№ исх: 22-3/8648 от: 28. 09. 2016 Қазақстан Республикасы



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/6
Дата07.03.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

№ исх: 22-3/8648   от: 28.09.2016 



Қазақстан Республикасы 

Сыртқы істер министрінің 

2016 жылғы «___»_________№_______ 

және Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрінің 

2016 жылғы «___»________№________ 

бірлескен бұйрығына қосымша 

 

Қазақстан Республикасы 



Ішкі істер министрінің 

2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 

және Қазақстан Республикасы 

Сыртқы істер министрінің міндетін  

атқарушының 

2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 

бірлескен бұйрығымен бекітілген 

 

 

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан 



Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, 

Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына 

келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту  

қағидалары 

 

 



1 – тарау. Жалпы ережелер 

 

1.  Шетелдіктердің  және  азаматтығы  жоқ  адамдардың  Қазақстан 

Республикасына  келуіне  шақыруларын  ресімдеу,  шақыруларынкелісу, 

Қазақстан  Республикасының  визаларын  беру,  күшін  жою,  қалпына  келтіру, 

сондай-ақ  олардың  қолданылу  мерзімдерін  ұзарту  және  қысқарту 

қағидалары(бұдан  әрі  –  Қағидалар)  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2011  жылғы  22  шілдедегі  Заңына  (бұдан  әрі  –  Көші-қон 

туралы  заң),  «Қазақстан  Республикасының  Консулдық  жарғысын  бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25сәуірдегі № 240 

Жарлығына,  «Көшіп  келушілердің  Қазақстан  Республикасына  келуінің  және 

онда  болуының,  сондай-ақ  олардың  Қазақстан  Республикасынан  кетуінің 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 

21  қаңтардағы  №  148  қаулысына  сәйкес  әзірленді,және  шетелдіктердің  және 

азаматтығы  жоқ  адамдардың  (бұдан  әрі  –  виза  алушылар)  Қазақстан 

Республикасына 

келуіне 


шақыруларын 

ресімдеу, 

шақыруларын 


 

келісу,Қазақстан  Республикасының  визаларын  беру,  күшін  жою,  қалпына 



келтіру,  сондай-ақ  олардың  қолданылу  мерзімдерін  ұзарту  және  қысқарту 

тәртібін анықтайды. 

2.  Егер,  Қазақстан  Республикасы  қатысушысы  болып  табылатын 

халықаралық  шарттарда  осы  Қағидаларда  қарастырылғаннан  өзге  қағидалар 

белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады. 

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1)  азаматтығы  жоқ  адам  –  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып 

табылмайтын  және  өзінің  басқа  мемлекеттің  азаматы  болып  табылатыны 

туралы дәлелі жоқ адам

2)  бизнес  -  көшіп  келушілер  –  Көші-қоны    туралы  Заңға  сәйкес 

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер; 

3)  бұрынғы  отандас  –  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасында 

немесе  Қазақстан  Республикасында  туған  немесе  бұрын   оның  азаматтығында 

болған және шетелде тұрақты тұратын адам

4)  «Бүркіт»  бірыңғай  ақпараттық  жүйесі  (бұдан  әрі  –  «Бүркіт»  БАЖ)  – 

виза 


алушылардың 

Қазақстан 

Республикасына 

келуін-кетуін 

және 

болуынбақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе; 



5) вербалды нота – шет мемлекеттердіңсыртқы саяси ведомстволарының, 

дипломатиялық 

және 

оларға 


теңестірілген 

өкілдіктерінің,консулдық 

мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің

соның 



ішінде  виза  алушыларды  шақыру  және  визалар  беру  мақсатында 

бергенжазбаша өтініштері;    

6)  визалық  көші-қон    порталы  (бұдан  әрі  –  ВКП)  –  көші-қон 

процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған 

портал (www.vmp.gov.kz); 

7)  діни  қызмет  –  діндарлардың  діни  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

бағытталған қызмет; 

8)  келуге  және  кетуге  берілетін  рұқсат  (бұдан  әрі  –  виза)  –осыған 

уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-

қонушының  паспортындағы  немесе  оны  ауыстыратын  құжатындағывизада 

белгіленген  мерзімге,  мақсатына  және  шартына  Қазақстан  Республикасының 

аумағына  келуге,  оның  аумағы  арқылы  өтуге,  онда  болуға  және  Қазақстан 

Республикасының аумағынан кетуге құқық беретінбелгі; 

9)  Қазақстан  Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігінің    нұсқауы 

(бұдан  әрі  –  ҚР  СІМ  нұсқауы)  –  нақты  міндеттерді  шешу  мақсатында  және 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкiмшiлiгiнiң  және/немесе  Үкiметінің 

тапсырмаларына,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдардың, 

ұйымдардың  жәнешет  елдердегі  мекемелерінің,  шет  мемлекеттердің  сыртқы 

саяси  ведомстволарының,  дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген 


 

өкілдіктерінің,  консулдық  мекемелерінің,  халықаралық  ұйымдар  мен  олардың 



өкілдіктерінің  жазбаша  өтінішітерінің  негізінде  Қазақстан  Республикасының 

Сыртқы  істер  министрлігінде  (бұдан  әрі  –  ҚР  СІМ)  және  оның  шет  елдердегі 

мекемелерінде  шақыруларды  қабылдау  және  келісу  (ҚР  шет  елдердегі 

мекемелерінен басқа), визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу 

мерзімдерін  ұзарту  немесе  қысқартуды  жүзеге  асыру  туралы  Қазақстан 

Республикасының  шет  елдердегі  мекемелерінің  басшыларымен,  Қазақстан 

Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  Консулдық  қызмет  департаменті 

директорымен,  директорының  орынбасарларымен  және  паспорттық-визалық 

басқармасы  басшысымен  жедел  шешім  қабылдау  үшін  қабылданған  жазбаша 

түрде ресімделген тапсырмалары

10)  Қазақстан  Республикасының  шет  елдердегі  мекемелерi  (бұдан  әрі  – 

ҚР  шет  елдердегі  мекемелері)  –  Қазақстан  Республикасының  шет  елдерде 

орналасқан  дипломатиялық  және  оларға  теңестiрiлген  өкiлдiктері,  сондай-ақ 

консулдық мекемелерi; 

11)  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  бөлімшелері 

(бұдан  әрі  –  ҚР  ІІМ)  –  Қазақстан  Республикасы    Ішкі  істер  министрлігінің, 

облыстардың,  Астана,  Алматы  қалаларының  жәнекөліктегідепартаменттерінің 

көші-қон полияциясыбөлімшелері; 

12)  ҚР  ІIМ  нұсқауы  (бұдан  әрі  –  ҚР  ІІМ  нұсқауы)  –  нақты  міндеттерді 

шешу  мақсатында  және  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкiмшiлiгiнiң 

және/немесе  Үкiметінің  тапсырмаларына,  Қазақстан  Республикасының  шет 

елдердегі  мекемелерінің,мемлекеттік  органдардыңжәне  ұйымдардың  жазбаша 

өтінішітерінегізінде    шақыруларды  ресімдеу,  визаларды  беру,  күшін  жою, 

қалпына  келтіру,  ұзарту,  қолданылу  мерзімдерін  ұзарту  немесе  қысқартуды 

жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Көші-қон 

полициясы  департаменті  бастығымен  (бастығының  орынбасарларымен)  жедел 

шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары; 

13)  қолдаухат  –  шақырушы  тараптың,  Қазақстан  Республикасының  

визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін 

ұзарту  және  қысқарту  туралы,сондай-ақ  Қазақстан  Республикасына    келуге 

ниеті бар виза алушылардыңжазбаша  өтініштері; 

14)  маусымдық  шетелдік  жұмыскерлер  –  климат  немесе  өзге  де  табиғи 

жағдайларға байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, алайда бір жылдан 

аспайтын  мерзімде,  атқарылатын  маусымдық  жұмыстарды  орындау  үшін 

жұмыс берушілермен жұмысқа тартатын көшіп келушілер

15)  миссионерлік  қызмет  –  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының, 

шетелдіктердің,  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  Қазақстан  Республикасында 

тіркелген  діни бірлестіктердің  атынан Қазақстан  Республикасының  аумағында 

діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;  


 

16)  өз  бетінше  жұмысқа  орналасуғаарналған  біліктілік  сәйкестігі  туралы 



анықтама  (бұдан  әрі  –  біліктілік  туралы  анықтама)  –  Қазақстан 

Республикасында  экономиканың  басым  салаларында  сұранысқа  ие  кәсіптер 

бойынша  өз  бетінше  жұмысқа  орналасу  үшін  біліктілік  талаптары  мен  білім 

деңгейіне сәйкес келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері 

жөніндегі  уәкілетті  орган    анықтаған  тәртіппен  берілетін«Халықты  жұмыспен 

қамту  туралы»Қазақстан  Республикасының  Заңымен  белгіленген  нысандағы 

құжат (экономикалық қызмет түрлеріндегі); 

17)  тұрақты  тұруға  арналған  рұқсат  –Көші-қон  туралы  заңымен 

белгіленгенталаптарды сақталған кезде көшіп келушілерге ҚР ІІМ беретін және 

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат; 

18) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға 

құқығы  бар  ҚР  шет  елдердегі  мекемелерінің,  ҚР  СІМ  және  ҚР 

ІІМқызметкерлері; 

19)  форс-мажорлық  жағдайлар  –  төтенше  және  болмай  қоймайтын 

жағдайлар  салдарынан  туындайтын  еңсерілмейтін  күш  оқиғалары  (дүлей 

апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар); 

20) халықаралық  өзара  түсіністік  қағидаты  –  екі  мемлекеттің  азаматтары 

үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну

21) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым; 

22)  шақырушы  тарап  –виза  алушылардыңҚазақстан  Республикасына/нан 

келуіне/кетуіне 

жәрдемдесетін 

Қазақстан 

Республикасының 

орталық 

мемлекеттік  органдары,  облыстық  әкімдердің,    республикалық  маңызы  бар 

қалалардың,  астананың  аппараттары,  шетмемлекеттердің  сыртқы  саяси 

ведомстволары,  дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген  өкілдіктері, 

консулдық  мекемелері,  халықаралық  ұйымдар  және  олардың  өкілдіктері, 

сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасында  тіркелген  жеке  және  заңды 

тұлғалар; 

23)  шетелден шақыру  туралы  құжаттар  (бұдан  әрі  – шақыру)  –Қазақстан 

Республикасына    жеке  істер  бойынша    келугеҚР  ІІМ  берген  шақыру,    не 

болмасавиза  алушыларғаҚазақстан  Республикасының  визаларын  беру  туралы 

ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалдынота; 

24) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын 

және  өзінің  басқа  мемлекеттің  азаматы  болып  табылатындығы  туралы  дәлелі 

бар адам; 

25)  этникалық  қазақ  –  шетелде  тұрақты  тұратын  ұлты  қазақ(олардың 

ұлттық  тиесілігін  растайтын  құжаттары  болған  кезде)шетелдік  немесе 

азаматтығы жоқ адам. 

 

 



2 – тарау. Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне 

шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу тәртібі 

 

 

4.  ҚР  СІМ  шақырушы  тараптан  вербалды  нотаны  қабылдайды  және 

келіседі. 

5. ҚР ІІМ: 

1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуіне 

шақыруларды ресімдейді; 

2) 


шақырушы 

тараптан 

(шет  мемлекеттердің 

сыртқы 


саяси 

ведомстволары,  дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген  өкілдіктері, 

консулдық  мекемелері,  халықаралық  ұйымдар  мен  олардың  өкілдіктерінен 

басқа) қолдаухат қабылдайды және келіседі. 

6.  Қолдаухат  немесе  вербалды  нота  виза  алушының  Қазақстан 

Республикасына    болжамды  келу  күніне  күнтізбелік  90  күннен  ерте  емесжәне 

екі аптадан кешіктірілмей беріледі. 

Қолдаухатты  қарастыру  мерзімі,  осы  Қағидалардың  14  тармағында 

көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап 5 жұмыс 

күнінен аспауы тиіс.  

ҚР  ІІМ  және  ҚР  СІМ  нұсқауы  бойынша  шақыру  құжаттары  қысқа 

мерзімде қабылданады және өңделеді. 

7.  Шақыруды  ресімдеу  үшін  шақырушы  тарап  осы  Қағидалардың  1 

қосымшасына  (бұдан  әрі  –  1  нысан)  сәйкес  нысан  бойынша  кестені  қоса 

отырып вербалды нотаны ҚР СІМ-ге ұсынады. 

8.  Шақыруды  ресімдеу  үшін  шақырушы  тарап  тіркелген  орны  бойынша 

келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге ұсынады: 

1)  Қазақстан  Республикасына  жеке  сапар  бойынша  келуге  шақыру 

ресімдеу үшін: 

 

жеке басты куәландыратын құжат; 



 

өтініш-сауалнама; 

 

мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. 



2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін: 

1 нысанда қарастырылған екі данада толтырылған кесте; 

мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. 

3)  шақыруды  ресімдеуге  ағымдағы  жылы  алғашқы  рет  өтініш  білдірген 

заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады: 

заңды  тұлғаның  немесе  жеке  кәсіпкердің  мемлекеттік  тіркеу    туралы 

куәлігінің көшірмесі; 

заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;

 

заңды  тұлғаның  өз  өкілін  құжаттарды  тапсыру  үшін  тағайындау  туралы 



бұйрығы немесе сенімхаты; 

директорлар  кеңесінің  мүшесін  шақыруға  қолдаухат  өткізуші 

қабылдаушы  тарап  –  директорлар  кеңесінің  мүшесі  болып  сайлану  туралы 

жалпы акционерлер жиналысы хаттамасының көшірмесі; 

шетелдік  туристерді  шақыруға  қолдаухат  өткізуші  қабылдаушы  тарап  – 

облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  жергілікті 



 

атқарушы  органдары  берген  туроператорлық  қызмет  лицензиясы  немесе 



туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі; 

виза  алушыны  білім  алу  мақсатында  шақыруға  қолдаухат  өткізуші 

қабылдаушы  тарап  –  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мәселелері 

жөніндегі уәкілетті органы берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия 

және (немесе) лицензияның қосымшасы

виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар 

үшін  шақыруға  қолдаухат  өткізуші  қабылдаушы  тарап  –  Қазақстан 

Республикасының  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  органының 

медициналық қызметке берген лицензиясы; 

9. Сұралған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады: 

1)  инвесторлар  үшін  –  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар 

жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты; 

2) іскерлік сапарға арналған көп мәртелі визаны ресімдеу үшін – шарттың 

немесе  келісімшарттың  көшірмесі  (этникалық  қазақтар,  бұрынғы  отандастар 

және  осы  Қағидалардың  2  қосымшасына  сәйкес,  визаларды  ресімдеу  кезінде 

шақыруды  міндетті  түрде  көрсетуден  босатылатын  экономикасы  дамыған, 

саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) 

азаматтарынан басқа); 

3) діни іс-шараларға қатысу немесе  миссионерлік қызметті жүзеге асыру 

үшін  –  діни  қызмет  саласын  жүзеге  асыратын  уәкілетті  органдағы  мекеменің 

жазбаша келісімі;   

4)  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  түзету  мекемелерінде 

жазасын  өтеп  жатқан  адамдарға  бару  үшін  –    ҚР  ІІМ  қылмыстық-атқару 

жүйесінің жазбаша келісімі; 

5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан 

Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті 

органының жазбаша келісімі; 

6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде  маусымдық шетелдік 

жұмыскерлер үшін–шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға берген 

рұқсаты,  немесе  «Қазақстан  Республикасына  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға 

арналған  квотаны  белгілеу  қағидаларын  және  жұмыс  берушілерге  шетелдік 

жұмыс  күшін  тартуға  рұқсат  берудің  қағидалары  мен  шарттарын  бекіту  және 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23  қаңтардағы  Заңын  іске  асыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс 

енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 

№ 45  қаулысына  сәйкес  дәлелдейтін  құжаттар  немесе  халықаралық шарттарға 

сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар

 

7)  биснес-көшіп  келушілерге  –  Қазақстан  Республикасының  облыстың, 



республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  жергілікті  атқарушы 

органдарының қолдаухаты; 



 

8)  оқу  практикасынан  немесе  тағылымдамадан  өту  үшін  –  Қазақстан 



Республикасының  орталық  атқарушы  органдарының  қолдаухаты  немесе 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  тіркелген  компаниялар  мен  мекемелердің 

ҚР СІМ-мен келісілген қолдаухаты; 

9)  гуманитарлық  уәждер    бойынша  –  Қазақстан  Республикасында 

аккредитациядан  өткенін  растайтын  халықаралық  ұйымның  немесе  оның 

өкілдігінің  құжаты,  немесе  гуманитарлық  көмек  көрсету  туралы  Қазақстан 

Республикасында ратификацияланған  халықаралық шарты бар болғанда, болу 

елінің  заңнамасына  сәйкес  ресми  түрде  тіркелген  шетелдік  үкіметтік  емес 

қоғамдық ұйымның (қор) құжаттары; 

10) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті 

органының қолдаухаты; 

11)  жақын  туыстарын  күтіп-бағу  үшін  –  медициналық  мекемелерде 

емделіп  жатқан  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  немесе  Қазақстан 

Республикасының    аумағында  тұрақты  тұратын  виза  алушылар  үшін  – 

Қазақстан  Республикасында  орналасқан  медициналық  мекеме  берген  тұрақты 

күтіп-бағу  қажеттілігі  туралы  құжаттары,  сондай-ақ  туыстық  дәрежесін 

растайтын құжаттар. 

10. Қолдаухатты қарастыру кезінде ҚР ІІМ-мен тексеріледі: 

1)  ұсынылған  құжаттарға  сәйкес  сұратылған  сапардың  мақсатының, 

визаның  мәртелігінің,  қолданылу  мерзімінің  және  оны  беру  орнының  

сәйкестігі.  Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және 

(немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес  анықталады. 

ҚР  СІМ  қызмет  көрсететін  консулдық  округтерін  көрсете  отырып  ҚР  шет 

елдердегі мекемелерінің  тізімін ҚР ІІМ-ге береді; 

2)  шетелдікке  Қазақстан  Республикасына  кіруіне  бас  тарту  негіздерінің 

болуы; 

3)    шақырушы  тарапқа  осы  Қағидалардың  13-ші  тармағында  көзделген 



шақыруды ресімдеуден бас тарту негіздерінің болуы. 

Егер  сұратылған  сапар  мақсаты,  визаның  мәртелігі,  қолданылу  мерзімі 

немесе  визаны  беру  орны  қоса  берілген  құжаттармен  расталмаса,  немесе  бас 

тартуға  негіздер  болса,  шақырушы  тарапқа  қолдаухат  бас  тарту  себептері 

жазбаша көрсетіліп қайтарылады. 

11. Шақыру туралы құжаттар ресімделеді: 

1)  ҚР  ІІМ  уәкілетті  қызметкерінің  қолымен  куәландырылған  және 

визалық  мөрмен  бекітілген  Қазақстан  Республикасына  жеке  істер  бойынша 

келуге шақыруды беру жолымен

2)  заңды  тұлғаның  қолдаухатының  бірінші  данасына  ҚР  ІІМ  уәкілетті 

қызметкерінің  қолымен  куәландырылған  және  визалық  мөрмен  бекітілген 

келісу  нөмерін  қою  жолымен.  Қолдаухаттың  екінші данасы  мен  қоса  берілген 

құжаттар ҚР ІІМ іс номенклатурасына тігіледі. 

Нөмер мен келісу күні туралы ақпарат «Бүркіт» БАЖ енгізіледі.   



 

12. 



Шақырушы  тарап,  виза  алушыларға  олардың  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  көзделген  құқықтары  мен  міндеттерін 

уақтылы  түсіндіру,  сондай-ақ  белгіленген  мерзімде  оларды  ішкі  істер 

органдарында  тіркеу  және  Қазақстан  Республикасынан  уақтылы  кетулерін 

қамтамасыз ету бойынша міндеттеме  алады. 

13.  Егер,  өтініш  берілгенге  дейінгі  бір  жыл  ішінде  шақырушы  тарап 

көшіп  келушілерді  уақтылы  тіркеу,  олардың  Қазақстан  Республикасына  келу 

құқығы  туралы  құжаттарын  ресімдеу,  елдің  аумағы  арқылы  қозғалысы  мен 

болуының  белгілі  мерзімі  аяқталғаннан  кейін,  олардың  Қазақстан 

Республикасынан кетулерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдамағаны 

үшін  жауапкершілікке  тартылған  болса,  көшіп  келушілерді  Қазақстан 

Республикасына шақыру туралы мұндай қолдаухат қарастырылмайды. 

14. Шақыру құжаттарын ресімдеуді немесе оларды ресімдеуден бас тарту 

туралы  шешімді  ҚР  ҰҚК  келіскеннен  кейін,  ҚР  ІІМ  немесе  ҚР  СІМуәкілетті 

қызметкері қабылдайды. 

ҚР ҰҚК-мен келісу «Бүркіт» БАЖ  пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

ҚР ҰҚК-і қолдаухатты  келісуді 3 тәулікке дейінгі мерзімде қамтамасыз 

етеді.  Шақыруларды  ресімдеудің  негіздерін  неғұрлым  мұқият  зерделеу  қажет 

болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрауы бойынша көрсетілген 

мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін. 

 

 

3 - тарау.  Қазақстан Республикасының визаларын беру 



 

1. Визаның санаттары, мәртелігі, қолданылу мерзімі  

және Қазақстан Республикасында болу кезеңі 

 

15. Визалар 3 санатқа бөлінеді: 

1) «А» санаты: 

дипломатиялық виза – «А1» және «А2»; 

қызметтік виза – «А3» және «А4»; 

инвесторлық виза – «А5». 

2) «В» санаты (қысқа мерзімдеболу үшін): 

іскерлік сапарларға арналған виза – «В1», «В2» және «В3»; 

халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған  виза – 

«В4»; 


әуе,  теңіз,  өзен  кемелері  экипаждары  мен  поезд  бригадаларының 

мүшелеріне арналған виза – «В5»; 

діни іс-шараларға қатысуға арналған виза – «В6»; 

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза – «В7»; 

Қазақстан  Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған 

виза – «В8»; 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза – «В9»; 


 

жеке сапарға арналған виза – «В10»; 



Қазақстан  Республикасы  азаматтарын  асырап  алуға  арналған  виза  – 

«В11»; 


туризм мақсатындағы виза – «В12»; 

транзитпен өтуге арналған виза – «В13»; 

Қазақстан Республикасы аумағынан кетугеарналған виза – «В14», «В15», 

«В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21» және «В22». 

3)  «С» санаты (ұзақ мерзімдеболу үшін): 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза – «С1»;  

отбасынбіріктіруге арналған виза – «С2»; 

еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза – «С3»; 

өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған виза – «С4»; 

бизнес-иммигранттарға арналған виза – «С5»; 

маусымдық жұмыскерлерге арналған виза – «С6»; 

миссионерлік қызметті жүзеге асыруға арналған виза – «С7»; 

гуманитарлық уәждер бойынша виза – «С8»; 

білім алуға арналған виза – «С9»; 

жеке сапарға арналған виза (этникалық қазақтар) – «С10»; 

кәмелетке толмаған азаматтарға арналған виза – «С11»; 

емделуге арналған виза – «С12». 

Виза санаты виза алушының келу мақсатына сәйкес болады. 

16. Виза бір мәртелі және көп мәртелі болады.  

Бір мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа 

және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы 

арқылы  өтуге,  онда  болуға  және  Қазақстан  Республикасынан  шығуға  құқық 

береді. 

Көп мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа 

және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы 

арқылы  өтуге,  онда  болуға  және  Қазақстан  Республикасынан  шығуға  құқық 

береді.  

Қазақстан  Республикасы  аумағынан  кетугеарналған  визалар  виза 

алушыға  визада  белгіленген  мерзімге  және  талапқа  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  болуына  және  Қазақстан  Республикасынан 

шығуға құқық береді. 

17.  Барлық  санаттағы  визалар  жалған  көшірмелерден  қорғайтын  өзіндік 

ерекшелігі  бар  өздігінен  желімделетін  арнайы  жапсырма  түріндегі  тасығыш-

қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және онымен 

бірдей  нөмірі  бар  түбіртектен  тұрады.  Толтырылған  виза  шетелдіктердің  

паспортына, ал визалық жапсырманың түбіртегі – визалық сауалнамада арнайы 

белгіленген орынға жапсырылады. 

18. Виза келесі мәліметтерді қамтиды: 

1) визаны берген мекеменің коды

2) визаның мәртелігі; 



10 

 

3) визаның санаты



4) визаның берілген күні; 

5) виза алушының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда); 

6) паспорт нөмірі

7) виза қолданысының басталу күні; 

8) виза қолданысының аяқталу күні; 

9) шақырушы тараптың атауы немесе басқа мәліметтер;  

10) қосымша ақпарат; 

11) консулдық алымды немесе мемлекеттік бажды төлеу туралы мәлімет; 

12) бірге жүретін адамдар туралы мәліметтер; 

13) визаны берген адамның тегі мен қолы. 

Визалық  сауалнаманы  толтыру  осы  Қағидалардың  3-ші  қосымшасына 

сәйкес жүргізіледі.  

Визаларда түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып 

саналады. 

19.  Вианың  санаты,  алушы,  мәртелігі,  қолданылу  мерзімі,Қазақстан 

Республикасының    аумағында  болу    кезеңі  мен  беру  негіздері    осы 

Қағидалардың 4 қосымшасына (бұдан әрі – 4 нысан) сәйкес анықталады. 

20.  Осы  Қағидаларда  қарастырылғаннан  басқа  халықаралық  өзара 

түсіністік  қағидатын  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасында  болу 

мерзіміҚазақстан  Республикасының  азаматтарының  болу  мемлекетінде  болу 

мерзімінен аспайтын ұзақ мерзімді визалар берілуі және виза ресімдеу мерзімі 

ұзақ уақыт болуы мүмкін.  

21. Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар: 

1) 


Қазақстан  Республикасында  аккредиттелген  шет  мемлекеттердің 

дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген  өкілдіктерінің,  консулдық 

мекемелерінің, 

халықаралық 

ұйымдар 

мен 


олардың 

өкілдіктерінің 

басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР 

СІМ берген аккредиттеу куәлігі; 

2) 

шетелдіктің  немесе  азаматтығы  жоқ  адамның  Қазақстан 



Республикасында тұруына ҚР ІІМ берген ыхтиярхаты;  

3) 


ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі; 

4) 


шетелдікті  Қазақстан  Республикасынан  шығарып  жіберу  туралы 

соттың қаулысы; 

5) 

ҚР ІІМ берген босқынның жол жүру құжаты. 



 

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал