№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет23/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

 
Әдебиеттер: 
1.  Қар.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2007 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауынан. 

 
140
2.  Қар.: Коврига З. Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. — Воронеж, 1975. 
3.  Қар.:  Зинатуллин З. З.  Социальное  назначение  уголовно-процессуального  принуждения  и 
ответственности  на  предварительном  следствии  //  Уголовно-процессуальное  принуждение  и 
ответственность,  их  место  в  решении  задач  предварительного  расследования.  —  Волгоград, 
1987. — 6-7-б. 
4.  Осы жерде. — 4-5-б. 
5.  Қар:  М. А. Айымбетов,  Б. К. Бодаубай,  С. Ш. Оразалинов,  О. Ақыпбекұлы.  Заң  терминдерінің 
сөздігі. — 545-б. 
6.  Қар.: Зинатуллин З. З. Көрсетілген еңбек. — 6-7-б. 
 
Резюме 
В  представленной  статье  анализируются  денежное  взыскание  в  уголовном  судопроизводстве, 
как  мера  ответственности.  А  также  рассмотрены  его  структурные  элементы.  Автором  выявлены  и 
осмыслены некоторые проблемы, связанные с определением понятия денежнего взыскания, а также 
намечены пути их совершенствования. 
 
Summary 
In  presented  article  are  analyzed  money  recovery  in  criminal  proceedings,  as  measure  to 
responsibility. As well as are considered his(its) structured elements. The Author are revealed and intelligent 
some problems, connected with determination of the notion of the money recovery, as well as is intended 
way of their improvement. 
 
 
ӘОК 342(574)  
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ 
АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ 
 
В.Қ.Наурызова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы 
 
Қазақстандық  патриотизм  қағидасы,
  бұл  -  халықтың  тарихи  зердесі  мен  бүгінгі  күні 
қалыптасып үлгерген рухани құндылықтары негізінде Қазақстан халқын біріктіретін ортақ бастауларды 
насихаттау жолымен азаматтардың отансүйгіштігін, ұлт тарихына мақтаныш, құрмет сезімімен қарауын 
қалыптастыру. Осы орайда, қалыптасып келе жатқан Қазақстандық патриотизмнің өзінің бейнесі мен 
мазмұны тарихи мәдениетімізге арқа сүйеген және ешбір этникалық топтарды жатсынбас, біріктіруші 
идея сипатында болуы ерекше маңызды. 
Қазақстанның  көпұлтты  халқының  достығын  нығайту  мен  мемлекеттің  тәуелсіздігін  бекіту 
қазақстандық  патриотизм  принципінің  маңызы  зор.  Оны  нығайту  үшін  мемлекеттің,  қоғамдық 
институттардың, отбасы мен мектептің бірлескен күш жігері қажет. 
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламада мынадай мәселені ерекше 
атап  көрсетті:  «...Біз  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне  деген 
сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз.  Халық  пен  мемлекет  арасындағы  бұрынғы  тығыз  байланыс  едәуір 
босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. 
Бақытымызға  орай,  бұқаралық  санада  адамдар  мен  мемлекет  мүдделерінің  ортақтығын  түсіну  пісіп-
жетіліп келеді» [1,25б]. 
 
Конституция қазақстандық патриотизм принципін негізгі принциптерінің бірі ретінде есептейді. 
Патриотизм  Қазақстан  азаматтарының  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілігі  мен  берілгендігін  білдіретін, 
оның  өмірдің  барлық  салаларында-саяси,  экономикалық,  мәденисалаларда  табысқа  жетуіне,  оның 
қуатының,  қорғаныс  қабілетінің  артуына,  халықаралық  аренада  беділінің  нығаюына  ықпал  ететін 
идеясы,  сезімі  мен  әрекеті.  Қазақстандық  патриотизм-ол  Қазақстанда  сандаған  жылдардан  бері 
тұратын  әр  ұлттың  адамдарының  мүдде  бірлігін  сезіну,  бұл  елдің  тарихи  өткеніне  құрметпен  қарау, 
жаңа  мемлекет  құрып,  азаматтық  қоғамды  қалыптастырудағы  белсенді  қызмет,  Қазақстандық 
патриотизм  ұлттық  тарихқа,  ұлттық  әдет,  дәстүрлерге  селқос  қарайтын  ұлттық  тоғышарлықпен 
келіспейді.  
 
Қазақстандық патриотизм жалған патриотизмге, өз ұлтын бұрмалап көрсетушілікке, оны басқа 
ұлттарға  қарсы  қоюшылыққа  төзбейді.  Өйткені  аталған  принцип  барлық  ұлттардың  және  әлеуметтік 
топтардың өкілдерін бірлестіруге қызмет етеді, келісімпаздықпен сыйыспайды. Ұлтшылдықты, ұлттық 
өктемшілдікті,  келісімпаздықты  насихаттайтын  күштер  тарихи  дамуға,  мемлекеттедегі  барлық 
ұлттардың,  топтардың және басқа  әлеуметтік  топтардың  бірлесе  қалыптасуы  мен  өркендеуіне қарсы 
күреседі[2,44-47бб]. 
Қазақстандық 
патриотизм 
Қазақстан 
Республикасы 
қызметінің 
негізгі 

 
141
принциптерінің  бірі  ретінде  бекітілетіндіктен  мемлекеттік  органдар,  лауазымдыадамдар,  қоғамдық 
бірлестіктер мен азаматтар оны басшылыққа алулары тиіс. 
Жаңа кезеңдегі негізгі міндет – жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің 
көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық 
және құқықтық мемлекеттің негіздерін одан әрі нығайта беру. 
Дамуымыздың негізгі бағыттары, ең алдымен, мыналар: 
– мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара ықпалдастық тиімділігін арттырып, тежемелілік пен 
тепе-теңдік жүйесін нығайта беру; 
– биліктің өкілді органдарының өкілеттіктерін кеңейте беру; 
–  саяси  партиялардың  рөлін  арттыру,  азаматтық  қоғам  институттарын  дамыту  үшін  қолайлы 
жағдайлар туғызу; 
– меморгандар жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыру; 
–  мемлекеттік  шешімдер  әзірлеу  үдерісіне  жұртшылықтың  қатысуын  қамтамасыз  ету  жолында 
атқарушы билік құрылымдарын реформалау; 
– адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық 
тетіктерін одан әрі нығайта беру; 
– жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы үшін жағдай туғызу. 
Мемлекеттік  комиссия,  бір  жыл  бойы  жұмыс  істеп,  демократиялық  реформалардың  негізгі 
бағыттарын ұсынды. Ендігі шаруа заңдар мен ел Конституциясына өзгерістер жобаларын дайындайтын 
заңгерлер тобының қолында. Мұның бәрі де, сайып келгенде, Қазақстан дамуының жаңа кезеңі үшін 
еліміздің  үйлесімді  саяси  және  мемлекеттік  құрылымының  оңтайлы  үлгісін  таңдауына  мүмкіндік 
беретініне  мен  сенімдімін.  Біз  корпоративтік  басқару,  нәтижелілік,  транспаренттілік  және  қоғам 
алдындағы  есептілік  қағидаттары  негізінде  үздік  халықаралық  тәжірибеге  сүйеніп,  мемлекеттік 
басқарудың сапалық жаңа үлгісін түзудеміз. 
Біріншіден,  Үкімет  әкімдермен  бірлесе  отырып,  бағдарламалық  құжаттарды  әзірлеу  мен 
олардың  мазмұнына  көзқарасты  түбегейлі  өзгертуге  тиіс.  Әрбір  мемлекеттік  органның  стратегиялық 
жоспары болуы керек, барлық мемлекеттік органдар қызметінің мақсаты, басымдықтары айқындалып, 
нысаналы көрсеткіштері белгіленуге, әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы соларға жетуге бағдарлануы 
шарт. Қолданылып жүрген бағдарламаларды қайтадан ой елегінен өткізуді тапсырамын, керек жерінде 
оларды  өзіміздің  стратегиялық  басымдықтарымызға  шоғырландырып,  қалғанын  қысқартқан  немесе 
басқа  деңгейге  берген  жөн.  Екіншіден,  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық,  әкімшілік-
атқарушылық  және  бақылау-қадағалау  міндеттерінің  бөлінісі  лайықты  тиянағын  табуға  тиіс.  Жыл 
сайын  міндеттердің  қосарластығына  жол  бермеу,  бюджетаралық  қатынастарды  жетілдіру,  мүдделер 
тайталасын  еңсеру  мақсатында  Үкімет  шешімдеріне  талдау  жүргізіп  отыру  қажет.  Үшіншіден, 
тиімділікті,  нәтижелілікті,  бақылауда  ұстауды  және  ашықтықты  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
бюджеттік  жоспарлауды  жетілдіру  керек.  Төртіншіден,  Үкімет  мемлекеттің  экономикалық  қызметінің 
барлық  стратегиялық  емес  түрлерін  бәсекелестік-нарықтық  ортаға  беруге  тиіс.  Бесіншіден, 
мемлекеттік  сатып  алуларды  ұйымдастыру  жүйесі  айқын  ережелер  белгілейтін  болуы  керек,  ал 
рәсімдердің өзінің ашық, бақыланатын, түсінікті әрі орындауға оңтайлы болғаны дұрыс. Алтыншыдан, 
Үкімет  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапалы  стандарттарының  әзірленуі  мен  енгізілуін  қамтамасыз 
етуге  міндетті.  Үкіметтің  биылғы  1  шілдеге  дейін  республикалық,  сондай-ақ  жергілікті  деңгейлерде 
көрсетілетін  барлық  мемлекеттік  қызмет  түрлерінің  тізбесін  бекітуі  керек.  Жетіншіден,  Үкімет  пен 
жергілікті  атқарушы  билік  органдары  өздерінің  қызметінің  ашықтығы  мен  есептілігін  арттыруға 
бағытталған  шаралар  кешенін  әзірлеуге  тиіс.  Сегізіншіден,  мемлекеттік  қызметшілер  жауапкершілігін 
арттыруға,  сондай-ақ  олардың  жұмысқа  деген  ықыласын  нығайтуға  бағытталған  неғұрлым  қатаң 
талаптар  енгізген  дұрыс. Тоғызыншыдан,  мемлекеттік органдардың  қызметі  азаматтарға  көрсетілетін 
қызметтің тиімділігі мен сапасы, мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды іске 
асырудың  нәтижесі  ескеріліп,  екшелуге  тиіс.  Оныншыдан,  “электрондық  үкімет”  жасақтау  жөніндегі 
жұмыстың  нәтижелеріне  мұқият  талдау  жүргізу  керек.  Осыны  ескере  отырып,  әрі  әлемнің  жетекші 
елдерінің  тәжірибесіне  сүйеніп,  осы  заманғы  ақпараттық  технологияларды  енгізуді  жалғастыра  беру 
қажет болады. 
Үкіметке  әкімшілік  реформа  жүргізуге  қажетті  нормативтік  құқықтық  негіз  әзірлеуді 
тапсырамын. 
Қоғамдық  келісімді  одан  әрі  нығайту,  сайып  келгенде,  еліміздің  серпінді  дамуын  қамтамасыз 
ету  мен  өзіміз  алдымызға  қойған  асқақ  міндетті  ойдағыдай  орындаудың  негізі  болып  табылады. 
Сондықтан да Қазақстан халықтары Ассамблеясының практикалық қызметі мен жауапкершілігі аясын 
кеңейтіп,  оның  беделін  барынша  арттыра  беру,  әсіресе,  заңнамалық  деңгейде  арттыру  қажет. 
Ассамблея еліміз дамуының жаңа кезеңінде мынадай міндеттерді дәйекті түрде шешуге тиіс: 

 
142
Біріншіден  Халықтардың  бірлігін  нығайту  және  Қазақстан  қоғамын  жаңартудың  саяси 
идеология  мен  ағымдағы  “сұраныстан”  биік  тұратын  негіз  қалаушы  құндылықтары  бойынша  арналы 
қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру[3,27б].  
Екіншіден  Қазақстанның  барлық  азаматтары  үшін  олардың  ұлттық,  әлеуметтік,  былайша 
айтқанда,  “зәузаттық”  шығу  тегіне  қарамастан,  тең  мүмкіндіктерге  негізделген  біртұтас  азаматтығын 
нығайту. 
Үшіншіден  Қоғамдағы  этносаралық  және  конфессияаралық  келісім  мен  ықыластылықты  одан 
әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. 
Төртіншіден  Қоғамдағы  экстремизм  мен  радикализмнің  кез  келген  көріністеріне  және  біздің 
азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң 
әрі дәйекті қарсы тұру. 
“Мәдени  мұра”  бағдарламасының  шеңберінде  жүргізілген  жұмысты  жалғастыра  отырып, 
“Қазақстан  Халықтарының  Рухани  Даму  Қорын”  құру  туралы  мәселені  жете  зерделеу  керек.  Қор 
тұрақты  мониторинг  жүргізіп,  мемлекеттік-жекеменшік  әріптестіктің  көмегімен  және  тиісті  қоғамдық 
ұйымдарды  қатыстыру  арқылы  біздің  халықтарымыздың  мәдени  құндылықтары  мен  дәстүрлерін 
дамытуды  қолдап  отыруға  тиіс.  Қорды  басқару  корпоративтік  басқару  қағидаттарының  негізінде 
жүргізілуге тиіс. 
“Тілдердің  үштұғырлығы”  мәдени  жобасын  кезеңдеп  іске  асыруды  қолға  алуды  ұсынамын. 
Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: 
қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  –  жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі[4,77-79бб]. 
Ашық,  демократиялық  қоғамның  іргесін  дәйекті  нығайта  отырып,  біз  демократия  мен  құқық 
тәртібі  –  ажырағысыз  ұғымдар  екенін,  бірінсіз  бірінің  өмір  сүре  алмайтынын  естен  шығармауымыз 
керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет. 
Біріншіден,  құқық  қорғау  мен  басқа  мемлекеттік  органдардың  құқық  тәртібін  қамтамасыз  ету 
саласындағы  ұйымдық  және  заңнамалық  шараларын  жетілдіру  жөніндегі  іс-қимылын  үйлестіруді 
күшейту керек. 
Екіншіден,  өз  назарымызды  жасөспірімдер  арасындағы  қылмыстың  өсуі  проблемасына 
аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет. 
Үшіншіден,  өзіміздің  құқық  қорғау  органдарымызға  есірткі  қылмысы  мен  еларалық  қылмыс 
секілді қатерлерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.  
Төртіншіден,  елімізде  құқық  бұзушылықтың  алдын  алудың  жалпымемлекеттік  жүйесінің 
жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек. 
Қазақстан ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі 
саудасы  мен  басқа  да  осы  заманғы  қатерлерге  қарсы  күреске  жұмылған  халықаралық  ауқымды 
ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болып келді және болып қала береді. 
Қазақстанның көптеген проблемаларының, айталық, табиғатты қорғау сияқты проблемасының, 
шекарааралық  сипаты  бар.  Оларды  өзіміздің  көршілеріміз  –  Ресеймен,  Қытаймен,  Орталық  Азия 
мемлекеттерімен  бірлесіп,  бассейндік  қағидаттың  негізінде  ғана  шешуге  болады.  Бұл  үшін 
халықаралық  қатысумен,  Дунай,  Альпі  және  Анды  келісімдерінің  үлгісі  бойынша  тұрлаулы  дамудың 
шекарааралық аймағы құрылуға тиіс.  
Энергетикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуден  бастап,  індеттер  мен  экологиялық  апаттарға 
қарсы  күреске  дейінгі  өміршең  маңызды  мәселелерді  шешуде  басқа  елдермен  ынтымақтаса  отырып, 
біз өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде өзіміздің рөліміз 
бен беделімізді алдағы уақытта да нығайта беретін боламыз. 
Мұның бәрі де біз үшін басымдықты болып табылатын Ресеймен және Қытаймен арадағы тату 
көршілік  өзара  қарым-қатынастарымыздан,  АҚШ-пен  стратегиялық  серіктестікті,  Еуропа  Одағы 
елдерімен  көп  тарапты  ынтымақтастықты  дамытуға  мүдделілігіміз  бен  бұл  бағыттағы  практикалық 
қадамдарымыздан айқын көрінеді.  
Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізде тұрып жатқан және Қазақстанның біртұтас халқы 
болып табылатын барлық ұлттар өкілдерінің ұстамдылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық 
татулығын қамтамасыз етуге бағытталған сара саясатымыз барынша танылып отыр[5,54б]. 
Біріншіден,  бүгінде  мәдениетаралық  және  конфессияаралық  үндесудің маңызды  халықаралық 
орталығы  ретінде Қазақстанның  рөлін  жаңа  деңгейге  көтеру  керек. Қажет  болған  кезде  біздің  еліміз 
тайталас  туып  кетуі  ықтимал  жағдайларда  өзара  келісуге  боларлық  саяси  шешім  табу  жолында 
халықаралық дәнекер міндеттерін де атқара алар еді.  
Екіншіден,  өркениеттердің  үндесуін  кеңейту  мен  тереңдетуге  дәл  осылайша  мүдделі  болып 
отырған  бірқатар  мемлекеттермен  бірлесіп,  біз  осы  заманғы  дүниенің  өзекті  мәселелері  бойынша 
Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  түсіністікті  жақындастыруға  бағытталған  ірі  халықаралық  бастамалар 
жасай алар едік деген ойдамын. 

 
143
Өркениетті  дамыған  қоғамның  негізгі  құндылықтары  -  әлеуметтік  бағытқа  негізделген 
экономикамен  мемлекеттік  саясат,  бостандық пен демократия,  халықтың  материалдық  әл-ауқатының 
артуы,  қоғамдық  тәртіп  пен  азаматтардың  мемлекет  тарапынан  қорғалуы,  әділдік  пен  адамгершілік, 
азаматтардың  жалпы  тепе-теңдігі  мен  отаншылдық  патриотизмі  құқық  арқылы  орнықтырылады,  осы 
өркениеттіліктің барлық сипаттамалары Қазақстан Республикасында да толығынан орын алған[6,34б]. 
 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Бүкіл қазақстандықтардың жағдайын жақсарту, 
қауіпсіздік және гүлденуі. Ел басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 11.10.1997ж. 
2.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, Алматы: «Жеті Жарғы», 
2004 
3.С.Табанов., А.Оразова Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата 
заңдарының(конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2005 
4.Н.Назарбаев.  «Реформалардың  түбегейлендіру,  жалпы  ұлттық  келісім  арқылы  жаңарған 
Қазақстанға» Алматы 1994  
5.Н.Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында» А. 1996 ж.  
6.«Қазақстан Республикасының жаңа заңдары» Алматы, 1992 ж.  
 
Резюме 
 
В данной статье автор расскрывает теоретические аспекты развития потриотизма в Казахстане 
рамках решения социально- экономических и политических проблем.  
 
Summary  
 
In  this  article  are  considered  theoretical  points  of  development  of  potriotism  in  Kazakhstan  in 
solution social-ekonomikal and poltical problems. 
 
 
МАҢҒЫСТАУ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ ҚАЗАҚТАН ҒАЛЫМДАРЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ 
 
Э.А. Абланова, т.ғ.к.,Маңғыстау политехникалық колледжі 
 
Маңғыстау  халқының  әлеуметтік-саяси  және  экономикалық-мәдени  даму  тарихы  қазақ 
тарихының құрамдас бір бөлшегі ретінде бірнеше ғасырға созылған күрделі де қиын жолдан өтті. 
Өз кезінде халықтардың этномәдени, этносаяси байланысының күрделі ошағы болған Маңғыстау 
тарихының  кешегі  мен  бүгінгі  күнін  зерттеу  барысында  көптеген  қазақ  ғалымдары  өз  еңбектерін 
жазып қалдырды. Маңғыстау халқының даму тарихына қатысты Қазақстан ғалымдары жазған ғылыми 
еңбектерді біз бірнеше бағытқа бөле отырып зерттедік. 1. Ресей империясы заманындағы жазбалар. 2. 
Кеңес дәуірі жылдарындағы еңбектер. 3. Қазіргі заман кезеңіндегі зерттеулер. 
Қазақ  ғалымдарының  ішінде  Маңғыстауды  мекендеген  көшпенді  халық  туралы  алғаш  ғылыми 
мақаланы XIX ғ. ІІ-жартысында Ш.Ш. Уәлиханов жазды. Бұл ізденіс жұмысында ғалым Маңғыстаудағы 
тарихи-археологиялық ескерткіштер, қалмақ, түркмен бейіттері, олардың қолдан тасты қашап салған 
бейнелері, көшпелі халықтардың материалдық мәдениеті арасындағы байланысты суреттейді /1/. 
Алғашқы қазақ зиялы өкілдері ішінде Маңғыстау қазақтарының тарихына қатысты Ә. Бөкейханов 
«Адай уезінің қазақтары» мақаласында ХХ-ғ. басында қазақтар рулық бөлініс жүйесін түбекте мықты 
сақтап  қалғандығының  куәгері  бола  отырып,  олардың  арасында  құдықтағы  ауыз  су,  малға 
жайылымдық  жерге  жеке  меншік  қатынасы  жоқтығын,  яғни  рулық  бірліктің  жалпы  атадан  қалған 
меншікті  бірігіп  пайдалану  ерекшелігін  көрсетсе,  Б.  Қаратаев  1870  жылғы  адай  көтерілісінің  шығу 
себептерін  алғаш  рет  мұражай  деректері  арқылы  сөйлетіп,  Ә.Х.  Марғұлан  маң  дала  қазақтарының 
әлеуметтік  өміріндегі  жоқшылық  тұстарын  ашып,  олардың  төзімділігімен,  ауыр  табиғат  қаталдығына 
қалай шыдайтындықтарын өз жазбасында жазып қалдырған /2/. 
Кеңестік  тарихнамада  40-жылдары  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалысына  қатысты  М.В. 
Вяткин,  В.Ф.  Шахматов  А.Ф.  Якунин  зерттеулері  жарияланды.  Негізінен  алып  қарағанда  аталған 
ғалымдардың барлығыда ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстан өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу 
себебін,  оның  ішінде  1870-жылғы  адайлар  көтерілісін  Уақытша  Ережемен  сабақтастырады  /3/.  Осы 
жылдары  А.  Панкратовамен  М.Абдыкалыкованың  басшылығымен шыққан  Қазақ  ССР  тарихында  1870 
жылғы  Маңғыстау  көтерілісі  ұлт  тарихының  бір  бөлшегі  ретінде  арнайы  тақырып  деңгейінде 
қарастырылып,  кеңес  тарихшыларының  алдыңғы  буын  өкілдері  саяси  оқиғадан  көтеріліске  дейін 
көтерілген халық қарсылығы деп өз бағасын берді /4/. 

 
144
1973  жылы  С.  Шалабаев,  Е.  Өмірбаев,  Қ.  Сыдиқов  авторлығымен  «Маңғыстау»  еңбегі 
жарияланды. Бұл жұмыста жалпылама очерк сипатында түбектегі ежелгі, орта, жаңа заман кезеңіндегі 
археологиялық тарихи ескерткіштер туралы әңгіме аңыз желісінде құрылып, өткен дәуірдегі Шерқала, 
Қызылқала,  Қабақты,  Алан  қамалы,  «Маңғыстау»  сөзіне  түсінік  беруге  талпынса,  С.Т.  Тлеповтың 
ізденісінде  Қазақ  төңкерісіне  дейінгі  түбек  тарихына  қысқаша  шолу  жасалып,  негізінен  Кеңес 
дәуіріндегі  аймақтағы  өнеркәсіптің  дамуы,  ауылшаруашылығындағы  аграрлық  саясат,  өлкенің 
әлеуметтік  дамуындағы  және  мәдени  революция  жеңісі,  социалистік  құрылыс,  коммунистік  мораль 
туралы кеңінен қарастырған /5/. 
1977  жылы  М.С.  Тұрсынованың  «Казахи  Мангышлака  во  второй  половине  ХІХ  века»  атты 
ғылыми  монографиясы  қазақ  тарихында  алғаш  рет  сол  дәуірдегі  Маңғыстаудағы  қазақ  қоғамының 
әлеуметтік-саяси  құрылымы  1870  жылғы  Адай  көтерілісінің  шығу  себептерімен  ұштастырылып, 
мұражай  деректерімен  қоса  орыс  баспасөз  беттерінде  жарияланған  мақалалар  мен  баяндамалар 
арқылы  тарихи  кезең  фактологиялық  тұрғыдан  дәлелденген.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
Маңғыстау  қазақтарының  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  тарихын  зерделеуге  арнайы  көңіл 
бөлген  ғалым  М.С.  Тұрсынова  бұл  уақыт  межесін  түбек  қазақтарының  өміріндегі  шешуші  бетбұрыс 
кезеңі  деп  қарастырады,  себебі  орыстардың  қол  астына  енуі  нәтижесінде  ресей  капиталы  дала 
халқының  жан-жағынан  келіп  қыспақтаған  сәтте  олар  бұрыңғы  өмір  сүру  әдісінен  алыстай  берді. 
Аталған  ізденіс  жұмысында  1868-жылғы  Уақытша  ереженің  Кіші  жүз  бен  Маңғыстауға  енгізілуі, 
нәтижесі,  халық  қарсылығы,  1870  жылғы  Иса-Досан  көтерілісінің  барысы,  қозғаушы  күштері,  1873 
жылғы  адай-қазақтарының  толқулары,  Маңғыстау  халқын  Закаспий  аймағына  енгізу  туралы  1874 
жылғы  9-наурыздағы  Уақытша  Ереже,  Маңғыстау  қазақтары  мен  Хиуа  хандығы  арасындағы  қарым-
қатынас,  қазақтардың  мал  шаруашылығы  мен  егіншілікпен  айналысуы,  Каспийдің  шығыс 
жағалауындағы  балық  өндірісі,  сауда  қатынасы  нақты  қарастырылып,  жазылған  /6/.  М.С. 
Тұрсынованың  еңбегі  тоталитарлық  жүйенің  шарықтау  шегі  уақытында  жазылғанына  қарамастан, 
Маңғыстау  халқының  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  тарихын  жеке  мәселе  ретінде  нақты 
ашқан, өте құнды сол жылдарғы батыл жүйелі ғылыми жұмыс болып табылады. 
Өткен  ғасырдың  60-70  жылдары  қазақ  халқының  тарихын  этнографиялық  үлгі  тұрғысынан 
зерттеген  Х.  Арғынбаев,  В.В.  Востров,  М.С.  Мұканов,  А.Э.  Масанов  еңбектерінде  Маңғыстау 
қазақтарының  рухани  мәдениеті,  шаруашылығы,  отбасы  және  неке  қатынастары,  адай  руының  арғы 
тарихы,  этнонимі,  «жоғарғы  адайлар  мен  төмеңгі  жақты  мекендеген  адайдардың»  көшіп-қонған 
қыстауы мен жаз жайлауын нақтылауымен қатар бұл рудың өткенін біздің заманымызға дейінгі ІV-VІІ 
ғасырлар аралығында Каспий маңын мекендеген дай руымен сабақтастықта қарау пікірі айтылады /7/. 
Ғалым  Ү. Қыдыралин шынайы  тарихи  деректерді  ғылыми  айналысқа  қоса  отырып, 1917-жылғы 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  Маңғыстау  қазақтарының  шаруашылығы,  қоғамдық  және  экономикалық 
қатынастары,  көшпелі  мал,  жер  шаруашылығы  ерекшеліктерін,  қосалқы  кәсіптеріндегі-балықшылық, 
аңшылық,  құдықшылық,  сәулетшілік,  қол  өнеріне  байланысты  үй  кәсіптерін,  сауда-саттығын, 
материалдық  мәдениетіндегі  тұрғын  үй  мен  оның  жихаздарын,  киім-кешекпен  оның  әшекейлерін, 
тағамдар  мен  ыдыс-аяқтарын,  рухани  мәдениетіндегі  халық  білімдерін,  халық  медицинасын,  халық 
ағарту  ерекшеліктерін,  жанұя  мен  некелік  қатынастарындағы  жанұя  формалары  мен  туыстық 
қатынастарын,  бала туу мен  оны тәрбиелеу  дәстүрлерін, неке  құру  мен  үйлену  тойы  ерекшеліктерін 
ғылыми  тұрғыдан  сараптап,  талдаған  зерттеулері  бүгінгі  және  келешек  тарих  үшін  құнды  еңбектер 
болып табылады /8/. 
ХХ  ғасыр  тарихнамасында аймақтық  зерттеуде  Маңғыстау  даласы  мен  Үстірт  қыратының  өткен 
тарихы  мен  өмір  сүрген  халықтардың  этномәдени  өнерінің  ерекше  тұстарын  археологиялық  қазба 
жұмыстары  арқылы  дәлелдеген  археологтар:  А.Г.  Медоев,  М.М.  Мендикулов,  З.С.  Самашев,  В.С. 
Ольховский, Е.В. Веселовская, Ж.М. Жетибаев еңбектерін атап өтуге болады /9/. 
Маңғыстау жерінің бай ескерткіш мұралары мен археологиялық көне туындыларын жеке зерттеу 
жұмыс обьектісіне айналдырып, үлкен танымдық ғылыми еңбек жазған ғалым С.Е. Әжіғали ізденісінде 
Каспий  даласының  тарихы  мен  мәдениеті  жайлы  ой  толғанып,  Арал-Каспий  өңірі  тарихын  көне 
дәуірден  бастап  археологиялық  қазындылар  арқылы  сөйлетіп,  орта  ғасырлық  Шыңғыс  ұрпағымен 
түбек өткенін сабақтастырып, кәрі теңіз бойындағы қалаларға сипаттама жасап, қазақ мемлекеттігінің 
құрылуы,  Кіші  жүз  қазақтарының  жайлаған  жерлері,  тайпа-руларының  таңбалары  мен  ұрандары 
талданып, жаңа заман тарихын материалдық мәдениет көзінің куәгерлері Маң даланың бейіттері мен 
қорғандары  арқылы  дәлелдеген.  Каспий  өңірінің  археологиялық  мәдени-тарихы  ескерткіштерін 
зерттеген ғалым С.Е. Әжіғали аймақ тарихы туралы өз ойын былай деп келтіреді: «Өкінішке орай, көне 
ескерткіштер  көп  кездесетін,  аяқ  басқан  сайын  өткен  дәуірдің  ізі  алдыңыздан  шығатын  осы  байтақ 
өлкенің керемет тарихы әлі күнге жүйелі жазылмапты» /10/. 
Тәуелсіз  қазақ  тарихнамасында  Ресей  империясының  қазақ  халқын  отар  ел  ретінде  қарап, 
тонаушылық  сипаттағы  күштеп  бағындыру  саясаты,  Кеңестік  замандағы  бір  орталыққа  бағынышты 

 
145
қазақ  жерін  жасырын  орыстандыру  саясаты,  орыс  отарлау  табиғатының  феномені  туралы 
концепциялық тұжырымдар, ойлар ашық жазыла бастады. 
ХVІІІ-ғасырдан басталған «екі ел арасындағы бейбіт қатынас» байланысын ХІХ ғасырдың екінші 
ширегінде  белсенді  басып  алу  саясатымен  ұштастырған  орыс  өкіметіне  тәуелділікке  ұшыраған  қазақ 
халқының саяси даму мәселесі ұлан-байтақ қазақ жеріне орныққан отарлық басқару жүйесімен тікелей 
байланысты өрістеді. 
Біз  зерттеп  отырған  тақырыпқа  байланысты  Маңғыстау  тарихының  өткенін  обьективті  және 
толық  көріністе  ашу  үшін  отар  ел,  отаршылдық  тенденциясын  терең  негізде  талдап,  Қазақстан  мен 
Ресей  байланысын  тек  экономикалық  аспект  тұрғысынан  ғана  емес  отарлаушы  мен  метрополия 
арасындағы  қатынас  және  саяси-құқықтық  жүйе  тұрғысынан  қарастырған  М.К.  Қозыбаев,  Ж.К. 
Қасымбаев, С. Мәшімбаев, В.З. Галиев, К.А. Жиреншин еңбектері жарыққа шықты /11/. 
Ресей  империясының  қазақ жеріндегі  отарлық  саясатының  негізгі  бағыттарын  патша  өкіметінің 
кіші  халықтарды  бағындырудағы  қолданған  әдістері  мен тәсілдерін  аймақтық  деңгейде  көтерген  Е.Т. 
Қалиева, Г.С. Жұмашева, Р.А. Идрисов, Р.Х. Сариева зерттеулерінде отарлық қамытты кигісі келмеген 
елдің ұлттық рух күшінің ұлт-азаттық қарсылық арқылы қалай жанданғаны дәлелденген /12/. 
ХІХ  ғасырдың  30-шы  ХХ-ғасырдың  басындағы  патша  өкіметінің  отарлау  саясатын  Маңғыстау 
аймағы  бойынша  жеке  ғылыми  тақырып  деңгейінде  зерттеген  Г.С.  Жұмашева  ізденісінде  түбекке 
ресейлік  басқару  жүйесінің  енгізілуі,  орыс  билік  жүйесін  ұйымдастыру  себептері,  жаңа  басқару 
құрылымының  ерекшелігі,  сипаты,  қазақтардың  оған  көзқарасы,  жаңа  отарлық  әкімшіліктің  өлке 
экономикасын өзгертуі, қазақ жерлерінің отарлануы, өнеркәсіп өндірісі мен сауданың дамуы, дәстүрлі 
қазақ шаруашылығының қирауы, патша өкіметінің отарлық билігінің нығаюы, әлеуметтік-және ұлттық 
езгінің  күшеюі,  маңғышлақ  қазақтарының  патшаның  отарлық  қанауына  қарсы  күреске  шығуы 
қарастырылған /13/. 
Қазақ  тарихнамасында  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдары  кеңес  өкіметінің  қазақ  халқына  қарсы 
жүргізген тоталитарлық саясатының зардаптары мен ел басынан өткен қасіретті кезең ақтаңдақтарын 
ашып,  шын  тарихты  қалпына  келтіру  соңғы  жылдары  мемлекеттік  мұражай  қорлары  мен  қауіпсіздік 
органдарының  деректік  жинақтарына  жол  ашылғаннан  кейін  ғана,  осы  күнге  дейін  күңгірт  болып 
келген көптеген тарихи оқиғалар, сол заманның басты саяси оқиғасы, 1931-1933 жылдардағы күштеп 
ұжымдастыру,  отырықшыландыру  мен  аштықтың  салдарынан  болған  қазақ  халқының  басына  түскен 
ауыртпалық  қазіргі  заман  тарихында  дұрыс  зерттеу  обьектісіне  айналумен  қатар  жүйелі  зерттеу 
бағытын қалыптастырды. 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  халқы  тағдырындағы  ең  күрделі  30-жылдар  кезеңін  зерттеушілер 
ішінде Т. Омарбеков алғаш рет Адай округіндегі халық көтерілісін қазақ даласындағы ең ірі көтеріліс 
ошақтарының  бірі  екендігін  көрсетіп, көтерілістің шығу  себебі,  барысын  тарихи тұрғыдан нақтылаған 
ғалым.  Маңғыстау  жеріндегі  бұл  оқиғаны  қоғамдық  саяси  күшке  қарсы  шыққан  ұлт  қарсылығы 
екендігін  ашқан  Т.  Омарбеков  бірінші  болып  ел  қозғалысын  «Адай  көтерілісі»  деп  атап,  тарихи 
бағасын берді. 
Ғалым Қ. Алдажұманов қазақ тарихындағы өзіндік орны бар шаруалар көтерілісінің бір тармағы 
адай көтерілісі жөнінде мұражай деректерінен келтірілген нақты деректер негізінде өз пікірін келтірсе, 
К.М.  Жаулин  кандидаттық  диссертациясында  аймақтық  деңгейді  қамтыған  Адай  көтерілісінің  жалпы 
мәнін ашқан. 
Б.С.Жұмағұлов  бірнеше  жылғы  ізденіс  нәтижесінде  Кеңес  өкіметінің  Қазақстанда  жүргізген 
аграрлық  саясаты  негізінде  Адай  округіндегі  20-жылдардың  соңы  30-жылдардың  бас  кезіндегі  Адай 
ревкомының  қызметін,  оның  кеңес  өкіметінің  саясатына  қайшы  келу  себептерін,  Тобанияз  бастаған 
Адай  округі  көсемдерінің  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырауын,  өкіметтің  аграрлық  саясатын  көтеріліспен 
ұштастырып,  Маңғыстау  мен  оған  іргелес  аудандарда  болған  шаруалар  қозғалысын,  көтеріліс 
ошақтарын, ұрыс қимылдарын зерттеп, халық қарсылығының әскер күшімен қалай басылғанын, оның 
зардаптарын,  босқыншылыққа  ұшыраған  ел  тағдыры  мен  қатар  аймақ  өңіріндегі  тоталитарлық  жүйе 
саясатының зардаптары құнды деректер көзімен ашып көрсеткен /14/. 
Соңғы  жылдары  Маңғыстау  түбегіндегі  Кеңестік  ұжымдастыру,  билікке  қарсы  адай  округіндегі 
халық көтерілісі мәселесі төңірегінде жергілікті өлкетанушылар Ә. Спанов, С. Хайдарұлы, М. Омаров, І. 
Сариев, Т. Жаңаев қалам тартты. Ә. Спанов алғаш рет Маңғыстау облыстық ұлттық қорғаныс комитеті 
мұражайы  деректері  негізінде  Тобанияз  бейнесін  сомдап,  одан  алынған  тергеу  сұрақтарымен  қатар, 
суретін  жариялап,  бұрын  ашылмаған  деректерге  сүйене  отырып  «Тобанияз»  кітабын  жазса,  С. 
Хайдарұлы  30-жылдарғы  Маңғыстау  зұлматы  туралы  Адай  уезі  ревкомының  төрағасы,  қазақ  дала 
өлкесінің  төтенше  комиссарының  орынбасары  Тобанияз  Әлниязов,  түбектің  алғашқы  зиялы  буын 
өкілдері Оразмағанбет Тұрмағанбетов, Алшын Мендалиев, Байбоз Қилыбаев, бұрыңғы Гурьев округтік, 
өлкелік  партия  комитеттерінің  хатшысы  Х.  Акботиндердің  жеке  бастарының  қудалануымен  қатар 
жанұяларының  көрген  қиындықтарын  «Қанды  асу»  еңбегінде  жариялап,  М.Омаров  «Расстрелянная 
степь.  История  Адаевского  восстания  1931  года.  По  материялам  ОГПУ»  кітабында  аталған  адай 

 
146
көтерілісінің шығу себептері, барысы, саяси жетекшілері мен жеке тұлғаларын нақтыласа, келесі осы 
автордың  І.  Сариевпен  бірлесе  отырып  шығарған  «Ойрандалған  Адай  даласы»  еңбегінде  Адай 
уезіндегі  халық  көтерілісін  жан-жақты  қосымша  деректерге  сілтеме  жасай  отырып,  алғашқы 
жинақтағы оқиға легін логикалық тұрғыдан қазақ тілінде жалғастырған /15/. 
Келесі  ізденіс  жұмысының  авторы  Ғ.  Теміртасовтың  «Маңғыстау  мирасы»  кітабында  Кеңес 
жылдарындағы  Адай  уезі  және  Адай  округі  халқының  өмірі,  заман  ағымына  қарай  сол  өңір  партия 
ұйымының  (1920-1927  және  1927-1929  жж.)  жұмыстары,  Маңғыстауда  кеңес  өкіметін  нығайту, 
экономика және әлеуметтік саладағы бағыт-бағдар т.б. мәселелер төңірегінде сөз болады. Жоғарыда 
аталған  авторлардың  еңбектері  Маңғыстау  тарихының  ақтаңдақ  кезеңдерін,  саяси  оқиға  барысын 
публицистикалық тұрғыдан журналистік стиль сипатында баяндағандарына қармастан, өлке тарихына 
қатысты құнды еңбектер қатарын толықтыра түскен. 
Аймақтық  деңгей  тұрғысынан  қарастырлан  соңғы  ғылыми  зерттеудің  авторы  ғалым  Б.К. 
Кузутбаеваның  «Социально-экономическое  развитие  города  Актау»  1959-2000  гг.  ізденісінде  Ақтау 
қаласының  өмір  тіршілігі  түбектегі  урбанизация  үрдісі,  қала  халқының  еңбек  бөлінісі  т.б.  мәселелер 
бүгінгі  күн  талабына  сай  қарастырылған.  Бұдан  басқа  аймақтық  медицинаның  дамуына  арналған  Е. 
Мұқантаевтың  «История  развития  медицины  Мангышлака»,  Б.  Нұрдәулетованың  «ХVІІІ-ХІХ 
ғасырлардағы  Маңғыстау  ақын-жырауларының  тілдік  ерекшеліктері»  (Алматы:  «Үш  қиян».,  2003), 
және «Маңғыстау» ( Алматы: Атамұра., 1997) энциклопедия басылымын атап өтуге болады. 
ХХІ  ғасырдағы  Маңғыстау  тарихының  тарихнамасында  өзіндік  қолтаңба  қалдырып,  жаңа  бағыт 
қалыптастырған дала ғалымы, ізденістері тек түбек тарихына ғана емес, хәм қазақ халқының өткеніне 
тікелей  байланысты  кешегі  мен  бүгінді  өзіндік  жеке  философиялық  ерекше  көзқарасымен  көрсетіп, 
Маңғыстау  тарихын  әлемдік  өркениетпен  мифтік-аңыз  арқылы  ұштастырған  зерттеуші  С.  Қондыбай 
еңбектері  болып  табылады.  С.  Қондыбай  тарих,  этногенез,  жағрафия,  лингвистика,  мифология 
салаларында  керемет  алға  ұмтылыс  жасап,  бірнеше  ғылыми  саланы:  мифтік-аңыздық,  тарихи, 
археологиялық, жағрафиялық, біртұтас үндестікте логикалық жүйе негізінде біріктіре отырып күрделі 
еңбек  жинақтары:  4-томдық  «Арғықазақ  мифологиясы»,  «Гиперборея:  түс  көрген  заман  шежіресі», 
«Қазақ  мифологиясына  кіріспе»,  «Есен-қазақ»,  «Эстетика  ландшафтов  Мангистау»,  «Маңғыстау-
нама»,  «Маңғыстау  географиясы»,  «Маңғыстау  мен  Үстірттің  киелі  орындары»,  «Қазақ  даласы  және 
герман тәңірлері» зерттеулерін жариялады. Ізденуші бүкіл әлем халықтарының ортақ тарихына бүгінгі 
күнге  дейін  енбеген  дей-дейтүркілік  (ежелден  де көне) өркениет  болғандығын,  ол туралы  арғықазақ 
аңыздарының ақиқаттығын дәлелдейтін біртұтас мифтік жүйе бар екендігін дәлелдеп, адамзатқа ортақ 
әлемтану  іргетасын  қалап  берді.  Өзіндік  қайталанбас  еңбектерінде  Маңғыстаудың  мың  жылдық 
тарихын  басқа  жолмен  зерттеуге  ұмтылған  ізденуші  С.  Қондыбай  Маңғыстаудың  өткеніне  саяхатты 
тарихпен  мифологияны  байланыстыра  қарап,  өлке  дамуын  дайлар  заманынан  бастап,  Хазар 
қағандығы,  оғыздар,  қыпшақтар,  есен-қазақтар  немесе  айрақтылар  дәуірі,  ноғайлар,  қалмақтар, 
адайлар  дәуірі  деп  орта  ғасырлық  медивистика  заманының  тарихын  табиғи-аңыздық  таным 
тұрғысынан дәлелдейді. 
Сонымен  сөзімізді  қорытындылай  келе  бүгінгі  күнгі  отандық  тарихта  өзіндік  даралығын  сақтап 
отырған  аймақтық  зерттеудегі  Маңғыстау  өңіріне  қатысты  зерттеу  жұмыстарын  тарихи  дамудың  әр 
қырынан қарастырып, талданған ғылыми еңбектерді зерделедік. Маңғыстау тарихына қатысты қанша 
еңбек  жазылса  да  бүгінгі  күнге  дейін  15-18  ғасырлар  аралығындағы  ешбір  мемлекетке  бағынбаған 
Маңғыстау даласының саяси тарихы, Үстірт пен Маңғыстаудағы ноғай жаугершілік кезеңі, Аюке ханнан 
бастап Убаши бастаған торғауыт қалмақтары дәуіріндегі өлкенің саяси-экономикалық үрдісі, 1928-1933 
жж.  ашаршылық  қорытындысы  жаппай  халықтық  миграция,  шетелдік  эмиграцияға  ұшыраған 
Маңғыстау қазақтарының тарихы, оның ішінде жылдар бойы өзіндік мәдени ортасын қалыптастырған 
Түркменстан  қазақтары,  Балқан  уәләйатын  (бұрынға  Красноводск  Э.А.)  қоныстанған  қазақ 
диаспорасы,  Түркия  мен  Иранда  тұрақтанған  адайлардың  әлеуметтік-экономикалық  өмірі, 
шаруашылығы  өз  мәдени  ортасын  сақтауы  тағы  да  басқа  мәселе  аспектілері  төңірегінде,  1992-2007 
жж. жақын шет жерлік және алыс жет жерлік қазақтардың өз жеріне оралуы, түбекке соңғы жылдары 
үдере  көшіп  келіп  жатқан  қазақтардың  түркмен,  иран,  өзбек,  қарақалпақ  дәстүрлі  мәдениетінің 
бөлшегін  енгізу  ерекшелігі,  ирреденттер  мәселесі  тағы  да  басқа  сұрақтар  тарих  бетінде  нақты 
қарастырылып, әлі күнге дейін өз бағасын алған жоқ. 
  
 
  

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал