Қ о ғ а м д ы қ с а я с и газет сары



жүктеу 1.62 Mb.

бет2/12
Дата08.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

хан  дәуіріне  №123  “Самал” жалпы  орта  мектебінің 

оқушылары  аялдады.

Ал  қазақ  тарихында  “Еңсегей  бойлы  ер  Есім” 

деген  атпен  әйгілі  болған,  айрықша  төзімділік  иесі, 

бар  қазақты  өз  жұртым  деп  есептеген,  ұтымды 

саясаткер  Есім  ханды  “Ж.Аймауытов”  мектебінің 

оқушылары  үлкен  шеберлікпен  орындап  шықты.

Өз  елінің  мықты  дипломат-мәмілегері,  данышпан 

айлакер  қолбасшы,  ұлтының  бірлігі  мен  жерінің 

тұтастығын  сақтауға  жан  аямай  күш  салған  ірі 

мемлекеттік  тұлға  Тәуке  хан  дәуіріне  қаладағы 

№ 135  ж а л п ы   о р та   м е кт е б і  а я л д а п ,  о н ы ң  

жарлықтарын,  шешімдерін  керемет  келтірді.

Жастайынан  батырлығымен  танылған,  соғысу 

д е ң ге й ін   ж о ға ры   көтер ге н ,  б іл ікті,  дары нды  

әскербасы,  айбынды хан,  ұлы  бабамыз дбілхайыр 



хан  дәуірін  “А.Сүлейменов”  мектебінің  шәкірттері 

сахналап,  өз  таланттарын  паш  етті.

Халық  мүддесін,  ұлт  мүддесін  бірінші  орынға 

қойған  кіші  жүз  ханы  Бөкей  ханды  №141  мектеп 

оқуш ы лары   сомдап,  шын  талантты  екендерін 

көрсете  білді.

Әлсізге  көмек  қолын  созған,  күштіге  қарсы  тұру 

саясатын  жүргізген,  әруақты  да  ардақты,  қасиетті 

де  қад ірл і,  ұл тты қ  өш пес  рухты ң,  өр л ік  пен 

өжеттіктің,  ерлік  пен  алғырлықтың  асқақ  ұраны, 

мәңгі  жасайтын  ғажайып  ғұмыр  иесі  А бы лай 

ханды   “С.Ы смайы лов”  мектебінің  оқуш ы лары  

көрсете отырып,  оның  бала  кездегі  Сабалақ  атанып 

жүріп,  би  көзіне  түскенінен  бастап  ақ  киізге  орап, 

хан  көтерілген  кезіне  дейін  сомдап  шықты.

ірі  мемлекет  қайраткері,  талантты  қолбасшы, 

дарынды  дипломат,  көреген  саясаткер,  рухты  да 

аруақты  тұлға,  ел  тәуелсіздігі  жолындағы  қажымас 

күрескер  Абылай  хан  дәуірін  №71  жалпы  орта 

м е к т е б ін ің  

о қ у ш ы л а р ы  

ж а л ға с т ы р ы п , 

өз 


шеберліктерін  көрсетті.

Қ а за қ  ха н д ы ғы н ы ң   д е р б е с   м е м л е ке ттігін  

қалпына келтірген,  халқын  бодандықтан  құтқарған, 

азаттық  пен  бостанды ққа  қол  жеткізген,  тәуелсіз 

ел  ету  мұратын  көздеген  сұңғы ла  саясатшы, 

қайраткер,  ірі  мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы 



Кенесары  хан  дәуіріне  “Қ.Сәтбаев”  мектебінің 

оқырмандары  аялдама жасап,  асқан  шеберлік пен 

дарындылықтарын  көрсетті.

Кітапхана  мамандары  тарапы нан  берілген 

хандарды ң  негізгі  образдарын  барлы қ  мектеп 

о қ у ш ы л а р ы   өте  к е р е м е т   о р ы н д а п   ш ы қты . 

Балаларды  дайындап,  сахнаға  шығуды  үйреткен, 

киімдері  мен  бұйымдарды  әр  дәуірге  лайықтап 

безендірген  мектептердің ұстаздарына  алғысымыз 

ш е к с із .  Ә р б ір   х а н н ы ң ,  у ә з ір л е р і  м ен  б и- 

шешендердің  киімдерін  талғамға  сай  келістіріп 

шығарды.


іс -ш а р а   б а р ы с ы н д а   “ Б ұ л б ұ л ”  ән  а й т у  

студиясының  жетекшісі  Сәдуақасова  Алмираның 

шәкірттері  керемет  өнерлерін  көрсетті.

Көкейге  түйген  ой:  Неге  балалар,  жастар  кітап 

оқымайды  деп  жазғыра  береміз?  Технологияның 

дамып  келе  ж атқан  заманында  жаңаны   көру, 

қызықтау,  іске  қосып  байқау,  қолдану  қалыпты 

жағдай  емес  пе?  Ж астар  ғана  емес,  үлкендер 

арасында  да  қы зы ғуш ы лы қ  туғаны  соншалық, 

қалта  телефонынсыз  өмір  сүруден  қалды қ  емес 

пе?  Сондықтан заман  ағымымен  ілесіп  келе жатқан 

ұрпаққа  кінә  арта  бермей,  бір  сәт  оларға  қолдау 

көрсетіп,  қашанда жандарынан  табылып,  үлкендік 

парызымызды  көрсете  білейік.

іс-шараны  тамашалай  отырып,  балалардың 

ынтасын,  өздері  сомдаған  рөлін  барынша  ашуға 

ұмтылысын,  сахнаға шыққандықтарына қуанғанын, 

орындаған образдарына көңілдері  көкке жеткендей, 

хан  болғандай  әсерге  бөленгендерін  көргенде 

қуа н ы ш ы м ы зд а   ш ек  б олм ады .  Қ уа н б ай   ше, 

балалар  сахнада  бірі  хан,  бірі  би,  бірі  шешен,  бірі 

елші,  бірі  уәзір  болып,  әрқайсысы  өзіне  тиесілі 

рөлдерін  сомдады.  Меніңше мұнда олардың  қалай 

орындағанына  ғана  емес,  осы  іс-шарада  мектептің 

н а м ы с ы   ү ш ін   б а р ы н   с а л ы п ,  ж а н   к ү й д ір іп  

шыққандарына,  ол  үшін  қаншама  кітаптар  мен 

деректерді  ақтарып  керекті  материалдарды  ізденіп, 

тарих парақтарына үңілгендеріне қуануымыз керек.

Сағила  ІЛИЯСОВА, 

кітапхана  директоры.

КАЗАКТЫ £  

КАҺАРМАН 

ХАНДАРЫ


Қазақ  ордасы  мен  кейінгі  қазақ  ұлттық  мемлекетінің  қалыптасып,  алғашқы 

керегесін  керіп,  шаңырағын  көтерген  тұңғыш  хан  Керей  есімін  халқымыз 

ешқашан  ұмытпайды.

Керей  хан  Болатұлы  XiV  ғасыр  соңы  -   XV  ғасырдағы  қазақтың  алғашқы 

ханы.  XV  ғасыр  ортасында  Алтын  орда  мен  Ақ  орда  билеушісі  Керей  мен 

Жәнібек  сұлтан  екеуі  Дешті  қыпшақ  ханы  Әбілхайырдан  бөлініп,  Моғолстанға 

келеді.  Моғолстан  ханы  Есенбұға  ықыласпен  қарсы  алып,  Шу  өзені  бойындағы 

Қозыбасы  деген  жерді  береді  (қазір  Жамбыл  облысында).  Өздері  билейтін 

200  мыңға  жуық  халықты  бастап  келген  екі  сұлтан  осы  жерде  1456  жылы 

қазақ  хандығының  негізін  қалап,  жасы  үлкен  Керей  ақ  киізге  отырғызылып,  хан 

сайланды.

Қазақ  тарихының  атасы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  өзінің  “Тарихи  Рашиди” 

атты  еңбегінде  қазақ хандығының  құрылуын  хижраның  870 жылы  деп  көрсетеді. 

Бұл  біздің  жыл  санауымыз  бойынша  1465-66  жылдарға  сәйкес  келеді  екен. 

Тарихи  дерек  бойынша  Моғолстан  ханы  Есенбұға  1462  жылы  қайтыс  болғанын 

ескерсек,  қазақ  хандығының  1456  жылы  құрылғаны  анық.

1468  жылы  негізгі  қарсыласы  Әбілхайыр  хан  өлген  соң,  Керей  мен  Жәнібек 

өз  ұлыстарымен  атамекені  Сыр  бойына  оралады.  Осында  Керей  ханның 

басшылығымен  алғашқы  Қазақ  ордасының  іргесі  бекіп,  оның  маңында  ру, 

тайпаларға  бөлінген  халықтар  осында  өз  еркімен  қосылып,  іргелі  елге  айналды. 

Ханның  жанында  дала  данышпаны  Асан  қайғы  отырды.

Керей ханның  10 жылдай  билік құрып,  Хантауда  жерленгенін  айтады  тарихшы 

М.Елеуов.

Әз  Жәнібек  хан  Барақұлы  -  Қазақ  ордасының  екінші  ханы.  Шын  аты  -  Әбу 

Сағит.  Қазақ  халқы  елге  айрықша  сіңірген  еңбегі  мен  кемеңгерлік  істерін 

жоғары  бағалап,  оны  әз-Жәнібек деп  құрметтеген.  Ол  Қазақ  ордасының  тұңғыш 

ханы  Кереймен  бірлесіп,  қазақ  мемлекетінің  іргесін  қалаушылардың  бірі  еді. 

Әкесі  Барақ  XV  ғасыр  басында  Ақ  орда  мен  Алтын  орданы  билеген.  Жәнібектің 

ата-бабалары  ел  билеп,  хандық  құрған  адамдар  болса,  өзі  1473-80  жылдары 

қазақ  ханы  болды.  Ал  оның  ұрпақтары  Қасым,  Ақназар,  Тәуекел,  Жәңгір  т.б. 

ХіХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  Қазақ  хандығының  тағында  отырып,  өздерінің 

қайраткерлік,  ерлік  істерімен  айрықша  көзге  түскен  адамдар  болды.  Жәнібек 

хан  тұсында  қазақ  хандығының  беделі  Дешті  қыпшақта  өсе  түсті.  Сөйтіп,  бұл 

кез  дербес  қазақ  хандығының  күшеюіне  тұстас  келді.  Бұған  Жәнібек  ханның 

атқарған  тарихи  рөлі  өте  зор.  Әсіресе,  1469-72  жылдары  Әбілхайыр  хан 

ұрпақтарына  қарсы  күресте  қазақ  жасағын  басқарған  Жәнібек  ханның  қатысуы 

Шайбани  әулеті  билігін  толық  жойып,  соның  арқасында  жеке  ұлт  хандықтары 

құрылды.  Соның  ішінде  Қазақ  хандығы  толық  әрі  қуатты  мемлекетке  айналды. 

Жәнібек хан  Сарайшық  қаласын  мемлекет  астанасы  етті,  өзі  де  сонда жерленді.

Әз  Жәнібек  туралы  қазақ  аңыздары  мен  тарихи  әңгімелері  күні  бүгінге  дейін 

жеткені  ханның  әділетті  әрі  парасатты  адам  болғаны  жайлы  айтылады.  Сол 

сияқты  дала  ойшылы  Асан  қайғы,  Жиренше  шешен  осы  әз  Жәнібек  ханның 

замандасы,  әрі  ақылшы-кеңесшілері  болған  екен.

Атақты  емші,  дәрігер  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы  (1397-1492)  “Шипагерлік 

баяны”  атты  еңбегін  әз  Жәнібек  ханның  тапсырмасымен  жазған.

К.ІЗТІЛЕУҚЫЗЫ.

Диханбаба  ауылы.

Қ А З А Қ   ЕЛ І  ЕҢСЕЛІ

Қ а з а қ   х а н д ы ғы н ы ң   550  ж ы л д ы ғы ,  Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и ка с ы  

Конституциясына  20,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  20  жыл  және  Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығына  орай  аудандық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту 

бөлімінің  ұйымдастыруымен  жуырда  Бесқұбыр  ауылдық  мәдениет  үйінде 

“ Еңселі  Қазақ  елі”  атты  іс  шара  өтті.

Қылқалам  шебері  Сапарәлі  Әбдіқадыровтың  туындыларынан  көрме 

ұйымдастырылды.

Салтанатты  шараның  бетпердесін  мәдениет  үйінің  өнерпаздары  Қасым 

ханның  ақылдылығы  мен  көрегенділігі  жайында  үзіндіні  сахналастырып 

ашты.

Әрбір ауыл  әкімдігінде жалғасын  тауып жатқан  іс-шараның алдыңғылардан 



ерекш елігі  мектеп  оқуш ы лары   көптеп  тарты лған.  “З .Р үстем ов”  пен 

“С.Сейфуллин” орта  мектептерінің  балғындары -  тәуелсіз еліміздің  өрендері 

сахнада  өздерін  еркін  ұстап  күмбірлете  күй  шертті,  отансүйгіштік  сезімі 

тасқындап  шабыттана  көркем  сөз  оқыды,  патриоттық  әндерді  шырқады, 

халқымыздың  және  өзге  ұлттардың  биін  шебер  орындады.

Ербол  Ордабаев  пен  Шарайна  Тасқынбекованың  арасындағы  қайны  мен 

жеңге  айтысы  көптің  көңілінен  шықты.

Индира  Құралбаева  “Бірлігіміз  жарасқан”  әнімен  кешті  түйіндеді.

Әсерлі  кештен  қошқараталықтардың  көңілі  көтеріліп  қайтты.

Қам бар  ОТЫНШИЕВ, 

Гүлбахар  АМАНБЕКҚЫЗЫ.


10 сәуір,  2015 жыл

±ЛН  'Ж &ф&КВ

 

-



 

70

 



ЩЫЛ

Сарыағаш


Е Р Л ІК К Е   Т А Ғ З Ы М

Аудандық  ардагерлер  кеңесі  мен  жастар  орталығы  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагерлері,  ауданның  құрметті  азаматтары 

Досан  Өтенов  пен  Яковен  Мухиннің  үйіне  барып,  амандасып, 

саулығын  сұрап,  жағдайын  біліп,  ізгі  тілектерін  айтып  қайтты. 

Балалар  домбырамен,  гармонмен  ән  салып  беріп,  көңілдерін 

көтерді.

Арнайы  топ  майдангерлер  үйіне  бас  сұққанда,  Досан  ата 

ардагерді  қамқорлыққа  алған  “Арыстанбаб”  колледжінің 

директоры  Арслан  Асановпен  сұхбат  құрып,  студенттері  үй 

шаруасына  қолғабыс  жасап,  ал  Яковен  қарт  үйін  ағымдағы 

жөндеуден  өткізіп  берген  кәсіпкер  Балхия  Отарбаевпен 

әңгімелесіп  отыр  екен.

Батыр  аталардың  жүздері  жарқын,  жастарға,  ел  ұрпағына 

ақ  баталарын  беріп,  ризашылықтарын  білдірді.

Б .Ә Ж ІХ А Н О В А .

А налар  аз  болған  ба  атқа  қонған, 

Ерлерш е  еңбек  етіп,  елге  қорған.

С онау  бір  отты  ж ы лда  сұм  соғысқа, 

Әкелер  мен  ағалар  аттанғанда.

Ұстауға  қолы на  кетпен  жарағанда, 

Белсене  еңбек  еткен  ж ас  бала  да. 

Өткенге  көз  жүгіртіп  қарағанда,

Ж азғаны ң  аздық  еткен  жыр  -   дастан  да.

Сол  кезде  менің  д е   анам  құр  жатпаған,

Отанына  үлесін  мол-м ол  қосқан.

Айтушы  еді  мақтаны  тергендерін,

А р қа ла п  пал  басына  жеткергенін.

Әрбір  еңбек  үлесі  -   Отан  үшін!

Қанш ама  күн  ұйқысыз  жүргендерін.

Түнімен  қолғап,  шұлық,  нәски  тігіп 

Әскердегі  ағаларға  жібергенін.

Бұның  бәрі  біз  үшін  ертегідей,

Бүгінгі  ж ас  қалады   кейде  сенбей.

Әжім  басқан  қолдары н  көргеніңде 

Боласың  айтпаса  д а   түсінгендей.

Ғалия  ҚАПБАРОВА, 

кітапханаш ы . 

Жемісті  ауыілыі.

f

 

\



ҚЫМБАТТЫ

САРЫАҒАШТЫҚТАР!

Сарыағаш  қалалы қ  қорғаны с  істері  жөніндегі 

біріктірілген  бөлімі  Сіздерге  Беларусь  Республикасы  Брест 

облысы,  Пинск  қаласы ны ң  атқаруш ы  комитеті,  Пинск 

қаласын  азат  ету  кезінде  қаза  тапқан  төменде  көрсетілген 

жауынгер  -   қазақстанды қтарды ң  туыстарын  іздестіру 

туралы  өтінішін  жариялаймыз:

1.  А йқатов  Иван  Уразович  -   1925  ж.т.

2.  Аманбаев  Абдулла  Аманбаевич  -   1925  ж.т.

3.  Костюков  Григорий  Яковлевич  -   1925  ж.т.

4.  Миронов  Михаил  Ерастович  -   1925  ж.т.

5.  Тарабаев  Буджин  -   1904  ж.т.

Сол  себепті,  ш айқаста  қаза  тапқан  қазақстанды қтарды ң 

ата-анасы,  туған-туыстары,  ұрпақтары,  сыныптастары, 

немесе  мектеп,  о қу  орындарында,  мешіттерге  барып, 

ақсақалдармен  бірге  іздестіріп,  Сарыағаш  қалалы қ 

қорғаны с  істері  жөніндегі  біріктірілген  бөліміне 

(военкоматқа)  сымтетікпен  мына  нөмірге  2-12-83  мәлімет 

берулеріңізді  сұранамын.

аға  лейтенант  Н.РАХМАНБЕРДИЕВ, 

Сары ағаш  қаласы ны ң 

қорғаныс  істері  жөніндегі 

біріктірілген  бөлім  қызметкері.

М Е Н   А Т А М Д Ы   М А Қ Т А Н   ЕТЕМІН

Менің  атам  Бекжанов  Гауһарбек  1923 жылы  1  наурыз  күні  Дербісекке 

қарасты  Киров  елді  мекенінде  дүниеге  келген.  Қабланбек  ауылындағы 

мектепте  білім  алады.  Оқуын  Тоболиндегі  “Крупская”  мектебінің  кешкі 

бөлімінде жалғастырады.  Соғысқа  1942 жылдың  мамырында  аттанады. 

1-Украина,  3-Белорус майдандары  мен Жапониямен  айқасқа  қатысқан. 

Майданда  44-атқыштар  полкінде  пулеметші-зенитші,  233-атқыштар 

полкінде  снайпер-көздеуші,  612  және  157-атқыштар  полктерінде  бөлім 

командирі  болады.  1943  жылы  23  маусымда  басынан,  1944  жылы  23 

тамызда  аяғынан,  1945 жылы  9  ақпанда  басынан  ауыр жарақаттанады. 

Жанқиярлық  ерліктері  үшін  екі  рет  “ Қызыл  жұлдыз”  және  “2-дәрежелі 

Ұл ы   Отан  соғы сы ”  ордендерім ен,  “ Германияны   ж е ң ге н і  ү ш ін ” , 

“Кенигсбергті  алғаны  үшін”,  “Жапонияны  жеңгені  үшін”  және  жеңістің 

м е рекел ік  м едал ьд ерім ен  наградтал ған.  Кеңес  О дағы ны ң  бас 

қолбасшысы  Сталиннің  атынан  7  рет:  Белоруссия,  Литва  және  Шығыс 

Пруссия  территориясын  азат  еткені,  Неман  өзені  шайқасында  жау 

қорғанысын  бұзғаны,  Каунас (Ковно)  қорғанысын және  қаласын  алғаны, 

шығыс  Пруссияны  алғаны,  Инстербург  қаласын  алғаны,  оңтүстік-батыс

V_ _ _ _ _ _ _ _

_ _ _ _ _ _ _ _ _

К е н и гс б е р гті  н е м іс   әскері  қо р ш а у ы н а н   аза т  етке н і,  Ж апония 

шайқасындағы  жоғары  әскери  шеберлігі,  батылдығы  мен  жеңісі  үшін 

алғыс  хат  алған.

Елге  1945  жылдың  қарашасында  оралады.  Бейбіт  өмірде  аудандық 

қаржы  бөлімінде салықшы және  инспектор,  аудандық  атқару  комитетінің 

нұсқаушысы,  Полтарацкий,  Тельман  селолық  атқару  комитеттерінің 

төрағасы,  аудандық  салық  комитетінің  инспекторы,  Тоболин  селолық 

атқару  комитетінің  төраға  орынбасары,  аға  салықшы  қызметтерін 

а б ы р о й м е н   а т қ а р ы п ,  ауд ан  мен  о б л ы с   та р а п ы н а н   қа н ш а м а  

марапаттарға  ие  болған.  1983  жылы  зейнетке  шықты.  Зайыбы  Инабат 

Тұрсынқызымен  бірге  4  ұл,  3  қыз  өсіріп,  29  немере  сүйді.  Бәрімізге 

қадірменді,  бауырдан  мейірімі,  жолдастан  шынайы  көңілі  үзіліп  көрмеген 

атамыз  1996  жылы  13  наурызда  ауыр  науқастан  дүние  салды.

Тәуелсіздік  алған  жылдары  көшемізге  атамның  аты  берілді.  Мен 

атамды  мақтан  етемін  және  ата  жолымен  жүремін.

Мейіржан  БЕКЖАНОВ,  немересі.

Дербісек  ауыілыі.


Сарыағаш

Т^Ъ'РА'Ш

10 сәуір,  2015 жыл

5

дЖ Е  МЕН  НЕМЕРЕ

Біртілек  ауылы  “Шапағат”  балабақшасында  Наурыз  мерекесіне  орай  “Әже  мен  немере”  сайысы  өтті.  Оған 

бес  әже:  Оразбаева  Орал  немересі  Ақнұрмен,  Нарбаева  Шекер  немересі  Мерекемен,  Әмзеева  Дүйсенкүл 

немересі  Әбілмансұрмен,  Мұратова  Сапаркүл  немересі  Нүрисламмен,  Бабаханова  Оразкүл  немересі 

Асылбекпен  қатысты.  Әр  топ  таныстыру,  сұрақ-жауап,  тапсырма,  өнер,  ертегі  айту  шарттарын  орындады. 

Байқауға  байырғы  ұстаздар  қазылық  етті.

Әжелерге  қойылатын  сұрақтардың  барлығы  қазақтың  салт-дәстүріне  қатысты,  ал  немерелерге  Отан, 

Президент,  Елорда,  жыл  мезгілдері  туралы  болды.

Әжелер  тыңғылықты  дайындалыпты.  Үстеріне  киген  ұлттық  киімімен  бірге  әр  сынға  қажетті  түрлі  құрал- 

жабдықтар  жасапты.  Үміткерлеріміздің  бірі  бесік  жырын  жақсы  айтса,  бірі  тамаша  өнер  көрсетті,  келесісі 

ұршығын  иіріп  отырып  ертегісін  әдемі  баяндады.  Тұсау  кесер  рәсімі  де  қойылды.  Соңында  “Ең  үздік  әже” 

атағын  Сапаркүл  ана  жеңіп  алды.  Басқалары  шебер,  мейірімді,  өнерлі,  үлгілі  атанды.



КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ

№118  Т.Бигелдинов  атындағы  мектепте  әз  Наурызға  арналған 

келіндер  байқауы  өтті.  Апдымен  Қыдыр  ата  бата  берді.  Сосын 

Димитров  елді  мекенінің  ең  үлкен  қариясы  Тағай  ата 

Қазағымның  айналдым  Наурызынан,

Ж ем іс  ағаш  гүл  ашты  қауызынан.

Қазақ  елі  өркендеп,  өсе  берсін,

Сақта  Алла  көз  алартқан  жауызыңнан.

Құтты  болсын  жаңа  жыл  -   көктемдерің.

Бітік  болсын  жер-анаға  еккендерің.

Бейнет  түбі,  балдарым,  зейнет  деген,

Қолдарыңнан  түспесін  кетпендерің,  -  деп  келетін  өлеңін  әндете 

оқыды,  ал  Халы қ  ата  құтты қтау  сөзін  арнады.

Соны м ен  келіндер  сайы сы на  О разбаева  Әсия,  ілесова 

Гүлмира,  Смаилова  Элмира,  Әбдукаримова  Гүлназ  қатысты. 

Қатысуш ыларда  мін  жоқ.  Кез  келген  тосын  сұраққа  ұтымды 

жауап  беріп,  тосын  жағдайларда  жол  тауып  отырды.  Біріне 

қайнағасын,  біріне  қисы қ  сөзді  абысынын,  енді  біріне  енесінің 

гәптестерін  қ о н а қ қ а   ж іб е р іп   сы на ға ны м ы зд а   да,  қы сы лы п 

қалмай,  ты ғы ры қтан  шыға  білді.  Биязы  мінез,  әдепті  әрекетпен 

көрермен  көңілін  жаулап  алды.  Үлкендер  жағы  риза  болғаны 

сондай  -   ж ас  келіндерге  ақ  батасын  жаудырды  (бата  алған 

керем ет  қой),  іс-ш араны   ұйы м д а сты р ға н  мектеп  ұж ы м ы на 

алғысын  білдірді.



М амлакат  СЛАМОВА, 

ауылдық  әжелер  алқасы  төрайымы, 

Сарыағаш  ауданының  қүрметті  азаматы.

Таныс  болыңыз! 



БӨЛІМДЕ  -  Ж А Ң А  

БАСТЫҚ

Майор  Исаев  Бағдатхан  Төребайұлы 

1977  жылы  Ары с  қаласында  туылған, 

б іл ім і  ж о ға р ы ,  Т а р а з   м е м л е к е т т ік  

у н и в е р с и т е т ін   1998  ж ы лы   б ітір ге н , 

2001-2002  ж ы лдары   м ерзім ді  әскери 

міндетін  өткерген.

2003  жылдан  Арыс  қалалы қ  әскери 

к о м и с с а р и а т ы н д а   қ ы з м е т к е р ,  2007 

ж ы лдан  “л е й те н а н т”  оф иц е р лік  шені 

берілген  соң,  А р ы с  қа л а л ы қ  әскери 

к о м и с с а р и а т ы н д а  

Қ а з а қ с т а н

Р е с п у б л и к а с ы  

Қ а р у л ы  

К ү ш т е р і 

қатарына  шақырылып,  Ары с  қалалы қ 

қорғаны с  істері  ж өніндегі  біріктірілген 

бөлім  басты ғы ны ң  орынбасары,  2012 

жылдан  Ары с  қалалы қ  қорғаны с  істері 

ж өніндегі  біріктірілген  бөлім  бастығы 

лауазы мы на  тағайындалған.

Қазақстан  Республикасы  Бас  Штабы 

бастығы  -   Қорғаны с  Министрінің  1-ші 

о р ы н б а с а р ы н ы ң   2 0 1 5   ж ы л ғ ы   23  

а қ п а н д а ғ ы  

№ 0 3 9  

б ұ й р ы ғ ы м е н  

Сарыағаш  қаласы ны ң  Қорғаны с  істері 

жөніндегі  біріктірілген  бөлімі  бастығы 

л а у а з ы м ы н а  

2 0 1 5  

ж ы л д ы ң  

19 


наурызынан  тағайындалды.  Ж анұялы: 

1  ұл,  2  қызы  бар.

Газетте  бүгін  Б.Исаевтың  алғашқы 

мақаласы  жарияланып  отыр.



АЛАЯҚТАРДАН  САҚ  БОЛЫЦЫЗ

Қоғамда  алаяқтар  болған,  қазіргі  таңда  бар және  бола 

береді. Алаяқтықпен  ұсынылған затты алуға ниеттенген  кез 

келген  адамның  ықыласы  алаяқтың  мақсатқа  оңай  қол 

жеткізуіне  мүмкіндік  тудырады.  Олар  көбінесе  адамның 

әлсіздігімен ойнайды.

Азаматтарды арамзалардың құрығына итермелейтін бұдан 

да  күштірек  уәждеуші  құрамалар  бар.  Жұмыс  табу  тілегі 

адамды дұрыс ойынан және табиғи қауіпсіздіктен арылтатын 

жағдайларға ұшыратады, дәл осыны алаяқтар пайдалануда. 

Жұмысқа орналастырып  беремін деп ақшасын алып,  алдап 

кетіп жатқан оқиғалар кездесіп  тұрады.

Соңғы  жылдары  әскери  қызметшілердің  әлеуметтік 

қамтамасыз етілуі жақсарған.  Қазіргі таңда әр ай сайын әскери 

қызметшіге және оның  отбасы  мүшелерінің  қажеттіліктерін 

қанағаттандыратын  дәрежеде  ақшалай  үлестер төленеді. 

Тұрғын  үймен  қамтамасыздандырылуда,  ал  тұрғын  үйдің 

жалға алынғаны үшін өтемақы төлеу жолдары қарастырылған. 

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл  сайынғы 

негізгі еңбек демалыстары  өзге ұйымдармен  салыстырғанда 

ұзағырақ және сауықтыру үшін жәрдемақы белгіленген. Әскери 

қызметшінің  балаларына  мектепке  дейінгі  ұйымдардан 

кезектен тыс орындар беріледі.

Мансапты  өсу және  Қазақстан  Республикасының жоғары 

оқу орындарындағы ақылы оқуларға төленген қаржының 50%- 

ын  мемлекет есебінен  толтыру қарастырылған.

Осы  жеңілдіктердің  барлығы  әскери  қызметші  болуға 

қызықтырады.  Кандидаттарды  іріктеу  барысында  жеңіл 

табысқа  әуестенгендер  айқындалады.  Олар  төмендегі 

кестелерге  сәйкес жұмыс істейді.

1-кесте:  “іріктеуден  ойдағыдай  өту  және  келісімшартқа 

кепілді  тұру үшін  ақы төлеу”.

Егер сізден  “келісімшартқа  кепілді  тұру үшін” ақша  сұраса, 

онда ол  100% жалған. Өйткені кандидаттарды әскери қызметке 

іріктеу барысында ешқандай  кепілдер болуы  мүмкін емес.

іріктеу барысында  кандидат:

-  медициналық  куәландырудан  өтуі;

-  дене  шынықтыру және  кәсіби  дайындықтың  деңгейін, 

әскери-есептік мамандығы (білімі) бойынша бар дағдылардың 

сәйкестігін  көрсетуі;

-  психологиялық жарамдылығына тексеруден  өтуі  қажет.

Әр  кезеңдегі  іріктеуді  берілген  қорытындыларға  жеке

жауапкершілікке тартылатын дербес лауазымды тұлғалар іске 

асырады.  Бұл  мамандардың  кандидат  қы зм ет  етуге 

бағытталған әскери бөліммен ешқандай байланысы болмауы 

мүмкін.  Барлық  мамандармен  келісу мүмкін  емес.

Бұдан  бөлек ұсынылған  талаптарға  сәйкессіздік қызметтің 

бірінші  кезеңінде,  ережеге  сай,  жарты  жыл  ішінде  оқыту 

кезеңіне  қорытынды  шығару  және  әскери  қызметшілерді 

жоспарлы әскери-дәрігерлік комиссиядан өткізуде анықталады. 

Айқындалған  сәйкессіздік  әскери  қызметке  жарамсызды 

жұмыстан  босату жолымен жойылады.

Алаяқтар өздеріне жүктелген  міндетті орындамай,  ақшаны 

қ о л ға   т ү с ір іп   а л ға н н а н   соң  тү р л і  с ы л т а у л а р м е н  

жәбірленушімен  кездесуден  бас  тартады.  Сонымен  бірге 

“кепілдің” орындалмауы  қызмет орнында жоқ  болуы  немесе 

“қажетті  лауазымды  тұлғалардың”  ауысуымен  аяқталады.

Мұндай сылтауларды жәбірленуші тексере алмайды,  кейде жылдар 

бойы  өзінің  ақшасын  қайтаруға  мәжбүр болады.

Мысалы,  әскери қызметші А. 2013-2014 жылдары  кандидаттарды 

әскери  қызметке  іріктеуге  жауапты  әскери  бөлімнің  штаб 

бастығының жұбайы  болып  танысқан және  келісімшартқа тұруға 

“кепіл” берген.  Өзінің  “кепілді  қызметтері” үшін  1,5-нан 2 мың АҚШ 

долларына  дейін  алып,  іс-әрекетіне  сендіру  үшін  үміткерлерге 

қажетті  құжаттардың  тізімдерін  ұсынған.  Ақшамен  бірге  жеке 

куәліктерінің көшірмелерін алған.

Үміткерлер әскери қызметке  қабылданатынына  сенімді  болған. 

Алаяқтықпен  жиналған  қаржыны  А.  көңіл  көтеретін  орындарға 

баруға және  киім-кешек сатып алуға жұмсаған. Жеке куәліктердің 

көшірмелері заңсыз несиелерді алуға, жалған кәсіпорындарды ашуға 

құрал  бола алатындығын ойламай,  оларды тастап жіберген.

2-кесте:  “Лауазымдардың  сатылымы”

Келісімшарт  бойынша  әскери  қызметке  түсіруден  басқа 

нақты  лауазымдарға  орналастыруға  уәде  ететін  жағдайлар 

да  орын  алады.  Лауазымдармен  саудаласу  -   қылмыстық 

іс.  Осы  ж ағдайда  басш ы лы қ  пен  делдал  (мысалы,  сол 

әскери  бөлім нің  әскери  қы зм етш ісі)  арасындағы  келісімі 

б о й ы н ш а  

а л д ы н  

а л а  


п а р а  

б е р ге н  

к а н д и д а т п е н  

келісімш артқа  тұрады.

Мүмкін  мұндай  амалмен  сіз  шын  мәнінде  әскери  қызметке 

қабылдана  алатын  шығарсыз,  бұл  орында  ұзақ  уақыт  істеу 

екіталай,  себебі  сіз  орынды  келесі  төлемге  қабілетті  ізденуші 

үшін  босатуыңыз  қажет  немесе  жүйелі  түрде  “алым-салық” 

төлеуге  мәжбүрсіз.

Пара  беру  ҚР  Қылмыстық  Кодексінің  367-бабымен  ауыр 

ж е м қ о р л ы қ  

қ ы л м ы с  

б о л ы п  

т а б ы л а д ы , 

ж а з а  

б а с 


бостандығынан  айырумен  өтеледі.

Түрлі  жағдайда  алданған  азаматтар  отбасы  бюджетін 

ш ы ғынға  ұш ы р а тқа ны на   және  у а қы ты н ы ң  зая  кеткеніне 

өкінеді.


Заң  әскери  қызметке  кіруге  ниет  білдірген  тұлғалардың 

құқы қтары н  қорғайды:

-   үміткер  ие  болуға  тиіс  қасиеттер  анықталған  (дене 

ш ы н ы қ т ы р у   б о й ы н ш а   н о р м а т и в т е р ,  ә с к е р и - е с е п т ік  

м а м а н д ы қта р   б ойы нш а  д а ғд ы л а р   ж әне  т.б .);  оларм ен 

ка нд ида т  қо р ға н ы с   істері  ж ө н ін д е гі  бөлм дерд е  немесе 

тікелей  әскери  бөлімдерде  таныса  алады;

-   кандидатты ң  арызы  заңм ен  белгіленген  тәртіппен 

міндетті  түрде  тіркеуге  алынуға  жатады,  оның  қарастырылуы 

жөнінде  жауап  берілуі  тиіс;

-   талаптармен  танысқан  кандидат  өзінің  мүмкіндіктерін 

нақты  бағалай  алады  және  келіспеген  ж ағдайда  іріктеу 

комиссиясының  лауазымды  тұлғалары ны ң  іс-әрекеттеріне 

шағым  беруіне  немесе  келісімшартқа  тұрмауға  болады.

Егер  сізге  қ ұ қ ы қ қ а   қайшы  келетін  жағдайлар  туралы 

белгілі  болса,  онда  азаматты қ  танытып  төмендегі  сенім 

телефондары  арқылы  хабарласуыңыз  қажет:  8  (7252) 

42-05-22,  8-771-505-21-32,  8  (7252)  53-06-40,  2-12-83.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал