№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



жүктеу 5.15 Kb.

бет6/18
Дата07.02.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  
ҰЗАҚБАЙ Жазира, 
Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық 
колледжінің «Арнаулы пән» мұғалімі, әдіскер, Құлсары қаласы
Жылыой ауданы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» ПӘНІМЕН ТАНЫСУ 
 
Қылмыстық  құқық  жеке  құқық  саласы  ретінде  адамды,  оның  құқықтары  мен 
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға 
бағытталған  қоғамдық  қатынастарды  реттейді.  Мұндай  реттеу  үш  түрлі  жолмен 
жүзеге  асырылады.  Оның  біріншісі,  қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы  қоғамдық 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
44 
қатынастарды  реттеу  функциясы  болып  табылады.  Ол  қылмыс  істеуге  байланысты 
қылмыс  жасаған  адам  мен  мемлекет  арасында  пайда  болады.  Мұндай  құқықтық 
қатынасқа  қатысушылардың  әрқайсысының  өзіне  тән  құқықтары  мен  міндеттері 
пайда болады. 
Субьект  қылмыс  істеуге  байланысты  қылмыстық  жауапқа  және  жазаға 
тартылуға міндетті боса, екінші сот әділет сот органдары қылмыс істеген адамды сол 
міндетті  орындауға  күшпен  міндеттейді.  Сонымен,  қылмыстық  құқықтық 
қатынастарды  реттейтін  бұл  функция  орын  алған  қылмыс  оқиғасына  байланысты 
қылмыстық 
жауаптылықты 
және 
жазаны 
қолдану 
немесе 
қылмыстық 
жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. 
Екіншіден,  қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы  жазамен  қорқытып,  тыйым 
салынған  іс-әрекеттерді  істеуге  байланысты  қоғамдық  қатынастар  реттеледі.  Яғни, 
қылмыстық  заңның  болуы  және  оны  бұзған  адамдарға  қолданылатын  жазаның 
қылмыстық  құқықтық  нормаларды  көрініс  алуы  осы  көрсетілген  құқықтық 
функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. 
Үшіншіден,  қылмыстық  құқық  қылмыстық  құқықтың  нормасы  арқылы 
азаматтарға  қылмыстық  жолмен  қиянат  келтірілгенде  олардың  одан  қорғануға 
байланысты  қатынастарын  ретке  келтіреді.  Мысалы,  қажетті  қорғану,  мәжбүрлі 
қажеттілік  немесе  қылмыскерді  ұстауда  әрбір  азамат  заңда  белгіленген  тәртіппен 
қорғануға  құқылы.  Бұл  мәселе  тек  қылмыстық  құқықтық  норма  арқылы  реттеледі. 
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. 
Қылмыстық  құқық  –  бұл  жалпы  құқық  жүйесінің  негізгі  бір  саласы  және  пән 
болып  табылады.  Қылмыстық  құқық  пәнін  құқық  саласы  ретінде  қарастырғанда 
жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына 
да  тән  екендігін  ескеру  қажет.  Сонымен  бірге  қылмыстық  құқық  өзінің 
ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық  саласы ретінде қарастыруға негіз 
болатын  өзіндік  мазмұн,  өзгешелік  белгілері  мен  принциптері  бар  құқық  саласы 
болып табылады. 
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған 
қылмыс  пен  жаза,  қылмыстық  жауаптылық  негізі,  жаза  жүйелерін,  жазаны 
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және 
жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы. 
Басқа  құқық  салалары  сияқты  қылмыстық  құқықтың  да  негізгі  заңдылық 
базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық 
құқықтың  ережелері  мен  институттарының  мазмұны  қолданылып  жүрген 
қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. 
Қылмыстық  құқық  нормалары  мазмұнына  қарай  екі  түрлі  қызметті  жүзеге 
асырады. Оның біріншсі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен 
институттарын белгілеу  арқылы негізгі  екі ұғым  – қылмыс пен жазаны анықтайды. 
Бұл  нормалар  қылмыстық  құқықтың  Жалпы  бөлімінің  мазмұнын  құрайды.  Екінші 
бір  нормалар  қоғамға  қауіпті  әрекеттің  немесе  әрекетсіздіктің  қылмыс  қатарына 
жататын  белгілерін,  шеңберін  және  оны  істегені  үшін  тағайындайтын  жазаның 
түрлері  мен  шегін  белгілейді.  Мұндай  нормалар  қылмыстық  құқықтың  Ерекше 
бөлімінің мазмұнын құрайды. 
Қылмыстық  құқық  жеке  құқық  саласы  ретінде  мынадай  өзіндік  ерекшелік 
белгілерімен  көрініс  табады:  қылмыстық  құқық  пәні  қылмыс  істеуге  байланысты 
пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық 
құқықтық қатынастардың субьектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және 
қылмысы  үшін  соларға  мемлекет  атынан  шара  қолданатын  мемлекеттік  құқық 
қолдану және құқық қорғау органдары болады. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
45 
Белгілі  бір  әрекетті  немесе  әрекетсіздікті  қылмыс  қатарына  жатқызып,  оған 
жаза  тағайындау,  қоғамға,  жеке  адамға  және  мемлекетке  қарсы  қылмыстық  іс-
әрекетке  тыйым  салып,  оны  бұзғны  үшін  қылмыстық  жауапқа  және  жазаға 
тарататын  нормаларды  белгілеу  –  мемлекеттің  құзыреті.  Осы  тұрғыдағы  қоғамдық 
қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады. 
Қылмыстық  құқықтың  ұғымы.  Қылмыстық  құқық  Жалпы  және  Ерекше 
бөлімнен  тұрады.  Қылмыс  пен  жаза  туралы  ұғым,  қылмыстық  заңның  түсінігі, 
міндеттері,  қылмыстық  жауаптылықтың  негізі  және  одан  босату,  қылмыс 
құрамының  түсінігі,  қылмыстық  заңның  кеңістіктегі  және  мезгілдегі  күші,  іс-
әрекеттің  қоғамға  қауіптілігін  жоятын  мән-жайлар  туралы  түсініктер,  сондай-ақ 
қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсатты 
жүйелері,  жаза  тағайындаудың  немесе  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан 
босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. 
Ерекше  бөлімде  нақты  қылмыс  құрамдары  және  оларды  істегені  үшін 
белгіленген  жаза  түрлері  көрсетіледі.  Жалпы  және  Ерекше  бөлім  өзара  тығыз 
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. 
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, 
қоғамды,  азаматтарды  және  құқық  тәртібін  қылмысты  қол  сұғушылықтан  қорғау 
арқылы  айқын  көрінеді.  Қылмыстық  құқықтың  Жалпы  бөлімінің  нормаларын 
қолдану  арқылы  Ерекше  бөлімнің  нормалары  жүзеге  асырады.  Жалпы  бөлімнің 
ережелері  мен  институттары  Ерекше  бөлімдегі  нақты  нормаларды  қолданғанда 
негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес 
болуы қажет. 
Қылмыстық  құқық  құқық  саласының  жеке  саласы  болуымен  бірге  ол  басқа 
құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің 
бағыты,  атқаратын  рөлі,  мәні  мен  құқық  реттеу  әдісінің  ерекшелігіне  байланысты 
басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады. 
Қылмыстық  құқық  пен  қылмыстық  істер  жүргізу  құқығы  өзара  тығыз 
байланысты  болады.  Қылмыстық  құқық  қандай  іс-әрекеттердің  қылмыс  екендігін 
және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы 
қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта 
қараудың  тәртібін  белгілейді,  яғни  бұл  жерде  қылмыстық  құқық  пен  қылмыстық 
істер  жүргізу  құқығы  өзара  мазмұнмен  оның  нысанының  байланысы  ретінде 
көрсетіліп отыр. 
Қылмыстық  құқық  криминология  пәнімен  де  тіелей  байланысты.  Бірақ  бұл 
екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Егер қылмыстық құқық қылмыс 
пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылықтан 
сақтандыру 
шараларын 
белгілейтін 
ғылым 
саласы 
болып 
табылады. 
Криминологиялық  деректер  қылмыстылықпен  күресудегі  қылмыстық  заңдардың 
тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын 
айқындауға мүмкіндік береді. 
Қылмыстық  құқықтың  қағидасы.  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық 
құқығы  Конституцияға  сүйене  отырып,  бірқатар  қағидаларды  қылмыстық  заң 
атқарушылығының алдында іске асыру мүмкіндігін қойып отыр. Қылмыстық құқық 
өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек 
қана  белгілі  бір  қылмыстық-құқықтық  қағидаларды  сақтау  арқылы  ғана  жүзеге 
асыра алады. 
Қылмыстық  құқықты  қағида  –  заң  шығарушыға,  ғылымға,  құық  қорғау  және 
қолдану  органдары  мен  азаматтарға  қылмыспен  қарсы  күрес  жүргізу  саласындағы 
қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып таылады. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
46 
Бірінші  кезекте  –  заңдылық  қағидасы,  яғни  қылмыстық  және  жазалылық  тек 
қана  қылмыстық  заңмен  анықталады.  Конституцияның  77  бабы,  3  бөлігі,  10 
тармағында:  «Қылмыстық  заңды  ұқсастығына  қарай  қолдануға  жол  берілмейді»,  - 
делінген.  Осы  қағида  ҚК-тің  9  бабы,  1  бөлігінде  бекітілген.  Бұл  қағиданы, 
тәжірибеде қоғамға қауіпті болса да, бірақ жасанды белгілері бар болғандықтан және 
де  қылмыс  құрамы  белгілеріне  сәйкес  келмейтін  іс-әрекеттерге  қолданса  заңға 
қайшы,  яғни  дұрыс  болып  табылмайды.  Қылмыс  пен  жаза  туралы  мәселелер 
қылмыстық  заңдарда  тікелей  көрсетіледі  және  оларға  заңдылық  анықтама  беріледі. 
Қылмыстық  заңды  арнайы  көзделмеген  ретте  адамның  іс-әрекеті  қылмысқа 
жатпайды. 
Заңдылық  қағидасы  Парламент  немесе  Президент  қабылдаған  қылмыстық 
заңның  құқық  қолдану  тәжірибесінде  де,  заң  нормаларын  қабылдау  саласында  да, 
сөз  жоқ,  үстемдік  ету  арқылы  көрініс  табады.  Бұл  көрініс  бірнеше  құқықтық 
талаптардың  жиынтығынан  құралады.  Оның  біріншісі  –  еліміздің  Қылмыстық 
кодексінің  халықаралық  қылмыстық  құқықтың  жұрт  таныған  қағидалары  мен 
нормаларын басшылыққа алуы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4  бабы,  3  тармағында  елімізде 
бекітілген халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады деп 
көрсетілген.  Тәуелсіз  Қазақстан  осындай  халықаралық  шарттар  Республикада 
бекітілген  уақыттан  бастап  басшылыққа  алынады.  Заңдылық  қағиданың  талабы  – 
қылмыстық заңның Конституциялық заңға негізделуі болып табылады. 
Конституцияда  көрсетілген  негізгі  ережелерді  қылмыстық  заң  сөзсіз 
басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және 
Республиканың  бүкіл  аумағында  ол  тікелей  қолданылады.  Заңдылық  қағидасының 
тағы  бір  талабы  «Арнайы  заңда  көрсетілмейінше  қылмыс  та,  жаза  да  жоқ»  деген 
тұжырымға негізделген. Заңдылық қағидасының осы талабына сәйкес жазба, жария 
түрде қабылданған қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болуға 
тиіс. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңда тікелей көрсетіледі және 
оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көзделмеген 
ретте  адамның  іс-әрекеті  қылмысқа  жатпайды.  Қылмыс  жоқ  жерде  жаза  да 
болмайды. 
Қылмыстық  құқықтың  екінші  бір  қағидасы  –  азаматтардың  заң  алдындағы 
теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабының 1 
тармағында  заң  мен  сот  алдында  жұрттың  бәрі  тең  деп  аталған.  Қылмыс  жасаған 
адам  оның  тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына,  нәсіліне, 
ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, кәсібінің түрі 
мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да жағдайларға қарамастан 
жауаптылыққа тартылады. 
Азаматтардың  қылмыстық  заң  алдындағы  теңдігі  істеген  қылмысы  үшін 
қылмыстық  жауаптылыққа  және  жазаға  тартылуы  болып  табылады.  Жаза  кінәлінің 
қылмысының  ауырлығы  мен  түріне,  оның  жеке  басының  қасиеттеріне, 
жауаптылықты  ауырлататын  немесе  жеңілдететін  мән-жайларға  байланысты 
дараланып  тағайындалады.  Қылмыс  істеген  адам  тек  қана  қылмыстық  заңда 
көрсетілген  негіздерге  сәйкес  қылмыстық  жауаптылықтан  немесе  жазадан 
босатылуы  мүмкін.  Жасы  кәмелетке  толмағандар  және  жүкті  немесе  емшекте  жас 
балалары  бар  әйелдерге,  кәрі  адамдарға  қылмыс  істеген  басқа  субьектілерге 
қарағанда ізгілік қағидасы басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы 
мүмкін. 
Қылмысты  құқықтың  маңызды  қағидаларының  бірі  болып,  қылмысы  үшін 
кінәлі  жауаптылығы  қағидасы  табылады.  Осы  қағидамен  сәйкес  ҚК  19  бабы,  адам 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
47 
соларға  қатысты  өз  кінәсі  анықталған  қоғамдық  қауіпті  әрекеті  және  пайда  болған 
қоғамдық  қауіпті  зардаптар  үшін  ғана  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылуы  тиіс. 
Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа 
жол берілмейді. 
ҚК  23  бабында  жазықсыз  зиян  келтірудің  түсінігі  берілген.  Қылмыстың 
зардабы  қанша  ауыр  болса  да,  егер  ол  кінәсіз  жағдайда  істелсе,  ол  қылмыс  болып 
табылмайды  делінген.  Қылмыстық  құқықтың  негізін  салушы  қағидаларының  бірі 
болып  әділеттілік  қағидасы  шығады.  Бұл  қағиданың  мәні  сол,  адамды  қылмыстық 
жауаптылыққа  және  жазаға  тартуы  кезінде  қолданылады.  Демек  (ҚК-тің  52  бабы) 
жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесі, 
айыпкердің  жеке  басы,  сонымен  бірге  оның  қылмыс  жасағанға  дейінгі  және  одан 
кейінгі  мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-
жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның 
отбасының  немесе  оның  асырауындағы  адамдардың  тіршілік  жағдайына  ықпалы 
ескеріледі. 
Сонымен  қатар  (ҚК-тің  3  бабы),  бір  қылмысы  үшін  ешкімді  де  қайталап 
қылмыстық  жауапқа  тартуға  болмайды.  Бұл  қағида  мәнісі  сол  қылмыстық  жауапқа 
және  жазаға  іс-әрекетінде  қылмыс  құрамының  толық  белгілері  бар  адамдар 
тартылуы  керек.  Негізсіз,  дәлелсіз  қылмыстық  жауаптылыққа  жол  бермейді.  Бұл 
қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің әділ болуы 
және  істеген  қылмысы  үшін  сот  тағайындаған  жазаның  және  қылмыстық-құқық 
ықпал  ететін  өзге  шаралары  соған  сай  әділ  болуы  керек.  Қоғам  мүшелерінің, 
халықтың шын еркін білдіретін қоғамдық мүддеге сай, әлеуметтік қажеттілікке сай 
қабылданған заңдар ғана әділетті болып табылады. 
Қылмыстық  заңды  қабылдау  кезінде  кеткен  ағаттықтар,  қоғамға  қауіпті  іс-
әрекеттерді  дер  кезінде  қылмыс  қатарына  қоспау  немесе  ондай  қоғамға  қауіптілігі 
жоқ  іс-әрекеттерді  қылмыс  қатарынан  алып  тастамау  да  заңның  әділетсіздігін 
көрсетеді.  «Маңызы  болмағандықтан  қоғамдық  қауіпті  емес,  яғни  жеке  адамға, 
қоғамға  немесе  мемлекетке  зиян  келтірмейтін  қылмыстар»  деген  Қылмыстық 
кодекстегі  (9  бап,  2  бөлігі)  қағиданы  басшылыққа  алып,  қылмыстық  заңның 
қолданылуындағы әділетсіздіктерге жол бермеу керек. 
Қылмыс құрамының барлық белгілері  бар әрекет  қылмыстық жауаптылықтың 
негізі болуы тиіс. Әділеттілік кағидасының жүзеге асырылуы әділ жаза тағайындауға 
тікелей байланысты. Соттар әділ жаза тағайындау үшін қылмыс істеген кінәлі адамға 
жазаны  даралауға  негіз  беретін  іс-әрекетінің  қоғамға  қауіптілігінің  мәні  мен 
дәрежесін,  кінәлінің  жеке  басын,  жауаптылықты  жеңілдететін  және  ауырлататын 
мән-жайларды, қылмыстың істелуінің себептерін есепке ала отырып, оның түзелуіне 
және  қайтадан  қылмыс  істемеуіне  қажетті  және  негіз  болатын,  әділетті  жаза 
тағайындалуы керек. 
Конституцияға  қатысты,  қылмыстық  құқықта  тағы  бір  қағиданың  бірі  болып 
ізгілік  қағидасы  орын  алады.  Конституцияның  1  бабы,  жалпы  ережелері  бойынша 
Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 
мемлекет  ретінде  орнықтырады:  оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және  адамның 
өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 
Міне,  осыған  байланысты  заң  атқарушылықта  нақты  бір  конституцияның 
шеңберінде нормаларды жүзеге асыра алады. Қылмыстық кодекстің 2 бабында адам 
мен  азаматтың  жеке  басы,  олардың  құқықтары  мен  бостандықтары  қылмыстық 
құқық  қорғайтын  объектілердің  ең  алғашқыларының  бірі  ретінде  қөрсетілген. 
Қылмыстық  заң  әрбір  азаматқа  қажет  болған  жағдайда  қорғануға  құқық  береді,  іс-
әрекеттің қылмыстылығын жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
48 
Конституцияның  17  бабы  бөлігіне  сәйкес:  «Ешкімді  азаптауға,  оған  зорлық-
зомбылық  жасауға,  басқадай  қатыгездік  немесе  адамдық  қадір-қасиетін 
қорлайтындай  жәбір  көрсетуге  не  жазалауға  болмайды»,  -  деп  белгіленген.  Осы 
анықталған  конституциялық  норма  ҚК-тің  38  бабы,  2  бөлігі  бойынша,  жаза 
тағайындауда  нақты  айқындалған  («Жаза  тән  азабын  шектіруді  немесе  адамның 
қадыр-қасиетін қорлауды мақсат етпейді»). 
Қылмыстық  заңның  бұл  нормасы  әрбір  азаматтың  әлеуметтік  белсенділігін 
арттыруға өзінің Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл 
қорғауға  тікелей  жағдай  туғызады.  Ізгілік  қағидасын  дұрыс  іске  асыру  қылмыстық 
заң  міндеттерін  жүзеге  асырудың  алғы  шарты  болып  табылады.  Қылмыстық 
құқықтағы  ізгілік  қағида  –  қылмыстық  заңды  бұзған  адамдарға  да  қолданылады. 
Қылмыстық  жазаның  мақсаты  әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіру,  сондай-ақ 
сотталғандарды түзеу болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның 
адамгершілік намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлау мақсатын қөздемейді. 
Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталған адамды бас бостандығынан айырмайтын 
жаза  түрлерінен  құралған.  Ату  түріндегі  өлім  жазасы  заңда  көрсетілген  реттерде 
ерекше ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Қылмыстық заң ізгілік қағидасын 
басшылыққа  ала  отырып,  қылмысты  он  сегіз  жасқа  толмай  істеген  адамдарға, 
сондай-ақ  әйелдерге  және  сот  үкімі  шығарған  сәтте  65-ке  толған  еркектерге  ату 
жазасы тағайындалмайды. 
Қылмыстық  құқықтың  міндеттері  мен  функциялары.  Құқықтың  реттеу 
функциясы  –  нормативтік  актілер  арқылы  қоғамдық  қатынастардың  байланысын
орындалу  жолдарын,  бағыттарын  анықтап  отыру.  Құқықтың  қорғау  функциясы  – 
нормативтік  актілердің  қоғамдағы  қарым-қатынасқа  ықпалын,  әсерін  күшейту, 
жаман  қатынастарға  тыйым  салу.  Жоғарыда  айтылғандай,  құқық  –  жалпыға  бірдей 
міндетті,  мемлекет  қамтамасыз  ететін,  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін 
нормалардың  жиынтығы.  Құқықтық  норма  –  құқықтың  бір  клеткасы,  қоғамдық 
қатынастардың  жақсы  дамуының  үлгісі  деуге  болады.  Ол  адам  істерінің, 
жұмысының,  тәртібінің  шеңберін  анықтап,  олардың  бостандығын  және  қарым-
қатынасын реттеп, басқарып отырады. 
Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының 
негізгі  элементтері:  қоғамның  және  адамдардың  мүдде-мақсатын  қорғау,  орындау; 
қарым-қатынастарды 
реттеп, 
басқару; 
қоғамды 
дағдарысқа 
ұшыратпай, 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтік,  мәдениеттік  т.б.  бағытын  дамытып,  нығайту; 
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. 
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік түсінігі, 
қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – 
құқықтың  субъективтік  түсінігі  объективтік  қалыптасқан  қатынастарды  реттейтін, 
басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту. 
Құқықтың  қорғау  функциясы  –  нормативтік  актілердің  қоғамдағы  қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. 
Жоғарыда  айтылғандай,  құқық  –  жалпыға  бірдей  міндетті,  мемлекет 
қамтамасыз  ететін,  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  нормалардың  жиынтығы. 
Құқықтық  норма  –  құқықтың  бір  клеткасы,  қоғамдық  қатынастардың  жақсы 
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін 
анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. 
Құқықтық нормалардың белгілері: 
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші 
бар.  Мұндай  нормалардың  қоғамдағы  тәртіптің  үлгісіне  айналады,  өйткені  ол 
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
49 
2.  Нормада  субъектілердің  құқығы  мен  міндеттері,  орындалу  жолдары  толық 
әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек 
заңға нұсқан келтірмеуі керек. 
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді. 
4.  Құқықтық  нормалардың  жүзеге  асырылуын,  орындалуын  мемлекет 
қамтамасыз етеді. 
5.  Құқықтық  норма  адамдардың,  қоғам  тәртібінің  кепілдігі  ретінде  жұмыс 
істейді. 
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілердің құқықтары мен 
міндеттерін  реттеп,  басқарып  отыратын  жалпыға  бірдей  мемлекетпен  қамтамасыз 
етілетін ереже-қағида. 
Құқықтық 
нормалардың 
элементтері 
бірігіп, 
оның 
құрылымын 
қалыптастырады.  Құрылымы  жөнінде  құқықтық  нормалар  екіге  бөлінеді:  негізгі 
заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары. 
Негізгі  заңды  нормаларда  элементтердің  мазмұны  норманың  кіріспесінде 
немесе  бірінші  бабында  толық  көрсетіледі.  Мысалы,  ҚР  салық  кодексінде 
нормалардың  элементтері  1-ші  бабында  толық  көрсетілген.  Тәртіп  ережелерінің 
нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде толық 
көрсетіледі. 
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза 
(жорамал), санкция (жаза, шара). 
Диспозиция  –  қатынастың  мазмұны  мен  субъектілердің  құқығы  мен 
міндеттерін  көрсетеді.  Мысалы,  екі  немесе  көп  жақты  мәмілелер  мен  шарттардағы 
тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. 
Гипотеза – құқықтық норманы қолдану, қолданбау үшін қажетті өмірдегі мән-
жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. 
Санкция  –  құқықтық  норманың  диспозициясы  бұзылған  жағдайда 
қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. 
Құқықтың  реттеу  функциясы  –  нормативтік  актілер  арқылы  қоғамдық 
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. 
Құқықтың  қорғау  функциясы  –  нормативтік  актілердің  қоғамдағы  қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. 
Қорытындылай  келе,  «Қылмыстық  құқық  пәнімен  танысу»  тақырыбындағы 
әдістемелік  жұмысымда  студенттерімнің  пәнге  деген  ынтымағын  арттырып, 
қызығушылығын  оятып,  студенттердің  өз-өзіне  деген  сенімі  қалыптасып,  әңгіме 
арасында  заңды  тұрғыдан  терминдер  араластырып,  іздену  қабілеттерін 
қалыптастырды. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал