● Общественные науки



жүктеу 68.37 Kb.

Дата19.05.2017
өлшемі68.37 Kb.



 Общественные науки 

 

                                                    



№5 2014 Вестник КазНТУ  

                    

392 

 

 



 

Шорабаева Н.К. 



Функционирование устойчивых выражений в специальных текстах 

Резюме:  Статья  посвящена  некоторым  проблемам  коннотативного  значения,  а  также    перевода 

устойчивых  выражений  в  современном  немецком  языке.  Приводятся  примеры  функционирования    некоторых 

устойчивых выражений в тексте и их перевода 

Ключевые  слова:  устойчивые  выражения,  адекватный  перевод,  эмоционально-экспрессивный  и 

оценочный оттенок, контекст  

 

Shorabaeva N. 



Funktionieren der festen Wortkomplexe in den speziellen Texten 

Summary:  In  diesem  Artikel  betrachtet  der  Autor  einige  Probleme  der  konnotativen  Bedeutung,  sowie  der 

Funktionierung der festen Wortkomplexe im speziellen Text. Das Problem besteht in der Entdeckung der potenziellen 

konnotativen  Bedeutung  und  auch  der  adäquaten  Übersetzung  der  festen  Wortkomplexe  in  die  Zielsprache. 

Schlüsselwörter:  Kontext,  feste  Wortkomplexe,  adäquate  Übersetzung,  expressive,  emotionelle  und  bewertende 

Schattierung. 

 

 



 

ӘОЖ.621.771.014 



 

Г.Д. Рыскелдиева, Қ.К. Сарсанбеков 

(Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы, Қазақстан Республикасы) 

  

СТУДЕНТТЕРДІҢ САБАҚТАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ – КЕЙС ӘДІСІ  

 

Аңдатпа. Кейс әдісі білімгерлердің сабақ барысында тез арада шешім қабылдай алу және ұйымдастыру 

қарқынын арттырады. Бұл әдісті қолданудағы оқытудың табысты болуы, ұйымдастырушы оқытушы жұмысына 

байланысты. Негізгі мақсаты студенттер бір топта жұмыс істеп, үйреніп ақпараттың тапшылығына қарамастан, 

ең тығыз уақытта, тез арада шешім қабылдай білу. 



Түйін сөздер: Кейс, шешім қабылдау, сарапшы, пікір талас, спикер, бақылаушы. 

   

Қазіргі  кезде  білім  саласында  еңбек  етіп  жүрген  оқытушылар,  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беру 

мақсатында  түрлі  белсенді  әдістерді  қолдануда.  Өйткені  оқытушының  мақсаты  –  әрбір  білімгерге 

сапалы  білім  беру,  олардың  әр  жақты  дамуына  мүмкіншілік  жасау,  білім  алуға  қызығушылығын 

арттыру, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.  

Кейс  әдісін  қолданудағы  оқытудың  табысты  болуы  ұйымдастырушы  оқытушы  жұмысына 

байланысты.  Оның  негізгі  мақсаты  студенттер  бір  топта  жұмыс  істеп,  үйреніп  ақпараттың 

тапшылығына  қарамастан,  ең  тығыз  уақытта,  тез  арада  шешім  қабылдай  білу.  Ашық  пікір 

айырбастау,  әрбір  қатысушының  өз  мүмкіндігін,  іс-қимылын  толық  қолдануына  жағдай  жасау  және 

өзінің  іс  жобасын  жүзеге  асыру  барысында  қатысушының  атқаратын  мүмкіндігі  үшін  әрекет  ету, 

сарапшы,  аналитик  және  экспериментатор  қатысуына  мүмкіндік  жасау.  Кейс  міндетіне  мыналар 

кіреді: мұнда оқытушы барлық пікірлерді тіркейді, оларды айтылу барысындағы пікірлерді сараптап, 

оларды топтап сынын бақылап отырады.  

Төмендегі  кестеде  кейспен  жұмысты  ұйымдастыруда  тәжірибеде  қолданыста  жүрген  әртүрлі 

әдістермен үйлесетіндігі байқалады:  

 

Кейс әдісімен үйлесетін 



әдіс 

Оның сипаты 

Үлгілеу 


Жағдайдың үлгісін құру 

Жүйелі талдау 

Жүйелілік ұсыныс және талдау 

Ойша тәжірибе 

Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі 

Сипаттау әдістері 

Жағдайдың сипатын құру 

Проблемалық әдіс 

Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну 

Жіктеу әдісі 

Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру 




 

Қ

о

ғ

амды

қ

 

ғ

ылымдар 

 

Қ



аз

Ұ

ТУ хабаршысы №5 2014  



 

393


Ойын әдістері 

Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну  

«Миға шабуыл» 

Жағдайға қатысты ойларды генерациялау 

Пікірталас 

Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу  

Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үдерісін ұйымдастырудың әртүрлі әдістері кейс  әдіспен 

сәтті үйлесуі мүмкін.  

Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру: Нұсқалары өте  көп, бұл оқытушының шығармашылығы 

үшін  үлкен  мүмкіндік.  Біз  жұмыс  ұйымдастыруға  болатын,  максималды  жалпыланған  сабақ  үлгісін 

ұсынамыз.  Сабақты  ұйымдастыру  сатылары:  Бірлескен  іс-әрекетке  жұмылу  сатысы:  Бұл  сатының 

негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының 

айқындалуы.  



Бұл  сатыда  келесі  жұмыс  нұсқалары  болуы  мүмкін:  -  Кейс-стади  мәтіні  студентке  өз  бетімен 

зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.  

Сабақ  басында  тыңдаушылардың  кейс-стади  материалдарын  білуі  және  талқылауға 

қызығушылығы  анықталады.    Кейс-стади  негізінде  жатқан  басты  мәселе  анықталады.  Біріккен  іс-



әрекетті  ұйымдастыру  сатысы:  Бұл  сатының  негізгі  міндеті:  –  мәселелені  шешуге  арналған  іс-

әрекетті  ұйымдастыру.  Іс-әрекет  кішігірім  топтарға  біріктірілуі  және  жеке  болуы  мүмкін. 

Тыңдаушылар  оқытушы  берген  қандай  да  бір  анықталған  уақыт  көлемінде  сұраққа  ұжымдық жауап 

дайындау  үшін  уақытша  кішігірім  топтарға  бөлінеді.  Әрбір  кішігірім  топтарда  (басқа  топтардан 

тәуелсіз)  жауаптарды  салыстырулар,  оларды  өңдеу,  тұсаукесер  үшін  рәсімделетін  жеке  бір 

көзқарасты  өндіру  жұмыстары  жүреді.  Әрбір  топта  шешімді  жеткізетін  «спикер»  таңдалады  немесе 

тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. 

Спикерлер  топтардың  шешімін  таныстырады  және  сұрақтарға  жауап  береді.  Оқытушы  жалпы 

дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.  

Талдау  және  біріккен  іс-әрекеттің  рефлексиясы  сатысы:  Бұл  сатының  негізгі  міндеті:  

кейспен  жұмыстың  нәтижелерімен  білімдік  және  оқытулық  нәтижелерін  айқындау.  Сонымен  қатар 

бұл 

сатыда 


сабақтың 

ұйымдастырылуының 

тиімділігі 

талданады, 

біріккен 

іс-әрекетті 

ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. 

Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін:  оқытушы  кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық 

топтардың  жұмысын  талдай  отырып  пікірталасты  аяқтайды,  оқиғаның  шынайы  дамуына  қысқаша 

түсініктеме береді, қорытынды шығарады.  

Кейс  стади  әдісі  интерактивті  әдістің  бір  түрі  ретінде  студенттер  үшін  өте  тиімді  әдіс  болып 

саналады.  Бұл  әдістің  көмегімен  студенттер  өз  беттерінше  теорияны  меңгере  отырып,  практикалық 

дағдыларға  да  үйренеді,  сонымен  қатар  өз  ойын  жүзеге  асыру  мүмкіндігіне  де  ие  болады.  Студент 

берілген  жағдаятқа    талдау  жасау  арқылы  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасып,  сабақты  қызығып  оқуға 

тырысады.  Кейс  стади  әдісі  -  студенттің  креативті  ойлауын  дамытып,  сабақтың  мазмұнын  ерекше 

құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.  

Кейс әдісінің білім беру мақсаттары:  

1)  Студенттің  міндеті  кейс  жүйесін  үйреніп  және  оны  іс  жүзінде  жүзеге  асыра  отырып  нақты 

шешім қабылдай білуі керек .  

2)  Студент  логикалық  ойлау  қабілетін  пайдаланып,  ашық  жүйені  қолдана  отырып,  бастапқы 

ойдың мағынасын және болжамын түсіну қажет.  

3) Студент өзінің сараптамасын сенімді түрде айқын түсінуі тиіс.  

4) Студент кейстің негізгі сұрақтарын байыпты айқын көруге,  орынды айтуға, бөліп көрсетуге 

және қатысуға міндетті.  

5)    Ең  үздік  студенттер  («өте  жақсы»  бағаға  үміткер)  қандай  жағдайда  болсын  өзінің  жан-

жақтылығын, біліктілігін көрсетуі керек.  

Ұсынылатын  тапсырмалар  жүйесінде  студенттердің  бірлескен  оқу  әрекетіндегі  ойлау 

қабілеттерін арттыруға арналған ойын түріндегі кейс әдістерін де беруге болады. Мысалы, «Конверт 



сұрақ».  2-3  сұрақ  жазып,  конвертке  салыңыз  (оқу  мақсатына  қарай).  Әрбір  студентке  өзінікі 

болатындай  етіп,  бірнеше  конверт  дайындаңыз.  Әрқайсысына  екі  минут  беріңіз:  студент  стикерде 

атын  және  жауабын жазады;  екі  минут  өткен  соң  конверт  келесі  студентке  беріледі,  осылай  бұл  2-3 

сұраққа  барлығы  жауап  бергенше  жүре  береді.  Стикерлерді  жинап,  бірнеше  жауапты  дауыстап 

оқыңыз  (аттарын  атамастан);  аудитория  белгілі  бір  сұрақтың  қаншалықты  дұрыс  болғанын 

талқылайды.  





 Общественные науки 

 

                                                    



№5 2014 Вестник КазНТУ  

                    

394 

«9  ромб».  Қатысушыларға  айтарлықтай  маңыздысын  анықтап,  талқылау  үшін  тізім  беріледі. 

Тізімнің  әрбір  тармағын  үлкен  ромбылы  торға  орналастыру  қажет.  Маңызды  тармақтарды  әдетте 

ромбының  жоғарғы жағына,  ал  оншалықты  маңызды  еместерін  төменгі  бөлігіне  орналастырады.  Әр 

қатарда  орналасқан  тармақтардың  маңызы  бірдей.  Кейбір  топтар  ең  маңызды  карточкаларын 

орталықта  орналастыра  алады  (екі  нұсқасы  сәйкес  келеді,  себебі  тапсырманың  маңызды  элементі 

топтағы  талқылау  үдерісі  болып  табылады).  Ромбының  нысаны  топқа  бірқатар  басымдықтар  мен 

перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.  

 «Ойлан,  Бірік,  Бөліс».

 

Студенттер  ойына  келген  жауаптарды  немесе  идеяларды  барынша  көп 



жазады  (Ойлан).  Одан  кейін  олар  өз  идеяларын  әріптестерімен  біріктіреді  (Бірік)  және  соңында 

оқытушы бүкіл аудиторияның идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). 



«Тыңдайтын  үшбұрыштар»  Студенттер  үш  адамнан  тұратын  топта  бірлесіп  жұмыс  істейді: 

СПИКЕР  оқытушының  нұсқаулығы  бойынша  тақырыпты  түсіндіреді  (немесе  проблема  туралы  өз 

ойымен  бөліседі).ИНТЕРВЬЮЕР  мұқият  тыңдайды  және  егжей-тегжейін  анықтау  үшін  сұрақтар 

қояды.    ХАТШЫ  үдерісті  бақылайды және  «спикерге»  де,  «интервьюерге»  де  кері  байланыс  береді. 

(Рөлдерді  анықтау  үшін  “Бірге  ойланамыз”  тәсілі  қолданылуы  мүмкін  –  рөлдермен  ауысуға  болады 

(қазір немесе кешіректеу). 

«Ойлаудың алты қалпағы әдістемесі» (Эдвард де Боно) 

Қызыл  қалпақ  – Түйсік.  Менің  түйсіктік  реакциям  қандай?  Менің  түйсігім  маған не  дейді.  Өз 

ойларыңды жазыңыз.  

Сары қалпақ – Позитив. Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған 

не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз. 

Жасыл  қалпақ  –  Креатив.  Менде  қандай  идеялар  бар?  Қандай  баламалы  түрлерді  ойлап  таба 

аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.  

Ақ  қалпақ  –  Фактілер.  Менде  қандай  ақпарат  бар?  Маған  қандай  ақпарат  алу  қажет? 

Білетініңізді ғана жазыңыз.  

Қара қалпақ – Жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не 

ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.  

Көк  қалпақ  –  Жалпы    шолу.  Мен  не  аштым?  Тағы  не  ашылған  жоқ?  Мен  оны  қалай  аша 

аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.  

«Тақырыптық теннис». Студенттер  үш адамнан тұратын  топтарға бөлінеді. Екі ойыншы, бір 

судья. Оқытушы нұсқаған уақытта топтағы студенттер берілген мәтін бойынша сөздер айта бастайды. 

Ол  қарсыласы  тоқтап  қалғанша  жалғаса  береді.  Судья  есеп  жүргізіп  отырады.  Рөлдермен  ауысып 

жүргізуге болады. 

«Өз ойыңды толықтыр». Топтағы студенттер материалды қаншалықты меңгергендігін сынау 

үшін бір-біріне бірқатар сұрақ қояды. Білім тексеруге арналған кейбір сұрақтар:  

Неге.... 

Мұны қайдан білесің....  

… үшін сенде қандай дәлел бар.  

Сен  неге олай ойлайсың…  

Түсіндіре аласың ба…  

… үшін не істеу керек.  



«Дананың  кілттері»  бірқатар  ойлауды  талап  ететін  тапсырмаларды  орындауға  студенттерді 

қызықтыру  және  тарту  үшін  арнайы  әзірленген  жиырма  шақты  іс  әрекет  (кілттер)  кешені  болып 

табылады.    Бірқатар  көмекші  сұрақтар  немесе  тапсырмалар  студенттердің  талдау  жасау,  сын 

тұрғысынан  және  креативті  ойлау  қабілетін  ашуға  арналған  кілт  түрінде  ұсынылған.    «Керісінше» 

кілті  сөйлемде  «істей  алмаймын»,  «ешқашан»,  және  «істемеймін»  сөздерін  пайдалануды  көздейтін 

тапсырма, мысалы «Сіз Астанада ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз. «Егер де» кілті 

«егер  де»  деген  сұрақ  қойып,  олардың  ойларын  графикалық  кескінге  жазып  отырыңыз.  «Әліпби» 

кілті  берілген  тақырыпқа  қатысы  бар  сөздердің  тізімін  а  дан  я  ға  дейін  әліпби  ретімен  тізбектеңіз. 

«Жаңа дизайн» кілті  күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.  «Конструктор» кілті 

шектеулі  құрылыс  материалдарын  креативтілікпен  пайдалануды  талап  ететін  мәселелерді  шешу 

туралы  тапсырма.    «Кемшіліктер»  кілті  нақты  кейіпкер  басындағы  кемшіліктер  тізімін  жасаңыз. 

«Тағы қалай?» кілті қиялыңызды пайдаланыңыз. 

Демек,  кейс  әдісінің  маңызды  ерекшелігі  –  оның  басқа  әр  түрлі  оқыту  әдістерімен  тиімді 

үйлесуі болып табылады. 





 

Қ

о

ғ

амды

қ

 

ғ

ылымдар 

 

Қ



аз

Ұ

ТУ хабаршысы №5 2014  



 

395


 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан білім қоғам жолында. Назарбаев Университетінде  оқыған лекция. Егемен 

Қазақстан. 6 қыркүйек. 2012. 

2. Кембридж бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. 

3. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені  ЖОО-да қолдану мәселелері. А. 2013. 

REFERENCES 

1.  Nazarbayev  N.  A.  Kazakhstan  bilym  kogam  cholinda.  Nazarbayev  Universitetynde  okygan  leksya.  Egemen 

Kazakhstan. 6 kyrkuyek. 2012. 

2. Cambridge bagdarlamasy. Mugalymge arnalgan nuskaulyk. Birinchy dengey. 

3. Alymov A. Interbelsendy adistemeny CHOO-da koldanu maselelery. A. 2013. 

  

Рыскелдиева Г.Д., Сарсанбеков К.К. 



Методика Кейса вызывает заинтересованность студентов к предметам 

Резюме.  В  данной  статье  рассматривается  методика  Кейса,  которая  формирует  у  студентов  активную  

заинтересованность изучения к предметам.  



Ключевые слова: Кейс, принять решение, эксперт, дискуссия, спикер, наблюдатель. 

 

Ryskeldieva G.D., Sarsanbekov K.K. 



Сase study of method used interest in the subjects students 

Summary. This article describes a technique Kase, which forms an active interest in students to study subjects. 

Key words: Keis, to accept decision, expert, discussion, speaker, observer. 

 

 

 

УДК 004.89:004.4:681.5 



Г.А. Самигулина, Ә.С. Шаяхметова 

(Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы, Қазақстан Республикасы) 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ 



ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 

 

Аңдатпа. Мақалада қашықтықтан оқытудың интеллектуалды жүйесін құру мен  мүмкіндігі шектеулі жандар 

үшін  ұжымдық  қолданыстағы  зертхананы  пайдалану  сұрақтары  қарастырылады.    Бұл  жүйе  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарды жаңашыл ақпараттық технологияларға қашықтықтан ену режимінде заманауй құрылғылардың көмегімен 

оқытады.  Келтірілген  топтағы  адамдар    үшін  қашықтықтан  оқытудың  интеллектуалды  жүйесінің  құрылымы  мен 

алгоритмі  құрылды.  Қашықтықтан  оқытудың  интеллектуалды  жүйесін  ендіру  қоғамда  айтылған  топтағы 

адамдардың  әлеуметтік  бейімделуі  мен  оқытудың  сапасын  жақсартуға  жағдай  жасайды.  Сондай-ақ  нақты  уақыт  

өлшемінде оқу үдерісін шұғыл басқаруды қамтамасыз етеді.  



Кілттік  сөздер:  қашықтықтан  оқытудың  интеллектуалды  жүйесі,  ұжымдық  қолданыстағы  зертхана, 

жаңашыл ақпараттық технология, алгоритм. 

 

1.  Кіріспе 

Ғылыми  ілгерілімнің  негізгі  бағыттары  жасанды  интеллект  пен  IT-технология  саласындағы 

әртүрлі  зерттеулермен  анықталады.  Жасалынып  жатқан  интеллектуалды  жүйелер  (ИЖ)  жасанды 

интеллектінің жетістіктерімен тығыз байланысты. Жоғары өнімділік пен үлкен  көлемдегі жадыға ие 

қуатты  дербес  компьютерлердің  пайда  болуы  үлкен  ауқымды  ақпараттарды  өңдеу  қажеттілігі 

нейрондық  желілер,  генетикалық  алгоритмдер,  жасанды  иммунды  жүйелер  және  т.б.  негізінде 

құрылған  қашықтықтан  оқытудың  жаңа  интеллектуалды  технологияларының  қызу  қарқынды 

дамуына әкелді [1].  

Бұл  сала  бойынша  көптеген  қосымшалар  құрылған.  [2]  зерттеуде  интеллектуалды  оқыту 

жүйелері  негізінде  қашықтықтан  оқытудың  қолайлы  курстарын  жүзеге  асыратын    интеллектуалды 

бейімделу  жүйесі  талқыланған.  Ұсынылған  жүйе  жобалау  кезеңінде  қосылатын  білімді 

байланыстырады.  Интернет  ауқымды  желісін  қолдану  технологиясы  мен  жасанды  интеллект 

саласындағы  жетістіктерді  пайдаланып,  білім  алушының  жеке  сипатын  ескеріп,  оқу  үдерісін  соған 

бейімдейтін  қолайлы  оқу  жүйелерін  құру  сұрақтары  талқыланады.  Ақпараттық  жүйе  түсіндірмелер 



мен  мысалдарға  интерактивті  көмек  ретінде  оқу  материалдарын  соған  қарай  бейімдейді.  Оқу 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал