"Ү здік басылым " номинациясының



жүктеу 1.33 Mb.

бет1/11
Дата19.01.2017
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



здік

 

басылым



номинациясының

 

жеңімпазы

Сатылым 


бағасы 60 теңге

2010 

жылғы

 30 

желтоқсаннан

 

бастап

 

шығады

11 

бетте

"ASTANA ARLANS" ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БОКС 

СЕРИЯСЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ 

№14 (276) 7 сәуір 2016 жыл



ЭЛЕКТР 

ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ 

ҚҰНЫ ӨСЕ МЕ? 

5

бетте

ТОНДАРҒА 

ЭЛЕКТРОНДЫ 

ЧИПТЕР 

ТАҒЫЛАДЫ 

2

бетте

4

бетте

ВАНДАЛДАР 

ТЫНЫШТЫҚТЫ 

БҰЗДЫ 

3

бетте

ЖҰРТТЫ ДҮРЛІКТІРГЕН 

"АЛТЕЛ" ҚЫЗМЕТІ

"ІСКЕРЛІК ТАҢҒЫ АС"

7

бетте

ЖАҢАЛЫҚТАР

2

№14 (276) 7 сәуір 2016 ж.





фотоЕ.Мамырбековтікі

Ардагерлер арасында 

жарыс өтпек

САЛАУАТ

Өскеменде 



Ұлы 

Отан 


соғысының  ардагерлері  Жеңіс 

күніне орай "Ардагерлер стартта" 

акциясы 

аясында 


бассейнде 

жылдамдыққа жүзбек.

Акцияны ШҚО салауатты өмір 

салтын  қалыптастыру  орталығы 

қалалық  ардагерлер  денсаулығы 

тобымен бірігіп ұйымдастырады.

Өңірлік  салауатты  өмір  сал-

тын  қалыптастыру  орталығының 

ақпаратына  сүйенсек,  60  пен 

85  жас  аралығындағы  ер-

лер  мен  әйелдер  жылдамдыққа 

жүзеді.  Жарысқа  қатысушылар  - 

сауықтыру мақсатында бассейнге 

баратын еңбек ардагерлері. 

Жеңімпаздарға  сыйлықтар  мен 

кәдесыйлар табысталады. 

Жарыс сенбі 9 сәуір күні сағат 

14.00-де  Өскемендегі  Орталық 

бассейнде басталады.

Аяулым Кенесова

Қаламызда 

мотомаусым ашылады

ШАБАНДОЗ


30 сәуір күні қалалық мотоқауым 

өкілдері "Назар сал - мотоциклші!" 

деп  аталатын  жылдық  акция 

өткізіп,  көлік  жүргізушілерінен 

абай болуларын сұрайды.

Жарыстың  бастапқы  нүктесі 

ММҮ  (ДКМ)  бастау  алады  деп 

жоспарлануда.  Мотоциклшілер 

жолдағы  көлік  жүргізушілеріне 

тоқтап,  өтетін  акция  жайында 

ақпараттық парақшалар таратады. 

Акция  ұйымдастырушысы  және 

Өскемен  қалалық  мотоқауымның 

белсенді 

мүшесі 

Александр 



Шамальдің  айтуынша,  жарыс-

тан  кейін  сағат  12.00-де  барлық 

қатысушар  Комсомол  аралында 

байк-шоу  ұйымдастырмақ.  Со-

нымен  қатар  көрермендер  ар-

тынша  концерттік  бағдарламаны 

күтіп,  кеш  ары  қарай  мерекелік 

бағдарламаға ұласпақ.



Ернар Мамырбеков

Қаламыздың қай 

көшелері жөндеуден 

өтпек?


Биыл қалалық бюджеттен жол-

дар  мен  көшелердің  орташа 

жөндеуіне 300 млн теңге қаражат 

бөлініп отыр. 

- Бөлінген қаражатқа бірінші ке-

зекте  Абай  даңғылы  бойындағы 

Спорт 

сарайынан 



Михаэлис 

көшесінің  жұп  және  тақ  жақтары, 

Ворошилов  көшесінен  Бажов 

көшесіне  дейін  (тратуарларды 

қаптап,  бордюрлерді  ауыстыру 

арқылы),  Тракторная  көшесінен 

АЖҚС-ға  дейін,  Орджоникидзе 

көшесі  бойындағы  Киров  көшесі 

қиылысынан  Үлбі  көпіріне  дейін, 

Аблакетка кентінің жолындағы Ке-

межайдан  Малдыбаев  көшесіне 

дейін  және  Защита  жол  өтпесін 

жөндеуді  жоспарлап  отырмыз,  - 

деді Өскемен қалалық ТҮКШ және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің 

басшысы Асқар Жақсылықов. 

Айта 

кету 


керек, 

аула 


араларындағы 

жолдарды 

жөндеуге  жергілікті  бюджеттен 

қаражат бөлінген жоқ. 



Ерке Биғазина

МӘСЕЛЕ


Күзең,  құндыз,  ақтүлкі,  түлкі, 

қоян,  жанат,  қой  және  өзге 

де  табиғи  теріден  жасалатын 

тондарға, қолғап-биялайларға, бас 

киімдерге арнайы электронды чип-

тер  тағылмақ.  Бұл  жаңашылдық 

1  сәуірден  бастап  пилоттық  жоба 

ретінде өз күшіне енді. 

-  Табиғи  теріден  жасала-

тын 


бұйымдарға 

бақылау 


иденфикациялық нөмірі тағылады. 

Бұл әр тауарды тіркеуге арналған. 

Иденфикациялық нөмірді жүйенің 

кез  келген  қолданушысы  тексере 

алады,  -  деді  ШҚО  Кәсіпкерлер 

палатасының  баспасөз  хатшысы 

Досжан Тұрғанбаев. 

Электронды  чиптерді  тағудың 

бірнеше  түрі  бар.  Ол  тауар 

дайындалған  кезде  чиптерді  тігу, 

желімдеу  арқылы  жабыстыру 

және киімнің ілінетін жеріне тағу. 

Әрине,  бұл  өңірімізге  тасы-

малданатын  тондарға  қойылатын 

жаңа  талаптар  болмақ.  Ал 

саудагерлердің  қоймада  қалған 

тондарына не болмақ? 

- 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін 

тауарларын  саудалап  үлгермеген 

кәсіпкерлер  тауарларына  элек-

тронды 

чиптерді 



тақтыруға 

міндетті.  Оларға  бұл  келісім 

заңды күшіне енген сәттен бастап 

60 күн уақыт беріледі, - деп атап 

өтті Досжан Тұрғанбаев. 

Қоймаларында 

жинақталып 

қалған  табиғи  теріден  жасалған 

тондарды  электронды  түрде  мар-

керлеу  саудагерлерге  тиімсіз  бо-

латыны хақ. 

- Тондарға арнайы чип тағудың 

қажеттілігін 

көріп 


отырған 

жоқпын. Ресейде мұндай маркер-

леу  тек  Мәскеу  қаласында  бар 

деп  естідім.  Оның  өзінде  тон-

дарды маркерлеуге арналған чип-

тер жетіспей жатыр. Ал біз ондай 

чиптерді  қайдан  алатынымызды 

әлі білмейміз, - деді қаламыздағы 

тон  саудасымен  айналысатын 

кәсіпкерлердің бірі. 

Сонымен қатар, кәсіпкер мұндай 

заманауи  технологияға  байла-

нысты  тондардың  бағасы  да 

қымбаттайтынын жасырмады. 



Ақерке Ақылбекқызы

САУДА


Тондарға электронды чиптер тағылады

1

сәуірден бастап 

елімізде сауда-

ланатын тондарға 

электронды чиптер 

тағылатын болады. 

Көктем  келіп,  құрылыс  мау-

сымы  басталар  шақта  алдыңғы 

жылғы олқылықтарды қайталамас 

үшін мердігер компанияларға тен-

дерге  қатысу  талаптары  биыл-

дан  бастап  күшейтіледі.  Бұл  ту-

ралы  Құрылыс,  сәулет  және  қала 

құрылысы  басқармасының  бас-

шысы Мәди Отарбаев мәлімдеді.

2016 


жылдан 

бастап 


конкурстық 

және 


тендерлік 

үрдістерді  өткізудің  шарттарына 

өзгерістер енгізілді. Мердігерлерге 

қатаң  талаптар  қойылып  отыр. 

Бұндай  үрдістер  электронды 

түрде  жүргізілетіндіктен,  оған 

кез  келген  адам  қатыса  алады. 

Құрылыс 


жұмыстарының 

қиындық  деңгейіне  қарай  тен-

дерге  қатысушы  компаниялардың 

тәжірибелік мерзімі 5, 10 жылдан 

кем болмауы керек.

Ағымдағы  жылы  26  нысанның 

құрылыс  жұмыстары  жоспарла-

нуда.  Оның  22-сінің  құрылысы 

алдыңғы  жылдан  жалғасып  келе 

жатқан  әлеуметтік-мәдени  ны-

сандар.  Ал  биыл  жергілікті  бюд-

жет  қаржысына  "Үміт  балалар 

үйі"  ММ-нің  спорт  кешені,  акт 

залы мен моншасы, сонымен қатар 

қаладағы  жабық  футбол  алаңын 

салу жұмыстары басталмақ.

Тағы  екі  нысан  "Нұрлы 

жол" 


жаңа 

экономикалық 

бағдарламасын  жүзеге  асыру 

үшін  ҚР  Ұлттық  банкінің 

қаржысына  Семей  қаласындағы 

600  орындық  мектеп  пен  Шемо-

наиха  ауданындағы  Жоғарғы  Уба 

ауылында 300 орындық мектептің 

құрылысы да биыл қолға алынбақ.

Сонымен  қатар,  жиын  ба-

рысында 

басқарма 

бас-

шысы  облыстық  Халифа  Ал-



тай  мешітінің  және  жуырда 

ашылған  оңалту  орталығының 

маңынан  жаңа  тұрғын  аудан 

салынатындығын айтты. 

-  12-16  қабатты  үйлердің 

құрылысы  барлық  тұрғын  үй  та-

лаптарына сай болады, - деді Мәди 

Жангелдіұлы.  Жаңа  үйлердің  ау-

ласында көлік тұрақтары мен пар-

кингтер  де  орын  алады.  Ал  ол 

аудандағы  саябақтар  жергілікті 

халықтың қыдыратын орны болуы 

үшін сол қалпы қалады.

Әзірге  жоба  ретінде  жасалған 

жаңа  тұрғын  ауданның  құрылыс 

жұмыстары  2016-2017  жылдарға 

жоспарлануда. 

Назерке Кәрімова

ҚҰРЫЛЫС


Облыс орталығында жаңа тұрғын 

ауданы салынбақ



О

блыстық мешіт 

пен оңалту 

орталығының жанынан 

зәулім ғимараттар бой 

көтереді.

Барлық 


жеке 

меншік, 


мемлекеттік  мекемелер,  кәсіп-

орындар,  тұрғындар  өз  аулала-

рын қоқыстан тазарту мақсатында 

сембіліктер  ұйымдастыратын  бо-

лады.

-  2  ай  көлемінде  жүргізілетін 



тазалық  маусымына  қалалық 

бюджеттен жиналған қоқыстарды 

шығару  үшін  қаражат  бөлінген. 

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген 

жерлерге  шашылған  қоқыстарды 

жинауға  да  жергілікті  бюд-

жет  қаражат  бөліп  отыр,  -  деді 

Өскемен қалалық ТҮКШ және ав-

томобиль жолдары бөлімінің бас-

шысы Асқар Жақсылықов.

ТҮКШ  мамандары,  Тұрғын-

дардың 


құқығын 

қорғау 


басқармасы және өзін-өзі басқару 

комитетінің  мүшелері  бірлесе 

отырып, 

қоқыс 


үйінділері 

жинақталған  жерлерді  анықтау 

мақсатында  рейд  жұмыстарын 

ұйымдастырған. 

Бір 

апта 


көлемінде 

жүргізілген 

рейд 

нәтижесі  42  рұқсат  етілмеген 



жерлердегі  қоқыс  үйінділерін 

тіркеді.  Өткен  жылы  көктем 

мезгілінде  көлемі  6692  шаршы 

метрді  құрайтын  135  қоқыс 

үйіндісі тіркелген екен.

-      2015  жылдың  1қарашасына 

дейін  қаламыз  барлық  қоқыс 

үйінділерінен 

тазартылған. 

Алайда  биыл  дәл  сол  орындар 

қайта ластануда. Яғни, Меновное 

кентіндегі АЖҚС, " Металлург-5"  

бақша  серіктестігінің  аймағы, 

Шешек  асуы,  Ахмер  кенті,  "  Ал-

тай"    технопаркінің  және  тағы 

басқа  аудандардың  маңы  қоқыс 

үйінділеріне  толып  жатыр.  Жер 

біраз  кепкеннен  кейін,  біз  бұл 

қоқысты  шығаратын  боламыз,  - 

деді Асқар Мекешұлы. 

Қала 

тұрғындарының 



тек 

75%-ы 


ғана 

қоқыстарды 

шығаруға қатысты келісімшартқа 

қол қойған. 

Тұрғындардың 



26%-

ында  қоқыс  шығару  туралы 

келісімшарттары 

жоқ. 


Бұл 

дегеніміз, 

тұрғындар 

қоқыс 


шығаруға 

ақша 


төлегілері 

келмейді.  Сондықтан  рұқсат 

етілмеген жерлерде мұндай қоқыс 

үйінділері  пайда  болып  отыр,  - 

деп атап өтті ТҮКШ басшысы.

Ақерке Рағызбаева

ТАЗАЛЫҚ


Қала тазалығы басты назарда

5

сәуір мен 5 маусым 

аралығы тазалық  

маусымы болып жария-

ланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

3

№14 (276) 7 сәуір 2016 ж.



фото yvision.kz сайтынан

Жол-көлік  оқиғасынан  кейін 

көліктің 

қандай 

дәрежеде 

зақымданғанын  анықтау  үшін 

сақтандырудың  баршаға  ортақ 

қағидалары пайда болды. 

2016  жылдың  28  ақпанында 

Ұлттық 

банк 


көліктің 

зақымдануына 

баға 

берудің 


қағидаларын  бекітті.  Бұл  ере-

желер  өзінің  заңды  күшіне  5 

сәуірден бастап енгізілді. 

  Енді  жол-көлік  оқиғасынан 

кейін 

зақымданған 



көлікке 

сақтандыру 

компаниясы 

10 


күннің  ішінде  баға  беруі  керек. 

Бағалаудың  қағидалары  заңда 

көрсетілген.  Ал  қолданушы  3 

күндік  мерзімде  онымен  келісу-

келіспеуіне 

қатысты 


пікірін 

білдіреді. 

- Бұл қағида бұрын да қойылатын. 

Алайда 


мұндағы 

өзгеріс, 

қолданушы  зақымының  құны 

бағаланбайынша,  көлікті  жөндей 

алмайды, - деп түсіндірді "Nomad" 

сақтандыру 

компаниясының 

заңгері Ахмет Қамысов. 

Сонымен 

қатар, 


егер 

қолданушыға 

сақтандыру 

компаниясының 

бағалауы 

ұнамаса, ол одан бас тарта алады. 

Бұл  жаңа  заңның  29-бабында 

көрсетілген деп атап өтті заңгер. 

Сонымен 

қатар, 


көлігін 

сақтандырған 

кез 

келген 


жүргізуші  ғаламтор  желісіне 

кіріп, зардапты бағалау тәртібімен 

танысып, сақтандыру мекемесінің 

бағалауын қадағалай алады. 



Ерке Биғазина

ЕРЕЖЕ


Көлікті сақтандырудағы 

жаңа тәртіп



Үй  жануарларын  асырау-

шылар  тыйым  салынған  ор-

тада 

төрт 

аяқтылардың 

қарғыбаусыз  жүргені  үшін 

айыпқа тартылады.

Қауіпсіздікті 

қадағаламай, 

ұсынылған 

талап-

тар  мен  қағидаларға  назар 



аудармағандарға 

үш 


айлық 

есептік  көрсеткіш  көлеміндегі 

айыппұл  салынады.  Айыппұл 

мөлшері 6363 теңгені құрайды.

-  1-10  сәуір  аралығында 

жергілікті полицей қызметкерлері 

ит,  мысық  асыраушылардың 

көшедегі тәртібін қадағалау үшін 

рейд  жұмыстарын  жүргізеді,  - 

деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз 

қызметі.

Жергілікті  полицей  және  ар-

найы  қызметкерлер,  көктемге 

қарсы  қаңғыбас  иттер  мен 

мысықтарды  жоюмен  айналы-

сады.


Министрліктің 

мәліметінше 

әлі  ешқандай  оқыс  жағдайлар 

анықталған жоқ.



Ернар Мамырбеков

ҚАУІПСІЗДІК

284 шығысқазақстандыққа 

айыппұл салынбақ



Жақында  Өскемен  қала-

сындағы 

Қазақстан-Амери-

кандық  еркін  университетінде 

"Тәуелсіздік  -  елімнің  ертеңі" 

атты  пікірсайыс  ойындары 

өтті.

Бүгінде  жастарды  қоғамдағы 

өзекті мәселелерді талқылап, пікір 

алмасуға үйрететін және олардың 

әлеуметтік-шығармашылық 

белсенділіктерін арттыруға ықпал 

ететін бірден бір ойын - ол пікір-

сайыс ойындары. 

- Қатысушыларға бүгінгі ойында 

сәттілік  тілеймін,  -  деді  "Жастар 

орталығы"  КММ-нің  директоры 

Ринад  Ахметжанов.  -  Еліміздің 

ертеңі,  жарқын  болашағы  бүгінгі 

жастардың  қолында.  Сондықтан 

қай  салада  болса  да  қазақтың  

жастары озық болуы керек.

Айта кетсек, шаһарымызда 2015 

жылдан  бері  пікірсайысшылар 

қозғалысы белсенді дамуда. Оған 

қала жастары өз үлестерін қосып 

келеді. 

Ойында 


қала 

мектептері 

мен  жоғары  оқу  орындарынан 

барлығы 28 команда бақ сынады. 

Олар  түрлі  әлеуметтік-саяси 

тақырыпта өз ойларын ортаға са-

лып, пікір таласты.

-  Бізде  қалалық  турнирлер  жиі 

болып  тұрады,  -  дейді  "Тұңғыш 

Астана"  фракциясының  мүшесі 

Құралай 

Сабырбекқызы. 

"Тәуелсіздік - елімнің ертеңі" атты 



қалалық  пікірсайыс  турнирінде  өз 

ойымызды  ортаға  салдық.  Негізі 

ойын  жоғары  денгейде  болды. 

Барлық  қатысушылар  да  мықты 

дайындықпен  келген.  Біреуде  бақ, 

біреуде бап шабады ғой. Менің де 

бағым жанып, бірінші орын иегері 

атандым.  "Ділмар"  дебат  клубына, 

ШҚМУ- ға алғысым шексіз.

Сайыс  қорытындысы  бойынша 

1-орынды  "Тұңғыш  Астана" 

фракциясы,  2-орынды  "Алтын-

Арай",  3-орынды  "Альфа"  фрак-

циясы иеленді. Ал " Ең үздік спи-

кер"  номинациясы  Бақдәулет 

Анасовқа бұйырды.

Ойын 


жақсы, 

жоғары 


деңгейде  өтті,  -  дейді  С.  Аман-

жолов атындағы ШҚМУ студенті 

Бақдәулет  Анасов.  -  Бұл  менің 

ең  алғашқы  жеңісім.  Жалпы  де-

бат  ойындарын  ойнап  жүргеніме 

бір  жылдан  асты.  Универси-

тет  жанынан  құрылған  "Ділмар" 

пікірсайыс клубының мүшесімін. 

Ал жастардың ойынын үздік де-

батерлерден  құралған  төрешілер 

бағалап, әділ бағасын берді.

Ерке Мұхаметкәрім

ДЕБАТ


Пікірсайыс  

ойындары өтті

Роутерлер  мен  модемдерге 

қосылған  4500  теңгелік  ALTEL 

Web  Unlim  және  Unlim  LTE 

тарифтік 

жоспарында 

енді 


лимитсіз  4G-ғаламторы  бол-

майды.  Бұрын  бұл  сомаға 

жоғары 

жылдамдықта 



15 

ГБ  жүктеме  жасалса,  кейін 

жүйедегі 

басымдылық 

бұл 

лимитін  пайдаланбаған  абонент-



терге  беріліп,  қалғандарының 

жылдамдығы бәсеңдейтін болған. 

Енді  осы  ақшаға  тек  30  ГБ  қана 

беріліп,  жүктеу  жылдамдығына 

шектеу 

қойылмайтын 



бо-

лады.  Трафик  біткеннен  кейін 

ғаламторға бұғат қойылады.

"Алтел" мобильді операторының 

қызметін  пайдаланатын  абонент-

тер  тосын  қабылданған  шешімге 

наразылықтарын 

білдіріп, 

ақшаларын қайтарып беруді талап 

етті.


-  Алдын  ала  хабарландыру 

болмады. 

Трафигіміз 

толық 


пайдаланылған  жоқ.  Мәселен, 

мен  наурыз  айының  ортасында 

ғана  абоненттік  төлем  жасадым. 

Жарты  ай  ғана  қолдандым.  Енді 

қалған  ақшамызды  қайтарып 

берулерін талап етеміз, - деді қала 

тұрғыны Жанна Нұрпейісова.

Алайда, 


компания 

қызметкерлері 

абоненттердің 

жеке 


кабинеттеріне 

де, 


компанияның 

ресми 


сай-

тында  да,  БАҚ  арқылы  да  атал-

мыш  өзгеріс  туралы  хабарлан-

дырулар 


болғандығын 

алға  


тартады.

Өскемен  қаласының  өзінде 

"Алтел"  қызметін  пайдаланушы 

70  мыңнан  астам  абонент  бар 

екен.  1  сәуірден  бастап  "Алтел" 

орталығында  түсінік  талап  етіп, 

шағымданған  тұрғындардың  са-

нында шек болмады. 

-  "Алтелдегі"  барлық  тарифтік 

жоспарлары  лимитсіз  болатын. 

Пайдаланушылар керекті-керексіз 

дүниелерді жүктеп, қызметті бей-

берекет  шексіз  пайдалануы  ин-

тернет  жылдамдығын  баяулатты, 

-  дейді  "Алтел"  компаниясының 

ШҚО-дағы  филиалының  дирек-

торы Олег Дьяченко. - Абоненттік 

база мен трафиктердің өсуіне бай-

ланысты  соңғы  айларда  секун-

дына  20-30  мбит  жылдамдықпен 

жұмыс 

істейтін 



интернет, 

5-7  мбитке  дейін  баяулаған. 

Сондықтан  компания  лимитсіз 

интернетті алып тастады. Енді әр 

тарифтік  жоспарға  сәйкес  қанша 

сатып  алсаңыз,  тек  соны  ғана 

пайдалана  аласыз.  Осылайша 

ғаламтор  жылдамдығының  баяу-

лауы сияқты сапасыз қызмет жой-

ылады. 


"Алтел"  қызметін  пайдалану-

шылардан  түскен  көп  шағымнан 

кейін 

компания 



абоненттік 

төлем 


мерзімі 

аяқталғанша 

қызмет  көрсету  туралы  шешім 

қабылдады. Наурыз айында төлем 

жасаған абонент сол кездегі шарт 

бойынша  төлем  жасағандықтан 

оның  трафигі  әлі  аяқтала  қойған 

жоқ.  Осыны  ескерген  компания 

басшылығы  бұл  абоненттерге 

лимитсіз  қызметті  абоненттік 

төлемі  аяқталғанша  қайта  беруге 

шешім қабылдаған. Ал абоненттік 

төлем 

мерзімі 


аяқталысмен 

сіз  шекті  трафик  жоспарына 

көшуіңізге тура келеді. 

Назерке Нұрболатқызы

ӨЗЕКТІ


Жұртты дүрліктірген 

"Алтел" қызметі



Е

лдегі ірі 

провайдерлердің 

бірі "Алтел" лимитсіз 

4G-интернетін өшірді. 

Оның орнына 30 гига-

байт пакеті беріледі.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан 

облысы  тұрғындарының  тек 

0,09%-ы газбен жабдықталған. 

-  2012  жылы  Қазақстан  Рес- 

публикасы 

Үкіметі 

мен 


Қытай 

Халық 


Республи-

касы  арасында  "Сарыбұлақ-

Зимунай"  газ  құбырын  салу 

және 


пайдалану 

бойынша 


жасалған  ынтымақтастық  ту-

ралы  халықаралық  келісімге 

сәйкес 

"Тарбағатай 



Мұнай" 

ЖШС  Қазақстан-Қытай  ком-

паниясы  өз  қаражаты  есебінен 

Қытай  аумағына  "Сарыбұлақ-

Майқапшағай"  тораптық  газ 

құбырын  салды.  Сондай-ақ,  9 

ауылдық  елді  мекенінің  ше-

карасына 

дейін 

бұратын 


автоматтандырылған  газ  тарату 

станциясы  (АГТС)  құрылысын 

жүзеге  асырды,  -  деді  ШҚО 

энергетика  және  тұрғын  үй-

коммуналдық 

шаруашылық 

басқармасы 

басшысының 

міндетін 

атқарушы 

Алма 

Қайрақанова. 



Осылайша,  Зайсан  ауданының 

екі  ауылы  газбен  толықтай 

жабдықталды. Ал қалған жеті ау-

ылды газбен қамту келесі жылдың 

соңына дейін аяқталуы мүмкін. 

-  Газбен  жабдықтауға  қалған 

7  ауылға  2016  жылы  491,8  млн 

теңге және 2017 жылға 289,6 млн 

теңге  республикалық  бюджет-

тен бөлу жоспарлануда, - деп атап 

өтті Алма Қайрақанова.

Бүгінгі  таңда  442  объекті, 

соның ішінде 380 жеке тұрғын үй 

және  62  коммерциялық  объекті 

орталықтан 

газбен 


қамтуға 

қосылған екен. Ал газдың бағасы 

1 м³ үшін 11,2 теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, 2012-2013 жыл-

дар  кезеңінде  облыс  орталығын 

газбен  жабдықтау  мақсатында 

"Рубцовск  -  Өскемен"  тораптық 

газ  құбырын  салу  мүмкіндігі 

қарастырылып, 

ары 


қарай 

жалғасын таппай тұрған көрінеді. 

-  Ұсынылған  ұзындығы  206 

км  газ  құбыры  трассасы  Ре-

сей  Федерациясы  шекарасынан  

Бородулиха  ауданы  Бороду-

лиха  кенті,  Шемонаиха  қаласы,  

Глубокое 

ауданы 

Глубокое 



кенті  арқылы  Өскемен  қаласына  

(Бородулиха  кентінен  Семей 

қаласына  тармақпен)  өтеді  де-

ген  жоспар  болды.  Алайда, 

бүгінгі  күні  осы  мәселе  оң 

шешім  таппады,  газ  құбырының 

құрылысы 

бойынша 


жос-

парлар 


мен 

бағдарламалар 

жоқ,  -  деп  атап  өтті  Алма  

Арғынғазықызы. 

Сонымен 

қатар, 


газбен 

жабдықтауға  елді-мекендерден 

бөлек,  көліктер  де  ауыстыры-

лып  жатқаны  белгілі.  Облысы-

мыз  бойынша  15  автомобиль  газ 

құю  станциясы  бар.  Оның  11-і 

Өскемен  қаласында  орналасқан. 

Бұл  станцияларға  айына  1627 

көлік  келіп,  өз  көліктерін  газбен 

толтырады екен. 



 Ақерке Ақылбекқызы

ЖОСПАР


Өңірімізді газбен қамту 

қандай дәрежеде?




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал