қызметкерлері, 

Орал қаласы

«

М

ен құштар әлем» 

жыр кеші

Облыс әкімдігінде өткен Кеңес отырысы

2015  жылғы  30  қаңтарда  облыс 

әкімдігінің 

үлкен 


мәжіліс 

залында 


облыс 

әкімі  Нұрлан 

Ноғаевтың 

төрағалығымен 

діни 

бірлестіктермен 



байланыстар 

жөніндегі Кеңестің отырысы өткізілді.

Облыс  әкімі  Кеңес  отырысын  аша 

отырып, еліміздегі қоғамдық келісім, саяси 

тұрақтылық, дінбасылардың осы қалыпты 

жағдайды  сақтауға  қосқан  үлестері 

туралы  тоқтала  келіп,  баршаның  арманы 

–  еліміздегі  тыныштық  пен  тұрақтылық 

екендігін  айтты.  Бұл  бағыттардағы  оң 

істерге облыс әкімі Қазақстанның әлемдік 

қауымдастықтағы  лайықты  орын  алуын 

жатқызды,  дәстүрлі  және  әлем  діндері 

басшыларының бас қосуларын, 

алдағы  мамырда  олардың 

съезі 


болатындығын, 

биылғы  мерекелерді,  дін 

және  ар-ождан  бостандығын 

тілге  тиек  етті.  Нұрлан 

Асқарұлы  бұл  басқосулардың 

адамзат 


үшін 

диалогтер 

алаңы 

екендігін, 



мұның 

бейбітшілікпен  сабақтастығын, 

зорлық-зомбылыққа 

жол 


бермеу керектігін атап көрсетті. 

Бұдан  әрі  отырысқа  қатысушы 

Кеңестің  тұрақты  мүшелері, 

мемлекеттік  құрылымдардың, 

құқық  қорғау  органдарының, 

қоғамдық 

және 

діни 


бірлестіктердің  басшылары, 

БАҚ  өкілдері  БҚО  дін 

істері  басқармасының  басшысы  Талғат 

Нығметовтың  Дін  мәселелері  бойынша 

ақпараттық-насихат  топтары  қызметінің 

жылдық  қорытындысы  туралы  есебін 

тыңдады.  Ол  баяндамасында  облыста 

800-дей  ақпараттық-насихат  тобы  жұмыс 

істеп,  270  брошюралар  таратылғандығын, 

Зеленов, Ақжайық, Қаратөбе аудандарында 

бұл  мәселеге  қатысты  үлкен  іс-шаралар 

өткізілгендігін  айтты.  Аудан  әкімдіктері 

мен  бұл  топтар  сауалнама,  әлеуметтік 

зерттеулер арқылы елді хабардар ете алды. 

Сол  сияқты  2014  жылы  діни  тақырыпқа 

974  мақала  газеттерге  жарияланды, 

журналистер 

Ұ.Сариева, 

Я.Рабаева, 

Ш.Молданиязованың  дін  тақырыбындағы 

мақалалары мақтауға тұрарлықтай.

Дін  істері  басқармасының  бөлім 

меңгерушісі  Әділ  Нұрмұханов  өз  сөзінде 

облыста діни бірлестіктер мен тұлғалардың 

тіркелетіндігін, 

олардың 


қызметтері 

талданатындығын,  діни  әдебиеттердің 

арнайы  орындарда,  дүкенде  (мешіттегі) 

сатылатындығын,  олардың  2-уі  қалада, 

7-еуі аудандарда екендігін, т.б. айтты.

Дінтану  пәнінің  мектепте  оқылуы 

туралы  өз  есебінде  айтқан  Жәнібек 

ауданының  әкімі  М.Р.Мұқаев  ауданда  5 

мешіт,  3  намазхана  барлығын,  бұларда 

интернет,  компьютер  жұмысы  жолға 

қойылғандығын, 

«Мәуліт»  кеші,  айттар, 

ауызашар  өткізілетіндігін,  зираттың  да 

қоршалғандығын,  т.б.  айтты.  Осы  орайда 

облыс  әкімі  М.Мұқаевқа  «18  мектепке 

12  мұғалім  жете  ме?»  деген  сұрақ  қойса, 

білім  департаменті  басшысы  бұл  сұраққа 

тиісінше  жауап  қайтарды.  «Дінтану»  пәні 

бойынша  арнайы  мамандар  дайындау 

мәселесі  туралы  айтып  өтті.  Өйткені 

жалпы 

облыс 


бойынша 

«Дінтануды»  арнайы  мамандар 

емес,  тарих  кейде  әдебиет, 

т.б. 


пәндердің 

мұғалімдері 

оқытып 

жүргендігі 



маман 

жетіспеушілігінің  салдарынан. 

«Жәнібек ауданы бойынша теріс 

діни ағымдағы азаматтар қанша» 

деген  Ассамблеяның  облыстық 

филиалы төрағасы Ғайса Қапақов 

сұрағына аудан әкімі олардың 35 

адам екендігін айтты.

Өз  кезегінде  есеп  берген 

Казталов 

ауданының 

әкімі 


Нұрлан  Бекқайыров  ауданда 

заңды тіркелген 5 діни бірлестік, 

5  мешіт,  аудандық  ақпараттық 

топ,  387  оқушы  Ғарифолла 

Есім  оқулығымен  21  мектепте 

«Дінтануды» оқығандығы туралы айтты.

Бұл  ауданда  мектеп  оқушыларымен, 

ата-аналармен кездесулер өткізіліп, түсінік 

жұмыстары  жүргізілді.  Колледж  бен 

мектептерде  «Адасқандар»  бейнефильмі 

көрсетіліп,  «Ауыл  айнасы»  газетіне  бұл 

тақырыпқа  23  мақала  жазылған,  500-дей 

діни ақпараттық әдебиеттер таратылған.

Ауыл  кәсіпкері  Айдос  Сәрсенғалиев 

Жаңажол  мешітін  салды.  Демеушілер 

көмегімен Казталов, Жалпақтал мешіттері 

заманауи оргтехникамен жабдықталды.

Демеушілер 

Мереке 

Хайрошев, 



Қ.Жақыпов  газ  желісін  жүргізуге  көмек 

берді. Діни әдебиеттерді тарататын орындар 

Жалпақтал,  Казталов  мешіт-

терінде  орналасқан.  Имамдарға 

сұраныс 

болса, 


кітаптарды 

ауылдарға  беріп  жібереміз.  Екі 

мәрте  ауыл  ақсақалдарын  жинап 

әңгімелестік,» - деп казталовтық 

әкім  жергілікті  діни  ахуалдан 

хабардар етті.

Облыс  әкімі  бұл  ретте 

облыстың  бас  имамы  Руслан 

Тыныштықұлына  халыққа  қажет 

тәрбиелік істерді жүргізу, теолог 

мамандармен, 

ақсақалдармен 

жұмысты  күшейтуді  тапсырып, 

қейбір аудан мешітіне барғанында 

ақсақалдармен  кездескендігін, 

намазға  ешкім  де  келмегендігін 

ескертті.

Кеңес  соңында  Дін  істері  басқар-

масының  басшысы  Талғат  Нығметов 

2015 


жылы 

Кеңес 


отырыстары 

«Дінтануды  оқыту»,  «Рухани  келісім», 

«Жыл  қорытындысы»  тақырыптарында 

өткізілетіндігін, оларда интернет жүйесіне 

қосылу,  ақпараттық-насихаттық  топтар 

жұмысы  нашар  жүргізілетін  аудандардың 

мәселелері,  т.б.  қаралатындығын  айтты. 

АНТ 


жұмысының 

күшейтілетіндігі, 

«Қазақстан  -  Орал»  телеарнасымен 

бірлесе  түсірілген  «Қайырсыз  білім», 

«Адасқандар»,  т.б.  сияқты  арнайы 

жобалар 


жасалатындығы, 

аудио 


және 

бейнематериалдар, 

кітаптар 

таратылғандығы айтылды.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал