03 астана ажары 11 спорт қазақ күресі — белбеу күресі



жүктеу 0.87 Mb.

бет1/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

03

АСТАНА АЖАРЫ

11

СПОРТ

Қазақ күресі — 

белбеу күресі

Спорт және денешынықтыру агенттігінің 

төрағасы Ерлан Қожағапанов мырза анау 

бір жолы: «Әр саланың тізгінін білікті маман 

ұстауы керек», — деді. Жанкүйер қауым бұл 

сөздің шығарыпсалма уәж болмағанын қалары 

анық. Жалпы, әр елдің ұлттық спорт түрі өз 

қазанында қайнап, халыққа патриоттық рух 

беретін бренд деңгейіне көтерілуі керек.

«Мен әйелімнің үйінде 

тұрып жатырмын»

«Менің жалақым 645 мың теңгені құрайды, одан 

130 мың теңге ұсталады. Қолыма таза 

алатыным 515 мың теңге», — деп бір 

қойды. Әрине, мұндай жалақымен шіріген 

байлардың санатына қоса алмасы-

мыз анық оны! Алайда, елордада 

шағын үйінің бар екендігін тілге 

тиек еткен ол, жұбайының атында 

оңтүстік астанада баспана тіркел-

гендігін ашық айтты. 

Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады

Бөлшек саудадағы бағасы келісімді

№44 (964) 7 ҚАРАША 2013  ЖЫЛАН  ЖЫЛЫ     

www.kazakhstanzaman.kz

БИЛІКТЕГІ 

ҚАУҚАРСЫЗДЫҚҚА 

ҚАТАЛ ЖАЗА 

елімізді жайлап алған тәртіпсіздікке, 

жемқорлыққа қарсы күрес майданы болғай!

Президент Әкімшілігінің қызметін 

жетілдіру мәселелеріне арналған кеңесте 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: 

«Аппарат мемлекеттік бағдарламалардың 

орындалу барысын бақылап, кемшіліктерді 

айқындауға және оларды тиімді іске асыру 

жөнінде нақты шараларды белгілеуге 

тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында 

менің тарапымнан айтылған сындардан 

тиісті қорытынды шығарылуы керек. Бұл 

бағыттарда қандай жұмыстар жүргізіліп 

жатқаны, кімдер жауапқа тартылғаны 

және жазаланғаны туралы әрбір факт 

бойынша халық алдында есеп беріп, БАҚ-

та жариялау жөнінде тапсырма берілген 

болатын. Мен айтқан сын бойынша тек 

«Тұрғынүй-құрылысжинақбанкінің» 

жағдайы жөніндегі деректер ғана айтылды, 

өзге ешқандай ақпарат болған жоқ. Тіпті 

бұл ретте менің тарапымнан айтылған 

сынның бір бөлігі газет беттерінде де 

көрініс таппаған және телеэфирден де 

берілмеген. Сондықтан әркімнен тек өз 

бағыты бойынша бағдарламалардың 

орындалуымен ғана емес, сондай-

ақ Үкіметтің, министрліктер мен 

ведомстволардың жұмысындағы 

кемшіліктерді жою жөніндегі барлық 

нұсқауымның орындалуымен қатаң түрде 

жұмыс жүргізуін талап етемін. Президент 

Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары 

облыстардағы ахуалды толық білмейді”, 

— деді. Сол-ақ екен, билік те ұйқысынан 

оянып, Үкімет отырысында ҚР Бас уәзірі 

Серік Ахметов: «Қазіргі таңда мемлекеттік 

органдар, министрлер, әкімдер тарапынан 

11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында Елбасының ағымдағы 

жағдайға байланысты Үкіметке берген 

бірқатар нақты тапсырмаларын орындау 

жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей 

отыр. Қазіргі жағдай жылдың соңына дейін 

өзгермесе, мен Президенттің атына бірінші 

басшыларды, оның ішінде министрлер мен 

әкімдерді жазалау туралы ұсыныстарды 

енгізу мәселесін қарастырамын»,— деп 

қатуланды. Өздеріне тықыр таянғанын 

сезген болуы керек, ҚР Білім және ғылым 

министрлігінің қос бірдей вице-министрлері 

— Мұрат Орынханов және Мұрат Әбенов 

жұмыстан өз еркімен кету жөнінде арыз 

беріп, ол Үкіметтің қарауына енгізілді. Енді 

оны Үкімет шешетін болады. Министр 

А.Сәрінжіпов те: «Біз жұмыс істемейтін 

адамдармен қош айтысатын боламыз. 

Ол мәселе министрлікке де, жоғары оқу 

орындарына да, жалпы барлық білім беру 

мекемелеріне де қатысты»,— деп атап 

өтті.   


Осындай батыл өзгеріс пен бақылау 

мемлекетімізге ауадай қажет еді. 

Басталды, тек ұзағынан сүйіндіргей!

Ермек Назым         

Серік Ахметов: «Қазіргі таңда 

мемлекеттік органдар, министрлер, 

әкімдер тарапынан 11 қазандағы 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында 

Елбасының ағымдағы жағдайға 

байланысты Үкіметке берген 

бірқатар нақты тапсырмаларын 

орындау жұмыстары тиісті деңгейде 

жүргізілмей отыр. 

Осы аптада еліміз үшін, әсіресе 

медицина саласы үшін айшықты 

іс-шара  орын  алды.  Нақтырақ 

айтсақ,  оңтүстік  астанамызда 

м е д и ц и н а л ы қ - с а н и т а р л ы қ 

алғашқы  көмек  жөніндегі  Алма-

ты декларациясының қабылдан-

ғанына  35  жыл  толуына  орай 

халықаралық  конференция  бол-

ды. 

Аталған айтулы оқиғаға әлем-



нің  әр  түрлі  мемлекеттерінен 

арнайы  делегаттар  келді.  Ал-

дымен  5  қараша  күні  Алматы-

дағы Республика сарайының қасбетіне 1978 жылғы декларацияны ұрпақтар 

жадында  мәңгі  сақтау  үшін  ескерткіш  тақтасы  қойылды.  Таңдаудың  дәл 

осы  сарайға  түсуінің  де  өзіндік  сыры  жоқ  емес.  Себебі,  осы  ғимаратта 

табаны күректей 35 жыл бұрын, яғни 1978 жылы 6-12 қыркүйекте Алматы 

декларациясын (Әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы) қабылдаған 

дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  мен  балалар  қорының  алғашқы 

медициналық-санитарлық  жәрдем  жөніндегі  тарихи  халықаралық  конфе-

ренциясы  өткен.  Аталған  жиын  МСАК  (медициналық  алғашқы  санитарлық 

көмек) маңыздылығына назар аударған алғашқы халықаралық конференция 

еді. Ауқымы мол іс-шара С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина 

университетінде тек еліміз үшін ғана емес, төрткүл әлем үшін де маңызды 

саналатын  —  денсаулық  сақтау  көмегін  көрсетудің  (АМСЖ)  дүниежүзілік 

ұйымының  әлемдегі  алғашқы  географиялық  шалғай  кеңсесінің 

ашылуымен  жалғасын  тапты.  Осылайша  бүгінде  Алматымыз 

әлемнің  54  елі  үшін  алғашқы  медициналық  санитарлық 

жәрдем бойынша ДДҰ астанасына айналып отыр.

Қарашаның 6-7 күндері негізгі іс-шара — алғашқы 

медициналық  санитарлық  көмек  беру  декла-

рациясының  35  жылдығына  арналған 

халықаралық  конференция  өтті.  Оған 

70  мемлекеттен  500-ге  тарта 

делегат қатыспақ. 

Нұргүл 

Жамбылқызы

Алматы – жедел жәрдемнің 

әлемдік астанасы

ҚАМШЫБАСАР-ТҰЖЫРЫМ

«Көш тоқтамасын

, құйылсын



қазақ елін

е жиылсын!» 

— деп үн қатад

ы 

ақад

ырлық ағайындар

Шеттегі 5 

млн. қазақтың 

бірі қалмай Отанына 

оралмайынша, үндеу 

күшін жоюы мүмкін емес. 

Бұл шеттегі қазақты Отаны-

на, атажұртына шақырған 

басты құжат болып табы-

лады. Бұл құжаттың күшін 

жоюға талпынып жүргендер 

қазақты жоюды ойласты-

рып жүргендер ме деп 

қорқамын.

05

СҮЙІНШІ!

БИЛІК АЙНАСЫ

Карикатураны салған — Елнар Бейміш



02

АҚПАРАТ — САРАП

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

РЕДАКЦИЯДАН:

Бүгінгі таңда қазақ-түрік 

лицей шәкірттері талай 

білім додасында алтын-

нан алқа тақса, күміс пен 

қоладан да кенде емес.  

Олар тек лицейлерінің 

ғана емес, күллі Қазақ 

елінің, Тәуелсіз Қазақстан 

мемлекетінің жарқын  

болашағына елеулі үлес 

қосатын өрендері екенін 

жыл сайын дәлелдеуде. 

Оның  жарқын  дәлелі  —  үстіміздегі 

жылдың  20-25  қазан  күндері  аралығында 

Бразилия  елінің  Новогамбург  (Novo  Ha-

mburgo)  қаласында  жалпы  білім  беретін 

пәндерден  өткен  XXVIIІ  «MOSTRATEC» 

Халықаралық  ғылыми  жобалар  сайысына 

қатысып,  жоғары  жетістіктермен  елге  ора-

луы. Аты айтып тұрғандай, әлемдік додада 

өз елдерінің арасында сынға түсіп, сүрінбей 

шыққан  білімге  құштар,  ағылшын  тіліне 

де  жүйрік  «сен  тұр,  мен  атайын»  деген  28 

мемлекеттің дарынды жастары қатысты.  

Қазақстанның  намысын  қорғауға  барған 

оқушыларға  топ  жетекшісі  ретінде  қазақ-

түрік лицейлерінің ұстаздары Муаммер Гүл, 

Қожабеков Дарханбек және Бисекенов Бау-

ыржан тағайындалды.   

Жыл бойы дайындалып, ізденіп, қала бер-

ді ата-анасының, мектебінің үміттерін ақтау 

үшін  барын  салған  Астана,  Алматы,  Есік, 

Ақтөбе,  Қостанай  қалалары  және  Шығыс 

Қазақстан, 

Маңғыстау 

облыстарының 

шәкірттері «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» 

болып суырылып шығып, баршасы жүлделі 

орындармен елге оралды.  

Өз кезегімізде әлемдік ғылыми жоба жары-

сында  Қазақстан  командасына  жетекшілік 

жасаған,  Астана қаласындағы дарынды ер 

балаларға  арналған  лицей-интернатының 

математика  пәнінің  мұғалімі  Муаммер  Гүл 

мырзамен кездесіп, сұхбаттасу үшін лицей-

ге ат басын бұрдық.  

Муаммер  мырза,  топ  жетекшісі  ретін-

де  Халықаралық  жоба  жарысы  жайлы 

тарқатып  айтсаңыз.  Сонымен  қатар,  бұл 

жарысқа  қазақ-түрік  лицейлерінен  қанша 

оқушы қатысты?  

—  Бразилияда  өткен  әлемдік  додада 

әр  елдің    бетке  тұтар    ақылды  да    білімді  

жастары    жиналды  десем,  қателеспеймін.  

Қазақстаннан 33 оқушы қатысып,  13 секция 

бойынша  400-ден  астам  жоба  тыңдалды. 

Ғылыми-жобаға  дүниежүзінен  жиналған  ең 

мықты  ғалымдар  төрелік  жасады.  Жалпы, 

жоба  сайысы  өте  әділ  және  қызықты  өтті. 

Соның ішінде елімізден  4 секция бағытында 

33  оқушы  12  жоба  бойынша  өз  білімдерін 

ортаға салды.  Олар математика, биология, 

тарих,  ағылшын  пәндері  бойынша  зерттеу 

жұмыстарына қатысты. Нәтижесінде біздің 

оқушыларымыз    4  алтын,  5  күміс,  3  қола 

жүлдеге ие болды.  Оның ішінде қазақ-түрік 

лицейлерінен  17  оқушы  қатысып,  өз  білім-

дерімен ел қоржынын жүлделі орынға тол-

тырды. Атап айтар болсам:



Алтын медаль — Ибраев Төлеби, 

Мәделхан Ақжан, Хусаинов Дамир, 

Тұңғышбаев Жандос, Базаргелді 

Әнуар (Астана ҚТЛ),  Қасым Әлішер 

(Ақтөбе ҚТЛ), Азамат Әбдікерім мен 

Жалғас Байсыдық (Есік ҚТЛ). 



Күміс медаль — Абдуалиев 

Диас (Маңғыстау ҚТЛ), Несем-

баев Диас, Сағынтаев Әділхан, 

Әшірбаев Темірлан (Қостанай ҚТЛ), 

Қыдырбекұлы Дәулет және Ораз 

Азамат (Астана ҚТЛ), Құлниязов 

Айдос (Ақтөбе ҚТЛ). 

Қола медаль — Тұрсынханов 

Мақсат пен Ибраев Астамбек (Се-

мей ҚТЛ).

Фарида Мықтыбайқызы

«Казкоммерцбанк» АҚ басқарушы ди-

ректоры Мағжан Әуезов БАҚ өкілдеріне 

берген  сұхбатында:  «Ипотека  20-25 

жылға  берілетін  ұзақ  мерзімді  несие 

түрі  болып  табылады.  Қандай  да  бір 

банк несиенің бұл түрін беру үшін оған 

қаржы  институтын  ұзақ  мерзім  бойы 

қаржыландыратын  арнайы  қаржы  көзі 

керек.  Себебі  ипотека  —  өте  сенімсіз 

әрі  қатерлі  өнім.  Оның  үстіне  біз  не-

сие  алушының  мүмкіндігін  жан-жақты 

тексеруіміз  керек.  Біздің  банктің  не-

сие  беруді  тоқтатуы  оның  пайыздық 

мөлшерлемесін көтерумен байланысты 

болып  отыр.  Бүгінде  үкіметке  ипотека 

мәселесін  шешу  үшін  несие  алушы-

мен  қатар  берушіге  де  тиімді  көптеген 

ұсыныстар жасалып жатыр. Әзірге олар 

тек  талқыланып,  жан-жақты  саралану-

да. Айта кетерлік жайт, егер дәл осылай 

елімізде  ипотекалық  несие  берілмей 

немесе  оның  пайыздық  үстеме  ақысы 

көтерілетін  болса,  онда  мемлекет 

тұрғын  үй  нарығының  50-80  пайызын, 

ІЖӨ-нің  1  пайызын  жоғалтады»,—  деп 

мәлімдеді. 

«Ипотека — өте сенім-

сіз, қатерлі өнім»

ҚР БҒМ баспасөз қызметі бұған дейін 

БАҚ беттерінде еліміздегі мемлекеттік 

жоғары оқу орындарының жекешеленуі 

мүмкін  деп  тараған  ақпаратты  жоққа 

шығарып:  «Үкімет  отырысындағы  Бі-

лім және ғылым министрлігінің баянда-

масында жекешелендіру жөнінде емес, 

жоғары  оқу  орындарына  дербестік 

беруді  көздейтін  автономия  туралы 

хабарланған: бұл жоғары оқу орында-

рын жекешелендіру немесе жеке қолға 

беру деген сөз емес», — делінген ха-

барламада.    Автономдық  мәртебесін 

алған жоғары оқу орны білім беру са-

пасы үшін, өз студенттерінің жұмыспен 

толық  қамтамасыз  етілуі  үшін  жауап-

кершілік көтереді. Министрлік жоспары-

на  сәйкес,  жеке  даму  бағдарламасын 

әзірлеп,  басқарудың  алқалық  түрін 

енгізген,  Қамқоршылық  кеңес  құра 

алған  және  жемқорлыққа  қарсы  ша-

ралар  қабылдай  алатын  жоғары  оқу 

орындарына  ғана  автономия  беріле-

ді.  Бұл  ретте,  мемлекет  тарапынан 

бақылау  мен  қолдау,  қаржыландыру 

сақталады. Жергілікті атқарушы орган-

дар, бизнес пен қоғам жоғары оқу ор-

нын басқаруға қатысады. Бұл жоғары 

оқу орындарының ашықтығын көтеріп, 

қоғамдық бақылауды қамтамасыз ете-

ді, сондай-ақ, үздік әлемдік тәжірибеге 

сәйкес,  жоғары  білім  беру  саласына 

инвестициялар тарту үшін тиімді шарт-

тар қалыптастырады», — деп ақталды. 

Әлгі  отырыста  БҒМ  2016  жылға  дей-

ін  қазақ  тілінде  білім  беретін  оқу 

орындарының саны артады дей келіп: 

«Біз қазақ тіліне зор көңіл бөлетін бо-

ламыз. Мемлекеттік тілде білім беретін 

оқу  орындарының  саны  арта  түседі. 

Мектепке дейінгі білім беру саласында 

мұндай ұйымдар саны  2  мыңға дейін, 

орта білім беруде 4 мыңға дейін жет-

кізілсе, техникалық және кәсіптік білім 

беру  саласында  олардың  саны  50-ге 

артады», — деп мәлімдеген.  

Жоғары оқу 

орындары 

жекешеленбейді, 

бірақ...

Білім және ғылым министрлігі ақталып әлек

Тарихи  сын  кезде  елі  үшін  жанда-

рын  құрбан  етіп,  жерін  ұрпақтарына 

аманат етіп қалдырған батырлардың 

рухына арнайы Құран оқылып, айтыс 

өткізіліп, ат бәйгесі ұйымдастырылды. 

Қалың  көпшілік  жиналған  бұл  айту-

лы  шара  батырлардың  тарихтағы 

орнының  орасан  екенін  тағы  да  бір 

дәлелдеді.

Жуырда  осы  екі  батырдың  ерен 

ерлігі  туралы  айшықты  безендірілген 

«Сұраншы-Саурық» атты кітап қалың 

оқырманның  қолына  тиді.  Халық  ба-

сына  күн  туған  сәтте  қалқан  болып 

қорғай  білген,  көзсіз  ерлік  көрсеткен 

батырларға  ұрпақтары  осылайша 

еңселі  ескерткіш  орнатып,  тарихта 

есімін мәңгі қалдырды.

Елбасының  баспасөз  қызметі:  «Атқарушы  билікте  бірқатар  құрылымдық 

өзгерістер  орын  алды.  Қазақстанның  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлі-

гі  Қоршаған  ортаны  және  су  ресурстарын  қорғау  министрлігі  болып  қайта 

құрылды.  Бұл  жөнінде  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  арнаулы  Жарлыққа 

қол қойды», — деп хабарлайды.  Енді аталған министрліктің қарауына су ре-

сурстарын басқару саласындағы бірқатар өкілеттіктер беріледі. Бұған дейін су 

ресурстары саласы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарап келген болатын.

Еуропалық  құқық  және  адам  құқықтары  сараптамалық  институтының  ди-

ректоры  Марат  Бәшімов:  «Қалаларда  әкiм  келе  жатса,  жолды  оқшаулап,  жа-

уып тастайды. Олар неге өзгелердiң жолына тосқауыл қояды? Тiптi мемлекет 

басшысының өзi мұндайға жол бермейдi. Ал олар болса 30 минутқа жолды жа-

уып тастайды. Әкім-қараларға эскорт рұқсат етiлмеген. Бұл заңды тiкелей бұзу 

болып саналады».



АПТАНЫҢ АРДА УӘЖІ

Әкімдердің жолды жабуға 

құқығы жоқ

Министрлік атауы өзгерді 

Қазақстан 

Ислам 

кеңесіне 

мүше болуы 

мүмкін

ҚР Бас уәзірінің орынбасары 

және Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігінің 

тізгінін ұстаған Әсет Исе-

кешов Ұлыбританияда 

өткен бүкіләлемдік ислам 

экономикасының форумында: 

«Қазақстан қаржылық қызмет көрсету 

жөніндегі  ислам  кеңесіне  енуді  көздеп 

отыр  әрі  ислами  қаржыландыру 

нарығына қатысты халықаралық ұйымға 

кіру мәселесін қарастырып жатыр», – деп 

мәлімдеді. Біз Елбасының тапсырмасы 

бойынша ТМД мен Орта Азия елдеріне 

қызмет  көрсететін  аймақтық  ислами 

қаржы орталығын құру жұмыстарымен,  

нақтырақ айтқанда, 2020 жылға дейінгі 

аралықты  қамтитын  ислами  қаржыны 

дамытудың  жол  картасын  әзірлеумен 

айналысып 

жатырмыз. 

2013-2015 

жылдарға  арналған  Ислам  даму  бан-

кімен  серіктестік  стратегиясына  қол 

қойылды»,— деп мәлімдеді. 



Халықаралық ұйым — ис-

лами қаржылық қызмет 

көрсету жөніндегі кеңес 

2002 жылы құрылған. 

Аталмыш ұйым шариғат 

талаптарына сай 

қызмет көрсететін банк 

саласындағы, капитал және 

сақтандыру нарығындағы 

стандарттардың сақталуын 

бақылап, осы стандарттар-

ды әзірлеп, оны  қолданысқа 

енгізген. Оның штаб-пәтері 

Малайзия астанасы Куала-

Лумпурде орналасқан.  

Қалың  көпшілік  қатыстырылатын 

мәдениет  күндерінің  қорытындысы 

Талдықорған  қаласындағы  Ілияс 

Жансүгіров  атындағы  Мәдениет  са-

райында шығарылды. Бұл шараға об-

лыс  әкімі  Аңсар  Мұсаханов  қатысып, 

қалың көпшілікті құттықтады.

Облыс  басшысы  жыл  он  екі  ай 

өткізілген  мәдениет  күндерінің  қоры-

тындысын  жариялап,  жеңімпаздарды 

марапаттады.  Нәтижесінде  Балқаш, 

Ескелді,  Іле,  Кербұлақ,  Көксу,  Еңбек-

шіқазақ,  Ақсу,  Панфилов,  Жамбыл 

аудандары  ынталандыру  жүлдесімен 

(150 мың теңге), Талдықорған қаласы 

арнайы  сыйлықпен  (100  мың  теңге), 

Ұйғыр ауданы мен Қапшағай қаласы ІІІ 

дәрежелі дипломмен (200 мың теңге), 

Қаратал  ауданы  ІІ  дәрежелі  диплом-

мен (250 мың теңге), Қарасай ауданы 

І дәрежелі дипломмен (300 мың теңге) 

марапатталса, ал Алакөл ауданы бас 

жүлде  —  диплом  мен  13  орындық 

«УАЗ» автокөлігіне ие болды.

Бұл шара соңы аудандардың 

көркемөнерпаздарының 

қатысуымен қалықтаған әнмен, 

күмбірлеген күймен, мың 

бұралған бимен жалғасын 

тапты.

Мәдениет күндерінің 

қорытындысы шығарылды

«Ломбард  Автобизнес  Плюс»  ЖШС 

төмендегідей  кепілдікке  қойылған  мүліктерді 

сату туралы хабарлайды: Алтыннан жасалған 

зергерлік бұйымдар, алтын бұйымдар сынығы, 

бриллиант бұйымдары.

Сауда өткізілетін уақыты: 2013 жылғы  «19» 

қараша.  Сауда  өткізілетін    орны:  Қазақстан 

Республикасы,  Алматы  қаласы,  Шәріпов/

Досмұхамедов  көшесі,  90/89-93.  Сауданың 

өткізілетін  уақыты:  сағат  11.00-ден  12.00-ге 

дейін.  Сенім  білдірілген  тұлға:  Жұмағалиев 

Н.Н.  Сатып  алу  құнын  төлеу  тәртібі:  қолма-

қол ақша немесе ақша аудару түрінде жүзеге 

асырылады.  

Байланыс телефоны: 8 (727) 292-62-48.

ҚР 

Орталық 


коммуникациялар 

қызметiнде  өткен  брифингте  ҚР  Iшкi 

iстер  министрлiгi  Әкiмшiлiк  полиция 

комитетiнiң  төрағасы  Игорь  Лепеха: 

«Жол  үстіндегi  төтенше  оқиғаларды 

болдырмас үшiн, жол қозғалысы тура-

лы жаңа заң аясында Iшкi iстер минис-

трлiгi жол қозғалысы ережесiн бұзғаны 

үшiн 

жауапкершiлiктi 



қатайтуды 

қарастырып отыр. Аталған заң жобасы 

Мәжiлiс қарауына жолданды. Қазiр ол 

депутаттардың  қызу  талқылауында. 

Қазiргi  уақытта  құқық  бұзғаны  үшiн 

айыппұл салынатын барлық тармақтар 

бойынша  бiз,  егер  үшiншi  рет  құқық 

бұзылса, онда жүргiзу куәлiгiнен айыру-

ды қарастырдық. Яғни қауiпсiздiк бел-

беуiн  тақпағаны  үшiн  бiр  рет,  екi  рет 

айыппұл  салынып,  жүргiзушi  одан  еш 

қорытынды шығармай, тағы қайталаса, 

онда үшiншi рет бiз оны сот шешiмiмен 

6  айға  дейін  жүргiзушi  куәлiгiнен  айы-

руды  қарастырдық.  Жалпы,  7  негiзгi 

құқық  бұзушылық  бойынша  айыппұл 

санкцияларын арттыру ұсынылған. Бұл 

көлiк  басқару  кезiнде  жүргiзушiнiң  те-

лефонды  пайдалануы,  жылдамдықты 

асыруы,  жол  қиылысынан  өту  ере-

жесiн  бұзу,  маневр  жасау  ережесiн 

бұзу, көлiктi жолдың қозғалыс бөлiгiне 

қою,  тоқтау  және  аялдау  ережесiн 

бұзу,  абайсыздық  салдарынан  адам 

денсаулығына  жеңiл  және  орташа 

деңгейде зиян келтiру. Мысалы, 10-20 

км/сағ  жылдамдықты  асырғаны  үшiн 

айыппұл  5  АЕК-тен  10  АЕК-ке  дейiн 

ұлғайтылады.  Сонымен  қатар,  40  км/

сағ  астам  ұзақтықта  жылдамдықты 

асыру,  жолдың  қарсы  бетiне  шығу 

және  iшкi  iстер  органының  тоқтау  ту-

ралы  бұйрығын  орындамағаны  үшiн 

айыппұлдың орнына 9 айға дейiн көлiк 

құралынан  айыру  қарастырылуда», 

— дедi.  



Жол ережесін бұзғандарға 

қатаң жаза

ҚТЛ әлемдік 

додада тағы 

да топ жарды

Бетті 

дайындаған — 

Ермек Сахариев

Қос батырға құрмет

Атақты Сұраншы 

мен Саурық 

батырлардың 

Жамбыл ауданын-

да бой көтерген 

ескерткіштің 

ашылу салтана-

тында Алматы 

облысының әкімі 

Аңсар Мұсаханов 

қатысып, құттықтау 

сөз сөйледі.

Сегіз жылдан бері 

дәстүрлі өткізіліп келе 

жатқан мәдени шара 

өткен жылдан бері үш ау-

даннан біріктіріліп, жаңа 

үлгіде ұйымдастырылған 

еді. Бұл мәдениет 

күндеріне әрбір аудан 

жыл он екі ай дайында-

лып, өздерінің барлық 

өнерлерін ортаға сала-

ды. Мәдениет күндерінің 

шеңбері өте үлкен.



03

АСТАНА АЖАРЫ

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

Баяндамасының 

98 пайызы орысша

1 қараша күні Астана қаласындағы ҚР Президенті 

жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі 

баспасөз  мәслихатында  Алматы  қаласының  әкімі 

Ахметжан Есімов ағынан жарылды. Бір сағатқа жуық 

баяндамасының  екі-үш  минутын  ғана  ана  тілінде 

сөйлеген әкім, сұрақ-жауап кезеңінде мектепке дейін 

орысша білмегенін ұяла отырып әңгімеледі. Бар біл-

ген орысшасы «помидор» екен. Қас қылғанда оны да 

ұмытып  қалып  қиналған  кездері  болыпты...  (Соның 

есесін осы жиында бір қайтарды).

Айтпақшы,  «Баяндамаңызды  қазақша  неге 

оқымадыңыз?» — деп сұраған журналистерге: «Ке-

шегі  өткен  Алматыдағы  әлем  чемпионатында  тек 

қана  қазақ  тілінде  сөйледім»,  —  деп  бұртиды  әкім. 

(Қазақша  көп  сөйлеп  қойған-ау  тегінде).  Сондықтан 

да  бұл  жолы  өзге  ұлттармен  де  санасу  үшін  50-50 

саясатын  ұстанғанын  емеурінімен  сездірді.  Жә  де-

лік. Мемлекеттік тілге деген ел тізгінін ұстап отырған 

шенеуніктердің  ұстанымы  осындай  болса,  не  істей 

аламыз?..

Сонымен, жер жәннаты — Алматы гүлдену үстінде 

екен.  Жеткен  жетістіктерді  қазбалай  берсек,  таң 

атыруға болады. Соны ескеріп, көңілге түйген көрікті 

ойларды ғана ықшамдап ұсынбақпыз.

Биыл  Алматының  жалпы  аймақтық  өнім  көлемі 

12  пайызға  өседі  деп  күтілуде.  «Өткен  жылы 

Алматының  жалпы  аймақтық  өнім  көлемі  5,6  трлн. 

теңгені құрады немесе жан басына шаққанда 25 мың 

АҚШ долларына жетті», — деді әкім. Сонымен қатар 

А.Есімов  қаладағы  орташа  жалақы  көлемі  139  мың 

теңгеге  жеткендігіне  ерекше  тоқталды.  Таратылған 

мәліметтерге  қарағанда,  мемлекеттік  барлық  бюд-

жет  табыстарының  25  пайызы,  республика  бойын-

ша  барлық  көтерме  айналым  көлемінің  40  пайызы 

Алматыға тиесілі екен.

«Сондай-ақ, қала бюджеті 354 млрд. теңгені құрап 

отыр.  Атап  айтқанда,  қала  қазынасының  64  пайы-

зын шағын және орта бизнес қамтамасыз етуде. Бұл 

салада  еңбекке  жарамды  әрбір  үшінші  алматылық 

жұмыс істейді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 

1,3 трлн. көлемінде салық жиналады деп болжанып 

отыр», — деп, ұйып тыңдап отырғандарды бір шолып 

шықты.


Иә,  қарап  отырсақ,  354  млрд.  теңге  Монғолия, 

Тәжікстан,  Қырғызстан,  Армения  секілді  мем-

лекеттердің бюджетіне пара пар.

«Жыл басынан бері 17,5 мың жұмыс орны құрылды 

және бұл мәселе біздің қала үшін өте маңызды. Біз 

биыл  18  мың  жұмыс  орнын  ашу  мақсатын  қойдық, 

сондай-ақ бұл көрсеткішке міндетті түрде қол жеткізі-

леді», — деді әкім шабыттанып бір кезде.

Оның  сөзіне  қарағанда,  Алматыда  экономикалық 

белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздар үлесі 

0,2 пайызды құрайды.



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал