№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет5/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Рассудова Р, Я. К истории одежды оседлого населения Ферганского, Ташкентского и Заравшанского 
регионов  //Материальная  культура  и  хозяйства  народов  Кавказа,  Средней  Азии  и  Казахстана.  Л., 
1978.- С.154-155.; Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа. Ташкент, 1974.- С.254., 
2.Шалекенов У.Х. Казахи Низовьев Ташкент, 1966. С.201  
3. Сухарева О.А. История Среднеазиатского костюма. М., 1982.- С.25-26. 
4. Абдуллаев Т.А. Хасанова С,А. Одежда Узбеков Х1Х нач ХХ в. Ташкент, 1978.- С.4-5 
5.  Махова  Е.  Материальная  культура  киргизов  как  источник  для  изучения  их  этногенеза  //  Труды 
Киргизской археолого-этнографической экспедиции. Фрунзе, 1959. - С.49. 
6. Карутц Р. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке. Санкт-Петербург, 1910.- С. 28-30 
7. Костенко Л.Ф. Материалы для географии и статистики России. С.Петербург, 1880. Т.1. С.338 
9. Обзор Закаспииской области за 1892 г. Асхабад, 1893.- С.53  
10.  Арғынбаев  Х.А.  ,Захарова  И.В.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  ұйымдасқан  этнографиялық 
экспедиция жұмысының қорытындысы //ТИИАиЭ. Т.12. Алма-Ата., 1961. -106 б. 
11. Вамбери А. Очерки Средней Азии. Пешт., 1867.- С.272 
12. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа. Ташкент, 1974.- С.258. 
13. Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. М., 1989. -С.208 
14. Васильева Г.П. Преоброзование быта и этнические процессы в Северном Туркменистане. Ашхабад, 
1972. - С. 195-198; С. 197-205 
15.  Захарова  И.В.  Ходжаева  Р.Д.  Казахская  национальная  одежда  Х1Х-нач.  ХХ  вв  Алма-Ата,  1954.- 
С.50-60  16.  Костенко  Л.О.  Туркестанскии  край.  СПб.,  1880.С.338.;  Левшин  А.  Описание  киргиз-
казачьих …, -С.45.; Куфтин А. Киргиз казахи, 1926.- С.42 
 
Резюме 
 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  национальной  одежды  казахской  диаспоры  в 
Средней Азии. 
Summary  
 
The peculiarities of natoinal clothes of Kazakh diaspora in Central Asia are considered in the given 
article. 
 
 
ХІХ Ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕ БАСПАСӨЗІНІҢ ЖӘЙІ 
 
Ұ.Ахметова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, т.ғ.к. 
 
Қазақ  баспасөзі  республика  мәдениетінің  үлкен  бір  саласы  болып  табылады.  Себебі  баспасөз 
тарихы  –  оны  жасаушылардың  тарихы  ғана  емес,  ол  сол  өлкенің,  елдің  тарихы,  өлке  адамдарының 
мәдени,  рухани,  әлеуметтік-саяси  жағынан  даму  тарихы.  Баспасөз  қашанда  халықты  оқу-ағартуға 
шақырды,  санасын  қалыптастырды,  уақыт  өте  келе  ой-пікірлерін  басылым  беттерінде  жариялауға 
жетеледі. Қазақстан Республикасы Орталық кітапханасының мерзімді баспасөз бөлімінде, республика 
және РФ мемлекеттері мұрағаттарында жатқан газеттердің әр беттері осының куәсі. 
Жасыратыны  жоқ,  кеңестік  билік  заманында  газет-журналдарымыздың  қалың  бұқара 
арасындағы үгітшілік-насихатшылық және ұйымдастырушылық рөлі жоғары болды. ХХ ғасырдың 20-30 
жылдары  мерзімді  баспасөзге  орныққан  әміршіл-әкімшіл жүйенің  саясатын  саяси-экономикалық  және 
мәдениет  саласында  жүзеге  асыруда  мерейі  үстем  болғаны  шындық.  Өлке  баспасөзінің  тарихына 
қалам тартқан ғалымдарымыз бен журналистеріміз Х.Бекхожин, Б.Кенжебаев, Т.Амандосов, С.Имашев, 
Ү.Субханбердина,  С.Қозыбаев,  И.Кенжалиев,  Х.Табылдиев,  Ғ.Нығмет,  Ә.Мұқтар,  Б.Қорқытов, 
Қ.Қуанышбайұлы,  Ғ.Қабдешев,  А.Аққали,  Б.Жақып,  М.Тәж-Мұрат,  С.Смағұлова  және  т.б.  есімдерін 
ерекше атап өткім келеді.  
Тәуелсіздіктен кейін төл тарихымызды жаңаша зерттеуге қалам тартқан ғалымдар, жазушылар, 
журналистеріміз  ұлттық  мерзімді  баспасөз  бетіндегі  деректерді  ғылыми  айналымға  түсірді.  Міне,  осы 
бағытта ғалым Үшкілтай Субханбердина апайымыздың өлшеусіз еңбегін айтпай кетпеске болмайды. 
Қазақстанның  тұңғыш  ана  тіліндегі  қазақ  баспасөзі  атанған  «Түркістан  уалаятының  газеті» 
Ташкент  қаласында  1870  жылы  28  сәуірде  дүниеге  келді.  Газет  Ресей  патша  ағзамының  жарлығын 
баяндайтын «Туркестанские ведомостиге» қосымша ретінде жалғанды. Алғашқыда ол айына төрт рет, 
оның  екі  саны  өзбекше,  екі  саны  қазақша  жарық  көрген.  Газеттің  тұңғыш  редакторы  Шаһмардан 
Ибрагимов  Ташкент  генерал-губернаторының  тілмашы,  Ш.Уәлихановтың  жақын  досы  болған.  Одан 

 
33
кейін бұл міндетті Х.Қанашев деген азамат басқарған. Газеттің микрокөшірмесін Ү.Субханбердина 1956 
жылы Ленинградтағы М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік кітапханасынан тапты [1, 6 б.].  
Қазақтың  бір  туар  азаматы  қоғам  қайраткері  А.Байтұрсынов  негізін  салған  1913  жылы  2 
ақпанда Орынборда аптасына бір рет жарық көрген «Қазақ» газетінің де Қазақстанда қоғамдық-саяси 
және  әдеби  салада  атқарған  тарихи  қызметі  аса  зор.  Қазақстанның  батыс  өлкесіндегі  алғашқы  ана 
тілінде  жарық  көрген  «Қазақстан»  (Орда)  газетінің  туған  күні  1911  жылдың  16  наурызы.  Газетті 
шығару ісіне Е.Бұйрин, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов сынды ұлт зиялылары қажырлы 
еңбек етті.  
Атырау  жерінде  1917  жылы  «Гурьевский  вестник»  (редакторы  В.Старцев),  «Яийцкая  воля» 
(редакторы ж. Шапошников) газеттері шығып тұрды [2].  
Қазіргі  таңда  Қазақстан  тарихы  ғылымының  маңызды  саласы  деректануда  мерзімді  баспасөз 
ерекше орын алып отыр. Солардың қатарына қосылып мен де соңғы жылдары ғылым деген ауыр да, 
қиындығы  мол  әлемде  баспасөз  тарихын  зерттеуге  бет  бұрдым.  Міне,  осы  жолда  өлкеміздің  тарихы 
туралы  деректер  Қазан  төңкерісіне  дейін  де  және  кейінде  мерзімді  баспасөз  бетінде  көптеп 
жарияланғанын мақтаныш тұрғысынан айтуға болады.  
Алдымен  «Түркістан  уалиятының  газеті»  бетінде  жарияланған  мақалаларға  тоқтала  кетсек: 
1872  жыл  13  наурыз  күнгі  №  4  санының  1-ші  бетінде  мынадай  дерек  бар:  «Орыс  газеттерінде 
жазыпты:  Орал  облысында  Қалмақ  оязында  Қарабауыс  деген  елдің  Көпей  деген  қатынның  ауылына 
Гурьевский  оязының  Ембі  елінің  қазағы  бес  жігітімен  келіп,  өзінің  Айбибі  деген  қалыңдығын  аттың 
аяғының астында қалдырып, өлтіріп тастап, екі түйе, бір кілем алып кетіпті» деп жазылыпты [3]. Біз 
бұл мақаладан өлкеміздегі қазақтардың қалың малы төленген қалыңдықтың кейін белгісіз себептерге 
байланысты  уәдесін  бұзғандыққа  байланысқа  осындай  шешімге  еріксіз  барғандығын  аңғару  қиын 
еместігі көрініп тұр.  
Атырау  жеріне  де  тараған  деп  айтуға  нақты  дәлелім  бар,  Орынбордан  шығатын  «Қазақ» 
газетінің 1915 жылғы 15 наурыз күнгі № 104 санында Мадияр деген бүркеншек атпен Гурьев уезіндегі 
жер бөлу мәселесі көтерілген мақала жарық көрген. «Гурьев уезінен жазу» деген мақалада мынадай 
жолдар  бар:  «Переселенческий  управление  Орла  облысына  қараған  Гурьев  уезін  жазуға  бұйрық 
шығарады.  Бұл  жұмысты  басқару  Оренбургтағы  Орал  –  Торғай  районының  статистика  бөлімен 
тапсырылса  керек.  Өйткені  бұған  жұмыс  планын  реттеуге  қосқан.  Бұл  уезді  жазуға  үш  отряд 
шықпақшы (әр отрядттың бір заведющий һәм үш регистртаторы болмақ).  
1- отряд жұмысты Ауыл районында бастайды. 
2- отряд – Қарағашта. 
3- отряд – Тайсойғанда. 
Жұмыс жаз һәм күз болады, созылғандай болса, бір отряд қысқа шейін жұмыс қылады. Міне, 
осы  қызметке  (заведющий  һәм  регистраторлыққа)  жаз-күз  уақытша  кіруге  ойланған  талапкер  қаақ 
жігіттері  болса,  осы бастан  сұранулары  керек»  [4].  Авторы  «Қазақ»  газетінің негізін қалаушылардың 
бірі  кейін  қазақ  халқының  аяулы  ұлдарының  бірі  аталған  Дулатов  Міржақып.  Бұл  заметка  өлке 
баспасөзі тарихында ерекше оқиға болмақ.  
Алдымен  Орда  да,  кейін  Орал  қаласында  жарық  көрген  «Қазақстан»  газетінің  беттерінде  де 
біздің  өлкеміз  туралы  бірнеше  мақала  жарияланыпты.  Солардың  қатарында  1911  жыл  1  желтоқсан 
күнгі  №2  санында  жарық  көрген  «Нефті»  (Лампымай)  атты  мақала.  Бұл  хабарда  Үйшік  (Гурьев) 
уезінде мұнайдың мол қоры табылғандығы жөнінде мақала басылған. «Қазақстан» газетінің 1912 жыл 
21  ақпан  күнгі  №7  санында  қазақ  жерін  өлшеп  жүрген  чиновниктің  бірімен  Гурьев  оязы  әңгіме 
болады.  
Дәл  осындай  өлкеміздің  саяси-экономикалық  және  мәдени  өмірі  туралы  мақалаларды  «Дала 
уалиятының газетасы» (Ташкент, 1888-1902), «Айқап» (Тройцк), «Уақыт» (Орынборда татар тілінде), 
«Тургайская  газета»  (Орынборда 1895-1910 ж.),  газеттерінде  бар  деп  есептеймін.  Жасыратыны жоқ, 
өлкемізде  ана  тілінде  газет  шығару  кенже  қалғандықтан  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  ой-
пікірлері  Орал  қаласында  татар  тілінде  жарық  көрген  газеттер  беттерінде  көрініс  тапты.  Орал 
қаласындағы  татар  тілінде  жарық  көрген  «Фикер»  (Мысль,  1905-1907),  «Ал-гасрель  жәдид»  (Новый 
век,  1906-1907),  «Уклар»  (Стрелы,  1906)  атты  газеттерде  де  біздің  өлкемізге  қатысты  біршама 
деректер жатыр деп қорытынды жасаймын.  
Кеңестік  кезеңде  жарық  көрген  газеттер  сапында  Атырау  жерінде  жарық  көрген  газеттер 
сапында  «Социалистік  құрылыс»  газетінің  (қазіргі  «Атырау»  -  Ұ.А.)  беттерінде  жарияланған 
материалдардан  ХХ  ғасырдың  басындағы  өлке  тарихы  туралы  деректерді  көптеп  табуға  болады. 
Мұның өзі,  өлке  тарихын  зерттеуге  бет  бұрған  ғалымдар  үшін  таптырмас  деректер болып  табылады. 
Мысалы «Социалистік құрылыс» газетінің 1940 жыл 24 қараша № 273 санында жарияланған «Бұрынғы 
және  қазіргі  денсаулық  сақтау  жұмысы»  атты  мақаланы  оқып  көрсек:  «1911  жылға  дейін  Гурьев 
қаласында тек 2 аурухана, 2 емхана болса, мұнда 2 врач, 2 фельдшер және 1 акушер қызмет істеді. 
1911  жылы  Доссорда  бір  емхана  болды.  Бұрын  бүкіл  Гурьев  облысында  2  емхана  болса,  қазір  16 

 
34
емхана,  8  стационарлық,  2  әйелдер  босанатын  үй,  онда  589  койка  бар.  Қалалар  мен  жұмысшылар 
поселкесінде  22,  ал,  ауыл-селолық  жерлерде  16  дәрігерлік  орындар  бар.  Сонымен  қатар  облыс 
көлемінде  92  фельдшер  және  акушерлік  пункттер  қызмет  істейді.  Қалалар  мен  жұмысшы 
поселкелерінде 530 койкалық 14 яслий, ауылдық және балық заводтарында 230 койкалы 10 ясли бар. 
Н.Вабин, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі». 
 
Кітапхана 
 
«1937  жылы  Гурьевтің  орталық  библиотекасында  кітаптар  фондасы  10.000  болды.  Қазір 
орталық библиотекада 20.326 кітаптар бар, оның 6000-ы қазақ тілінде, 7000-ы кітапша (брошюра), 52 
дана әртүрлі газеттер мен 83 дана журналдар алдырады. Орталық кітапхана жанында 16 жылжымалы 
кітапхана бар онда 441 кітап бар.  
 
А.Биқамова, орталық библиотеканың директоры». 
 
Кино 
 
«Гурьев  қаласында  кино  алғашқы  рет  1904  жылы  қойылды.  Онда  қойған  орыстың  купесі 
С.М.Зубов  деген.  1937  жылға  дейін  екі  жылжымалы  дыбыссыз  кино  болса,  1939-40  жылы  10 
жылжымалы кино бар. Олар ауылда, пішен даласында, егіс даласында кино қояды. Қазірде қаланың 
өзінде тұрақты түрде сезонды бір барлығы 4 кино театр бар» [5]. 
 
Қорыта  келгенде,  Атырау  облысының  тарихы  мерзімді  баспасөз  бетінде  сайрап  жатыр.  Ол 
мақалалардың авторлары біздің аға буын журналистеріміз екенін бүгінгі күні еске осылай алғанымыз 
дұрыс. Өткенге құрмет деген осы.  
 
Резюме 
 
В  данной  статье  анализируется  состояние  периодической  печати  Западного  региона 
Казахстана в конце ХІХ- начале ХХ вв. 
Summary  
 
Problems of periodical press of in Kazahstans west region during the ХІХ-ХХ centuries are analyred 
in this article. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Түркістан уалиятының газеті. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003. – 602 б. 
2.  Сүндетұлы  Қ.  Атырау  баспасөзінің  тарихы:  Оқу  құралы.  –  Алматы:  «КИЕ»  лингвоелтану 
инновациялық орталығы», 2009. – 160 б. 
3. Орыс газеттерінде жазыпты // Түркістан уалиятының газеті. –1872. – 13 наурыз. 
4. Мадияр (М.Дулатов). Гурьев уезінен жазу // Қазақ. –1915. – 15 наурыз. 
5. Бұрынғы және қазіргі денсаулық сақтау жұмысы // Социалистік құрылыс. – 1940. – 24 қараша. 
 
 
ӘОЖ 930 (045)  
 
ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР- ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІНІҢ ПЕРЗЕНТІ 
 
Л.Т. Джумалиева, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті «Тарих және философия» кафедрасының доценті, тар.ғ.к. 
  
Сейітқұлұлы  Жалаңтөс  баһадүр  (1576-1656)  қазақтың  әйгілі  батыры,  аса  көрнекті  қолбасшы, 
Самарқанның әмірі.  
Туып  өскен  жері-Сырдарияның  төменгі  ағысы.  Атақты  Бәйбекұлы  Әйтеке  бидің  үлкен  атасы 
болып  келеді.Шежіре  дерегі  бойынша  Кіші  жүз  Алшын-Қаракесек  Әлім  төртқара  болып  өрбитін 
аталардың ішінен Ораз-Тоқпан-Сейітқұл-Жалаңтөс болып тарайды.Әлеуметтік статусы бойынша, арғы 
атасы Ораз Әмір Темірдің бас кеңесшісі, ал өз әкесі Сейітқұл 40 мың алшындардың басын біріктірген 
ел басы, ірі бай, ықпалды қажы болған. 
Жалаңтөс  шыққан  әулет  өз  кезіндегі  саяси-әлеуметтік  оқиғаларға  белсене  араласып,  белгілі 
дәрежеде ықпалын да жүргізіп отырған.  
Сол кездің саяси ахуалымен санасқан Сейітқұл 1581 жылы Бұхар маңына көшіп келіп, Бабата 
тауын  қоныс  етеді.  Оң-солын  тани  бастаған  Жалаңтөс  Тамды,  Қызылқұм  қазақтарының  ханы 
Дінмұхамедке қызмет етеді [1]. 

 
35
Ел  ішінің  ахуалына  ертерек  көз  қанықтырып,  жас  кезінен-ақ  ақыл  парасатымен,  батылдық-
табандылығымен көзге түседі.Ол кездің саяси-әлеуметтік жағдайы мейлінше күрделі болатын. 
Алтын Орда ыдырап, Әмір империясы бөлшектеніп, Орта Азияда ұлттық ордалар жанталасып 
шаңырақ  көтере  бастаған.  Алыстан  айбарымен  ықтырған  Қытай,  Иран,  Ресей  мемлекеттерін  былай 
қойғанда, әліде болса, этносаяси, әлеуметтік аражігі ажырап үлгірмеген Азия халықтары өзара талас-
тартыс халінде болатын.  
Өзгелер сияқты қазақ халқы да ел болып ірге көтеру, жұрт болып бас құрау, ұлт болып еңсе 
көтеру сияқты тарихи ұлы мұраттар жолында еді. 
Міне  осындай,  алмағайып,  аласапыран  кезінде  Жалаңтөс  баһадүр  пісіп-жетіліп,  сол  кездің 
саяси-әлеуметтік  жағдайына  тегеуренді  ықпалын  жүргізген  әйгілі  жаһангер,  ұлы  қолбасшы,  көреген 
стратег, білікті мемлекет қайраткері ретінде тарих сахнасына шықты. 
Ол  сол  кездің  ең  шиеленісті  оқиғалары  мен  шешуші  шайқастарының  жуан  ортасында  болып, 
ықпалымен де, ерлігімен де төңірегін тәнті етті. 
Талай  рет  қан  майданда  жекпе-жекке  шығып,  жойқын  ерліктер  көрсетіп,  сахара 
сарбаздарының арасында зор беделге ие болды [2]. 
Баһадүр  бабаның  қазақ  санасындағы  мәңгілік  ғұмырын  біле  білсек  жаңа  ғана  басталып 
келеді.Тіпті  керек  десеңіз,  рухани  зердемізге  оны  тереңдетіп  өз  дәрежесінде  сіңдіре  алдық  деп  кесіп 
айта алмаймыз. 
Жалаңтөс  Баһадүр  туралы  әсіресе,50-70-жылдардан  бастап  газет-журналдарда  насихаттала 
бастады.  Сол  кездері  Өзбекстанның  атақты  кинорежиссері  Камиль  Ярматов  «Азия  үстіндегі  дауыл» 
кинокартинасында  батрақ-қолбасшы  Ялаңтуштың  бейнесін  жасады.  Ол  рөлді  өзбектің  атақты  әртісі 
Шүкір Бұрханов ойнады.  
Демек,  Жалаңтөс  баһадүр-әдебиетте,  өнерде  жалпы  батыр  бейнесіне  айналған.  Ол  туралы 
және  ол  құрғызған  медреселер  туралы  90-жылдарда  Самарқандта  шығатын  газеттерде  7-8  мақала 
жарияланды.  Демек,  Жалаңтөс  тұлғасына  қызығушылық  пайда  болды.  Әлбетте,  бұл  тәуелсіздік 
шарапаты  еді.  Азаттықтың  ақ  таңы  жолында  айқасқан  тұлғаның  рухы  алдында  бізде  мейлінше  бас 
июге  тиіспіз.  Ол туралы  келешекте  жастарымызды  отансүйгіштік  пен  елжандылыққа  үндейтін  фильм 
дүниеге келіп жатса, артық емес қой. 
Жалаңтөс  баһадүр  даңқты  қолбасшы,  би,  әділ  әмір  болумен  қатар,  Шығыс  елдері  мәдени 
тарихында сәулет өнеріне ерекше көңіл бөлгенгендігі туралы айтылады.Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, 
Қазақ хандары  мен Бұхара  хандары  арасында  бірде  соғыс,  бірде  одақтасу  да  болып  тұрған.  Әсіресе, 
бұл қым-қиғаш саясат Ташкентте көбірек болды. 
Шығай  сұлтан  және  оның  баласы  Тәуекел  ханның  соғыс  жорықтарына  Жалаңтөстің  әкесі 
Сейітқұл би өз жасақтарымен белсенді түрде қатысқан сияқты.  
Осы кезде Қызылқұм тамды, Кенимех тағы басқа аумағындағы қазақтардың ханы Дінмұхаммед 
сұлтан болған. Нұрата тауы Тамды өңірімен шектеседі. Әкесі Сейітқұл жас Жалаңтөсті осы сұлтанның 
қызметіне береді. Дінмұхаммед сұлтан Бұхара ханының ықпалында болған. 
Тарихи деректерде Мұхаммед Шайбанилер Шыңғыс ханның үлкен ұлы  
Жошы  хан  нәсілінен  Мауераннахрда  16-ғасырда  билік  жүргізген.Соңғы  Шайбани-Абдумумин  1599 
жылы  дүниеден  озады.  Енді  хандық  Шайбанилермен  біртектес  Жошы  хан  әулеті  аштархандықтарға 
өтеді.Осы аштархандықтардың шахзадаларына Жалаңтөс батыр тәлімгерлік қызметін атқарады [3].  
Әскери қолбасшы болып, өте қатаң тәртіпті бойына жинаған Жалаңтөс баһадүрді аштархандық 
Имамқұл  хан  1611-1642  жылдары  Самарқанд  қаласына  әкім  етіп  тағайындайды.Оның  інісі  Надыр 
Мұхаммед хан дәуірінде Жалаңтөс баһадүрдің мәртебесі тағы да жоғарылап, аталық болады  
Аталық уазипасындағы қызметші бірінші лауазым болып хандықтағы бүкіл құрылымға, әсіресе 
ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге жауапты болған.  
Ол  кезде  бұл  аймақтағы  су  шаруашылығы  егіншілік  үшін  қоғамның  негізгі  өндіріс  саласы 
болғаны бізге, өткен тарихтан мәлім.Жалаңтөс би әкесінің ізімен әлім-алшынның бір бөлек еліне толық 
билік  жүргізумен  қатар,  Бұхара  хандығы  мен  Самарқанд  қаласы  әмірлігіне  тиісті  қалың  әскерге 
қолбасшылық етті. 
Сөйтіп,әскери  басшылық,  шаһар  әкімі  және  аталық  лауазымдары  оған  билік  жүргізудің 
шеңберін кеңейтіп берді.Жалаңтөс аталықтың өз билігінде мол әскері болған. 

 
36
Көптеген  көрші  елдерге  Ауғанстанға,Қорасанға,  шабуыл  жорықтарын  ұйымдастырып,  оларды 
бағындырып,  алым-салық  төлеуге  мәжбүр  еткен.  Жалаңтөс  баһадүрдің  әскери  қолбасшылық  соғыс-
жорықтары туралы деректер бізге толық жетпеген [4]. 
Сонда  да  болса,  көпшілікке  арналған  әдебиеттерде,  тарихи  басылымдарда  жеңіс-жорықтары 
туралы деректер бар. 
Біз ежелден жалғасып, сабақтасып келе жатқан ізгілікті ізімізден, ата-бабалар қалыптастырған 
салт-дәстүрден айнымай, Сыр бойының арғы, бергі дәуіріндегі Қорқыт Ата бастаған ұлы перзенттеріне 
ескерткіш-кесенелерін тұрғызып, мерейтойларын өткізіп, әруақтарын қадірлеп-қастерлеп келеміз.  
Бүгінгі Жалаңтөс баһадүрдің 432 жылдығына арналған осы іс шара да қаһарман бабаға деген 
перзенттік парызымыз бен құрметіміз [5].  
Мұның өзі бізге тарихтың тағылымын үйреніп, оны терең сезіну үшін де, ертеңгі болашағымыз 
үшін де, Қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыру үшін де қажет. 
Жалаңтөс баһадүрдің рухына лайықты құрмет көрсету, ел есінде мәңгі қалдыру мақсатындағы 
жұмыстар 1993 жылдан басталды.  
2000 жылы 15 шілдеде «Жалаңтөс баһадүрдің 425 жылдығына әзірлік және оны өткізу туралы» 
шешімі қабылданып, Қызылорда облыстық комиссиясының құрамы, іс-шаралардың жоспары бекітілді.  
Жалаңтөс баһадүр бір жүздің, не бір аймақтың ғана емес, исі қазақтың, алты Алаштың даңқты 
перзенті. Сондықтан-ол терең зерттеуді қажет ететін тарихи тұлға. 
Жалаңтөс  баһадүрдің  Отан  тарихындағы  тағы  бір  үлесі  қазақ  хандығы  құрылып,  енші  алған 
тұста  Бұхара  хандығын  тапжылтпай  ұстап  қана  қойған  жоқ,  оны  жоңғарлармен  Талас  өзені 
алқабындағы қазақ-қалмақ соғыс кезінде одақтас етуге ықпал жасады. 
 Алшын, Жалайыр,Албан, Үйсін, қарақалпақ ұландарының басын қосып, 20 000 жасақ ұстаған 
Жалаңтөс  Орта  азиялық  мемлекеттердің  қазақ  жеріне  деген  агрессиялық  ниетін  су  сепкендей 
басты.Ол ол ма, жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының 
қалың қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді[6].  
Жалаңтөс  баһадүрдің  мұндай  позициясы  оның  ұлтқанды,  ұлтжандылығын  ғана  көрсетіп  қана 
қойған жоқ, оның өз мүддесін ұлт мүддесіне бағындырған ұлы патриот қайраткерлігін танытты. 
Бір ғасырдың ішінде қазақ хандығы мықты бір ортадан билік шығарып, желкілдеген ту астында 
300  мың  қол  жинап,  қазақ  халқының  осы  күнгі  этнотерриториясын  қалыптастыруына  Жалаңтөс 
баһадүрдің қосқан үлесі Отан тарихында хатталмай келгенін мойындау керек.  
XVII-  ғасырдағы  Қазақстан  мен  Орта  Азия  тарихында  ерекше  орын  алатын  тарихи  тұлғаның 
бірі- Жалаңтөс баһадүр Сейітқұл би ұлы болатын. Оның шыққан елі Кіші жүзге қарасты Әмудария мен 
Сырдария,  яғни  екі  өзен  аралығындағы  алқапты  мекендеген  алты  ата  әлім  руының  төртқара  атты 
бөлігі. Жалаңтөс баһадүр өзінің аса даңқты өмірінің ақырына дейін Самарқан қаласының әмірі болды. 
Оның өмірі мен қызметіндегі негізгі оқиғалар мыналар: 1612 жылы Бұхар ханы Иманқұл көп әскермен 
Түркістан  атырабына  баса  көктеп  кіреді.  Алдыңғы  соққы  қарақалпақтарға  берілетін  болған  соң, 
Жалаңтөс батыр өз әскерімен көмекке жетеді. 
Әйгілі  Жалаңтөс  қолынан  қаймыққан  Иманқұл  амалсыздан,  соғысты  бастай  алмай,  келіссөзге 
келеді.Алайда  бұл  Бұхар  ханының  уақытша  айласы  екенін  түсінген  Жалаңтөс  батыр  әскер  жинап, 
Иманқұлды  Жалаңтөс  тұрғанда  өзінің  Бұхар  тағында  отыра  алмайтынын  түсініп,  оған  Самарқан 
қаласын және  сол  төңіректегі  уәлаяттарды  сыйға  тартады.  Сөйтіп, Жалаңтөс  Самарқан  әмірі  атанып, 
таққа отырады. 
 Артында  Қытай  империясы  тұрған  Жоңғар  қалмақтарын  әлденеше  рет  талқандағаны  үшін 
және  басқа  да  көптеген  ерліктері  ескеріліп,  1625  жылы  Жалаңтөске  Аталық  деген  құрметті  атақ-
лауазым беріледі [7].  
1640  жылы  Батур  қонтайшы  басқарған  қалмақтардың  Қазақстан  мен  Орта  Азияға  жасаған 
кезекті шабуылын тойтарады. Бұл шайқасқа Жалаңтөс Самарқаннан 30 мың әскермен шыққан екен. 
1643  жылы  қалмақтардың  Жетісу  аймағына  кезекті  шабуылы  басталады.  Бұл  жолы  олар  50 
мың әскермен лап қойған еді.Сол кездегі қазақ хандығының бір ұлысы-қырғыз елі жау қолында қалды. 
Салқам Жәңгір дұшпанды тоқтату үшін бар болғаны 600 жауынгермен соғысқа аттанады.  
Тау  шатқалында  жаудың  көп  әскерін  жанқиярлық  ерлікпен  тоқтатып  тұрғанда,  20  мың 
әскерімен Жалаңтөс батыр келіп жетеді де, ұрыс тағдырын шешеді [8]. 
Осынау үлкен шайқаста Жоңғар шапқыншылары мықтап талқандалады. Кейінірек тарихшылар 
мұны Орбұлақ шайқасы деп атады. Жалаңтөстің бұл үлкен ерлігі туралы көптеген тарихшылар жазды. 

 
37
Ал,  өмірінің  соңғы  күніне  дейін  Жалаңтөс  баһадүр  Орта  Азияға  қатысты  барлық  соғыс 
қимылдарына  қатысып,  әскер  басқарып,  көптеген  жеңістіктерге  жеткен,  яғни  түрік  халықтарының 
тағдырында  ол  әрқашан  шешуші  рөл  атқарған.  Ол  батыр  ғана  емес,  баһадүр,  әмір  және  би  деген 
атаққа ие болған. Қазақ тарихында «би» деген атақ –ең жоғары дәреже. 
Жалаңтөс баһадүр Самарқан шаһарына 1626 жылы әмірші болып отырған.Оған ықпал еткен өзі 
он  екі  жасынан  тәрбиесін  көрген  Дінмұхаммед  ханның  баласы  Иманқұл  мен  Абдуләзиз  хан. 
Жалаңтөстің ел билеп, атақты қолбасшы болуына әсіресе Абдуләзиз хан көп еңбек сіңірген сыңайлы. 
Осы  ханның  тұсында  Жалаңтөс  Баһадүр  сол  кездегі  ең  жоғарғы  атақ  «Аталық»  дәрежесін 
алған. Ал Самарқан шаһары бұл кезде Абдуләзиз ханның қарамағында болған [9].  
Жалаңтөс  сияқты  аса  дарынды  да  талантты,  кемел  адамды  әріден  ойлайтын  хан  Самархан 
сияқты үлкен қалаға билеуші етіп қойса, бұл өзіне де үлкен бедел еді. Жалаңтөс бабамыздың атағын 
жер жиһанға жайған аса ірі соғыстары оның егде тартқан жүлдесінің иесіне тиеді  [10].  
Жалаңтөс баһадүр бір жүздің, не бір аймақтың ғана емес, исі қазақтың, алты Алаштың даңқты 
перзенті. Сондықтан ол-терең зерттеуді қажет ететін тарихи тұлға. 
Жалаңтөс  баһадүрдің  Отан  тарихындағы  тағы  бір  үлесі  қазақ  хандығы  құрылып,  енші  алған 
тұста  Бұхара  хандығын  тапжылтпай  ұстап  қана  қойған  жоқ,  оны  жоңғарлармен  Талас  өзені 
алқабындағы казақ-қалмақ соғыс кезінде одақтас етуге ықпал жасады. 
Алшын,  жалайыр,  албан,  үйсін,  қарақалпақ  ұландарының  басын  қосып, 20 000  жасақ  ұстаған 
Жалаңтөс Орта Азиялық мемлекеттердің қазақ жеріне деген агрессиялық ниетін су сепкендей басты. 
Ол  ма,  жоңғарлардың  қазақ  сахарасына  қарсы  жасаған  соғыстары  кезінде  Қазақ  хандығының  қалың 
қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді. 
Жалаңтөс баһадүрдің мұндай позициясы оның ұлтжандылығын ғана көрсетіп қойған жоқ, оның 
өз мүддесін ұлт мүддесіне бағындырған ұлы патриот қайраткерлігін танытты [11]. 
Ол батыр ғана емес, баһадүр, әмір және би деген атаққа ие болған. Қазақ тарихында би деген 
атақ-ең жоғары дәреже.Себебі мұндай құрметті атаққа батырлар мен хандардың ие болуы -өте сирек 
жағдай. 
Сондықтан, ол Жалаңтөс батыр секілді аса беделді тұлғасымен жақсы байланыс жасады. Оның 
Жалаңтөс  батыр  секілді  аса  беделді  тұлғамен  жақсы  байланыс  жасады.  Оның  Жалаңтөс  батырды 
Самарқан  қаласы  мен  уәлаятының  әмірі  етіп  қою  себебі:  біріншіден,  Қазақ  хандығымен  достық 
қатынаста  болу,  екіншіден,  саяси  істерді  шешу  үшін,  әсіресе  сыртқы  жаулардан  қорғануда  қалың 
әскері бар Жалаңтөс батырды пайдалану.  
Сол  арқылы  мықты  Қазақ  хандығы  тарапынан  ешқайда  әскери  әрекетті  немесе  шабуылды 
болдырмау.  Алайда  Иманқұл  хан,  өзі  қанша  тәуелді  болғанымен,  Қазақ  хандығын  ыдыратып,билікті 
қолына алуды ойламай қалған жоқ. Осыған байланысты, оның бірінші әрекеті Ташкент әмірі Тұрсынды 
өз құзырына ілдірумен бітті. 
Қорыта  келгенде,  бұл  тарихи  оқиғалардың  бәрі  Жалаңтөстің  өте  сауатты,  өнерге  деген 
құштарлығының  басым  екенін  көрсетеді. Өмірден  көзін жұмғанша  ешкімге  бас имей  кеткен,  ірі  тұлға 
қазақ  жұртын,  қазақ  елін  сүйіп  өткен.  Ұзақ  жылдар  бойы  әр  түрлі  жорықтардың  салдарынан  туған 
жеріне ат басын бұра алмаған, Жалаңтөс Баһадүрге жерлестері бір түп жусанды сәлемдемеге жіберсе 
керек.  Сонда  Жалаңтөс:  «Апыр-ай,  мына  жусаннан  туған  жердің  иісі  аңқиды  ғой»  -деп  еліне  келіп, 
бірнеше күн аунап-қунап жатқан деген аңыз бар [12]. 
Олай  болса,  тағы  бір  тарихтың  ақтандақ  беттерін  аша  отырып,  жеке  тұлға  Жалаңтөстің 
бейнесін сан қырынан ашылды деп айтуға болады. 
 Ұлы қолбасшы, қазақ халқының перзенті Жалаңтөс Баһадүрдің өмірі мен тұлғасын жан-жақты 
зерттеу  және  оның  есімін  ұлттық  тарихымызға  терең  енгізу,  батырлық  ерліктерін  келер  ұрпаққа 
жеткізу болып табылады. 
Жалаңтөс баһадүрдің рухына лайықты құрмет көрсету, ел есінде мәңгі қалдыру мақсатындағы 
жұмыстарды  1993  жылдан  бастаған  болатын.  Қазалы  ауданындағы  «Қызылту»  совхозына  Жалаңтөс 
баһадүрдің  аты  берілді.  Қазір  Жалаңтөс  баһадүр  ауылы  деп  аталады.  Қызылорда  қаласындағы  бір 
көше батыр бабаның есімінде.  
1996  жылы  420  жылдығына  арналып,  облыстық  ғылыми-теориялық  конференция  өткізілді. 
Облыс  өңіріне  жаңа  дәуір,  жаңа  заман  болып  енген  21-ғасырдың  беташар  жылын  әлеуметтік-
экономикалық,  рухани-мәдениет  салаларды  дамытуды  оң  нәтижелермен  бастады  десек,  батыр 
бабамызға  арналған  конференция  біз  үшін  тәрбиелік  мәні  зор,  рухани  өркендеуімізге,  елдің  береке-

 
38
бірлігін сақтауға, өткенімізді саралауға, патриотизм, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті одан әрі 
арттыруға үлкен әсер ететін шаралардың бірегейі деп есептеймін. 
Жалаңтөс баһадүр бір жүздің, не бір аймақтың ғана емес, исі қазақтың, алты Алаштың даңқты 
перзенті. Сондықтан ол-терең зерттеуді қажет ететін тарихи тұлға. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал