№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет30/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

 
СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ ХАЛЫҚ АҒАРТУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ 
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 
 
С.Қ.Абилова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
 
Кеңес  империясы  тарихында  кеңес  герман  соғысының  орны  ерекше.  1941  жылы  маусымда 
басталып, 1418 күнге созылған бұл соғыс кеңес халқы үшін ең ауыр, ең қатал сынның бірі болды.  
Кеңес  елінің  халқы  соғыста  өз  Отанының  азаттығын  қазан  революциясының,  социолизмнің 
жеңістері сақтап қалу үшін күресе отырып, өздерінің басына түскен зор қауіпті жоюмен бірге, герман 

 
178
фашизмінің  қанауында  болған  Европа  халықтарының  азаттық  алуына  да  көмек  көрсетті.  Сондықтан 
Кеңес Одағы тарапынан бұл соғыс азаттық жолындағы әділетті соғыс болды.  
Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  ақ  Коммунистік  партия  мен  Кеңес  үкіметі  халықты  Отан 
қорғауға щақырады. Партия мен үкіметтің бұл үндеуін бүкіл Кеңес халқы аса зор патриоттық сезіммен 
қуаттап, Социолисік Отанды қорғауға бір кісідей жұмылады.  
1941  жылы  25-26  –маусымда  болған  Қазақстан  К(б)  Орталық  Комитетінің  V  плнеумы  партия, 
кеңес  және  комсомол  ұйымдарынан  «Барлығын  Отанымыздың  аса  маңызды  міндеттеріне  –  жауды 
жеңу ісіне бағындыратындай етіп бүкіл жұмысты дереу қайта құруды» талап етті. 
 БК(б) П Орталық Комитетінің 1941 жылы 29 маусымдағы директивасы мен Қазақстан К(б) П Орталық 
Комитетінің  нұсқауларын  басшылыққа  алған  облыстық  және  қалалық  партия  комитеттері  өз 
жұмыстарын соғыс жағдайына сай өзгертуге шұғыл бет бұрып, елеулі шаралар белгілейді. Қатал соғыс 
кеңес  мектептеріндегі  оқу  тәрбие  жұмыстарына  да  әсер  етпей  қойған  жоқ.  Соғыс  жылдары  балалар 
үшін  де  ауыр  кезең  болды.  Олардың  көпшілігінің  әкелері  мен  ағалары,  майданға  аттанады,  аналары 
мен апалары солардың орнына зауыттар мен фабриктерде, ұжымшарлар мен кеңшарларда еңбек етті. 
Партия  мен  кеңес  ұйымдары  балалардың  тағдырына  қамқорлық  жасап,  жасөспірімдерді  социалистік 
Отанды сүю және оған шексіз берілгендік рухта тәрбиелеу мәселесімен тікелей айналасады.(1)  
Соғыстың сұрапыл жылдарында барлық оку-тарбие және саяси жұмыстар «Барлык күш майдан 
үшін,женіс үшін!» деген ұранмен өткізіледі.Мектептін рөлі арта түседі.Оларға мемлекеттік манызы бар 
жана міндеттер жүктеледі.Кәмелетке толған жоғарғы сыныптың окушылары әскерге шакырлып, сүйікті 
Отанын  катынасты.  Сондықтан  мұғалімдер  мектеп  оқушыларын  патриотизм  мен  интернационализм 
рухында тәрбиелеуге көп күш салған.  
Соғыс  халық  ағарту  ісіне  елеулі  зардабын  тигізді.  Оқушылардың  сабақ  оқуы  үшін  қажетті 
жағдай болмайды. Бірсыпыра мектептер мен жоғары оқу орындарының үйлеріне госпитальдар, әскери 
бөлімдер және қоныс аударған мекемелер орналастырылды.  
Халық ағарту ісіндегі ерекше ауыр кезең- cоғыстың алғашқы жылдары болды. Кеңес Армиясы 
қатарына  алынуына,  өнеркәсіп  орындарына,  құрылысқа,  ауылшаруашылығына  жұмысқа  кетуіне, 
сондай-ақ,  қолөнершілер  училищелеріне,  фабрик-зауыт,  оқу  орындарына  ауысуына  байланысты 
ересек  оқушылардың  көбі  мектептен  кетіп  қалды.  Сонымен  қатар  әскер  қатарына  алынуы  себепті 
мектептерде  маман,  тәжірбиелі  мұғалімдер  қатары  елеулі  түрде  азаяды.  Мұның  өзі  мектептерде  оқу 
бағдарламасының орындалуына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Осы жағдайдың барлығы партия және 
кеңес ұйымдарынан мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарының дәрежесін төмендетпей, барлық күшті оқу 
үрдісінің  қалыпты  жүруін,  қамтамасыз  етуге,  мектеп  оқушыларын  шама  шарқына  қарай  майданға, 
Отанға көмектесуге жұмылдыруға талап етеді.(2) 
Партия  мен  үкімет  соғыс  жылдары  мектептердің  жұмысына  көңіл  бөлуді  бір  минут  та 
бәсеңдетпейді.  Жасөспірімдерді  кеңес  патриотизм  рухында  тәрбиелеуді  басты  міндеттердің  бірі 
ретінде  қолға  алады.  Мысалы,  Қазақ  Комиссарлар  Кеңесі  мен  Қазақстан  Компартиясының  Орталық 
Комитеті 1941 жылы 16-қазанда орта және орталау мектептердің жоғарғы сыныптарында оқу жылын 
ойдағыдай ұйымдастыруға бағытталған нақты шаралар белгіледі.  
Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті 1943 
жылдың  12  тамызында  «Республика  мектептерінде  1942-1943  оқу  жылының  қорытындылары  және 
мектептерді  жаңа  оқу  жылына  дайындаудың  барысы  туралы»  мәселе  талқыланды.  Сол  сияқты 
мектептердегі  балаларды  тамақтандыру  туралы;  оқушыларды  киіммен,  қағаз,  карандаш,  оқу 
құралдарымен қамтамассыз етіп, мектептердің оқу материалдық базасын нығайту жөнінде; Қазақ КСР 
Халық Ағарту Комиссариатының жүйесінде мұғалім кадрлар даярлау туралы; жеті жастағы балаларды 
мектепке беру туралы т.б. мәселелер жөнінде шаралар қабылдайды. (3) 
  
Кеңес-герман  соғысы  жылдарында  мектептер  оқу-тәрбие  жұмысын  тоқтатпағаны  былай 
тұрсын, жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу сапасын жақсарту жөнінде жаңа қадам жасайды. 
Соғыс  оқушыларды  жалпы  еңбекке,  Отанды  қорғау  ісіне  қатынасуына  мүмкіндік  беретіндей 
практикалық  біліммен  қаруландыруды  талап  етеді.  Мектептерде  ауыл  шаруашылығы,  әскери 
дайындық сабақтарының жүргізілуі соғыс мақсатынан туған еді. 
  
1944-1945  оқу  жылдарынан  бастап  еліміздің  мектептерінде  жаппай  кәмілеттік  аттестат  алу 
емтихан жүргізіле бастайды. Мұның өзі мұғалімдер мен оқушылардың жауапкершілігін арттыра түсуге 
үлкен ықпал жасайды, тәртіпті нығайтудың негізін қалайды. Мұғалімдер, партия және кеңес Қазақ КСР 
Жоғарғы  Кеңес  V  сессиясы  қабылдаған.  «Қазақтың  жазбасын  латын  әрпінен  орыс  әрпіне  көшіру 
туралы  »  заңын  іс  жүзіне  асыруға  кіріседі.  1942  жылдың  бас  кезінде  ақ  жаңа  алфавитке  көшу  ісі 
бағытталады.  
 
Соғыс  жылдарында  тарих  сабағының  оқытылуы  ерекше  жолға  қойылады.  Оқушылады 
патриоттық  сезімде,  КСРО  халықтарының  ерлік  істерін  ардақтай  білу  рухында,  басқыншыларды 
рахымсыз жек көру сезімінде тәрбиелеуде тарих сабағына зор міндет жүктеледі.  

 
179
 
Тарих  сабағында  мұғалімге  Отанның  игілігі  үшін  өмірін  құрбан  қылған  батырлардың  үлгілі 
істеріне оқушыларды еліктете білу міндеті жүктеледі. Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихындағы 
шапқыншылықтарды  айта  келіп,  фашист  басқыншыларының  айуандық  істеріне  аса  көп  мән  беріледі. 
Тарих  пәні  мұғалімдері  Маркс,Энгельс,Ленин,  Сталиннің  сөздерін  пайдалана  отырып,  тарихтың 
ерекшелігі мен маңызына тоқталады. 
 
Жергілікті және орталық газеттерде Қызыл Армияның ерлігі, тылдағы еңбек ерлерінің әрекеті 
күн сайын жазылады. Бұлар оқу-тәрбие жұмыстарында кең түрде пайдаланылады. Газет материалдар 
мен  ақын-жазушылардың  жаңа  шығармаларынан  алынған  соғыс  эпизодтары,  майдан  мен  тылдың 
батырлары  тарих  сабақтарында  оқушылардың  жазу,  сыныптан  тыс  жұмыстарында,  қабырға 
газеттерінде  көрнекті  орын  алады.  1943-1944  жылдары  10-сыныптың  КСРО  тарихы  бойынша 
«Советтер Одағының фашистік  Германияға  қарсы Ұлы  Отан  Соғысы  »  атты жаңа  тақырып енгізіледі. 
Осы арқылы мектеп оқушылары соғыстың сыр-сипаты, мақсаты, ерекшелігі туралы түсінеді.(4) 
 
Мектепте  тарих  пәніне  байланысты  Отан  қорғау  жұмысы  жөнінде  бұрыш  ұйымдастырылып, 
онда  география  картасы,  Кеңес  информбюросының  майдандағы  кезекті  мәліметтері  майдандағы 
соғыстан  алынған  иллюстрациялар,  суреттер,  ұрандар  Кеңес  Одағы  батырларның  ерлік  істерін 
көрсететін газеттерден алынған қиындылар ілінеді. Осы бұрыштарда Ресейдің тәуелсіздігі жолындағы 
тарихи  күрестерін  көрсететін  Тевтон  рыцарларымен,  шведтермен  соғысы,  1812  жылғы  Франциямен, 
Севастопольды  қорғау,  интервенттер  шабуылын  тойрату  сияқты  иллюстрациялар  оқушыларға 
түсіндіріліп  отырады.  Балаларға  жақсы  таныс  әдебиет  қаһарманы  Тимурдің  өнегесімен  қызыл 
әскерлердің үй-іштеріне күнбе-күн жәрдем беру үшін мыңдаған жас тимуршылардың қатары көбейді. 
Қызыл әскер отбасыларының жәрдем алуы үшін керек құжаттарын әзірлеуге, үлкендер арасында үгіт 
жұмысын жүргізуге, жас балаларды ойнатуға, сабақ үйретуге, шаруашылық жұмыстарына көмектесуге 
мұғалімдер мен оқушылар жұмылдырылады.  
 
«Ұлы  Отан  соғысы  мектептердің  алдына  политехникалық  және  еңбек  тәрбиесін  нақты 
жақсарта  түсу,  жастарды  еңбекке  баулу  жолында  күрделі  міндеттер  қойды.  Мектеп  бітірген  жастар 
өнеркәсіпке  (оның  ішінде  Отан  қорғау  маңызы  бар  кәсіпорындарда  ),  колхоз,совхоздарға  жұмысқа 
жіберіліп  отырды.  Осы  мақсатпен  VIII  –X  кластарда  оқу  жоспарларына  станоктарды...  меңгеру 
мәселесі енгізілді.» 
 
«1942-1943  оқу  жылдарында  республика  мектептерінің  мұғалімдері  мен  оқушылары  Отан 
қорғау және халықаралық жағдай туралы 5300-ден астам лекция мен баяндама жасады.» 
 
Қазақ  КСР  Халық  Ағарту  Комиссариатының  Мектептер  басқармасы  1941  жылы  28-тамызда 
«Ұлы  Отан  соғысының  жағдайына  байланысты  мектептерде  жүргізілетін  саяси-тәрбие  жұмыстары» 
жөнінде қаулы қабылдайды. Бұл қаулыда «Саяси –тәрбие жұмысының негізі Сталин жолдастың 1941 
жылы  3-шілдедегі  радиодан  сөйлеген тарихи  сөзі  болуға  тиіс.  Сталин жолдастың нұсқауына  сүйеніп, 
мұғалімдер,  сынып  жетекшілер  оқушыларды  халықтардың  және  барлық  адам  баласының  қас  жауы-
герман фашизмін мейлінше жек көруге тәрбиелеу керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар «Ұлы 
Отан соғысы жағдайында біздің мектептеріміз бен оқытушыларымыздың тәрбие жұмыстары да жаңаша 
түрде  құрылуға тиіс. Біздің  Отанымыздың Отан  қорғау  күшін нығайтуда мектептер  саяси-тәрбие, үгіт 
жұмыстарының  ошағы  болуға  тиіс,  оқушыларды,  ата-аналар  мен  халықты  тәрбиелеуде  жауынгер 
ұйымдастырушы болуға тиіс.(5) 
 
Оқытушылар  мен  оқушылардың  біздің  Отанымыздың  Отан  Қорғау  күштерін  нығайту  істеріне 
көпшілік  болып  қатынасып,  көзге  көрінген  қуатты  патриотизмдық  істерін  пайдаланып,  мектептің 
барлық тәрбие жұмысын көпшілік-Отан қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға және фашизмді тез жеңіп 
шығу ісін ұйымдастыруға жұмсауы қажет. 
 
Оқушыларды  Қызыл  Армия  жауынгерлерінің  тамаша  үлгілі  геройлық  істеріне  және 
еңбекшілердің  майданды  нығайтуда  жан  аямай  істеп  жатқан  жұмычиарына  тәрбиелеп,  мектептеріміз 
көпшілік  саяси  жұмыстарын  оқу  программаларын  саналы  түрде  өту,  оқушылардың  сабақты  үлгеруін 
арттыру  істерімен  ұштастырылып  жүргізілуі  керек.  Оқушылар  қазіргі  жағдайда  оқудан  артта  қалуға 
ешбір  болмайтындығын,  тәртіпсіз  болуға  еш  болмайтындығын  әбден  түсініп  алулары  керек», 
«Оқушыларға интернационалдық тәрбие беру ісін кең түрде жолға қойып, МОПР ұйымының жұмысын 
күшейтіп,  мектепте  МОПР  бұрыштарын  ұйымдастыру  керек.  Мүмкіндігі  бар  жерлерде  Отан  қорғау 
маңызы  бар  филімдер  мен  кинохроникаларды  көру  үшін  ұйымдасқан  түрде  культпоходтар  өткізу 
қажет»,  «Отан  қорғауға  дайын  болудың  керектігін  атап  қою  ғана  жеткіліксіз,  оқушыларды  әуе 
шабуылынан қалай қорғануға үйрету керек, өздерін қорғау группаларын, өрт сөндіру командаларын, 
санитар  звеноларын,  мектеп  санитар  дрижиналарын,  санитар  постыларын,  мотоциклист,  радист 
үйірмелерін т.б. ұйымдастыру қажет . 
 
Отан  қорғау-көпшілік  жұмысының  өтісін  мейлінше  кеңейте  отырып,  оқушыларды, 
оқытушыларды  Отан  қорғау  значектерінің  нормасын  тапсыруға  толық  қатынастыру.  Мектептерде 
жалпылық  әскери-физкультура  ойындары  мен  әскери  жорықтар  өткізу,  мектеп  пен  жергілікті  әскери 
бөлім  арасында  тығыз  байланыс  жасау  керек»,  «Миллиондаған  азаматтарды  халық  мүлкін  (склад, 

 
180
қатынас, транспорт, құрылыстары, колхоздардың егіндері, т.б.) қорғайтын қырағы күзетші етіп шығару 
үшін совет оқытушысы мүмкін болған шаралардың бәрін істеуге міндетті. Кеңес азаматының ардақты 
сипаты болған қырағылыққа күнделікті жұмыста балаларды дағдыландыруға міндетті.(6) 
 
Халық  мүлкін  қырағылықпен  сақтау  деген  сол  мүлік  туралы  барлық  мәліметтерді,  барлық 
хабарды  берік  түрде  сақтаумен  болатынын,  дұшпан  разведчиктері,  шпион  дивенсанттары  біздің 
адамдарымыздан ешқандай мәлімет ала алмайтындай етумен болатынын, осындай мәліметтерді алуға 
талаптанушыларды  дереу  әшкерлелеумен  болатынын, оқушыларға  ойдағыдай  ұқтырып,  оларды оған 
тәрбиелеу керек. 
 
Отанымыздың тілектері: оның әрбір ұлының, қызының күші бейімділігі жалпы ұлы мақсат үшін-
жауыз  дұшпанды  жеңу  үшін,  неғұрлым  толық  түрде  пайдаланылуын  талап  етеді.  Сондықтан  да 
өткізілетін шаралар ұйымшылдықпен, абыр-сабырсыз және нақтылы түрде өткізілетін болуға тиіс. Бұл 
жөнінде мектептің комсомол ұйымы, оқушылар ұйымы, класс ұйымдастырушылар, оқушылар комитеті 
аса  маңызды  орын  ұстауға  тиіс.  Бірақ  бұларға  сынып  жетекшілері  және  директор  белгілі  системалы 
түрде басшылық етіп отырулары керек. 
 
Мектептің  саяси-тәрбие  жұмысының  жемісті  болып  шығуы  негізінде  директордың 
(меңгерушінің)  оқытушылар  колективінің  басшылық  ету  жұмысын  жаңа  бағытқа  салып,  коллективтің 
күнделікті  жұмысын,  мектептің  оқу  тәрбие  жөніндегі  міндеттерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  мектепте 
саяси  үгіт  жұмысының  да  ошағы  етуге,  оқушыларды,  ата-аналарды,  халықты  жауды  тез  жеңіп  шығу 
күресіне ұйымдастырушы етуге айналдыру қаншалық бағыттай алуына байланысты. 
 
Оқытушылар  өз  төңірегіне  оқушыларды  ұйымдастыра  отырып,  олардың  күшті  патриоттығын 
пайдалана отырып, оларды Отан жолында еңбекке, жоғарғы санасына, үлгілі тәртіпке үйретулері тиіс» 
деп атап көрсетілген. 
 
Қорыта  келе,  мектептердегі  саяси-тәрбие  жұмыстары  кеңес  герман  соғысы  кезеңінде  КСРО-
ның Отан қорғау қуатын арттыру бағытында жүргізілетінін айтуға болады.  
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан мектебі №7 1971ж. 15 бет 
2. Табылдиев Х.Б «Отты жылдар» (Құжаттар жинағы) Атырау 2005ж.52 бет 
3. Т. Балақаев, Н.Едігенов «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» А.1970 11-12 бет  
4. Қазақстан тарихы журналы №5 2003ж. 48 бет 
5. Қазақстан мектебі №7 1971ж. 17 бет 
6. Коммунистік еңбек газеті 1977ж 5 мамыр 
 
Резюме 
На  статье  рассматривается  учебно  -  воспитательный  процесс  в  годы  Великой Отечественной 
войны 
Summary 
 
 The educational growing up process in the year of II World War. 
 
 
ӘОК 811.512.122 
 
ДӘСТҮРЛІ САНДАР 
 
Г.Ж. Таутенова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Адам  санасының  қоғамдағы  түрлі  тарихи  кезеңдерге,  әлеуметтік  өзгерістерге  бейімделуіне 
қарай киелі сандар бірте – бірте дәстүрлік сипат алады. Дәстүрлі сандар эпикалық жырларда әсірелеу, 
күшейту мақсатында көп қолданылады. Дәстүрлі сандардың пайда болуының өзіне тән заңдылықтары 
бар.  Мақалада  күнделікті  тұрмыста  қолданып,  дәстүрлік  сипатқа  ие  болған  тоғыз,  он  екі,  сияқты 
сандары жайлы жазылған еңбектерге шолу жасап, олардың генезисі өз алдына бөлек қарастырылады.  
«Тоғыз»  саны.  Тоғыз  саны  туралы  біреулер  «ерте  кезде  арабтар  тоғыз  санын  қасиетті  деп 
есептеген,  сондықтан  бұл  ұғым  қазақ  халқына  ислам  дінінің  таралуымен  сәйкес  келіп,  сіңісіп  кеткен 
десе,  енді  біреулер  тоғыздың  таралуын  моңғол  –  қалмақ  ұғымынан  іздейді.  Оғыз  ханның  ұрпақтары 
туралы шежіреде мынадай әңгіме бар: Бұғра хан /шын аты Бұғұқра хан/ Оғызханның ұлы Тау ханның 
тоғызыншы немересі. Тау ханнан хандық Күн хан нәсіліне ауысады да, Бұғра хан тұсында таққа талас 
туады.  Осы  таласта  ептілік  жасаған  Бұғра  хан  «Тау  хан  бабаммен  екеуміздің  арамыз  тоғыз  бабаға 
толған»  деп  хан тағына  отырады.  Бұл  уақыт  Мұхаммед  Пайғамбардың туғанына тұстас  келеді.  Яғни, 
бұл  оқиға  ислам  дінінен  бұрын  болған.  Демек,  тоғыз  туралы  ұғым  арабтардан  келмеген.  Ә.Әбіласап 
«Көне  сөздер  құпиясы»  атты  еңбегінде  Баба  түркілердің  ел  басқару  жүйесіндегі  тоғыздық  түсінікке 

 
181
тоқталады.  Автордың  пікірінше,  Иран  мен  парсы  халықтарына  қарағанда  түркі  тектес  халықтардағы 
«тоғыз  төлемінің»  жоралғысы  ұқсас  келеді.  Бұл  ұқсастықты  Е.Жанпейісов  те  қуаттай  отырып, 
моңғолдардағы бұл тоғыз төлем монғол шапқыншылығына дейінгі қазақ рулары арасында дау-тартыс 
пен  жеке  адамдардың  ашу  араздығын  шешкендігі  үшін  ханға  немесе  биге  берілетін  сый  ретінде 
танылғанын, тоғыз төлемінің қазақ халқында, сондай-ақ Орта Азия көшпелілерінде ерте кездің өзінде-
ақ  болғанын  айтады.  Демек,  бұл  пікірге  қарағанда  түркі  тектес  халықтардағы  тоғыз  төлемінің  ұқсас 
болуына  моңғолдық  түсінік  себеп  болмаған,  тек  оның  кең  етек  алуына  ықпал  еткен.  Жалпы,  түркі 
тектес  халықтардағы  «тоғыз  тарту»  ұғымының  қай  кезде  шыққандығы  туралы  дерек  жоқ.  Бірақ, 
К.К.Юдахиннің мына бір ойында негіз бар сияқты: «В прошлом у этих тюркских народов существовал 
обычай купили родителями собственного ребенка в целях охранения его от всякой порчи: в качестве 
платы  дают  девять  предметов,  имя  такому  ребенку  обычно  дается  «Тоғызақ»  /Девятка/  или 
Сатыбалды  /Купил/».  Бұл  дерекке  қарағанда  қазақ  арасына  тоғыздың  таралуына  моңғол-қалмақтар 
әсер еткен деген екінші ой да негізсіз болып табылады. Біздің ойымызша – тоғыз көне түркілердің ел 
басқару жүйесіне сәйкес туған төл туындысы. 
Тоғыз  беру  дәстүрі  –  тек  қазақ  халқына  ғана  тән  еместігі,  жалпы  Шығыс  халықтарының 
көпшілігіне  ортақ  ұғым  екендігі,  мысалы,  өзбек  халқында  үйлену  тойы  үстінде  қонақ  әйелдерге 
тартылатын тоғыз түрлі тағамды «туққиз тобоқ» десе, той жасаушының үйіне «туққиз-туққиз» сыйлық 
әкелу  рәсімі  кездесетінін,  қырғыздарда  «тоғуз»  беру  тоғыз  бас  малдың  мөлшерін  білдіретінін, 
татарларда қалыңдыққа берілетін  тоғыз  түрлі  сыйлық  түрінде танылғаны,  ал,  саха  халықтары  қалың 
мал  үшін  төленетін  «тоғыз  жылқы,  тоғыз  өгіз,  тоғыз  сиырды»  «сылғи  тоғуса»  деп  атайтын  сөз 
болғандығына  тоқталады.  Мұндай  жөн-жоралғылар  қарашай-балқар,  түркімен,  моңғол,  парсы 
халықтарында  да  ұшырайды.  Жалпы, түркі  тектес  халықтардағы  «тоғыз  тарту»  ұғымының  қай  кезде 
және не себепті шыққандығы туралы нақты дерек жоқ. 
Адамзат  қоғамының  сәбилік  және  одан  кейінгі  бақсы-балгерлік  дәуірінде  адамдар  пәле-жала 
мен ауру-сырқаудан сақтану үшін әр түрлі наным-сенімдер мен этнографиялық салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар  қалыптастырып,  әр  заттың  өзіне  лайықты  ерекше  «қасиеті»  мен  «кереметі»  жайындағы 
түсінік туғаны, оның тегіне кеңінен тоқталады. 
Он екі саны. Осындай дүниетанымдық негізде қалыптасқан ұғымның бірі – «Он екі сәт». Бұл 
туралы  да  әр  түрлі  алып  қашты  пікірлер  бар.  Қазақтың  халық  календарын  зерттеуші  М.Ысқақов: 
«Ұлықбектің келтірген мағлұматтарына қарағанда кейбір түркі халықтары, мәселен, Ұйғырлар тәулікті 
он  екі  бөлікке  бөліп,  әр  үлесін»  «чағ»  деп  атағаг.  «Чағтың»  ұзақтығы  екі  сағат  болады.  Ұйғырлар 
«кечку чағ»,  «ут  чағ»,  «арыс  чағ»  т.с.с.  деген.  Монғолдар  тәулікті  12-ге  бөліп,  бөліктерін  «цағ»  деп 
атаған.  Оларды  «хулугун  цағ»,  «хукар  цағ»,  «барыс  цағ»  т.с.с.  болған.  Бірақ,  бұхара  халық  оны 
қолданбаған,  тек  абыздар  ғана  білген.  Бұл  санды  жиі  қолдану  орта  ғасырдағы  әдебиеттерде  де 
айрықша орын алады. 
Ежелгі дүниеде мезгіл санағы алдымен табиғат құбылыстары, кейіннен аспан шырақтары: күн 
мен  ай,  жұлдыздар  бойынша  да  жүргізілгені  мәлім.  Табиғат,  жер  ерекшелігіне  сай  қазақ  халқы 
көптеген  уақыт  жүйелерін  пайдаланған.  Бұл  уақыт  жүйелерін  екі  топқа  бөлуге  болады:  1.Қосалқы 
уақыт  жүйелері;  2.  Басты  уақыт  жүйелері.  Басты  уақыт  жүйелерінің  қатарына  –  12  жылдық  мүшел 
есебі, Күн мен Айдың көрінетін қозғалысына негізделген маусымдық-шаруашылық азаматтық ай есебі, 
Хижра жыл санау жүйесіне негізделген Ай, Жұлдыздың ай мөлшеріне негізделген Тоғыс есебі және 12 
шоқжұлдыздың айлық жүрісіне негізделген арабша ай атаулары жүйесіндегі күндік күнтізбе. Байырғы 
қазақ күнтізбесінде мүшелдің 12 жылға, жылдың 12 айға, тәуіліктің 12 шаққа бөлінуі сияқты он екілік 
жүйе  де  сақталған.  Күнді,  түнді,  сағатты,  айды,  жылды  он  екіден  есептеу  әдісі  ертедегі  Вавилон 
елдерінен шығып, жер жүзіне тараған. Сол он екі ай ішінде Күн өзінің аспанды айналу жолында 12 топ 
жұлдыздың аясында болады деп түсінген. Осыған сәйкес Күннің аспанды айналу шеңберіндегі он екі 
топ  жұлдыздың  аттары  бар.  Олар  өте  ерте  замандағы  Өгізхан-Вавилон-Египет  елдерінен  келді. 
Оларды  қазіргі  ғылымда  Көккөген  –  зодиак  деп  атайды.  Ай  аттары  да,  жыл  аттары  да  осы  зоодиак 
жұлдызы  аттарымен  сәйкес  аталады.  Он  екі  ай  бір  жыл  болғанда,  он  екі  жыл  бір  мүшел  болып 
саналған.  Ал,  қазақтың  өзінің  тамаша  төл  жыл  қайыруы  –  он  екі  жылдық  мүшел  көшпелі  өмір 
туындысы болған. Осындай әр түрлі әңгімелерге қарағанда «он екілік» жүйе ерте қалыптасып, ортақ 
дүниеге айналғанға ұқсайды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ғ.Айдаров, Ә.Құрысжанов. «Көне жазба ескерткіштерінің тілі». - Алматы ,1971 жыл  
2. Ғ.Мұсабаев. «Қазақ тілі тарихынан» Алматы ,1984 жыл 
3. М.Томанов. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы». Алматы ,1984 жыл 
4. Р.Сыздықова. «Қазақ әдеби тілінің тарихы». Алматы ,1993 жыл 
5. С.Аманжолов. «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» Алма –Ата ,1959 год 
 

 
182
Резюме  
В этой статье рассматриваются казахские народные традиционные числы. 
 
Rezume 
Kazakh national traditional numbers are considered in this article. 
 
 
ПРОБЛЕМА ДЕЛИМИТАЦИИ КАСПИЙСКОГО МОРЯ 
 
И.С. Пересыпикин, магистрант 1 курса специальности «6N0114» 
 
Каспийское  море  изучают  и  пишут  о  нем  с  древнейших  времен.  Некоторые  ученые  и 
путешественники  полагали,  что  когда-то  аргонавты  через  Манычский  пролив  из  Черного  моря 
попадали  в  Каспий.  В  трудах  ученых  и  географов  более  позднего  времени,  таких  как  Гегатей 
Милетский,  Геродот,  Аристотель,  Эратосфен  и  др.  Каспий  описывается  как  замкнутый  бассейн  или 
залив  океана.  Страбон характеризует  его как  бассейн,  вытянутый по параллели  с  запада  на  восток. 
[1, с.1] 
Каспийское море в разное время имело до сорока различных названий. Их обычно давали по 
этническому  названию  народов,  проживающих  на  его  берегах  (кстати,  нынешним  названием  оно 
обязано  племенам  каспиев,  некогда  живших  на  его  западном  берегу.  [2,  с.94-95]  Шло  время, 
сменялись государства, сменялись народы, некогда проживавшие здесь. Но одно не исчезало точно – 
это стремление владеть морем и землями вокруг него. Волею судеб оказалось, что в скором времени 
стремление  это  появится  у  правителей  трех  крупных  и  могучих  империй  –  России,  Персии, 
Великобритании, которые в свою очередь будут всеми мерами противостоять друг другу в достижении 
поставленной  перед  собой  цели.  Противостояние  же  это,  скоро  выльется  в  открытые  военные 
конфликты, продолжавшихся с перерывами в течение нескольких веков, с XVΙΙ-XX вв.  
Каспийский  регион  сегодня  -  это  сравнительно  новая  самостоятельная  единица  на  мировой 
карте глобальных политических и экономических процессов. Она возникла в связи с распадом СССР и 
началом  интенсивного  освоения  запасов  углеродов  на  шельфе  Каспийского  моря  и  прилегающих 
районах  суши.  Понятие  «Каспийский  регион»  пока  в  полной  мере  не  устоялось.  В  имеющихся 
публикациях  к  Каспийскому  региону  авторы  относят  либо  акваторию  Каспийского  моря,  либо 
Каспийское  море  с  прилегающими  участками  суши,  которые  тесно  взаимосвязаны  по  выполняемым 
хозяйственным  функциям,  либо  прикаспийские  страны  в  целом,  включая  национальные  сектора 
Каспийского  моря.  Понимание  Каспийского  региона  как  «моря  с  прилегающей  сушей»  встречается 
наиболее  часто,  что  вполне  оправданно.  Но  при  этом  следует  учитывать,  что  субъектами 
международного  права,  договаривающимися  о  статусе  моря,  его  делимитации  и  эксплуатации 
ресурсов, являются прикаспийские государства с общим населением приближающимся к 250 млн. чел. 
и занимающими более 40% территории материка Евразия.[1, стр.3] 
Экономическая  и  геополитическая  проблематика  региона  в  настоящее  время  во  многом 
сводится к проблеме делимитации Каспийского моря между прибрежными государствами. Это на наш 
взгляд  наиболее  актуальная  проблема.  Освоение  месторождений  углеводородов  на  шельфе  моря  и 
прилегающих  участках  суши,  транспортное  использование  акватории  моря  и  его  берегов,  а  также 
эксплуатация биоресурсов Каспийского моря невозможно без международно-признанного разделения 
его вод и шельфа между прибрежными государствами.[3, стр. 3] 
Как  известно,  пять  прикаспийских  государств  -  Азербайджан,  Иран,  Россия,  Казахстан  и 
Туркменистан  -  прошли  несколько  этапов  при  определении  правового  статуса  Каспийского  моря. 
Первый  этап  начался  с  создания  четырех  новых  государств  после  распада  Советского  Союза.  Эти 
государства  на  совещании  в  Алма-Ате  в  1991  году  взяли  на  себя  обязательства  бывшего  СССР  в 
Каспийском  море.  Здесь  отметим,  что  основным  правопреемником  СССР  на  международном  уровне 
является 
Россия. 
Первый 
этап 
оказался 
успешным, 
поскольку 
он 
был 
связан 
с 
правопреемственностью. 
На  втором  этапе  пять  стран  согласились  с  тем,  что  Каспий  -  это  озеро  и  на  него 
распространяются  принятые  ранее  решения.  Оно  не  может  считаться  международным.  Таким 
образом, с учетом географического положения, а также с учетом природных ресурсов этого озера на 
него  должны  распространяться  монопольные  права  прибрежных  государств,  и  особый  правовой 
статус должен определятся только этими государствами. Никакой другой правовой статус, выходящий 
за  рамки  принятых  пятью  странами  решений,  не  может  иметь  законной  силы,  т.е.  исключается 
участие третьих сторон в определении правового статуса Каспия. 
На  третьем  заключительном  этапе  прикаспийские  страны  должны  были  окончательно 
определить  новый  правовой  статус  Каспийского  моря.  Но  этот  этап  оказался  затяжным  и  не  видно 

 
183
конца,  когда  этот  процесс  завершиться.  Казахстан,  Туркменистан  и  Азербайджан  рассматривают 
решение этой проблемы с экономической точки зрения. Россия, прежде всего, придает очень большое 
значение  вопросам  безопасности.  Иран  помимо  безопасности  интересуется  также  и  экономикой. 
Положительными  результатами  этого  периода  является  ряд  двусторонних  соглашений  некоторых 
прикаспийских  государств.  В  частности  в  июле  1998  года  между  Казахстаном  и  Россией  были 
заключены соглашение о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления 
суверенных  прав  на  недропользование,  а  в  мае  2002  года  -  протокол  к  данному  Соглашению.  29 
ноября  2001  года  и  27  февраля  2003  года  заключены  соглашение  между  Казахстаном  и 
Азербайджаном  о  разграничении  дна  Каспийского  моря  и  протокол  к  нему  соответственно.  Также 
между Казахстаном, Азербайджаном и Россией 14 мая 2003 года заключено соглашение о точке стыка 
линий разграничения сопредельных участков дна Каспийского моря.  
В свою очередь, Иран предложил разделить море на равные части (каждой стороне по 20%). 
Азербайджан отказался от такого принципа раздела моря - в этом варианте третья часть каспийской 
территории Азербайджана переходила бы под юрисдикцию Ирана.  
В  2009  году  обозначилась  тенденция  в  возможном  разрешении  каспийского  вопроса.  В 
основном  это  касается  актауского  саммита,  проходившего  в  этом  же  году.  На  саммите  встретились 
президенты Казахстана, Азербайджана, России и Туркменистана. 
Вопреки  первоначальным  намерениям  и  ажиотажным  ожиданиям,  запланированный 
неформальный саммит лидеров четырех прикаспийских стран оказался скомканным и свелся к общей 
риторике и обмену любезностями. По крайней мере, та часть этого короткого саммита, которая была 
открыта для внешнего наблюдения. 
Как  отмечает  экспертная  группа  "Туран",  после  резкого  протеста  официального  Тегерана, 
раздраженного возможностью обсуждения каспийской проблематики (в том числе статуса Каспия) без 
участия  и  за  спиной  Ирана,  участники  неформального  саммита  в  Актау  срочно  ввели  коррективы  в 
свою  работу.  Общая  проблематика  и  вопросы  статуса  Каспия  были  спешно  и  тщательно 
законспирированы. 
По  мнению  экспертов  "Туран",  Тегерану  было  заявлено,  что  это  неформальный  саммит 
прикаспийских  стран  СНГ  с  целью  обсуждения  частных  проблем  в  отношениях  между  странами 
Содружества, и этим объясняется не приглашение Ирана в Актау. Как бы в подтверждение этих слов 
президенты в "видимой" части саммита старались избегать общей каспийской тематики и настойчиво 
транслировали мысль о недопустимости обсуждения этих проблем без Ирана. [4.] 
 Тем  не  менее,  несмотря  на  протесты  иранской  стороны,  все-таки  позиции  этих  четырех 
государств  во  многом  схожи  и  не  исключено,  что  Ирану  в  скором  будущем  придется  согласиться  с 
позицией этих государств по вопросу делимитации Каспия. И очень важно, чтобы эти положительные 
тенденции  продолжали  сохраняться.  Уникальный  каспийский  водоем  не  должен  стать  яблоком 
раздора, а должен быть морем мира и стабильности в регионе, и объединяющим фактором в развитии 
сотрудничества  между  прибрежными  государствами.  Исходя  из  этого,  стороны  для  достижения 
общего  согласия  на  основе  разума  и  стратегического  прагматизма  должны  пересмотреть  некоторые 
свои позиции, поскольку любые разногласия и трения, в первую очередь, не отвечают перспективным 
национальным  интересам  всех  прибрежных  государств,  а  также  интересам  стран  региона  и 
Евразийского континента. 

1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал