• Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлерінің (атк) этикалық кодексі 7 • Тәртіп ережелері



жүктеу 0.89 Mb.

бет1/11
Дата06.03.2017
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

33

•  Терминдер сөздігі 

4

•  Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлерінің (АТК) этикалық кодексі 7



•  Тәртіп ережелері 

8

•  Әлеуметтік медианы пайдалануға қатысты саясат 



35

•  Халықаралық қаржыландыру бойынша саясат 

38

•   Тиімсіз бизнес құрылымдауына қатысты Amway  



ұстанымы 40

•   Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлерінің (АТК) жабық  

нарықтардағы әрекетсіздік саясаты 

42

•   Ресей Федерациясымен көршілес елдердегі  



заңға қайшы әрекет 

45

•   Ресейлік бизнесті қолдауға арналған  



материалдар  саясаты 

46  


•  Amway құпиялылық саясаты 

55

Мазмұны



44

Amway немесе компания:

 Ресейдегі «Amway» 

ЖШҚ немесе Amway компаниясының АҚШ-тағы 

басты кеңсесі, сондай-ақ компанияның басқа 

елдегі филиалы, контекстке байланысты.

Ұпайлар:

 Amway Тәуелсіз Кәсіпкерінің (АТК) 

біліктілік деңгейі мен сыйақы сомасын анықтау 

үшін әрбір өнімге берілетін сандық бірліктер.

Amway бизнесі: тіркелген Amway Тәуелсіз 

Кәсіпкерінің (АТК) АТК Келісімінің шарттарына 

сәйкес істейтін коммерциялық қызметі.

Айналым Көлемі (АК):

 бір айдағы немесе 

бір жылдағы көрсетілген қызметтер үшін сый-

ақы сомасын есептеуге пайдаланылатын, әрбір 

тауарға берілетін ақша көлемі.

Тармақ: 

Сіз демеушілік ететін Amway Тәуелсіз 

Кәсіпкері және кейінгі осы АТК демеушілік ете-

тін төменгі желідегі бүкіл топ.

Amway бизнесінің мүмкіндіктері:

 АТК 


Келісіміне сәйкес Amway компаниясы қамта-

масыз ететін Amway өнімі, маркетингілік 

Қолдау және сыйақылар жүйесі.

Сыйақы:


 АТК көрсеткен қызметтер үшін 

Amway тарабынан Amway сату және маркетинг 

жоспарына сәйкес төленетін ақшалай сыйақы.

Жетістіктер үшін берілетін сыйақы: Amway 

Тәуелсіз Кәсіпкері (АТК) ай сайын табатын ақша 

сомасы. Сыйақы пайыздарын есептеу шка-

ласына сәйкес АТК және оның тобы жинаған 

ұпайлар негізінде есептеледі.

Жетекшілік үшін берілетін сыйақы: 

төменгі желідегі бір немесе бірнеше квалифи-

кацияланған Тармақтары бар және Amway сату 

және маркетинг жоспарына сәйкес осы төлем-

дерді алу үшін ең төменгі талаптарға жауап 

беретін АТК алатын ай сайынғы төлемдер.

Халықаралық жетекшілік үшін беріле-

тін сыйақы: 

Amway сату және маркетинг 

жоспарына сәйкес басқа елдегі квалификаци-

яланған АТК үшін халықаралық Демеушілік ете-

тін Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлері (АТК) алатын 

ай сайынғы сыйақы.

Қамқоршылық үшін берілетін сыйақы:

 

жеке қамқоршылық қолдаумен өзінің төменгі 



желісінде бір немесе бірнеше квалификация-

ланған Тармақтары бар және Amway сату және 

маркетинг жоспарына сәйкес осы төлемдерді 

алу үшін ең төменгі талаптарға жауап беретін 

АТК алатын ай сайынғы төлемдер.

Amway бизнесіне арналған қосымша 

материалдар: 

Amway бизнесін құру және 

дамыту жөніндегі Компания тарабынан немесе 

Amway атынан шығарылған әр түрлі оқу құрал-

дары мен бағдарламалар.

Екінші бизнес, Бизнес № 2:

 басқа елде 

бұрын ашылған өзінің Amway бизнесі тара-

бынан демеуші қолдауын алатын АТК бизнесі 

немесе оның сол елдегі келесі бизнесі.

Жылдық көлем:

 Меруерт және Гауһар АТК 

жыл сайынғы сыйақылар сомасын есептеу үшін 

пайдаланылатын Ұпайлар/Айналым Көлемі.

Amway екі деңгейлі Бастапқы 

жиынтығы: 

Amway компаниясымен АТК 

Келісімін жасауға дейін және кейін АТК алатын 

әдебиеттер, сату жөніндегі оқу құралдарының 

және басқа өнімдер мен ақпараттық материал-

дардың жиынтығы. Екі деңгейлі Бастапқы 

жиынтық екі бөліктен тұрады:

•  Бірінші Бастапқы жиынтық: АТК Келісіміне 

қол қоюға дейін ықтимал АТК танысу мақса-

тында ала алатын әдебиеттер мен материал-

дар жиынтығы. Бірінші Бастапқы жиынтыққа 

АТК Келісімінің өзі, тәртіп ережелері және 

Amway бизнесі туралы басқа да қажетті ақпа-

рат кіреді.

•  Екінші Бастапқы жиынтық: Компания АТК 

Келісімін тіркегеннен және Екінші Бастапқы 

жиынтық үшін төлем жасалғаннан кейін АТК 

алатын әдебиеттер, сату жөніндегі оқу құрал-

дарының жиынтығы, басқа ақпараттық мате-

риалдар мен өнімдер.

Келісім:


 Тәуелсіз Кәсіпкер мен Amway компа-

ниясы арасында жасалған АТК Келісімі және 

ақылы қызмет көрсету туралы Келісім. АТК 

Келісімі — Amway компаниясы мен ықтимал 

АТК арасындағы келісім, бұл келісім бойынша 

АТК Amway компаниясынан оның өнімдерін/

қызметтерін сатып алу және соңғы сатып алу-

шыларға қайта сату құқығын алады, сондай-ақ, 

ол басқа ықтимал тәуелсіз кәсіпкерлер тобын 

жасап, Amway бизнесі бойынша оларға демеу-

шілік ете алады. Ақылы қызмет көрсету туралы 

келісім — Amway компаниясы мен АТК өтініш 

жасаушысының арасындағы келісім, бұл келісім 

Терминдер сөздігі



55

бойынша АТК Amway компаниясына маркетин-

гілік қолдауға қатысты қызметтерді көрсету 

және Amway сату және маркетинг жоспарына 

сәйкес сыйақыларды, сыйлықтарды және басқа 

төлемдерді алуға қатысу құқығын алады.

Інжу сыйақысы:

 әрқайсысы бір айдың ішін-

де 21% деңгейіне жеткен өз елінде бірінші 

желіде үш немесе одан көп АТК үшін демеуші-

лік ететін және оған қоса 21% сыйақы деңгейі-

не жеткен өз ұйымында бірінші желіден төмен 

кемінде тағы бір АТК бар АТК алатын ай 

сайынғы сыйақы.

Білікті тармақ: 

Төменгі желіде кемінде бір 

АТК 21% сыйақы деңгейіне жеткен тармақ.

•  Жеке Білікті тармақ: Сіздің еліңізде жеке Сіз 

демеушілік ететін АТК қоса алғанда 21% сый-

ақы деңгейіне жеткен тармақ.

•  Қамқоршы Білікті тармақ: Басқа елде халықа-

ралық демеушісі бар және өз елінде 

демеушісі қамқоршысы бар АТК қоса алғанда 

21% сыйақы деңгейіне жеткен тармақ.

•  Халықаралық Білікті тармақ: Халықаралық 

демеушісі Сіз болып табылатын басқа елдің 

АТК қоса алғанда 21% сыйақы деңгейіне жет-

кен тармақ.

Корпоративтік әдебиет: 

Amway ресми әде-

биеті, соның ішінде: Екі деңгейлі Бастапқы 

жиынтық, «Amway бизнесін бастау оқу құралы», 

тәртіп Ережелері, Amway сату және маркетинг 

жоспары, Бизнесті қолдауға арналған мате-

риалдар (БҚМ) саясаты, Құпиялылық саясаты, 

жабық нарықтардағы әрекетсіздік саясаты, 

АТК арналған өнімдер прайс 

листі, Өнімдер 

каталогы және Amway компаниясының басқа 

баспа материалдары.

Топ жетекшісі:

 Өзі 21% сыйақы деңгейіне 

жеткен немесе өзінің бірінші желісінде 21% 

сыйақы деңгейіне жеткен қатысушы бар АТК.

Жетекшілік ұпайлары:

 Жетекшілік, 

Қамқоршылық және Халықаралық жетекшілік 

үшін берілетін сыйақыларды есептеу үшін пай-

даланылатын ұпайлар. Жетекшілік ұпайларына 

21% сыйақы деңгейіне жетпеген барлық 

төменгі АТК ұпайлары кіреді.

Жетекшілік пайыздық деңгей: 

Жетекшілік 

ұпайларына негізделген және Халықаралық 

жетекшілік үшін АТК сыйақыны толығымен, 

жартылай алуын немесе оны алмауын анықтау 

үшін пайдаланылатын пайыздық деңгей.

Демеушілік қолдау желісі:

 Барлық өнім 

және қызмет атқарулар (ішіне ала: кітап, жур-

налдар, флип-чарттар және басқа баспа мате-

риалдары, онлайн әдебиетер, веб-сайттар, 

аудио, видео- немесе цифрлық тасығыштар, кез-

десулер, іс-шаралар және жаттықтыратын семи-

нарлар және материал және қызмет атқару сырт 

көрініс) нешінші

•  әлеуетті АТҚ тарту және  тәлім-тәрбиесі үшін 

жасалған, немесе Amway өнімнің және қызмет 

атқаруының әлеуетті тұтынушыларының неме-

се қолдау үшін, тренингті, қозғамдаманың 

немесе АТҚ тәлім-тәрбиесінің,

•  нешінші Amway тауар белгісі асырай әлде 

бірді пайдаланады немесе, авторлық 

құқықпен қорғалган,

•  

нешінші НПА немесе әлеуетті НПА бай-



ланыстың ашық білдір- немесе ойдағыдағы 

белгісімен  Amway немесе демеушінің  Amway 

тарапынан мақұлдау ұсынылады.

Жеке топ: 

бірінші Платина АТК және оның 

төменгі АТК дейінгі қандай да бір АТК барлық 

төменгі желісі.

Жеке айналым:

 Amway өнімдерін тікелей 

сатып алу көлеміне байланысты Amway 

Тәуелсіз Кәсіпкеріне (АТК) есептелетін Ұпайлар 

мен Айналым Көлемі (АК).

Бизнесті қолдауға арналған материал-

дар (БҚМ):

 Бизнеске тарту, қолдау көрсету

тренинг, ынталандыру және оқыту мақсатында 

АТК және/немесе ықтимал АТК үшін берілуі 

мүмкін барлық өнімдер мен қызметтер және 

оларда бір немесе бірнеше Amway тауар белгісі 

болады немесе олар Amway компаниясымен 

нақты немесе жанама байланыс белгісі бар 

АТК және/немесе ықтимал АТК үшін ұсынылады 

немесе демеушілік болғанда немесе Amway 

тарабынан мақұлданады.

Amway Тәуелсіз Кәсіпкері (АТК):

 Amway 


компаниясы қабылдаған АТК Келісіміне қол 

қойған тұлға.

Сыйақы көлемі:

 Тәуелсіз Кәсіпкердің көрсетіл-

ген айда Күміс деңгейіне жеткендігін немесе 

жетпегендігін есептеу және анықтау үшін пайда-

ланылатын ұпайлар (сондай-ақ, жоғарғы желі үшін 

бұл квалификацияланған тармақты білдіруі мүм-

кін). Бұл ұпайларға 21% деңгейіне жеткен қатысу-

шыларды қоспағанда барлық төменгі желінің 

көлемі кіреді.


66

Топ көлемі (сонымен қатар «Топтық 

ұпайлар» немесе «Көлем» ретінде қол-

данылуы мүмкін):

 АТК жетістіктері үшін 

берілетін Сыйақының Пайыздық деңгейін 

есептеу үшін пайдаланылатын ұпайлар. Топ 

көлеміне барлық төменгі желінің ұпайлары 

кіреді, бірақ оған Сыйақының 21% деңгейіне 

өздері жеткен төменгі АТК ұпайлары кірмейді.

Amway сату және маркетинг жоспары: 

көрсетілген қызметтер үшін сыйақыларды төлеу 

жүйесі және «Amway бизнесін бастау» оқу 

құралында және Amway компаниясының басқа 

ресми әдебиетінде сипатталғандай сатылған тау-

арлар көлемі үшін Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлеріне 

берілетін ынталандыру төлемдері.

Платина АТК:

 Amway сату және маркетинг 

жоспарының талаптарына сәйкес Платина дең-

гейі сыйлығына жеткен Amway Тәуелсіз 

Кәсіпкері.

Құпиялылық саясаты: 

Amway компани-

ясының дерекқорларында және есептеу жүйе-

лерінде сақталатын жеке деректерді жинауға, 

пайдалануға, таратуға және беруге қатысты 

Amway компаниясы қабылдаған саясат, соның 

ішінде осы деректерді берген тұлғалардың 

деректерін және құқықтарын қорғау жөніндегі 

Amway компаниясының міндеттемелері.

«Amway бизнесін бастау» оқу құралы: 

Amway екі деңгейлі бастапқы жиынтығының екін-

ші бөліміне кіретін ақпараттық анықтамалық.

Ықтимал тұтынушы немесе АТК: 

ықтимал 


тұтынушы немесе АТК статусын алуға мүдделі адам.

Amway ережелері мен саясаттары:

 

Amway компаниясының ресми әдебиетінде 



сипатталған Amway орнатқан ережелер мен 

саясаттар, соның ішінде Тәртіп Ережелері, 

Жабық нарықтардағы әрекетсіздік саясаты, 

сонымен қатар кейде Amway компаниясы 

жасауы және күшіне енгізуі және АТК 

Келісіміне енгізілуі мүмкін басқа да ереже-

лер, саясаттар және бюллетеньдер.

Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

 

Amway компаниясынан сатып алынған өнім-



дерді тұтынушыға сату үшін Amway өзінің АТК 

үшін ұсынатын баға.

Сыйақыларды есептеуге арналған 

пайыздық деңгей:

 топтық ұпайлардың мөл-

шері негізінде анықталатын және Amway сату 

және маркетинг жоспарына сәйкес сыйақы 

сомасын есептеуге пайдаланылатын пайыз. 

Сыйақы пайыздарын есептеуге арналған 

арнайы шкала қолданылады.

Бөлшек сауда үстемесі: 

АТК өнімді Amway 

компаниясынан сатып алғандағы баға мен АТК 

осы өнімді тұтынушыға сату бағасы арасын-

дағы айырма.

Бөлшектеп сатып алушы:

 тұтынушы, бірақ 

АТК және оның жұбайы емес.

Лағыл сыйақысы: 

сыйақы пайыздарын 

есептеу Шкаласына сәйкес қос 21% сыйақы 

деңгейіне (20 000 ұпай) жеткен Amway Тәуелсіз 

Кәсіпкеріне төленетін ай сайынғы сыйақы.

Лағыл көлемі: 

төменгі желідегі берілген 

айда, біліктілік деңгейін орындайалмаған Пла-

тина АТК ұпайлары кірмейтін сыйақы көлемі.

Күміс АТК: 

бір айдың ішінде келесі үш шарт-

тың бірін орындаған Amway Тәуелсіз Кәсіпкері:

1. 10 000 ұпай жинаған; немесе

2. 4 000 ұпай жинаған, оған қоса бір жеке неме-

се қамқоршылық білікті Тармағы бар; немесе

3. екі немесе одан көп жеке немесе қамқор-

шылық білікті Тармақтары бар.

Демеуші:


 келесі үш түсініктің бірі:

•  Жеке Демеуші: ықтимал АТК үшін Amway биз-

несінің мүмкіндіктерін берген Amway Тәуелсіз 

Кәсіпкері (АТК);

•  Халықаралық Демеуші: Ресейдегі ықтимал 

АТК үшін Amway бизнесінің мүмкіндіктерін 

берген басқа елдегі АТК;

•   Демеуші қамқоршы:  халықаралық  демеушілік 

қолдау алатын басқа жаңа АТК өзінің 

қамқоршысы етіп көрсететін өкілетті АТК. 

Демеуші 

қамқоршы халықаралық демеушілік 

қолдауға ие жаңа АТК үшін ол тұратын елде 

көмек көрсетуге, оқытуға және ынталандыруға 

рұқсат береді.

ТУЖ: 


Тауар уақытша жоқ.

ТӘТ: 


Тауар әлі түспеді.

ТӨА: 


Тауар өндірістен алынып тасталды.

Amway Тәуелсіз Кәсіпкеріне арналған 

баға: 

Amway Тәуелсіз Кәсіпкері Amway өнімде-



рін сатып ала алатын баға. Бағалар Amway 

шығарған АТК Прайс листінде көрсетіледі және 

өзгеруі мүмкін.


77

Мен, Amway Тәуелсіз Кәсіпкері (АТК) ретінде, өзімнің Amway бизнесімді келесі этикалық 

қағидаларға сәйкес жүргізуге тиісті екеніме келісемін:

Басқалар маған не істегенін қаласам, басқаларға да соны істеуге міндеттімін.

Осы Этикалық кодекс пен тәртіп ережелерін орындауға және оларды сақтауға, заңның 

мәтінін ғана емес, осы ережелердің рухын да сақтауға міндеттенемін.

Барлық ықтимал Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлеріне (АТК) Amway компаниясының өнімдері 

мен қызметтерін, Amway сауда және маркетинг жоспарын шынайы және адал түрде жет-

кізуге, сондай-ақ, Amway компаниясының ресми әдебиетінде ғана бар ақпаратты жеткі-

зуге міндеттенемін.

Amway ресми әдебиетінде сипатталған ауыстыру және қайтару процедураларын жетекші-

лікке ала отырып, кез келген шағымдар мен наразылықтарға көңіл бөліп, жедел шешуге 

міндеттенемін.

Іс-әрекеттерім адалдықтың, шынайылықтың және жауапкершіліктің жоғары стандарт-

тарына сай болуы үшін өз қызметімді адалдық пен жауапкершіліктің тек ең жоғары нор-

маларына сәйкес жүргізуге міндеттенемін, себебі АТК ретіндегі әрекеттерімнің салдары 

әр түрлі болуы мүмкін.

Amway ресми әдебиетінде аталған барлық АТК міндеттемелерін (сондай-ақ, Демеуші 

және Платина АТК міндеттемелерін) өз мойныма алуға міндеттенемін.

Компанияда бекітілмеген Бизнесті қолдауға арналған материалдарды (БҚМ) басқа  

АТК-ге сатпауға, жарнамаламауға және сауда мен жарнамадан пайда таппауға міндетте-

немін.


Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлерінің 

(АТК) Этикалық кодексі

1

2

3



4

5

6



7

88

ЕСКЕРТУ: Тәртіп ережелерінің кейбір тармақтары 

«ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ» деп белгіленген. Яғни, 

берілген тармақтар Ресей мен Қазақстан Amway 

біріккен нарықтарында ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ, 

бірақ Amway компаниясы ресми түрде 

таныстырылған барлық елдерде тәртіп 

ережелерінің бірдей нөмірлерін сақтау үшін 

берілген.

1-БӨЛІМ: КІРІСПЕ

1.1 КЕЛІСІМ:

 Берілген тәртіп ережелері 

Amway Тәуелсіз Кәсіпкерінің (АТК) Amway ком-

паниясына қатысты қабылдаған келісім міндет-

темелерінің маңызды ережелері мен шарт-

тарын қамтиды. Олар, Amway компаниясының 

басқа Ережелерімен қосқанда, АТК Келісімінің 

ажырамас бөлігі болып табылады және сипаты 

бойынша АТК болуға өтініш білдірушілер қол 

қойып, Amway компаниясына өткізетін құжат-

тардағы сілтемелердің болуы салдарынан АТК 

Келсімінің бөлігін құрайды. АТК Келісімінің 

шарттарына сәйкес, барлық АТК өздерінің АТК 

ретіндегі әрекеттерінде адалдық және парасат-

тылық танытуы керек. Тәртіп ережелері барлық 

АТК Келісімдеріне, соның ішінде Қызмет көрсе-

ту туралы келісімге қолданылады.

1.2 МӘМІЛЕ:

 Amway өнімдері мен қызметте-

рін сатып алу және сату құқығы, ықтимал АТК 

тобын құру және оларға демеушілік қолдау 

көрсету мүмкіндігі, Amway компаниясының 

сауда және маркетинг жоспарына және Amway 

компаниясымен жасалған Қызмет көрсету 

туралы келісімге сәйкес сыйақы немесе басқа 

өтемақы түрлерін алу мүмкіндігі; сонымен 

қатар, мадақтау қағаздарын, квалификация 

белгілерін, наградалар мен озаттық белгілер-

дін алу құқығы АТК Келісімінің, соның ішінде 

Amway ережелері мен саясаттарының сақта-

луына байланысты. Amway қолданыстағы 

заңға сәйкес Сыйақыны және басқа өтемақы 

түрлерін ұстап қалуға, сонымен қатар, АТК 

Келісімінің ережелерінің кез келген біреуін 

немесе барлығын орындаудан бас тартуға 

немесе басқа әрекеттерді жасауға, соның 

ішінде АТК Келісімі бойынша АТК құқығын 

жоюға немесе алып қоюға құқылы. Әрбір АТК 

сақтауы тиіс заң ережелеріне сәйкес, АТК 

құқықтарын ештеңе шектемеуі керек.

1.3 ӨЗГЕРІСТЕР: 

Amway компаниясы Amway 

ережелері мен саясаттарын, сондай-ақ АТК 

Келісімінің басқа тармақтарын толық немесе 

жартылай өзгертуге және бұл өзгерістер жайлы 

ақпаратты AMAGRAM™ журналында, Amway 

ресми әдебиетінде немесе Amway ресми интер-

нет-сайтында, сонымен қатар заң рұқсат еткен 

басқа әдістер мен механизмдер арқылы жари-

ялауға құқылы. Барлық өзгерістер жария-

ланған күннен немесе хабарландыруда көрсе-

тілген соңғы күннен бастап күшіне енеді. Amway 

кез келген сәйкессіздіктерді, кеңсе немесе 

типографиялық қателерді түзетуге қатысты 

өзгерістерді өз АТК-не тиісті хабарландыру 

жібермей-ақ енгізуге құқылы.

1.4 КЕЛІСІМ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ДАРАЛЫҒЫ: 

АТК Келісімінің кейбір тармақтарының, соның 

ішінде Корпоративтік әдебиеттің жарам-

сыздығы немесе күшін жоғалтуы, сондай-ақ бұл 

сот немесе үкімет шешімі бойынша анықталса, 

осы жағдайда байланыссыз болатын АТК 

Келісімінің басқа тармақтарына әсер етпеуі 

керек екеніне келісесіз. Жарамсыз екені 

анықталған кез келген тармақтар АТК 

Келісімінің басқа ережелеріне залалсыз түрде 

күшін жоғалтып, тараптардың бастапқы ниетте-

ріне экономикалық тұрғыдан аса жақын бола-

тын басқа заңды тармақтармен ауыстырылуы 

керек.


2-БӨЛІМ: АНЫҚТАМАЛАР

2.1 


Тәртіп ережелерінде және Amway компани-

ясының басқа ережелері мен саясаттарында 

қолданылатын терминдердің анықтамасын 

берілген кітапшаның "Терминдер сөздігінен" 

таба аласыз.

3-БӨЛІМ: AMWAY ТӘУЕЛСІЗ 

КӘСІПКЕРІНІҢ КЕЛІСІМІ

3.1 АТК КЕЛІСІМІН ЖАСАУҒА ҚАЖЕТТІ ЕҢ 

ТӨМЕН ТАЛАПТАР: 

АТК Келісімін тіркеуге өті-

ніш беруші тұлға тәртіп ережелерінің 3.3 бөлі-

мінде көрсетілген біліктілік сипаттамаларының 

барлығын иеленуі және АТК Келісімінің барлық 

өрістерін толтыруы керек.

3.2 

ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.



Тәртіп ережелері

99

3.3 ТАЛАПТАР: 

Amway АТК Келісімін жасау-

дан бас тарту және кез келген АТК Келісімінен 

бір жақты кезекте бас тарту құқығын сақтайды. 

Amway компаниясының кез келген тұлғамен 

АТК Келісімін жасаудан бас тарту құқығын шек-

темей отырып, Amway компаниясымен АТК 

Келісімін жасаған немесе оның мерзімін 

ұзартқан тұлға міндетті:

3.3.1 

18 жастан кіші болмауға;



3.3.2 

Заңнамаға сәйкес Amway бизнесін 

жүргізуге жарамды болуға, сондай-ақ, келі-

сім жасасу және оның міндеттемелерін 

мойнына алу құқығына ие болуға;

3.3.3


 Кез келген кәсіби қауымдастық, 

қоғам немесе мекеме шешімімен өзінің 

ағымдағы кәсіби қызметінен босатылмаған 

болуға;


3.3.4 

Кез келген түзету мекемесінде қама-

уда немесе бақылауда болмауға, сондай-ақ, 

қызметіне немесе бизнес иесі болу немесе 

Келісім жасау құқығына тыйым салынбаған 

болуға;


3.3.5 

Алдыңғы АТК Келісіміндегі ережелер-

ді немесе Amway компаниясының басқа 

филиалымен жасалған Келісімді бұзу сал-

дарынан Amway қызметінен босатылмаған 

болуға;


3.3.6

 Егер тоқтатылған немесе мерзімі 

аяқталған (ұзартылмаған) АТК Келісімі 

бойынша бұрын қызмет жасалған болса, 

тәртіп ережелерінің 6.4 бөлімімен танысуға;

3.3.7 


Amway компаниясымен қызмет көр-

сету жөнінде Келісімге қол қою сәтінде 

Amway компаниясымен жасалған күшіне 

енген АТК Келісіміне ие болуға және беріл-

ген Келісімнің ережелерін бұзбауға.

3.4 РАСТАУ, КУӘЛАНДЫРУ, КЕПІЛДІКТЕР 

ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР:

 Тәуелсіз кәсіпкер 

тарапынан АТК Келісімін жасауға немесе мер-

зімін ұзартуға тосқауыл жасайтын кез келген 

деректерді жасыру берілген Келісім ережеле-

рін бұзу болып табылады. АТК Келісімін жасай-

тын кез келген тұлға сол арқылы Amway ком-

паниясымен АТК Келісімін жасау сәтінде және 

берілген АТК Келісімінің әрекеті барысында 

келесі шарттарды растайды, куәландырады, 

кепілдік береді және міндеттеме етіп мойнына 

алады:


3.4.1 

3.3.1 бөлімінен 3.3.6 бөліміне дейінгі 

барлық талаптарға сай;

3.4.2


 АТК Келісімінің шарттарына және қол-

даныстағы заңға сәйкес АТК Келісімін жасауға 

құқылы, сондай-ақ, қолданыстағы заңға сәй-

кес заңды тұлғаның атынан АТК Келісіміне қол 

қоюға өкілетті;

3.4.3


 Amway тарапынан заңды тұлға ретінде 

АТК болып тіркелуге рұқсат алған ұйымның 

басшысы емес және өзі басшылық ететін 

ұйымнан АТК ретінде демеушілік қолдау 

алмайды;

3.4.4 


Amway ережелеріне және саясаттарына 

қарсы келетін немесе АТК Келісімінің ережеле-

рін бұзатын әрекет жүргізбейді;



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал