№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет12/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. 
Нұсқабаев О.Н. Мектеп-жас ұрпақты әлеуметтендіру институты – Алматы, 1997 ж. 152 б. 
2. 
Дүйсенбаев  А.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  10-сынып  оқушыларына  арналған 
«Отантану» арнайы курсының оқу бағдарламасы. – Ақтөбе, 2002. – 16 б. 
3. 
Казахские пословицы и поговорки. /Құрастырған және аударған М. Аққозин. – Алматы, 2000 ж. 
212б. 

 
73
4. 
Исабекова  А.О.  Оқыту  үрдісінде  патриоттық  тәрбие  беруді  оқыту  технологиясымен 
сабақтастыру.  /  Педагогикалық  кадрлар  дайындаудың  қазіргі  заманғы  өзекті  мәселелері.// 
Халықаралық ғылыми практикалық конференция .-Шымкент, 2008.-94-98бб. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  внедрения  патриотического  воспитания  в 
национальную систему образования и формирования у школьников патриотических чувств. 
 
Summary 
In  this  article  are  considered  the  problems  of  introducing  patriotic  education  in  national  system  and 
formation of patriotic properties. 
  
 
УДК 377. 031.4 +53 
 
ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ 
  
Г.И.Имашев, п.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры  
  
 Қазіргі таңда адамзаттың дамуындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуде 
білім  сапасының  жоғары  болуы  маңызды.  Білім  мен  ғылымның  жедел  дамуы  жаңа  технология 
жасақтауға,  тауар  өндірісінің  артуына  және  еліміздің  экономикасының  дамуына  өз  үлесін  қосары 
сөзсіз. Сонымен қатар қазіргі заманғы өндірісте ғылыми - техникалық прогрестің негізгі бағыттарының 
дамуы  және  еліміздің  жаңа  әлеуметтік  -  экономикалық  жағдайларға  сай  болуы  оқушылардың 
физиканы оқу процесі кезіндегі политехникалық білімдерін одан әрі жетілдіруді талап етеді[1]. 
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің даму концепциясы орта мектептегі оқыту әдісін 
инновациялық бағытта жүзеге асыруды көздеп отыр. Білім жүйесін жаңарту, соның ішінде физикалық 
білім  беру  жүйесін  дамыту,  ең  алдымен  әрбір  оқушының  жан  -  жақты  дамуына,  өзін  -  өзі  бағалай 
алатын саналы адам қалыптастыруға мүмкіндік туғызуға тиіс.  
Физиканы  оқытудың  концептуалдық  негізі  дегеніміз,  тек  қана  белгілі  бір  дәрежеде  білімі  бар 
адамды  қалыптастыру  емес,  сонымен  қатар  қазіргі  заманғы  техникамен  жұмыс  жасауға  икемді, 
технологиялық жетістіктерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады [2]. 
Адам баласы табиғаты жағынан өзінің әлеуметтік ортасының бір бөлігі болып саналады және ол 
сол  әлеуметтік  ортаның  талаптарына  жауап  береді.  Сондықтан  оқушыны  политехникалық  даярлау 
өмірмен,  техника  мен  өндірістің  жедел  дамуымен  байланысты  болуы  керек.  Бұның  бәрі 
политехникалық  білім  мен  біліктілікті  қалыптастыру  мәселесінің  әлеуметтік  негізін  құрайды.  Бұл 
мәселені шешу жалпы орта білімнің бір бөлігі болып табылатын политехникалық білім беру жүйесінің 
дамуына әсерін тигізеді [1].  
Қазіргі  кезде  политехникалық  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамытудың  күрделі  және  негізгі 
мәселелері қарастырылуда.  
Физиканы  оқыту  процесінде  политехникалық  білім  беру  ең  алдымен  өндірістің  мынадай 
салаларының физикалық негіздерімен таныстыру арқылы жүзеге асады: 
1)  энергетиканың (механикалық, жылулық, электрлік, ядролық, кванттық); 
2)  машина  құрылысының  (жылулық,  реактивті,  электр  қозғалтқыштары,  ядролық  реакторлар) 
және материалдар қасиеттерінің; 
3)  көлік  және  байланыстың  (  көлік  түрлері,  радио,  телеграф,  фототелеграфия,  телефон, 
радиолокация, гидроакустика және т.б.) 
4)  автоматика  және  электрониканың  (фотореле,  электроника  және  жартылай  өткізгіштік 
техника, есептеуіш құралдар, Жердің жасанды серіктеріндегі операцияларды радиобасқару, 
автоматтар және т.б.) 
Оқушыларды  өндірістің  ғылыми негіздерімен  таныстыра отырып,  физика пәнінің мұғалімі нақты 
мысалдар  арқылы  техника  мен  технологияның  дамуындағы  физиканың  алатын  орнын  көрсетеді. 
Оқушылардың  зертханаларда  құралдармен  жұмыс  жасауды  меңгеруі,  оларды  теориялық  білімдерін 
практикамен байланыстыра алуға дағдыландырады [3].  
Физика  ғылыми  -  техникалық  революцияда  алдыңғы  қатарлы  ғылымдарға  жатады.  Қазіргі 
замандағы  техникалық  жетістіктердің  елеулі  бөлігі  (жаңа  машиналар,  механизмдер,  жаңа 
материалдар,  құрылғылар)  физика  ғылымының  дамуымен  байланысты.  Осыған  орай  оқушыларды 
политехникалық даярлаудағы физиканың ролі артып отыр. 

 
74
Физиканың  жекелеген  тарауларын  оқыту  кезінде  оқушыларға  ғылыми  білімдерін  қолдана  білу 
мүмкіндіктерін  көрсету  қажет.  Физиканың  политехникалық  және  еңбек  даярлығымен  байланысы  үш 
аспектіде  қарастырылады:  оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдарын  қалыптастыру,  физиканы  терең 
меңгеру және еңбекке бейімдеу [3]. 
Қоғамымыздың  қазіргі  кездегі  даму  деңгейіне  сәйкес  оқушыларды  политехникалық  даярлау 
олардың  жан-жақты  дамуына  әсерін  тигізеді.  Сондықтан  мектептерде  политехникалық  оқытудың 
тиімді жолдары мен концептуалдық негізін анықтаудың маңызы зор [5]. 
 Тәжірибесі мол мұғалім политехникалық оқытуда оқушылардың өндірісте неғұрлым кең қолданылатын 
заңдылықтарды игеруіне назар аударады. Айталық, физика курсының салыстырмалылық теориясының 
элементтері,  молекулалық  –  кинетикалық және  электрондық теориялар,  кванттық  физика, жартылай 
өткізгіштер, спектроскопия, т.б. сияқты тарауларын тереңірек ұғыну арқылы политехникалық бағытты 
күшейтуге  болады.  Физиканың  осы  салаларының  дамуы  негізінде  қазіргі  кездегі  өндірістің  басты 
бағыттарын  құрайтын  радиоэлектроника,  ядролық  энергетика,  жартылай  өткізгіштік  техника, 
нанотехнология, автоматика және телемеханика қалыптасып, жаңа жетістіктерге жетуде [6]. 
 Орта  мектепте  физиканы  оқытудағы  политехникалық  бағыт  оқушылардың  ғылыми  -  техникалық 
прогрестің  ең  негізгі  даму  тенденциялары  жөнінде  толық  түсінік  алуы  үшін  жалпы  физика  курсы 
бойынша  алған  білімдерін  жинақтауды  талап  етеді.  Сонымен  қатар,  бұл  мәселені  шешуде 
политехникалық материалды дұрыс таңдаудың да маңызы зор. Оқыту материалын таңдаудың жалпы 
принципін  басшылыққа  ала  отырып,  оқытудың  мақсаты  мен  міндетін  қамтитын  дидактика  негізінде 
қалыптасқан политехникалық материалды таңдап алудың мынадай принциптерін ұсынуға болады: 
 1.  Оқу  материалының  мазмұны  зерттеліп  отырған  обьектінің  негізгі  қырларын  ашып  көрсетуі  керек. 
Бұл оқушының ғылыми материалистік дүниетанымын қалыптастырады; 
2. Оқушылар таңдалған политехникалық материалды толық меңгергеннен кейін өздігінен қорытынды 
жасай алатындай болуы қажет; 
 3. Политехникалық мазмұндағы оқу материалын таңдаған кезде оның пратикада қолданылуын ескеру 
маңызды;  
 4.  Оқу  материалы оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне және олардың  даму  дәрежесіне  сай  таңдалуы 
керек; 
 5. Политехникалық білім берудегі пәнаралық байланысы жүзеге асуы тиіс;  
 6.  Таңдалған  оқу  материалын  оқушылар  толықтай  меңгергеннен  кейін  олардың  шығармашылық 
қабілетін дамытуы керек; 
 7. Техника тарихын оқытуға арналған материалдар еліміздің және шетелдік ғалымдардың ғылымның 
дамуына  қосқан  үлестері  жайында  неғұрлым  кең  түрде  мәлімет  беруге  тиіс.  Бұл  оқушылардың 
бойында  елімізге,  халқымызға  деген  мақтаныш  сезімін  оятып,  отансүйгіштік,  патриотизм  қасиеттерін 
дамытады;  
 8.  Оқу  материалы  оқушылардың  бойында  алған  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдысын 
қалыптастыруға әсерін тигізуі қажет;  
 9. Политехникалық білімнің экологиялық мәселелері ескерілуі керек.  
 Оқушының политехникалық даярлығын үш деңгеймен анықтаймыз: 
І  деңгей.  Бұл  деңгейдегі  оқушы  техникалық  обьектінің  немесе  технологиялық  процестің 
физикалық принципін түсіндіре алады, техниканың қауіпсіздік ережесін сақтай біледі [1]. 
ІІ  деңгей.  Бұнда  оқушы  І  деңгейдегі  білімімен  қатар,  технологиялық  және  еңбек  процестерінің 
ғылыми негіздерін жетік меңгерген, бұрын орындалмаған жаңа жұмыстарда жинақталған білім қорын 
пайдалана алатын болады. 
ІІІ  деңгей.  Жоғарыда  аталғандармен  қатар  бұл  деңгейдегі  оқушы  өзіне  таныс  емес  жағдайда 
әрқашан  қауіпсіздік  ережелерін  сақтайды жаңа  жұмыстарды орындауда  ұйымдастырушылық  қасиетін 
танытып асқан шеберлікпен орындайды, өз ісіне жауапты, тиянақты болады және жасалған жұмысты 
одан әрі жақсартудың жолдарын қарастырады. 
Оқушылардың  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  бағыттары  жөніндегі  алғашқы  түсініктерін 
кеңейтуде физиканың жекелеген тарауларын тереңдетіп оқытудың маңызы зор. 
Жылулық  физикада  оқушылар  салқындатқыштың,  іштен  жану  қозғалтқышының  және  бу 
турбинасының құрылысымен танысады, пайдалы әсер коэффициенті жөнінде түсінік алады, жылулық 
қозғалтқыштардың  ауыл  шаруашылығының,  транспорттың,  әскери  техника  және  өндірістің  көптеген 
салаларында  қолдануын  түсіндіреді.  Бұл  тарауда  оқушылар  жылулық  энергетиканың  ғылыми  негізі 
жайында  білімін  дамытады.  Электростатикада  электрқыздырғыш  приборлардың,  эксперименттік 
құралдардың  жұмыс  жасау  принципі  қарастырылады,  эксперименттік  түрде  олардың  электрлік 
параметрлері анықталады [2].  
Қазіргі мектептегі физика курсында Х сыныпта екі бөлім оқытылады: молекулалық физика және 
электродинамика.  Бұл  бөлімдер  ғылыми-техникалық  прогрестің  бағыттары  -  жылу  және  электр 
энергетикасының физикалық негіздерін анықтайды [3]. 

 
75
 «Магнит  өрісі»  тақырыбында  оқушылар  элетромагниттердің  техникада  қолдануымен  танысады, 
электромагниттердің  физикалық  қасиеттерін  зерттейді.  Сонымен  қатар  оқу  материалында  реленің 
жұмыс  істеу  принципіне  тоқталып,  электромагниттік  индукция  құбылысы  жайында  білімін  кеңейтіп, 
электрқозғалтқышының құрылысын қарастырады [4].  
Физика  курсын  политехникалық  бағытта  оқыту  тек  техникалық  көрнекілік  құралдарды 
көрсетумен жүзеге аспайды. Сондықтан физика курсын оқытуды политехникалық принцип негізіне сай 
құру керек. 
Физикаға  технологияның  белгілі  бір  салалары  да  қатысты  болады.  Физикалық  қасиеттеріне 
қарай материалдар технологиясына мыналарды жатқызуға болады: 
1) техникада  кең  таралған  материалдардың  механикалық  қасиеттері  және  механикалық  өңдеу 
әдістерінің принципі; 
2) материалдардың термиялық қасиеттері және өңдеудің термиялық әдістері; 
3) материалдардың  электрлік  қасиеттері  және  өңдеуің  электрлік  әдістері,  металдарды 
антикоррозиялық қорғау, электрометаллургия, электропісіру және т.б.  
Техника мен технологияның бұл салалары физика курсының бөлімдерімен тікелей байланысты [6].  
Мектепте физиканы  оқыту  политехникалық  бағытта  болуы үшін оқу  материалы  қазіргі  заманғы 
техниканың  даму  дәрежесіне  сай  негізгі  физикалық  теорияларды,  заңдарды,  ұғымдар  мен 
құбылыстарды  қамтуы  керек.  Осыдан  политехникалық  оқытудың  физикамен  байланысы  туындайды. 
Бірақ,  тек  қана  физикалық  фактілерді,  заңдар  мен  құбылыстарды  білу  жеткіліксіз.  Оқушылардың 
политехникалық  білімдерін  жетілдіруде  физиканың  жекелеген  тарауларын  тереңірек  оқытудың 
маңызды  екені  жоғарыда  айтылған  болатын.  Сол  тараулардың  бірі  –  электродинамика  курсы.  Бұл 
тарауда  оқушылар  электр  энергиясын  алудың,  қолданудың  және  тасымалдаудың  жолдарымен, 
отандық  электротехникалық  өндірістің  жетістіктерімен  танысады.  Соның  ішінде  тұрмыстық 
электротехника,  электрофикация  мәселелеріне  аса  көңіл  аударылады.  Физика  курсындағы  «Электр 
қуаты», «Ом заңының қолданылуы», «Кирхгоф заңының қолданылуы», «Вакуумдағы токты басқару», 
«Жартылай  өткізгішті  диод  және  транзисторлар»,  «Өлшеуіш  құралдар»  және  т.б.  тақырыптардың 
политехникалық білімді дамытудағы мазмұны ерекше орын алады. 
Сонымен  қорыта  келгенде,  мектептегі  физика  курсының политехникалық  бағытын  дамыту  үшін 
оқу  материалын  дұрыс  таңдай  білудің,  физиканың  жекелеген  тарауларын  тереңірек  оқытудың  және 
жаңа техника мен технологияның жетістіктерін таныстырудың маңызы зор.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Атутов  П.Р.  Политехническое  образование  школьников:  Сближение  общеобразовательной  и 
профессиональной школы. - М.: Педагогика, 1986. -176 с. 
2. Бугаев A.И. Методика преподавания физики в средней школе. – М.: Просвещение, 1981. – 288 с. 
3.  Имашев  Г.И.  Политехническое  образование  учащихся  в  процессе  обучения  физике  в 
среднейобщеобразовательной школе. Монография – Атырау, 2006. 421 с. 
4.  Имашев  Г.И.  Политехническая  подготовка  учащихся  в  средних  школах  Казахстана.  Сб.  научных 
трудов.  «Современный  научный  вестник»:  .  Выпуск  228.  Том  2.  –  Экономика:  проблемы  теорий  и 
практики. Днепропетровск: ДНУ, 2007. – С. 150-159.  
5. Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года. – Астана, 2003. – 113 с. 
6.  Физика  и  научно  -  технический  прогресс.  /Под  ред.  В.Г.  Разумовского,  В.А.  Фабриканта, 
А.Т.Глазунова, - М.: Просвещение, 1980. – 159 с. 
 
Резюме 
В  работе  рассмотрены  педагогические  основы  совершенствования  политехнической  подготовки 
учащихся  при  изучении  физики  в  средней  школе.  Выявлены  и  обоснованы  важнейшие  тенденции, 
характеризующие 
развитие 
политехнического 
обучения 
в 
процессе 
изучения 
физики 
в 
общеобразовательной школе.  
 
Summary 
The  most  important  tendencies,  characterizing  the  development  of  polytechnical  teaching  in  the 
process  of  physics  learning  in  secondary  school  are  revealed  and  based.  The  model  of  polytechnical 
education  of  learners  in  the  process  of  physics  teaching  is  created,  its  criterions  degrees,  exponents  are 
defined and its effectiveness is experimentally proved. 
 
 

 
76
ӘОК 371 
 
МҰРАЖАЙ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЕРЕСЕКТЕР ҮШІН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Ғ. Қабекенов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, п.ғ.к. 
 
 
Мұражай  адамзаттың  рухани-мәдени  жетілуінде,  өткен  мен  бүгінді  сабақтастыра  отырып 
саралауда,  ата-бабаның  әлеуметтік-шаруашылық  тыныс  тіршілігінің  көрінісін  танып  білуде, 
этнологиялық-тарихи құндылықтарды жеке тұлғаның бойына сіңіруде ерекше орын алатын тәрбиелік 
мәні  зор  мекеме.  Қоғамдық  санада  тәрбие  мен  білім  беру  мәселесі  тек  қана  балалар  мен  жастарға 
қатысты  атқарылатын  іс  ретінде  айғақталатын  жалпы  түсінік  қалыптасқан.  Ересек  адамдарды  оқыту 
мен білім беру және оған тәрбиелік ықпал ету жағдайы қазіргі таңда кең көлемде, жеткілікті дәрежеде 
ұсынылмай  жүргендігі  анық.  Қазіргі  жаһандану  жағдайында  ересектерге  білім  беру  мен  заман 
талабына  сай  әлеуметтендіру  маңызды  салалардың  бірі  болып  отыр.  Қазақстан  Республикасы 
тәуелсіздік  алғаннан  бері  тарихи-рухани  құндылықтарымызды  қайта  зерделеп,  жаңаша  көзқарас 
тұрғысынан  байыптап,  оны  ұлттық  дүниетаным  негізінде  оқырмандарға  ұсынып  отыр.  Осындай 
этномәдени  мұраларымызды  халыққа  наихаттауда,  елдің  зердесіне  жеткізуде,  тарихи  санасын 
қалыптастыруда  мұражайдың  ықпалы  ерекше  болып  табылады.  Соңғы  уақытта  педагогика  ғылымы 
шеңберінде  «мұражай  педагогикасын»  дамыту  мәселесі  белсенді  қарастырылуда.  Осыған  орай, 
алдымен,  оның  теориялық  негіздеріне  жүгінсек,  мұражай  педагогикасы  жөніндегі  ғалымдардың 
анықтамаларына тоқталып өтпекпіз. Мұражай педагогикасы дегеніміз – мұражай құралдары мен оның 
өнегелілігі  туралы  ғылым,  ал  мұражай  дидактикасы  –  мұражайдың  жанама  түрдегі  қызметі  болып 
табылады (А.Кунтс, В.Хильгерс). 
Мұражай  педагогикасы  –  дегеніміз  мұражайлар  арасындағы  және  олардың  коллекциясы  мен 
оған келушілер арасындағы байланысты орнататын жанама түрдегі іс-әрекет(А.Фогт).  
Мұражай  (грек  тілінен  ауд. 
museion  –  музаларға  арналған  ғибадатхана)  ерте  заманнан 
философтар, ақындар, ғалым адамдардың өмірінде белсенді рухани орын алған әлеуметтік мекеме. Ол 
алғаш  рет  XVII  ғ.  ортасында  білім  ақпаратының  қайнар  көзі  ретінде  белгіленді.  Бұл  кезде  Я.А. 
Коменский  «мұражай»  сөзін  кабинет  ретінде  қолданып,  оның  мазмұнын  толықтай  танып-білуге 
бағытталды.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысынан  бастап  қоғамдық  санадағы  қалыптасқан  мұражайды  жоғары 
білімді  адамдар  мен  ақсүйектерге  ғана  тиесілі  орын  ретінде  түсіндірілу  жоққа  шығарылғаннан  кейін, 
мұражай кеңістігі бұқаралық көпшілікке кеңінен таныла бастады. ХХ ғ. 30-жылдарында «мұражайлық 
педагогика»  (К.Фризен)  түсінігі  пайда  болды.  Жаңадан  енген  бұл  ұғым  мұражайға  келушілер  үшін 
оның дидактикалық және ағартушылық рөлін арттыра бастады.  
 
Ресейде  мұражай  қоғамдық  өмірдің  көптеген  салалары  мен  ғылыми  білімдердің  әр  түрлі 
салалары  бойынша  қалыптаса  отырып,  тұрғындардың  кеңінен  таралған  топтары  үшін  білімділік 
қызметке  қарай  бағдарланды.  (Кунсткамера  және  Петербургтегі  Тау  институты  Мұражайы,  Мәскеу 
университетінің  Оқу  мұражайы,  Қару  палатасы,  Третьяков  галереясы  және  т.б.).  Мұражайлар 
жұмысшылардың  арасында  ағартушылық  қызмет  атқарып,  олардың  рухани  санасының  кеңеюіне 
айтарлықтай  ықпал  етіп  отырды.  ХХ  ғасырдың  30-жылдарының  аяғында  11%-дан  аса  Ресейдің 
тұрғындары мұражай аудиториясына айналды.  
ХХ ғасырдың 30 жылдары Қазақстанда елдің тарихи-мәдени даму эволюциясын насихаттайтын 
мұражайлар, мұражай үйлері ашылып келушілерге қызмет көрсетті. Еліміздің мәдени-рухани жетілуінің 
көрінісі ретінде Республиканың әрбір аймақтарында, облыс, қала, аудан орталықтарында мұражайлар 
көптеп  ашыла  бастады.  Сол  кезден  бастау  алған  ілгерішіл  үрдіс  күні  бүгінге  дейін  жалғасын  тауып, 
халықтың  тарихи  және  ұлттық  санасының  қалыптасып  жетілуіне  ерекше  ықпал  етіп  отырғандығы 
шындық.  
 
Қазіргі  кезеңде  Қазақстандағы  мұражайлар  бұрынғыдай  жәдігерлерді  жинап,  келушілерге 
таныстыру, түсіндіру жұмсымен айналысып қана қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ғасырлардан 
бері  жалғасып  келе  жатқан  тарихи  мұраларын  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп,  жаңаша  көзқараспен 
зерделейтін  ғылыми-мәдени  мекеме  болып  отыр.  Мұражайдың  білім  беру  әлеуеті:  «адам», 
«мәдениет»,  «өркениет»,  «ақпарат»,  «диалог»  түсініктерінің  сабақтастығы  негізінде  дамыды.  Қазір, 
осыған  орай,  мұражай  педагогикасына  көптүрлі  міндеттері  қойылады:  мұражайға  келушілерді  осы 
кеңістікпен  толықтай  таныстыру,  оған  келуге  деген  ынтасын  ояту,  мәдени  мұраларға  байланысты 
қарым-қатынасын  қалыптастыру,  жалпы  көрмелерде  тұрған  жәдігерлермен  таныстыру  арқылы 
тәрбиелеу маңызды.  
 
Ересек  жастағы  келушілер  үшін  мұражай мәдениетінің  дамуы  –  көп  аспектілі  андрагогикалық 
мәселе ретінде қарастырылады. Мұражай қызметкерлерінің негізгі мақсаты – келушілер аудиториясын 
қалыптастырудың  тәсілдерін  жетілдіру,  келушілермен  мәдени  қарым-қатынас  түрлерін  дамыту, 
олардың  тарихи  таным  түсінігін  кеңейту,  өткен  мен  бүгіннің,  уақыт  пен  заманның  сабақтастығын 

 
77
саралау  арқылы  мұражайға  келушілердің  танымдық  белсенділігін  нығайта  түсу.  Мұражайдағы 
келушілердің  қызығушылығын  арттыруда  экскурсоводтардың  атқаратын  қызметі  айырықша. 
Мұражайдағы  әрбір  экскурсия  жүргізуші  педагог  та,  андрагог  та  болып  табылуы  тиіс.  Оның 
жұмысындағы  басты  ұстанымның  бірі  –  ұсынылатын  ақпараттың  сұранысқа  лайықтылығы,  яғни, 
келушілер  үшін  дифференцияланған  ыңғай  табу.  Мұражай  аудиториясы  әлеуметтік-демографиялық 
белгілері  (жасы, жынысы,  ұлты,  білім  деңгейі,  кәсіби  қажеттілігі, мекен  ету  орны)  бойынша  бөлінеді. 
Ережеге  сай,  келушілердің  білім  деңгейі  мен  оның  өткен  мәдени  тәжірибесі  адамдардың  мұражайға, 
ондағы  мәдени-білімділік  бағдарламасы  мен  экспонаттарға  деген  қарым-қатынасы  арқылы 
анықталады.  
Мұражай  педагогын  (нақтырақ  айтқанда,  андрагогты)  алғашқы  кезекте  мына  мәселелер 
қызықтырады: 
 
жалпы келушілердің мұражайға деген қарым-қатынасы; 
 
олардың мүдделерінің бағыттылығы (көрмеге кездейсоқ 
келушілер, лекцияны тыңдаушылар, демалыс күндерінің курстары, тақырыптық білім бағдарламалары, 
мұражайдың «достары» және т.б.); 
 
мұражайдың мәдениетін қабылдауға дайындық деңгейі (заттық 
аймақ бойынша бағыт, мұражай тілдерін білу, экспозициялар туралы алдын-ала ақпараттың болуы).  
 
Аталған  мәселелер  жөнінде  толық  және  объективті  ұсынысты  жеткілікті  құру  үшін,  андрогогқа 
экспресс-диагностикасы машығына ие болу қажет. Оларды қандай мәселе қызықтыратынын анықтап, 
жалпы адамдардың тұтынушылық әрекетінің талаптары тұрғысынан танылу қажет. Алынған мәліметке 
байланысты ол өзінің кәсіби міндетін атқаруда қарым-қатынас тілін таңдайды – кәсіби, эмоционалды-
ассоциациялық, танымалдылық т.б. 
 
Ресей ғалымдары мұражайға келушілер туралы: «Қазіргі мұражай аудиториясының басым бөлігін 
әйел адамдар құрайды (70%-ға дейін). Олардың жартысының жоғары білімі бар да, ал қалған көпшілігі 
мұражайға балалары үшін келеді» -дейді. «Ересектер неге мұражайға келмейді» деген сұрақтарға көп 
жағдайда уақыт жетіспеушілігі мен тағы да басқа көптеген себептерді алға тартады. Мемлекеттік орыс 
мұражайының  мәліметі  бойынша  мұражайға  келушілер  мотивінің  мынадай  бес  негізгі  топтары 
ажыраған:  жалпытанымдық,  нақты-танымдық  (арнайы  шығармаларға  бағыт,  экспозиция,  көрмелер); 
эмоциялық (жағымды әсер алу, көңіл-күйді көтеру); тәрбиелік (таныстары мен балаларға деген қарым-
қатынас бойынша); квазикөркемдік (кездейсоқ келу, бос уақытын толтыру). 
 
Көрсетілген  ұстанымдарға  сай,  мұражай  жұмысшылары,  яғни,  андрагогтар,  келушілердің  жеке 
қабылдау  мүкіндігін,  өзіндік  ішкі  реакциясын  құрметтеуге  тиіс,  тек  қана  өзі  жоспарлаған  мәтін 
шеңберімен шектелмеген дұрыс. Қазіргі экскурсия жүргізуші тыңдаушылардың қабылдауын өзінің ғана 
танымдық 
бейнелері, 
сондай-ақ, 
бағалауы 
бойынша 
құрылған 
ақпараттармен 
немесе 
бағдарламалармен  ұсынып,  оларды  жалықтырып  жіберуге  болмайды.  Дайындалған  мәтіндерді 
баяндаумен қатар, келушілердің жас және дербес ерекшеліктерін ұдайы ескеріп отыру қажет. «Мектеп 
оқушылары  қай  сыныпта  қандай  тарихи  материалдарды  оқиды»,  «оқу  үрдісінде  өткен  тақырыптар 
бойынша  қосымша  материал  ретінде  оқушыларды  не  қызықтыруы  мүмкін»,  «балалар  қандай 
сұрақтардың жауабын іздеуде» - осы мәселелерді мұражай таныстырушысы жете білгені дұрыс. Ересек 
адамдардың  балаларға  қарағанда  көзқарасы  өзгеше,  өзіндік  қабылдауы,  ойлауы,  қызығушылығы 
барыша  дәйекті  қалыптасқан.  Ересек  адамдар  сол  жерде  белгілі  тақырып  көлемінде  пікір  айтып, 
сөзталқы жасауы да мүмкін. Көп уақыттан бері шешімін таба алмай жүрген сұрағының жауабын тауып, 
мұражайға  және  оның  қызметкерлеріне  деген  ризашылық  сезімінің  туындауы  да  ғажап  емес. Әрине, 
бұндай жағдайлар жиі  кездессе,  мұражай  қызметкерлерінің мәртебесі  арта  түсері  анық.  Оның  негізгі 
тапсырмасы  –  мұражай  залында  ұсынылған  көркемдік,  техникалық,  табиғи-ғылымдық,  тарихи 
материалдарға байланысты көрерменді 
диалогқа, ойлауға шақыру болып табылады.  
 
Мұражай қызметкерлерінің (экскурсия жүргізуші) тапсырмасы – 
жоғары жастағы келушілер үшін 
мұражай  кеңістігінде  бағыттылық  жүйесін  құру  болып  табылады.  Белгіленген  деңгейде  бұл  жеке 
білімділікке қарай оқыту жүйесін қалыптастырумен байланысты. Осыған орай, жалпы мұражай туралы 
алдын-ала ақпаратты; жеке экспозициялар мен залдарды, тақырыптық буклеттер мен басылымдарды, 
аудио және бейнематериалдарды жатқызуға болады. Ол, әрине, келушілер сәтінде, кейін және алдын-
ала жеке жұмыс жасауға, сонымен қатар, ауызша ұсыныс беруге мол мүмкіндік береді. Жанама түрдегі 
ақпараттық материалдармен қарым-қатынас келушілермен атқарылатын жұмыстың өнімді болуы үшін 
қажет.  Келушілер мен мұражай кеңістігінің диалогын ұйымдастыру белгіленген технологиялық негізді 
қажет  етіп,  ол  –  мұражай  қызметкерлерінің  бағдарына  сәйкес  келмесе  де  оны  өздері  қалыптастыра 
білуге  бағдарланады.  Ересек  адамда  ең  алғашқы  сәттен  бастап,  оған  экспозиция  авторлары  мен 
мұражайдан  ұсынылып,  берілген  мәдени  ақпаратпен  ішкі  түйсік  арқылы  қарым-қатынаста  болу  тілегі 
қалыптасуы тиіс. Осындай ынтаның пайда болуы мұражай қызметкерлерінің ішкі көңіл-күйіне, ересек 
адамдармен өзара шығармашылық қарым-қатынасты орнатуымен тікелей байланысты. Білікті мұражай 
андрагогы  әр  уақытта  келушілердің  тәжірибесінің  жоқтығына  немесе  білместіктеріне  түсіністікпен 

 
78
қарап,  оның  ақпарат  бойынша  сұрақтарының  пайда  болуын  ынталандыруға  тырысады.  Мұражай 
диалогына  және  оның  экспонаттарына  дайын  келуші  ересек,  мәдени  үнді,  тарихты,  басқа  кезеңдер 
мен адамдарды сезініп, есту үшін «тілін» түсінуі тиіс.  
 
Мұражай  андрагогының  келесі  бір  спецификалық  тапсырмасы  – 
экскурсияның  тақырыбына 
жауап беретін көңіл-күй құру болып табылады. Әрбір аудитория үшін өзіндік психологтық-андрагогтық 
тәсілдер талап етіледі, ол топтардың құрамы немесе жеке келушілердің ерекшеліктеріне байланысты. 
Мұражайлық жағдайда экскурсия жүргізуші режиссер түрінде, сонымен қатар, ұсынылатын ақпаратты 
келушілердің қабылдауына негізгі себепкер ретінде белгілі-бір көңіл-күй климатын құрады.  
 
Мұражай  жұмысшыларындағы  білімділік  және  ағартушылық  қызметінде  келесідей  ұстанымдар 
дамытылады: 
мұражайлық контекст пен білімділік интеграциясы, диалог жүргізу, мұражай жұмысының 
келушілермен  персоналды  мазмұны,  креативтілік,  жалпылық,  ақпараттық  әрекеттер.  Осы  аталған 
ұстанымдардың барлығы мазмұндық қатынаста андрагогтық қызметтің мәніне жақын келеді.  
 
Қазіргі  уақытта  ұлттық  дүниетанымды  қалыптастыруда  педагогика  ғылымы,  оқу-тәрбие 
мекемелері  мұражайдың  тағылымдық  мәнін  әлі  де  терең  түсініп,  жан-жақты  зерттеуді  дамыту  қажет 
деп есептейміз. 
 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал