№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 5.04 Kb.

бет1/38
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 № 1 (16) 2010 
 
 
 
 
 
 
 
Халел Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік 
университетінің 
ХАБАРШЫСЫ 
 
ВЕСТНИК 
Атырауского государственного университета 
имени Халела Досмухамедова
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
2
1996 жылы 23 мамыр айында ҚР Білім министрлігінің 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми журналы “Университет 
хабаршысын” шығару жөнінде № 143 шешімімен 
баспадан шығарыла бастаған. 
 
Қазақстан Республикасының мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі шешімімен 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 
ғылыми журналы бұқаралық ақпараттық құралдары ретінде есепке алынып 
14 ақпан 2003 жылы 
  
№3631-Ж КУӘЛІГІ берілген 
 
 
 
БАС РЕДАКТОРЫ: 
А.Ғ.Қазмағамбетов– педагогика ғылымдарының докторы, профессор  
 
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ
С.М.Кеңесбаев - педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Х.Б.Табылдиев– тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА: 
С.М.Ахметов – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және 
халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор 
Н.Е.Бекмаханова - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, РҒА)  
Г.Г.Глинин  –  Астрахан  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі  проректоры, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ш.И.Жанұзақова - педагогика ғылымдарының докторы 
Г.Ж.Жангереева - химия ғылымдарының кандидаты, профессор 
Қ.Ө.Жүсіп - филология ғылымдарының докторы, профессор 
В.О.Имеев  –  Қалмақ  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі  проректоры, 
филология ғылымдарының кандидаты, профессор 
Ғ.И.Имашев - педагогика ғылымдарының докторы 
Ү.С.Қыдыралин - тарих ғылымдарының докторы, профессор 
О.Д.Мукаева  -  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  (Ресей,  Қалмақ  мемлекеттік 
университеті) 
Р.Н.Насиров – химия ғылымдарының докторы, профессор 
А.С.Сарсенов - тарих ғылымдарының докторы, доцент 
Ж.Ы.Сардарова - педагогика ғылымдарының докторы 
З.С.Сағындықова – биология ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Ж.Таубаев - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.С.Хасанова - педагогика ғылымдарының докторы 
Ә.О.Тұрдалиев – жауапты хатшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ 
А.Молдашев  
 
Материалдар мен жарнамалардың дұрыстығына авторлар мен жарнама берушілер жауапты. 
Авторлар мен редакция пікірлері үнемі сәйкес келмеуі мүмкін. 
Редакция материалдарды тексеріп, баспаға жібермеуге құқығы бар. 
Жазбалар кері қайтарылмайды. 
“”Университет Хабаршысында” жарияланған материалдарды пайдаланғанда 
сілтеме жасау міндетті. 
За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели. 
Мнение авторов публикаций не всегда совпадает с мнением редакции. 
Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов. 
Рукописи не возвращаются. 
При использовании материалов журнала ссылка на “Вестник университета” обязательна. 
© Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 
Баспа орталығы, 2010 

 
3
 
 
ТАРИХ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ  
ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР 
 
 
 
ӘОК 94(574) 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА 
 
Х.Б.Табылдиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. 
С.Қ. Абилова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Соғыс...  оны  естігенде  көз  алдымызға  қантөгіс,  қырғын,  ажал  атты  қорқынышты  көріністер 
елестейді.  Мұндай  зұлмат  зобаландар  адамзат  қауымы  өмір  сүрген  уақыттың  барлық  кезеңдері  мен 
дәуірлерінде  14552  рет  болған және  қазірде  қайталануда.  Солардың ішінде  ең  қасіретті  соғыс  екінші 
дүние  жүзілік  соғыс  еді.  Оған  әлем  халықтарының  80  пайызы  қатысып,  майданға  61  мемлекет 
тартылды. Осы зұлматта 40 мемлекеттің жері соғыс отына шарпылса, 110 миллион адам қолына қару 
алды.  
 
Неміс  фашистерінің  командованиесі  1940  жылдың  орта  кезінде  КСРО  ны  жаулап  алу  үшін 
«Барбаросса»  аталатын  стратегиялық  жоспарын  жасағаны  тарихтан  белгілі.  Бұл  жоспар  бойынша 
Оралға дейінгі жерді тез уақыт ішінде алуға тиіс болды. Соңғы кезде табылған мұрағат құжаттарына 
қарағанда  жау  Қазақстанға,  соның  ішінде  мұнайға,  балыққа,  кенге  бай  Атырау  бойына  да  ерекше 
көңіл бөлген. Гитлер командованиесі бұл жерлерді (Еділ мен Жайық аралығын) жаулап алғаннан кейін 
«Еділ -Жайық» мемлекетін құрмақшы болған.  
 
Осыны  сезген  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президумы  1942  жылы  тамыз  айында  әдейі  құпия  Указ 
шығарып,  Каспий  өңірін  соғыс  жағдайына  деп  жариялайды.  Бірақ  Указ  құпия  болғандықтан  соған 
байланысты  алынған  шаралар  да  құпия  жүргізілді.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президумы  Каспий  бойын 
соғыс  жағдайында  деп  жариялануына  байланысты  Гурьев  облысы  партия  комитеті  мен  Қазақстан 
Орталық  партия  комитетіне  Гуревьте  Қорғаныс  комитетін  құруды  тапсырады.  Осыған  орай  1 
қыркүйекте  облыстық  Қорғаныс  комитеті  құрылып,  оны  3  қыркүйекте  Қазақстан  Орталық  партия 
комитеті қаулы шығарып бекітті [2]. 
 
Қай уақытта да, қай заманда да адамдар Отан қорғаудан қымбат, одан өткен абырой, қасиетті 
азаматтық  борыш,  перзенттік  болған  емес.  Қазақстанның  1  миллион  366  мың  адамы  майданға 
қатысқан. 
 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  бүкіл  совет  халқымен  бірге  Атырау  облысының 
еңбеккерлері  «Бәрі  майдан  үшін,  жауды  жеңу  үшін»  деген  ұранды  іске  асыруға  жұмылды.  Ембі 
мұнайшылары,  Каспий  балықшылары,  малшылары  мен  зиялы  қауымы  барлық  күш  жігерін  жауды 
талқандау мақсатына жұмсады.  
 
Тұтқиылдан  шабуыл  жасаған  неміс  фашистеріне  қарсы  тұру  үшін  ерлік  пен  бірлік  керек  еді. 
Соғыс  жылдарында  Атырау  өңірінде  Нарын  мен  Тайсойған,  Азғыр  мен  Жем,  Жайық  пен  Каспий 
алқаптарының  азаматтары  ел  басына  күн  туған  шақта  қолға  қару  алып,  жауға  қарсы  тұрып,  шегіне 
қашуына, түптің түбінде арам ниеттері жүзеге аспай жеңіліс табуына өлшеусіз үлес қосты.  
 
Ұлы  Отан  соғысын  жеңіспен  аяқтау  бағытында  Отан  қорғау  комитетінің  ұсынымен  облыс 
көлемінде көптеген игі шаралар іске асып жатты. Ескене мұнайшылары «Қазақстан мұнайшысы» атты 
колоннасын, Новолицевой балық заводы «Қазақстан балықшысы» танк колоннасын, қала еңбекшілері 
«Гурьев  еңбекшілері»  танк колонасын  жасақтауға қаржы жинап,  бағалы  бастама көтеріп  республика 
тұрғындарына үлгі болды [3]. 
 
Облыстық партия  комитетінің  басшылығымен  атқыштар  батальоны,  арнаулы  әскери  бөлімдер 
құрылды. Сонымен әуе қорғанысына ерекше көңіл бөлінді.  
 
Соғыс жылдарында Атырау облысы Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіпті аудандардың бірі болды. 
Соғыс  басталған  күннен  бастап  Атырау  өңірінде  көптеген  митингілер  мен  жиналыстар 
ұйымдастырылды,  онда  облыс  еңбекшілерін  жауды  түпкілікті  жеңгенге  дейін  аянбай  еңбек  етуге, 
майданға  аттанған  ерлердің,  тәжірбиелі  маман  адамдардың  орнын  жоқтатпау  жөнінде  жұмыстар 
жүргізілді.  Осындай  бір  митингіде  Доссор  кәсіпшілігінің  жұмысшылары  мұнай  шығаруды  шұғыл 
арттыру, жаңадан ашылған мұнай кәсіпшіліктерін тез іске қосу үшін өздерінің барлық күш жігерлерін 
қосатынына сендірді. 
 
Соғыс  кезінде  Доссор,  Сағыз,  Байшонас,  Мақат,  Ескене,  Қосшағыл,  Құлсары  тоғыз  мұнай 
кәсіпшілігі өз өнімдерін еселеп, бере бастады.  

 
4
 
Соғыс  жылдарында  облыстық  қорғаныс  комитеті  жастардың  инициативасына,  қажырлы 
еңбектеріне  жете  мән  беріп,  ағалық  қамқорлық  жасап  отырды.  1942  жылы  наурызда  облыстық 
Қорғаныс  Комитеті  барлық  участоктер  мен  цехтарда  социалистік  жарыс  ұйымдастырып,  үздік 
шыққандарға  ауыспалы  Қызыл  тулар  белгілеу,  комсомолдық  рейттер  ұйымдастыру  жайлы  шешім 
қабылдады.  Гурьев  комсомолецтерінің  еңбектегі  ерліктерін  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  ерекше 
дәріптеп,  36-  комсомолец  жастар  бригадасына  «Үздік  комсомол  бригадасы»  деген  құрметті  атағын 
берді.  «Нармұнданақ»  мұнай  кәсіпшілігі  жастардың  жанқиярлық  құрметіне  «Комсомольск»  мұнай 
кәсіпшілігі деп аталды [4]. 
 
Осылайша  Атырау  Қорғаныс  комитеті  басшылығымен  өлке  өңірінің  еңбекшілері  соғыс 
жылдарында фашистік Германияны өздерінің қажырлы еңбегімен лайықты үлес қосты.  
 
1943  жылдан  бастап  облыс  еңбекшілері  соғыс  жылдарындағы  Қорғаныс  Комитетінің  көшпелі 
Қызыл  туын  жеңіп  алды.  Бұл  туды  алғаш  Ескене  мұнай  кәсіпшілігі  жеңіп  алып,  кейін  бірнеше  рет 
Новобогат ауданының еңбекшілері туды соғыстың аяғына дейін ешкімге бермей ұстады. 
 
Майданды жанар маймен қамтамасыз етуде Ембі мұнайшы қыз келіншектердің рөлі зор болды. 
Олар  майданға  кеткен  ерлерді  ауыстыра  отырып,  мұнайшы  мамандығына  ие  болып  жеңіс  күнін 
жақындатты,  1943  жылдың  өзінде  мұнайшылар  қатарында  4  мыңнан  астам  адам  болса,  1944  жылы 
олар  5460  жетті.  Соғыс  жылдарында  1082  стахановшы  мұнайшы  еңбек  етті.  Отты  жылдарда  ерен 
еңбек  еткен  Байшонас  мұнай  кәсіпшілігінің  операторы  Балғаным  Доспаева,  ауылшаруашылығында 
Маржан  Енбаева,  Нәси  Нұрқанаева,  Салима  Шакирова,  балық  өнеркәсібінде  Айнаш  Байжігітова  т.б 
еңбектері ерекше бұлардың бәрі Ұлы жеңісті баянды еткен еді.  
 
Атыраулықтар  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  барлық  майдандарда  ерлік  көрсеткен.  Атырау 
өңірінен  42509  азаматтар  ел  қорғауға  аттанып,  оның  13287  ұрыс  даласында  қалды.  Атыраулық 
жауынгер шайқастардағы ерліктері үшін Отанымыз ордендерімен және медальдарымен наградталған. 
Олардың арасында 9 Кеңес Одағының Батыры, 6 «Даңқ» орденінің толық иегерлері болды. Олардың 
арасында  даңқты  жерлесіміз  флот  адмиралы  Лев  Анатольевич  Владимирский  болды.  Ол  Ұлы  Отан 
соғысы кезіндегі ерлігі үшін екі рет Ленин, үш рет Қызыл Ту және Суворов пен Ушаков ордендерінің II 
дәрежелерімен наградталған. Сонымен бірге Совет Одағының батырлары Қ. Ысмағұлов, А. Афанасьев, 
Б.Нысанбаев,  М.Баймұханов,  Г.Канцев,  «Даңқ»  орденінің  үш  рет  иегерлері  Ш.Еркінов,  Г.Шанин, 
Г.Әліпов,  С.  Полынин  т.б  есімдерін  ереше  атайды.  Жалпы  3600  ден  астам  гурьевтік  жауынгер 
майданда ерлігі үшін марапатталды [5]. 
 
Атыраулықтар  соғыс  майданының  барлық  жерінде  болды.  Олар  Москва  мен  Ленинградты, 
Сталинград  пен  Новоросейск  ,  Одесса  мен  Севастопольды,  Керчь  пен  Туланы,  Минск  пен  Киевті, 
Смоленск  пен  Мурманскіні  азат  етуге  қатынасты.  Жерлестеріміз  соғыстың  алғашқы  күндері  Брастіні 
қорғауға  қатынасса,  соғыстың  соңғы  кезеңінде  Варшаваны,  Белградты,  Венаны,  Будапешті, 
Кеннесбергті және Берлинді алуға қатынасты.  
 
 
 Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Х. Б Табылдиев «Жеңісті жақындарды жандар» Атырау 2005ж 38 бет 
2. Х. Б Табылдиев «Отты жылдар» (Құжаттар жинағы) Атырау 2005ж 53 бет  
3. Комунистік еңбек газеті 1977ж 13 мамыр  
4. Атырау газеті 2005ж 23 сәуір 
5. Х. Б Табылдиев «Отты жылдар» (Құжаттар жинағы) Атырау 2005ж 57 бет  
 
Резюме 
На  статье  рассматривается  общие  положение  Атырауской  области,  в  годы  Великой 
Отечественны войны 
Summary 
The common conditions of Atyrau region in the II World War is considered in this article. 
 
 
ШЕРЛІ ШЕЖІРЕ ШЫНДЫҒЫ 
(Машақаты мол мұрағаттың мұңлы мәліметтері) 
 
К.Л. Есмағамбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор 
А.Қ.Ахмет, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Мұрағат-халықтың тарихи-мәдени мұрасы. Сол себепті өркениетті мемлекетте оның қоғамдағы 
орны  да,  қадір-қасиеті  де  ерекше.  Ал,  тоталитарлық,  автократиялық  режимдерге  ол  өздерінің  заңи 
және тарихи тұрғыдан мемлекеттік билікке құқын дәлелдеу үшін ғана қажет. Мұны кеңес мұрағаттары 
қызметінен айқын көруге болады. 

 
5
 
Мұрағатты  саясат  қолшоқпарына  айналдыру  ісі  партия  басшылығымен  елде  азамат  соғысы 
аяқталғаннан  кейін-ақ  қолға  алынды.  Большевиктер  өздерінің  саяси  қарсыластарын  «әшкерлейтін 
материалдар» («компромат») жинауды ОГПУ-НКВД-МВД секілді жазалау органдарының көмегі арқылы 
жүргізеді.  20-шы  жылдардың  бірінші  жартысында  мұрағаттарға  Революциялық  трибуналдан, 
Республика  бақылау  комиссиясынан,  Мемлекеттік  саяси  басқарманың  тергеу  бөлімдерінен  (СООГПУ) 
көптеген  сұраулар  түсе  бастайды.  Осы  кезеңнен  елдің  қоғамдық-саяси  өмірінде  ОГПУ  маңызды  рөл 
атқарды.  1925  жылдың  9  желтоқсанында  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  жанындағы  ОГПУ  Ресейдің 
Орталық  мұрағатына  «аса  құпия»  хат  жолдап,  онда  мұрағат  қызметін  түбірімен  өзгертіп,  Кеңес 
өкіметіне  «жат  элементтерді»  іздестіру  жұмыстарын  жандандыру  және  оны  оперативтік  мақсатқа 
бағындыру талап етіледі [ 1]. 
 
Осы  құжат  алынғаннан  кейін  барлық  жерде,  оның  ішінде  Қазақстан  мұрағаттарында  да 
патшалық  Ресейдің  үкімет  мекемелеріне,  азамат  соғысы  кезіндегі  «ақтар»  мен  «ұлтшылдар» 
үкіметтеріне қатысы болғандарды анықтау жұмыстары қыза түседі. 1927 жылдың 25 ақпанында Ресей 
Федерациясы Орталық мұрағаты өзіне қарасты барлық мұрағат мекемелеріне «Мұрағат материалдары 
бойынша  анықталған  саяси іздестірудегі  адамдарға  алфавиттік  карточкалар  толтыру жөнінде»  құпия 
циркуляр  таратады.  «Халық  жауларын»  іздестіруге  елдің  барлық  мұрағаттары  жұмылдырылады, 
«контрреволюциялық  элементтерге»  тізімдер  жасалып,  НКВД-ның  тиісті  құрылымдарына,  оның  2-
бөліміне тапсырылады [2]. 
 
НКВД бұрын-соңды болмаған жаппай қуғын-сүргін саясатын жүргізуде мұрағат материалдарын 
кеңінен  пайдаланады.  1938-1963  жылдары  мұрағаттардың  НКВД-МВД-нің  қарамағында  болуын  осы 
жағдаймен,  таратып  айтсақ,  елде  тоталитарлық  жүйенің  күш  алып,  оның  қоғамдық  өмірдің  барлық 
салаларын  қамтумен,  мұрағат  құжаттарынан  «таптық  жат  элементтер»  туралы  деректерді  іздестіріп 
табу мүмкіндіктерімен түсіндіруге болады. 
 
Орталық  мұрағат  басқармасын  ішкі  істер  жүйесіне  қабылдау  актісінде  (19.ХІІ.1938) 
мұрағаттарда КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатына «пайдалы» материалдардың баршылығы туралы 
арнайы  көрсетілуі  тегіннен-тегін  емес  еді.  1939  жылдың  16  қыркүйегінде  Ішкі  Істер  Халық 
Комиссариатынан  Бас  мұрағаттық  басқармасы  өз  бөлімдерінің  бастықтарына  тағы  да  хат  жолдап, 
НКВД-ның қажеттіліктері үшін құпия қорлардың құжаттары бойынша өтетін барлық адамдардың есебін 
алуға кірісу жөнінде нұсқау береді, бұл жұмысты 1940 жылдың 1 тамызында бітіру талап етіледі. 
 
Мұрағаттардан  «таптық  жат  элементтер»  туралы  мағлұматтарды  іздестіру  ғана  емес,  оларға 
қатысты  құжаттарды  құпия  қорларда  сақтау  жұмыстары  да  жүргізіледі.  1940  жылғы  1  сәуірде  КСРО 
Ішкі Істер Халық Комиссариаты Бас мұрағат басқармасынан мемлекеттік қауіпсіздік капитаны Светлов 
қол  қойған  барлық  мұрағат  мекемелеріне  «халық  жауларының  хаттарын,  мақалалары  мен  басқа  да 
еңбектерін»,  «халық  жаулары  бейнеленген  фото-кино  және  дыбыстық  жазбаларды»  өте  құпия 
жағдайда жеке сақтау жөнінде циркулярлық хат түседі [3]. 
 
Мұрағат  ісі  НКВД-МВД  «қажеттіліктерін»  өтеуге  толықтай  бағындырылады.  Соған  қарамастан 
1940  жылдың  23  қазанында  Ішкі  Істер  Халық  Комиссариаты  Л.П.  Берия  қол  қойған  «Мұрағат 
материалдарын оперативтік-чекистік жұмыста пайдалану туралы» деген №001345 бұйрық шығарады. 
Сол  жылы  Орталықтың  Бас  мұрағат  басқармасы  14392  «жат  элементке»  тізім  жасайды.  Қазақстанға 
келетін  болсақ,  1943  жылдың  1  қаңтарынан  1  шілдесіне  дейін,  яғни  жарты  жылдың  өзінде  мұрағат 
материалдары бойынша 2063 адамға «компромат»   табылып,  оларға  карточкалар  толтырылады. 
Барлығына  да  анықтама-тізім  дайындалып,  КСРО  Ішкі  Істер  Халық  Комиссариатына,  Қазақ  КСР  Ішкі 
Істер Халық Комиссариатына жіберіледі. Сол жылдың 5 шілдесіндегі КСРО ІІХК-нің нұсқауы бойынша 
басшылар  туралы  материалдар  іздестіріліп,  20  қор  қаралады,  анықтама  құрастыруға  37  іс  іріктеліп 
алынады. 
 
1943  жылдың  1  қазанына  дейін,  Қазақ  КСР  ОММ-ның  құпия  қорлар  бөлімінің  бастығы  А.К. 
Голованованың мәліметі бойынша, республикада 10081 адам карточкаға түсіріледі. Ол құжат «Список 
лиц,  проходящих  по  политическим  окраскам,  выявленных  по  архивным  материалам  Центрального 
госархива КазССР» деп аталады. Кейін бұл тізім 6000 адамға дейін шегеріледі. Бірақ мұнан қандай да 
бір  «гуманистік  нышанды»  байқаудың  реті  жоқ,  «қырағылық  таныту»  жұмыстарының  қарқыны 
бәсеңсімейді. «Қазақ КСР мемлекеттік мұрағаттары құпия қорлары бөлімдерінің 1951 жылғы жұмысына 
шолу» деген баяндамада: «Қазақ КСР мұрағаттарының материалдарды арнайы зерттеу жұмыстарының 
қарқыны, 1950 жылмен салыстырғанда, екі есе өсті. Өткен жылы оперативтік-чекистік органдар үшін 
қызығушылық танытатын қыруар деректер табылды. Өткен өмірі күмән тудыратын, сол себепті есепке 
алынған  адамдар  саны  да  екі  есе  өсті»,-делінеді  [4].  Мұнан  кейінгі  кезеңде  жазалау  органдары 
Қазақстан 
мұрағаттарынан 
жеке 
тұлғалардың 
өмірбаяндарын, 
хаттарын, 
т.б.құжаттарды 
ақтарыстырып,  «ұлтшылдар»,  «контрреволюционерлер»  туралы  мағлұматтар  алып  тұрады.  1953 
жылы  Қазақ  КСР  Ішкі  Істер  министрлігі  мұрағат  басқармасына  байларды  тәркілеу  және  жер  аудару 
жөнінде мәлімет дайындауға тапсырма береді. 

 
6
 
Жат  элементтерге  арнайы  «анықтама  тізім»  құрастыру  жұмыстары  тек  1956-1957  жылдары 
ғана ресми тоқтатылады. 1957 жылы Қазақстанда үш орталық мемлекеттік мұрағат біріктіріліп, Қазақ 
КСР  Орталық 
мемлекеттік  мұрағаты  құрылады.  Оның  материалдық 
базасын  нығайтып, 
қызметкерлерінің  күш-жігері,  негізінен,  сала  функцияларынан  туындайтын  істерге  жұмылдыруға 
қадамдар  жасалады.  Алайда  мұрағаттарды  ғылым  мен  мәдениет  мүдделерінен  жат  мақсаттарға 
пайдалану республикада мұрағат ісінің дамуына үлкен кедергі келтіреді. 
 Большевиктер, әсіресе, мұрағат қорларының сақталуына немқұрайлы қарады, ондағы қазақ халқының 
тарихы мен мәдениетіне қатысты құжаттардың жоғалып кетуіне аса бір ауызға аларлық оқиға ретінде 
қарамады.  Бұл  жөнінде  ҚР  ОММ-ның  мұрағатқа  қатысты  544-қорында  сан  алуан  мәліметтер 
жинақталған. Бөкей мұрағаттарын ең алдымен большевиктер жыртып, өртеген. Одан кейін 1918-1919 
жылдары  оны  казактар  тонаған.  Мұрағат  материалдары  буда-будасымен  отқа  жағылған.  Қазақ 
байларын  тәркілеуге  қатысты  32  іс  ізім-қайым  жоғалған;  мүмкін  олар  1953  жылы  Ішкі  Істер 
министрлігінің сұрауы бойынша алдырылып, содан қолды болып кетті ме?! 1929 жылы Қызылордадан 
Алматыға  көшірілген  кезде  он  жәшік  іс-құжаттар  ұрланған.  Орынбордан  Қызылордаға  апара  жатқан 
кезде  жүздеген  мұрағат  құжаттары  ғайып  болады.  Одан  кейінгі  кездері  де  мұрағат  қорларындағы 
материалдардың  сақталуы  қатаң  бақылауға  алынды  деуге  күмән  тудыратын  жәйттер  жеткілікті. 
Әйтеуір,  мұрағат  жол  көрсеткіштерін  парақтай  бастағанда  біраз  құжаттардың  жанындағы  «изъято» 
деген ескетуден көз сүрінеді. 
Мұның  бәрі  кездейсоқ  та  болмас,  себебі  орталық  билік  кешегі  патша  заманындағы 
отаршылдықтың  озбырлықтарын  халық  жадында  сақтауға  мүдделі  болмады.  Бүгінгі  күні  де  Ресейдің 
қазақ  халқына  «жақсылықтан»  басқа  саясат  жүргізбегеніне  жас  буынды  иландыру  мақсатында 
мұрағаттарда  жазалау  экспедициялары,  қазақ  ауылдарын  тонау,  атып-сату,  халықты  қырғынға 
ұшырату жөніндегі құжаттардың түрлі себептермен қолға беріле бермейтіндігі аса құпия емес.  
Кеңес  өкіметі  ұлттық  мұрағаттардың  материалдық  базасын  нығайтуға  да  ыждағаттылық 
танытпады. Оның мысалы де жетерлік. 1932 жылдың 23 наурызында Қазақ өлкелік партия комитетінің 
хатшысы С.Голюдов Қазақстан Орталық мұрағатының меңгерушісі Н.Я.Болотниковты өзіне шақыртып 
алып,  мұрағатты  жедел  түрде  Көпшілік  кітапхананың  жертөлесіне  көшіруді  міндеттейді. 
Н.Я.Болотников 28 наурыз күні Алматы қалалық кеңесінің Орталық мұрағат орналасқан ғимаратты 29 
наурызға  дейін  босату  туралы  шешімін  алады.  Н.Я.  Болотников  сәуір  айында  осы  жағдайды  Қазақ 
АКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесіне  және  РКФСР  Орталық  мұрағат  басқармасына  (көшірмесі)  жазған 
баяндама  хатында  хабарлайды.  Мұрағат  орналасқан  ғимаратқа  Алматы  қалалық  кеңесі  көпшілікке 
арналған асхана ұйымдастыруды көздейді. Оның төрағасы Скородумов пен Өлкелік партия комитетінің 
іс басқарушысы Буянов Орталық мұрағаттың екі күн ішінде Көпшілік кітапхананың жертөлесіне көшуі 
туралы ескерту жасайды. 
Бұл  талапқа  Н.Я.Болотников  қорлардағы  20000  пұт  құжаттарды  көрсетілген мерзімде  көшіріп 
болу мүмкін еместігін, оған 3 ай мерзім керек екендігі туралы пікірін алға тартады. С.Голюдов аталған 
мерзімге  қарсы  болып,  «бұл  мұрағат  ісінің  қарқыны  болса,  сен  өмірден  артта  қалған  мұрағаттың 
егеуқұйрығысың» деп меңгерушінің ар-намысына тиеді.  
Н.Я.Болотников  28  сәуірде  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесіне  Орталық  мұрағаттың 
кітапхана  жертөлесіне  көшірілуіне  қарсы  наразылық  білдіреді.  Алайда  Қазақ  өлкелік  партия 
комитетінің  бірінші  хатшысы  Ф.И.  Голощекин  29  сәуірде  партияның  айтқанымен  жүрмейтін  «қыңыр» 
мұрағатшыны  шақыртып  алып,  Қазақ  ОАК  мен  ХКК-нің  қаулысын  төрағасы  О.Исаев  Болотниковтың 
ұстанымын  «топас  бюрократизм»  деп  бағаласа,  Голюдов  өз  тарапынан  «мұрағатты  көшіру  түкке 
тұрмайтын мәселе, егер де біз партия мүшесімен істес болсақ, онда мәселе басқаша шешілген болар 
еді,  ал  біз  партия  мүшесімен  емес,  мұрағат  егеуқұйрығымен  істес  болып  тұрмыз»  деп  астамшылық 
жасайды [5].  
7  мамыр  күні  Н.Я.Болотниковке  секретариат  арқылы  жеке  іс  қағазына  жазылған  сөгіс 
жарияланып,  меңгерушілік  қызметінен  босатылады.  Тоталитарлық  жүйенің  мұрағатқа  көзқарасы 
осылай көрініс табады.  
 31 мамыр күні Н.Я. Болотников қылмыстық іздестіру бөлімі тарапынан тұтқынға алынады. 
 
26  маусымда  ол  жергілікті  партия  бюрократтарының  заңсыз  іс-әрекеттері  туралы  ВКП(б) 
Орталық  Бақылау  Комитетіне  арызданады.  Осылайша  үлкен  қиындықтардан  кейін  ғана  Н.Я. 
Болотников жұмысында қалдырылады, бірақ бұл заңдылықтан гөрі, кездейсоқтыққа көбірек ұқсайды. 
Көп ұзамай мұрағат қызметкерлері де «тазалауға» ұшырайды. 
 
1938 жылы Қазақстанда мұрағат кітапханашысы З.И.Ускова және аға ғылыми қызметкер Мирер 
«саяси сенімсіздер» қатарына жатқызылып, жұмыстан босатылады. Ғылыми қызметкер В.Д. Пятницкий 
және Батыс Қазақстан облыстық мұрағатының инспекторы М.Г.Герасимчук ІІХК органдары тарапынан 
«халық  жаулары»  ретінде  тұтқындалады.  Қазақ  КСР  Орталық  Бас  мұрағат  басқармасының  Е.Г. 
Федоров  партия  қатарынан  шығарылып,  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылады.  Айыптау 

 
7
құжаттарында  оның  бұрын  әсер  партиясында  болғандығы,  шығу  тегінің  ақсүйектен  екендігі  есепке 
алынады. 
 
Бас  мұрағат  басқармасы  меңгерушісінің  орынбасары  В.А.  Введенский  1938  жылы  «Архивное 
строительство  в  Казахстане  к  20-летию  подписания  декрете  Лениным  о  реорганизации  архивного 
дела» деген очеркінде: «Өлкелік мұрағаттың меңгерушісі-меньшевик, жоғары білімді мұрағатшы, бірақ 
ақ  офицері,  ал  2  ғылыми  қызметкер-жер  аударылғнадар,  іс  жүргізуші-дін  қызметкері  (протоиерей). 
Халық жаулары мекемелер мен ұйымдардың басшылық қызметінде отырып алып мұрағат ісіне елеулі 
зиянкестік  жасады,  мұрағат  құжаттарын  жойды,  Қаржы  Халық  Комиссариаты,  Жер  Халық 
Комиссариаты  мұрағаттарының  құжаттары  халық  жауларының  зиянкестік  әрекетінен  талапқа  сай 
сақталмай, шашылып, жойылып жатыр», деген пікірі сол кезеңде мұрағатшыларды айыптаудың негізгі 
түріне  айналды.  Алайда  В.А.  Введенскийдің  өзі  де  кейін  «әлеуметтік  шығу  тегінің  жат  элементтен 
(әкесі свяшенник болған) екендігі» анықталып, мұрағат жұмысынан аластатылды. 
 
Мұрағат  мекемелерінде  «кадрлық  тазалаудың»  қарқынды  жүргізілгені  соншалық,  орталық 
аппаратта, облыс, аудан мұрағаттарындағы кадрлардың 80 пайызы ауыстырылады. Көптеген мұрағат 
кадрларды  шығу  тегіне  қарап  немесе  «халық  жауларының»  туған-туысқандары  ретінде  жұмыстан 
шеттетілді,  қуғын-сүргінге  түсті.  Мұрағаттардағы  мұндай жазалаудың  нәтижесі  кадрлардың  сапасына 
елеулі  әсерін  тигізіп,  онда  істелуге  тиіс  жұмыстар  өте  баяу  жүргізілді.  Бұл  салаға  көбіне  бұрынғы 
жұмысында  көріне  алмаған  немесе  кәсіби  дайындығы,  іскерлік  қабілеті  жағынан  талапқа  толық  сай 
емес адамдар жіберілді. 
 
Тоталитарлық  жүйе  тұсында  мұрағат  құжаттарының  елеулі  бөлігі  негізсіз  құпияландырылды. 
Тіпті,  мысал  үшін  айта  кетейік,  ҚР  ОММ-ның  құпия  қорында  Б.Майлиннің  жарнаманы  қазақ  тілінде 
беру қажеттігі туралы «жоғарыға» жазған хаты да ұшырасады. 
 
СОКП  Орталық  Комитеті  мен  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1956  жылғы  7  ақпанындағы  №246 
қаулысында  партия  органдары,  министрліктер  мен  ведомстволарда  мұрағат  материалдарын  сақтау 
режимінің  тәртіптелмегені,  оларды  пайдаланудың  «нашарлығы»  атап  көрсетілді.  Осыған  орай  1956 
жылдың  19  шілдесінде  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  Қазақ  КСР  Министрлер 
Кеңесінің №424 қаулысында Қазақ КСР ІІМ-нің мұрағат басқармасына және мұрағаттары бар барлық 
министрліктер  мен  ведомстволарға  революцияға  дейінгі,  сол  сияқты  кеңестік  дәуірдің  мұрағат 
құжаттары  мен  материалдарын  ғылыми  мақсатқа  пайдалануға  және  жариялауға  рұқсат  беру 
міндеттеледі.  Алайда  рұқсатқа  сол  кезеңге  дейінгі  құпия  қорда  сақтаулы  және  кеңес  мемлекетінің 
мүддесіне  «зиян  келтіруі  мүмкін»  құжаттар  кірмейді,  оларды  пайдалану,  жариялау  мәселесі 
әрқайсысының  мазмұнына,  тарихи  және  саяси  маңызына  қарай  жеке  шешілуі  керек  деп  көрсетіледі. 
Бұның бәрі, сайып келгенде, тарихтың «ақтаңдақ беттерінің» қалыңдай түсуіне әкеледі. 
 
Кейбір  мұрағаттық  істердің  «жоғалып»  кетуі  олардың  кезінде  айыптау  материалдары  ретінде 
прокуратура,  сот,  ішкі  істер  органдарына  Мемлекеттік  Қауіпсіздік  Комитетіне  алдырылуына 
байланысты  болса  керек.  Бұл  «құдіретті»  құрылымдардан  материалдардың  бәрі  бірдей  қайта 
алынбаған. 1945 жылдың 19 мамырында жасалған алыс-беріс актісінен аңғарғанымыз-І.Жансүгіровтің 
қолжазбалары,  кітаптары  мен  газет  қиындылары  жинақталған  папкалары  Мемлекеттік  Қауіпсіздік 
Комитетінің 2-бөлімінің бастығы Рафиковтың қолында болған, кейін мұрағатқа тексерілмей қабылдана 
салынған [6]. 
 
«Ұлтшылдарға» қатысты мұрағаттық құжаттардың түгел сақталуына бақылаудың әлсіздігі осы 
сала мекемелері басшыларының басым көпшілігінің қазақ тілі мен араб графикасын білмеуінен болды. 
Қуғын-сүргінге  ұшыраған  қазақ  зиялыларының  еңбектері,  корреспонденциялары,  кімдермен  қарым-
қатынаста  болғандығы  туралы  материалдар  бұрынғы  Қауіпсіздік  Комитетіне  түскен,  одан  кейін 
қайтарылмаған. Тіпті бұл органға қағаз бетіне түскен қазақ шежірелеріне дейін алдырылып, олардан 
кімнің сұлтан, кімнің би-батыр болғандығы жөнінде мәліметтер жинастырылған. 
 
Тәуелсіздікке 
қолы 
жеткеннен 
кейінгі 
кезеңде 
Қазақстанның 
қоғамдық 
өмірін 
демократияландыру мұрағат саласын да қамтыды. 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры 
және  мұрағаттар  туралы»  Заң  қабылданып,  осы  сала  жұмысын  тікелей,  өзіне  тән  міндеттерді 
орындауға  жұмылдырылуына  құқықтық  негіз  қаланды.  Құпия  қорларда  халықтан  жасырын  сақталып 
келген  біраз  құжаттар  ашық  қорларға  ауыстырылды.  Алғашқы  кезде  Мемлекеттік  Қауіпсіздік 
Комитетінің  мұрагері  Ұлттық  қауіпсіздік  Комитетінің  де  есігі  ашылды.  Соның  арқасында  саяси  қуғын-
сүргін науқаны, қазақтарды тәркілеу, реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ашаршылық секілді Кеңес 
өкіметінің  озбырлықтарына  байланысты  материалдар  ғылыми  айналымға  қосылды.  Бірақ  көп  ұзамай 
бұл  мекеменің  мұрағатында  жұмыс істеуге тыйым  салынды, осы  себепті қазақ  халқының  тарихы  мен 
мәдениетіне  қатысты  қыруар  құжаттар  мен  материалдар  сол  баяғы  жабық  күйінде  қалды.  Ондай 
қазыналар  ҚР  Бас  Прокуратурасы,  Ішкі  Істер  министрлігініңмұрағаттары  қорларында  да  сақтаулы. 
Олардағы,  жоғарыда  көрсетілгендей,  «таптық  жат  элементтерге»,  саяси  опозиция  мүшелері  мен 
«ұлтшылдарға» жасалған анықтама-тізімдер, «бандылар» деп ат қойып, атау таққан материалдарсыз 
отандық тарих ғылымындағы «ақтаңдық беттерді» жою мүмкін емес. Бұл құрылымдардағы құжаттарды 

 
8
ҚР  Орталық  мемлекеттік  мұрағатында  шоғырландыру-заман  талабы.  Ол  халық  жадын  аңыздардан 
арылтып, тарихи шындық негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал