№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет4/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Әдебиеттер: 
1. http://tatar.com.ru/download/bichurin.php, 2008. 
2. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена.- М.-Л., 
1950, с. 190-191.;  
3.http://tatar.com.ru/download/bichurin.php, 2008 /Денисов П.В. Никита Яковлевич Бичурин: очерк 
жизни и творческой деятельности. - Чебоксары: Чувашское книжное изд-во, 1997. - 143 с. 
4 . Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений по исторической географии Восточной и Срединной 
Азии / Составители Л.Н. Гумилев, М.Ф. Хван. - Чебоксары: Чувашское гос. изд-во, 1960. - 758 с.  
5. Бичурин Н. Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы. Алматы : Аударма .2008.-
43 б. 
6. Гумилев Л.Н.Конец и вновь начало.Санкт-Петербург.СЗКЭО «Кристал» .Москва. «Оникс» .2003. 258-
263-бб. 
 7. Гумилев Л.Н. Черная легенда \ Друзья и недруги Великой степи. с.196 
8. Масанов Н.Э. Абылхожин Ж.Б. , Ерофееева И.В. Научное знание и мифотворчество в современной 
историографии Казахстана. Алматы: «Д айк-Пресс», 2007.-296 с. 
 
Резюме 
Статья посвящена научному наследию выдающегося китаеведа, востоковеда Н.Я.Бичурина, его 
вкладу  в  изучение  древней  истории  тюркских  народов.  В  этой  связи  рассматриваются  некоторые 
актуальные вопросы казахстанской историографии 
 
Summary  
The article is devoted to scientific heritage of scientist, N.J Bichuri. 
 
 
ӘОК 94(574) 
 
САРАЙШЫҚ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ҚҰЛПЫТАСТАР 
 
М.С. Касенов, Х.Досмұхамбетов атындағы мемлекеттік университеті 
Қ.Қ. Ибадуллаұлы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 
 
Сарайшық  қаласында  хандар  мен  атақты  адамдарды  жерлейтін  зират  «қорым»  болғаны 
анықталып та жазылып та жүр. Археологиялық қазба жұмысы кезінде бұл зираттар табылған жоқ [1]. 
Зираттар орыс казактарының тонауынан соң қатты зардап шекті. Кейін Сарайшық қамалы кезінде де 
бұзылып  тоналды.  Қалғанын  Жайық  өзені  шайып  кеткен.  Бұл  зираттарды  «қорым»  деп  атаған. 
«...Сарайчике, где погребены ханы, и кости, ханов называют заповедными» [2]. «Местом погребения 
золотоордынских  ханов  считался  Сарайчик,  на  нижнем  течении  Урала»  деп  жазды  ХІХ-ХХ  ғ.ғ. 
зерттеушілер [3].  
 
Қорық  және  жерлеу  салты  туралы  В.В.Бартольд  зерттеген.  «Место  погребения 
золотоордынских ханов считался Сарайчик, на нижнем течении Урала; из слов Абулгазы о погребении 
хана Тохтогу можно заключить, что ханы хоронились здесь еще до принятия татарами ислам» [4].  
 
Татарлар  ислам  дінін  қабылдағанға  дейін  зираттарға  жерленсе  әдеп-ғұрып  бойынша  олармен 
бірге  қару-жарақ,  асыл  бұйымдар  т.б.  тұрмыстық  заттар  қойылған.  Бұның  өзі  қала  зираттарында 
қыруар  байлық  бар  екені  туралы  аңызды  тудырған.  Ислам  дінін  қабылдаған  соң  қабірлерге  заттар 
қойылуға  тыйым  салынғаны  белгілі,  тек  кебінге  орап,  үстіне  кесенелер  салуға  рұқсат  етілген.  Орыс 
казактары  1580  жылы  қала  зираттарын  тонауының  себебі,  мол  қазынаны  іздеуінен  болған.  Бірақ 
мұсылмандардың  салтпен  жерленген  қабірлерінде  ешқандай  қазыналар  болған  жоқ.  М.Тынышбаев: 
«Өзбек-хан,  Жәнібек  хан,  ақындар  т.б.  Сарайшықта  жерленген.  Олардың  зираттарын  казактар 

 
21
тонаған»  -  дейді  [5].  Бұл  хандарда  исламдық  әдет-ғұрыппен  жерленген.  Сондықтан  түк  таппаған 
казактардың ашуланып өліктерді өртеуіне себеп болса керек.  
 
Сарайшықта  жеті  хан  жерленгені  туралы  аңыз  қайдан  шыққаны  белгісіз.  Жазба  дерек  жоқ. 
Қазақ  ұғымында  «7»  саны  қасиетті,  киелі  сан  болған.  Сондықтан  жеті  хан  жерленген  деген  ұғым 
қалыптасқан болса керек. Жеті хан жерленгені туралы тек Шынияз Шанайұлы ақын айтқан.  
 «Сарайшықта бар дейді» 
 «Жеті ханның моласы» - деген [6]. 
 Сонымен бірге атақты адамдардан Едіге, Ер Тарғын, Қамбар батыр да осы қала зиратына жерленген 
деген аңыз бар.  
  
Едіге   (Едиге,  Идигу,  Идике)  1352-1419  ж.ж.  Ақ  орда  әмірі  Сарайшық  түбінде  өлген  деп 
жазылған  «Қазақ  совет  энциклопедиясында»  [7].  Едігені  (1419-1920  ж.ж.)  Тоқтамыстың  кіші  баласы 
Қадырберді  Сарайшық  түбінде  өлтірді  деп  хабарлайды  араб  тарихшысы  аль-Айни  [8].  Едіге  Еділ 
бойындағы  соғыста  жараланып,  қолға  түсіп,  өлтірілді.  Қабірі  Хажытарханның  (Астраханның)  шығыс 
жағында  [9].  Кейбір  деректерде  қабірі  Ұлытауда  деп  көрсетеді.  Бұдан  басқа  көптеген  хандар  мен 
батырлар  жерленгені  туралы  аңыздар  бар,  бірақ  олар  шындыққа  жанаспайды,  кейбіреулері  арнайы 
зерттеуді қажет етеді. 
 
Сарайшықта  ислам  дінінің  өкілдері:  сейідтер,  шейхтер,  молдалар,  қажылар,  хафиздер, 
суфиилер,  дервиштер  тұрды.  Олардың  көбі  қала  зираттарына  жерленген.  Зерттеуші  В.И.Левшин 
былай деп жазады: «Қазақтар мен татарлар Сарайшықтың жұртын қатты қастерлейді. Бәз – бір обаны 
Мұхаммед  уағызшысының  қабірі  деп  тәуеп  етеді  және  әдейі  арнап  тәуеп  етуге  келіп  құрбандық 
береді» [10].  
 
Қалада  көп  әулие  болған.  Қорым  әулиелі  жер  деп  қазақтар  әр  түрлі  ауырудан  жазылу,  бала 
тілеу т.б. тілектер тілеу үшін табынған.  
 
Бегалы  батыр  да  осы  қорымның  қасиеті  арқасында  туған.  Аңыз  бойынша:  «Батырбек  байдың 
әйелі көпке  дейін  бала  көтермейді.  Сарайшықтағы көп  әулиеге  келіп,  үш  мал  сойып,  үш күн  түнеген 
екен дейді. Сонда әйелге түсінде біреу аян беріпті-мыс. Саған көп бала берейін бе, әлде көпке татитын 
бір  бала  берейін  бе?»  -  депті-мыс.  Сонда  әйел:  «Маған  сол  бір  бала  жарайды»,  -  депті-мыс.  Содан 
Бегалыны тауыпты. 
 
Бегалы  қару  ұстап,  қол  жинап  жауға  соғыспаған  батыр.  Батыр  аталуы,  ол  ержүрек,  бай 
әкімдерден  сескенбеген,  барымта,  ұрлыққа  жол  бермей,  тыйым  салған,  қарапайым  адамдарды 
қорғаған адам болған. Содан Бегалы батыр атанған. 
 
 Бегалы батырды Мұрат Мөңкеұлы жырауда жоғары бағалаған.  
«Басына әулиенің үш күн түнеп, 
Бір тілек алған екен Алладан да. 
Тілегін Алла есіркеп берген екен, 
Перзентке бай-бәйбіше зарлағанда. 
Халықтың бақытына сіз туыпсыз, 
 Қазақта жақсы кісі қалмағанда» [11]. 
Сарайшық  қорымы  (зиратты)  қала  өмір  сүруін  тоқтатса  да  XXI  ғасырға  дейін  қорым  болып, 
жергілікті халық зират ретінде пайдалануда. 
 
XVI-XVII  ғасырларда  қала  үстіне  қыш  кірпіштен,  шикі  кірпіштен  күмбезді  кесенелер  мен 
төртқұлақты  мазарлар  салына  бастады.  Бұл  құрылыстар  үшін  қала  құландысының  кірпіштері,  ноғай 
көрханаларының, бұрынғы хандар кесенелерінің кірпіштері пайдаланды. 
 
XVIII ғасыр зерттеуші П.Рычковтың сипаттамасы бойынша: 
 
«Сарайшықтың  Жайық  өзеніндегі  ғаламат  қала  елесі  Гурьевке  50  верст  жетпейді.  Сарайшық 
қазіргі  форпост.  Онда  жерден  тіпті  күні  бүгінге  дейін  көптеген  шатырлар,  ғимараттар  табылды.  Осы 
арада айтулы адамдар зираттары көп» - деп жазды [12]. 
 
1930 жылы Сарайшық қаласының Жайық жағасынан түсірілген суретінде күмбезді кесене бар. 
Ол ақ түсті, төрт бұрышты, күмбезді болып өзен іргесінде тұр. Кімдікі, қай кезеңде салынғаны белгісіз. 
Өкінішке орай қазір ол сақталмаған. Жайық өзені шайып кеткен. Сонымен бірге қаланың оңтүстігінде 
күмбезді 2 кесененің де суреті сақталған. Қазір бұл жер телімі, Жайық өзенінің астында жатыр [13].  
 
Сарайшық қаласына жеті хан жерленген деген аңыз бар. Сарайшық қаласы туралы деректерге 
сын көзбен қарау қажет. Аңыз деректер XVIII-XX ғасырларда жазылған. Көптеген деректер бір-біріне 
қарама-қарсы.  Ресейлік  ғалым  А.В.Пачкалов  «Сарай  и  Сарайчук»  -  атты  мақаласында,  оған  негізгі 
себеп Сарай ман Сарайшық қаласының оқиғаларын, уақытын ауыстырудан болғанын көрсеткен [14]. 
 
Көптеген  зерттеушілер  негізгі  деректі,  Сарайшық  қаласында  жерленген  Алтынорда  хандары 
туралы  Абулғазы  Бахадур  ханның  «Түрік  шежірісі»  еңбегінен  алған.  Ол  Сарай  мен  Сарайшықты  көп 
шатастырған  деген  пікірге  келеді.  Зерттеуші  бұл  шығарма  XVII  ғасырда  жазылған  сондықтан 
Сарайдағы  оқиғалар  Сарайшықта  болды  деуі  әбден  мүмкін  –  дейді  [15].  Сонымен  бірге  Утеміс 
қажының «Шыңғыс - намесіне» де сын көзбен қарау қажет екенін көрсеткен. 

 
22
 
Сарайшықтағы  қазбадан  XIII  ғасырдың  тиындары  шыққан  жоқ.  [16].  Сондықтан  Сарайшық 
қаласы XIV ғасырдың бірінші ширегінде салынған болады. Онда көрсеткендей: Мөңке Темір хан (1266-
1281  ж.ж.),  Тоқта  хан  (1290-1312  ж.ж.)  жерленуі  мүмкін  емес.  Қазіргі  кезеңде  Сарайшық  туралы 
зерттеулер  ондаған  жыл  бойы  жүріп  жатсада,  әлі  толық  зерттеліп,  зерделеніп  біткен  жоқ  (17). 
Сарайшық қаласындағы құлпытастардың жобасы алынып, фото-суреттері түсіріліп зерттеу жұмыстары 
жүргізілді.  Құлпытастардағы  араб  алфавитімен  жазылған  жазулар  оқылды.  Ал,  құлпытастардағы 
жазулар көп. XVIII-XIX ғасырларда жазылған анықталып отыр. 
 
XVIII-XIX  ғасырларда  қорымда  тас,  ұлу  тас,  борат  тастардан  жасалған  құлпытастар  пайда 
болды.  Қазіргі  кезеңде  олардың  саны  40-қа  жетеді.  Құлпытастар  әртүрлі  формада  жасалып,  ою-
өрнектермен сәнделіп, араб алфавитімен жерленгендердің есімі, жылдары, ру таңбасы, құран аяттары 
қашалып жазылған. (1-8 суреттер).  
 
Құлпытастар  тарихи-мәдени  ескерткіш  ретінде  қорғалуға  міндетті.  Өкінішке  орай  жылда 
көптеген  ескерткіштер  жойылуда.  Олардағы  жазуды  оқитын  маман-арабис  облыс  көлемінде  жоқтың 
қасы.  
 
Алып-Ана,Алтын қорымы.Ұшқан қорымы т.б. қорымдарда мыңдаған құлпытастар шоғырланған. 
Келешекте  бұларды  туристік  маршрутқа  кіргізуге  болады.  Құлпытастарды  зерттеп,  оларды  қорғау 
жұмысын «Мәдени мұра» бағдарлама аясын жүргізу қажет-ақ. 
 
 
Әдебиеттер. 
1.  Таллев  Д.А.,  Самашев  З.  Сарайшықтағы  хандар  зираты  //  Актуальные  проблемы  и  истории, 
археологии, этнологии. Астана,2001.с.14. 
2. Османов. Ногайские и кумыкские тексты. СПб.,1883.с.47. 
3. Руднев А. Новые данные по живой манджурской речи и шаманству- ЗВОРАО,т.ХХI, 1913.с.41. 
4. Бартольд В.В. т. IV.М., 1966.с.395. 
5. Данияр К. История Казахстана.А., 2000. 
6. Шынияз Шанайұлы. Алқаласа әлеумет.А.,1991.94 бет. 
7. Қазақ совет энциклопедиясы. А.,1971.том.4.104 бет. 
8. СамашевЗ., Қожақов Д., Талеев Д. Сарайчик: Проблемы исследования великого города. // 
Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. Алматы,1998.с.241. 
9. Қазыбек Н. Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін.А., 1998.6 бет. 
10. Левшин В.И. Известия о древнем татарском городе Сарайчике. Северный архив.1824.№4. 
11. Бойында Үштемірдің Әлім жүрген. А.,2001.73 бет. 
12. Рычков П. История Оренбурская по учерждению Оренбурской губерний. 
СПБ.1759. 
13. Касенов М.С. Сарайшық қаласының тарихы. Атырау, 2007. 
14. Пачкалов А.В. Сарай и Сарайчук.// Вопросы истрии и археологии Западного Казакстана. №2 2007. 
с.233-236. 
15. Абул Гази Бахадур хан. Родословное дерево тюрков (перев.Г.С. Саблукова) Казань, 1906. 
16. Самашев З., Бурнашева Р., Базылхан Н., Плахов В. Монеты Сарайчика. 
Алматы, 2006. 
17. Касенов М.С. Сарайшық қаласының тарихы ... 34 бет. 
 
 
Резюме  
Величие  Сарайжука  подчеркивалось  не  только  местом  захоронения  мусульманских 
праведников,  но  и  тем,  что  он  стал  пантеоном  ханов.  Золотой  Орды,  здесь  были  похоронены 
золотоординские ханы, знатные люди и вельможи. 
 
 
Summary  
 
The greatness of Saraijuk was emphassied not only by the burial places of the Moslem sacred,but 
also  by  the  fact  that  it  be  came  a  pantheon  of  the  Golden  Horde's  khans.According  to  information  of 
Abulgazi Bakhadur-khan, it was the burial site of the Golden Horde's khans,noble people and grandess. 
 

 
23
 
 
1-сурет. Сарайшық қорымының жалпы көрінісі 
 
 

 
24
 
 
 
 
 
*** 
Беріш руы Сенбай (сембек есенбек ) Айдқұл .... ұлы… опат 99 яшында. 
2-сурет 
 
 
 
 
 
*** 
1913 шы илда, Ла илаһа илаллаһ Мұхамад 
3-сурет 

 
25
 
 
  
 
*** 
 Ибраһим 
 
 
 
4-сурет 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
26
 
 
 
 
*** 
Есентемір руы (сұлу немесе сұлы) көр Жексенәлі ұлы Қият 59 жасында 1932 жылда 
5-сурет 
  
 
 
 
 
*** 
Беріш руы Тілеуке бөлімі Мырзағали Қоржау ұлы 
6-сурет 

 
27
 
 
 
 
*** 
Келіп қабырын зиярат айт 
Қылыр рухына фақырдын 
7-сурет 
 
 
 
 
 
 
*** 
 
Ал-мархум Ал-маһғұр Қазан шахарының Исмағил Юсуф ұғлы опат 83 яшынде 
1893 шы иыл 24 ноябр 
Ботас ұлы Ибрахим 
8-сурет 

 
28
 
 
 
 
 
*** 
Беріш руы  
Сембек 
Тайпасы Амірғұл 
 бөлімі Дүйсен  
 Салы ұлы опат ---- жасында 
19?? жылында алып қойды баласы -------  
 
9-сурет 
 
 
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Б.К.Қалшабаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к.  
 
Қай  халықтың  болмасын  ұлттық  киімі  оның  тіршілік  ағысындағы  тұрмыс  салтымен, 
қалыптасқан шаруашылық жүйесінің түрімен байланысты болған. Өзіндік ерекшеліктері бар Орта Азия 
және  Қазақстан  халықтарының  киім  үлгілері  тарихтың  даму  сатысында  үнемі  өзгеріске  ұшырап 
отырды.  
Орта  Азияда  оның  ішінде  Өзбекстан,  Тәжікстан  және  Түркіменстандағы  қазақтарда  жас 
ерекшелігіне қарай киіну сақталған. Қазіргі кезеңде киімдегі дәстүрлі элементтер 70-80 жастағы үлкен 
кісілердің  көйлектері  мен  іш  киімдерінде  және  бас  киімдерінде  сақталған.  Мәселен,  ерлердің  тік 
жағалы сырылған, 20-30 см. төсіне дейін тік ойылған, алды 2-3 түймемен түймеленетін, көйлектер әлі 
күнге дейін Өзбекстандағы қазақтарда жақсы сақталған. Мұнан басқа ХХ ғ. басында қайырма жағалы, 
көкірек  тұсы  қапсарлап  тігілген,  алды  көкірекке  дейін  ашық,  баумен  байланатын  не  кестелермен 
өрнектеліп,  түймеленетін  көйлектер  де  кездеседі.  Бұлардың  ішінде  қазақтарда  кеңінен  тарағаны 
жоғарыда  айтылған тік жағалы,  алды  көкірекке  дейін  ашық  болып ,  кең  пішілген,  жеңі  ұзын үлгідегі 
көйлектер.  Көкірекке  дейін  ашық  болып  келетін  қазақтардың  бұл  көйлегі  өзбектердің  куйнак-яктак 
түріне ұқсастығы бар. Бірақ қазақтардың көйлегі өзбектердікіне қарағанда қысқалау болып келеді (1). 
Мұндай  көйлектер  Зеравшан,  Ферғана  аймақтарында  кең  тараса,  Ташкент  облысындағы  өзбектерде 
Х1Х ғ. ортасына дейін қожа, молдаларда сақталды.  

 
29
Яктак  көйлектер  шалбардың  сыртына  жіберіліп,  жағасының  алды  үшбұрыш  не  тік  болып 
келеді. Соңғы түрі қазақтардың тік жағалы көйлегіне ұқсайды. Оның бір айырмашылығы қазақтардың 
көйлегінің алды қаусырыла 2-3 түймемен түймеленетін болса, өзбектердің көйлегінің алды тік қиылған 
күйі,  әдіптеліп,  бір  түймемен  не  матаның  өзінен  тігілген  баулармен  тамақ  астынан  байланады. 
Көйлектің бұл түрлері жасы үлкен кісілер арасында қазірге дейін жиі кездеседі. Молынан тігілген, етек 
жеңі  ұзын  бұл  көйлектердің  қайырма  жағалысын  Әмудария  қазақтарынан  да  кездестіруге 
болатындығын  У.Х.Шалекенов  өз  еңбегінде  көрсетеді.  Бұл  көйлектерді  Зеравшан  бойындағы 
қыпшақтар  мен  өзбектер  қазақы  көйлектер  деп  атаса,  Әмудария  қазақтары  бұларды  татар  жағалы 
көйлек деп атаған (2).  
Орта  Азиядағы  қазақ  әйелдерінің  киімі  қанық  бояулы,  түрлі-түсті,  мақта,  жібек,  панбарқыт, 
жылтырауық  маталардан  тігілген  киімдерден  тұрған.  Орта  Азияның  басқа  халықтары  сияқты  қазақ 
әйелдерінде  де  жас  ерекшелігіне  қарай  киімде  түс  талғау  болған.  Жас  қыздар  мен  жас  келіншектер 
қызыл,  қызыл  алау  түсті  көйлектерге  әуес  болса,  болса,  3-4  баласы  бар  әйелдер  көк,  аспан  түсті 
көйлектерді  көбірек  киетін.  Жасы  келген  кісілерге  қызыл  ала  араласқан  көйлектерді  кию  ұят 
саналатын. Сондай ақ өзбектерде шыттан тігілген аспан көк түсті, құрамаларда жасыл түс киім қаралы 
киім саналатын (3). Осымен байланысты Шыршықтың жоғары жағы мен Пскент, Бөке аудандарындағы 
қазақтарда  қаралы  болғанда  көк  орамал  тарту  сақталған.  Егер  көк  көйлек  жібек  матадан  тігілсе 
қаралы түс болып саналмайды. Себебі жібек мата бағалы саналған. Оны әулие мата деп санап, онан 
тігілген  киімді  жалаңаш  денеге  киюге  болмайтын.  Қазақ  қыздары  мен  келіншектерінде  әсіресе  орта 
жүзде  ертеден  келе  жатқан  белбүрме,  қосетек  көйлектер  сақталды.  Ал  жасы  үлкен  әйелдер  20-30 
жылдарға дейін тік жағалы, жеңі ұзын, тік пішілген, етегі кеңдеу көйлек киетін. Көйлектің бұл үлгісі екі 
халыққа  ортақ  болып  келеді  тек  бір  айырмашалығы  өзбек  әйелдерінің  көйлегінің  ұзындығы  тобыққа 
дейін  жететін  де,  алды  көкірекке  дейін  қиылған  болып  келеді.  Ал  қыздар  көйлектерінің  жағасы 
көлденеңінен  ойылып,  шеті  басқа  маталармен  не  баумен  өрнектеліп,  алды  жабық  болып  иығынан 
байланатын не бір түймемен түймеленетін (4). Орта Азия халықтарының дәстүрлі әйел көйлектерінің 
омырауы  түрлі  әшекейлермен  безеніп,  омыраудың  екі  жағына  басқа  түсті  таза  не  жылтырақ 
маталардан өрнек салынады, бұлда қарастырылып отырған аймақтағы халықтардың киім үлгілеріндегі 
ортақ  үлгіні  көрсетсе  керек.  Х1Х  ғ  аяқ  кезеңінде  қайырма  жағалы  омырауы  белге  дейін  қапсырыла 
жабылатын бел бүрме көйлектерді көбірек кисе, ХХ ғ. бас кезінен европалық үлгідегі етегі кең пішілген 
күліш көйлектермен көкірек тұсынан бүрмелі көйлектер тарала бастады.  
Өзбектердің  ұлттық  киім  үлгісіндегі  көйлектерді  бүгінде  қазақтарда  күнделікті  тұтынады. 
Қырғызстанның  солтүстік  аймағында  әйел  көйлектерінің  ақ  түсі,  көкірегі  оюланған  түрі  кең  тарады. 
Бұл  жөнінде  1856-1857  жж  Ш.Уәлихановтың  саяхат  жазбаларында  да  аталып  кетеді.  Мұнда  әйел 
киімдерінің жағалары әдіптеліп, кестеленеді, кейде жіңішке мата жіптермен кестеленген өңірлер киеді. 
Мұндай өңірлер қазақ әйелдерінің ертедегі киімдерінде кездесетін (5). Түркіменстандағы қазақтардың 
киімі  жөнінде  Карутц  Р.  былай  дейді:  Әйелдердің  киімі  гүлді  матадан  тігіліп,  көкірегіне  дейін  алды 
ашық,  тік  қиылған,  белі  бөлек  шарфпен  сырылып,  ұзындығы  тобыққа  дейін  жетеді.  Мұндай 
көйлектерді  үй  жұмысынан  тыс  жерлерде  киген.  Татар  бешметіне  көбірек  ұқсас  ,  түйе  жүнінен 
тоқылған шығыстық қымбат шапандар сирек кездеседі (6).  
Орта  Азия  қазақтарында  көйлектің  сыртынан  қамзол,  нымша  не  шапандар  міндетті  түрде 
киілетін.  Қамзолдың  артқы  етегі  кеңейтіліп,  белі  қатты  қыналып,  денеге  жабыстырыла  тігіледі.  Жас 
қыздар  мен  келіншектер  киетін  қамзолдарға  түрлі  әшекейлер  қадалып,  сәнді  күміс  қапсырмалар 
қадалады. Сондай ақ осы тәріздес жеңсіз және жеңі бар бешпенттер де болған. Оның жең ұшын неше 
түрлі жіптермен кестелейді де белдің қыналған тұсының астынан жарма қалта салынады. Мұнан басқа 
кең тараған қамзолдың бір түрі көкірекше не нымшалар. Қой терісінен жасалған нымша тәріздес киім 
үлгісі бертінге дейін кездесетін. Белі қыналмай қысқалау болып келген олардың екі түрі кездеседі. Бірі 
қыста  киілетін  жұқалап  мақта  салған  түрі,  екіншісі  тек  астарланып  тігілген  үлгісі.  Бұлардың  сырты 
мауыты, барқыт, қыжым маталармен тысталады..  
 
Өзбекстандағы қазақтардың кең тараған сырт киімдерінің бірі шапан болды. Бұл жөнінде Л.Ф 
Костенко:  «…қазақтар  жібек  не  мақтадан  тігілген  күнделікті  киетін  шапандар,  ал  ауқаттылары 
бархыттан  тігілген  ұзын  шапандар  киген.  Оны  байлар  көйлек  сыртынан  кисе,  кедейлер  жалаңаш 
денеге де кие салатын. Сонымен қатар мақта матадан сырылған кең балақ шалбарлар да болған», - 
деп  көрсетеді(7).  Ақиқатында,  қазірге  дейін  Өзбекстан  мен  Қарақалпақстандағы  қазақтардың 
күнделікті киетін сыртқы киім түрлеріне жадағай және мақталы шапан түрлері жатады. Олар Ташкент 
уезі  қазақтарында  көбіне  көкшіл  маталардан,  Қарақалпақстандағы  қазақтарда  қоңырқай  маталардан 
тігілетін  болған  (8).  Жадағай  шапандар  сырты  шибарқыт  не  барқыт  маталармен  тысталып,  іші  шыт 
маталармен  астарланады  да,  арасына  ешнәрсе  салынбайды.  Оны  көбіне  жаз  мезгілдерінде  кисе, 
мақталы  шапандарды  күз,  көктем  мезгілдерінде  киетін  болған.  Сондықтанда  олар  жүн  не  барқыт 
маталардан  тігіліп,  арасына  мақта не жұқалап жүн  салынады. Шапанның  қазақтарда  ХХ  ғ.  40-50  жж 
дейін тік жағалы, алды үшбұрыш болып келген, етегі кеңдеу, тізеден асатын үлгідегі түрі киілсе, ХХ ғ 

 
30
50  жылдардан  бері  қарай  жаппай  ойма  жағалы,  сырылып  тігілген  өзбек  шапандарын  кию  кең  өріс 
алған.  Түркіменстандағы  қазақтарда  да  көйлек  ақ  бөзден,  тері  шалбар,  сыртынан  бұхар  не  хиуа 
шапан, бешмет кисе, кедейлер мақта матадан тігілген мақталы шапан киген (9).  
Ертеде  Оңтүстік  Сібір,  Орта  Азия  және  Қазақстан  халықтарында  кеңінен  тараған  сыртқы 
киімдердің  бірі  шекпен  не  кебенек  түрі  болды.  Қырғызстанда  да  шекпеннің  осы  түрі  ХХ  ғ.  30 
жылдарына  дейін  тоқылғандығын  Е.  Махованың  және  ел  арасынан  жиналған  деректерден  байқауға 
болады (5, 48 б). Оны түйе не қой жүндерінен қап тәрізді етіп тоқып, не жұқа киіз етіп басып, пішетін. 
Оған сарғыш не боз жүндер пайдаланады. Оның омырауына бір ғана түйме түймеленетін. 
Қой, түлкі, қасқыр терілерінен тігіліп, сырты шұға не жүн маталармен қапталатын тондар мен 
ішіктер және жабағы жүннен жасалынатын күпілерде Орта Азия қазақтарының ұлттық киімдерінің бірі 
болған. Мұндай киімдер Өзбекстанда бай, сұлтандарда ғана болған.  
Өзбекстанда  тон  көбіне  қой  терісінен  жасалынады.  Тонның  екі  өңірі,  етегі  және  жең  ұшы 
қошқар  мүйіз тәріздес  оюлармен,  барқытпен  өрнектеледі. Қазіргі  кезеңде  ішік  Өзбекстанда орта жүз 
қазақтарында  бірлі  жарым  атадан  қалған  болмаса  ұлы  жүз  қазақтарында  көп  кездеспейді.  Тонның 
түсін  өз  қалауына  қарай  бояй  алатын.  Мәселен,  тонға  арналған  теріні  әбден  илеп  болғаннан  соң 
анардың  қабығынан  жасалынған  бояумен  (нарпос)  бояса,  сары  түс  береді.  Нарпос  бояумен  бояу 
Оңтүстік  Қазақстан  қазақтарында  да  кеңінен  тараған  (10).  Қысқы  кезеңдерде  қой  не  қасқыр  тон 
немесе (ергаки) жылқы терісінен жасалып, түгі сыртқа қаратылған тон киілетін.  
Әйелдердің қыстық киіміне де шапан, күпі, ішік жатады. Бұлардың пішімі де ерлердің сыртқы 
киімінен  айырмашылығы  шамалы.  Бір  ерекшелігі  олардың  қымбат  маталардан  тысталуы.  Мұндай 
киімдер  қазақ  әйелдерінде  ХХ  ғ  50  жылдарына  дейін  сақталған.  Сыртқы  киімдері  қанық  бояулы 
матадан қатпарлы тігістермен тігілген. Сонымен қатар қазақ әйелдерінің мына бір киім үлгісін ертедегі 
мәліметтерде  былай  келтіреді:  «Солтүстік  Қоқандағы  жас  қырғыз-қазақ  қыздары  өңделмеген  жылқы 
терісінен  сарғыш  түсті  болып  келетін  көйлектер  киген,  ал  оның  құйрығы  көйлекке  желке  тұсынан 
әсемдік үшін тігілетін»,- деп жазады (11).  
  
Өзбекстандағы  қазақтарда  өзбектер  сияқты  сыртқы  киімнің  белін  2-3  метрден  тұратын  ақ  не 
бөз  шүберек  белбеулермен  байласа,  ал  орта  жастағылар  орамалмен  шаршылап  байлайтын.  Күміс 
белбеулер ауқаттыларда болмаса, көп қазақта кездесе бермейді.  
Орта  Азия  қазақтарында  бас  киімнен  кең  тарағаны  тақия,  бөрік,  малақай,  ақ  киізден  жасалынатын 
қалпақтар. Желке мен құлақ тұсы түсіңкі келген, сырты матамен қапталған, іші теріден жасалынатын 
қысқы  бас  киім  тымақтарды  және  онан  кішірек  теріден  тігілген  малақайларды  көбірек  пайдаланған 
(11,  272  б).  Мұнда  да  көбіне  ауқаттылар  түлкі  ал,  кедейлер  қой  терісінен  тігілген  бас  киімдерді 
пайдаланған.  Қой  терісінен  жасалатын  малақайларды  қырғыздар  көбірек  киген  (5,  50-51 б)  .  Сондай 
ақ  Костенко  Л.Ф.өзінің  еңбегінде:  «…  қазақтар  көбіне  қой  не  ешкі  түбітінен  басылған  киіз  қалпақты 
көп  киген.  Қой  жүнінен  басылған  қалпақтың  базардағы  құны  40  тиын  болған.  Ал,  қыста  теріден 
жасалынған  үшқұлақты  көбірек  киеді»,-  деп  көрсетеді  (7,  75  б).  Негізі  киізден,  астары  мен  тысы 
матадан  жасалынған  төбесі  дөңгеленіп  келген  бөріктерді  орта  жастағы  кісілермен  және  жас  жігіттер 
киетін болған Оның төбесі дөңгеленіп бөлек пішіліп, бөрікке жапсырыла тігіледі. Бөріктің етегі құндыз 
яки  сусар  терілермен  қапталатын  да  құндыз  бөрік  не  сусар  бөрік  деп  аталатын.  Тақия  қазақтарда 
күнделікті  киетін  бас  киімге  жатады.  Тақияның  төбесі  дөңгеленіп,  артында  бір  тігісі  бар,  екі  елідей 
қондырмаға  жапсырыла  тігілетін  және  төбесінде  төрт  қыры  бар  үшкілдеу  болып  келген  түрін 
пайдаланған.  ХХ  ғ  40-50  жж  өзбектердің  тақиясы кең  таралып,  оның  сыртын орамалмен  байлау  көп 
кездеседі.  Ал  қариялар  көбіне  тақияның  сыртынан  сәлде  етіп  байлайды.  Бірақ  сәлдені  қазақтарда 
үлкен қариялар мен молдалар ғана салса, өзбектерде орта жастағылар мен қариялар күнделікті , ал 
үйленген  жас  жігіт  алғашқы  бірінші  айда  үнемі  сәлде  салып  жүретін  болған  (12).  Сәлдені  жастар 
әртүрлі матадан ораса, орта жастағылар қоңырқай түстен, қариялар тек ақ түстен орайтын.  
  
Өзбекстандағы  қазақтармен  салыстырғанда  Түркіменстандағы  қазақтардың  бас  киімі  конус 
тәріздес  болып  келген  тері  тымақ.  Тымақтар  киізден  басылған  не  тері  сырты  мауытымен  қапталған 
болып  келеді. Қазақтардың  киімін  Орта  Азияның  басқа  отырықшы  халықтарымен  салыстырғанда  бас 
киімінен  ажыратуға  болады.  Еркектері  жазда  киіз  қалпақ,  ал  қыста  сырты  қапталған  теріден 
жасалынып,  желке  мен  құлақ  түсі  төмен  түсірілген  тымақ  киіледі.  Түркіменстандағы  қазақтарда 
еркектердің шошақ бөрікті бас киімімен түлкі т.б тымақтарды сирек көруге болады. Қазір олар көбіне 
татар тері тымағын қолданады,  
  
Кеңес өкіметіне дейін қыз-келіншектер жиегіне аң терісі тігілген төбесі жылтырақ жіптермен не 
моншақтармен өрнектелген шошақ үкілі бөріктер мен тақияларды көп киген. Ел әңгімесіне қарағанда 
қалыңдықтың  бас киімі  сәукеле  ауқатты  кісілерде болмаса  кедейлерде  көп кездеспейді.  Келін  болып 
түсерде сәукеле не бөрік немесе тақия сыртынан жабылған орамал салатын болған (13). Сәукелені бір 
не  екі  бала  тапқанға  дейін  киіп,  кейін  желек  киетін.  Орта  жастағы  әйелдер  кестеленген  кимешек 
киген.  Х1Х  ғ.  аяғы  ХХ  ғ.  бас  кезеңінде  ақ  Өзбекстанның  ұлы  жүз  әйелдерінен  кимешек  көп 
кездеспейтін. Ал ,Қырғызстандағы қазақ және қырғыз әйелдерінде кимешек ХХ ғ 70 жылдарына дейін 

 
31
кездесетін.  Кимешекті  қырғыздар  элечек  деп  атады.  Мұның  өзінен  бұларда  да  әр  рудың  өзіндік 
ерекшелігі байқалатын. Қазақтармен қырғыз кимешегінің ұқсастығы арты үшкірленіп, кей жағдайларда 
оның  ұшы  аяқ  киімге  дейін  тиіп  жататындығында  (5,  50-51  б).  ХХ  ғ  20  жылдарынан  бастап,  үлкен 
шаршы жаулықтар  кең тарала  бастады. Ол  алқымнан  бір  оралып,  қиғашталып  бастан  жоғары қарай 
екінші  рет  байланады.  Жаулықтың  мұндай  түрі  қазірге  дейін  қария  аналарда  жақсы  сақталса,  орта 
жастан  70  жасқа  дейінгі  әйелдер  көлемі  кішірек  болып  келген  шаршы  орамалдарды  желкесінен 
байлайды.  Түркіменстандағы  әйелдердің  бас  киімі  көбіне  жаулық  болып  келеді.  Ол  ұзын  ақ  матадан 
басты  айналдыра  шалма  сияқты  оралып,  жаулықтың  бір  шеті  белге  дейін  жіберілетін.  Жаулықты 
әйелдер  көбіне  сыртқа  шығарда  тағады,  үйде  мойын  артынан  бір  тартатын  орамалмен  ғана  жүреді. 
Қыздар  бастарын  гүлді,  қызыл  түсті  орамалмен  байлайды  Қыздар  басын  қызыл  орамал  не  шәлімен 
орайды,  әйелдер  ақ  орамалмен  ұзын  тюрбан  түрінде  орайды,  самай  тұсынан  құлақ  арқылы  мойнын 
жабады. Мұнан басқа маңдай тұсты тығыз байлап, желкеден бір орап, алдына бос тастаған жаулықтар 
да  жиі кездеседі  (6, 28-30  б).  Орта жастағы  әйелдер  басқа тюрбан  сияқты ораған  ақ орамал  тартса, 
тұрмысқа  шықпаған  қыздары  сәукеле киеді. Оның түркімен  бас  киімінен  айырмашылығы  торы  (вуал) 
түркімендердегі сияқты алдынан емес, артынан және белге дейін жетеді. Қазақ қыздарында шаш 6-8 
өрім  болса,  түркімен  қыздары  екі  өрім  өретін  болған.  Үйде  қыздар  қызыл  орамал,  әйелдері  ақ  не 
қоңыр  түсті  жаулық  тартады  (12,  56  б).  Қарақалпақстандағы  қария  аналарда  сақталған  кимешек 
солтүстік Түркіменстандағы қазақ әйелдерінде көп кездеспейді. 
  
Өзбектер  арасына  ертерек  қоныстанған  қазақтардың  мәдениеті  оның  ішінде  киім  үлгілері 
көбіне өзбектердің киімдеріне ұқсас болып келеді. Көйлектің сыртынан жилет (нымша), кәрі кісілерде 
дөңгелек  жағалы  күпі  ішік,  шапандар  кездеседі.  Әрбір  халықтың  киімдерінде  де  белгілі  бір  түстің  өз 
артықшылығы  бар,  ол  түркімендерде  қызыл  түс.  Сол  сияқты  адай  қазақтар  да  қызыл  түсті  ерекше 
санайды.  Көйлек  және  бас  киім  қазақтарда  көбіне  ақ  түс  болса,  ал  түркімендер  ақ  түсті  тек 
қартайғандар  киеді  деп  шешеді.  Ташауыздағы  қазақтар  мен  қарақалпақтардың  киімі  өзбектердің 
киіміне өте ұқсас (14, 272-273 б).  
Зерттеліп  отырған территорияның  солтүстігіне  және  солтүстік  батысына орналасқан  қазақтар 
өздерінің  Мангышлақтағы  қандастарымен  тығыз  қарым-қатынаста  болуына  байланысты  дәстүрлі 
мәдениетін жақсы сақтаған. Ер кісілердің іш киімі көбіне ақ сұрып, шыт не ақ боз маталардан тігілетін. 
Ол  кең  етіп  пішіліп,  балағына  қарай  тарыла  түседі.  Балағынан  ауына  дейін  маталармен  ромбик 
тәріздес  етіліп  қиылып  тігіледі.  Отырып  тұруға  қолайлы  бұл  ішкиімдер  60  тан  асқан  Өзбекстан, 
Қарақалпақстан  қазақтарында  әлі  күнге  дейін  кездеседі.  Оның  сыртынан  теріден  жасалынған  не 
шибарқыт  немесе  жүн маталардан тігілген, арасына  мақта не түйе  жүн  салынған  шалбарлар  көбірек 
киіледі.  Сырылып  тігілген мұндай шалбарлар  осы  күнге  дейін  қария  кісілердің қысқы  киімдерінің  бірі 
ретінде  кездесіп  қалады.  Кең  пішілген,  балағы  кестеленген,  жырық,  шалбарлар  әнші,  жыршы, 
аңшылар арасында жиі кездесетін (15). Түркіменстандағы қазақтардың да көйлектері шекпен тәріздес 
пішіліп, алды қиылған тік татар не кең қайырма жағалы болып келеді. ХХ ғ. 40-50 жылдарынан бастап, 
мақта не жүннен жасалынған дайын өнімдермен қоса, шалбардың ішінен ышқыры бар штандарды да 
тастамаған.  Оны  әсіресе  жасы  келген  кісілер  үйде  де  шаруашылыққа  да  кие  береді.  Оны  мақта 
матадан тіксе, күн суығанда шибарқыт не шұғадан тігеді. Сондай ақ сырылған мақталы шалбарларда 
тігіледі. Қазақтардан дәстүрлі тері шалбарларды да кездестіруге болады .  
  
Х1Х ғ.11 жартысындағы Орта Азия қазақтарының аяқ киімінде көп өзгешелік болған жоқ. Сол 
кезеңдегі  Өзбекстан  қазақтарының  бірден  бір  сәнді  аяқ  киімінің  бірі  қонышы  кең,  әрі  ұзын,  басы 
қайқы,  биік  өкшелі  болып  келетін  саптама  етіктер  болған.  Мұндай  етіктер  өгіздің  не  жылқының 
терісінен  тігілетін.  Сондай  ақ  малға  киюге  ыңғайлы  жеңіл  етіктермен  кең  қонышты  ағаш  өкшелі 
етіктер,  ешкі  терісінен  тігілген,  кебіспен  киілетін  мәсілер  кең  тараған  (16).  Бұлардан  басқа  шылғи 
теріден (аса иленбеген) қонышсыз, жартылай ашық, дөрекілеу тігілген шарқ аяқ киімдер болған.Оны 
ірі қара малдың бас терісінен не түйенің мойын терісінен жасайтын. Теріден жасалған, қоңыр не көк 
бояумен боялып, алды кең әрі қайқы жайпақ кебістер тек қазақтарда ғана емес, Заравшан бойындағы 
қыпшақтарда  кеңінен  таралған.  Оны  олар  қазақы  кебіс  деп  те  атаған.  Бұлардан  басқа  ноғай  етік, 
былғары,  қызыл  етіктер  де  болған.  Өзбектер  мен  қазақтардың  аяқ  киімінде  атауларында  болмаса, 
үлгісінде  көп  айырмашылық  жоқ.  Мәселен,  қазақтардың  саптама  етігімен  өзбектерде  мукки  деп 
аталатын етіктің аталуы басқа болса да, жасалу жағынан ұқсас . Әйелдердің дағдылы аяқ киімі теріден 
тігілген мәсі мен былғарыдан тігілген кебіс болған. Бертін келе резеңке кебістерге көшті. Ал, қыздарда 
биік  өкшелі  шоңқайма  және  байлардың  қыз-келіншектері  киетін  айшықталған,  көк  сауыр  кестелі 
етіктері  мен  күміс  оюлармен  әшекейленген  кебіс  секілді  бір  киер  аяқ  киімдері  болған.  Дегенмен  де 
қазіргі  кезеңде  өнеркәсіп  орындарынан  шығарылған  аяқ  киімдерге  ауысқан.  Бірақ  60  жастан 
былайғылардың көпшілігі әлі де кебіс-мәсіні кигенді ұнатады. 
 
Қорыта келгенде Орталық Азиядағы қазақ диаспорасының жоғарыда айтылған киім үлгілерінің 
көпшілігі бүгінде тұрмыстан қалған десек те, көйлек, шапан сияқты киімдер қария кісілердің күнделікті 

 
32
киетін  ыңғайлы  киімдері  болып  саналады.  Сонымен  бірге  бұл  киім  үлгілері  сол  ортадағы  қазақтың 
дәстүрлі киім үлгілеріне ықпалдастығын тигізгендігін байқаймыз. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал