Қ. А. Еңсенов, Астана қ., Қазақстан



жүктеу 40.03 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі40.03 Kb.

http://www.enu.kz

 

Қ.А.  Еңсенов,  



Астана қ., Қазақстан 

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ ЖӘНЕ АУЫЗША  



ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ 

http://www.enu.kz

 

 

Әлемдегі әрбір халықтың ӛзіндік жүріп ӛткен жолы және тарихы бар. Сондай-ақ, әр 

елдің  тарихы  әртүрлі  деректермен  ерекшеленеді.  Мәселен,  қазақ  ұлтының  тарихи  дерек 

кӛздеріне  –  шежіре,  фольклор,  батырлар  жыры,  мерзімді  баспасӛзде  жарияланған 

мәліметтер  және  тағы  басқаларын  жатқызуға  болады.  Міне,  осы  аталған  тарихи 

деректерде  қазақ  еліне  қатысты  оқиғалар  мен  құбылыстар  баяндалады.  Сондықтан, 

оларды тӛл деректер ретінде зерттеу еңбектерін жазуға және ондағы мәліметтерді ғылыми 

айналымға тарту аса маңызды мәселе болып табылады. 

Елімізде  соңғы  жылдары  қазақ  тарихына  қатысты  түрлі  сипаттағы  заттай,  әсіресе, 

сан  алуан  жазба  деректердің  игерілуі  қарқынды  дамып  келеді.  Алайда  фольклор,  ауыз 

әдебиеті сияқты  ауызша түрде жеткен рухани мұраларымыздың қазақ халқының тарихын 

түзуде маңызы жоғары. Қазақтар одан ӛзін-ӛзі таныды, ӛткенін білді, біртұтас халық, ұлт 

ретінде  сезіне  алды.  Мұнда  халықтың  бүтін  бітім-болмысы,  тұрмыс-тіршілігі, 

дүниетанымы, мәдениеті, тарихи даму жолы толық кӛрініс тапты.  

Қазақ  елі  –    ӛте  бай  тарих  айту  және  оны  сақтау  дәстүрі  мен  мәдениеті  бар халық. 

Ӛткен  ӛмірінде  кӛшпелі  ӛмір  салты  басымдылық  танытқан  қоғамда  ауызша  тарих  айту 

дәстүрі, белгілі дәрежеде, отырықшы ӛркениетті елдердегі мұрағат пен кітапхана міндетін 

атқарады, халықтың рухани ӛмірі  ұрпақтан ұрпаққа осы негізде жетіп, ұласып отырды [1].  

Тарихын,  сонау,  тереңінен  алатын  халқымыздың  бізге  жеткен  ең  ерекше,  құнды 

мұрасы  шежіре.  Араптың  «шаджара»  үрімбұтақ,  тармақ  деген  сӛзінен  негіз  алатын  бұл 

мұра  ерте  уақыттан  бері  халықпен  бірге  жасасып  келе  жатқан  ӛнер.  Жер  бетіндегі 

халықтардың  кейбіреуінде  ғана  патшалар  сияқты,  ерекше  тұқымның  қайдан  шығып 

кімнен таралғанын дәріптейтін болса, біздің халықта бұл дүниеге келген әрбір азаматтың 

шыққан тегі таратылады. 

Шежіре халықтың шығу тегін, жүріп ӛткен жолын, аса маңызды тарихи оқиғаларды 

жадта сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырудың кӛне замандардан қалыптасқан жолы. 

Қазақ  және  басқа  халықтардың  шежіре  айту  дәстүрі  ең  бері  дегенде  үйсін  дәуірінде  ақ 

болған сияқты.  

Қазақта  шежірешілік ӛнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге 

үлес қосқан Н. Аристов, Ш. Уәлиханов еңбектерінде ерекше аталып ӛтеді.  Шежірешінің 

беделі, әр кезде, ел билеген билеушілерден кем болмаған. Сондықтан да болар шежірені 

таратып  беретін  қарттарды  осы  күнге  дейін  аялап,  олардан  ылғый  да  елдің  тыңдауға 

баратындығы. Оған қоса шежіре тарих.  

Шежірелердің  жазбаша  таратылуы  оқу  мен  жазу  ӛнерінің  біздің  халыққа  да,  жат 

болмағандығын  кӛрсетсе  керек.  ХХ  ғасырдың  басында  жарыққа  шыққан  Шәкәрім 

Құдайбердіұлының  «Түрік,  қазақ,  қырғыз  һәм  хандар  шежіресі»  [2],  Мұхаметжан 

Тынышпаевтың бастырған шежірелері [3] де халқымыздың әспеттеп, атадан балаға мирас 

қылған шежіре айту ӛнерінің келісті жалғастары іспетті.  

Ғылыми  шежіретану  –  ұлттық  тарих  ғылымының  дербес  саласы  ретінде    орнығуы 

қажет.  Осы  бағыттағы  басты  ұстаным  шежіре  қазақ  халқының  тӛлтума  ұлттық  рухани-

тарихи мұрасы екеніне негізделуі. Бұл шежіреге қатысты түрлі екіұшты пайымдаулар мен 

кӛзқарастардан,  жадағай  әдіс-тәсілдерден  құтқаратын  методологиялық  бағытты 

қалыптастырады. 

Тарихи  жырлардың,  эпостық  шығармалардың  тарихи  шындыққа  қатынасын, 

олардың  қазақ  халқының  қоғамдық  санасында  алатын  ерекше  орнын  терең  түсініп,  ӛз 

еңбегінде аңыз-жырларды дерек ретінде кӛп пайдаланған Ш. Уәлиханов болды [4]. Шоқан 



http://www.enu.kz

 

дала-жыр  дастандарының  шынайылығы  нақтылы  ӛмірден  алшақтамайтынын  айтқан 



болатын.  Сондықтан  да,  ол  қазақ  жыр-дастандарын  жинақтаушы  ретінде  тарихта  аты 

қалды.  


Ауызша  тарихтың  үлкен  тармағы  –  батырлық  жырлар.  Олардың  тарихи  деректік 

қабілетіне  қатысты  мынадай  факторларды  атап  ӛткен  жӛн:  1)  Тарихи  деректердің  бұл 

түрінің  сол  халықтың  пайда  болып,  ӛмір  сүрген  ортасында,  «туған  топырақта» 

жаратылғаны, иесі белгілі бір халық. 2) Батырлық жырлардың этникалық тарихты жомарт 

(ӛзіне  ғана  тән  тілмен)  бейнелейтіндігі.  3)  Батырлық  жырлардың  халықтың  тарихи 

зердесіне  (халықтың  ӛткен  тарихының  кӛрінісі)  айналып,  тіптен  тілден,  діннен,  ата 

қоныстан айрылған кезеңдерде  де ұлттың жадынан жоғалмайтын қасиетінің күштілігі.  

Тарихи жырлардың тарихи дерек ретінде қазақ тарихы ғылымында орын алуға толық 

іргелі  негіз  бар.  Тарихи  туындылар  –  халқымыздың  басынан  ӛткізген  тарихи-әлеуметтік 

оқиғалар  мен  тарихта  болған  қайраткерлердің  батырлық  істерінің  негізінде  туған  және 

олар  елдің  саяси-әлеуметтік,  шаруашылық  ӛмірін,  әдет-ғұрпын,  рухани  құндылықтарын, 

әсіресе, ерлік салтын бейнелейді [5]. 

Ермұхан Бекмаханов фольклорлық деректердің қазақ тарихы үшін деректік маңызы 

мен  ғылыми  құндылығын  жоғары  бағалай  отырып,  олардың  деректік  ерекшеліктері  мен 

кемшіліктерін  де  кӛрсетіп  берді.  Ол:  «Фольклордың  ӛзіне  тән  негізгі  ерекшелігі  –  оның 

сапа  және  таптық  жағынан  біркелкі  болып  келмейтінін,  онда  тарихи  шындық  пен 

поэтикалық  қиял  және  аудармашының  жорамалы  болатынын,  әсіресе,  бірнеше  ғасыр 

бұрын  айтылып,  талай  рет  ауыздан-ауызға  кӛшкен  болса  әр  түрлі  жыраулар  мен 

жыршылар ӛз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай фольклордан 

орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек» [6]- дейді. 

Ғалым, академик Манаш Қозыбаев ӛзінің еңбегінде «Қазақ шежіресін зерттеуді, оны 

білуді  рушылдық,  жершілдік  сияқты  келеңсіз  құбылыстармен  шатастырмау  керек.  Бұл 

екеуінің  шежіреге  қатысы  жоқ.  Ендеше,  ауызша  тарих  айту  дәстүрінсіз  қазақ  халқының 

тарихын жасау мүмкін емес» [7] деген еді.  

Тарихшы  Қамбар  Атабаев:  «Қазақ  халқының  ӛткен  тарихы  негізінен  ауыз  әдебиеті 

туындылары:  ауыздан-ауызға  тарау  арқылы  баяндалса,  орыс  халқының  тарихы  ұзақ 

жылдар  бойы  жылнамаларда  айтылып,  жылнамаларда  бейнелеген»,  [8]  -  деп  ой 

түйіндеген.  

Ғалым ұлттық деректану ғылымын қалыптастыруға арналған еңбектерінде фольклор 

қазақ тарихының дерек кӛзі ретінде қарастырылады [9].  Автор фольклордың тарихи дерек  

ретінде  қарастыруда  оның  деректік  маңызы,  объективтілігі,  алғышарттары,  тарихи 

жағдайлары, ерекшелік жақтарына назар аударады. 

Отандық  тарих  ғылымында  тұңғыш  рет  дәстүрлі  ауызша  тарихтың  ӛзін  дербес 

ғылыми  проблема  ретінде  кӛтеріп,  оны  зерттеудің  қазақ  тарихтануындағы    мәнін 

кӛрсеткен  Г.  Жүгенбаеваның  «Дәстүрлі  ауызша  тарих»  монографиясын  атауға  болады. 

Еңбекте дәстүрлі қазақ қоғамындағы руханияттың синкреттілігі, оның деректемелік және 

тарихнамалық  қырлары  жан-жақты  қарастырылады.  Г.  Жүгенбаева  зерттеулерінің 

нәтижесінде  «...ауызша  тарих  –  халықтың  біртұтас  жады  және  этникалық  тарихтың 

дереккӛзі  белгісіндегі  бірегей  болмысын  танытып  берді»  деген  тұжырым  жасайды  [10]. 

Автордың  басты  жаңалығы  ретінде    қазақтардың  дәстүрлі  ауызша  тарихын    ұлттық 

интеллектуалдық құбылысқа теңеуін айтуға болады.  

Тарихи жырлардың тарихи дерек ретінде қазақ тарихы ғылымында орын алуға толық 

іргелі  негіз  бар.  Тарихи  туындылар  –  халқымыздың  басынан  ӛткізген  тарихи-әлеуметтік 

оқиғалар  мен  тарихта  болған  қайраткерлердің  батырлық  істерінің  негізінде  туған  және 

олар  елдің  саяси-әлеуметтік,  шаруашылық  ӛмірін,  әдет-ғұрпын,  рухани  құндылықтарын, 

әсіресе, ерлік салтын бейнелейді. 

Қазақ  қоғамының  әлеуметтік-саяси  ӛмірі  ұлттық    тарих  айту  дәстүрінде  айқын 

бейнеленген.  Бұл  орайда  заттық,  жазбаша  ғылыми  және  мұрағат  деректерімен  қатар, 

тарихи  жырлар,  батырлар  эпосы,  тарихи  аңыз-әңгімелер,  шежірелер  және  басқа  ауызша 


http://www.enu.kz

 

тарих  айту  дәстүрі  туындыларының  халықтың  басынан  ӛткенінің  тарихи-кӛркем 



бейнеленуі ретінде ғылыми маңызы құнды. 

Қазақ  халқының  ұлттық  тарих  айту  дәстүрінің  тарихи  бастауларының  деректік 

мәнділігі  оны  тарихи  дерек  ретінде    ғылыми  тұрғыдан  пайдалануға  негіз  береді.  Қазақ 

халқының ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары нақты бір оқиғаға немесе қоғамдық 

құбылыс  негізінде  пайда  болған  және  олардың  ӛзіндік  қалыптасу,  даму  ерекшеліктері 

тарихи құндылығын нығайта түседі. 

Халықтың  ғасырлар  бойы  жинақталып  жеткен  тарихи-мәдени  мұрасы  ұлттық 

ауызша  тарих  айту  дәстүрі  негізінде  жырлар,  шежірелер  түрінде  жетіп  отыр.  Осыншама 

тарихи  мұраларды  жаттап  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуіне  назар  аударсақ,  қазақ  халқының 

зерделі болғандығын және тарихи жадының аса жақсы қалыптасқандығын  байқатады. 

Қорытындылай  айтсақ,  жоғарыда  аталған  қазақ  халқының  ұлттық  тӛл  деректері 

бұрынғы ӛткен замандардан мәліметтер беретін құнды материалдар екендігіне күмән жоқ. 

Сол себепті,  еліміздің тарихын жазуға зерттеушілер кеңінен қолдануы қажет. Тек, сонда 

ғана ұлттық тарихымыз шынайы жазылып, толық баяндала түседі. 

 

ӘДЕБИЕТ 

 

1. Құсайынова М. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ӛмірі ұлттық тарих айту дәстүрінде 

(ХІХ ғасырдың  алғашқы жартысы). Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 

алу үшін дайындалған афтореферат. Алматы, 2010. - 3-б. 

2. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы, 1991. 12 б. 

3. Тынышпаев М. История казахского норода. Алматы, «Жалын», 1993. – 255 стр. 

4. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы. 1985. 115 б. 

5. Құсайынова М.А. Ауызша тарих айту дәстүрінің дамуы хақында // «ХХІ ғасырдағы орта 

білім  жүйесі:  жайы  мен  даму  кӛкжиектері»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдары. – Алматы, 2003. – 156-160 бб. 

6. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994. 41-44-бб. 

7. Қозыбаев М.Қ. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері // Қазақ тарихы. 1997. № 4, 42 б. 

8.  Атабаев  Қ.М.  Қазақстан  тарихының  деректанулық  негіздері:  Оқу  құралы.  –  Алматы: 

Қазақ университеті, 2002. 147-б. 

9. Атабаев Қ.М. Тарих пен дереккӛзі – фольклор // Қазақ әдебиеті, 2002, - №31,-2 тамыз, 5 

б. 


10. Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих. – Алматы, 2005. – 496 б. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал