№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет18/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

Литература: 
1.  Естемесов  А.З.  Оптимизация  методики  обучения  рукопашному  бою  в  учебных  заведениях 
правоохранительных органов. Алматы, 2006 г. 
2. М.Майкеев Наставления по физической подготовки на уроках. НВП. Астана, 1998 г. 
3.  Маряшин  Ю.Е.  Рукопашный  бой.  Программа  для  спортивных  секции  коллективов  физической 
культуры общества. «Динамо» .Москва, 1986 г. 
4. Искаков Б.Наставления по физподготовке личного состава органов внутренних дел РК. 
5. Логовский П.М., Перников С.Н. Армейский рукопашный бой. Москва 2003г. 
6. Барановский В., Кумырев Ю. Айкидо и каратэ. ОНИЦ. Здоровье народа. Москва, 1993 г. 
 
Түйіндеме 
 
Зерттеудің  обьектісі  –  құқық  қорғау  органдарының  жоғары  оқу  орындарында  білім 
лаушылардың  бойынша  кәсіби  –  қолданбалы  ептілік  пен  дағдыны  қалыптастырудағы  оқыту  – 
тәрбиелеу процесі және денені дамытудың әдістемесі. 
 
Қоян  –  қолтық  айқас  шабуылға  шығуға  немесе  қорғануға  қолданылатын  тиісді  жекпе  –  жек 
түрі.  Айқастың  бұл  түрі  мемлекетті  қорғау  істерін  ұйымдастыру  мақсатында  ішкі  істер 
қызметкерлерімен  әскери  адамдардан  жалпыфизикалық  және  психологиялық  дайындықты  қажет 
етеді. 
Summary 
The  object  of  the  research  is  the  educational  process  of  professional  –  applied  abilities  and  skills 
formation  and  the  methodology  of  physical  abilities  development of  the  students  at  the  institutions  of  the 
higher  education  of  law  enforcement  bodies.  This  research  pursues  the  goal  –  to  optimize  the  training 
methodology  of  hand  –  to  –  hand  fighting  in  the  institutions  of  higher  education  of  the  law  enforcement 
system.  
 
 
ӘОК 821. 512. 122. 092 
 
К.АХМЕТОВА МЕН Г.САЛЫҚБАЕВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГ 
 
А.Н. Даулетова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
  
Қазіргі  қазақ  поэзиясында  өзіндік  орны  бар  Күләш  Ахметова  мен  Гүлнар  Салықбаева  замана 
шындығын өлең өрімінде соны тақырып, өзгеше стиль, айшықты тіл бедерімен ғана танытып қоймай, 
жаңаша мазмұн толымдығымен де көзге түсіп, өз дәуірінің оқиғалары жайлы ой толғайды. 
К.Ахметова  мен  Г.Салықбаева  әдебиетке  әр  кезеңде  келгені  белгілі.  60  жылдардың  аяғында 
тұңғыш шығармалары жарық көрген Күләш Ахметова кеңес үкіметі идеологиясының әдебиетке, өнерге 
ықпалы  күшейіп  тұрған  тұсында  әдебиет  есігін  ашқан  еді.  Ал  Гүлнар  Салықбаева  поэзияға  80  – 
жылдардың соңында, қазақ қоғамы үшін қатерлі өткел, жаңа бетбұрыс кезеңінің тұсында келді.  
К.Ахметованың  тұңғыш  шығармалар  жинағы  1975  жылы  «Ақ  гүлім  менің»  деген  атпен,  ал 
Г.Салықбаеваның  алғашқы  өлеңдер  жинағы  «Бір  жұтым  ауа  қызыл  күн»  деген  атпен  1990  жылы 
жарық көрген болатын. Г.Салықбаеваның 1990 жылы «Жан» деген екінші өлеңдер жинағы, 2001 жылы 
«Отырар  кітапханасы»  сериясымен  «Аспандағы  аңсарым»  атты  таңдамалы  шығармалар  жинағы 
жарияланды.  К.Ахметованың  «Сен  менің  бақытымсың»  (1977),  «Жапырақ  –  жаздың  жүрегі»,  «Жаз» 
(1979), «Махаббат жылы» (1980), «Мейірім» (1981) т.б. кітаптары жарық көрген болатын.  
 
Қазақ  өлеңі  бастан  –  ақ  тұтас  құйылғандай  бір  шумағын  екінші  шумағы  дамытып,  үшінші 
шумағы  одан  әрі  дамытып  отыратын  жанды  құбылыс.  Ақын  жырларының  композициясы  өлең 
мазмұнына,  айтпақ  ойына  қарай  әр  бағытта  өзгеріп  отыратынын  байқаймыз.  Бұл  заңды  да.  Белгілі 

 
110
әдебиетші  Б.  Сахариев  «Бір  жанрдың  ішінде  бірдей  өлшеп  пішілген,  қалыпқа  құйылып  қатып  қалған 
композиция  болмайды.  Ол  өлеңнің  бірде  қысқа,  бірде  ұзарып  барып  аяқталуына,  айтылу,  баяндау 
формасының  әр түрлілігіне  байланысты  үнемі  өзгеріп отырады.  Композицияның  ең  қарапайым түрі – 
монолог» [1.121] - дейді. Поэзиялық туындыларда ақын образының көріну қалпы түрлі көркемдік әдіс-
тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады.  Лириканың  өзі  ақынның  сезім-толғанысына  құрылғандықтан  ішкі 
монолог ең бірінші лирикаға тән. Әдебиеттану терминдер сөздігінде: «Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі 
ойы, өзіне - өзі қарата айтылған арнауы. Көңіл – күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын 
көркемдік  құралдың  бір  түрі»  -  [2.371]  деп  анықтама  берілген.  Л.Я.Гинзбург  ішкі  монологты  автор 
санасын ашудың бір тәсілі ретінде қарастырған. 
 
Лирикадағы  ішкі  монолог  қайдан  туындайды?  Кейіпкер  пішіміндегі  автордан  ба,  әлде  автор 
пішіміндегі кейіпкерден бе? Бұл сауалға ғалым З.Қабдоловтың «Лириканың бас қаһарманы – ақынның 
өзі», - [3.310] деген сөзі жауап бола алады. Өйткені лирикалық кейіпкерге ақын өз басындағы сезім-
сырды,  толғанысты  көшіреді.  Басқа  сөзбен  айтсақ,  жанр  оқиғасында  ақынның  нақ  өзі  бейнеленіп, 
лирик ақын әдеби бейнеге айналып жүре береді. 
 
Л.Я.Гинзбург лирика жайлы еңбегінде: «Лирикалық поэзия ақынның өзі және өз сезімі жайлы 
тікелей айтылған шынайы әңгімесі», -[4.6] дейді. 
 
Лирикадағы ішкі монолог – ақынның шынайы да мөлдір жаны, ішкі тынысы, ішкі демнің дірілі. 
Ақын өз сырын оқырманына еш кібіртіктемей жайып салады. Тыңдаушысы да, құптаушысы да, сырлас 
–  мұңдасы  да  –  оқырманы.  Біз  өлең  жолдарын  оқи  отырып,  ақын  жанын,  мінезін  танимыз,  оның 
бейнесін көреміз. 
 
Ішкі сырын оқырманына жайып салу, оқырманына ақтарыла сырласу К.Ахметова поэзиясында 
жиі кездесетін құбылыс.  
 Әуенге де қуаныш, 
 бояуға да. 
 Шаттыққа да ортақпын, 
 қаяуға да, 
 Дайынмын мен ашылып, 
 Сырласуға, 
 Жыласуға да, 
 Жыласа, аяуға да [5.213]. 
Ішкі монологтан ақынның жан дауысы естіледі. Өмір, жазмыш жүйелерін өзінше сезініп, өз дауысымен 
жүрегіне дауа іздеп, жыр әлемінің жыртысын жыртып, өлең өлкесінен өз орнын табады. 
Ал, Г.Салықбаеваның ішкі монолоққа құрылған өлеңдерінің сезім иірімдері мол: 
 Жазықсызға көп екен жаза мұнда, 
 Азаймайды ақсұрлау азабым да. 
 Өлең жазып өле алмай жүр деймісің, 
 Ауырған соң жүрегім... 
 Жазамын да [6.86]. 
немесе: 
 Кеудесі кең, келемежі көбірек, 
 Тереңіне тартып кетті төңірек, 
 Бұл әлемге жылап келген едім мен, 
 Жыр әлемге еніп кеттіп еңіреп... [6.89] 
Ақын  бұл  өмірде  жазықсыздардың  көп  жазаланатынын  ашына  айтып,  қалам  ұстап  ақын 
болуының  себебі  сол  жазықсыздардың  шеккен  жапасын  көріп,  қасіреттің  жүрегін  сыздатқанынан 
дейді. «Ауырған соң жүрегім....» деген тармақтың соңында келетін көп нүкте, көп ойларға жетелейді. 
Ақынның нәзік жүрегін ауыртқан жайлар ақынға ашына тіл қатуға мәжбүр етеді. Расында ақын жүйкесі 
неге жұқа? Жүрегі неліктен сезімтал? Ол – ақын жаны тоғышарлықтан сау деген сөз. Адамзат тағдыры 
үшін жаны ауырады. Шындық үшін күйінеді. Әділдікті айта – айта шаршайды. 
 
Адам жанын тамыршыдай тап басатын ішкі монологқа құрылған өлеңдердің қай – қайсысы да 
өзіне бірден баурап әкетеді. Өйткені бұл ақынның жан айқайы, оқырманына өз көңіл – күйін, қуаныш – 
қайғысын жеткізуі. 
 
Монолог – лирикалық «мен» - нің өрісін өлшеусіз кеңейтетін тәсіл. Жанды, жансыз атаулының 
кез  –  келгеніне  тіл  бітіруге  болатын  қолайлығын  да  бағамдайсыз.  Мәселен,  К.Ахметованың 
«Балкондағы  гүл  мұңы»  атты  өлеңінде  даланың  таза  ауасын,  кеңдігін  аңсаған  гүлдің  монологы 
беріледі: 
  
 Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін, 
 Қалайша өзіме - өзім күш бермейін? 
 Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон, 

 
111
 Күннің нұры түседі түстен кейін. 
 
 Айтылмайды әңгімем желге менің, 
 Жапырағым жетпеді жерге менің. 
 Жағадағы қайықтай балкондарда, 
 Жалғыздықтан қалтырап, тербелемін. 
 
 О, адамдар! 
 Сәулесін бетіме Күн 
 Түсірмейді, 
 Солды енді от реңім. 
 Ұрығымды жиып ап осы күзде 
 Кең далаға шашыңдар, 
 Өтінемін! [5,56] 
Балкондағы  гүл  қаланың  шаң  -  тозаң  ауасына  тұншыққан  кең  далада  самал  желді  аңсаған 
ақынның  өзі  емес  пе?  Қала  өмірі  кең  жайлау  сахарада  өскен  қазақтың  дариядай  кең  пейілін  де 
тарылтпады  ма?  Күннің нұрын  көрмей  өскен  балкондағы  гүл  далада  асыр  салып  ойнай алмай, өскен 
бала сияқты. Ақын гүл монологы арқылы өзінің ішкі ойын, арманын білдіреді. Бұл орайда өрнекті өлең 
өріміндегі  автор  бейнесі  де  айқын  аңғарылады.  Міне  бұл  ішкі  монологтың  ақын  жырларында  көрініс 
табуы. Ішкі монологтың ақын өлеңіндегі атқарып тұрған ролі. 
 
Гүлнардың мына өлеңін талдап көрелік: 
 Көп ұзамай өмірден өтер ме екем – 
 Тіршіліктен тұз да кем, шекер де кем?.... 
 Түбсіз ойым түбіме жетер ме екен, 
 Әлде осының бәрі де бекер ме екен? 
  
 Көп ұзамай мен дағы өлер ме екем? 
 Қол ұстаған күректер көмер ме екен? 
 Әке - өмірден (жездедей жақсылығы) 
 Ана жерге алаңсыз енер ме екем [7.51]. 
 
Ақын жанды тұмшалаған ауыр ойдан осылай арылғысы келеді. Жанның жалғыссырауы өлімді 
аңсатып,  ақын  ішкі  монолог  арқылы  өлеңге  сыр  төгеді.  «Мені  де  өлім  әлдиле»  деген  Мағжанның 
сарыны бүгінгі поэзияда Гүлнар Салықбаева жырларынан естіледі. Неге ақын жалындаған жас кезінде 
өмірден өткісі келеді?! Тіршіліктің дәмі тұздай ащы ма, әлде шекердей тәтті ме деп ойға қалады. Ешбір 
адам  баласы  қимайтын  өмірді  жақсылығы  жездедей  әкеге  теңейді.  Алайда  осы  өмірді  сыйлайтын 
анамен  бірге  қымбатты  әкең  де  емес  пе?  Өмірдің  жалғандығын  түсінген  ақынды  түпсіз  ойлар 
мазалайды.  Бұл  өлең  жолдарынан  жалған  дүниеден  жабыққан  ақын  жанын  көреміз.Ішкі  монолог 
арқылы жан айқайын естиміз. 
 
Г.Салықбаеваның өлеңдердің басым көпшілігі монологқа құрылады. 
 Тырс етіп тамған төсіне қыстың, 
 Тамшыдан қалды мұз қатып, 
 Есіме менің несіне түстің, 
 Бітеу жараны сыздатып, - [7,50] 
деп  жырлайды  ақын  Гүлнар.  Бұл  өлеңнен  монологқа  тән  қасиеттің  бірі  айтар  ойдың  бір  обьектіге 
арналып айтылатынын байқаймыз. Сөйтіп келіп өлең архитектурасын екі үш қана компонент құрайды. 
Яғни бір логикалық жүйемен өрбіген ой жырдың аяғына дейін сол арнада дамып отырады. 
Г.Салықбаева  мен  К.Ахметованың  өлеңдерінен  рухани  жан  –  дүниесінің  ақынға  тән 
қолтаңбасының  ерекшелігін  байқаймыз.  Оның  поэзиясы  көңіл  пернелерін  сан  алуан  сазға  бөлеп, 
тебіреніске, жан арпалысына толы күй кештіріп жүрекке төте жол табады. 
К.Ахметова  мен  Г.Салықбаева  жырларындағы  лирикалық  кейіпкерлерінің  ой  –  тебіреністері 
ішкі монолог түрінде келетіндігіне көз жеткіздік. 
К.Ахметова  мен  Г.Салықбаева  жырларын  оқи  отырып,  екі  ақынның  да  ешбір  ақынға 
ұқсамайтын  өз  үнін,  стилін  танимыз,  өзі  ғана  айта  алатын  ойларды  оқимыз.  Поэзия  тек  сөзден 
құралады деуге болмайды. Поэзия ақыннан еліне, жеріне адалдықты, сан қырлы өнер иірімдерін талап 
етеді. Бұл талаптар К.Ахметова мен Г.Салықбаева поэзиясында толығымен өз жауабын тапқан.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. 
Сахариев Б. Қазақтың тұрмыс – салт жырларының типологиясы. Алматы: Ғылым, 1983. – 121 
2. 
Әдебиеттану терминдер сөздігі. Құрастырған: Ахметов З., Шаңбаев Т. – Алматы: Ана тілі 
3. 
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ Университеті, 1992. – 350 б. 

 
112
4. 
Гинзбург Л.Я О лирике. – Москва: Интрада, 1997. – 414 стр. 
5. 
Ахметова К. Күн шыққанда күліп оян. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 302  
6. 
Салықбаева Г. Жан. Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1995. – 128 б. 
7. 
Салықбаева Г. Бір жұтым ауа, қызыл күн. Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1990. – 121 б. 
 
Резюме  
 В  статье  внимание  уделяется  внутреннему  монологу,  который  используется  в  поэзии 
К.Ахметовой и Г.Салыкбаевой. 
 
Summary  
Ental monologue in K.Akhmetova’s and G.Salikbayeva’s poetry. 
  
 
ӘОК 070.421.1 
ГАЗЕТТІК МЕНЕДЖЕР 
 
Асқынбай Д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы 
 
Кез-келген  ұйымның  жетістігі  неге  байланысты?  Басқарып  отырған  басшының  іскерлігіне  ме, 
табандылығына  ма,  әлде  кәсіпқойлығына  ма?  Өз  алдына  бөлек-бөлек  бір  араға  ұйымдаса  білмейтін 
топты эфективті түрде, бір мүддеге жұмыс істеуге шақыра отырып бағыттау - білікті басқаруды талап 
етеді.  
Елімізге  келіп  жеткен  «нарық  заманы»  басқару  жүйесіне  де  өзіндік  біршама  өзгерістер  әкелді. 
Қоғамызда  менеджерлерге  сұраныс  көбейе  түсті.  Басқару  немесе  менеджмент  өз  алдына  үлкен 
мамандыққа айналып, адамзат баласы осы бағытты танып білуге құлшына кірісті. 
1993-1994  жылдары  біршама  газеттер  жабылып,  кейбір  арналар  тоқырауға  ұшырады.  Бұрын 
ақпарат құралдары мемлекет тарапынан қаржыландырылып келсе, енді өзін-өзі асырау керек болды. 
Осы  орайда  менеджмент  саласын  игеру  керектігін  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  барлығы  біле 
қойған  жоқ.  Деседе  менеджмент  пен  маркетингтің  бүгінгі  БАҚ-  қа  нағыз  керек  дүние  екенін 
түсінгендер ғана жаңа саланы тез арада үйреніп алып, жекеменшік жұмыстарын алға домалатып ала 
жөнелді.  Бір  қуанатын  жайт  елімізде  газет-журнал  арасында  осы  бағытта  алға  іргерілушілік  кеңінен 
байқалады. Айталық «Жұлдыздар отбасы» республикалық жастар, «Сезон» әйелдер, «Мөлдір бұлақ» 
балалар  журналдары  соның  бір  айғағы.  Бұл  газеттердің  редакторлары  редакцияны  заман  талабына 
сай дұрыс басқара білудің арқасында, өз басылымдарының тиражын көбейтіп отыр. 
Сонымен  БАҚ-ң  менеджменті  дегеніміз  не?  Бұл  принцип  пен  әдістің  жиынтығы,  газет 
нөмірлерін  шығарудың  формасын  дайындау,  пайда  түсіру  мақсатында  телерадиобағдарламаларды 
әзірлеу  және  бұқаралық  аудиторияның  сұранысын  қанағаттандыру,  БАҚ  коллективінің  өндірістік 
тәжірибедегі адамдар арасындағы қарым қатынасын басқару ғылымы. 
Менеджменттің  бірінші  функциясы қаржылық;  қомақты шығынды  шығарып  қана  қоймай,  кіріс 
көзін  қарастыру,  қаржылық  жұмысты  дұрыс  жүргізе  білу,  телерадиокомпания  мен  баспаның 
экономикасын нақты жоспарлау. 
Екінші  функциясы  мазмұндық;  журналист  дайындаған  өнімінің  жоғары  сапалы  болуын 
қадағалау,  әртүрлі  қызықты  жанрдағы  формада  әзірлеу,  сонымен  қатар,  өнім  ақпарат  сұранысты 
бағаға тұрарлық болуы керек. 
Үшінші  функциясы  маркетингтік;  ақпарат  нарығы  заманында  өнімді  сату  қабілеттілігі,  яғни 
оперативті  түрде  аудитория  сұранысын  қанағаттандыру  және  хабарлама,  жарнамалардың  берілу 
формасы мен мазмұнын ауыстыру қажет. 
Төртінші  кадрлық;  бұл  «паблик  рилейшнс»,  БАҚ  қызметкерлерінің  әлеуметтік  және  кәсіби 
ортадағы  мінез-құлығы.  «Паблик  рилейшнзтің»  сыртқы  ортасы  -  қоғамдық  көзге  баспа, 
телерадиокомпанияның имиджін құру және демеу, әрине қажет. Бірақ ең маңыздысы, ішкі ахуалдың - 
редакциялық  гармония,  еңбекте  қызметкерлер  арасында  түсінбеушіліктің  болмауы.  Персоналды 
басқару, оның мотивизациясы, журналистердің шығармашылығы мен қабілеттілігін арттыру - бұл тек 
редакция басшылығының ғана емес, менеджердің де тікелей міндеті. Редакциялық менеджмент - көп 
деңгейлі:  бөлім  редакторлары  мен  шығармашылық  топтың  басшыларынан  басқа  менеджерлерге 
қатардағы  журналистерді  де  қосуға  болады.  Себебі  тілшілік  жұмыспен  қатар  олар  ұйымдастырады: 
авторлармен  байланысады,  келесі  мақаланың  кейіпкерімен  және  бұқаралық  аудиториямен  тілдеседі, 
кезекті  нөмірге  кезекші  бола  тұра  планеркада  анализ  жасаумен  қатар,  сол  нөмірді  басқарады. 
Телевидение мен радио журналистері туралы да осылай айтуға негіз бар. 

 
113
Қазақстан  университеттерінің  журналистика  факультеттерінде  журналист-менеджерлерді 
мамандық  ретінде  әлі  оқыта  қойған  жоқ.  Бірақ  лауазымды  оқытушылар  осы  саланы  өз  беттерінше 
ізденіп, пән барысында оқыған-тоқығандарын студенттермен бөлісуде.  
Шетелде менеджерлері мықты болған БАҚ-тың қоғамда алар орны ерекше. Халық сол арнаның 
бағдарламаларын тамашалап, таңертеңгісін  «бізге керек  дүниені осы  газет жазады»-деп  «Нью  -Йорк 
Таймс», «Вашингтон пост» сынды газеттерді сатып алады. 
  
Еуропа  елдерінде  менеджерлер  редакциялық  қызметті  маманданған  түрде  басқарады,  ұжым 
ішінде  қарым-қатынасты  қалыпты  түрде  сақтап,  әдіс  тәсілдермен  басқаруды  ойластырады.  Әсіресе 
әлеуметтік,  психология  және  газет,  телерадио  саласын  жетік  меңгеруі  тиіс.  Шетелдегі  менеджер 
нарықтық қатынаста тез әрі дұрыс шешім тауып, бағалауы қажет.  
Біздің елге  келетін  болсақ,  менеджер  міндетін  кейбір  газеттерде  бас  редактор  атқарып  отыр. 
Әрине  менеджерлікті  арнайы  оқымағандықтан,  олардың  газет  басқаруын  жүз  пайызға  бағала 
алмаймыз,  қате  тұстары  кездеседі.  Сондықтан  бүгінгі  менеджер-редактор  мыналарды  істей  алуы 
керек. 

басылым,  газет  нөмірін  жоспарлап  және  ұйымдастыра  білуі  тиіс,  оған  қоса  шығынсыз  әрі  кіріс 
әкелетіндей болуы қажет; 

заманға сай редакциялық ұжымды басқара білу, көшбасшы болу; 

редакция қызметкерлерін шығармашылық еңбекте бағалап, ынталандыру; 

өзінің ұстанымына тәуелсіз объективті болу; 

келіспеушілік бола қалған жағдайдан шығу жолдарын білу; 

қызметкерлерді таңдай білу; 

іскер келіссөздер жүргізу; 
Осы  аталмыш  критериилерді  ұстанған  газет  редакторының  басылымы  оқырманның  жүрегіне  жол 
тауып, газет тиражының шарықтау шегіне жететіні сөзсіз. 
Журналистика  саласының  майталманы  В.В.Ворошилов  өзінің  жалпы  курсқа  арналған 
«Журналистика» атты кітабында газеттік менеджерге мынадай сипаттама берген: «газеттік менеджер 
– ол редакциялық ұжымның жетекшісі ретінде танылады, оның шығармашылық жұмысын айтқанда, ол 
кәсіпкер, әрі бизнесмен де бола алады». 
Өз  ісінде  әрі журналист,  әрі  бизнесмен  бола  білген,  әлемге  аты  әйгілі  ірі магнаттар  –  Уильям 
Херст,  Руперт  Мэрдок  журналистика  менеджментін  бес  саусақтай  білген,  нағыз  майталман 
басқарушы-менеджерлер.  Олар  қол  астындағы  газеттерінің  әрбір  нөмірін  тек  халыққа  арнап 
шығаруды, оқырманды қалай тартуды білді. Газетке не жетіспейтінін де бірден аңғарып отырды. 
Уильям Херст 1891жылы арзан газеттердің бірі «Джорнэлді» сатып алып, «қайтсем де осы журналдың 
оқырманын  көбейтем»-деген  ұстанымын  араға  көп  уақыт  салмай  орындады.  Газеттің  әр  санын 
шығарудағы шығынға да шыдап бақты. Оқырманды тарту үшін, газет атынан елге тамақ беріп тұрды. 
Херст Нью-Йорктің алдыңғы қатардағы қаламы жүйрік, іздемпаз журналистерді қасына жинап, мықты 
ұжым  қалыптастырды.  Міне  тұла  бойында  осындай  басқару  қабілеті  бар  басқарушы  У.Херст 
империясының  қарамағында  1935  жылы  26  күнделікті  газет,  17  жексенбілік  газет,  13  журнал, 
«Интернэшнл ньюс сервис» ақпарат агенттігі, 2 кино шығару өндірісі болды. Егерде Херст өз жұмысын 
жақсы  білмесе,  қарамағындағы  қызметкерлерді  дұрыс  басқармаса,  оқырман  аудиториясын  терең 
зерттемесе мұндай жетістікке жетпес еді. 
Жалпы  менеджменттің  өзі  әлі  толық  зерттелмеген  ғылым.  Сондықтан  оны  біз  оқып  үйренбедік,  ол 
бізге  жат  нәрсе  демей,  қайта  сол  білмейтінімізді  өзімізше  үйреніп,  сезінуіміз  қажет.  Жазу-сызуды 
білмеген, кітап оқымаған ата-бабаларымыздың өзі басқару, меңгеру, иелік, жекеменшік ету жайында 
мынадай  ойлар  айтқан:»Басшы  соқыр  болса,  қасындағылардың  бәрін  құлатады;  Күшпен  емес, 
ақылмен  билеген  жеңеді;  Көп  білген  емес,  ең  керектісін  білген  адам  ақылды;  Үнемдей  білген  – 
түгендей  біледі;  Өзің  көтере  алмайтын  шоқпарды  беліңе  байлама».  Осындай  афоризмдердің 
мағынасын терең түсінген адам, нағыз басқарушы.  
«Газет халықтың hәм көзі, hәм тілі»-деп ағартушы А.Байтұрсынов айтып кеткендей, менеджер 
бола білген редактордың бүгінгі заманға сай, халыққа керек газетті де жасап, редакциялық ұжымды 
да дұрыс басқаратындығы сөзсіз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Журналистика.  В.В.Ворошилов,  Учебник  5-издание.  Издательство  Михайлова  В.А.  Санкт-
Петербург 2004 
2.  Газета и рынок: как добиться успеха. С.М.Гуревич. Пособие для журналистов, Москва 1998 
3.  Шетел  журналистикасының  тарихы.  Айгүл  Рамазан.  Оқу  құралы,  Алматы,  «Қазақ  университеті» 
2006 

 
114
Түйіндеме  
Менеджмент  СМИ  представляет  собой  набор  принципов  и  методов,  готовить  форм  выпуска 
номеров  газеты,  приготавливать  телерадиопрограмм,  с  целью  извлечь  прибыль  и  удовлетворять 
спрос  аудитории,  управлять  отношения  между  сотрудниками,  которые  вовлечены  в  производство 
работ средств массовой информации – все это касается одной этой большой науки. 
 
Summary  
Mass media management is a set of principles and methods, preparation of newspaper numbers issue 
form, preparation of TV and radio programs for having revenues and satisfying audience’s demand. It is a 
science of management on relations between media staff who are working in production. 
 
 
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ИНФОРМАТИКА  
КУРСЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ 
  
Ш.Қ.Мұхамбетова, ф.-м.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті 
 
Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  сапасын  көтеруге  мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпараттық 
технологияларды практика жүзінде пайдалану бағдарында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – 
информатика  пәні  соңғы  20  жыл  көлімінде  оқытылып  келеді. Оның жоғары  білім  жүйесіндегі  алатын 
орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық-
жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты 
мәселермен  анықталып  келеді.  Осыған  қоса  қазіргі  кезде  педогогикалық  ғылым  саласында  да  оның 
әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер 
болып жатыр. 
  Сондықтан,  жоғары  мектептегі  информатиканы  оқытудың  негізгі  міндеті  –ақпаратты 
түрлендіру,  тасымалдау  және  пайдалану  процестерін  меңгеру,  оқу  барысында  кейіннен  қызмет  ету 
саласында  да  өзін-өзі  көрсету,  дамыту  құралы  ретінде  компьютерлік  технологияларды  тиімді 
пайдалану  тәсілдерін  үйрету  болып  табылады.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  нәтижесінде  оқушылар 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  тәсілдерін  игеріп,  қазіргі  әлемнің  информациялық  бейнесін 
жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады. 
  Студенттердің  білімі  тереңдеп,  өрістері  кеңейген  сайын  олар  одан  кейінгі  еңбек  етуге  жақсы 
даярланып  шығатын  болады.  Бірақ  ақпараттық  технологиялардың  жедел  дамуына  орай  осы  пән 
көлімінің  тұрақты  түрде  ұлғайып  отыруына  және  оқыту  көлемінің  жетіспеуіне  байланысты  бұрынғы 
білім  беру  аясында  шешуге  болмайтын  мәселелер  туындап  келеді.  Осы  мәселе  оқытылатын  мәлімет 
көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз болып отыр. 
Бұл  қайшылықты  шешуге  мүмкіндік  беретін  бір  тәсіл-оқытуға  керекті  сағат  санын  арттырмай-ақ, 
күннен  күнге  ұлғайып  отырған  ақпарат  көлемін  игеруге  мүмкіндік  беретін 
жаңа  білім  беру 
технологияларын енгізу болып табылады. 
  Информатика  –  студент  қолына  ақпаратты  өңдеу,  сақтау  және  тасымалдау  құралын  беретін 
пән  болып  табылады.  Жоғары  мектеп  қабырғасында  оқытылатын  информациялық  технологиялар 
құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға мүмкіндік береді. 
  Қазіргі  уақытта  қалыптасқан  информатиканы  оқытудың  практикасы  төмендегідей  негізгі 
фактормен сипатталады. 
  Қазіргі  кезде  і  информатиканы  оқытуда  жеке  мәселелерді  оқыту  тереңдігі  мен  материалдың 
баяндалу  бағыты  және  мазмұңы  бойынша  бір  –  бірімен  едәуір  айырмашылығы  бар,  әр  түрлі  оқу 
құралдары  мен  оқу  бағдарламалары  пайдаланылады.  Тағы  бір  айтылатын  мәселе-  информатиканы 
оқытатын  оқытушылардың  да  мамандық  деңгейі  мен  базалық  білімі  әртүрлі.  Сондықтан  жоғары 
мектептегі  информатиканы  оқытудың  нақты  мазмұны  мен  бұл  пән  бойынша  оқушылардың 
дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше. Бұдан көптеген 
жоғары оқу орындарында сапалық білімдік мәні бар курстың маңызды мәселелері қалып қояды.  
  Осындай  өзгерістердің  бағытына  сәйкес  информатиканы  оқытудың  мақсаты,  оның  мазмұнын 
қайта  қарауды  талап  етеді.  Жоғары  мектепте  информатикадан  берілетін  білімнің  негізгі 
компоненттерін  бөлу  оқытушыларға  көмек  көрсетіп,  студенттердің  дайындығына  негізделетін, 
талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың мазмұнындағы сапалық білімдік мәні бар негізгі мәселелерді 
айқындауға мүмкіндік береді.  
  Информатика курсының педагогикалық функциясы: 
  Информатика  курсының  педагогикалық  функциясы  сапалы  білім  берудегі  негізгі  мәселелерін 
шешудегі білім аумағына үлес қосуын анықтайды: 
  Заманға сай ғылыми әлемдіккөзқарастың негізін құру; 

 
115
  Ойлау – қабілетінің дамуы; 
  студенттерді практикалық қызметке, еңбекке даярлау және білімді әры қарай жалғастыру. 
Информатика  курсының  педагогикалық  функциялары  өздігінен  іске  аспайды,  олар 
информатиканы  оқытудағы  арнайы  ұйымдасқан  жағдайларда  іске  асады.  Жоғарыдағы  мақсаттарды 
іске асыру үшін информатиканы оқытуда функциялар қатарын орындау қажет.  
1.  Білім  беру  функциясы.  Ол  білім  беру  үдерісінің  ұйымдастыруымен  сипатталады  және  адамды 
субьект  ретінде  қалыптасуын,  студентке  информатика  пәнін  және  оның  әдістерін  қарастырады. 
Қарастырылған  білім  функциясы  ұғымдарды  ерекшелеу  қажеттігін  нақтылайды,  яғни  ол  басқа 
ғылымдармен  қарым  қатынасын  жүзеге  асырайды.  Осының  негізі  сыртқы  ортаға  нақты  жүйе  көз 
қарасын құру, қолданбалы бағыттағы есептерді шешіп білуі болып табылады.  
Заманға  сай  информатика  –  студенттердің  интеллектуалды  және  әмбебапты  қабілеттіліктерін 
құруын  қамтамасыз  ететін  ғылыми  іргелі және  білім  пәні. Білім  үдерісінің мақсаты  тек  қана білім  алу 
емес,  сонымен  қатар  сол  білімді  практикада  қолдану және  студенттің  тұлғалық  ресурстарын  кеңейту 
мен дамытуы болып табылады.  
2. Дамыту функциясына студенттердің психикалық таным үдерістерін құру және адам қасиеттері, 
яғни  назар  аударушылық,  ойлау  қабілеті,  белсенді  таным  сияқты  қасиеттерін  құруын 
қорытындыланады.  Дамыту  білім  функциясына  жалпы  білім  беру  әдістері  мен  логикалық  ойлау 
қабілеті (анализ, синтез, жалпылық, т.б) жатады. 
Білім  мен  дамыту  функциялары  информатиканы  оқытуда  әрбір  студентке  информатика 
ғылымының іргелі білімін береді. Сонымен қатар, ақпаратты қолдану мен жіберу туралы, ақпараттық 
технологияның дамуы туралы түсінік береді. Информатика аумағынан сапалы білім меңгеру студенттің 
жалпы ойлау қабілетінің , шығармашылық қабілеттің дамуына мүмкіндік береді.  
3.  Тәрбиелеу  функциясы.  Бұл  функцияның  маңызы  студенттерді  қобалжу,  әрекет  ету  және 
жетістік  құндылықтарына  тартумен  қорытындыланады  (В.А.  Петровский).  Біріншісі  ойлау  қабілетіне, 
түсіну, информатиканы жалпы адам мәдениетінің бір бөлігі ретінде қабылдауы, әлемдіккөзқарасының 
құрылуы  жатады.  Тәрбиелеу  функциясы  ойлау  қабілетінің  сапасын,  этикалық  –  моралді  және 
интеллектуалды компоненттердің құрылуын жүзеге асырады. Тәрбиелеу функциясына информатиканы 
оқытуда  қызығушылықты  тудыру,  оқу  қызметінің  тұрақты  дәлелін  дамытуы  жатыр.  Тәрбиелеу,  ол 
қойылған  стандарттарға  жету  емес,  адамның  шығармашылық  қабілетін  және  дұрыс  жолға  шығару 
болып табылады.  
Тәрбиелеу  функциясы  қоғам  дамуында  студентке  ақпараттық  технология  құралдарының  қуатты 
дүниетанымдық  әсер  етумен  қамтамасыз  етіледі.  Жоғары  мектептегі  информатика  курсы  студентінің 
ғылыми дүниетанымына зор үлесін қосады. Ол ақпарат, энергия және зат ретінде ақпарат ғылымның 
негізгі  ұғымдарының  құрылуымен  анықталады.  Сапалы  жаңа  деңгейде  информатиканы  оқуда  ойлау 
қабілетінің еңбек мәдениеті қалыптасады. Сонымен бірге, адамның маңызды мінезі қалыптасады, яғни 
өз жұмысын жоспарлауды білу, оны оңтайлы орындау және жоспарды нақты үдерістің орындалуымен 
қатыстыру болып табылады.  
4.  Кәсіби-бағдарлық  функция.  Профилді  оқыту  концепцияның  жүзеге  асыру  жағдайында  бұл 
кәсіби-бағдарлық функция алдыңғы қатарлардағы функцияларының бірі болып табылады.  
Көптеген  мамандықтардың  пәндерінде  информатика  кең  қолданылуда.  Жоғары  мектептегі 
математика, физика, химия және биология сияқты жалпы ғылымдар дәстүрлі пәндер болып табылады, 
олар  студенттерге  нақты  фундаменталді  білімін  береді.  Түрлі  пәндердің  арасындағы  өзара  қарым  – 
қатынасты информатиканың жалпы біріктіретін мінезін береді.  
5.  Эвристикалық  функция  студенттің  даму  қабілеті  үшін  оқу  үдерісінде  жағдай  жасауды 
қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  оқытушыларға  да  жағдай  жасайтын  орта  қажет.  Бұл  функцияға 
эвристикалық тәсілдер мен әдістерді меңгеру және оларды практикада қолдануы жатады.  
6.  Прогностикалық  функция  информатиканы  оқытуда  эвристкалық  және  дамыту  функцияларын 
күшейтуімен  қатысты,  өйткені  бұл  функциялар  студенттерді  фактілерді  ашу  үдерісіне,  әр  түрлі 
әдістермен  талдауға  қатыстырады.  Бұл  функция  жалпы  және  бөлек  бағыттардағы  информатика 
курсының даму болашағын болжап, программалық құралдар мен технологияларды да болжай алады.  
7. Эстетикалық функция. Информатика маңызды эстетикалық потенциалымен де сипатталады. Ол 
студенттерді  эстетикалық  тәрбиеге,  әдемілікке,  интегративті  курстарға,  яғни  Web-дизайн, 
компьютерлік анимация, дыбыс пен видео өңдеу, мультимедия құралдарын өңдеуге қатыстырады.  
8.  Тексеру  –  бағалау  функциясы  студенттердің  білімін  бағалау,  түзету,  бақылау  жасау 
қажеттігімен  қорытындыланады.  Информатиканы  оқыту  әдістемесі  оқу  материалдарын  меңгеру  үшін 
бақылаудың  жаңа  түрлерін  іздеуде.  Қазіргі  кезде  білімді  бағалап  бақылау  жасау  тестілеу  арқылы 
жүзеге асырылады.  
9.  Ақпараттық  функция.  Бұл  функция  үдерісінде  студенттер  ақпарат,  мағлұмат  алады,  мысалы, 
тарихпен,  ғалымдардың  өмірбаянымен,  ғалымдардың  пікірлерімен,  информатика  аумағындағы 
ашулармен таныс болады.  

 
116
10. Түзету функциясы ақпаратты түзету үшін қолданылады. Студент көп сыртқы ақпараттық орта 
көзінен  ақпаратты  алады.  Әр  түрлі  ақпараттық  көздерден  алынған  мәліметтер  мәні  мен  маңызы 
моралді,  эстетикалық  және  ғылыми,  яғни  көз  қарасыбойынша  бірмәнді  емес.  Нақты  жағдайды  біле 
отырып оқытушы информацияны түзетіп және студентке оны дұрыс бағалауға көмектесу керек.  
11. Интегралдайтын функция. Оның мәні білім жүйесін құруда, оқып жатқан ұғымдар, теориялар, 
әдістер  арасындағы  өзара  түсініктілік,  информатиканың  ғылымдағы,  адамзат  өміріндегі,  техникадағы 
рөлінің түсінігі жатыр.  
12.  Нормативтік  функция.  Әр  түрлі  пәндерді  оқытуда  алдыңғы  қатарлардағы  функцияларының 
бірі нормативтік функция болып табылады. Ол барлық оқыту түрлерін, яғни материалдың құрамы мен 
тізбектелуі, жоспарлау, оқыту пішіні мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.  
Педагогикалық  ғылым  әлі  күнге  дейін  дамуда.  Ал  білім  сапасын  дамыту  үшін  практикалық 
педагогтың білімі, бақылауы, ізденісі арқылы жүзеге асырылады.  
Педагогикадағы әдістеме мен технологияларға байланысты жаңалықтар жиі ашылып келе жатыр, 
сондықтан да осы үдерісте педагог мамандардың маңызы мен рөлі өте үлкен. Өйткен,і әр оқытушының 
білім сапасын көтеруге бағытталған өзінің оқыту әдістемесі болады және олардың барлығы әр түрлі.  
Ал  мұндағы информатика  курсына келетін болсақ, ол  терең және  күрделі  пән  болып табылады. 
Оны меңгеру мен оқыту базалық білім мен логикалық ойлау қабілетін қажет етеді. Қазіргі кезде білім 
сапасын  арттыруда  жаңа  ақпараттық  технологияны  оқытудың  негізгі  құралы  болғандықтан, 
информатика өте қажетті пән болып табылады және кең қолданылуда. 
Сонымен, информатика курсы жоғары мектептегі маңызды пән болғандықтан, оның сапалық білім 
бағдарындағы оқыту үдерісі педагогика мен оның педагогикалық функцияларға сүйенеді. 
 

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал