№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



жүктеу 5.15 Kb.

бет2/18
Дата07.02.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті 
(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ЕРМЕКБАЕВА Асыл Курметовна, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және 
қоғаммен байланыс кафедрасы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» 
мамандығының бітірушісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
PUBLIC RELATIONS ЖӘНЕ БИЗНЕС САЛАСЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
ТЕЛЕАРНАЛАР АРҚЫЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ 
 
Республикалық  телеарналар  арқылы  «Startup  «Bolashak»  стартап  жобалар 
байқауын  ұйымдастырудың  жастар  кәсіпкерлігіне  ақпараттық  қолдау  көрсетудегі 
маңызы. Реалити-шоу сериялары қалай түсірілді? 
2015  жылғы  20  шілдеде  «Болашақ»  қауымдастығы  «Бәйтерек»  холдингінің 
қолдауымен  және  «Даму»  қорымен  бірлесіп  «Startup  «Bolashak»  конкурсының 
басталатынын  жариялады.  Қазақстанның  жер-жерінен  келген  жасы  18-29 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
13 
аралығындағы  жас  адамдар,  сондай-ақ  құрамы  5  адамға  дейінгі  жобалық  топтары 
қатысты. 
Берілген  өтінімдердің  жалпы  саны  2 095-ке  жетті.  Олардың  ішінде:  2080-і 
конкурстық  комиссияның  қарауына  жіберілді,  15  өтінім  құжаттар  топтамасының 
толық  еместігі  себепті  бас  тартылды.  Өтінімдердің  неғұрлым  көбірек  саны  Астана 
қаласынан (400 өтінім), Алматы қаласынан (227), Павлодар облысынан (155), Батыс 
Қазақстан облысынан (134) және Оңтүстік Қазақстан облысынан (134) түсті. Бизнес-
идеяларының  көп  бөлігі  өңдеу  саласымен  байланысты  –  647  өтінім,  ақпараттық 
технологиялармен байланысты – 263, біліммен байланысты – 171 болып табылады. 
Стартап-жобаларының конкурсы 25 млн. теңге мөлшерінде кепілдік қолдауды 
қарастырады:  I орын үшін – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және III орын  – 3 
млн.  теңге.  «BI  Group»  холдингі  бөлетін  10  млн.  теңге  мөлшеріндегі  гранттар, 
сондай-ақ  стартаптарды  дамытуға  арналған  әлеуеттік  инвесторлар  қаражаты 
қарастырылды. 
Конкурстың бас әріптесі – «Жинақбанкінің» Қазақстандағы еншілес банкі. 
Бизнес-жобаларын  іріктеген  кезде:  бизнес-жобаларының  жаңашылдығы  мен 
бірегейлігі,  олардың  әлеуметтік  маңыздылығы,  нысаналы  аудиториясы  ескерілді, 
сондай-ақ бизнестегі жұмыс тәжірибесі құпталды. 
Конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша 23 бизнес-идея 
іріктеп  алынды,  олардың  авторлары  Астана  қаласында  оқыту  семинар-
тренингтерінен  өтті.  Семинар-тренингтерінен  өткеннен  кейін  қатысушылар 
өздерінің бизнес-идеяларын конкурстық комиссияның кеңейтілген құрамы алдында 
таныстырды. 
Қорытындылары 
бойынша  
ең 
таңдаулы 
10 
бизнес-идея 
бизнес-
жоспарларының  Марафонына  қатысу  үшін  іріктеліп  алынды.  Олар  кеңесшілерімен 
және кәсіби шебер менторлармен бірлесіп өздерінің жобаларын әзірледі. Марафонда 
конкурс  лауреаттары  өз  жобаларын  конкурстық  комиссияның  және  демеушілердің 
алдында қорғады. «Startup «Bolashak» конкурсының барысы «Хабар» телеарнасында 
әрбір  жұмада  сағат  20.30-да  көрермендер  назарына  ұсынылды. Онда  конкурстың 
жеңімпаздары жария етілді. 
Конкурстың әріптестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, 
«Бәйтерек»  холдингі,  «Даму»  қоры,  Қазақстандағы  «Жинақбанкі»,  «BI  Group» 
холдингі,  «НАТР»  АҚ,  «Atasu  Group  of  Companies»  компаниясы,  «Sheberbuild» 
құрылыс компаниясы, Астана қаласының әкімдігі [1]. 
Аталған  конкурс  туралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  соның  ішінде 
телеарналар арқылы мынадай ақпарат таратылды: 
«Startup  «Bolashak»  –  «Бәйтерек»  холдингінің,  Сбербанктің  Қазақстандағы 
Еншілес банкі және Астана әкімдігінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы және 
«Даму» Қоры іске асыратын стартап-жобаларының байқауы. 
Байқау  мақсаты:  Жас  кәсіпкерлердің  әлеуметтік  маңызды  бизнес-
бастамаларын қолдау. 
Іске асыру кезеңі: 2015 жыл, шілде-қараша айлары. 
Кім қатыса алады? Қазақстанның барлық өңірлерінен 18-ден 29 жасқа дейінгі 
(қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жоба топтары (5 
адамнан артық емес). 
Өтінімді  қашан  беруге  болады?  Өтінімдер  2015  жылдың  20  шілдесі  мен  20 
қыркүйегі (екі күнді қоса алғанда) аралығында қабылданады. 20 қыркүйектен кейін 
түскен өтінімдер қарастырылмайды. 
Жеңімпаздар  не  алады?  Басты  жүлделер:  1.  «Болашақ»  қауымдастығының 
стартап-жобаларды  дамытуға  бөлген  гранттары:  I  орын  –  7  млн.  теңге;  II  орын  –  5 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
14 
млн.  теңге;  III  орын  –  3  млн.  теңге.  2.  Инвесторлардың  қаржы  құралдарын  иелену 
мүмкіндігі. Бонустар: - Жеке бизнесті дамыту мен құру бойынша тренингтен өту; - 
Бизнес-жоспар  жазу  үшін  кәсіби  кеңес  алу;  -  Табысты  кәсіпкерлердің  байқау 
қатысушысына  тәлімгерлігі;  -  Қазақстандық  телеарна  эфирінде  таратылатын 
реалити-шоу  түсірілімдеріне  қатысу;  -  Бизнес  бойынша  әріптес  немесе  әлеуетті 
инвестор табу мүмкіндігі. 
Байқауға  қалай  қатысуға  болады?  Байқауға  қатысу  үшін  өз  өңіріңіздегі 
(төмендегі мекен-жайларды қараңыз) «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерге қызмет 
көрсету  орталығында  өтінім  үлгісін  толтыру  қажет  немесе  белгіленген  үлгіде 
толтырылған  өтінімді  010000,  Астана  қаласы,  Қажымұқан  көшесі,  8А  мекен-жайы 
бойынша жіберу қажет. 
Өтінім  нысанының  үлгісі,  оны  толтыру  тәртібі  және  құжаттар  топтамасының 
тізімі  «Бәйтерек»  холдингінің  Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету  орталығы 
қызметкерлерінде бар. Сондай-ақ сіз өтінім нысанын «Болашақ» қауымдастығының 
www.bolashak.kz және «Даму» қорының ресми сайттарынан жүктеп ала аласыз. 
Қатысушылар  байқаудан  не  күтеді?  Байқау  қатысушылары  семинар-
тренингтен  өтеді.  Оны  аяқтағаннан  кейін  олар  байқау  комиссия  мүшелерінің 
алдында өздерінің стартап-жобаларын таныстырады және қорғайды. 
Құзыретті комиссия Бизнес-жоспарлар марафонына қатысу үшін 10 лауреатты 
іріктеп алады. 
Байқау  лауреаттары  бизнес-жоспарлармен  жұмыс  істеуге  тренерлермен, 
кеңесшілермен,  сонымен  қатар  кәсіби  менторлармен  –  табысты  қазақстандық 
кәсіпкерлермен бірлесіп кірісетін болады. 
Байқаудың  финалында  лауреаттар  әділқазыларға  өздерінің  бизнес-жобаларын 
ұсынатын  болады.  Одан  кейін  әділқазылар  конкурс  жеңімпаздарын  анықтайтын 
болады.  Бизнес-жоспарлары  марафон  қорытындысы  бойынша,  барынша  көп  ұпай 
жинаған қатысушылар жеңімпаз болып танылады. 
Байқау  аяқталғаннан  кейін  телеарналардың  бірінен  көрсету  үшін  байқау 
басталғаннан бастап реалити-шоудың түсірілімдері жүргізіледі. 
Байқау қашан өткізіледі? 
20  шілде  –  20  қыркүйек  (қоса  алғанда):  байқауға  қатысуға  өтінімдерді 
қабылдау. 
20 шілде – 21 қараша: байқау туралы реалити-шоу түсірілімдерін өткізу. 
21 қыркүйек – 7 қазан: байқау комиссия мүшелерінің өтінімдерді қарастыру. 
8 қазан: байқау қатысушыларының тізімін жариялау. 
12-15 қазан: байқау қатысушыларына арналған тренинг-семинар өткізу. 
16, 19 қазан: байқау комиссия мүшелерінің байқау лауреаттарын іріктеуі. Әрбір 
лауреатқа менторды белгілеу. 
19  қазан  –  19  қараша:  «Бәйтерек»  холдингінің  «Бәйтерек»  холдингінің 
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің лауреаттарға консалтингтік 
қызмет көрсету. Сапалы бизнес-жоспарларды әзірлеу, менторлардың лауреаттармен 
жұмыс істеу. 
21  қараша:  Бизнес-жоспарлар  марафонын  өткізу.  Байқау  жеңімпаздарын 
«Болашақ»  Қауымдастығының гранттарымен және/немесе әлеуетті  инвесторлардың 
қаржы құралдарымен марапаттау [2]. 
«Болашақ»  қауымдастығы  мен  «Даму»  қоры  «Startup  Bolashak» 
байқауының басталғандығын хабарлайды. Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы 
жастар  қатыса  алады.  Үздік  бизнес  жобаларын  ұсынған  5  лауреат,  байқау 
жеңімпаздары гранттар алады. Бірінші орынға – 7 млн. теңге, 2 орынға – 5 млн. теңге 
және 3 орынға – 3 млн. теңге. Сонымен қатар «BI Group» холдингінің 10 млн. теңге 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
15 
гранттары.  ҚР  Президенті  жанындағы  Орталық  коммуникациялар  қызметінде 
«Болашақ»  қауымдастықтар  Кеңесінің  төрағасы  Қуандық  Бишімбаев  пен  «Даму» 
Қоры  басқармасының  төрайымы  Ләззат  Ибрагимованың  қатысуымен  баспасөз 
мәслихаты өтті. 
Байқау  жайлы  Ережеге  сәйкес,  оған  Қазақстан  бойынша  18  бен  29  жасқа 
дейінгі 
жастар 
қатыса 
алады. 
Стартап-жобалар 
байқауы 
«Болашақ» 
қауымдастығының 3 грантын қарастырады. Бірінші орынға – 7 млн.теңге, 2 орынға – 
5 млн.теңге және 3 орынға – 3 млн.теңге. Сонымен қатар «BI Group» холдингінің 10 
млн.  теңге  гранттары.  Бұған  қоса  аса  бір  қызық  идеялардың  авторлары  «Даму» 
Қорының  құралдарын  пайдаланып  төмен  пайызбен  несие  алып  «Бәйтерек» 
холдингінің  қолдауы  мен  Технологиялық  даму  жөніндегі  ұлттық  агенттігінің 
инновациялық гранттарын ала алады. 
«Даму»  Қорының  Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету  орталығының  базасында 
байқауға қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Мұнан басқа «Бәйтерек» холдингінің 
Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету  орталығы  мамандары  жас  кәсіпкерлерге  бизнестің 
негізін  оқытып,  консалтингтік  қызмет  көрсетеді.  «Даму»  Қоры  байқау 
жеңімпаздарына өз бизнестеріне қосымша қаражат тартуға мүмкіндік беретін несие 
бойынша кепілдік беруге дайын [3]. 
«Startup  «Bolashak»  байқауы  реалити-шоу  форматында  өтті.  «ҚазАқпарат» 
Халықаралық агенттігі «Startup «Bolashak» стартап-жобалардың конкурсы еліміздегі 
телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында өтеді деп хабарлады. Бұл туралы 
ҚР  Президенті  жанындағы  Орталық  коммуникациялар  қызметіндегі  баспасөз 
мәслихатында  «Болашақ»  қауымдастығы  кеңесінің  төрағасы  Қуандық  Бишімбаев 
айтты.  «Өтініш  берушілерді  іріктеу  жұмыстары  3-4  ай  бойы  жүргізіледі.  Бірінші 
кезеңде  біз  ең  үздік  20  жобаны  таңдап  аламыз.  Екінші  кезеңде  осы  20  адамның 
ішінен  10  адам  іріктеліп  алынады.  Осы  10  үздіктің  ішінен  ең  мықты  3-еуін  таңдап 
аламыз.  Міне,  осының  барлығы  телеарнадан  арнайы  жоба  ретінде  көрсетілетін 
болады», - деп атап өтті Қ. Бишімбаев. Оның айтуынша, аталған реалити-шоу 2015 
жылдың желтоқсан айында жүргізіле бастайды. 
Бағдарлама аясында жас кәсіпкерлер өздерінің конкурсқа даярлығын көрсетіп, 
қатысу 
кезінде 
қандай 
өзгерістер 
орын 
алғанын 
көрсете 
алады. 
Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  олардың  тәжірибесі  Қазақстанның  барлық 
жастарына  үлгі  болмақ.  Айта  кетейік,  конкурстың  жүлде  қоры  25  млн.  теңге,  оған 
18-29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады [4]. 
Екі  мыңнан  аса  Қазақстан  жастары  «Startup  Bolashak»  жобасына  қатысуға 
өтінім берді. 
2015  жылғы  20  шілдеде  «Болашақ»  қауымдастығы  «Даму»  Қорымен  бірігіп 
«Бәйтерек» 
холдингінің 
қолдауымен 
«Startup 
«Bolashak» 
байқауының 
басталғандығын  жариялаған.  Өтінімдерді  қабылдау  20  шілдеден  20  қыркүйекке 
дейін  жалғасты.  Байқауға  Қазақстанның  әр  аймағындағы  18-29  жас  аралығындағы 
жастары мен 5 адамға дейінгі жобалық топтар қатысты. 
Түскен  өтінімдердің  жалпы  саны  2  095  жетті.  Оның  2 080-і  –  байқау 
комиссиясының  қарауына  жіберілді,  15  өтінім  құжат  пакетін  толық  бермегені 
себепті кері қайтарылды. 
Ең  көп  түскен  өтінімдер  саны  Астана  қаласынан  (400  өтінім),  Алматы 
қаласынан  (227  өтінім),  Павлодар  облысынан  (155),  Батыс  Қазақстан  облысынан 
(134), Оңтүстік Қазақстан облысынан (134). 
Бизнес-идеялардың  басым  бөлігі  өңдеуші  –  647  өтінім,  ақпараттық 
технологияларға – 263, білім беру – 171 және басқа да салаларға байланысты. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
16 
Естеріңізге сала кетейік, стартап-жобалар байқауына 25 млн. теңге көлеміндегі 
гранттық  қолдау  көрсетіледі:  1  орын  үшін  –  7  млн.  теңге;  2  орынға  –  5  млн.  теңге 
және  3  орынға  –  3  млн.  теңге.  Сонымен  қоса  «BI  Group»  холдингі  бөлген  10  млн. 
теңге  көлемдегі  грант  пен  әлеуетті  инвесторлардан  стартапшыларды  дамытуға 
қаражат  қарастырылған.  Байқаудың  бас  серіктесі  Қазақстандағы  «Жинақбанкінің» 
еншілес банкі. 
Байқау 
комиссиясының 
құрамына 
танымал 
бизнесмендер, 
тәуелсіз 
сарапшылар,  қаржы  институттарының  өкілдері  кіреді:  Ғабит  Лесбеков  –  «Даму» 
кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  басқарушы  директоры,  Басқарма  мүшесі,  байқау 
комиссиясының  төрағасы;  Серікбай  Бисекеев  –  «Арман-Инжиниринг»  ЖШС 
Кеңесінің  төрағасы,  «Даму»  Қорының  тәуелсіз  директоры;  Нұрлан  Ақшанов  – 
«Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  кепілдендіру  департаментінің  басқарушы 
директоры;  Қайрат  Едіров  –  «Ресейдің  Жинақбанкі»  АҚ  Қазақстандағы  еншілес 
банкінің бизнеспен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары; Алуа 
Көрпебаева  –  Астана  қаласындағы  «Ресейдің  Жинақбанкі»  АҚ  ЕБ  филиалының 
корпоративтік бизнес бойынша директорының орынбасары; Арман Лесбеков –  «Bi-
Group»  құрылыс  компаниясының  жоба  жетекшісі,  «Болашақ»  қауымдастығының 
мүшесі;  Сағадат  Сәбитова  –  коуч,  бизнес-үйретуші,  кәсіпкер;  Жанна  Тұтқышева  – 
экономика ғылымдарының кандидаты, Қазтұтынушылародағы Қарағанды экономика 
университетінің  «Экономика  және  менеджмент»  кафедрасының  доценті,  бизнес-
үйретуші; Игорь Пасько – «ADAM Media Group» ЖШС креативті продюсері. 
Атап  өту  керек,  бизнес  жобаларды  іріктеу  кезінде:  бизнес  идеяның 
жаңашылдығы  мен  бірегейлігі,  олардың  әлеуметтік  маңыздылығы,  нысанды 
аудитория, сонымен қатар бизнестегі жұмыс тәжірибесі ескерілді. 
Байқау  комиссиясының  отырысының  қорытындысы  бойынша  23  бизнес  идея 
іріктелініп  алынды.  Олардың  авторлары  2015  жылдың  12  қазаны  мен  15  қазаны 
аралығында Астана қаласындағы семинар-тренингтерде оқудан өтті. 
Семинар-тренингтерден  өткен  соң  қатысушылар  өз  бизнес  идеяларын  байқау 
комиссиясы кеңейтілген құрамы алдында таныстырды. 
Қорытындысы  бойынша  бизнес  жоспарлар  марафонына  қатысу  үшін  10  үздік 
бизнес-идея іріктелініп алынды. 
Байқаудың II кезеңіне өткен қатысушылар: 1. Әділет Елеусов, Астана қаласы; 
2.  Азамат  Ермағамбетов,  Әсем  Сарбасова,  Мария  Хрущелева,  Никита  Карцев, 
Қостанай  қаласы;  3.  Азат  Сатов,  Алматы  қаласы;  4.  Әлішер  Зординов,  Алматы 
қаласы;  5.  Аманжол  Балғазаров,  Дамир  Өкпенов,  Астана  қаласы;  6.  Әнуар 
Шәймергенов,  Айдана  Төлеутаева,  Әнуар  Әлимов,  Астана  қаласы;  7.  Артем 
Столяров,  Иван  Жолик,  Көкшетау  қаласы;  8.  Архат  Ғарыпжан,  Әлішер  Шәкеров, 
Астана қаласы; 9. Асхат Мырзабаев, Алматы қаласы; 10. Аят Ахмет, Тараз қаласы; 
11.  Бағлан  Тілеулина,  Ақтөбе  қаласы;  12.  Бақытгүл  Қасымова,  Ержан  Алинов, 
Павлодар  қаласы;  13.  Бейбіт  Әбдіхалықов,  Алматы  қаласы;  14.  Вера  Сухова, 
Солтүстік Қазақстан облысы, Саумалкөл ауданы; 15. Гүлжазира Құсайынова, Астана 
қаласы;  16.  Дархан  Айтқазы,  Ілияс  Асанбаев,  Рүстем  Ахметжанов,  Ерлан  Біржан, 
Талдықорған  қаласы;  17.  Дархан  Мұқаев,  Екібастұз  қаласы;  18.  Диас  Тастанбеков, 
Алмат Сатыбалдин, Тимур Исмаилов, Бақыт Мусаев, Қайрат Кеңес, Алматы қаласы; 
19. Евгения Нухолова, Рудный қаласы; 20. Елдос Баялышбаев, Талдықорған қаласы; 
21.  Мұрат  Демеуов,  Алматы  облысы,  Іргелі  ауылы;  22.  Руслан  Шалқаров,  Алматы 
қаласы; 23. Сұлтанбек Әнуарбеков, Ұлжан Ихсан, Атырау облысы, Қиғаш ауылы. 
Көріп  отырғандарыңыздай,  «Болашақ»  қауымдастығы,  «Бәйтерек»  холдингі, 
«Даму» Қоры, Қазақстанның жинақ банкі, «BI Group» холдингі, «ТДҰА» АҚ, «Atasu 
Group  of  Companies»  компаниясы,  «Sheberbuild»  құрылыс  компаниясы,  Астана 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
17 
қаласының  әкімдігі  конкурстың  серіктестері  мен  ұйымдастырушылары  болып 
табылатын  «Startup  «Bolashak»  байқауына  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университеті  «5В051400  –  Қоғамдық  байланыс»  мамандығының  бітірушісі  Архат 
Ғарыпжан да белсене қатысып, осы конкурстың II кезеңіне өтті [5]. 
Осы  байқаудың  жеңімпазы,  Астана  қаласының  өкілі  Әділет  Елеусов 
ZHASORKEN.KZ  Интернет-ресурсына  берген  «Ғылыми  алаңқай  баланың  санасын 
өсіреді»  атты  сұхбатында  жас  кәсіпкерлерді  қолдауға  арналған  осындай 
конкурстардың  өте  пайдалы  екенін  атап  көрсетті.  2015  жылдың  шілде  айында 
«Болашақ»  қауымдастығы  өз  кәсібін  жаңадан  ашқан  кәсіпкерлерге  арнап 
республикалық  «Startup  «Bolashаk»  байқауын  жариялаған  болатын.  Үздік 
жобалардың  авторларын  «Бәйтерек»  холдингі  қолдап,  олар  «Даму»  кәсіпкерлікті 
дамыту қорынан кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды алу мүмкіндігіне ие болған. 
«Болашақ»  қауымдастығының  кеңес  төрағасы  Қуандық  Бишімбаевтың 
айтуынша, байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы екі мыңнан астам  жас бизнесмен 
қатысып,  оның  ішінде  20  жоба  іріктеліп  алынған.  Бір  жылға  созылған  байқаудың 
нәтижесі  19  ақпанда  белгілі  болды.  Астаналық  Әділет  Елеусов  бірінші  орынды 
жеңіп  алып,  10  миллион  теңгені  иеленді.  Әділет  Елеусов  бұл  байқауға  балаларға 
арналған қызықты зертхана құру туралы идеясын ұсынған еді. 
«Startup «Bolashak» – өз кәсібін ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге арналған екі 
кезеңнен тұратын байқау. Біріншісінде еліміздің барлық аймағынан түскен қызықты 
20 жобаның авторы оқу семинарлары мен тренингтерге қатысты. Екінші кезеңде сол 
бизнес-жобаларды өңдеуге кәсіби тәлімгерлерден тәлім алды. 
«Хабар» телеарнасында  «Startup  «Bolashak» реалити-шоуы түсірілді. Әр серия 
сайын  қатысушыларға  әртүрлі  тапсырмалар  берілді  немесе  кәсіпкерлікке  үйретті. 
Мәселен, бір жолы жас кәсіпкерлердің қолдарына  әріптестерінің есімдері жазылған 
парақтар таратып берді. Адам өзінің есімі жазылған парақты алу үшін сені көндіруге 
тырысады, оның орнына басқа бір нәрсе ұсынады, әйтеуір бір жолын табу керек. Кім 
өз аты жазылған парақшаларды көп жинаса, сол жеңімпаз болды. Бұл әртүрлі бизнес 
өкілімен, әртүрлі адамдармен келіссөз жүргізуге үйретеді. 
Жалпы,  байқауға  2095  адам  қатысқан.  Алғашында  барлық  қаржы  қоры  25 
миллион теңге болып еді, соңында 30 миллион теңгеге дейін өсті. Сөйтіп, 1-орынға – 
10  миллион  теңге,  2-орынға  –  7  миллион  теңге,  3-орынға  5  миллион  теңге  берілді. 
Жеңімпаздар қаржылай марапатқа ие болып қана қоймай, 10 миллион теңге қаржы 
бөліп  отырған  BI  Group  компаниясымен  100  миллион  теңгеге  дейін  келісімшартқа 
отыру  мүмкіндігіне  ие.  Әрине,  бұл  да  жеңген  кәсіпкерлер  арасында  өтетін  байқау 
арқылы [6]. 
Телеарналар  арқылы  көрсетілген  арнайы  тележобалар  жастар  кәсіпкерлігінің 
дамуына  кедергі  жасайтын  мынадай  проблемалар  бар  екенін  көрсетті.  Жастар 
бизнесі жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, білікті 
мамандарды  даярлау  сияқты  әлеуметтік-экономикалық  проблемаларды  шешуде 
басты  рөл  ойнайды.  Жастар  кәсіпкерлігі  ықпалын  күшейту  және  мүмкіндіктерін 
кеңейту,  оның  әлеуетін  пайдалану  қажет.  Жастар  бизнесі  шағын  кәсіпкерліктің 
елеулі саласы болып табылады. 
Жастар  кәсіпкерлік  ортадағы  ең  маңызды  буын  болып  табылады.  Бүгінгі 
таңдағы  жастар,  жастар  кәсіпкерлігі  10  жыл  өткен  соң  еліміздің  бет-бейнесін 
анықтайтын  болады.  Ертеңгі  елдің  экономикалық  өсуі  мен  даму  екпіні  бүгінгі 
жастар  бизнесінің  дамуына  тәуелді.  Осылайша,  бүгінгі  күні  жастар  кәсіпкерлігі 
Қазақстандағы шағын бизнес дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. 
Жастарды  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысуға  ынталандырушы  жағымды  жағдай 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
18 
жасау  жалпы  мемлекеттік  және  өңірлік  деңгейдегі  түрлі  бағдарламаларда 
қарастырылуда. 
Қазақстанның  көптеген  өңірлерінде  жастардың  өзекті  білім  мен  дағдыларды 
меңгеруіне,  ақпарат  алмасуына,  өз  идеяларын  дайындауына,  сарапшылар  кеңесін 
алуға мүмкіндік беретін алаңдардың дамымағандығын атап өту керек. Нәтижесінде 
инновациялық идеялар не өмірге келіп үлгермейді, не болмаса жоғары оқу орындары 
мен ғылыми зертханалар қабырғасынан алысқа кетпей, нарыққа шықпай қалады. 
Жастар  кәсіпкерлігін  кәсіпкерліктің  ерекше  саласы  ретінде  бөліп  көрсетуге 
себеп – ол кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда өзіне ғана тән белгілерге, күшті 
және әлсіз жақтарға ие. 
Жастар кәсіпкерлігінің мынадай күшті және әлсіз жақтары бар. 
Жастар  кәсіпкерлігінің  күшті  жақтары:  Жоғары  инновациялық  белсенділік, 
ойлаудың  жаңашылдығы;  Жинақылықтың  жоғары  деңгейі,  ұстанымдарының 
икемділігі, жаңа нарықтарды игеру бойынша әрекет жасаудың жылдамдығы; Өзінің 
кәсіпкерлік  білімдері  мен  дағдыларын  өндіріс  пен  нарықтағы  өзгергіш  талаптарға 
сәйкес  жүйелік  жаңарту  мүмкіншіліктерінің  жоғары  деңгейі;  Жас  адамдардың 
кәсіпкерлік  қызметтің  қиындығына  төзуге  қабілеті;  Жастардың  тәуекелге 
бейімделгіштігі. 
Жастар кәсіпкерлігінің әлсіз жақтары: Әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі; 
Іскерлік абыройдың аздығы; Экономикалық заңдар мен механизмдерді қолданудағы 
тәжірибелік  дағдыларының  әлсіздігі;  Бастапқы  капиталды  қалыптастыру 
проблемасы;  Бизнес  саласындағы  және  билік-басқару  құрылымдарындағы  жеке 
байланыстардың 
жеткіліксіздігі; 
Бюрократиялық 
құрылымдар 
ықпалынан 
қорғалмауы; «Көлеңкелі» кәсіпкерлікке қызығудың аса белсенділігі. 
Бұл  белгілер  жастар  кәсіпкерлігін  ерекше  санатқа  бөле  отырып,  оны  қолдау 
бойынша  негізгі  міндеттерді  анықтайды:  күштілерін  дамыту  және  әлсіз  жақтарын 
жеңу  қажет.  Бүгінгі  күнде  жастардың  дербес  бизнес-жобаларын  құруға 
дайындығына  ықпал  ететін  бірқатар  айрықша  проблемалар  шешусіз  қалып  отыр. 
Оған мыналарды жатқызуға болады: 
1.  Әлеуметтік  көңіл-күй.  Тәуекелге  баруға,  жаңа  дүние  жасауға  дайындықты 
болжайтын кәсіпкерлік рух жастар ортасында әлсіз боп қала береді.  Бүгінгі  жастар 
ірі бизнес немесе мемлекеттік қызмет саласындағы мансапқа көбірек ұмтылады. 
2.  Кәсіпкерлерді  бұқаралық  санамен  қабылдау.  Кәсіпкерлер  әлеуметтік  топ 
ретінде  жастардың  алдыңғы  қатардағы  кәсіби  артықшылықтар  тобына  кірмейді. 
Жастар  ортасында  кәсіпкерлік  қызмет  жетістікке  жету  емес,  қиындықтарды  жеңу 
мағынасында қабылдануы басым болып отыр. 
3.  Білім  берудің  мазмұны.  Дәстүрлі  оқу  орындарында  қажетті  экономикалық 
білімдер  ғана  беріледі.  Алайда,  табысты  кәсіпкерлік  қызметке  қажет  ынталандыру 
мен мінез-құлық құзіреттіліктері қалыптастырылмайды. 
4.  Бастапқы  шарттар.  Әлеуметтік  топ  ретінде  жастар  үшін  шағын  бизнесті 
қолдау  бағытында  жасалып  жатқан  шаралар  әзірше  көзге  көрінерлік  нәтиже  беріп 
жатқан  жоқ.  Нарыққа  еркін  шығуға  бөгет  жасаушы  әкімшілік,  құқықтық  және 
қаржылық кедерілер бұрынғыдай асу бермей тұр. 
5.  Жастардың  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік  қолдауды  жүзеге  асырушы 
ұйымдар  туралы  хабарсыздығы.  Сұрау  нәтижелері  көрсеткендей,  осындай 
ұйымдардың бар екендігін респонденттердің 18% ғана біледі екен. Сұралғандардың 
көпшілігі  (69%)  қаладағы  мұндай  құрылымдардың  бар  екендігі  жайлы  білмейтін 
болып шыққан. 
Жастар  –  қоғамның  ең  белсенді  бөлігі.  Олар  өмірдегі  кез-келген  өзгерістерге 
жылдам  жауап  қатады  және  олардың  жақсы  жақтарын  тиімді  түрде  қабылдайды. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
19 
Сондықтан  да  басқа  жас  топтарына  қарағанда  жастар  кәсіпкерлік  қызметке  деген 
елеулі әлеует пен қабілетке ие деп айтуға болады. Жастар кәсіпкерлігі – мемлекеттік 
органдар  тарапынан  ерекше  салмақты  назар  аударуды  талап  ететін  өте  күрделі 
сектор.  Оны  дұрыс  құрылған,  мақсатқа  бағытталған  қолдау  өңірдегі  шағын 
кәсіпкерліктің  дамуын  қамтамасыз  етеді  де,  бұл  өз  кезегінде  экономикалық  өсуге, 
өңірдің экономикалық тартымдылығының көтерілуіне алып келеді. 
Алайда  жастар  осы  кәсіпкерлікті  құру  жолында  үлкен  қиыншылықтарға 
ұшырасып  жатады.  Бұл  проблемалар  кәсіпкерлікті  құрудағы  қаржылық 
қиыншылықтармен де, жас адамдардың білімінің жеткіліксіздігімен де байланысты. 
Бұған несие пайызының және салықтың жоғары мөлшері, жастар қолында бастапқы 
капиталдың  болмауы,  өз  қызметінің  қысқа  мерзімділігі  мен  тәжірибе 
жетіспеушілігіне  орай  экономикалық  және  өндірістік  байланыстардың  шектеулілігі 
немесе болмауы жатады.  
Осы  және  басқа  да  проблемалар  жастар  кәсіпкерлігін  мемлекеттік  қолдау 
жолымен  міндетті  түрде  шешуді  талап  етеді.  Жастар  кәсіпкерлігін  қолдаудың 
әрекеттегі  әдістері  жайлы  жас  адамдардың  хабарсыздығынан  түрлі  науқандар, 
байқаулар  өткізу,  оқу  орындарында  ақпараттық  базалар  құру  қажеттігі  туындап 
отыр.  Осы  шаралардың  барлығы  жастардың  кәсіпкерлікті,  бизнесті  қолдары 
жетпейтін қызмет саласы ретінде қабылдауын тоқтатуға көмектесетін болады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал