№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет7/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Пайдаланған әдебиеттер:  
1.Бабабеков  Х.Н.  История  завоевания  Средней  Азии  Царской  Россией  в  секретных  документах. 
Ташкент 2006. 
2.Ресей Орталық Мемлекеттік Әскери Тарихи мұрағаты- (РОМӘТМ)- 483 қор 1 тізбе, 11 іс 4 парақ 
3.Вестник ИРГО, Кн 6. Сп Б, 1856 
4.Ресей Мемлекеттік Тарихи Мұрағаты (РМТМ) – 1264 қор 1 тізбе, 348 іс 202 – п. 
5.РОМӘТМ – 483 қор, 1 тізбе, 11 іс, 4 к. 
6.ӨРОММ. – и – 715 қор 1 тізбе, 4 іс, 145-147 пп. 
7.РМТМ – 853 – қор, 2 т., 57 іс, 2 п. 
8.сонда – 1021 қор, 1 т., 102 іс, 80 п. 
9.ӨРОММ. И – 715 қор, 1 тізбе, 21 іс 89-92 пп. 
10.Сонда ... 101-103 пп. 
11.Сонда ... 22 іс, 354 п. 
12.Сонда .... 193 п. 
13.Сонда ... 23 іс, 209 п. 

 
44
14.Сонда ... 340-343 п. 
15.Сонда ... 24 іс 14-19 п. 
16.Сонда ... 75 п. 
17.Сонда ... 25 іс, 335-336 п. 
18.Сонда ... 26 іс, 52 п. 
19.Сонда .. 208 п. 
20.Сонда ... 26 Б – іс, 168 п. 
21.Институт востоковедения АН РУз рукопись, инв № 1011178. С. 63-67 
22.РОМӘТМ – 1442 қор, 1 тізбе, 10 іс, 5 п. 
23.Сонда ... 7 п. 
24.РОМӘТМ – 1442 қор, 1 тізбе, 10 іс, 10 п. 
25.РОМӘТМ – 483 қор, 1 тізбе, 83 іс. 43, 70 пп. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  политическая  экспансия  царской  России  на  юге  Казахстана  во 
второй половине ХІХ века. 
Summary  
In this article it is considered political expansion of the tsarist Russia in the south Kazakhstan in the 
second half of XIX century. 
 
 
ӘОК 911  
 
ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАҒАН АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Г. Қайрғалиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
XIX ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі патша үкіметінің 
қазақ  даласының  дәстүрлі  саяси  және  экономикалық  құрылымына  өзгерту  енгізіп,  ресейлік  басқару 
жүйесіне  мейлінше  сәйкестендіру  мақсатындағы  іс-шараларға  қарсылық  білдірген  күреске  толы  екені 
мәлім. Кеңестік тарихнамада сол кездің идеологоиялық ұстанымына сай бұл азаттық күрес тарихына 
реакциялық сипаттамалар беріліп, көтеріліс басшылары олардың әлеуметтік шығу тегіне байланысты 
зерттеушілер назарынан сырт қалып келді. Арынғазы, Қаратай сұлтандардың қозғалысымен қатар күн 
тәртібіне  қойылатын  күрестің  бірі  кіші  жүздің  табын  руынан  шыққан  Жоламан  Тіленшіұлы  бастаған 
азаттық  қозғалысы  болып  табылады.  Жоламан  Тіленшіұлы  -  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  батырлар 
институтына зор үлес қосушы әулеттің бірі болып табылатын атақты Бөкенбай Қараұлының немересі, 
батыр  Тіленші  тарханның  ұлы.  Әулеттің  батырлық  мектебі  бірнеше  ұрпақты  қамтиды.  Тіленші 
батырдың қазақ халқының азаттық күресіндегі қызметі негізінен Сырым Датұлы бастаған көтеріліспен 
тығыз  байланысты  болса,  оның  ұлы  Жоламанның  еліміздің  азаттық  жолындағы  күресінің  жалынды 
беттерінің бірі болып табылатын Кенесары Қасымовтың және Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов 
бастаған  көтерілістермен  тұстас  әрі  тығыз  байланысты  дамыды.  Бұл  күрес  «Кенесары  Қасымұлы 
көтерілісінің алғашқы хабаршысы болды» деген тұжырымға толық негіз бар [1].  
Жоламан  Тіленшіұлының  басшылығымен  болған  қозғалыстың  басты  себептерінің  бірі  табын 
руының байырғы көші-қон жері Жаңа Елек аймағын патша үкіметінің ресейлік меншікке тартып алуы 
болып  табылады.  Жаңа  Елек  жері  табын  руының  етенеден  келе  жатырған  жерлері  болуымен  қатар 
шаруашылық тиімділігі жоғары өңір болатын. Бұл жерлер шұрайлы жайылымдықтарымен бірге табиғи 
су көздері мен тұзды көлдерге мол болды. Алғашында аталған жерлерді ресейлік меншікке алу Елек 
көлінен  тұз  тасуға  жаңа  жолдарды  салу  мақсатымен  түсіндірілді.  Одан  кейін  осы  жолдардың 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  құрылған  бекініс  шебі  жаңадан  29  бекіністі  қамтып,  Елек  өзеніне 
көшірілді. Жергілікті қазақтар патша үкіметінің жерлерді орыс мемлекетінің меншігіне алу саясатында 
бір  ғана  кіші  жүздегі  шаруашылыққа  ең  тиімді  саналатын  Жайық,  Елек,  Берден,  Құрат  өзендері 
бойынан жеті мың десятина жерінен айрылды. Осы шаралардың нәтижесінде негізінен табын руының 
ауылдары қоныстанып келген Елек өзенінің бойындағы маңызды жайылымдық жерлер Орынбор және 
Орал казак әскерилері мен көшіп келген орыс шаруаларына берілді. Жоламан Тіленшіұлының азаттық 
күресінің тағы бір себебі осы кезде кіші жүзді басқарған Шерғазы ханның ел басқарудағы ұстанымына 
көңілі толмауы болатын. Сондықтан да Жоламан батыр Арынғазы Әбілғазыұлының саяси қозғалысына 
белсене  қатысушы  және  оны  қолдаушылардың  қатарынан  табылды.  1816-1822  жылдар  аралығында 
Арынғазы  сұлтаның  ордадағы  беделі  өсіп,  қазақ-орыс  қатынасында  жаңа  бағыттар  анықтала 
бастайды.  Алайда  Шерғазы  ханның  амбициялық  әрекеттерінен  кейін  Арынғазы  сұлтанның  саяси 

 
45
карьерасында шиеленісті кезең басталды. Губернатор П.К.Эссен Арынғазыға қолдау көрсету ісінде өз 
әлсіздігін мойындады. 1821 жылдың 6 шілдесінде Арынғазы сұлтан Петербургке шақырылады. Бұндай 
жағдай  патша  үкіметінің  қазақ  даласындағы  саяси  шиеленістерді  шешу  үшін  қолданып  отырған 
шараларының  бірі  болатын.  Үкімет  ордада  мазасыздық  тудырған  тұлғаны  орталыққа  алдыру,  одан 
кейін оны басқа жерге жер аудару арқылы мәселені шешті.  
Жоламан  батыр  бастаған  қазақтардың  Елек  бойындағы  жерлер  үшін  қозғалысынан  қаймыққан 
билік 1822 жылғы наурызда Елек өзені бойына қазақтардың 15 шақырымнан жақын көшіп келулеріне 
тыйым салу туралы жарлық шығарады. Жоламан Тіленшіұлы 1822 жылдың 27 тамызында табын, тама 
руларының  батырлармен  бірігіп  орыс-казак  форпостарына  шабуыл  жасайды.  Қыркүйек  айында 
жасақшылар саны 1000-ға жетеді.  
Патша  үкіметінің  саясаты  мен  Шерғазы  ханның  елді  басқаруына  көңілі  толмаған  Жоламан 
батыр  өз  пікірін  бірнеше  рет  патша  шенеуніктеріне  хат  арқылы  баяндап  отырды.  1822  жылдың  24 
желтоқсанында  ол  Орынбор  генерал-губернаторы  П.Эссенге  орыстардың  Елек  өзенінің  бойына  өз 
қарауылдарын толтырып, өзен бойын иеленіп қазақтарды жерсіз қалдырып отырғандығы, орыстар мен 
башқұрттардың  Нарын  құмын  тартып  алуына  байланысты  қазақтардың  жайылымдық  жерлерсіз 
қалғандығы  жайында  хат  жазады.  Батырдың  патша  үкіметінің  Орынбордағы  өкілдеріне  қазақ 
даласындағы  қалыптасқан  саяси  және  шаруашылықтағы  қиын  жағдай  жайында  жазған  хаттарына 
жауап  та  алмады,  билік  тарапынан  осы  жағдайларды  шешуге  бағытталған  әрекеттерді  де  көре 
алмады. Осы себептер батырдың табын руының жерлері үшін өзінің азаттық күресін бастауына және 
кейіннен  Кенесары,  Исатай,  Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілістерге  қосылуына  алып  келді. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  Жоламан  батыр  мәселені  дипломатиялық  жолмен  шешу  мақсатында 
1822,  1823,  1826  жылдары  губернатор  П.Эссенге,  Орал  казактарының  атаманы  Бородинге  арнайы 
хаттар  жазады.  Қарулы  көтеріліске  шықпас  бұрын  губернаторға  жазған  хатында  батыр  патша 
үкіметінің  жайылымдық  жер  мәселесінде  қазақтардың  Әбілқайыр  хан  тұсында  пайдаланып  келген 
құқықтарын  қайтаруды  сұрады.  Патша  өкіліне  сауалдарының  аяқсыз  қалып  жатырғанына  қынжылыс 
білдіреді. Ақыр аяғында ұсыныстарының бірде біреуіне жауап ала алмаған батыр күрес жолына түсуге 
мәжбүр  болды.  1823  жылы  Азиялық  комитеттің  шешімімен  табын  руының қозғалысын  басу үшін  кіші 
жүзге полковник Берг бастаған экспедиция жіберілді. Жазалаушы отрядқа қарсылық көрсете отырып 
Жоламан  Қарақұмға  қарай  кетеді.  Батырдың  күреске  шығуының  тағы  бір  себебі  кіші  жүзге  патша 
үкіметінің  саясатын  мейлінше  адал  орындаушы  Шерғазының  хан  сайлануы  болды.  Өзінің  басты 
қарсыласы  Арынғазының  беделді  қолдаушысы  болып  табылатын  Жоламан  батырды  Шерғазы  хан  да 
жылы  қабылдамағаны  белгілі.  Оны  ханның  «Жоламанның  бес  мың  қолмен  хан  ордасын  шабуға 
дайындалып жатырғандығы» туралы Орынбор губернаторына жазған мәлімдемесінен байқауға болады 
[2].  Жоламан  Тіленшіұлы  бастаған  табын  руының  қарсылық  күресі  әсіресе  1835  жылы  барынша 
бұқаралық сипат алады. Осы кезде оларға кіші жүздің жаппас, жағалбайлы, алаша руларымен қатар 
орта жүздің арғын және қыпшақ руларының бөлімдері де қолдау көрсетті. Жоламан батыр жайындағы 
көптеген құнды деректердің біразы Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік мұрағатында сақталған. 
Мұрағатта  сақталған  құжаттардың  басым  бөлігінде  Жоламан  батырды  қарақшы,  бүлікші  ретінде 
сипаттайды. Ол  орыс  патша  үкіметінің өз  саяси  билігіне мойынсынғысы  келмегендерге таққан  негізгі 
айыптар  еді.  Атап  айтқанда,  «Дело  об  отбитии  шайки  хищних  киргиз  под  предводительством 
разбойника Джуламана у таковых же» аталатын істе Орынбор әскери губернаторына Елек бекінісінің 
коменданты  полковник  Поплавскийдің  төмендегі  мазмұндағы  рапорты  тіркелген:  «Сего  числа  я 
получил  из  киргизской  степи  извещение,  что  называемый  так  по  киргизский  батыр  Джуламан, 
соединившись  с  подобным  ему  Токманом,  Турумом  и  Есетом  Котибаровым  и  с  однородцами  своими 
собравшимися  около  3  тыс  человек  ...  в  урочище  Каратугай  и  высылает  от  толь  преданных  ему 
киргизов  партиями  к  мирным  ордынцам  для  приглашения  оных  в  состав  того  скопища,  угрожая 
несогласных на то строгим наказанием своей вольности а другая партия посылается для грабежей и 
что  справедливость  сего  подтверждается  тем  что  шайка  тех  хищников  1-го  числа  сего  августа 
прискакать у приверженных к нам ордынцев располагающихся кочевьям при смаой линии киргизов и 
их успели вокрастись в них аулы и угнать лошадей, и что при преследовании обиженными киргизами 
хищников  для  возвращения  лошадей  последними  из  числа  преследователей  один  убит  один  вышел 
тяжело  раненый  и  тем  еще  что  я  нашим  извещением  получил  донесение  от  командира  кордонной 
стражи  Оренбургской  дистанции  подполковника  Подурова  что  того  же  числа  и  из  того  же  скопища 
партия хищников напали на аулы мирных киргизов и взяли в нем как самих киргизов равно и скота 
заготовленное сено сожгли.  
По сему предъявлению и донесению подполковника Подурова оставаясь в большой опасности 
что  бы  означенной  скопище  хищних  киргизов  невобралось  впоследствии  совредом  в  полинейных 
селении  охраняемые  стражею  почти  ничтожного  противу  скопища  осмеливаюсь  довести  об  этом  до 
сведения  вашего  Превосходительства  и  доносить  что  я  вследствие  сих  обстоятельств  приготов  к 
походу  200  казаков  испрашиваю  разрешения  как  будет  приказано  выступить  с  командою  для 

 
46
охранения и отвращения хищников от нападения. О происшествии есмь теперь же донесено мною и 
Оренбургской пограничной комиссии» [3]. 1838 жылғы 3 тамыздағы осы хатқа қарағанда орта жүздегі 
Кенесары  бастаған  азаттық  көтерілісінің  басталуына  байланысты  Жоламан  батырдың  өз  қимылын 
жандандырғанын  көруге  болады.  Осы  жылы  Жоламан  батырдың  жасағы  патша  үкіметі  қозғалысты 
басу  үшін  арнайы  жіберген  Мансуров,  Падуров  отрядтарымен  күресті.  1838  жылғы  17  тамызда 
тіркелген хатта Орынбор шекаралық комиссиясы Орынбор губернаторына сол жылдың 8 тамызындағы 
Жоламан батырдың шабуылы жайында хабарлайды: «Комендант крепости Илецкой защиты полковник 
Поплавский  от  10  числа  сего  месяца  за  №  1036  донес  пограничной  комиссии,  что  шайка  хищних 
киргизов около 100 человек из скопища предводительствуемого Джуламаном Тлянчиным на 8 числа 
сего  августа  набежала  на  кочующих  при  самой  линии  противу  Тобильского  форфоста  мирных 
киргизов и отбила у них 491 лошадь, что при отнятьи оных, обиженными киргизами один из них убит, 
а  начальник  их  султан  Араслан  Джантюрин  с  4  киргизами  остались  ранеными»  [4].  Келесі  мұрағат 
құжатында  Жоламан  батырдың  отрядына  қазақ  ауылдарының  қосылуы  жайында  рапорт  сақталған. 
Орынбор  әскери  губернаторына  Елек  бекінісінің  коменданты  полковник  Поплавский  1838  жылдың 
тамыз  айында  төмендегі  мазмұндағы  мәлімдеме  жасайды:  «В  три  часа  утра  я  получил  донесение  от 
командующего  6  казачею  дистанцею  Есаула  Гурьева,  что  вчерашнего  числа  перед  закатом 
туватайского  отделения  киргиз  Муса  Муяпбаев  прибыв  на  место  в  Буранный  форпост  для  покупки 
верховой  лошади  на  спрос  о  причине  оного  обьявил  что  ...  из  скопища  киргизов 
подпредводительствуемого батыром Джуламана Тляучина припартии к мирным ордынцам кочующим 
прилинии  для  сенокошения  и  требуют  от  них  для  продовольствия  своего  скота  вынуждают  мирных 
киргизцев в составе своего хищних скопища, почему многие уже к нему под начальство ортправились. 
В  числе  коих  были  противу  значительные  старшины  Байгазин  Умар  Куйдаров  и  султан  Сурали  со 
всеми  своими  аулами  откочевали  к  нему  а  прочее  вскорости  тоже  откочевать  только  лишь  бы 
получить  сведение  от  посланного  Джуламану  для  переговоров  киргиз  Сулеймена  Алекбаева, 
присовокупя тот киргиз Куянбаева что скопища хищников расположенное ныне кочевьем на вершинах 
речки  Малой  Хобды  имеют  намерение  сделать  нападение  на  линии.  Довести  о  вышеписанном  до 
сведения  Вашего  Превосходительства  с  присовокуплением,  что  команда  200  человек  линейных 
казаков  совершенно  готовы,  но  по  малочисленности  сей  команды  неблагоугодном  будет  Вашему 
Превосходительству  дозволить  присоединить  к  ним  еще  50  казаков  с  Уюльного  и  Григорьевского 
форпостов. Киргиз Куянбаев задержан на линии и будет представлен в пограничную комиссию» [5].  
Жоламан  батыр  бастаған  көтеріліс  Есет  батыр  бастаған  азаттық  күресімен тығыз  байланыста 
болғанын көтерілістердің географиялық аймағының жақындығымен бірге олардың күрес себептерінің 
ортақтығымен де түсіндіруге болады. Екі басшының өзара байланыста болғанын жоғарыда атап өткен 
Елек  бекінісінің  бастығы  подполковник  Поплавскийдің  1838  жылдың  4  тамызындағы  тағы  бір 
рапортынан көре аламыз: «сего числа я получил из киргизской степи извещение, что называемый так 
батыр Джуламан  соединились  с подобным  ему  Исетом  Котибаровым  и  с  однородцами  собравшимися 
около 3 тыс.человек» [6].  
Жоламан  Тіленшіұлы  бастаған  азаттық  күресі  қазақ  даласындағы  ресейлік  отарлық  билікке 
қарсы болған күрестердің ішіндегі хронологиялық щеңбері жағынан ең ұзақ мерзімді күрес екенін атап 
өткен  жөн.  Нақтырақ  айтатын  болсақ,  күрестің  алғашқы  кезеңі  1817  жылдан,  яғни  кіші  жүз 
қазақтарының  Жайық  өзенінен  малдарын  өткізуін  қадағалуаға  келген  Орынбор  шекаралық 
комиссиясының  өкілі  В.Топориннің  іс-әрекетіне  наразылық  білдіруінен  басталады.  Одан  кейінгі  кезең 
патша шенеуніктерімен арада жүргізілген  дипломатиялық шаралар,  батырдың  елдегі жағдайды  билік 
басындағыларға хаттар арқылы баяндап, жағдайды бейбіт түрде шешуге ұмтылуы болды. Соңғы кезең 
батырдың тікелей әскери соғыс қимылдарын бастауы, ашық күрес жолына түсуі деп есептейміз.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Рысбеков  З.Т., Бірімжаров Б.Қ., Құрманалин  С.Б.,  Жақсығалиев  Ж.Ж. Батыс Қазақстан  облысының 
тарихы. Орал.-2001. -203б. 
2. РФ ОрОММ . 6-қ., 10-т., 2335-іс, 45-п. 
3. РФ ОрОММО. 6-қ., 10-т., 4789- іс, 1,2-п. 
4. РФ ОрОММ. 6-қ., 10-т., 4789- іс, 3-п. 
5. РФ ОрОММ. 6-қ., 10-т., 4854- іс, 19,20-п. 
6. ҚР ОММ. 4-қ., 1-т., 2-к., 4890- іс, 32-п. 
 
Резюме 
Статья  посвящена  проблемам  национально-освободительного  восстания  табынского  рода 
младшего жуза под предводительством батыра Жоламана Тиленшиулы в 20-30 годы XIX века.  
 

 
47
Summary 
The article deals with issues during the national liberation, specifically the uprising of the Tabyn kind 
in the young Juz region let by Zholaman Tilenshiuly during the twenties and thirties of the 19th century 
 
 
ХІХ Ғ.  ІІ-ЖАРТЫСЫНДА  БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА БІЛІМНІҢ ДАМУЫ 
 
Ә.Ү.Ермағамбетова,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан 
тарихы кафедрасының доценті 
 
 
 
  Х1Х  ғ.  аяғы-ХХ  ғ  басында  Қазақстандағы  білім  ағарту  екі:  діни  және  азаматтық  бағыт 
бойынша дамыды. Діни білім алу ата аналардың қаржысына есептелген мектептер мен медреселерде 
жүргізілді.  Мешіт  жанындағы  медреселерде  молдалар  мен  мектеп  мұғалімдерін  дайындады.  Оқу 
мерзімі  үш  жылдан  төрт  жылға  дейін  созылды.  Сонымен  қатар,оқушылар    философия,  астрономия, 
тарих,  лингвистика,  медицина,  математика  сияқты  ғылымдардан  мағлұмат  алып  шықты.  Барлық 
медреселер  мен  мектептер  және  мемлекет  қазынасы  мен  жергілікті  қаржыға  бағытталған  жеке 
оқытатын басқа да мұсылмандық мектептер халық ағарту Министрлігінің жергілікті оқу басқармасына 
бағынды.  Азаматтық  оқу  жүйесі  отарлау  аппараты  үшін  шенеуніктер,аудармашылар,  мұғалімдер  мен 
дәрігерлерді дайындады. 
ХХ  ғ.  басында    Қазақстанда  қазақ  балаларын  оқытатын оқу орындарының жүйелі  байланысы 
қалыптасты.  Отырықшы  және  көшпенді  оқу  жүйесіндегі  мұсылман  мектептері  мен  училищелер 
(мектептер,  медреселер  және  т.б.),  мемлекеттік  қазына  мен  жергілікті  қаржының  негізінде  қызмет 
етсе, кейбірі жеке оқу түрінде жүрді.  Х1Х ғ аяғы- ХХ ғ басында мұсылмандық оқу орындары исламды 
модернизациялау  мен  азаматтық  білімді  енгізуді  ұсынған  жәдидтердің  реформаторлық  аренасына 
айналды.  Исламды  оқыту  мен  қатар,  олар  оқу  бағдарламаларына  жалпы  білім  беретін  пәндерді 
оқытуды  ұсынды.  Ескі  мұсылман  мектептерінен  ерекшелінетін  болғандықтан,  олар  жаңаәдісті  
мектептер деп аталып,олардың саны ғасыр басында 100-ден асты. Қазақтың балалары орыс-туземдік 
бастауыш мектебінде, Сібір казак әскерінің әскери және станицалық бастауыш мектептерінде, сонымен 
қатар алты жылдық қалалық училищелерде білім алды.  
 1841 ж.Ордадағы  Хан  ставкесінде  алғашқы  орыс-қазақ  мектебі  ашылды.Кейін  1879  ж  ол  екі 
кластық училищеге айналады. 1883 ж.бір кластық әйелдер училищесі ашылды.Алғашында орыс-қазақ 
мектептері уақытша кеңестің құзырында болады, 1874 ж.халық ағарту министрлігінің,одан соң 1879 ж. 
Орда  мектептері  инспекторының  бақылауына  беріледі.  Ордада  сондай-ақ  молдалар  оқытатын 
мұсылман мектептерінің саны 1883 ж. 52-ге жетіп, оларда 1262 ер және 102 қыз балалар оқыды.  
Ғасыр соңына қарай, Бөкей Ордасындағы білім беру төмендегідей болды: Хан ставкісіндегі екі 
кластық  ерлер  училищесінде  1890  жылы  38  оқушы  (  13  провослав,    25  мұсылман,    3  курсты 
аяқтаушы),Әйелдер  училищесі  (16  оқушының —  13  православ  және  3-уі  мұсылман;  2  курсты 
аяқтаушы) және алты орыс-қазақ мектептерінде 127 оқушы оқыды (8 православ және  119 мұсылман  
12 курсты аяқтаушы). 
 1901  ж.  Қазақстанда  22  қала  училищелері  болса,олар  кейін  жоғарғы  бастауыш  училищелері 
болып  қайта  құрылды.  1917  ж  олардың  саны  47-ге  жетті.  1914  ж.орта  білім  беру  жүйесі  17  оқу 
орнынан тұрды: 5880 оқушысы бар (оның 217-қазақ, 76-ы қыз, 139-ер балалар яғни более 3,6 %.-ын 
қазақтар  құрады)  4  реальды  училище  және  13  гимназия  білім  берді  [1].  Кейбір  қазақтың  балалары 
мұғалімдер  семинариясында,  ауылшаруашылық  мектептерінде,  қолөнер  училищелерінде  кәсіби  білім  
алды.  
Сонымен, Х1Х ғ аяғында Қазақстанда қалалық училищелер,приходтық училищелер,орыс-қазақ 
мектептері  мен  орыс-туземдік  училищелер,аулдық  мектептер  мен  алғашқы  сауат  ашу  мектептері 
қызмет  ете  бастады.  Олардың  барлығы  мемлекет  тарапынан  қаржыландырылып,бастауыш  оқу 
мекемесінің  қызметін атқарды. Сонымен қатар,орта білім беретін мекемелердің - реальді училищелер 
мен  ер  және  әйелдер  гимназияларының  саны  өсті оқу орындарының  яғни,кәсіби  мектептердің  3 типі 
пайда болды: педагогикалық, ауылшаруашылық және қолөнерлік.  
Қазақ  қоғамының  құрылымындағы  жаңалықтар,атап  айтқанда  әлеуметтік-экономикалық 
дамудағы  өзгерістер  уақыт  талабымен  орыстың  империялық  саясатына  сәйкес,маман  кадрларды 
дайындау мәселелерін шешуді қажет етті.Қазақстандағы ең алғашқы кәсіби оқу орындары: 1879 жылы 
Түркістанда  ашылған  мұғалімдер  семинариясы  мен  1883ж  бастап  қызмет  ете  бастаған  Орынбор 
мұғалімдер мектебі болды. Одан кейінгі уақытта мұғалімдер семинариясы Верный, Ақтөбе,Семей,Орал 
және  басқа  қалаларда  жұмыс  істей  бастады.  Қазақтардан  мұғалім  мамандарын  дайындау  Омск, 
Ташкент,  Орынбор,  Қазан  және  басқа  жүргізілді.  Ауылшаруашылық  және  фельдшерлік  мектептерді 
бітірушілер орта кәсіби білім алып шықты. Мысалы: 1889 жылдан 1917 жж. аралығында Боровск орман 
техникумында  163 орман шаруашылығы маманы даярланған.  

 
48
Қазақстанның  отарлық  кезеңінде  бірде  бір  жоғарғы  оқу  орны  ашылған  жоқ.  Сол  себепті 
қазақтың  дарынды  жастарына  жоғары  білімді  елден  тыс  жерлерде  алуға  тура  келді.  Мысалы, 
Петерборда  (Ә.Бөкейханов,  М.Тынышбаев,  М.Шоқай,  Х.Досмұхамедов,  Ж.Акпаев,  Б.Каратаев, 
С.Асфендиаров,  Х.Бекмұхамедов),  Москвада  (С.  Аппасов,  Б.  и  А.Ниязовтар,  С.Нурлыханов, 
С.Саботаев), Қазанда (Б.Құлманов, Д.Чуваков, М.Бекімов, С.Ибрагимов, А.Сейдалин және басқалары.), 
Томскіде (А. Ермеков және басқалары) және Ресей империясының басқа қалаларында оқыды. 
Төңкеріске  дейінгі  кезеңде  Гурьев  пен  Орал  қалалары  тек  қана  Батыс  Қазақстанда  ғана 
емес,шекаралас облыстар мен Ресей губерниялары үшін де мәдениет орталығы болып табылды.Орал 
қаласындағы ең алғашқы оқу орны 1812жылы ашылды. Брокгауз бен Ефронның есебі бойынша  XX ғ 
басында  Оралда   2222  оқушысы  бар    (1440  ұл және  782  қыз  бала)  27 оқу орны  болған.  1890—91  ж 
классикалық  гимназияның  негізінде  (әскер  мен  қазынаның  қаражатына  казактар  ақысыз  оқыды)  19 
оқытушы,  287  оқушысы  бар,оның  ішінде  141-казактар  (49,2 %)  оқитын  Орал  әскери  реальды 
училищесі құрылды. 
Училищеде табиғи-тарихи музей жұмыс жасаған. Әскер территориясында әйелдер  гимназиясы 
(10  оқытушы,  6  оқытушы-әйел,283  оқушы,  оның  ішінде  149—ы  казачка,яғни  52,6 %-ы);  діни 
училище,орыс-қырғыз  мектебі,қолөнерші  оқушылар  үшін  сауат  ашу  мектебі,әскер  әншілері  мен 
музыканттар  мектебі,әскер  фермасындағы  төменгі ауылшаруашылық  мектептері  қызмет  етті.  Төменгі 
мектептер  шіркеулік-приходтық  және  әскери  болып  бөлінді.  27  қалалық  оқу  мекемелерінде    2222 
оқушы  білім  алды.Қалада  үрмелі  аспаптар  хоры  мектебі,  татар  медресесі,жексенбілік  мектептер 
ақысыз оқу залы жұмыс жасады [2]. 
Сонымен, Батыс Қазақстан қалаларының  Х1Х ғ аяғы- ХХ ғ басында аймақтағы мәдени өмірдің 
орталығы  болғанын,бұл  қалаларда  білім  дамып,театр  мен  кітапханалар  жұмыс  жасағанын  айта 
аламыз. Шын мәнінде,олар орыс қалалары ретінде дамыды.  
XIX  ғ.  60-жылдарының  аяғына  дейін  созылған  қазақ  халқының  отаршылыққа  қарсы 
қарсылықтары,  қарудың  көмегімен  билік  басына  келуге  болатынын,  бірақ  ондай  биліктің  ұзаққа 
бармайтынын  тағыда  патша  өкіметіне  ескертті.Жергілікті  халықты  қоныстанушылар  мен  аймақтағы 
отаршыл  әкімшілікпен    "жақындастыратын",  нақты  айтсақ,  отарлық  тәртіп  пен  орыс  өмірін,тілі  мен 
мәдениетін  қабылдайтындай  тек  қана  материалдық  салада  емес,сонымен  бірге,рухани  бағытта 
шешуші іс-әрекеттер жасау қажет болды. Бұндай іс-әрекеттер алдымен отарлаушы әкімшілікке қажет 
болды.Әсіресе,олардың ойынша ақыр соңында қазақтардың тұрмысы мен мәдениетіне, психологиясы 
мен  құндылықтарының  өзгеруіне  әкелетін  мектептердегі  білім  беруге  үлкен  мән  берді.Бірақ,  осы 
мақсаттағы барлық шаралар қазақтардың көмегімен астарлы түрде,олардың білімі мен рухани дамуы 
үшін  қажет  деген  ұранмен  жүргізілуі  қажет  болды.Бұл  туралы  Торғай  облысының  әскери 
губернаторының  Орынбор  мен  Санкт-Петербургтегі  басшыларына  жазған  мәліметтерден  көре 
аламыз.    1873  жылы  қазанда  Орынбор  генерал-губернаторы  Торғай  облысының  әскери 
губернаторына  төмендегідей  пікірін  білдіреді:  "Сіздің  билігіңіздегі  облыста  тұратын  қырғыздардың 
тұрмысы  үнемі  өкіметті  алаңдатады.Оларды  түпкілікті  орыс  тұрғындарымен  (қоныстанушыларман  - 
авт
.)  біріктіру  мен  олардың  жағдайын  жақсарту  үшін  атқарылған  шаралардың  пайдасы  болды,бірақ 
бұл халықтың білім дәрежесін көтермей бұл шаралар қажетті мақсатымызға жеткізбейді". Генералдың 
пікірінше  бұл  мақсатқа  жетудің  бірден-бір  жолы  "қырғыз  даласында  жақсы  жабдықталған  халық 
мектептерін ашу арқылы надан бұқараға білім беріп, олардың ақылын ояту"  [3].  
Төңкеріске  дейінгі  Қазақстандағы  оқу  орындарының  басым  көпшілігін  бастауыш  мектептер 
құрады.Жалпы қазақтар үшін бастауыш мектептер жүйесі төмендегідей болды: 
а)  аулдық мектеп – оқу мерзімі 2-3 жыл болатын бастапқы оқу мектебі; 
ә)  бір кластық орыс-қазақ, сондай-ақ, 4- курстық орыс-туземдік ұлдар мен қыздар бірігіп 
оқитын училищелер; 
б)   оқу мерзімі 6-жыл болатын екікластық орыс-қазақ училищелер (ұлдар мен қыздар 
бөлек оқытылатын) ; 
Кәсіби оқу орындары: 
а)  ауылшаруашылық,бұған 
ауылшаруашылық 
мектептері 
мен 
орман 
училищелері 
қатыстырылды ; 
ә) 
қолөнерлікремесленные,  бұған  Торғайдағы  қолөнер  училищесі  мен  Оралдағы 
оқушылардың қолөнер мектебі; 
б)  педагогикалық. 
Қазақстанда  өкіметтік  мектептер  мен  қатар  шіркеу-приходтық  училищелері,ескі  және  жаңа 
мұсылман мектептері мен медреселері жұмыс жасады. 
 1874 ж. "Бастапқы халық училищелері туралы Ереже бойынша"ұлттық өлкелердегі білім 
беруді басқару халық ағарту Министрлігі шенеуніктерінің,облыс губернаторы мен уезд басшыларының 
құзырына берілді[4].  

 
49
Өлкеде  білім  берудің  дамуына  байланысты,қазақтардың  өз  ішінен  мамандар  дайындау  мен 
қаржыландыру мәселелерін шешу қажеттіліктері туындады.70-жылдардың басында Торғай болысында 
орыс-қырғыз мектебін ашу мәселелері қозғалғанмен, қаржы тапшылығына байланысты бұл сұрақ 
уақытша шегерілді. 
 1879ж  Ы.  Алтынсарин  Торғай  облысындағы  мектептердің  инспекторлығына  тағайындалады 
және  оның  талап  етуінің  нәтижесінде  Торғай  облыстық  білім  беру  комиссиясы  әрбір  уезде  50  қазақ 
баласына  арналған  интернаты  бар  екі  кластық  орыс  -қырғыз  училищесін  ашу  қажет  деп 
шешті.Жергілікті  әкімшілік  тарапынан  әрбір  үйден    20  тиыннан  қаржы  жинақтау 
ұйымдастырылды.1883 ж. "қырғыз қоғамынан"алым жинау құны әр үйден 1сомға дейін көтерілді [5].  
Елек уезі бастығының Торғай облысының әскери губернаторына 1881ж 7 наурыздағы Орынбор 
білім алу округінің қамқоршысының  Ы.Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясына" тапсырыс беруді 
сұраған  өтінішіне  берген  жауап  хатынан  халық  арасындағы  білім  мен  сауат  ашудың  қаншалықты 
дамығандығын  байқай  аламыз.  Хатта  былай  делінеді:  "Уезд  басқармасында  қызмет  ететіндердің 
арасында қырғыз тілін білетіндер жоқ.Ал,болыстар мен аулнайлардың бірде біреуі орыс тілін білмейді. 
Сондықтан  да  Ы.Алтынсариннің  шығарған  христоматиясын    ешкім  оқи  алмайды...Ақтөбеде  уездік 
мектеп  ашылған  кезде  қажетті  көлемде  беріледі"  [6].  Кейін,өлкені  зерттеушілер  Ақтөбе  орыс-қырғыз 
екікластық  училищесі  туралы  "уездегі  білімнің  тұңғыш  ошағы"  деп  жазғанымен  бұл  жерлерде  осы 
уақытта дейін ондаған медреселер мен  мектептер болған болатын.Соған қарамастан 1881ж 23 қазан 
күні Ақтөбеде біркластық орыс-қырғыз мектебінің ашылуы уезд тұрғындары үшін үлкен уақиға болды. 
Алғашында  мектеп  Бөрті  болысындағы  тастан  тұрғызылған  медреседе  орналасты.1870ж  26  наурызда 
қабылданған  "Басқа  халықтарға"  білім  беру  туралы  Ереже  бойынша  қазақ  мектептерін  ашу  үшін 
міндетті  түрде  орыс  кластары  болатын  жағдайда  ғана  рұқсат  етілді.Торғай  облысы  губернаторының 
шетелдік  діндердің  діни  істері  департаментіне  жазған  хатында  жазғандай,  мектеп  бюджеті  үшін 
қиындау  болса  да  қазақтар  орыстармен  араласуға  қарсыласпай,  сонымен  бірге  олар  қуана,  аралас 
орыс-қырғыз  мектептеріне  түсіп  жатыр.  Жоспарланған  25  оқушының  орнына  бірінші  жылы 
пансионарлардың саны 35-ке жетті және  6 "своекоштный"қабылданды.  
Мектептегі  алғаш  мұғалім  болып  Қазан  мұғалімдер  семинариясының  түлегі    Арсений 
Мазохин  тағайындалды.Оған  Ы.Алтынсарин  "әдепті  және  ынталы"  деген  баға  береді.Осы 
қасиеттерінің  арқасында  ол  "молдалар  мен  шәкірттердің  арасындағы  бақталастық  пен  қаскүнемдікке 
тосқауыл болып, керісінше шәкірттердің орыс-қырғыз мектептерінде оқуына жол ашты" [7].  
 1883  және  1884  жылдары  Ақтөбе  бекінісіндегі  тастан  қаланғанбір  қатарлы  екі  ғимараттың 
құрылысы  аяқталады.Осы  ғимаратқа  Бөрте  болысындағы  бір  кластық  мектеп  көшіріліп,  ол 
екікластық  орыс-қырғыз  училищесі  болып  қайта  құрылады.Бірақ  ғимарат  сапасының  төмен  болған  
дығын  Торғай  облысының  мектептерінің  инспекторы  Ы.Алтынсариннің  22  июня  1885  ж.  22 
маусымда губернаторға жазған мәлімдемесінен байқай аламыз: 
Мәлімдеме 
Былтыр  Бөрте  мектебі  көшіріліп  алынған  Ақтөбе  мектебінде  осы  қыста  өте  суық 
болды.Оқытушылар  мен  оқушылар  сабақта  сыртқы  киімдерімен  отырды.    Өзім  тексеріп  қараған 
кезде, пештің қаттырақ жағылуын қадағаладым.Олар өте нашар жылытады.Бөлмелерде жылу 
жоқ.Құрылыс  маманы  болмағандықтан  себебін  анықтай  алмадым.  Жергілікті  тұрғындардың 
айтуы бойнша, пештер жарамсыз, оларды қайта салу қажет. 
Жоғары  мәртебелім,Сіздің  назарыңызға  ұсына  отырып,  тиісті  шешім  шығаратыныңызға 
сенемін. 
Мектеп инспекторы қ.а  Ы. Алтынсарин .  
Ы.Алтынсарин  патша  өкіметінің  Қазақстандағы  "оқу-ағарту"  саясатына  деген  наразылығын 
Н.И.Ильминскиге  жазған  хатында  былайша  сипаттайды:  "Жергілікті  әкімшілік  мектеп  құрылысына 
немқұрайлы  қарайды,  мектептердің  орнына  онсыз  да  қызыл  шатырларды  сырлап,әктегенді  дұрыс 
санайды.Ол аздай, уезд бастығы бекіністегі (Ақтөбе) мектепті пәтер орнына пайдаланып отыр" [8].  
 
Кесте  12  –  Алғашқы  10  жылдықтағы  Ақтөбе  екі  кластық  училищесі  оқушыларының  саны  (1881-
1891 жж.)   
Ұлттық құрамы 
1881 
1882 
1883 
1884 
1885 
188 6 
1887 
188 8 
188 9 
1890 
1891 
Қазақтар 
35 
35 
27 
29 
30 
30 
30 
30 
30 
30 
30 
Орыстар 



14 
19 
23 
20 
20 
20 
20 
21 
Барлығы 
41 
39 
30 
43 
53 
50 
50 
50 
50 
50 
51 
 
Мектеп жанындағы интернатта 1881 ж. 19,  1882 ж- 25,  1883ж – 25оқушы ер балалар тұрған. 

 
50
Алғашқы  білім  ордаларындағы  оқу  мәселелерін  жан-жақты  қамти  отырып,Ы.Алтынсарин 
мектептердің  материалдық  базасын  қалыптастыруғу  көп  күш  жұмсайды.  1869  ж    "Далық  облыстарды 
басқару  туралы  Уақытша  Ережеге"  сәйкес,патша  өкіметінің  Торғай  облысындағы  оқу-ағарту 
қажеттілігіне  бөлетін  қаржысының  (8  мың  сом.)  мардымсыздығы  сондай,ол  тек  қана  бір  болыстық 
мектепті қаржыландыруға ғана жететін.Ақтөбе училищесін қаржыландыру үшін:  1881 ж. - 2310,  1882 
ж.  -  2390,    1885  ж.  -  2390  сом  жұмсалған.      Мектептер  негізінен  қазақ  аулдары  мен  қалалықтардың 
тарапынан қаржыландырылып отырды.Ал мемлекет білім беру саласына өте аз қаржы жұмсады. 1890 ж 
Торғай  облысындағы  мектептерді  қаржыландыру  үшін  мемлекет  тарапынан  бар  болғаны  8936  сом 
бөлінсе,    "қырғыз  қоғамдарынан"  26016  сом,қалалық  бюджеттен  3004  сом  бөлінген.    Ақтөбе 
училищесін тұрғызуға аул тұрғындарынан 34 мың сом жиналып алынған.  
Бастапқы  халық  мектептері  діни-адамгершілік  тәрбие  беру  мен  қарапайым  сауат  ашуға 
үйретті.Бастапқы халық мектептеріндегі орыстандыру саясаты ерекше байқалды:ұлтына қарамастан 
оқушыларды  оқыту  тек  қана  орыс  тілінде  жүргізілді.оқу  бағдарламасына  сәйкес,  Ақтөбе  орыс-
қырғыз    училищесінде:орыс  тілі,  арифметика,қысқаша  география  және  тарих,табиғи  тарих 
туралы  қарапайым  мәліметтер,қазақшадан  орысшаға  және  керісінше  ауызша,жазбаша 
аудармалар.  24  сағатқа  есептелген  апталық  кестенің  ,  4  сағаты  "Құдай  заңына"  арналды.  "Құдай 
заңынан" басқа сабақтарды 2 оқытушы жүргізді,олар мектеп ғимаратында тұрды. "Заңды оқытушы" 
молда  Хуббинияз  туралы  Ы.Алтынсарин  "біржақты,топас,кеңес  керек  болған  жағдайда  да 
түсіністік  білдірмейтін  адам"  деген  баға  береді  [9].    Байқағанымыздай,бұндай  пікірдің 
туындауын  отаршыл  биліктің  оқу  орындарындағы  исламға  қатысты  пәндерді  ығыстыруға 
ұмтылған  әрекеттерімен  байланыстыру  қажет.Кейін  оқу  бағдарламасына  ән  мен  гимнастика 
енгізіледі пәндері,қыздар үшін қолісін,тігін машинасымен жұмыс жасауды үйрену енгізіледі. 
Ы.Алтынсариннің  араласуының  нәтижесінде  мектептерде  кітапханалар  жасақталып,оған 
қажетті  оқу  құралдары  алдырылады.  1883  ж.  12  қаңтарда  ол  Халық  ағарту    Министірлігіне  орыс-
қырғыз  мектептері  жанынан  кітапхана  ашу  үшін  жекелеген  адамдардың  қаражатынан  669  сом 
жұмсалғанын хабарлайды.Осы мақсатта Торғай облыстық басқармасы 1600 сом ақша бөледі. 
Ы.Алтынсарин  уездегі  қазақтардың  қаржысына  негізделген  Ақтөбе  екі  кластық  орыс-қырғыз 
училищесінің материалдық базасының нығаюына көп күш жұмсады.Қаражат тапшылығына байланысты,  
1887  ж.  5  қазанда  Ы.  Алтынсарин  Торғай  облысының  әскери  губернаторына  училище  үшін  Ақтөбе 
қаласының бюджетінен жыл сайын  100 сом ақша бөліп отыруын сұрайды. Уезд басқармасы бекітілген 
сметаға  қарамастан  қарсылық  білдіреді.Уезд  басқармасы  Ы.Алтынсариннің  өтінішіне  деген 
қарсылықтарын  бөлінген  100  сом  ақшаға  қазақ  оқушыларымен  бірге  орыс  балаларын  оқыту  қиынға 
соғады  деп  түсіндіруге  тырысады.  Бірақ,  Орынбор  оқу  округі  қамқоршысының  араласуының 
нәтижесінде өтініш қанағаттандырылады.   
 "Торғай  облысы  уезд  басшысының  Уақытша  инструкциясына  "сәйкес    мектепке  қажетті 
ерікті  түрде  жинақталатын  қаражат  енді  қазақтар  үшін  міндетті  болды.  Атап  айтқанда,осы  Уақытша 
ереженің § 262 сәйкес,алғашында әрбір уезд басқармасы жанынан қазақ балаларына арналған баспана 
ұйымдастырып,онда  орыс-қырғыз  бастауыш  мектебін  ашу  және  ол  үшін  әр  үйден  10  тиын  көлемінде 
қаржы  жинау  көзделеді.  Сондай-ақ,Троицк  және  Орынбор  гимназияларында  оқитын  қазақ 
балаларының  санын  көбейту  мақсатында  жыл  сайын  әр  үйден  6 тиыннан қаражат жинау мәселесі 
ұсынылды. Кейін бұндай жинаулардың көлемі бірнеше рет көбейеді.Қазақ халқы  тек қана,орыс-қазақ 
метептерінің 
шығынын 
ғана 
емес,сонымен 
қатар,медреселер 
мен 
мектептердегі 
орыс 
кластарының,кейде таза орыс мектептерінің де қаржылық қажеттіліктерін өз міндеттеріне алды. 
ХІХ ғ. 80-ж аяғына қарай,мектептерді қаржыландыру жүйесі өзгереді. 
Ы.Алтынсариннің  ұсынысы  бойынша,мектептердегі  білім  беруге  қажетті  салым  мөлшері 
өсіп,1883 жылдың күзінде әр үйден 1 сомнан жиналатын болды. 1889 ж. Елек уезінің қазақтары 6601 
сом  60  тиын  жинап  береді.  Сондай-  ақ,педагог  мамандарға  байланысты  мәселелер  де  шешіле 
бастады,  1886    мамырда  Орск  мұғалімдер  мектебінің  9  түлегі(барлығы  да  Торғай  облысының 
балалары) елге оралуы керек болатын. 1887 ж. олардың саны 12 адам болды. Оларды дер кезінде 
жұмысқа  орналастыру  үшін  болыстық  мектептерді  ұйымдастыру  қажет  болды.  Мамандардың 
жетіспеушілігінен  кейбір  аулдық  мектептерде  мұғалімдік  қызметті  екі  кластық  училищелерді  бітірген 
жас жігіттер атқарған болатын, сол себепті ауыл мектептеріндегі білімнің сапасы төмен болды. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал