0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Сөзің де, өзің де сыпайы болуға тырыс



жүктеу 278.02 Kb.
бет12/38
Дата11.11.2022
өлшемі278.02 Kb.
#23752
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
3 сынып 22-23
5 Ә ҰМЖ, Қаз әдебиеті 2021-2022,130б
Сөзің де, өзің де сыпайы болуға тырыс.
Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. Сонымен қатар, киімге жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті, және жарасымды киін. Бұндай сырт келбет пен әдептіліктің үйлесімі саған лайық дүниелерді тартады. Мәселеге жан жақты қарай алатын кең көзқарас қалыптастыр, сыңаржақ пікірлерден сақтан, жалған әсерге берілмей, обьективті шешім қабылдауға тырыс.



Компьютер

Соңы



  1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік.

  2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.





комппютер






Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қонақ келсе құт келеді»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы түсініктерін жетілдіре отырып



Құндылықтарды дарыту

сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу, ойлау қабілеттері мен сөйлеу тілін дамыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бейнетаспа
«Қонақ келсе – құт», «Менің елім – Қазақстан», әдеби кітаптар, суреттер



Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Ұйымдастыру.
Сабақты „қонақ„ келді ойынымен бастау.
Ұстаз сыныпқа қонақ ретінде кіреді. Әр бала өз тәжірибесінен үйде, отбасында көрген қонақ күту туралы естеріне түсіріп, әңгімелейді. Қонақ шақыру, қонаққа бару жайлы кіріспе әңгімелер айтылады.
Сергіту:Балақай.
Өлең оқу: Қонақ келді, алақай,
Қонақ келді.
Қонақ келсе құт
Деген қазақ халқы.
Жоғары шық,жоғары,
Келген қонақ
Біздің үйде болсыншы,
Бүгін бір той. (өлеңді қайталап оқу,хормен жаттау)
Шешендік сөздерден алынған қонақ туралы өлең жолдарын оқып,түсіндіру. Қонақ келсе құт ол жақсылық,береке деген ұғым екенін баса айту.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)





Қонақжайлылық.
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
Түсіңіз„ деп түс беріп,
Шалбарына оралсаң,
Екінші еткен құрметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болмағы ,
Құрметпен үйге қонғаны,
Кешіктірмей шай берсең
Ұмыт болар тоңғаны.
Тысқа шықса қария,
Қолыңда болсын құмғаның.
Ірікпесең барыңды,
Қонақжайлылық сол - дағы.
Өлеңнің әр сөйлемінің мағынасын жеке - жеке түсіндіріп,қойылым ретінде көрсету (сәлем беру, үйге кіргізу,көрпе төсеу, шайға шақыру,құмған ұсыну т.с.с.)




Қонақты кім қарсы алады?


Қонақты қайда отырғызады?


Қазақ халқы қонақтарды қандай түрлерге бөлген?


Келген қонаққа ең алдымен не істеген?


Шайды кімдер құяды?


Ыстық тамақты қашан әкеледі?


Қонақтардың көңілін қалай көтерген?




Компьютер

Ортасы (20 мин)



Сөйлемдерді толықтыр:
Қонақты ... қарсы алады. Бұл – ... «құт» кірсін. Қонақты .... отырғызған. Келген қонақтармен жөн сұрағаннан кейін, үй иесі қонағына .... беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен .... сусын, қымыз, шұбат және тағы басқалары беріледі. Содан кейін ... ішіледі. Шайды ... құяды. Қонақтарға .... әйелдер мен бойжеткенге үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған қыз .... саналған. Ол үшін үй иесі ...., қонақпен бірге отырады. Ауылдағы .... шақыртады. Қонақ күту – халқымыздың ... ісі.






Компьютер

Соңы



1. Қонақ қойдан жуас...
2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
3. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.
5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
8. Қонақ келсе- құт келер
9. Қырықтың бірі – қыдыр
10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады
11. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ
12. Жаман үйдің қонағы билейді 





Оқушылар топпен жауап береді



комппютер

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ана тілім ардағым»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы –ой, Ақылды ой,алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», Ғ.Мұстафин.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Презентация, нақылдар жазылған плакат,кеспе әріптер, ақын жазушылапрдың фотосуреттері мен кітаптары, слайдтар және видеоролик.



Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде –кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің тірлігім!

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің «Ана тілім - ардағым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!Тәрбие сағатымыздың мақсаты: мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

Әнұран орындалады.
1 кезең «Жүзден жүйрік» бұл кезеңде әр топ топ атымен және ұрандарымен таныстырады.
1-топ. Топтың аты- «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.


2-топ. Топтың аты- «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.


3-топ. Топтың аты: «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз,
Көркейтеміз елді біз.


Қазақ тілі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)





Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды


Ардақта тіліңді

Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар


Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.


Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.




Оқушылар тіл туралы жыр шумақтарын айтады

Компьютер


Деректі фильм.«Тіл-ұлттың басты негізі»



Ортасы (20 мин)



  1. Тіл не үшін керек?

  2. Тілдер мерекесі қашан?

  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  4. Орыстілінбілуқажетпе?

  5. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп кім айтқан?

  6. Сенің ана тілің қай тіл?

  7. Сөйлеудің қандай түрі бар?

  8. Әнұранның авторлары кімдер?



«Мақал сөздің – мәйегі» (Мақал-мәтелдің жалғасын табу)


1. Тіл мәртебесі – . . . (ел мәртебесі)
2. Тіл қылыштан . . . (өткір).
3. Өнер алды . . . (қызыл тіл).
4. Бас кеспек болса да, . . . (тіл кеспек жоқ).
5. Ана сүті бой өсіреді, . . . (ана тілі ой өсіреді).
6. Тілмен байланған . . . ( тіспен шешілмес).
7. Тіл – буынсыз, . . . (ой – түпсіз).
8. Тіл тас жарады, . . . ( тасжармаса бас жарады).
9. Шебердің қолы ортақ, . . . (шешеннің тілі ортақ).
10. Басқа бәле . . . (тілден).
11. Бал тамған тілден . . . (у тамар).
12. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі ілім біл).
13. Тіл жүйрік емес, . . . (ой жүйрік).
14. Тіл жүйріктен де . . . (озады).




Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.



жүктеу 278.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет