Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/12
Дата22.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


 
 
УДК 94 (4/5) 
ББК 63.3 (0)  
      К25 
 
 
 
 
Баспаға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
Ғылыми Кеңесі ұсынған 
 
 
 
 
 
Пікір жазғандар:  
Шаяхметов Н. У.- тарих ғылымдарының докторы,  доцент; 
Қҧсайынова Ж. Д. - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
 
             Қаленова Т. С. 
Қ 25     Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы.- 
Астана:Фолиант, 2012. -  165 бет. 
 
 
 
ISBN 978-601-292-592-0 
 
  
Бұл  оқулықта  еуразияшылдық  идеясының  бастаулары,  оның 
қалыптасу  тарихы  мен  басты  кезеңдері,  классикалық  жҽне  қазіргі 
қазақстандық еуразияшылдықтың  теориялық ерекшеліктері мен негіздері 
қарастырылады. Мұнда дҽріс мҽтіндері, семинар тақырыптары мен  БҾЖ 
тапсырмалары берілді. Оқу құралы колледж жҽне жоғары оқу орындары 
студенттері, магистранттар мен оқытушыларға арналған. 
 
 
 УДК 94(4/5) 
ББК 63.3 (0) 
 
       
 
 
 
ISBN 978-601-292-592-0
                                                         © Қаленова Т., 2012
 
                                                                                                           © «Фолиант» баспасы, 2012                                                  
 
 


 
 
 
 
 
МАЗМҦНЫ 
 
 
Кіріспе...........................................................................................................................4 
1. Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық, 
тарихи-философиялық мҽні........................................................................................7   
2. Еуразияның этникалық картасы.....................................................................15 
3. Еуразиялық ҿркениет: Батыс пен Шығыс  
мҽдениетінің ықпалдастығы мен тоғысуы............................................................28 
4. Алаш идеологиясы еуразиялық ҿркениет контексінде......................................38 
5. Еуразияшылдық идеясы: қайнар кҿздері, 
 қалыптасуы жҽне дамуы.......................................................................................49 
6. Л.Н. Гумилев еңбектерінде «Ұлы Дала» 
 тарихының зерттелуі...........................................................................................62 
7. О.Сүлейменов еңбектеріндегі  
«Шығыс пен Батыс сұхбаты»...............................................................................83 
8. Қазақстан Республикасының Президенті  
Н.Ҽ. Назарбаевтың еуразиялық жобасы...............................................................89 
9. Қазіргі кездегі еуразиялық ықпалдасу: 
ҿткені жҽне болашағы.............................................................................................102 
Арплық бақылауға арналған тапсырмалар...........................................................114 
Қорытынды...............................................................................................................117 
Пайдаланған ҽдебиеттер тізімі...............................................................................118 
Глоссарий.................................................................................................................123 
Қосымша...................................................................................................................139 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
КІРІСПЕ 
Еуразия  құрлығында  орналасқан  Қазақстан  Еуропа  мен  Азия 
ҿркениеттерін  байланыстырушы  болып  табылады.  Ең  алдымен  бұған 
Қазақстанның жағрапиялық орналасуы ҽсер етті. Екіншіден, қазақ жері Шығыс 
пен Батыс мҽдениеттері тоғысқан орталық. Сол себептен бағзы заманнан қазақ 
мҽдениеті  қос  мҽдениеттің  ерекшеліктерін  бойына  қатар  сіңіре  отырып 
қалыптасты.  
Қазіргі жаһандану жағдайында ҽлемде түрлі ықпалдастық  үрдістер орын 
алуда.  Солардың  бірі  -  еуразиялық  ықпалдастық.  Еуразия  кеңістігінде  саяси, 
экономикалық,  мҽдени  орны  бар  Қазақстан  үшін  еуразиялық  ықпалдастықтың 
маңызы  зор.  Ҿйткені,  еуразияшылдық  идеясының  түпкі  мҽнісі  Еуразия 
халықтарының, Шығыс пен Батыс мҽдениеттері мен ҿркениеттерінің тамырлы 
байланысын білдіреді. Ал, қазіргі уақытта еуразияшылдық идеясы - жаһандану 
заманында  Еуразия  кеңістігінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  ықпалдастық, 
ымырашылдық,  бейбітшілік  жолы.  Ҽрине,  еуразияшылдық  кез  келген 
мемлекеттің тҽуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек, керісінше, ҽрбір елдің күш-
қуатын  арттыра  түсіп,  олардың  ұлттық  мемлекеттіліктерін  нығайтуға  қызмет 
етуі тиіс. 
 
Қазіргі  кезде  еуразияшылдық  идеясына  байланысты  ғылыми  ортада  да, 
кҿпшілік  арасында  да  түрлі  ой-пікірлер  қалыптасқаны  аян.  Бұл  заңды  да. 
Ҿйткені, бұл идеяның туындап, қалыптасуы, одан қайтадан жандануы Еуразия 
кеңістігінде  ірі  саяси  тҿңкерістердің  болуымен  тұспа-тұс  келді.  Олар,  1917 
жылғы  Ақпан  жҽне  Қазан  революциялары  жҽне  араға  жетпіс  жылдан  астам 
уақытты  салып,  1991  жылы  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағының 
ыдырауы. Сондықтан еуразияшылдықты екі ғасырдың тоғысында, ҿтпелі, қайта 
құру кезеңдерінде пайда болған  идея деп айтуға болады. Бірі  - Ресейде билік 
басына большевиктер келген соң шетелге кетуге мҽжбүр болған орыс эмигрант 
ғалымдары негізін салған 1920 жылдар, екіншісі - КСРО тарағаннан кейін ТМД 
мемлекеттерінің  жаңа  даму  жолына  түскен  -  1990  жылдар.  Алдыңғысында, 
орыс еуразияшыл  ғалымы  Петр  Савицкий  айтқандай мақсаты  «Ресейде болып 
жатқан  оқиғаларды  (Ақпан,  Қазан  тҿңкерістері-авт.)  түсіндіре  алатын  жаңа 
орыс идеологиясын жасау жҽне жас ұрпаққа ҽрекет етудің ҽдісі мен жолдарын 
ұсыну»
1
  болса,  келесі  жағдайда  сан  ғасырлар  бойы  бір  кеңістікте  қатар  ҿмір 
сүрген  кешегі  Одақ  республикалары,  бүгінгі  ТМД  елдері  арасында  саяси-
экономикалық,  мҽдени  байланыстарды  тең  құқықты  деңгейде  қайта 
жаңғыртуды 
ұсынған 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті                                 
Н.Ҽ. Назарбаевтың   Еуразиялық Одақ құру жобасы болды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           
                                                 
1
 «День», 1992, №31 


 
Елбасы    еуразияшылдық  идеясын  теориядан  практикаға  жүзеге  асыру 
жолында  кҿп  еңбек  етті.  Солардың  айғағы,  ҽр  түрлі  салалар  бойынша 
еуразиялық  ықпалдастық  мақсатымен  құрылған  ЕурАзЭҚ,  ШЫҰ,  АҾСШК 
сияқты  ұйымдар  мен  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.  Назарбаев:  «Сендердің 
университеттеріңнің  Еуразиялық  атануы  кездейсоқ  емес.  Еуразиялық  идеясы 
теория ретінде ҿткен ғасырда туған болатын. Бірақ та Еуразиялық идеясы жаңа 
ҿмірді  ұйымдастырудың  практикасы  ретінде  осы  ғасырда  іске  асатынына 
сенімдімін.  Еуразияшылдық  –  бүкіл  ХХІ  ғасырдың  басты  бір  идеясы.  Сендер 
мұны  кҿп  кешікпей  түсінесіңдер  жҽне  кҿресіңдер.  Еуразиялық  идеясының 
Қазақстанның  бастамасы  бойынша  іске  асырылған  үш  киті  –  бұлар  ЕурАзЭҚ, 
АҾСШК  жҽне  ШЫҰ.  Бұл  –  бір  ғана  айтып  жеткізгісіз  Орталықтың,  біртұтас 
Еуразиялық идеяның үш түрлі іс жүзіндегі кҿрінісі. Сондықтан да Еуразияның 
рухани  ел  ордасы,  жүрегі  Астана,  ал  осынау  жүректің  ең  қымбат  ҿзегі  – 
Астанадағы  біздің  Еуразия  университеті  бола  алады
1
»,  -  деп  Л.Н.  Гумилев 
атындағы  ЕҰУ-дің  қызмет  аясының  түпкілікті  мҽнісін  нақты  атап  кҿрсеткен-
тін.   
 «Қазақты  автономия  қылсақ,  Қараҿткел  –  Алаштың  ортасы,  сонда 
университет  салып,  қазақтың  ұл-қызын  оқытсақ.  «Қозы   Кҿрпеш  –   Баянды» 
шығарған,  Шоқан,  Абай,  Ахмет,  Міржақыпты  тапқан  қазақтың  кім  екенін 
Еуропа   сонда   білер  еді-ау»,  -  деп  Алаш  қозғалысының  кҿшбасшысы  Ҽлихан 
Бҿкейхановтың айтқаны  бар. Алаш зиялылары осыдан тоқсан бес жыл бұрын 
астананы  Еуразияның  бел  ортасында  орналасқан  Қараҿткелге  кҿшіруді,  онда 
қазақтың ұл-қыздары білім алатын оқу орындарын ашып, сҿйтіп, білімді қазақ 
халқын  Еуропаға  паш  етуді  ҿздеріне  ұлы  мұрат  етті.  Бүгінгі  күні      тҽуелсіз 
елімізде Алаш арыстарының бұл асыл мұраттары жүзеге асуда.    
Қазіргі кезде астанада алаш зиялылары арман еткен бір емес бірнеше оқу 
орындарында  қазақтың  ұл-қыздары  еліміздің  түкпір-түкпірінен  келіп  оқуда. 
Солардың бірі - Елбасының бастамасымен 1996 жылы құрылған Л.Н. Гумилев 
атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  қазіргі  кезде  ҽлемге  танылған 
еуразиялық үлгідегі заманауи жоғары оқу орны болып табылады. 
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы 2010-2011  оқу  жылында  оқу  жоспарына 
енгізілген «Еуразияшылдық: теория жҽне практика» пҽні бойынша орындалды. 
Бұл оқу құралы алдымен университет студенттерінде еуразияшылдық идеясына 
қатысты тиісті білім қалыптастыру мақсатымен жазылды. Сондай-ақ, оқырман 
қауымға  еуразияшылдық  теориясына  байланысты  қажетті  материалдарды 
еуразияшылдық идеясын тарихи, саяси, философиялық, мҽдени, экономикалық 
қырларынан талдау арқылы ұсыну кҿзделді.  
Аталған  оқу  құралында  автор  классикалық  жҽне  қазақстандық  қазіргі 
заманғы  еуразияшылдықтың  теориялық  мағынасындағы  жалпы  үрдістер  мен 
                                                 
1
Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына.  //Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.  Назарбаевтың  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінде  осы  оқу  орнының  құрылуына  10  жыл  толуына  орай  студенттерге  арнап  оқыған 
дҽрісі.  26. 05. 2006. 
 


 
ерекшеліктерін  жаңа  тарихи    кезеңдердегі  еуразиялық  қарым-қатынастың 
тҽжірбиелік жүзеге асырылуымен байланыстыра отырып қарастырады.  
Бұл  оқу  құралы  Қазақстан  тарихындағы  еуразиялық  идеяның  болашағы 
мен  дамуына,  оның  интеграциялық  үрдісте  алатын  орнына  ғылыми  тұрғыдан 
қарастыру мақсатына арналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
1. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ЖАҒРАПИЯЛЫҚ,  
ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ 
 
Мақсаты: Қазақстанның Еуразияда алатын орнының тарихи-мҽдени мҽнісін 
айқындау.  Еуразияшылдықтың  тарихи  түсінік  ретінде  қалыптасу  кезеңдерін 
қазақстандық жоба тұрғысынан айшықтау.  
 
Жоспар: 
1.
 
Қазақстан жағрапиясы. 
2.
 
Еуразияшылдық тарихи-философиялық түсінік ретінде. 
 
Негізгі  ҧғымдар:  Еуразия,  еуропоцентризм,  ӛркениет,  ориенталистика, 
славянофильдік, комплиментарлық. 
 
1. Қазақстан Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. 
Батысында  Еділдің  тҿменгі  ағысынан,  шығысында  Алтай  тауларының  етегіне 
дейін  3000  шақырымға,  солтүстіктегі  Батыс-Сібір  жазығынан,  оңтүстіктегі 
Қызылқұм  шҿлі  мен  Тянь-Шань  тау  жүйесіне  1  600  шақырымға  созылып 
жатыр. 
Қазақстан  Каспий  теңізі  арқылы  Ҽзірбайжан,  Иран  елдеріне,  Еділ  ҿзені 
жҽне  Еділ-Дон  каналы  арқылы  Азов  жҽне  Қара  теңіздерге  шыға  алады. 
Солтүстігінде  Ресеймен  (6  467  шақырым),  оңтүстігінде  Түрікменстанмен  (380 
шақырым),  Ҿзбекстанмен  (2  300  шақырым)  жҽне  Қырғызстанмен  (980 
шақырым),  ал  шығысында  Қытаймен  (1  460  шақырым)  шектесіп  жатқан  жер 
кҿлемі жағынан Еуразиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі.  
2. XIX ғасырдың бірінші жартысында белгілі неміс ғалымы Александр  
Гумбольдт «Азия» түсінігін бүкіл Еуразия үшін пайдалануды ұсынған болатын. 
Ал
 
 1883 жылы австрия геологы Э. Зюсс «еуразия» ұғымын алғаш рет ғылыми 
айналымға енгізді. 
Жалпы, дүниенің екі бҿлігі - Еуропа мен Азиядан тұратын жер жаһандағы 
ең үлкен құрлықты атау үшін алынған «еуразия» термині жағрапиялық, тарихи, 
саяси мҽнді ұғым болып келеді.  
Еуразияшылдық  идеясы  Шығыс пен  Батыс  арасындағы ҿзара  ҽрекеттесу 
мен  ҿзара  ықпалдасу  ретінде  қарастырылуы  бүгін  ғана  бастау  алған  жоқ.  Бұл 
идея ХІХ ғасырда Еуропада кең таралды. Осы кезде Германия мен Францияда 
Шығысқа  қатысты  қызығушылық  ерекше  болып,  ориенталистика  қалыптасты. 
Ресейде  бұл  идея  ҿз  қолдаушыларын  ХІХ  ғ.  тапты.  Бұлардың  еңбектері  кейін 
ХХ  ғасыр  басындағы  еуразияшылдар  үшін  негіз  болды.  Десек  те, 
еуразияшылдарда  алдыңғыларға  қарағанда  нақты  идеялық-дүниетанымдық 
жҽне ҽлеуметтік-саяси доктринасы болды. Соның нҽтижесінде ҿткен ғасырдың 


 
басында  еуразияшылдар  қозғалысы  қалыптасты,  алайда  оның  ғұмыры  қысқа 
болды.  
Шартты түрде еуразияшылдар қозғалысын үш кезеңге бҿлуге болады: 
1)
 
1921-1925 жж.; 
2)
 
1926-1929 жж.; 
3)
 
1930-1939 жж. 
Еуразияшылдар қозғалысының тұжырымдамаларында Еуразиядағы 
Ресей  рҿлін  айқындау  мҽселесі  негізге  алынғанымен,  оның  басты  идеясының 
ерекшелігі  ресей  мемлекеттілігін  құруда  славян  этносы  ғана  емес,  түрік, 
моңғол, фин-угор тайпалары да  үлкен рҿл атқарғандығында болды. 
 
«Еуразияшылдар»  деп  атау  туралы  ұсынысты  П.Н.Савицкий  жасаған. 
Алайда бұл атауды бастапқыда кҿпшілік ғалымдар қолдаған жоқ. Мҽселен,  
Г.В.Фроловский  кҿзқарасы  бойынша  бұл  атау  орыс  мҽдениетінің 
православиялық  мҽнісін  тұмшаласа,  Н.  Трубецкой  ҿзінің  досы  Р.  Якобсонға 
жазған хатында «еуразияшылдық» атауы кездейсоқ жҽне сҽтсіз алынғанын айта 
келе, дегенмен, осы атауды «кҿзге түседі жҽне түсінікті, сондықтан үгіт жасау 
мақсатына жарамды» деп мойындайды[1]. 
 
Еуразияшылдық  кҿзқарастың  бастау  кҿзіне  слаянофильдік  алынғаны 
мҽлім.  Мұны  еуразияшылдардың  ҿздері  де  мҽлімдеген  болатын.  Олар  Ресей 
туралы  кез  келген  ой-пайымдаулар  славянофильдер  мен  батысшылдардың 
кҿзқарастарына 
қарай 
қалыптасады 
деп 
санады. 
Еуразияшылдар 
славянофильдер  сияқты  орыстың  ұлттық  мүддесін  жеке  құндылық  ретінде 
қарастырды.  Алайда  олар  слаявнофильдіктің  орыс  мҽдениетіндегі  маңызды 
мҽнісі  бар  «азиялық»  элементті назарға  алмай,  тек  қана  славяндыққа сүйенуді 
дұрыс емес деп есептеді. 
 
Еуразияшылдар  славянофильдердің  орыс  мҽдениетін    Православиямен 
байланыстырып  қарастыруларын  жақтады,  бірақ  олардың  сол  мҽдениеттің 
маңызды  ерекшеліктерін  айқындаған  басқа  этностармен  байланысын  тиісінше 
бағаламағанын айтты. 
 
Ҽрине,  еуразияшылдық  идеясының  бастау  кҿздері    кҿпқырлы.  Алайда, 
еуразияшылдық  ағымы  белгілі  бір  ортақ  мектепті  болған  жоқ.  Бұл  ағымның 
ҽрбір  ҿкілі  бұл  идеяға  ҿз  жолымен  келді.  Мҽселен,  П.Н.  Савицкийдің 
ізашарлары В.И. Ламанский, Д.И. Менделеев, Л.И. Мечников, П.Б. Струве, ал  
Г.В
. Вернадскийдің ізашарлары В.О. Ключевский, С.Ф. Платонов, 
М.К. Любавский, Н.П. Кондаков жҽне т.б. болды. Егер еуразияшылдар алдында 
тұрған  «Шығыс-Батыс-Ресей»  мҽселесін  алатын  болсақ,  онда  бұл  мҽселенің 
басты  негізін  салушылар  болып  Н.Я.  Данилевский  мен  К.Н.  Леонтьев 
табылады. 
 
Жалпы,  еуразияшылдық  Н.С.  Трубецкойдың  1920  жылы  жарияланған 
«Европа и человечество» еңбегінен басталды. Николай Трубецкой ҿз еңбегінде 
батысшылдыққа  қарсы  келетін  ой-пайымдаулар  жасады.  Ол  «еуропалық 
мҽдениет  адамзат  баласының  мҽдениеті  еместігін,  бұл  белгілі  бір  этникалық 
топтың  тарихы  нҽтижесі»  деп  тұжырымдады  [2].  Сондай-ақ,  Н.Трубецкой 
мұнда  барлық  мҽдениеттер  үшін  тарихи  дамудың  нақты  бір  заңдылықтары 

10 
 
болмайтынын айтты. Яғни, оның пайымдауынша, кез келген мҽдениет бірегей, 
тҿл,  ерекше  болып  келеді  жҽне  оны  еуропалық  мҽдениет  «деңгейін»  арқылы 
ҿлшеу мүлде дұрыс емес. 
 
Шын  мҽнісінде,  ҽрбір  халықтың  ҿзіндік  мҽдениеті  болатыны  жҽне  де 
мҽдениеттерді «жоғары», «тҿмен» деңгейлерге бҿлу ақылға сыйымсыз екендігі 
сҿзсіз.  Сондықтан,  еуразияшылдық  идеясының  теориялық  тұрғыдан 
қалыптасуына  зор  үлес  қосқан  Николай  Трубецкойдың  жоғарыда  келтірілген 
ой-пікірлері толық ғылыми негізді.  
 
Осындай  кҿзқарасты  еуразияшыл  жҽне  жаңа  славянофильдіктің  негізін 
қалаған  Николай  Яковлевич  Данилевский  ұстанды.  Ол  Еуропаны  адамзат 
ҿркениетінің  жалпы  немесе  қалай  болғанда  да  оның  ең  жақсы  жақтарын 
құраушы  деп  ойлау  ҽділ  еместігін,  Еуропа  тек  қана  ұлы  герман-романдық 
ҿркениеттің  саласы,  оның  синонимі  деп  кҿрсетті  [1,  38].  Дҽл  осы 
тұжырымдаманы қазіргі кездегі ресейлік еуразияшыл идеолог Александр Дугин 
де  былай  деп  дҽйектейді:  «Біздің  (орыстардың-авт.)  еліміздің  тарихында 
моноұлтты  мемлекет  болған  емес.  Алғашқы  кезеңнің  ҿзінде-ақ  орыс  халқы 
славян,  түркі  жҽне  фин-угор  тайпаларының  араласуынан  қалыптасқан.  Содан 
кейін  Русьтің  күрделі  этномҽдени  ансамбіліне  Шыңғысханның,  моңғол-
татарлардың  қуатты  серпіні  араласқан.  Орыстарда  монополиялы  мемлекет 
болатындай  этникалық  жҽне  нҽсілдік  тұтастық  болған  жоқ.  Біз  кҿптеген 
халықтардың,  соның  ішінде  құдіретті  түркі  факторларының  мемлекеттік 
құрылымға  қатысуының  арқасында  белгілі  бір  бүтіндікке  айналып  отырмыз. 
Еуразияшылдық философиясының негізінде осындай кҿзқарастар жатыр» [3]. 
 
Осы  орайда  белгілі  тарихшы  ғалым,  түркітанушы,  Ұлы  Дала 
халықтарының  тарихын  зерттеп-зерделеген  Лев  Николаевич  Гумилевтің 
еуразияшылдық  идеясын  жаңаша  пайымдап,  қалыптастырғанын  айтып  кету 
қажет. 
Л.  Гумилев  Ұлы  Даланы  мекендеуші  түркі-моңғол  мен  православиялық 
Русь арасында ҿзара түсіністік, комплиментарлық бар екенін дҽлелдеді. Мұндай 
комплиментарлық,  яғни  ҿзара  ілтипат  білдіру  Ресей  мемлекетінің  қос  сипаты 
еуразиялық  держава  болып  қалыптасуына  тарихи  тұрғыда  ықпал  етті.  Ол  ел 
аумағын  еуразияшылдар  ҿзгеше  тарихи  жағрапиялық    ҽлем  деп  түйсінді, 
Еуропаға да, Азияға да жатпайтын қайталанбас тарихи-жағрапиялық  даралық 
деп қабылдады. Ұзақ уақыт бойы мынадай бір пікір белең алып келді: «Орман 
мен  Дала  бір-біріне  қарсылас  пиғылда  ҿмір  сүруде,  дала  мен  орман  иелері 
одақтаса  ғұмыр  кеше  алмайды,  үнемі  күресе,  таласа-тартыса  күн  кешуде,  - 
деген  тұжырым  этномҽдени  аспектіде  алып  қарағанда  мүлде  қате.  Күн  кҿріс, 
тіршілік  қамы  үшін  қажеттіліктерді  бірі  екіншісінен  алып  жатады»,  [4]  -  деп 
жазды Лев Гумилев. 
Л.Н. Гумилев еуропоцентристік жҽне нҽсілшілдік бағытты терістейтін ізгі 
жолды таңдап алған еді. «Шығыс халықтарында еуропалық «түсініктегі» тарих 
жоқ  жҽне  ешқашан  да  болған  емес»  деп  санайтындар  пікірі  түбірімен  қате 
екеніне ғалым үнемі баса назар аударды. 

11 
 
1996  жылы  23  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Жарлығымен  Астана  қаласындағы  Еуразия  ұлттық  университетіне  Лев 
Николаевич Гумилев есімі берілді.  
  Елбасы  қазіргі  еуразияшылдық  идеясының  негізін  салушылардың  бірі 
болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.  Назарбаев 
еуразиялық  бастама  туралы  ҿз  идеясын  ең  алғаш  рет  1994  жылы  22  наурызда 
Ұлыбританияға ресми сапармен барған кезінде «Chatһam House» Королеваның  
халықаралық  қатынастар  институтында  ҿткен  кездесуде  мҽлімдеген  еді.  Осы 
кездесуде Мемлекет басшысы посткеңестік кезеңде ТМД елдерінің қатысуымен 
Еуро-Азиаттық одақ құру қажеттігін алға тартты. 
  Бұл  ұсынысты  Елбасы  келесідей  ой-пайымдауымен  дҽл  айқындайды: 
«Қазақстан  –  еуропалық  жҽне  азиаттық  тамырлар  қабысқан  Азиядағы  бірегей 
мемлекет. Ҽр түрлі халықтардың ҿкілдері ҽр алуан бірлікті құрайды. Ҽр түрлі 
мҽдениеттер  мен  дҽстүрлердің  үйлесімділігі  бізге  еуропалық  жҽне  азиаттық 
мҽдениеттердің,  Шығыс  пен  Батыстың  ең  үздік  жетістіктерін  сіңіруге 
мүмкіншілік  береді.  Қазақстанның  орны  ерекше  –  ел,  «еуро-азиаттық 
құрылықтың  жүрегінде»  орналасқан,  тағдыр  еркімен  Ресей  мен  Қытайдың 
арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, 
біз  бір  уақытта  еуропалық  та  жҽне  азиаттық  та  аймақтық  халықаралық 
ұйымдардың мүшесіміз, біз ҿзіміздің геосаяси жағдайымыздың мҽнін түсінеміз 
жҽне оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз».  
  Тарихи  маңызды  осы  мҽлімдемені  Елбасы  кҿрсетілген  жылдың  29 
наурызында  Ресей  Федерациясына  барған  ресми  сапарында  Еуразия 
кҿлеміндегі белді де беделді, жетекші жоғары оқу орындарының кҿшбасшысы-  
М.В.  Ломоносов  атындағы  Мҽскеу  мемлекеттік  университеті  студенттерімен 
ҿткізілген кездесуде  тағы да жасады.  
Қазіргі  кезде  қазақстандық  еуразияшылдық  жобаның  мҽні  -  Еуразия 
халықтары  арасында  сонау  бағзы  заманнан  жалғастық  тауып  келе  жатқан 
тарихи,  мҽдени,  экономикалық  жҽне  саяси  ҿзара  ынтымақтастықты  барынша 
нығайта түсу. 
   Қорытынды: 
Еуразияшылдық  идеясының  түп  тҿркіні  Еуразия 
халықтарын 
байланыстырушы 
мҽдени-тарихи 
факторларға 
негізделіп 
жасалынған.  Еуразияшылдық  «еуропалық»  жҽне  «азиялық»  элементтерді 
жинақтайтын  жаңа  ҽлем  жҿніндегі  түсінік  ретінде  қалыптасты.  Сондықтан 
еуразияшылдық идеясы еуроцентризмді жоққа шығарады.  
 
Әдістемелік  нұсқаулар:  Аталған  тақырыпты  қарастырған  кезде 
еуразияшылдық идеясының кҿпқырлылығын назарға алу қажет. Атап айтқанда, 
оның жағрапиялық, тарихи-мҽдени, саяси мҽніне ден қою керек.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Проблемы евразийства.-Астана: издательство Евразийского университета. 
1998. - С.64. 
2.
 
Трубецкой Н
.С. 
Eвропа и человечество.- София, 1920. 

12 
 
3.
 
Дугин А. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық миссиясы.- Астана, 2005. - 
Б. 179.
 
4.
 
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.- Москва, 2001.- 786 с.- С. 22. 
 
 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Нысанбаев Ҽ. Еуразия философиясы // Егемен Қазақстан. 2003, 22 сҽуір. 
2.
 
Мүтҽліпов  Ж.  «Еуразиялық  ҿркениет»  идеясының  мҽдени  кеңістіктегі 
дҽстүрі // Саясат. 2003, №10. 
3.
 
Омарова  Н.А.  Концепция  евразийства  в  контексте  цивилизацинного 
развития  Казахстана.  Автореф.  на  соискание  ученой  степени  кандидата 
философ. наук.- Алматы, 2005.- 24 с. 
4.
 
Ауанасова К.М. Перспективы и развитие идеи евразийства в современной 
истории  Казахстана.  Автореферат  диссер.  на  соискание  ученой  степени 
доктора историч. наук.- Алматы, 2010.- 40 с. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1.
 
Еуразия  деген  түсінік  ғылыми  айналымға  қашан  енгізілді  жҽне 
авторы кім? 
2.
 
Қазақстанды неге Еуразия «кіндігі» деп атайды? 
3.
 
Еуроцентристер  кҿзқарасының  терістігі  қандай  тұжырымға  сайып 
келеді? 
 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
 
1.
 
Еуразияшылдық  идеясының  тарихи-мҽдени  алғышарттары  қандай 
болды? 
                2. Еуразияның тарихи мҽнісі неде? 
                 
                                   Шығармашылық деңгей: 
 
1.
 
Еуразияшылдық идеясына байланысты посткеңестік кезеңде БАҚ  
беттерінде  жарық  кҿрген  отандық  зерттеушілердің  мақалалары  негізінде 
материалдар жинап, олардың кҿшірмесін түсіріп, жиналған мақалаларда қандай 
басты мҽселелер кҿтерілгендігін анықтауға тырысыңыз. 
 
 
Семинар тақырыбы: «Еуразияшылдық теориясына кіріспе» 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал