Қ азақтың қастерлі қаласы Жәнібек Әлиман, «Орталық Қазақстан»



жүктеу 15.68 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі15.68 Kb.

Қ

азақтың

 қастерлі қаласы 

Жәнібек ӘЛИМАН, 

«Орталық  Қазақстан» 

Қ

арағаны  қалың  қырқалы 

бұйратқа халық  қарасы көп 

шоғырланып,  қарағанның 

орнына  қала бітіп, жонына 

жаһандық өркениет жантайғалы 

да ғасырға жуықтап  қалды. 

«Бүгініміз көзді ашып-жұмғанша 

кешегі болып, кешегіміз кәрі 

тарихқа айналтаны осы» десетін 

үлкендер мұндайда. 

Түбін Түркіден тартатын  қарға тамыр-

лы атам  қазақтың  қадым заманда  қойып 

кеткен аты -  Қарағанды. Сол  Қарағанды 

әлі Қарағанды! Аты да, заты да Қарағанды. 

«Караганда» емес. Суыр інінен шығарып 

тастаған  қиыршық  қара тастың  қызуынан 

тұтаған кеншілер  қаласының  қарағандай 

қ

аулап кеткен тарихы  қалың  қазір. Адам-



зат тарихындағы алғашқы кенші - суыр 

соны іннен шығарып Апақ атамызға, Апақ 

атамыз айдай әлемге әйгіледі. Бүгінде 

онысы - жұмыр басты пенденің игілігі. Ал, 

бір кездері  қойны-қонышына кәуір толып, 

Қ

арЛаг-тың  қасіретінен жауыр болған ме-



кен  қазір  қаракөз  қазақтың  Қарағандысы. 

Қ

азақ  ұлтының  қаншама  қызық дәуренін 



басынан  ұзақ уақыт өткеріп келіп,  қанша-

ма  қасірет пен тақсіреттен өтіп,  қазақтың 

маңдайына жазылған Арқадағы аға ша-

һар. Сөйткен  Қарағанды  қаласы 80 жыл-

дығын екі жыл бұрын тойлап тастап, енді 

облыс болғанының 80 жылдығын атап өту 

үстінде биыл.  Қарағанды облыстық тари-

хи-өлкетану мұражайында өткен «Қара-

ғанды  қаласының және  Қарағанды облы-

сының  құрылуы мен дамуы: өткені мен 

бүгіні» атты шара (дөңгелек үстел, көрме) 

солардың бірі ғана. 

Ертедегі есті  қазақ  қара жердің ,қыр-

тысты, топырағы  құнарлы тұсына ғана 

қ

алың  қараған шығатынын білген. Ит тұм-



сығы өтпейтін  қалың  қараған жауын-ша-

шында жұртқа пана, жылқыға ықтасын. 

Мұндай жерлерді о баста  құйқалы,  құтты 

қ

оныс деген  қазақ біліп айтқан-ау.  Қалың 



қ

арағанның етегіне егін ексең,  қуаңшылық 

жылы да бітік шығатынын  қайда  қоярсың?! 

Бір жақ бүйірінде мені  қайда  қалдырасың 

деп Майқұдығы жатыр. Көмір көзді кенші-

лер  қаласынан үй таппаған күллі  қазақ 

сонда. Іші  қазандай  қайнайды.  Қайнаса 

да, «Қарағанды - менің  қалам» деп тебі-

ренеді. Ертең алда-жалда ел басына күн 

туа  қалса, аттандап атқа  қонатын солар. 

Құ

дайға  қараған  Қазақстанның  Қараған-



дысындағы бір текті, біртұтас ұлт өкілдері. 

Күндіз күйбең тірлік  қамында жүріп, түнде 

жатып алып  Қарағандының тілеуін тілейді. 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайда 

ұ

йымдастырылған дөңгелек үстел үстін-



дегі әңгіме де осы  Қарағандының өткен-

кеткен тарихи баянына  құрылды.  Қаланың 

һәм облыстың кешегісі мен бүгіні,  қала 

құ

рылысының тарихы, ғылым мен мәде-



ниеттің  қазіргі жағдайы сөз болып  қана 

қ

ойған жоқ.  ҚР Тәуелсіздігі кезеңіндегі 



Қ

арағанды облысы мен  қаланың әлеу-

меттік-экономикалық дамуы да тілге тиек 

болғанының куәсі болдық. «Өндірісі өркен-

деген көмірлі өлке» атты көрме - дөңгелек 

үстелдегі әңгімеге әр бере түсті. 



Орталық Қазақстан.- 2016.- 13 ақпан (№28-29).- 1 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал