● Физика–математика ғылымдары



жүктеу 86.42 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі86.42 Kb.

 



 Физика–математика ғылымдары 

 

407 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

               



    где   

                             (3) 

  

Решение  данного  уравнения  показало,  что  траекторией  движения  дуги  по  коаксиалу  является  



спираль Архимеда. Газодинамический обдув столба плазмы приводит в деформации  последнего: из 

окружности  профиль  столба  становится  эллипсом.  Учитывая  действие  всех  сил,  приводящих  в  

движение  столба  дуги  по  коаксиалу,  можно  утверждать,  что    траекторией  дуги  является   

деформированная спираль Архимеда на эллипсоиде.   

Электрическая  дуга  является  чрезвычайно  подвижным  проводником  [2].  Известно,  что  на 

токоведущую часть действуют такие силы, которые стремятся увеличить электромагнитную энергию 

контура.  Поскольку  энергия  пропорциональна  индуктивности,  то  дуга  под  действием  своего 

собственного поля стремится образовывать витки, петли, так как при этом возрастает индуктивность 

цепи.  Эта  способность  дуги  тем  сильнее,  чем  больше  ее  длина.  Движущаяся  в  воздухе  дуга 

преодолевает аэродинамическое сопротивление воздуха, которое зависит от диаметра электрической 

дуги, расстояния между электродами, плотности газа и скорости движения. Опыт показывает, что во 

всех случаях в равномерном магнитном поле электрическая дуга движется с постоянной скоростью. 

Следовательно,  электродинамическая  сила  уравновешивается  силой  аэродинамического 

сопротивления. 

  

ЛИТЕРАТУРА 



 [1]  А.С.Коротеев,  М.А.  Ломовцев    «  Метод  повышения  жесткости  фиксации  зоны  вращения  дугового 

разряда  в  коаксиальном  плазмотроне»  Труды 

VI  Всесоюзной  конференции 

по    генераторам 

низкотемпературной плазмы.Алма-Ата,1974,с.134.  

 [2] О.Я Новиков . Устойчивость электрической дуги.−Л.:Энергия,1978. −160с.,ил 

                                   

Утеулина К.А., Ниязова Ш.В., 



COAX бойынша қозғалыс кезінде магнит өрісі электр доғаның траекториясын есептеу 

Түйіңдеме:  кішкентай  бір  материальдық  нүкте  ретінде  ешқандай  кедергісіз,  тұтқырлық  плазма  доғаны 

деп қарастыруға болады. Кішігірім күш доғаны жылдамдықпен  айналдырады.  Коаксиаль типті плазматронда 

электрлік доғаны зерттеу: магнитті, электрлі және газодинамикалық болады. Кез келген жазықтықта доғаға күш 

әсер етеді. Әсер ететін барлық күшті ескере отырып доға бойымен өтетін қозғалысты есептеу барысында, доға 

траекториясы эллипсоидадағы Архимед спиралінің деформациялануы болып табылады. 

Түйің сөздер: плазма, коаксиал, доға айналуы 

                                 

Uteulina K. A., Niyazova Sh. W. 

Computational study of electric arc motion in a coaxial arc discharge chamber under the influence of an 

external magnetic field 

Summary:  anchor  spot  can  be  represented  in  the  form  of  a  material  point,  which  has  no  practical  resistance, 

despite  on  the  plasma  arc  viscosity.  Slight  forges  are  capable  to  rotate  the  arc  at  any  speed.  The  electric  arc  is 

investigated in the plasma torch of  coaxial type: magnetic, electric, and gas-dynamic forges arc on the arc column in 

different planes. Taking into account the effect of all forges, driving the arc column, and performed calculations showed 

that the arc trajectory is a deformed Archimedes spiral on ellipsoid. 

Key words : plasma, coaxial , arc rotation 

 

   



                                           

УДК 353.03 



Г. Аскарова, Л. Омарбекова 

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы) 



 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ОҚЫТУШЫНЫҢ 

 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ 

 

Аннотация.  Білім  беру  жүйесін  модернизациялау  міндетін  шешу  тек  қана  мұғалімнің  педагогикалық 

шеберлігін  жетілдіру  негізінде  жүзеге  асырылады.  Заманауи  психологияда  шеберлік  ұғымы  тұтас  әлеуметтік-

психологиялық  білім  болып  саналады,  ол  ғылыми  білімдер,  дағдылар  мен  біліктерді,  жоғары  тиімді 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

408 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ететін әдістемелік шеберлік пен тұлғалық қасиеттерді қамтамасыз етеді. 



Қазіргі  таңда  педагогикалық  шеберлік  түсінігі  мен  құрылымы  өзгерген.  Дәстүрлі  білім  беру  парадигмасы 

шеберлікті  сұраққа  жауап  табу  деп  қастырды,  яғни  неге  және  қалай  оқыту  керек.  Қазіргі  білім  беру 

парадигмасы  білім  алушының  кез-келген  сұраққа  өз  бетінше  жауап  бере  алатындай  етіп  шығармашылық 

белсенділігін  кім  және  қалай арттырады  сұрағына жауап  беруден  тұрады.  Педагогикалық  шеберлік  мұғалімде 

оның  шығармашыл  тұлға  екендігін  сипаттайтын  эрудиция,  сыншыл,  рефлексивті,  алдын-ала  болжау  және 

жобалау,  ерік-жігер  секілді  сапалар  жүйесі  бар  деп  есептейді.    Педагогикалық  шеберлік  педагогикалық 

міндеттер  ішінен  жаңа  оқыту  әдістері  мен  формаларын  іздестіру  жоғары  спалы  білімге  алып  келетіндігін 

анықтайды. 



Кілттік  сөздер:  педагогикалық  шеберлік,  педагогикалық  іс-әрекет,  шығармашылық  белсенділік,  білім 

беру парадигмасы. 

 

Оқытушының негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Бұл педагогикалық 



мақсаттан  туындайды.Педагогикалық  мақсат  дегеніміз  –  жас  ұрпақты  философиялық,  экономикалық, 

саяси,  адамгершілік,  құқықтық,  биологиялық  тұрғыдан  қарап,  жан-жақты  білім,  тәрбие  беріп,  қоғамға 

қажетті  азамат  етіп  шығару.Оқытушының  шеберлігі  -  өз  пәнін  жетік  меңгерген,  істің  мәнін  біліп, 

балалармен  тіл  табысып,  оқу-тәрбие  жұмысын  жүргізу  болып  табылады.Оқытушының  шеберлігі  үш 

қырынан  көрінеді,  олар  ұйымдастыра  білу  шеберлігі,  қарым-қатынас  шеберлігі,  ықпал  ету,  яғни 

студенттің іс - әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу. 

Ұйымдастыра  білу  шеберлігі  -  әр  ұстаздың  өзінің  атқаратын  іс-шарасының  мақсаты  болып 

табылады.Сол  мақсатты  орындау  үшін  ұстаз  іс-шараның  сценариін  жазып,  әр  қатысушыға  рөлдерін 

бөліп,  ойнап  шығуы  керек.Ол  үшін  әр  шәкірт  қалай  ойнау  керек  екенін  үйретіп,  ақыл  кеңес  беріп, 

тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс.Ұстаздың шеберлігі әр студентға өзіне лайықты рөл беріп, 

өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету. 

Қарым-қатынас  жасай  білу  шеберлігі  –  студенттердің  іс-әрекеті,  қатынасы  –  тәрбиенің  негізгі 

тетігі.Балалар 

өзара 


немесе 

ересектермен 

қатынас 

арқылы 


білім, 

тәрбие, 


үлгі-өнеге 

алады.Сондықтанда  қатынас  сауатты,  маңызды,  мазмұнды,  өнегелі,  үлгілі  болғаны  оған  қарым-

қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында. 

Оқытушының  қарым-қатынастық  элементтеріне  қатынастың  мақсаты  мен  мазмұны, 

шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру, ақ жарқын, ашық мінез танытып, ыстық суығына 

күйіну,  шәкірттердің  рухани  байлығына  атсалысу,  шәкірттерді  тыңдай  білу,  керек  жерінде  әдетті 

сақтай  отырып,  баланы  дұрыс  жолға  бағыттау,  оқытушыде  тіл  байлығы  болу  керек,  мәнерлеп  айту, 

әңгімешіл, нақты дәлелді сөйлеу, пікір сайыс кезінде әдетті сақтай отырып шындықтың бетін ашып, 

әділ баға беру, мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б. жатады. 

Қарым-қатынас  жасай  отырып,  ықпал  ету  шеберлігі  –  оқытушы  өмір  бойы  бала  тәрбиесіне 

ықпал етумен шұғылданады.Сонымен қатар, оқытушы студенттің іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық 

әдіс-тәсілдерді,  тәрбиенің  түрлерін  қолдана  отырып,  бағытты  ықпал  етіп,  жақсы  ісін  қуаттап, 

көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады. 

Оқытушының  шәкіртке  ықпал  етуінің  үш  жолы  бар:дәлелдеп  сендіру,  шәкірттің 

қызығушылығын дамыту, талап ете білу. 

Шебер  оқытушы  әдіс-тәсілдердің  көптеген  түрлерін  пайдалана  отырып,  студентке  ықпал 

жасауға тырысуы керек. 

Ұстаздық  ықпал  етудің  әдіс-тәсілдері:  ұстаздық  өсиет,  ұстаздық  ақыл-кеңес  беру,  ұстаздық 

үйрету және ұстаздық өзіне тартудан тұрады. 

Сабақ  барысындағыстуденттердің  тәжірибелік  қызметін  басқарудағы  шеберлік  бірнеше 

факторларға  тәуелді.  Маңызды  факторлардың  бірі  студенттер  үшін  пәнді  қызықты  ету,  сабақтың 

тәжірибелік мазмұнын жетілдіру, студенттердің тәжірибелік қабілетіне сәйкес кері байланыс жасау. 

Шеберлік  негізі-  жеке  тұлға  мәдениеті,  білім  мен  өрісті  дүниетаным  және  осы  сапалармен 

кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе. 

Шебер  оқытушы  студенттердің  сабаққа,  білім  алуға  қызығушылығын  қалыптастыру  және 

дамыту үшін мынадай келесі ережелерді басшылыққа алады: 

1.  Студенттердің  тәжірибелік  қызметін  дамыту  ол  үшін  зерделенетін  пәнге,  ақыл-ой  еңбегі 

процесіне қатысты оқу әдістемелік дидактикалық материалды даярлау арқылы ұйымдастыру; 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

409 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

2. Оқу еңбегі кез-келген еңбек сияқты түрліше өтілетіндей етіп ұйымдастыру; 



3. Шебер  оқытушы зерделенетін пәннің қажеттілігін, маңыздылығын және мақсаттылығын өзі 

терең түсініп модульдік жолмен игеруге мүдделі болу; 

4.  Жаңа  оқу  материалы  бұрынғы  оқылған,  игерілген  оқу  материалдары  мен  байланыстары 

болса студенттер үшін соғұрлым қызықты; 

5. Оқу қиын болуы керек; 

6. Студенттердің әрбір жұмысы жиі тексерілсе және бағаланса жұмыс істеу қызықты болады; 

7.  Оқу  процесінде  оқу  материалының  проблемалы  мәселелері  және  оны  шешудің  жолдары 

шәкірттерге қатысты баяндалуы, қолданылуы пәнді игеруге ықыласты арттырады. 

Осындай  жұмыстарды  тәжірибелік  қызметте  басшылыққа  алуы  оқытушының  оқу  процесін 

басқаруын жеңілдетеді.Ең негізгісі сапалы меңгеруге жеткізеді. 

Нағыз оқытушы қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, студент көңілінен шығады, оның 

ойына  қозғау  салып,толғанысқа  келтіре  алады.Мұндай  ептілік  өз  пәнін  тереңдей  білген,  өз 

білгендерін студенттергеа жеткізе алатын оқытушыға тән қасиет. 

Шеберлікке жету кезеңдері келесідей: озат оқытушыдер тәжірибесін бақылау, арнайы әдебиеттерді 

оқу, өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, тәжірибелік сарап жүргізіп отыру. 

Шеберліктің  және  бір  маңызды  көрсеткіші-  студенттерді  белсенділікке  ынталандыра 

білу,олардың  қабілеттерін,  дербестігі  мен  зерделілігін  көтере  түсу,  балаларды  сабақ  барысында  ой 

толғауға үйрету. 

Оқытушының  міндеті-  оқуға  қажетті  ұнамды  көңіл  шарпуларының  сол  оқу  процесінің  өзінен 

пайда  ету.Сол  үшін  де  ол  жұмыс  түрлерін  ауыстырып  отырады,  студенттердің  іс-әрекетіне  қозғау 

салады,  жарқын  мысалдар,  деректер  пайдалануымен  бала  қызығуларын  оятады.Бір  жұмыс  не  әдіс 

түрін  қайталай  беруден  студент  жалығады,  сондықтан  да  жаңа  тәсілдерді  іздестіру  оқытушының 

шартты міндеті болуы қажет. 

Шебер  педагог  –  сабақ  лекция,  диспут  сабағы,  сабақ-экскурссия,  қоғамдық  байқау  сабақтары  

және  т.б.  өткізуіне  ерекше  назар  аударады.Студенттердің  ойлануын  арттыру  мақсатымен 

мүмкіндіктері мол шығармашылық пен жұмыс істейтін оқытушылар лекциялық баяндауларда диалог 

құрады, сұрақ қояды, қайталайды, ұқсастықтарды табу т.б. тапсырмалар береді. 

Студенттердің  оқу  процесінде  ақыл-ойының  іс-әрекетіне  сәйкес  білім  алу  заңдылықтарына 

қатысты  семинар  сабақтары  себепкер  болады.Шебер  оқытушылардың  практикада  диспут  сабақтары 

маңызды  орын  алады.Шебер  оқытушының  шығармашылық  сипаттағы  мәні  ұстаз  бен  білім 

алушының  бірлескен  ақиқатты  іздестіру  еңбегі  ол  мәдени  ойлаудың  зертханасы.Олар  студенттердің 

үздік  ойларын,  тапқырлығын  ынталандырады.Сонымен  бірге  олардың  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытады. 

Студенттердің сабақта білімдерін игеру процесін дұрыс ұйымдастыру үшін шебер педагог кері 

байланысты  ұтымды  ойластырады.Кері  байланысты  ұйымдастырудың  мәнділілігі  -  бақылау 

қабілетінің  мәнділігінде,  студенттермен  пікір  алмасудың  әрбір  педагогикалық  қадамдарын 

ойластыруда, ойлау амалдарының шебер байланыстыруында болып табылады. 

Педагогикалық  еңбектің  шеберлері  әрқашан  сабақтың    тиімділігін  арттыруүшін  мынадай 

шараларды жүзеге асыруы керек: 

1. Ұйымдастырушылық  кезеңге мейлінше аз уақыт жұмсау. 

2. Жазбаша үй жұмысын сабақ үстінде тексеруге мейлінше аз уақыт бөлу. 

3.Сабақ үстінде жеке студенттен ауызша сұрауға барынша аз уақыт жұмсау. 

4.  Сабаққа  студенттің  жаңа  материалын  меңгеруіне  ықпал  ететіндей  тәжірибелік 

тапсырмаларды көбірек ендіру. 

5.  Студенттің  өз  бетінше  меңгеруге  қиналатын  материалдары  бойынша  ауызша  баяндауды 

пайдалану. 

6.  Міндетті  түрде  студентті  сабақ  үстінде  өз  бетінше  білім  алуға  қабілетін  дағдыға  үйрету, 

кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету. 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

410 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

7. 


Үй 

жұмысының 

сипатын 

өзгерту.Алған 

білімін 

үй 


тапсырмасын 

орындауға 

шығармашылықпен  ізденіспен  пайдаланатындай  студентті  өз  бетінше  ойланып,  жол  табуға 

итермелейтіндей, сабақта алған білімді практикада қолданатындай тапсырмалар беру. 

8. Жаңа оқу материалын сабақ үстінде бекітуге көңіл бөлу. 

9. Үйде осы есте бекіту жұмысы онан әрі жалғасын табатындай тапсырмаларды көбірек беру. 

10. Үйге практикалық  мазмұндағы тапсырмаларды көбірек беру.  

11. Үй тапсырмасын сол күні орындауға алғы шарттар жасау. 

12. Тапсырманы түрлі бағытта беру ( ауызша немесе жазбаша). 

13. Таңдауы мен бірге психологиялық талдау жасайтын тапсырмалар. 

14. Топтық жұмыстар. 

Шебер  оқытушыдер  өзінің  пәнін  терең  білу  менен  бірге  шәкірттерін  толғандыратын, 

қызықтыратын мәселелерді білу керек. 

Көптеген  ғалымдар  оқыту  әдістерін  мазмұнына,  қолданылуы  мен  іс-әрекет  түрлеріне, 

мақсатына,  мәніне  қарай  түрліше  топтайды.Біз  жалпы  оқыту  әдістерін  талдап,  жүйелей  отырып, 

студенттердің тәжірибелік іс-әрекетін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық: 

1. 

Ақпараттың  берілуі  мен  қабылдау  сипаты  бойынша  -  дәстүрлі  әдістер  жүйесі:  сөздік  әдіс 



(әңгіме,  әңгімелесу,  дәріс  т.б.)  ;  көрнекілік  (демонстрация,  көрсету  т.б.);  практикалық  (сарамандық 

жұмыс, шығарма т.б.). 

2. 

Студент  мен  оқытушының  өзара  әрекеті  бойынша  –  Лернер  –  Скаткин  топтаған  әдістер 



жүйесі:  баяндау  –  иллюстративті  әдіс,  репродуктивтік  әдіс,  проблемалық  баяндау  әдісә,  ішінара  – 

іздену немесе эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдіс. 

3. 

Оқытушы  іс- әрекеті компоненті  бойынша – Ю.К.Бабанскийдің әдістер жүйесі, бұл оқыту 



әдісіне 3 үлкен топ әдістер кіреді: 

а)  оқу  –  тәжірибелік  іс-әрекетті  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  (сөздік,  көрнекілік, 

практиаклық, репродуктивті және проблемалық индуктивті,  

тәжірибелік жұмыс). 

б) 

бақылау 


және 

тәжірибелік 

бақылау 

әдістері 

(ауызша 

және 


жазбаша                                                            

бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған  бақылау, т.б). 

в)  оқу  тәжірибелік    әрекеттегі    мотивация  және  реттеу  әдісі  (қызығушылықты  қалыптастыру 

әдісі:  тәжірибелік  ойындар,  өмірдегі  жағдайларды  талдау;    оқытуда  жауапкершілік  пен    міндетті 

қалыптастыру  оқытудың  қоғамдық  және    жеке  тұлғалық  маңызын  түсіндіру,  педагогикалық 

шарттарды ұсыну). 

4.  Студент  мен  оқытушының  ішкі  және  сыртқы  іс-әрекеттерінің  сабақтастығы  бойынша  – 

М.И.Махмутовтың  әдістер  жүйесі:  проблемалы  дамыта  отырып  оқыту  әдістері    орта  мектеп 

жағдайында  жоғары  сынып  студентларының  тәжірибелік  іс-әрекетін  қалыптастыруда  тиімділігі 

тәжірибе  жүзінде  анықталды.Әдісті  нақты  жағдайда  қолдану  үшін  оны  төмендегідей  жоспар 

бойынша  талданды:  белгілері  –  анықтамасы  –  негізгі  қызметі  –  ережесі  –  қолданылуы  –  басқа 

әдістерден айырмашылығы. 

Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  белсенділік  –  адамның  өз  бетінше  әрекет  етуге  дайын 

болуға  ұмтылысынан,  алға  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  оңтайлы  жолдарды  таңдай  білуден 

көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. 

Жаңа  технология,  дәстүрлі  емес  әдіс  тәсілдердің  маңызы  жоғары,бірақ  қазіргі  кезеңде  орта 

мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған,  оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі 

қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту (репетитор, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өз 

бетімен  білім  алу,  алыстан  білім  алу),  ұжымдық  сабақтар  (шығармашылық  сабақтар,  семинарлар, 

мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т.б.), жеке ұжымдық жұмыстар 

арқылы  (шығармашылық  ай,  пәндік  және  ғылыми  апталықтар,  жобалар),  студенттердің  тәжірибелік 

жұмыстарын ұйымдастыру барысында студенттердің тәжірибелік іс-әрекетін қалыптастыруға болады 

Студенттердің  тәжірибелік  іс-әрекетін  қалыптастыруға  бағытталған  сабақтар  түрлерін  төртке 

бөліп қарастыуды ұсынамыз, олар тәжірибелік, коммуникативтік, шығармашылық және әдіснамалық. 

Сабақ  үстінде  белсенділіктері  қалыптасуы  үшін  студенттердің  міндеттерін  көрсетейік,  олар: 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

411 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

тәжірибелік  пікірлерін  дәлелдеу;пікірталастар  мен  талқылауларға  қатысуы;өзінің  жолдасына, 



оқытушыдерге  сұрақ  қоюы;жолдасының  жауабына  пікір  айту;сыныптасының  жауабы  мен  жазбаша 

жұмысын  бағалау;үлгермеушілерге  түсініксіз  жерлерін  түсіндіру;өз  бетімен  күрделі  тапсырмаларды 

таңдау;тәжірибелік  тапсырманың  шешімдерін  табуда  бірнеше  нұсқасын  көрсету;тәжірибелік 

бағалауға  жағдай  туғызу,  өзінің  тәжірибелік  және  практикалықәрекетін  талдау;тәжірибелік 

тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



[1] В. П. Беспалько. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Просвещение, 2009 - 378с. 

[2] В. А. Кан-Калик, И. Д. Никандров. Педагогическое творчество. - М.: Педагогика, 2000 - 319с. 

[3] И. Б. Котова, Е.Н. Шиянов. Педагогическое взаимодействие. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2015 - 298с. 

[4] Н. А. Неудахина.Основы педагогического мастерства: Учеб.-метод. пособ. - Барнаул: АлтГТУ, 2012. - 152 с. 

[5]  И.  А.  Зязюн.  Основы  педагогического  мастерства:  Учеб.  пособ.  /  Под  ред.  И.А.  Зязюна.  -  М.: 

Просвещение, 2003.- 302с. 

[6] Р.И. Степанов. Технологический подход к гуманизации образования. // Наука и образование. - 2013. - 

№3 - С.24-27. 

 

Аскарова Г., Омарбекова Л. 



Педагогическое мастерство педагога при практической работе студентов 

Резюме. 

Решение 


задач 

модернизации 

образования 

возможно 

сегодня 

лишь 


на 

основе 


совершенствования  мастерства  педагога.  В  современной  психологии  мастерство  понимается  как  целостное 

социально-психологическое  образование,  синтезирующее  научные  знания,  умения,  навыки,  методическое 

искусство  и  личностные  качества,  обеспечивающие  высокую  эффективность  педагогической  деятельности. 

 В  настоящее  время  изменились  представления  о  сущности  и  структуре  педагогического  мастерства. 

Традиционная  образовательная парадигма рассматривала мастерство как способность педагога найти  ответ  на 

вопрос - чему и как учить. Современная образовательная парадигма заключается в ответе на вопрос о том, кто и 

как стимулирует самостоятельную творческую активность учащегося. Педагогическое творчество предполагает 

наличие у педагога системы качеств, характеризующих его как творческую личность - эрудиции, креативности, 

рефлективности,  способности  предвидеть  и  проектировать,  активности  воли  и  др.  Педагогическое  мастерство 

определяют,  как  поиск  новых  методов  и  форм  решения  бесчисленного  ряда  педагогических  задач  с  высокой 

степенью успешности. 

Ключевые  слова:  педагогическое  мастерство,  педагогическая  деятельность,  творческая  активность, 

образовательная парадигма. 

 

Askarova G., Omarbekova L. 



Pedagogical mastery of the teacher in the practical work of students 

Summary.  Solving  problems  of  modernization  of  education  today  is  possible  by  improving  teacher  skills.  In 

modern psychology  skill is understood as a holistic socio-psychological education, synthesizing scientific knowledge, 

skills, methodical skill and personality, providing high efficiency of pedagogical activity. Currently, we changed ideas 

about the nature and structure of pedagogical skills. The traditional educational paradigm considered skill as a teacher's 

ability to answer the question - what and how to teach. Modern educational paradigm is the answer to the question of 

who and how to stimulate the student's independent creative activity. Pedagogical work presupposes that teacher quality 

system, describing it as a creative person - erudition, creativity, reflectiveness, the ability to anticipate and design, and 

other activities will Pedagogical skill involves the formation and use of teacher original style of activity, characterized 

by  expediency and flexibility. Modern education is characterized by  variability and diversity in the content and in the 

technologies used in the educational process. Pedagogical skills determine how the search for new methods and forms 

of pedagogical solutions countless number of tasks with a high degree of success. 

Key  words:  pedagogical  mastery,  practical  exercises,  pedagogical  activity,  creative  activity,  educational 

paradigm. 

 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал